АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

VI тарау

Прочитайте:
  1. II тарау
  2. III тарау
  3. IV тарау
  4. V тарау
  5. V тарау
  6. XII ТАРАУ
  7. XIII -ТАРАУ. ЖЕКЕ БАС ГИГИЕНАСЫ
  8. XVII тарау
  9. І ТАРАУ

ЖАҚ БЕТ АЙМ АҒЫНЫҢ ҚАБЫНУ ДЕРТТЕРІ

Жақ-бет аймағының қабыну процестері хирургиялық емдеуді қажет етеін көп таралған ауруларға жатады. Олар басқа стоматологиялық ауруларға қарағанда жиі еңбекке қабілетін төмендетуге, науқасты ауруханаға жатқызуға себепкер болып, адам өміріне қауіп туғызады. Соңғы жылдары медициналық жетістіктеріне қарамастан бұл аурулардың ауыр түрлері жиі кездесіп жүр. Біздің клиникада осы аурулар 30-40% - ке, ММСИ клиникасында 6-8% - ке (Васильев В.А. Анастасов К, 1964), Киев клиникасында 15-25% (Бернедский Ю.И. 1970) т.б. кездеседі.

Көптеген авторлар мұның себебін жиі қолданып жүрген антибиотиктерге қабыну қоздырғыштары төзімділігінің жоғарылауымен түсіндіреді. Жиі қоздыратын ауыз қуысындағы микроорганизмдер ішінде іріңді кокктар, сирек – анаэробтар, саңырауқұлақтар, туберкулез микобактериясы, бозғылт трепонема т.б. болып табылады. Қоздырғыштар түріне қарай арнайы емес (іріңді) және арнайы (актинамикоз, туберкулез, сифилис, сібір жарасы) болып бөлінеді.

Инфекция көзі мен таралу жолына қарай одонтогенді, одонтогенді емес деп бөлінеді. Одонтогенді емес қабыну процестері тонзилогенді, риногенді, отогенді, травмалық (зақымдау), гематогенді, лимогенді, контактылы (жанама) болып бөлінеді.

Фурункул, карбункул, тілме бөлек бір топ құрайды.

Қабыну процестерінің этиологиялық факторы көп жағдайда (96-98%) одонтогенді инфекция, яғни микроб агенті инфекциялы тіс қуысынан алдымен түбір ұшы периодонтына, содан соң көптеген майда тесіктер арқылы тіс ұяшығы қабырғаларынан альволды өсінді мен жақ сүйегі кемігіне тарайды. Сонымен қатар сүйек тіндеріне инфекция түсу көзі болып тіс маңы іріңді кисталары, альвеолит, маргиналдық периодонтиттер т.б. табылады. Тек 2-4% жағдайда одонтогенді емес инфекция болады, яғни гематогенді, лимогенді, контактылы т.б. (М.А. Груздев, 1979).

Жедел ағымды одонтогенді инфекцияны жиі ақ не алтын стафилакокк өз бетімен немесе басқа кокктармен қосыла отырып қоздырады. Одонтогенді қабыну процесі көптеген факторларға тығыз байланысты, жекелеген түрде күрделі дамиды.

Соңғы кездегі зерттеулер бойынша остеомиелит дамуында нерв жүйесінің организм сенсибилизациясының, эндокринді жүйе мен циркуляторлық бұзылыстардың маңызы бар. Тағы да организмнің арнайы реактивтілік деңгейі маңызды факор болып табылады.

Одонтогенді остеомиелиттің патогенезі арнайы бөлімде талданған.

Одонтогенді қабыну процестерінің патогенезімен қоса жіктелуі туралы да қаралған. Жедел ағымды қабыну процестерін жіктеу жөнінде 3 негізгі көзқарас бар. Бірнеше зерттеушілер (С.Н.Вайсблат, А.Е. Верлоцкий, В.И. Лукьяненко, П.П. Львов, А.А. Лимберг, В.М. Уваров т.б.) периодонтит, периостит, остеомиелит, жұмсақ тіндер флегмонасы жақ сүйектері остеомиелитінің, яғни бір ғана аурудың кезеңі деп санайды. Бұл авторлар бойынша периодонтит, сүйек қабығы, сүйек кемігін қоршаған тіндер бір-бірімен физиологиялық және анатомиялық тығыз байланысты болғандықтан одонтогенді жедел ағымды периодонтит, периостит, флегмона деп бөлуге негіз жоқ. Олар жедел периодонтитті жақ сүйегінің одонтогенді остеомиелитінің бастапқы сатысы деп қарайды.

