ЖІКТЕЛУІ 3 страница
Сегіз тәрізді бекіткенде, сым лигатураның екі үшын тіс аралығына кіреберіс жағынан ауыз қуысына өткізгенде тістегі таңғышты да қамтуы қажет. Кейін сымның ұшы кіреберіс жағына қайтарылады. Бір ұшы кіреберіс жағынан тісті қамтитын сымның үстінен, ал екіншісі астынан өткізіледі. Кіреберіс бетінде сым үштары өзара оралады. Кейін осындай таңғышты екінші сынық пен антогонист тістерге салады. Алдыңғы жағдайдағы сияқты жоғарғы және төменгі жақ тістеріне бекітілген сымдарды өзара орайды. Артықтарын қайшымен қиып тастайды.
Айви бойынша бекіткенде ұзындығы 10 см сымды алдын ала түйреуіш тәрізді етіп тиеді де бір ұшын екіншісінен 1 —1,5 см артық қылып қалдырады. Түйреуіштің ұшына — 0,2 мм шамасында ілмек қалдырады. Бұл үшін алюминий сымның кішкене бөлшегі, крампонды қысқыш, пинцет қолданылады. Сымның екі үшы кіреберіс жағынан ауыз қуысы жағына тіс аралығы арқылы өткізіледі. Сымның ұзын ұшын, кіреберіс жағына, тістің арасы арқылы қайтадан өткізеді. Қысқа ұшы — кіреберіс жағына ілмектің алдына қарай орналасқан тіс арасы арқылы өткізіледі де ұзын ұшымен оралады. Сымның артығы қиылады, қалған бөлігі шырышты қабатты жа-рақаттамайтындай етіп қайырылып иіледі. Осындай таңғышты екінші сынықтағы тіске тіс — антогониске салады. Сынықтар орнына салынып, сыммен жоғарғы жақ тістеріне бекітіледі. (37 сурет). Жақаралық лигатуралық бекітуде, жоғарғы жақ асқынғанда иек сақпаны немесе шеңберлі төбе-иек дәкелі таңғыш салғанда тістердің периондонтитіне, сыныққа бекітілген булшықетке күш түседі. Уақыт өте келе бұл тістер қозғалмалы келеді.
37-сурет. Төменгі жақ сынықтарын уақытша Айви тәсілімен бекіту (түсініктеме тақырыпта берілген)
Мамандандырылған хирургиялық көмек. Мамандандырылған хирургиялық көмек емханаларда, травматологиялық пункттерде, аудандық және қалалық хирургиялық, травматологиялық бөлімдерде дәрігер хирургтар мен травматологтар арқылы жүзеге асырылады. Ең бірінпгі кезекте көмек шок, қан кету, жедел қан жоғалту, асфиксия белгілері бар науқастарға көрсетіледі. Мысалы, егер бет-жақ аймағының ірі қан тамырларынан қан кетуді тоқтату мүмкін болмаса, сыртқы ұйқы артериясын байлап таңады. Мамандандырылған хирургиялық көмек көрсету кезеңін 3 топқа бөледі. 1 — тек хирургиялық көмекті қажет ететіндер (жұмсақ тіндер жарақаты, I—II дәрежелі күйіктер, бет үсігі); 2 — арнайы көмекті қажет ететіндер (жүмсақ тіндер мен сүйек жарақаты, III—IV дәрежелі күйіктер, бет үсуі) көмек көрсетілгеннен кейін стоматологиялық стационар бөлімдерге жіберіледі. 3 — тасымалдауға келмейтін және дененің басқа аймағы, зақымдануы кезінде (әсіресе ми жарақаты).
