АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

V тарау. Қатаң эпидемияға қарсы тәртіптегі медициналық тасымалдау кезеңдеріндегі жұмыстардың мазмұны

Прочитайте:
  1. II тарау
  2. III тарау
  3. IV тарау
  4. V тарау
  5. VI тарау
  6. XII ТАРАУ
  7. XIII -ТАРАУ. ЖЕКЕ БАС ГИГИЕНАСЫ
  8. XVII тарау
  9. І ТАРАУ

Қатаң эпидемияға қарсы тәртіптегі медициналық тасымалдау кезеңдеріндегі жұмыстардың мазмұны және ұйымдастырылуы

 

Медициналық тасымалдау кезеңдері дегеніміз медициналық тасымалдау жолдарында орналасқан медициналық қызметтің күштері мен құралдары, олар келесі міндеттерді орындауға арналған:

- келіп түскен науқастар мен жаралыларды медициналық сұрыптау, тіркеу, қабылдау;

- науқастар мен жаралыларды санитарлық өңдеуден, олардың киімдері мен қару-жарақтарын дезинфекциядан, дезактивациядан, дегазациядан өткізу;

- жұқпалы ауруларды оңашалау;

- жаралылар мен науқастарға медициналық көмек көрсету;

- жаралылар мен науқастарды емдеу;

- жаралылар мен науқастарды ауруханаға жатқызу;

- медициналық тасымалдауды келесі кезеңдерде емдеуге жататын жаралылар мен науқастарды тасымалдауға дайындау.

Медицинаның тасымалдау кезеңдеріндегі бұл көрсетілген міндеттерді атқару үшін функциональды бөлімшелер қарастырылады:

- сұрыптау–тасымалдау бөлімі (ПМП),бригаданың медициналық ротасы, қосымшалардың жеке медициналық батальоны немесе сұрыптау–қабылдау бөлімі(госпитальді базаның емдеу мекемелерінде);

- арнайы өңдеу бөлімі;

- жұқпалы ауруларға арналған оңашалау бөлімі;

- жаралылар мен науқастарға медициналық көмек көрсетуге арналған бөлімшелер (бригаданың медициналық ротасының таңу бөлмесі, ПМП, қосымшалардың жеке медициналық батальонының операциялық таңу бөлмесі;

- жаралылар мен науқастарға арналған госпитальді бөлім.

Медициналық тасымалдаудың негізгі кезеңдері болып табылады: ПМП, бригаданың медициналық ротасы, қосымшалардың жеке медициналық батальоны, госпитальді базаның емдеу мекемелері.

Медициналық тасымалдау кезеңдерінде орналасатын жерін анықтағанда медициналық жағдайды, тылдағы басқа да бөлімшелердің орналасуын, тасымалдау жолдарын, радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайын еске алып отыру керек.

5.1 Медициналық тасымалдау кезеңдеріндегі эпидемияға қарсы шаралардың жалпы мақсаты мен мазмұны

Медициналық тасымалдау сатыларындағы эпидемияға қарсы шаралар әскери және ұрыс жағдайына сәйкес жүргізіледі де келесі мақсатпен жүзеге асырылады.

- әскери бөлімдер мен мемлекеттік тылға медициналық тасымалдау сатыларында инфекцияның енуін ескерту;

- медициналық мекемелердің жеке құрамында және жаралылар мен науқастар арасында жұқпалы ауруларының таралуын болдырмау;

- қарсыластың биологиялық қаруды қолданғаннан кейінгі зардаптарын жою;

Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау керек. Әрбір емдеу мекемелерінде ерте диагностикалау жүргізіледі, жұқпалы ауруларға күдікті адамдар мен науқастарды оңашалайды және ауруханаға жатқызады, жұқпалы аурулармен қатынаста болған адамдар обсервацияға жатады, санитарлық көліктің арнайы тазартылуына алаңдар құрылады. Медициналық тасымалдау сатыларында оңашалау бөлмелері болады, бұл жерде жаралылар мен науқастардың медициналық сұрыптауы жүргізіледі, олардың киім-кешектері мен аяқ-киімдерін санитарлық өңдеуден өткізеді. Медициналық тасымалдау кезеңдерінде жаралылар мен науқастарға жұқпалы аурулардың жедел профилактикасы жүргізіледі және ұйымдастырылады, олардың емделуі мен госпитальдан шығуына бақылау жүргізіледі. Сонымен қатар медициналық тасымалдау жолдарында жаралылар мен науқастар арасында эпидемияға қарсы қорғау шаралары ұйымдастырылады және санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіледі. Медициналық тасымалдау кезеңдерінде әскердің орналасу ауданының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын анықтау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізіледі.

5.2 Эпидемияға қарсы қатаң тәртіпте бригаданың медициналық ротасының (ПМП) жұмысын ұйымдастыру

Медициналық ротада (ПМП) жұқпалы ауруларды дер кезінде, зақымдалғандар келіп түскенде, сұрыптау постынан бастап медициналық сұрыптау процесінде анықтау керек. Қабылданған және медициналық көмек көрсету кезінде зақымдалғандар мен ауырғандардың арасында жұқпалы аурулардың симптомдары бар адамдарды медициналық ротаның (ПМП) – бөлімшелерінен тез арада оңашалау бөлмесіне жібереді. Бригаданың медициналық ротасында жұқпалы аурулардың бар екеніне күдіктенген жағдайда және алдын ала уақытылы диагноз қою аса маңызды болып табылады. Олармен қатынаста болған жаралылар мен науқастар бақылауға алынады және алғашқы медициналық карточкаға жазылады. Өміріне қауіп төнген алғашқы дәрігерлік көмекті қажет ететіндер жара таңушы бөлмелерге жіберіледі.

Жұқпалы аурулардың симптомдары бар зақымдалғандарды оңашалау бөлмесінен арнайы бөлінген санитарлық көлікпен әскери далалық жұқпалы аурулар госпиталіне тасымалдайды, қалған жұқпалы ауруларға белгілері жоқ науқастарды жеке медициналық батальонға жіберіледі. Алғашқы медициналық картасына қара жолақты белгі қалдырады. Егер аса қауіпті жұқпалы аурулармен анықталған науқастар болса бригаданың медициналық ротасы қатаң эпидемияға қарсы тәртіп жұмысына ауысады. Аса қауіпті жұқпалардың қоздырғыштары табылса немесе бұл жұқпалармен аурулар пайда болса карантин жарияланады және қажетті шаралар жүргізіледі. Медициналық рота бұл жағдайда жаралылар мен науқастардың қабылдауы мен тасымалдауын тоқтатады да тек аса қауіпті жұқпалы аурулар анықталған науқастарды ғана қабылдайды. Медициналық ротаға келіп түскен зақымдалған науқастарға медициналық сұрыптау жүргізіледі, оңашалау бөлмелерінің көлемін ұлғайтады, оны жеке құраммен күшейтеді. Медициналық ротаның жеке құрамына және зақымдалып келіп түскен науқастарға анықталған сызба бойынша жедел профилактика жүргізіледі.

