АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

A. дисфагия 4 страница. B. Өкпе рентгенографиясы

Прочитайте:
  1. A. дисфагия 1 страница
  2. A. дисфагия 1 страница
  3. A. дисфагия 2 страница
  4. A. дисфагия 2 страница
  5. A. дисфагия 3 страница
  6. A. дисфагия 3 страница
  7. A. дисфагия 4 страница
  8. A. дисфагия 5 страница
  9. A. дисфагия 5 страница

A. 12 тіркеме мен ЭКГ

B. Өкпе рентгенографиясы

C. Өкпе артериясындағы қысымды өлшеу

+D. ЭхоКГ

E. Артериальдық қандағы қысымды өлшеу

20 Аталған препараттардың қайсысы ең тиімді антиагрегант болып табылады?

A. сустак форте

+B. плавикс

C. фенилин

D. гипотиазид

E. нифедипин

21. 55 жастағы науқаста көп физикалық күш түскеннен кейін сол жақ иыққа таралатын, кеуде артындағы қатты қысып ауырғандық пайда болады. Ауырғандық көк тамырға морфин ерітіндісін енгізгеннен кейін басылды. Түскен кезде: науқас тежелген, терісі бозғылт, ылғалды, еріні көгерген, т.а.ж. 24 рет 1 минутына, өкпесінде қатқыл тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары тұйық, пульсі 115 рет 1 минутына, толықтылығы әлсіз. АҚҚ 95/75мм с.б. бойынша. Бауыры сипағанда анықталмайды. Ісіктер жоқ. ЭКГ-де: I, AVL, V5-6 тіркемелерінде ST жоғарыланған, III, V1-2 тіркемелерінде ST төмендеген. Сіздің болжам диагнозыңыз?

A. өкпе артерияларының тромбоэмболиясы

B. артқы диафрагмальды миокард инфарктісі

C. алдыңғы жайылмалы миокард инфарктісі

D. алдыңғы перде аралық миокард инфарктісі

+E. алдыңғы бүйір қабырға миокард инфарктісі.

22. Жедел миокард инфартісіндегі Дресслер синдромы дегеніміз не:

A. қарынша аралық перденің жыртылуы

B. жүрекше аралық перденің жыртылуы

C. емізікше бұлшық еттің үзілуі

+D. аутоаллергиялық реакция

E. жедел сол қарыншалық жетіспеушілік

23. ЭКГ де ірі ошақты миокард инфарктісіне тән белгіні көрсетіңіз?

A. ST горизантальды депрессиясы

B. доғасы жоғары ST депрессиясы және симетриялы емес Т тісшесі

C. ST жоғары көтерілуі

D. QS тісшесі

+E. Q терең тісшелері

24. Жүрек жетіспеушілігінің негізгі белгісі болып табылады:

A. артериальды қанның оттегімен қанығуының төмендеуі

+B. қарыншаларда ақырғы диастолалық қысымның жоғарлауы

C. жүректің минуттық көлемінің ұлғаюы

D. жүректің минуттық көлемінің азаюы

E. жүректің соғу көлемінің азаюы

25. Қандай белгі тек гипертония ауруының II-ші сатысында кездеседі?

A. гипертониялық криз

B. жүрек қуыстарының кеңеюі

C. жоғары АҚҚ тұрақтануы

+D. сол қарыншаның гипертрофиясы

E. стенокардия ұстамасының пайда болуы

26. 66 жастағы науқаста гипертониялық криз салдарынан өкпе шемені пайда болады. АҚҚ 220/120 мм. с.б. бойынша. Бұл жағдайда қандай препарат қолдану керек?

A. капотен

B. анаприлин

C. дигоксин

D. дилтиазем

+E. лазикс

27. Ангиотензин алмастырушы фермент тежегіштерін тағайындауға болмайтын көрсеткішті атаңыз?