Жарақатқа қайтадан хирургиялық ем жүргізудің себебі алдын ала рентгенологиялық тексеру жүргізбегеннен болады. Бет сүйегі сынғанына күмәнданса оның тіндерінің регенеративті қабілеті артады да хирургиялық ем жүргізуге мәжбүр болады. 3-і топ науқастарына мамандандырылған көмек көрсеткенде, дәрігер-хирург: 1) сынған жерге жансыздандыру жүргізуі; 2) жарақатқа антибиотик енгізуі; 3) қарапайым транспорттық иммобилизациялау; 4) жарақаттан қанның ақпай түрғанына көз жеткізуі; 5) сіреспеге қарсы сарысу жіберуді тексеру; 6) дүрыс тасымалдауды қамтамасыз етуі (транспорт түрі мен науқастың жағдайы); 7) науқасқа не істелгені жайлы құжаттардың бәрін дәл көрсетуі тиіс. 3 топта — хирургиялық бөлімдерде барлық дәрігерлер, хирург-травматологтар мамандандырылған көмек көрсетуі тиіс. Өз кезегінде хирург-травматологтар бетті хирургиялық өңдеудің қағидаларын сақтап, сынықтарды транспортты иммобилизациялау әдістерінің негізін білуі қажет.
Бет пен басқа аймақтардың біріккен жарақаттарын емдеу дәрігер-стоматологтың қатысуымен хирургиялық стационарда жүргізілуі тиіс. Аудандық ауруханада стоматологиялық бөлімдер, п/а бөлмелер көп болса да, бөлім бастығы аудандағы травматологиялық көмекті ұйымдастыруға және оның жағдайына жауапкершілік міндетін алуы тиіс. Бет-жақ жарақатын дәл тізімге алу үшін дәрігер-стоматолог фельдшерлік пункттер мен учаскелік ауруханалармен байланыста болуы қажет. Бұдан басқа ем нәтижелерін де тексеріп отыру қажет. Арнайы бөлімдерге беттің күрделі және асқынған жарақатында ғана әкеледі. Мұнда жұмсақ тіндердің біріншілік пластикасы мен бет сүйегі сынықтарын емдеудің жаңа әдістері жүргізіледі.
Арнайы мамандандырылған шуғыл көмек және емдеу. Көмектің бұл түрі стоматологиялық стационарларда көрсетіледі (республикалық, облыстық, қалалық ауруханада, медицина институттары мен дәрігер мамандығын жетілдіру институттарында, ғылыми-зерттеу институтында, травматология және ортопедия институттарының бет-жақ бөлімдерінде). Стационардың қабылдау бөлімдеріне науқастар түскен кезде 3 сұрыптау тобын ажыратқан жөн (В. И. Лукьяненко).
1. Операция және таңу бөлімдерінде арнайы мамандандырылған немесе мамандандырылған көмектің шүғыл шараларын қажет ететіндер: бет жарақатында қан тоқтамаса, асфиксия, траеотомиядан кейін ауыз қуысы мен жұтқыншақты мықтап дәкелегеннен кейін, есін жоғалтқанда. Бұлардың бәрін таңу немесе операция бөлмесіне бірінші кезекте әкеледі.
2. Диагнозды және зақымданудың ағымын анықтауын қажет ететін топ. Бұларға: бет пен жақ, ЛОР — мүшелер, бас, көз және т. б. аралас жарақаттар жатады.
3. Бөлімге екінші кезекте жіберілетіндер. Бұл топқа барлық науқастар жатады.
Науқас хирургиялық ем алдында клиникалық және рентгенологиялық тексерулерден өтуі тиіс. Алынған деректер негізінде операция көлемі анықталады. Хирургиялық өңдеу жұмсақ тіндер мен сүйек пластикасы, жергіліқті операциялар бір сәтте және толық жасалу керек.
А. А. Срагер мен Т. М. Лурье (1988) көрсеткендей регенерациялық бластомалар (остеогенді, фиброзды, аралас) сипаты сынық аймағында, тіндердің оксибиотикалық белсенділігімен анықталады, сондықтан барлық травматологиялық және емдік факторлар жергілікті қамтамасыз ету арқылы репаративті остеогенездің сапасы мен жылдамдығына әсер етеді.