Жедел және жалпы профилактикаға антибиотиктер немесе кең көлемде әсер ететін сульфаниламидтер қолданылады. Барлық мәліметтер алғашқы медициналық карталарға енгізіледі. Медициналық ротаның барлық функциональды бөлімдерінде ылғалды дезинфекция, келіп түскен зақымдалған науқастарға жартылай санитарлық өңдеу жүргізіледі, аяқ-киім мен киімдерді 2% монохлорамин ерітіндісімен залалсыздандырылады. Аса қауіпті жұқпалармен ауырған науқастарды тасымалдаған көліктерге дезинфекция жүргізіледі.

Медициналық қызметтің жеке құрамы жеке қорғаныс киімдерімен жұмыс атқарады. Бригаданың медицина қызметінің (полктың) бастығы жағдайдың факторларын анықтау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық барлауды тез арада ұйымдастырады. Бригаданың масштабында инфекция көзімен қатынаста болған адамдарға медициналық қадағалау жүргізіліп және санитарлы-гигиеналық ережелер қатаң сақталуға тиіс. Жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушы жәндіктер табылса дезинсекция жүргізіледі. Науқастарды тасымалдаған көліктер залалсыздандырылады.

Бригаданың медицина қызметінің бастығы бөлімнің командиріне және аға медициналық бастығына тез арада бригаданың медициналық ротасына аса қауіпті жұқпалармен келіп түскен науқастар жайлы, бөлімшеде жұқпалардың таралу жолдарының мүмкіншілігі туралы, эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және қажетті медициналық көлік көмек жайлы баяндама жасауға міндетті.

5.3 Қатаң эпидемияға қарсы тәртіптегі қосымшаның жеке медициналық батальонының ұйымдастыру жұмыстары мен мазмұны

Қосымшаның жеке медициналық батальонының командирі жұқпалы ауруларға күдікті науқастарды анықтап және оңашалауды, науқастарды оңашалау бөлмесінде уақытша орналастыруды, биологиялық заттармен зақымдалған жаралылар мен зақымдалғандарды толық санитарлық өңдеуден өткізуді, жеке киімдерін дезинфекциялауды ұйымдастырады. Жеке медициналық батальонға келіп түскен барлық адамдардан жұқпалы ауруларды анықтау мақсатында медициналық сұрыптау жүргізіледі, бөлімшелерде көрсеткіштер бойынша обсервация немесе карантин енгізіледі, зақымдалған адамдарға медициналық бақылау, көліктерге дезинфекция жүргізіледі, жұқпалы аурумен ауырған науқастарды дер кезінде тасымалдау бақыланады және санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіледі.

Егер қарсылас бактериологиялық қаруды қолданса немесе қолдануы мүмкін болса, онда анықталғанға дейін 2-3 тәулік ішінде науқастарды жеке медициналық батальоннан тасымалдайды. Бұл жерге эпидемияға қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күшейту күштері мен заттарын бағыттайды. Егер бактериологиялық зертханалардан оба, тырысқақ, күйдіргі, қоздырғыштары туралы «теріс» нәтиже алынса, жаралылар мен науқастарды жеке медициналық батальоннан осы топқа арналған арнайы госпитальдерге тасымалдайды.

Егер аса қауіпті жұқпалар қоздырғыштары анықталса немесе бұл жұқ-палармен ауру табылса, карантин жарияланады және қажетті шаралар жүргі-зіледі. Жеке медициналық батальонда диагноз қою үшін диагнозы анық-талмаған науқастарды қабылдауға диагностикалық бөлімшелер орналастыру керек. Биологиялық қаруды қолданған туралы күдік туса, әскери-медици-налық зертханалардың мүмкіншілігін сыртқы ортаны зерттеуге кеңінен қолдану керек. Оңашалау бөлмесі, оның орналасуы, жабдықталуы, жұмыс істеу тәртібі.

ПМП-нің құрамында 5-6 орынға, жеке медициналық батальонда және госпитальде 10-12 орынға оңашалау бөлмесі ұйымдастырылады. Соғыс уақытында оңашалау бөлмелері барлық медициналық тасымалдау кезеңде-рінде құрылады, сонымен қатар әскери санитарлық жағдайларда, әскери-санитарлық ұшақтарда, санитарлық-бақылау пункттерінде құрылады. Әскери бөлімшелердегі, санитарлық-бақылау пункттеріндегі, емдеу мекемелеріндегі оңашалау бөлмелері ең аз дегенде 2 жұқпалы ауруға құрылады. Олар жеке бөлмелерде, азық-түлік және су нысаналарынан алыс жерде орналастырады.

Оңашалау бөлмесі жеке дәретханалармен, санитарлық өткізгіштермен киім және төсек орындарының толық кешені мен ыдыс-аяқпен науқастарға көмек көрсететін заттармен, медициналық құрал-жабдықтармен, дезинфекци-ялық заттармен, инсектицидті препараттармен, киімдерді салатын бактармен, киім салатын қапшықтармен, науқастардың бөліністерін дезинфекциялайтын қақпағы бар шелектермен қамтамасыз етілуі керек. Аталған заттардың бар-лығы оңашалау бөлмелерінен тек залалсыздандырылған соң жіберілуге тиіс.

Жұқпалы аурулардың оңашалау бөлмесінен сыртқа шықпауын ескерту үшін көптеген ережелерді ұстау керек. Оңашалау бөлмесіне келіп түскен нау-қастарды міндетті түрде санитарлық өңдеуден өткізу керек, бөтен адамдарды кіргізбеу керек, науқастарды күтетін қызметкерлер жұқпалы ауруларға қарсы егілу керек. Оңашалау бөлмесіндегі қызметкерлерге шылым шегіп және та-мақ ішуге рұқсат етілмейді.

Оңашалау бөлмесіне медициналық қызметкерлер кірген кезде халат киіп, шыққан кезде халатты шешіп кету керек. Бұл халаттар тек оңашалау бөлмелерінде болады. Егер оңашалау бөлмесінде бөртпе сүзегімен науқас болса, қызметкерлерге паразиттерге қарсы заттармен залалсыздандырылған киімдер беріледі. Бөлмелер, жиһаздар, есіктердің тұтқасы хлорлы заттармен тазартылып жуылады. Киім-кешек, төсек орындар жуылар алдында құра-мында жуғыш заттары бар дезинфекциялық ерітінділерге салып қойылады. Оңашалау бөлмесінен шыққаннан кейін қызметкерлердің қолдары, аяқ-киімдері дезинфекцияланады.