Екінші бір топ авторлар (Б.Б. Брандебург, И.Г. Лукомский т.б.) периодонтит пен остеомиелитті жедел ағымды одонтогенді қабыну процесс қатарынан бөледі. Периостит пен қоршаған тіндер флегмонасын остеомиелиттік процестің құрама компоненті деп қарайды. И.Г. Лукомский периоститті төменгі ақыл тістердің қиналып шығуынан немесе периост травма алуынан дамиды деп анықтайды.

Үшінші авторлар тобы (В.Ф. Войно-Ясенский, А.В. Евдокимов, Г.А. Васильев, И.М. Старобинский т.б.) қазіргі клиинкалық, морфологиялық, анықтауларға орай және емдеу әдісін анықтау мақсатында нақты барлық жедел ағымды одонтогенді инфекциялардың дифференциялдық диагностикасын жүргізуді ұсынды. А.И. Евдокимов, Г.А. Васильев жеке жедел ағымды одонтогенді іріңді периодонтит, жедел ағымды іріңді периостит, жақ сүйектер остеомиелиті, остеофлегмона деген сияқты нозологиялық формаларды қарайды. Олар жедел ағымды іріңді қабыну процесінің пайда болуы инфекциялық локустың периодонттан басқа тінге көшуіне байланысты деп санайды, мысалы, сүйек қабығына, сүйекке, жақ сүйектері маңындағы басқа тіндерге ауысады. Сонда одонтогенді процестердің барлығы бір-бірімен тікелей байланысты, яғни сандық өзгерістермен қоса сапалық өзгерістер де туындайды. Осының бәрі ауру көрінісі мен табылған патологиялық өгерістерден өз бейнесін табады.

1990 жылы ресейдің белгілі профессорлары Бажанов Н.Н., Соловьев М.М., Рогинский В.В., Ипполитов В.Т. т.б, басқарған комиссия, жедел одонтогенді қабыну процессінің келесі жіктелу жүйесін ұсынды.

I Жақ сүйектерінің құрамының бұзылуының басымдылығы.

1. Жедел, созылмалы пародонтиттің өршуі.

2. Жедел одонтогенді остеомиелит.

II. Жақ сүйектері маңындағы жұмсақ тіндердің қабынуының басымдылығы (қабыну процесінің жайылу аймағы бір тістің пародонтымен жіктеледі.

1. Жедел одоентогенді периостит

2. Жедел перикоронорит

3. Одонтогенді абсцесс.

4. Одонтогенді флегмона.

5. Одонтгенді қабыну инфильтраты.

III. Регионарлы лимфа түйіндерінің қабынуының басымдылығы (қабыну процессінің жайлау аймағы бір тістің пародонтымен шектеледі).

1. Жедел одонтогенді лимфаденит (серозды, іріңді).

2. Одонтогенді аденофлегмона.

IV – одонтогенді қабыну ауруларының алыс орналасқан ағзаларға тарауы (асқынуы) және инфекцияның жалпы денеге таралуы.

1. Бет көк тамырларының және мидың қатты қабығының синдромының (қапшықтарының) қабынуы.

2. Менингит, менингоэнцефалит, мидың абсцесі.

3. Сепсис.

Біздің кафедра ұжымы осы жедел одонтогенді қабыну процесінің жіктелу жүйесін негізге ала отырып, оған өз көз қарасына сәйкес өзгерістер енгізіліп, осы оқулықта беріліп отыр.

Ал, одонтогенді қабыну инфильтраты деген түсінікті қабылдамауға келесі негіздер себеп болды: біріншіден бұндай ауру түрі халықаралық аурулар классификациясында жоқ; екіншіден – бұл процесс қабынудың бір кезеңі (Козлов В.А., Карапетян И.С., Б.Л. Павлов); үшіншіден – хирургиялық емді кеш қолдануға мәжбүр етіп, іріңді процестің асқынуына әкеліп соқтырады. (Уразалин Ж.Б., Төлеуов Қ.Т., Русанов В.П., Робустова Т.Г.)


Дата добавления: 2015-01-18 | Просмотры: 1073 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.004 сек.)