Зақымдану нәтижесінде әрқашанда жергілікті қан айналымы регионарлы (БЖА) немесе жалпы (шок) бұзылады. Жергілікті және аймақтық қан айналудың бұзылуы ұзағырақ болады, әсіресе қабынулы асқынулар пайда болғанда және сынықтардың иммобилизациясы болмағанда. Осының салдарынан тіндердің репаративті реакциясы өзгереді. Адекватты қанмен қамтамасыз етілгенде зақымданған аймақта сүйек тіндерінің ангиогендік түзілімдері жүреді. Сынықтардың қиылысқан жерінде дәнекер тіндік немесе шеміршекті регенерация, яғни репаративті остеогенез жүреді. Репаративті регенерацияның мұндай жолы тіндік ресурстар мен уақытты талап етеді. Ол сынықтың екіншілік бітісуімен аяқталуы мүмкін, кейде ұзақ сақталып немесе тыртықты дәнекер тін созылмалы қабыну ошағы болып, жарақатты остеомиелиттің өршуі түрінде көрінуі мүмкін.
Бет сүйектерін жабық репозициялап бекітудің артықшылығы мол. Сондықтан сүйек сынықтары негізінде мына қағидалар ұсынылған: 1) Сынықтарды дәл қою. 2) Сынықтарды жақындатып қиыстыру. 3) Қиыстырылған сынықтарды тығыз бекіту. Бұл қағидаларды сақтау сүйектің біріншілік бітісуіне жағдай жасайды, мерзімін қысқартады.
Жақ сүйектері сынықтарын емдеу тәсілдері.
Жақ сынықтарының емдеу тәсілдері жергілікті және жалпы деп бөлінеді. Жергілікті емнің өзі уақытша (транспорттық) және тұрақты (емдік) емге бөлінеді. Тұрақты емнің ортопедиялық және хирургиялық түрлері бар.
Шеңдеуіштердің көмегімен көрсететін ортопедиялық ем үш топқа бөлінеді: тістік, тіс-қызыл иектік және қызыл иек үстілік.
Шендеуіштерге қойылатын талаптар: 1. Шендеуіш сынықтарды мықтап ұстап түруы; 2. Құрылысы қарапайым болуы; 3. Қолда бар заттардан оңай дайындалуы; 4. Ағза қызметіне кедергі келтірмеуі керек.
Тістік шеңдеуіштер. Бұл шеңдеуіштердің ішінде кеңінен тараған алюминий сымынан жасалған Тигерштедтің, Васильевтіц таспалы стандарты шеңдеуіштері. Тістік шеңдеуіштер тек тістергс бекітіледі, сондықтан олар тістер жеткілікті болса ғана қолданылады. Бұл шеңдеуіштерді орыс әскерінің тіс дәрігері Тигерштедт С. С. (1915) қолдануды ұсынған. Оны дайындау үшін диаметрі 1,8—2,0 мм алюминий сымы, 0,5—0,6 мм қола-алюминий сымы және аспаптар жиынтығы (крампон қысқышы, анатомиялық пинцет, қан тоқтатқыш қысқаш, егеу) қажет. Шеңдеуішті дайындау ережелері: Шеңдеуіш тістердің мойын аумағында орналасып, әрбір тіске жанасып тіс қатарының доғасымен иіледі. Ол серпіліп қызыл иекті жарақаттамау керек. Шеңдеуішті әр тіске сыммен бір басынан бастап бекітеді, осыған байланысты тістерге түскен салмақ шеңдеуішке байланған тістерге біркелкі бөлінеді, оның күтімін жеңілдетеді. Оны крампон қысқашымен қысып ұстап саусақпен иеді. Бұл талап орындалмаса шеңдеуіштің иіліп дайын болған жері деформациялануы мүмкін.
Қазіргі кезде Тигерштед шеңдеуіштерінің ішінде тегіс жақша тәріздес, тіректі шеңдеуіш, екі жақтық ілмектері бар шеңдеуіштерді көп қолданады, ал көлбеу шендеуішті сирек қолданады (38 а, б, в, г сурет).
38-сурет. Тигерштедтің шендеуіштері:
А,б) тегіс жақша тәріздес; в) тіректі шендеуіш; г) екі жақтық ілмектері бар шендеуіші.
Шендеуішті салу алдында жергілікті жансыздандыру жасап сынық бөліктерін орнына салады.