5.4 Арнайы тағайындалған қатаң эпидемияға қарсы тәртіптегі

медициналық жасақтың жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері

Арнайы тағайындалған медициналық жасақ әскери округтың іс-әрекеттік аумағында төтенше жағдайларды жою, ірі апаттар кезінде, жаппай санитарлық жоғалту ошақтарының маңында зақымдалғандар мен науқастарға арнайы медициналық көмек көрсету үшін орналастырылады.Арнайы тағайындалған медициналық жасақ келесі міндеттерді атқарады:

- зақымдалғандар мен жаралыларды қабылдау, медициналық сұрыптау, тіркеу, санитарлық өңдеу, орналастыру;

- келіп түскен зақымдалғандар мен науқастарға қорытынды диагноз қою;

- мамандандырылған және арнайы медициналық көмек көрсету, жаралыларды және аса қауіпті жұқпалы аурумен ауырғандарды сауығып шыққанға дейін кешенді емдеу;

- емделіп шыққандарды аса қауіпті жұқпалармен зақымдалудан қамтамасыз ету;

- әскери жеке құрамның арасында аса қауіпті жұқпалардың пайда болуы мен таралуын ескерту және жұқпалардың сыртқа шықпауын қамтамасыз ету;

- жұқпалы аурулармен ауырған науқастарды тасымалдаған көліктерге дезинфекция жүргізу.

Қатаң тәртіптегі аумақта сұрыптау, тасымалдау, обсервациялық, оңашалау бөлімі, рентген кабинет және зертханалық бөлім орналасады. Шектеулі аумақта жасақтың басқармасы, дәріхана және қаттамасыз ету бөлімшелері орналасады.Жасақтың қатаң эпидемияға қарсы тәртібінің жұмысы қарастырады:

- ауруханаішілік сұрыптауды 4 лек бойынша жүргізеді:

а) аса қауіпті жұқпаларға күдіктілерді диагнозы анықталғанға дейін оңашалау бөлмесінің диагностикалық палатасына жіберіледі;

б) аса қауіпті жұқпалармен ауырған науқастар оңашалау бөлімінің госпитальдық палатасына жіберіледі;

в) аса қауіпті жұқпалы ауруларға белгілері жоқ зақымдалғандар обсервациялық бөлімге жіберіледі;

г) аса қауіпті жұқпалы ауруларға жатпайтын, бірақ басқа жұқпалы аурулардың белгілері бар адамдарды оңашалау бөлмесіне жібереді.

Эпидемияға қарсы қатаң тәртіптегі жасақтың жұмысы тағы да қарастырады:

- жасаққа келіп түскен науқастардың санитарлық өңдеу, дезинфекция, дезинсекция жүргізу, сонымен қатар жасақтың нысаналарының аймағында дератизацияны жүргізеді;

- жасақты басқа әскери бөлімдер мен мекемелерден алшақ ұстау;

- диагнозы анықталғанға дейін науқастар мен зақымдалғандарды жасақтан тасымалдауды уақытша тоқтату;

- қажет болған жағдайда жасақтың жеке құрамына зақымдалғандар мен науқастарға жедел профилактика жүргізу;

- жасақтың жеке құрамына қауіпсіздік шараларын жүргізу керек;

- арнайы тағайындалған медициналық жасақты барлық құралдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

Арнайы тағайындалған медициналық жасақтың қатаң эпидемияға қарсы тәртіпке ауысуының шешімін округтың медициналық қызметінің бастығы жасақтың бастығының баяндамасынан кейін қабылдайды. Эпидемияға қарсы қатаң тәртіпті енгізуге жасаққа аса қауіпті жұқпалы аурулармен(оба, тырысқақ және т.б.)келіп түскен науқастар немесе емделіп жатқандардың арасынан науқастар анықталса көрсеткіштері болып табылады. Эпидемияға қарсы шараларды жүргізуге және ұйымдастыруға жасақты эпидемияға қарсы топпен толықтыру(дәрігер, бактериолог және 2 лаборант),медициналық далалық зертханамен жабдықталған, сонымен қатар жуғыш дезинфекциялық көлікпен жабдықталуы тиіс.

 

ТАРАУ

Биологиялық қару. Әскерді биологиялық қарудан қорғау және медициналық тасымалдау кезеңдерінің негіздері

6.1 Биологиялық қару туралы түсінік және оның зақымдау қасиеттері

 

Қазіргі кездегі биологиялық қаруға (БҚ) – арнайы қару-жарақтар (авиациялық бомбалар, ракеталар, миналар, снарядтар) және биологиялық қоздырғыштар салынған (бактериялар, риккетсиялар, вирустар, биологиялық токсиндер) құралдар жатады. Олар адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді зақымдауға немесе мемлекетке экономикалық шығын келтіруге арналған.

Биологиялық қарудың зақымдаушы әсерінің ерекшеліктеріне жатады:

1) жоғары потенциалды тиімділігі–адамдарды немесе жануарларды биологиялық қарумен аз мөлшерде зақымдауы және қысқа мерзім ішінде жаппай санитарлық жоғалту;

2) жұқпалылығы, яғни жұқпалы аурулардың ауру адамнан сау адамға жылдам жұғуы және жұқпалы аурулардың эпидемиялық таралу мүмкіншілігі;

3) жасырын кезеңнің (инкубациялық) болуы, биологиялық қарудың зақымдаушы әсері белгілі бір мерзім, яғни бірнеше сағат, бірнеше күндер және апталар өткеннен кейін ғана көрінуі;

4) әсер ету ұзақтылығы:

- спора түзетін микроорганизмдердің ұзақ уақыт бойы қоршаған ортада сақталуы: (cібір түйнемесінің споралары, сіреспе, газды гангрена);

- кейбір патогенді микроорганизмдердің тасымалдаушылар организмінде ұзақ уақыт бойы сақталуы:обаның қоздырғышы бүргенің организмінде өмір бойы сақталады (1 жылдай), кене энцефалитінің вирусы кененің организмін зақымдап қана қоймай, тұқым қуалайды (трансовариальді).