A. жүрек жетіспеушілігі

B. сол жақ қарынша гипертрофиясы

C. миокард инфарктісінен кейінгі жағдай

D. қант диабеті

+E. бүйрек артериясының екі жақты тарылуы

28. Кіші қан айналым шеңберіндегі қысымды төмендету үшін төмендегі препараттардың қайсысы қолданылмайды?

A. нитроглицерин

+B. пенталгин

C. дигоксин

D. лазикс

E. эуфиллин

29. Аталған белгілердің қайсысы жүрек жетіспеушілігіне тән емес?

A. жүрек көлемінің үлкеюі

B. шоқырақ ырғағы

+C. бөдене ырғағы

D. кардиальды астма (тұншықпа)

E. жүрек жиырылуының төмендеуі

30. Төменде аталған патологиялардың қайсысы гипертония ауруынан науқастардың өлім себебі болуы мүмкін емес?

A. инсульт

+B. ішек инфарктісі

C. бүйрек жетіспеушілігі

D. миокард инфарктісі

E. қан айналым іркілісі

31. Науқас 5 жылдан бері стенокардиямен ауырды. Ауырғандық аз ғана күш түскенде 100 метрге дейін жүргенде және тыныш күйде пайда болады. Осы науқаста стенокардияның қандай клиникалық түрі екендігін көрсетіңіз?

A. тұрақты стенокардия I-ші ФК

B. тұрақты стенокардия II-ші ФК

C. тұрақты стенокардия III-ші ФК

+D. тұрақты стенокардия IV-ші ФК

E. үдемелі стенокардия

32. Аталғандардың біреуінен басқасы, синус түйіні автоматизм қызметі бұрылысы салдарынан туындайтын аритмияға жатады:

A. синустық тахикардия

B. синустық брадикардия

C. синус түйінінің әлсіздік синдромы

D. синустық аритмия

+E. экстрасистолия

33. ЖИА мен ауыратын науқастың ЭКГ-де барлық тіркемелерде Р тісшесінің жоқ екендігі, ретсіз Р толқыны, RR интервалының ұзақтығының әртүрлілігі, QRS комплексі өзгермегендігі анықталды. ЭКГ- дегі өзгерістер қандай ауруға тән?

+A. жүрекшелер жыбыры

B. жүрекшелер дірілі

C. қарыншалар жыбыры және дірілі

D. қарыншалық пароксизмальды тахикардия

E. жүрекшелік пароксизмальды тахикардия

34. Қандай белгі негізінде стенокардияның III ФК деп айтуға болады?

A. Гис будасының сол жақ аяқшаларының блокадасы

+B. тыныш күйде ауырғандық ұстамасының пайда болуы

C. велоэргометрияда ST сегментінің депрессиясы

D. ауырғандық ұзақтығы 30 минуттан жоғары

E. тегіс жермен 100-500метр қашықтыққа жаяу жүргенде ауырғандықтың пайда болуы.

35. Миокард инфарктісімен ауырғаннан кейін науқасқа ұзақ уақыт аспирин тағайындайды, себебі ол:

A. протромбиндік индексті төмендетеді

+B. тромбоцидтердің агрегациясын болдырмайды

C. пайда болған тромбтарды ерітеді

D. қан ұюының ішкі механизмін тежейді

E. қабынуға қарсы әсер етеді.

36. Аталғандардың біреуінен басқасы, атеросклероз дамуында негізгі қауіпті түрткі болып табылады:

1) жалпы холестерин деңгейінің жоғарлауы

2) АҚҚ жоғарлауы

3) гипергликемия және диабет

4) семіздік

5) холестерин, жоғары тығыздықты липопротеидтер деңгейінің жоғарлауы

Дұрыс жауабын таңдаңыз:

A. 1, 3

B. 2, 4

C. 1, 2, 3, 4, 5

D. 4, 5

+E. 5

37. Аталған лабораториялық көрсеткіштердің қайсысы ауру басталғаннан алғашқы 4 сағаттан кейін миокард инфарктісінің дамығынын көрсетпейді:

А. АСТ

В. КФК

С. ЛДГ

+D. сілтілі фосфатаза

Е. тропониндік тест

38. Сол жақ қарыншаның артқы қабырғасында орналасқан жедел трансмуральды миокард инфарктісіне тән өзгерістер ЭКГ-нің келесі тіркемелерінде жазылады:

А. I, II стандарттық тіркеме, аYL

+B. II, III стандарттық тіркеме аVF

С. I стандарттық тіркеме, V5-V6

D. aVL, V1-V4

E. тек қана aVL

39. Аталғандардың біреуінен басқасы, миокард инфарктісінің алғашқы 2 аптада пайда болатын асқынуларына жатады:

1) перикардит

2) кардиогенді шок

3) дресслер синдромы

4) аритмиялар

5) асқазаннан қан кету

Дұрыс жауабын таңдаңыз:

A. 1, 3

B. 2, 4

C. 3

+D. 4, 5

E. 1, 2, 3, 4, 5

40. Төмендегі аталғандардың қайсысы «резорбционды-некротикалық» синдромының түсінігіне кірмейді:

1) дене қызуының көтерілуі

2) перикард үйкелісінің шуы

3) қан формуласындағы нейтрофильді ығысу

4) ЭТЖ жоғарылауы

5) қанда С-реактивті белоктың пайда болуы

Дұрыс жауабын таңдаңыз:

A. 1, 2, 3

B. 2, 3, 4

C. 3, 4, 5

+D. 2

E. 1, 2, 3, 4, 5

41. 60 жастағы науқаста гипертониялық криз салдарынан өкпе шешені пайда болды. АҚҚ 220/120 мм сб. б/ша. Бұл жағдайда қандай препарат қолдану керек?

А. капотен

В. анаприллин

С. дигоксин

D. дилтиазем

+Е. лазикс

42. Қандай белгі 35 жастағы науқастың гипертония ауруы І дәрежесі диагнозына сәйкес келмейді?

А. көз түбінде өзгерістің болмауы

В. шумақтың фильтрация 90 мл/мин

+С. сол жақ қарынша гипертрофия белгілері

D. АҚҚ тез қалыптасуы

Е. креатинин денгейі 85 мкмоль/л

43. Аталғандардың біреуінен басқасы, миокард инфарктісінің жедел кезеңін дәрімен емдеуде негізгі бағыт болып табылады:

А. ауырғандықты басу

В. ерте тромболизис (миокард инфарктісі басталғаннан кейін 6 сағатқа дейін)

С. антикоагулянттар және аспирин

D. миокардқа келетін күшті азайту

+Е. миокард инфартісі басталғаннан кейін 6-12 сағаттан соң тромболитиктерді қолдану

44. Науқаста кенеттен жүректің шалыс соғуы ұстамасы (160 рет мин) байқалды. Ұстаманы дәрігер коротид синусына массаж жасап басты. Жүректің шалыс соғу ұстамасы немен байланысты:

А. синустық тахикардия

В. пароксизмальды жыбыр аритмиясы

С. пароксизмальды жүрекшелер дірілі

+. пароксизмальды қарынша үстілік тахикардия

Е. пароксизмальды қарыншалық тахикардия

45. Төменде аталған тұжырымдардың қайсысы қарынша үстілік тахикардияның пароксизмальды түріне сәйкес емес:

А. жүректің функциональдық немесе органикалық зақындануларында байқалуы мүмкін

+В. лидокинді қолдану керек

С. оң мәнді рефлекторлық сынама

D. электрокардиограммада қарыншалық комплекс өзгермеген.

Е. финоптинді қолдану керек

46. Аталғандардың біреуінен басқасын, АГ-ның қауіп тобымен болжамын анықтауда бөледі:

А. төмен қауіп

В. орташа қауіп

С. жоғары қауіп

D. өте жоғары қауіп

+Е. максимальды қауіп

47. Тамырлар атеросклерозы диагностикасының ең сенімді тексеру әдісін көрсетіңіз:

А. рентгендік зерттеу

В. эхокардиография

С. плетизмография

+D. ангиография

Е. электрокардиография

48. Спонтанды стенокардияға тән емес белгі:

A. ЭКГ-де жылдам қалпына келетін ST сегментінің жоғарылауы

B. коронороангиографияда 10 % жағдайда тәж артериялары мардымсыз өзгерген немесе өзгермеген

C. көбіне ұстама түнде байқалады

D. нитроглицерин ұстаманы басады

+E. физикалық жүктемеге төзімділіктің төмендеуі

49. Тұрақты күш түсу стенокардиясымен ауратын науқастың ЭКГ-да өзгеріс қандай жағдайда кездеседі?

А. өзгеріс болмайды

+В. ангинозды ұстама кезінде

С. тыныштық кезде

D. АҚҚ өскен кезде

Е. жүрек жетіспеушілігі пайда болғанда

50. І ФК-ты тұрақты стенокардия сипаттамасын беріңіз:

А. ұстама үйреншікті жүктемеден кейін пайда болады

+В. ұстама интенсивті жүктемеден кейін пайда болады

С. ұстама тыныштық күйде пайда болады

D. ұстама тегіс жермен 100 метрдей қашықтық жүргеннен кейін пайда болады

Е. ұстама баспалдақпен бір қабаттан жоғары көтерілгеннен кейін пайда болады

51. Аталғандардың біреуінен басқасы, синус түйіні автоматизм қызметі бұрылысы салдарынан туындайтын аритмияға жатады:

A. синустық тахикардия

B. синустық брадикардия

C. синус түйінінің әлсіздік синдромы

D. синустық аритмия

+E. экстрасистолия

52. Инфекциялық миокардиттің ең жиі этиологиялық түрткісі болып табылады:

1) Вирустар

2) Бактериялар

3) Паразиттер

4) Саңырауқұлақтар

5) Микоплазмалар

A. 1, 3

B. 2, 4

C. 1

+D. 1, 2, 3, 4

E. 2, 3, 4, 5

53. Аталған белгілердің қайсысы жүрек жетіспеушілігіне тән емес?

A. жүрек көлемінің үлкеюі

B. шоқырақ ырғағы

+C. бөдене ырғағы

D. кардиальды астма (тұншықпа)

E. жүрек жиырылуының төмендеуі

54. Жедел миокард инфарктісіне тән белгі:

А. беттің айқын гиперемиясы

+В. тері жамылғысының бозаруы, салқын жабысқақ тер бөлуі

С. жайылмалы цианоз

D. тері жамылғысының құрғақтығы

Е. геморрагиялық бөртпелер болуы

55. Жыбыр аритмиясы аталған аурулардың қайсысының асқынуы болып табылмайды:

А. жүректің ишемиялық ауруы

В. тиреотоксикоз

С. митральды стеноз

+D. нейроциркуляторлы дистония

Е. дилатациялық кардиомиопатия

56. Артериальдық гипертензия – бұл себебі белгісіз ауру, аталғандардың біреуінен басқасы, ауру патогенезінде маңызды орын алады:

A. плазма көлемінің жоғарылауы мен натрийдің жинақталуы

B. симпатоадренал жүйесінің жүрек пен тамырға әсерінің күшеюі

+C. миокардтың қабыну аурулары

D. ренин және ангиотензин-2 белсенділігінің артуы

E. кальций мен натрийді трансмембрандық тасымылдаудың іштен туа пайда болған ақауы

57. Миокардтағы некроздық өзгерістерді анықтауда ең информативті әдіс болып табылады:

А. шеткі қандағы лейкоциттер санын және С-реактивті белокты анықтау

В. қандағы ЛДГ деңгейін анықтау

С. қандағы КФК деңгейін анықтау

D. қандағы трансаминазалар деңгейін анықтау

+Е. қандағы КФК-ның МВ фракциялары деңгейін анықтау

58. Жүрек жетіспеушілігінің дамуына соңғы 10 жылдықта жиі қандай ауру себепші:

A. жүрек ишемия ауруы

B. әртүрлі себепті миокардиттер

C. идиопатиялық КМП

D. туа біткен жүрек ақаулары

E. гипертониялық ауру

59. Стенокардия ұстамасын басу үшін қандай дәрі қолданылады?

А. морфин

В. анальгин

С. промедол

D. корнифар

+Е. нитроглицерин

60. Нью – Йорк жіктелісі бойынша жүрек жетіспеушілігі бөлінеді:

А. 5 функциональдық классқа

В. 3 сатыға

С. 3 функциональдық классқа

+D. 4 функциональдық классқа

Е. 4 сатыға

61. Стражеско – Василенко жіктелісі бойынша жүрек жетіспеушілігін келесі сатыларға бөлінеді:

+А. I, II A, II Б, III

B. I A, II A, III A

C. I A, II A, III Б

D. I, II, III

E. I, II, III A, III Б

62. Артериальды гипертензияға тән субьективті белгіні атаңыз?

А. бастың бір жақ бөлігінің ұстама түрде ауруы

В. бастың қысқа уақытта ұстама түрде ауруы

С. бас ауруының күш түсумен байланысты болуы

+D. ауырғандықтың шүйде аймағында орналасуы

Е. бастың бір бөлігінің тұрақты түрде ауруы

63. Нейроциркуляторлық дистониядағы жүрек аймағындағы ауырғандық келесі ерекшеліктерімен сипатталады:

+А. жүріп келе жатырғанда тоқтағанды қажет етпейді

В. психоэмонациональдық күйзелістен кейін пайда болады

С. жүргенде күшейеді

D. нитроглицеринге басылады

Е. терең тыныс алғанда басылады

64. Бета – адреноблокаторларды қолдану қандай кезде тиімді?

А. егде жастағы науқастарға

В. семіздігі бар науқастарға

С. қант диабеті бар науқастарға

+D. стенокардиямен біріккен АГ

Е. көп физикалық жұмыс атқарғанда

65. ДДҰ мен ХГҚ – ның (1999) эксперттерінің кеңесі бойынша систолалық артериальды гипертензияның қалыпты жоғарғы деңгейі неге тең?

А. сынап бағанасы бойынша 115 мм

В. сынап бағанасы бойынша 120 мм

+С. сынап бағанасы бойынша 130 мм

D. сынап бағанасы бойынша 140 мм

Е. сынап бағанасы бойынша 150 мм

66. Стенокардияның ең жиі себебін атаңыз?

А. тромбоз

В. коронарит

С. капиллярлардың тромбозы

+D. тәж артерияларының атеросклерозы

Е. артериит

67. Ангинозды ауырғандықтың сипаты қандай?

А. ауырғандық тыныс алумен байланысты болады

В. жөтелген кезде ауырғандық күшейеді

+С. ауырғандық төс маңында орналасады

D. ауырғандық тамақ қабылдағанмен байланысты

Е. ауырғандық жүрек тұсында орналасады

68. Нитроглицериннің ең жиі байқалатын жағымсыз әсері қандай?