Біржақтық байланыстырғыш, жақша тәріздес шендеуіш сынықтың үлкен бөлігінде 4 тістен кем, ал кішісінде 2 мықты тістерден кем болмаса салынады.
Тегіс жақша тәріздес шеңдеуішті алдыңғы тістер аумағындағы оңай салынатын немесе ығыспаған тік сызықты сынықтарда, жоғарғы және төменгі жақтмрдмң альвеолды өсіндісінің ортаңғы бөлігінен, бүйірінен сынғанда, егер сынық бөлігінде 2—3 тістен, жарақаттанбаған бөлігінде 3—5 мықты тістерден кем болмаса, тіс ұясынан шыққанда немесе сынғанда қолданады. Дегенмен жоғарыда аталған жақ сынықтарында екіжақтық ілмектері бар шендеуіш қолданған жөн. Өйткені тегіс жақша тәріздес шеңдеуіш иек аумағындағы сынық бөліктерін бір-біріне жақындата алмайды. Егер тіс ұясынан шықса немесе сынса оларды бекіту үшін шеңдеуіш каппалар қолданады.
Біржақтық жақша тәріздес шеңдеуішті дайындау үшін әуелі соңғы тісті тығыз қамтып ауыз қуысының тіліне кіріп түратын (тіс түбірі 1/2 немесе 1/3 үзындығына) ілмек иеді. Ілмектің ұшын тік жазықта 45° бұрыш жасай қайшымен қиып, ұшын егеумен тегістейді. Ілмек орнына қысқа жіңішке үшбұрышты тіс аралығына кіріп тұратын иін июге болады. Шендеуіш тістердің мойын деңгейінде орналасу үшін ілмек жасалған тіс сауытының ортасында немесе оның алдында орналасқан тіспен аралығында сымды жоғарыға (жоғарғы жақтан төмен) иеді. Сонан соң шеңдеуішті әрбір тіске жақындата отырып тіс қатарының бойымен иіп сыммен бекітеді. Сымның үшын 5 мм қалдырып орталық сызық бағытында шеңдеуіштің астына қарай майыстырады.
Тіректі шеңдеуішті төменгі жақ сүйегі тіс қатарының аумағында жылжымай сынса немесе сынық оңай салынса, егер сынық сызығы альвеолды өсіндінің тістері жоқ жерлерінен өтсе және төменгі жақ сүйегі тіс қатарының аумағында ақауланып сынса қолданады.
Шеңдеуішті дайындау тәсілі жақша тәріздес тегіс шеңдеуіштікіндей, тек сынық тістер жоқ жерден сынса, екі иығы сынықтың жан-жағында тұрған тістерге тығыз жанасып тұратын иін иіледі. Иін альвеолды өсіндінің тістері жоқ жағына бағытталып иіледі, оның ұзындығы тістің бүйір бетінің жалпақтығына сай келеді. Тіреуіш иін альвеолды өсіндінің деңгейінде немесе онан 5 мм шығыңқы болады.
Шеңдеуіштің жекелей салу ережесі жоқ, өйткені тіреуіш иінді арнайы иілетін шеңдеуіштің кез келгенінде дайындауға болады.
Екіжақтық ілмектері бар шеңдеуіш үстіңгі және төменгі жақтарға бірдей дайындалады.
Бұл шеңдеуішті төменгі жақ сынығы тіс қатарының аумағында жылжып сынғанда немесе сынық бөліктері қиын жылжыса, төменгі жақ екі, үш жерден сынса, сынық сызығы тіс қатарының артынан өтсе, жоғарғы жақ сүйегі сынса (қосымша төбе-иекті таңғышпен байлау немесе стандартты иектік сақпан) және сүйекке пластикалық операция жасалған жағдайларда қолданады. Егер сынық бөліктерін қолмен орнына салуға мүмкіндік болмаса, оларға ілмектері бар шеңдеуіш бөлек дайындалады да, оларды жоғарғы жақ, сүйегіндегі шендеуішке резинка дөңгелектермен тартып дұрыс жағдайға келтіреді, сонан соң қосымша жіңішке ортодонтиялық сымнан иген доға тәріздес шендеуішпен бекітіп бір-бірін тез қатаын пластмассамен бекітеді. Сынық бөлігінің біреуі жоғары қарай көбірек ығысқан жағдайда антогонист тістердің арасына резинкадан төсеніш қойып лигатурамен шендеуішке бекітіп қояды. Резиналы дөңгелекті резиналы түтіктен кесіп дайындайды, олардың диаметрі әртүрлі болады. Резиналы дөңгелектің тарту күші оның диаметріне қарама-қарсы пропорцияда. Алғашқы екі күн диаметрі кішірек дөңгелектерге ауыстырылады. Сынық бөліктерінің бағытын дұрыс бағыттау үшін дөңгелек тартылысының бағытын өзгерту керек.