5) Қолданған БҚ түрін айқындайтын құралдардың жоқтығына байланысты анықтау қиындығы: уландырғыш және радиоактивті заттарды анықтау үшін химиялық және радиациялық барлаудың құралдары (ӘМ-ХБА және т.б.) болады. Қолданылған биологиялық қарудың түрін анықтау үшін арнайы адамдармен дайындалған күрделі және ұзақ зертханалық зерттеулерден кейін ғана жүзеге асырылады. Қазіргі кездегі экспресс әдістер (мысалы, люминесцентті микроскопиялық әдіс) зерттеуден 2-6 сағаттан кейін ғана жобалы жауап береді

6) пайда болып жатқан зақымдалулардың диагностикасының күрделілігі:

- белгісіз қоздырғыштарды қолдану мүмкіншілігі; қазіргі кездегі алдын алу және емдеу препараттарына тұрақты жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының штамдарын шығару;

- биологиялық қарумен зақымдалудың басқа да жолдарының және зақымдаушы мөлшерінің көп болуы;

- дезинфекциялық құралдарға тұрақты тасымалдаушылардың түрлерін қолдану;

7) адамдар, жануарлар және өсімдіктерге жұқпалы аурулар қоздырғыштарының көп мөлшерде болуына байланысты биологиялық қарудың бір бағытта таңдаулы әсер етуі;

8) күшті психологиялық әсер ету (қарсылас биологиялық қаруды қолдану туралы үрей туғызса, адамдарда қорқыныш пайда болады);

9) биологиялық қарудың химиялық және ядролық қаруға қарағанда өндірілуінің технологиялық қарапайымдылығы және арзандылығы;

10) жұқпалы аурулардың пайда болуына қолайлы жағдайлардың болуы;

11) әскерде және медициналық тасымалдау кезеңдерінде тәртіпті шектеу шараларды міндетті түрде жүргізу;

12) биологиялық қаруды кең масштабта қолдану күрделі экологиялық зардаптарға әкелуі мүмкін.

6.2 Биологиялық қаруды қолдану заттары, тактикасы, әдістері.

Биологиялық зақымдалу ауданы (ошағы) туралы түсінік

Бактериялық заттардан жасалған биологиялық қаруды тек арнайы дайындалған биологиялық рецептура түрінде қолданғанда бірінші және екінші санитарлық шығын болуы мүмкін. Биологиялық рецептура дегеніміз – ол әртүрлі препараттардың қосындысы ретінде, өзінің зақымдаушы қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Әрбір биологиялық рецептура бірнеше құрамдас бөліктерден тұрады. Оның негізгі құрамдас бөлігі биологиялық агент болады. Егер рецептурада әсер етуші бактериологиялық зат ретінде бірнеше түрі болса, онда рецептура құрастырылған деп саналады.

Биологиялық қарудың тиімділігі тек бактериялық заттардың зақымдау қасиеттеріне ғана емес, қолдану әсеріне де байланысты.

Бактериялық заттар адам организміне келесі жолдармен енеді:

- ауамен тыныс алу жолдары арқылы;

- тағам және сумен, асқазан-ішек трактісі арқылы;

- ауыз, мұрын, көз шырыш қабаты, тері қабаты арқылы;

- зақымдалған қансорғыш буынаяқтылардың және жәндіктердің (масалар, бүргелер және т.б.) шағуы арқылы.

Осыған байланысты әскердің жеке құрамының, тұрғындардың, ауылшаруашылық жануарлар мен өсімдіктердің жаппай зақымдалуы аэрозольді, трансмиссивті және диверсионды әдістермен болуы мүмкін.

Биологиялық заттарды аэрозольді әдіспен қолдану атмосфераның жер үсті қабатын, аймақты, жеке құрам мен әскери техниканы зақымдау үшін арнайы биологиялық бомбалар мен аэрозоль генераторларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Биологиялық аэрозоль–аэродисперсионды жүйе, дисперсті фаза өмір сүре алатын микроорганизмдер немесе токсиндерді тасымалдайтын тамшылар мен қатты бөлшектерден тұрады, ал дисперсті орта ауа болып саналады.

Бактериологиялық заттарды аэрозольді қолдану шетел әдебиеттерінде перспективті болып саналады, өйткені аяқ астынан және жасырын түрде үлкен аймақтарды, ауаны, тұрғылықты жерді, техниканы, ауылшаруашылық жануарлары мен өсімдіктерді зақымдай алады.

Ауадағы биологиялық аэрозольдің болуы жүйе ретінде физика заңдарына бағынады. Бірінші аэрозольді бұлттың эволюциясы желдің бағыты мен жылдамдығына байланысты.

Аэрозольді бөлшектерінде болатын микроорганизмдердің өмір сүруін сақтап қалуға ауа ылғалдылығының қажетті шамасы керек. Олардың өмір сүруіне ауа температурасының көрсеткіші көп әсер етеді. Биологиялық аэрозольдің өмір сүру мүмкіншілігіне күн радиациясының ультрафиолетті спектрі әсер етеді.

Ауа температурасының +100С-ден төмен толуы, күн сәулесі радиациясының, қатты желдің болуы, ауа ылғалдылығының 30-90% болуы зақымдалған учаскелердің ұзақ уақыт сақталуына мүмкіншілік етеді. Биологиялық аэрозольдің зақымдау мүмкіншілігіне микробтардың аэрозольда өмір сүру уақыты да әсер етеді.

Биологиялық заттарды трансмиссивті қолдану әдісіне мақсаттағы ауданда жасанды түрде зақымдалған қансорғыш буынаяқтылар (кенелер) мен жәндіктер (масалар) жатады. Табиғатта өмір сүретін қансорғыш буынаяқтыларды тез қабылдауы және ұзақ уақыт бойы қауіпті жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын сақтауы бұл әдістің негізіне жатады. Зақымдалған тасымалдаушыларды қолдану мүмкіншілігі олардың аурудың қоздырғыштарын ұзақ уақыт бойы өз денесінде сақтауын, адамдарға және жануарларға кенеттен шабуыл жасауын анықтайды.

Биологиялық заттарды диверсионды әдіспен қолдану–бұл биологиялық заттармен жасырын түрде жабық кеңістіктердің ауаның, судың, азық-түліктің зақымдалуы. Биологиялық қаруды қолдану үшін авиациялық бомбалар, кассеталар, реактивті артиллериялық заттары бар, әртүрлі ұзақтылықта әсер ететін ракеталардың бөлшектері, аэростаттар, шашыратқыш құралдар пайдаланады. БҚ-ды диверсионды әдіспен қолданған кезде диверсионды топтар құрамымен арнайы оқытылған адамдарды қатыстырады. Биологиялық заттарды әртүрлі әдіспен қолданған кезде биологиялық зақымдау аудандары (ошақтар) пайда болуы мүмкін.

Биологиялық зақымдалған аудан деп-жеке құрамға, тұрғындарға, ауылшаруашылық жануарлары мен өсімдіктерге, сонымен қатар қоршаған табиғи ортаға шығын келтіріп, бактериялық заттармен зақымдалған ауданды айтады. Бактериялық заттарды қолдану әдісіне байланысты биологиялық зақымдау ауданы деп аэрозоль пайда болғанда атмосфераның жер үсті қабатында зақымдаушы концентрациясы бар биологиялық аэрозоль болғанда және әскер, тұрғындар, әскери техника орналасқан жерде биологиялық аэрозоль бұлты өткен аймақты айтады. Зақымдалған тасымалдаушыларды қолданғанда аудан олардың таралу ауданы деп аталады, ал диверсионды қолданған кезде диверсия нысанасы деп аталады.

Биологиялық қарудан санитарлық жоғалтудың көлемі бірнеше факторларға байланысты болуы мүмкін. Оның ішінде аса маңыздысы зақымдалған ауданның көлемі, жеке құрамның саны, зақымдау ұзақтылығы, қарсыластың қолданған рецептураларының құрамы мен сипаты,жеке құрамның иммундық қорғау дәрежесі,жеке және ұжымдық қорғау заттарының болуы және қолданылуы, санитарлы-гигиеналық жағдайы және т.б.

Биологиялық қарудан санитарлық шығындар біріншілік және екіншілік болып бөлінеді. Біріншілік биологиялық қарудан санитарлық шығынға бактериялық заттармен зақымдалған аэрозольді бұлттардың болуы жатады. Екіншілік санитарлық жоғалтуларға екіншілік аэрозольмен аспирациялық әсер ету, зақымдалған азық-түлікті және ауыз суды қолдану, жұқпалы нысаналармен және жұқпалы аурулармен ауырған адамдармен қатынаста болу жатады.

6.3 Биологиялық шабуылдардың зардаптарын жоюға және ықтимал қарсылас биологиялық қаруды қолдану қаупі туғанда әскерді биологи-ялық қорғау жүйесіндегі қауырт тактикалық және арнайы шаралардың мазмұны

Әскерді биологиялық қорғау дегеніміз–бұл әскерде жұқпалы аурулардың пайда болуына, таралуына немесе қарсылас биологиялық қаруды қолданған жағдайда ескертулерге бағытталған емдеу-тасымалдаушылық, санитарлы-гигиеналық, эпидемияға қарсы ұйымдастырушы шаралар жүйесі. Биологиялық қорғау әскердің зақымдалуына және биологиялық қарудан тылдағы нысаналарға жол бермеу немесе биологиялық қарудың әсер етуін максимальді түрде әлсірету мақсатында жүргізіледі.

Биологиялық қорғау штаб командирімен және басқа да әскери бастықтармен ұйымдастырылады. Биологиялық қаруды ұйымдастыру әрқашан міндетті түрде қажет. Қарсылас биологиялық қаруды қолданған жағдайда биологиялық қарудың зақымдау ерекшеліктерін анықтайды. Әскерді биологиялық қорғаудағы шаралардың мазмұны және жүргізілу уақыты шартты түрде қарсыластың биологиялық қаруды қолданбай тұрғандағы шаралары және қолданғаннан кейінгі шаралары болып бөлінуі мүмкін.

 

6.3.1 Әскерді биологиялық қорғау жүйесінде қарсылас биологиялық қаруды қолданғанға дейінгі қауырт-тактикалық және арнайы шаралардың мазмұны

Әскерді биологиялық қорғау жүйесінде қарсылас биологиялық қаруды қолданғанға дейінгі қауырт-тактикалық және арнайы шаралардың мазмұны болады:

- қарсыласта биологиялық қарудың болуына барлау жасау және оның қолданылуына дайындықтарды анықтау;

- қарсыластың биологиялық қаруды қолданғанда және қолдану қаупі туғанда әскерді хабарландыру және сенімді байланыс жүйесін дайындау;

- әскердің жеке құрамын биологиялық қорғау мақсатында шаралардың мазмұны мен көлемін анықтауды бағалау және болжау жасау;

- қарсыластың биологиялық қаруды қолданғандағы әсерінің тиімділігін төмендету мақсатында және болатын шығынды азайту мақсатында әскердің орналасу аудандарын ауыстырып отыру;

- тұрғылықты жерді инженерлік қамтамасыз ету және тұрғылықты жердің қорғаныс қасиеттерін ұқыпты қолдана білу;

- әскердің жеке құрамын жеке қорғаныс заттармен және табельді медициналық қорғаныс заттарымен қамтамасыз ету;

- әскердің жеке құрамын биологиялық қорғанудың әдістеріне оқыту;

- әскердің жеке құрамына биологиялық қарудың әсерін максимальді түрде төмендету немесе алдын алуға бағытталған эпидемияға қарсы және санитарлы-гигиеналық шараларды жүргізу және ұйымдастыру;

- биологиялық заттармен зақымдалудан тағам мен ауыз суды қорғауды қамтамасыз ету;

- қарсылас биологиялық қаруды қолданғанда биологиялық қорғаныс жүргізу үшін арнайы күштер мен заттарды дайындау және бөлу;

- әскердің жеке құрамын моральді-психологиялық дайындау және т.б.

Қарсылас биологиялық қаруды қолданбай тұрғанда әскердің жеке құрамын қорғауда медициналық қызмет келесі шараларды жүргізеді:

1) әскердің жеке құрамын биологиялық қарудан қорғауда табельді жеке медициналық заттарымен қамтамасыз ету;

- жеке химиялық заттарға қарсы пакеттермен (ЖХП-8);

- жеке аптечкалармен (ЖА-1);

- жеке таңу пакеттерімен және ауыз суды залалсыздандыруға арналған таблеткалармен (аквасепт, аквасан);

2) әскердің жеке құрамын жеке табельді-медициналық заттарды қолдану ережелерімен таныстыру;

3) әскердің жеке құрамын медициналық қорғау шараларының мазмұны мен көлемін анықтау мақсатында медицина-санитарлық жағдайды болжау;

4) әскердің жеке құрамына биологиялық қарудың әсерін болдырмауға немесе әсерін максимальді түрде төмендету бағытындағы эпидемияға қарсы және санитарлы-гигиеналық шараларды жүргізу және ұйымдастыру. Бұл жерде санитарлы-эпидемиологиялық барлауға, жұқпалы ауруларды ерте белсенді түрде анықтауға, оларды оңашалауға, ауыз су және азық-түліктерге санитарлық бақылау жүргізуге көп көңіл бөледі;