Шендеуішті дайындау тәсілі. Әр шендеуіште 5-6 ілмек иіледі: сынықтың үлкен бөлігіне 3-4, ал кіші бөлігіне 2-3 ілмектен. Ілмектердің ұзындығы 3-5 мм болып жоғарғы жақта олар жоғары, ал төменгі жақта төмен қарай орналасып, тіс өсімен 35-45' бұрыш құрайды. Ілмектің ұшы қызыл иектің шырышты қабатынан 2 мм қашықтықта тұрады, бұл резиналы дөңгелектермен қызыл иекті жарақаттамауға мүмкіндік жасайды. Мүмкіндігінше ілмектерді 2 күрек, 1 кіші және үлкен азу тістердің аумағында иген жөн. Ілмектер тістердің аралығында емес қатты тіндерінде орналасуы керек. Иілген ілмектер бір деңгейде орналасып, барлық тістермен тығыз жанасуын қадағалау керек.
Шендеуіштерді иіп болған соң, оларды мүмкіндігінше әрбір тіске бекіткен дұрыс, өйткені оларға ілінгенрезина дөңгелектер қосымша күш түсіреді.
Ем біткен соң дөңгелектерді алып, науқасты 2-3 күндей бақылайды, егер бұл мерзім ішінде тіс түйісуі өзгермесе, сынық бөліктерінің патологиялық қозғалысы байқалмаса шендеуіштер алынады.
Сынықтың түріне байланысты шендеуіштерді 4-6 аптаға салады.
Оразалиннің екіжақтық стандартты ілмегі бар пластмасса шендеуіші. ҚазММУ-дің дің хирургиялық стоматология клиникасында 1982 ж. Бастап төменгі қысымды полиэтиленнен жасалған стандарттты шендеуіш қолданылады. Бұл шендеуіштер майысқақ, жеңіл, сонымен қатар өте мықты және улы заттар бөліп шығармайды.
Шендеуіш доға тәріздес бір-бірінен 1,0 см ара қашықтықта орналасқан ілгектері бар. Оның ұштарында тіс аралығына кіріп тұратын иіндері бар. Шендеуіштің ұзындығы 11-13 см, салмағы 0,7-0,8 г. Шендеуіш тістерге полиамидті жіппен немесе лигатуралы сыммен бекітеді. (39 сурет).
39-сурет. Ж.Б. Оразалиннің пластмасса шендеуіші.
Сабын және щеткамен өңделіп залалсыздандырылған соң шендеуішті қайта қолдануға болады.
Васильевтің таспалы стандартты шендеуіші. 1967 жылы қолдануға ұсынылған, оның жалпақтығы 2,3 мм, ұзындығы – 134 мм. Шендеуіштің стандартты ілмектері бар, сондықтан оны қолдану оңай және көп уақыт алмайды. Бірақ бұны барлық уақытта кіші және үлкен азу тістердің аумағында Шпейс қисығына сай орналастыруға мүмкіндік болмайды. Егер тіс түйісуі терең немесе тістер қысқа болса шендеуішті қолдану өте қиынға түседі, кей кездерде тіпті қолдануға болмайды. Бұл шендеуішті басқа ілмектері бар шендеуіштер қолданатын жағдайларда пайдаланады.