5) медициналық қызметтің жоғары лауазымды басшылары штабтың үкіміне сәйкес медициналық қызметтің күштері мен заттарын қарсылас биологиялық қаруды қолданған кезде медициналық зардаптарды жоюға үнемі дайындығын қамтамасыз етеді. Медициналық бөлімшелер мен мекемелер арнайы аптечкалармен, сөмкелермен, алғашқы көмек көрсетуге арналған медицина-тактикалық заттармен қамтамасыз етіледі;

6) әскердің жеке құрамын биологиялық қаруды қолданған жағдайдағы іс-әрекетіне психологиялық дайындық жүргізуге медициналық қызметкерлердің қатысуын қамтамасыз ету;

6.3.2 Ықтимал қарсыластың бактериологиялық қаруды қолдану қаупі төнгенде әскерді биологиялық қорғау жүйесіндегі қауырт-тактикалық

және арнайы шаралардың мазмұны

Ықтимал қарсылас бактериялық қаруды қолдану қаупі төнгенде әскерді биологиялық қорғау жүйесіндегі қауырт-тактикалық және арнайы шаралардың мазмұны:

- қарсыластың биологиялық қаруды қолдану қаупі төнгенде қосымша қорғаныс шараларын қолдану мақсатында әскерді хабарландыру;

- әскердің жеке құрамын биологиялық қорғау мақсатында шаралардың мазмұны мен көлемін бағалау және болжау;

- биологиялық қарудан қорғануды жүргізуге құралдар мен күштердің дайындығын тексеріп, жоспарын нақтылау;

- қарсылас биологиялық қаруды қолданғанға дейін барлық шаралардың

толық көлемде орындалуы;

 

 

6.3.3 Ықтимал қарсылас бактериялық қаруды қолданған кездегі және биологиялық шабуылдың зардаптарын жоюдағы әскерді биологиялық қорғау жүйесіндегі жүргізілетін арнайы шаралар

 

Ықтимал қарсылас бактериялық қаруды қолданған кездегі және биологиялық шабуылдың зардаптарын жоюдағы әскерді биологиялық қорғау жүйесіндегі жүргізілетін арнайы шаралардың қауырт-тактикалық мазмұны:

- ықтимал қарсылас бактериялық қаруды қолданғаны туралы әскерді дер кезінде хабарландыру және хабарландыруды барлық байланыс торабтарына кезексіз тағайындалған тәртіп бойынша біркелкі белгімен жүзеге асыру;

- ықтимал қарсылас биологиялық қаруды қолданғаннан кейінгі зардаптарын анықтау және жою туралы шешім қабылдау;

- барлық қорғаныс шараларын, оның ішінде жеке құрамда медициналық қорғау шараларын орындау

Ықтимал қарсылас биологиялық қаруды қолданғаннан кейінгі жеке құрамды медициналық қорғау шараларына жатады:

- қарсылас биологиялық қаруды қолданғаннан кейінгі шаралардың көлемі мен мазмұнын анықтау мақсатында медицина-санитарлық жағдайды бағалауға қатысу;

- барлық күштер мен медициналық қызметтің құралдарын биологиялық зақымдалған ошаққа бағыттау;

- әскери жеке құрам орналасқан аудардарда эпидемияға қарсы және санитарлы-гигиеналық шараларды орындау және ұйымдастыру.

Қарсылас биологиялық қаруды қолданғаннан кейін полктың медициналық қызметінің бастығы штаб пен барлаудан алынған мәліметтер бойынша жағдайды бағалайды. Бағалау кезінде мүмкін болатын санитарлық шығындарды оның құрамын, зақымдалған ошақтардың сипатын, ол жерде жұмыс атқару жағдайын, медициналық қызметтің күштері мен құралдарын және басқа да элементтерді анықтайды. Одан кейін полктың медициналық қызметінің бастығы полктың командиріне медициналық қызметтің күштері мен құралдарын қолдану тәртібіне, емдеу-тасымалдау, санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралардың ұйымдастырылуына қабылданған шешімді анықтайды.

Қарсылас биологиялық қаруды қолданғаннан кейінгі зардаптарды жоюда медициналық қызмет жұмыс жағдайын келесі ерекшеліктермен жүргізеді:

- биологиялық қарудың сипаты, сонымен қатар қарсылас қарудың нақты түрін аяқ асты және жаппай қолдануы бір мезгілде биологиялық қарумен зақымдалғандардың жаппай санитарлық шығындалуын көрсетеді. Сондықтан медициналық қызмет емдеу-тасымалдау және эпидемияға қарсы шаралар жиынтығын көлемді түрде жүзеге асыру керек;

- биологиялық қарудың қолдану орнын, уақытын және масштабын алдын ала анықтау қиындайды. Бөлімшенің медициналық қызметінің бастығы медициналық қызметтің күштері мен құралдарына үнемі қор жинап отыру керек, оның жалпы қолдану тәртібін анықтап, шараларды жүргізуге медициналық қызметтің күштері мен құралдарын үнемі дайындықта ұстау керек;

- медициналық құрам тері жамылғысын және тыныс алу органдарын қорғайтын қорғаныс құралдарымен жұмыс істеу керек;

- медициналық құрамнан азық-түлік пен ауыз суды бактериологиялық қарумен зақымдалуы дәлелденгеннен кейін, оларды залалсыздандыруды және қолдануын шектеуді талап етеді.

Бұл жағдайда медициналық қызметтің аса маңызды міндеттеріне жатады:

- биологиялық барлауды ұйымдастыру және қолданған биологиялық қарудың түрін жылдам анықтау (биологиялық заттардың арнайы және арнайы емес индикациясын жүргізу);

- жұқпалы ауруларды белсенді ерте анықтау, оңашалау және оларды ауруханаға жатқызу;

- зақымдалғандарға, жаралыларға, медициналық тасымалдау кезеңдерінде медициналық көмек көрсету және емдеу;

- әскерде медициналық тасымалдау кезеңдерінде оңашалау-шектеу шараларын және эпидемияға қарсы қатаң тәртіпті ұымдастыру;

- жеке құрамның арнайы толық және сапалы өңделуіне, киім-кешектерінің, аяқ-киімдерінің, қаруының дезинфекциясына бақылау жүргізу;

- жедел және арнайы профилактика жүргізу;

- зақымдалу қаупі төнгенін анықтау және оларға қадағалауды ұйымдастыру;

- дезинфекцияның, дезинсекцияның және дератизацияның жүргізілуін ұйымдастыру;

- жеке құрамның тағамына, ауыз суына, орналасуына бақылауды күшейту;

- санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.

6.4 Биологиялық барлау және биологиялық заттардың индикациясы

6.4.1 Биологиялық барлауға түсініктеме, оның міндеттері. Әскерде биологиялық барлауды жүргізу және жалпы ұйымдастыру

 

Биологиялық барлау–қарсыластың бактериялық қаруды қолдану дайындығына және оның қолдану фактісіне, бактериялық қарудың түрлеріне мәліметтер алуға арнайы басқарушылармен, барлаушы органдарымен және жеке қызметтермен жүргізілетін шаралардың жиынтығы. Биологиялық барлауды басқару медициналық қызметке жүктеледі. Биологиялық барлау медициналық қызметтің барлық звеноларымен, ротаның санитар нұсқаушыларынан бастап, майданның арнайы санитарлық-эпидемиологиялық мекемелерімен жүргізіледі және ұйымдастырылады.

Биологиялық барлау шешетін міндеттерді шартты түрде 3 топқа бөлуге болады:

- қарсылас биологиялық қаруды қолдануға дайындығы және мүмкіншілігі туралы алынған мәліметтерді жинап талдау;

- биологиялық қарудың индикациясы;

- биологиялық шабуыл масштабын шамалап анықтау.

Биологиялық қаруды қарсыластың қолдануына дайындығын дер кезінде анықтауда биологиялық барлаудың мәліметтерін жинау және талдау жүргізіледі. Көптеген жиналған мәліметтерді бағалау үшін медициналық құзырлылық (компетенция) қажет болады. Бұл жерде нақты жағдайда әскерді әр түрлі ауруларға қарсы жаппай егу, биологиялық қарудан қорғануға арнайы қорғаныс заттарының (антибиотиктер, дезинфекциялық заттар және т.б.) қорын жинау қажет болады.

Биологиялық барлаудың негізгі әдістері:

- қарсылас биологиялық қаруды қолданған аудандарды тексеру, әскер орналасқан аудандардың санитарлы-гигиеналық және эпидемиологиялық жағдайын бағалау;

- жергілікті денсаулық сақтау органдарының, ветеринарлық мекемелердің және басқа да қызметтердің мәліметтерін жинау және нақтылау;

- адамдардан, жануарлардан және сыртқы орта нысаналарымен алынған материалдарды зертханалық зерттеуге алу;

- әскерде тұтқында болғандардан, әсіресе тұтқындағы медицина қызметкерлерінен жауап алғанда қатысу;

- ықтималдық қарсыластан алынған құжаттарды зерттеу.

Биологиялық барлауды жүргізу және дайындық кезеңдері:

- алдын-ала дайындық кезеңі, барлау жүргізілетін ауданмен алдын ала танысу және міндеттерді құру;

- биологиялық барлауды жүргізуге жоспар құру, қажетті күштер мен құралдарды бөлу, биологиялық барлаудың нысаналарын, жүргізу мерзімін, байланыс түрлері мен әдістерін, барлау бойынша ақпарат тәртібін анықтау;

- әскерде жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу үшін тұрғылықты жерде биологиялық барлауды жүргізу;

- барлаудың қорытындыларын дайындау және эпидемиологялық барлаушының есеп-беру картасын толтыру.

Биологиялық барлауға келесі талаптар қойылады: мақсаттылық, үздіксіздік, дер кезінде анықтау, жылдамдылық, нақтылық, белсенділік, сабақтастық.

Биологиялық барлауды жүргізу жоспарының мазмұнын құрайды:

- биологиялық барлаудың нысаналары және міндеттері;

- барлаушы топтардың құрамы, олардың жабдықталуы, жол бағыты;

- биологиялық барлаудың басталу мен аяқталу уақыты;

- биологиялық барлаудың қорытындылары туралы баяндамалардың мерзімі, орны және тәртібі.

Биологиялық барлауды және биологиялық қарудың индикациясын әскери ауданда бөлімшенің СЭЗ-ның командирі ұйымдастырады, ол жерде бактериологиялық зертхана ГАЗ-66 (ӘМЗ) автокөлік кузовында болады. Биологиялық барлау әскердің медициналық бригадасының СЭЖ-ның және майданның СЭЖ-ның күштерімен жүргізіледі. Оны әскердің эпидемиологы және майданның бас эпидемиологы ұйымдастырады. Әскердің жеке медициналық бригадасы және майданның медициналық бригадасы барлаудан, басқа да қызметтерден алынған мәліметтерді талдап, өңдеу жүргізеді. Тұрғылықты жердің зақымдалуы және анықталуы (акватории, ауа кеңістігі) туралы барлық мәліметтер тез арада бастықтарға баяндалады, одан әрі қарай әскерді және тылдағы басқа да нысаналарды биологиялық қарудың зардаптарын тез арада жою мақсатында хабарландырылады. Бөлімшелер мен мекемелерде тиісті оңашалау-шектеу шаралары жүргізіледі.

Биологиялық барлау кезінде алынған мәліметтер медициналық қызметтің бастығына баяндалады және картаға немесе сызба-картаға түсіріледі. Графикалық көріністерге түспейтін басқа да мәліметтер аңыз түрінде көрсетіледі. Осындай аңызы бар карталар мен барлаудың қорытындылары графикалық сызба түрінде көрсетілген карталар эпид.барлаушының есеп-беру карточкасы және жүргізілген биологиялық барлаудың есеп беру құжаты болып табылады.

Биологиялық зақымдалу масштабын шамалап анықтау радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау қызметтерімен, есептеу мәліметтері негізінде медициналық қызметпен арнайы, арнайы емес индикациясы әдістерімен шешіледі.

 

6.4.2 Биологиялық заттардың индикациясы. Биологиялық заттардың арнайы индикациясына сынамалар алу, зертханаға жеткізу тәртібі. Арнайы индикацияның әдістері, сатылары және жүргізу сызбасы

 

Биологиялық заттардың индикациясы дегеніміз – ықтимал қарсыластың бактериялық қаруды қолданған фактісін және қолданған бактериялық қарудағы қоздырғыштың түрін анықтайтын шаралар жиынтығы.

Ықтимал қарсыластың биологиялық қаруды қолданған фактісін анықтау арнайы емес индикация деп аталады.

Қолданған қоздырғыштың түрін анықтау арнайы индикация деп аталады. Осыған байланысты арнайы емес индикация қарсылас биологиялық қаруды қолданған кезде жүргізіледі, ал арнайы индикация биологиялық шабуылдың зардаптарын жою кезінде жүргізіледі.

Ауада және тұрғылықты жерде биологиялық қаруды қарсыластың қолданған фактісін анықтаудың арнайы емес индикациясының міндеттері қарсыластың іс-әрекетін бақылаумен, барлық әскерлер мен қызметтерді бақылау постыларымен, барлаудың барлық тарауларымен және арнайы радиациялық, химиялық, биологиялық қарудың арнайы бөлімше қызметімен шешіледі.