Тіс-қызыл иектік шендеуіштер. Альвеолды өсіндіге және тістерге тіреліп бекітіледі.
Вебер шендеуіші төменгі жақ сүйегінің сынық сызығы тіс қатары аумағымен өтіп сынық бөліктерінің әрқайсысында бірнеше мықты тістер болса ғана қолданылады. Шендеуіш альвеолды өсіндісінің тістері жоқ жеріне тіреліп, қызыл иектің шырышты қабатына жанасып тістерді жан-жағынан тығыздап ұстап тұрады. Тістердің шайнау беттерімен кескіш қырларын жаппай тұруына байланысты антагонист тістердің түйісуі бұзылмайды. Бұл шендеуішті сынық бөліктері жылжымаған жағдайда сынық пайда болысымен салып, ем толық біткенше пайдалануға болады.
Ванкевич және Ванкевич-Степанов шендеуішін сынық төменгі жақ сүйегі тіс қатарының аумағында және оның артында болғанда, төменгі жақ сүйегі ақауланып сынған жағдайда қолданады. Шендеуішті төменгі және жоғарғы жақ сүйектері қатарласып сынғанда стандартты сыртқы таңғышпен біріктіре қолдануға болады. Шендеуіштің негізі (Ванкевич бойынша) таңдай базисі болып табылады немесе (Ванкевич-Степанов бойынша) төмен қарай бағытталған еңкіш жазықтығы бар болат доға болады. Негізгі күш жоғарғы жақ сүйегіне түседі. Бұл шендеуішті қолданғанда ауыз қуысындағы сақталған тістердің саны әсер етпейді. Емнің бастапқы кезінде шендеуішке қосымша стандартты иектік сақпан тәріздес таңғышты қолданған жөн.
Қызыл иектік шеңдеуіштер. Бүлар альвеолды өсіндінің шырышты қабатына жанасып тіреліп тұрады. Қазіргі кезде толық тістерінен айырылған науқастардың төменгі жақ сүйегі сынған жағдайда Порт шеңдеуіші қолданылады. Бұл жоғарғы және төменгі жақтық екі базисті пластикадан тұрады, олар бүйір бетінде бір-бірімен орталық окклюзияда бір блокқа біріктірілген. Шеңдеуіштің алдыңғы бөлігінде тамақ қабылдайтын тесік жа-салған. Оны ауыз қуысына кіргізген соң төменгі жақ сүйегінің сынық бөліктерін төменгі базиске қысып, иектік сақпанның және қалпақтың көмегімен бекітіп қояды. Бүл шеңдеуіш әлсізденген, оперативті ем тәсілдерін жүргізуге болмайтын науқастарға қолдануға арналған.
Сынықтарды хирургиялық әдістермен емдеу
Сынықтарды хирургиялық әдістермен емдеудің көрсеткіштері:
1. Тістері жоқ жақтардың сынықтары немесе тістер санының аздығы.
2. Дұрыс бітпеген сынықтар немесе жалған буын.
3. Жұмсақ тіндер сынықтардың ортасында тістеліп қалса.
4. Қан тамыр-нерв шоғырының зақымдана сынуы.
5. Тіс қатарынан тыс сынықтың жылжуы.
6. Көптеген сынықтар.
7. Көп жарқыншақты сынықтар.
8. Жұмсақ тіндер қоса зақымданған сынықтар.
9. Тіс сауыттары конус тәрізді болса.
10. Психикалық науқастар.
11. Жоғарғы, төменгі жақтардың бірлескен сынықтары.
12. Сынық сызығы кисталық қуыспен өткен кезде.
Сүйектік тігіс. Төменгі жақ денесінің, бұрышының, бұтағының, буын өсіндісі негізінің сызықты және алшақ орналасқан сынықтары кезінде сүйектік тігіс салынады. Тігіс материалы ретінде болаттың арнайы магнитті, тотықпайтын түрінен жасалған, IX 1 8М9Т, ЭП—400, ЭК-1 нихром, виталиум, тантол, титан 0,6—0,8 мм және полиамидті жіптер мен диаметрі 0,7—1,0 мм литиланловсан, хромдалған кетгут кең қолданылады. Сүйектік тігіс салу вдістерін ауызішілік және ауыздан тыс деп бөлуге болады.