Бактериялық қаруды қолдануына күдік туғызушы жанама мәліметтерге снарядтар жарылғанда пайда болған аэрозольді бұлттың пайда болуы және т.б. жатады. Қарсылас бактериялық қаруды қолданғанын көзбен шолып анықтау фактісінің тиімділігі аз болады. Ауаның биологиялық зақымдалу белгілерінің дабылы және автоматтық тіркелуінің тиімділігі көп болады.

Арнайы индикация 3 кезеңнен тұрады: сыртқы орта нысандарынан алынған сынамалар, олардың тасымалдануы және зертханалық зерттеулері. Сынамаларды қарсылас биологиялық шабуыл ретінде қолданған микроорганизмдердің максималды саны болатындай етіп алу керек. Ол үшін ауаны аэрозольді кезеңде алады, сонымен қатар снарядтар қалдығын жарылыс болған эпид.орталықтағы заттардан жұғындар немесе аэрозоль көп жиналған жерлерден алады. Зақымдалған аумақтағы жеке қорғаныс киімдері болмаған адамдардың мұрын-жұтқыншақтарынан жұғын алу ұсынылады.

Буынаяқтыларды қолданғанда олар зерттеудің жақсы нысаны болып табылады. Биологиялық зақымдалған ошақтардың сыртқы орталарындағы нысандардан сынамалар алу радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау қызметтеріне және медициналық, ветеринарлық қызметтерге жүктеледі. Биологиялық заттардың арнайы индикациясы мен биологиялық барлауға медициналық қызмет табельді заттармен қамтамасыз етіледі. Биологиялық заттарды алатын сынамалар жиынтығы топырақтың сынамасын алуға арналған металды заттардан, жәндіктерді ұстайтын заттардан, су алуға арналған заттардан және т.б. түрады. Сынамаларды алатын адамдарда алынған сынамаларды жақсы сақтайтын арнайы термоизоляциялық контейнер болу керек. Алынған сынамаларды қысқаша мәліметтерімен қоса тез арада бөлімшелердің СЭЗ-на немесе жеке медициналық бригаданың ЖСЭЖ (майданның СЭЖ) әкелу керек. Алынған сынамаларды зертханаға тасымалдау радиациялық, химиялық, биологиялық және медициналық қорғау қызметтерінің барлық көліктерімен жеткізу керек.

Зертханада әкелінген материалдарды зерттеуде 3 топты әдісті қолданады:

- әкелінген нативті материалды зерттеуге экспресс-әдісін қолданады;

- байытылған материалдарға зерттеу үшін экспресс-әдісін қолданады;

- классикалық микробиологиялық зерттеу әдістерін қолданады.

Байыту арқылы зерттелетін материалдарды қоректі ортаға салып зертханалық жануарларды зақымдайды. Бұл байытылған материалдарды зерттеу 6-48 сағат өткен соң жүргізіледі. Бұл әдістер үнемі жетілдіріліп отырады. Қазіргі кезде арнайы антигендерді анықтау әдістеріне радиоиммунды және иммуноферментті талдау, сонымен қатар гемаглютинация және иммунофлюоресценция әдістері де жатады. Егер жоғарыда көрсетілген зерттеулер күдікті нәтижелер берсе, онда зерттеудің классикалық әдістерін, яғни микроорганизмдердің таза культурасын зерттеу және анықтауды қолданады.

Бұл кезде зерттеулерге саңырауқұлақтар, бактериялардың вегетативті және споралық түрлері, риккетсиялар, вирустар және токсиндер қарастыралады. Риккетсиялар мен вирустарды анықтауға зертханалық жануарларды және тіндердің культураларын қолданады.

Биологиялық заттардың арнайы индикациясы, бөлімшелердің СЭЗ-да (әскери медициналық зертхана немесе әскери далалық медициналық зертхана) жүргізіледі, майданның СЭЖ-да және медбр ЖСЭЖ жылжымалы базалық зертханаларында, сонымен қатар майданның СЭЖ-да жүргізіледі.

Оба, тырысқақ, сібір түйнемесі, туляремия және ботулотоксиндер қоздырғыштарына сынамалар қысқаша сызба түрінде зерттеледі. ЖСЭЖ медбр және майданның СЭЖ-ның, ӘДАҚЖАГ-нің зерттеуді және жұқпалы аурулардың зертханалық диагностикасын толық көлемде жүргізеді.

 

6.5 Обсервация және карантин кезіндегі шаралардың

мазмұны мен ұйымдастырылуы

 

Биологиялық зақымдау ошақтарында оңашалау-шектеу шаралары ықтимал қарсылас бактериологиялық қаруды қолданған фактісі анықталған кезден бастап тез арада жүргізіледі. Ықтимал қарсылас биологиялық қаруды қолданғаны туралы мәліметтерді алған соң және биологиялық заттардың әсері тиген бөлімшелер мен бөлімдер анықталғанда обсервация тәртібі орнатылады.

Обсервация–ықтимал қарсыластың биологиялық қаруының әсері тиген бөлімдердегі жеке құрамға медициналық бақылауды оңашалау-шектеу шараларының және аса қауіпті жұқпалы аурулармен ауырған науқастармен қатынаста болған әскери қызметкерлердің денсаулығына медициналық бақылаудың жиынтығы.

Обсервацияның негізгі міндеті әскерде және медициналық тасымалдау кезеңдерінде жұқпалы аурулардың таратылуын ескерту мақсатында жедел шараларды қолдануға және олардың шоғырлануы мен таралу себептерін дер кезінде анықтау медициналық қызметтің бастығының баяндамасы бойынша бөлімшенің командирі тағайындайды. Әскери бөлім бұл кезде әскери міндеттерін орындап жатады. Обсервация кезінде жеке құрамның зақымдалған бөлімін көршілес бөлімдермен және жергілікті тұрғындармен қарым-қатынастарын шектейді.

Биологиялық зақымдалу ошақтары арқылы көліктің барлық түрінің өтуіне тыйым салынады. Ол үшін аймақтың сыртқы шекарасында және негізгі маршруттарында басқару постылары орналастырылады. Жеке құрамды зақымдалған ошақтан шығару тек жедел профилактикадан және толық санитарлық өңдеуден кейін рұқсат етіледі. Заттарды, қару-жарақтарды, азық-түлікті алдын-ала залалсыздандырмай зақымдалған ошақтан шығаруға болмайды. Қарсыластың биологиялық заттарының әсері тиген жеке құрамға медициналық қадағалау жүргізіледі, оның міндеті ауырғандарды дер кезінде анықтау және тез арада оңашалап ауруханаға жатқызу.


Дата добавления: 2015-02-05 | Просмотры: 2881 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.059 сек.)