Ауыз іші арқылы тігу альвеолдық өсінді аймағына салынады, ол үшін диаметрі кішкене (0,1—0,3 мм) материал қолданылады. Оперативті әдіс жергілікті жансыздандыру арқылы жүргізіледі. Жеткілікті мөлшерде альвеолды қырдың ұшы арқылы трапеция тәрізді тілік жүргізіледі. Шырышты-сүйек қабығы қиындысын сындырады да сынықтарды орнына қойып сүйекті тігеді. Тәжірибеде бұл операция жиі жасалынады. Бұл зақымданған аймақтың бойына ревизия жүргізуге мүмкіндік береді және репозицияны жсцілдетеді. Үлкен диаметрлі тігіс материалын (0,6—1,0 мм) салу сынықтардың мықты бекуін қамтамасыз етеді. Сүйекті тіккенде сынықтардың орнына қарамастан мына жағдайларды сақтауға ұмтылу ке-рек.
а) Тігіс материалын жүргізетін тесік сынық сызығынан 1 см-дей алшақ болуы керек, ол арқылы жүргізілген тігіс сынық сызып перпендикуляр, ал өзара параллель болуы тиіс.
ә) Тігіс мүмкіндігінше төменгі жақ жиегі мен альвеолды өсінді негізінің аралық ортасымен, сыннықтың саңылауын қиып өткені жақсы.
В) сүйек тігісінің тесігін төменгі жақ өзегі мен тістер түбірін қамтитындай етіп жасау керек.
Ауыз сыртынан жасалатын операция жалпы наркозбеп жүргізіледі. Сынық сызығын жалаңаштап алған соң оларды біріктіріп, дүрыс жағдайға келтіріп бормен 4 тесік (сынықта 2—2-ден) жасайды. Ол сынық сызығынан 1 —1,5 см алшақ болды. Осы тесіктер арқылы сымдар жүргізіліп ұштарын сыртқы бетінде оран тастайды (40-сурет).
40-сурет. Сүйектік тігіс салу операциясы (жоба) (түсініктемесі тақырыпта берілген).
Ж. Б. Оразалиннің жоғары қысымды полиэтиленнен жасалынған сүйектік төсеніш тұтқасы (41-сурет).
41-сурет. Ж.Б. Оразалиннің жоғары қысымды полиэтиленнен жасалған сүйектік төсеніш тұтқасы (жоба)
Төменгі жақ сынған кезде жасалатын остеосинтез операциясының ұзақтығын және оның жарақатын азайту үшін полиэтиленмен остеосинтез жасалатын құрал ойлап шығарылды. Оның ені 0,5 см, қалыңдығы 0,2 см, узындығы әр түрлі, шеттері тегіс, бұрыштары дөңестенген, тік бұрышты пластина. Жұмысшы бетінде шетке таман пластинамен мықты байланысқан, бекітілуте лайықталған конусы болады. Аяқша — үшбұрышты, биіктігі 0,15—0,20 см, төменгі жақтың кортикалды қабатының қалыңдығына сәйкес келеді. Бекіткіш конустың биіктігі 0,3—0,4 см, негізі ішке иілген. Жарықшақтарды репозициялағаннан кейін бор немесе қандауырдың көмегімен жақтың сынған жерінде пластинаның ішкі беті жақтың сыртқы кортикалды пластинкасымен сәйкес келтіріледі. Конус тәрізді шығыңқы жердің ұшына бриллиант жасылын жағып, жаққа төсеніш қойылады да сүйекті тесетін нүкте белгіленеді. Бордың көмегімен сыртқы кортикалды пластинка тесіледі. Жаққа пластинка салынады. Конус тәрізді бөлік сүйек қалыңдығынан тесік арқылы өтіп кеуекті затта жазыльш бүұынғы күйіне қайтып келеді. Осылай жақ сынықтарын мықтап бекітеді.
Дата добавления: 2015-01-18 | Просмотры: 1179 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 |
|