А. қарыншалық экстрасистолия

В. құсу

С. артериальды гипертензия

+D. бас ауру

Е. несеп шығарудың қиындауы

69. Стенокардия ұстамасының миокард инфарктасынан ерекшелігі:

А. ST сегментінің изо сызықтан көтерілуі еш уақытта болмайды

В. Аритмиялар тән емес

+С. ЭКГ өзгерісі қайтымды болады

D. Артериальды гипертензия байқалмайды

Е. P-Q арақашықтығының ұзаруы болмайды

70. Төменде аталған шағымдардың біреуінен басқасы, кіші қанайналым шеңбері бойынша жүрек шамасыздығының декомпенсация кезінде кездеседі:

А. демікпе

В. жүректің қатты соғуы

С. тұншығу

D. қан түкіру

+Е. ісіктер

71. Пароксизмальды қарыншалық тахикардияда ЭКГ-де қандай белгі болмайды:

+A. қарыншалық комплекс алдында оң мәнді Р тісшесі

B. қарыншалық комплекс алдында Р тісшесі болмайды

C. QRS комплексі 0,12 сек жоғары кеңіген

D. ырғақ жиілігі минутына 140 жоғары

E. ST сегментінің депрессиясы

72. ЖИА, күш түсу стенокардиясы 4-ші ФК мен науқаста жүрек соғу ұстамасы пайда болды. ЭКГ: R-R – 0.4; QRS-0.14. Бұл науқаста қандай ырғақ бұзылысы болуы мүмкін:

A. суправентрикулярлық пароксизмальды тахикардия

B. синусты тахикардия

+C. қарыншалық пароксизмальды тахикардия

D. дұрыс пішінді жүрекшелер жыбыры

E. қарынша үстілік экстрасистолия

73. Велоэргометриялық сынаманың оң мәнді өзгерісі қандай белгімен анықталады:

+A. ST ығысу шамасымен

B. ST ығысу түрімен

C. а және і көрсетілген белгілердің уақытша пайда болуымен

D. артериальды гипотензия белгілері пайда болуымен

E. барлық аталғандармен

74. I типті гипертониялық криз кезінде қандай уақыт аралығында көмек көрсеткен дұрыс:

A. 30 мин аралығында

+B. 1 сағат аралығында

C. 2 сағат аралығында

D. 1,5 сағат аралығында

E. 2,5 сағат аралығында

75. II типті гипертониялық криз кезінде қандай уақыт аралығында көмек көрсеткен дұрыс:

A. 1 сағат аралығында

B. 6 сағат

+C. 12-24 сағат

D. 24-48 сағат

E. 6-12 сағат

76. Аталған стенокардиялардың қай түрі тұрақсыз стенокардия қатарына жатпайды:

A. алғаш рет анықталған күш түсу стенокардиясы

+B. күш түсу стенокардиясы III-ші ФК

C. үдемелі стенокардия

D. принцметал стенокардиясы

E. инфарктан кейінгі ерте пайда болған стенокардия

77. Гипертониялық криз диогнозын қою үшін аталған белгілердің қайсысы негізгі болып табылады?

A. несеп синдромы

B. азотемия

+C. церебральды симптомдар

D. кардиалгия

E. көз түбі тамырларының өзгерістері.

78. ЖИА анықтауында қолданылатын ең ақпаратты әдіс:

A. тыныштық жағдайда түсірілген ЭКГ

B. велоэргометрия

C. ЭКГ дәрі-дәрмекпен жүктемелік тесттер

+D. селективті коронарография

E. ЭХО КС

79. Атеросклероз кезінде липид алмасуын қалпына келтіру үшін қолданатын гиполипидемиялық препараттардың ең тиімдісі:

A. никотин қышқылы және олардың туындысы

B. өт қышқылының секвестранттары

+C. статиндер

D. фибраттар

E. витаминдер

80. Қанда тропонин I деңгейінің жоғарылауы байқалады:

+A. жедел миокард инфарктісінде

B. жедел пневмонияда

C. жедел холециститте

D. созылмалы бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі

E. жедел лейкозда

81. Қарыншалардың рефрактерлік фибрилляциясы кезінде дефибрилляцияның әсерін жоғарылату үшін енгізу қажет:

+A. адреналин

B. β- блокаторлар

C. лидокаин

D. кальций хлоры

E. глюкокортикостероидтар

82. Миокардтың оттегіне деген қажеттілігін жоғарылату арқылы, миокард ишемиясын туғызатын жүктемелік сынамаларға жатпайды:

A. ВЭМ

B. тредмил-тест

C. өңешарқылы электростимуляция

+D. курантил, аденозинмен сынама

E. добутаминдік сынама

83. Жас адамдардағы гипертония ауруына гемодинамикалық бұзылыстардың қандай типі тән:

A. оклюзиондық

B. органдық

C. эукинетикалық

D. гипокинетикалық

E. гиперкинетикалық

84. Жедел миокард инфарктісі болған науқастың кеуде қуысында ауырғандық, қалтырау, перикард үйкеліс шуы, ЭТЖ жоғарылауы пайда болды. Бірақ, ЭКГ-да өзгерістер жоқ. Сіздің диагнозыңыз:

A. миокард зақымдану ошағының жайылуы

B. идиопатиялық перикардит

+C. инфарктан кейінгі синдром (Дресслер синдромы)

D. миокард жыртылуы

E. жүрек хордаларының жыртылуы

85. Жедел миокард инфарктісі кезінде қан сарысуында басқаларына қарағанда активтілік деңгейі ерте жоғарылайды:

A. аспарагин трасаминазасы (АСТ)

B. креатинфосфакиназа (КФК)

C. лактатдегидрогеназа (ЛДГ)

D. аланин трансаминаза (АЛТ)

+E. миоглобин

86. Атеросклероз және жүрек ишемия ауруының дамуына түрткі болады:

A. тиреотоксикоз

+B. қант диабеті

C. ревматоидтты артрит

D. өкпелік жүрек

E. бауыр циррозы

87. Жедел миокард инфарктісінің ең жиі асқынуы:

A. миокард жыртылуы

B. ми эмболиясы

+C. ритм бұзылысы

D. Дресслер синдромы

E. шок

88. Барлық аталған ырғақ бұзылыстары қарыншалық фибрилляция дамуымен қауіпті, біреуінен басқасы:

+A. пароксизмальді қарынша үстілік тахикардия

B. қарыншалық тахикардия

C. жиі қарыншалық экстрасистолия (1 мин 10 экстрасистоладан артық)

D. политопты қарыншалық экстрасистолалар

E. R T типті қарыншалық экстрасистола

89. «Алғаш пайда болған күш түсу стенокардиясы» түсінігі қандай критерийге жауап береді?

A. ауырғандықтың пайда болу ұзақтығы – 6 ай

B. ауырғандықтың пайда болу ұзақтығы – 4 ай

+C. ауырғандықтың пайда болу ұзақтығы – 1 ай

D. ауырғандықтың пайда болу ұзақтығы – 2-3 ай

E. аталғандардың барлығы дұрыс емес

90. Үш коронарлық артериясы зақымдалған ишемиялық жүрек ауруымен науқасқа көрсеткіш болып табылады:

+A. аортокоронарлық шунттау

B. аблация

C. ЭКС имплантациясы

D. коронарлық артериялардың транслюминальдық ангиопластикасы

E. барлық аталғандар

91. Аталған жағдайлардың біреуінен басқасы, жүректің ишемия ауруының көрнісі болып табылады:

A. күш түсу стенокардиясы

B. ауырғандық белгісі жоқ ЭКГ-да өтпелі ST сегментінің депрессиясы

C. вариантты стенокардия

D. миокард инфарктісі

+E. шеткі артериялардың эмболиясы

92. ДДҰ жіктемесі бойынша жүрек ишемия ауруларының түрлері:

A. кенеттен пайда болған өлім (қанайналымның біріншілік тоқтауы)

B. жүрек ритмінің бұзылысы

C. жүрек жеткіліксіздігі

D. барлық аталғандар

E. аталғандардың біреуі де емес

93. Күш түсу стенокардиясы мен науқастарда миокард инфарктісі дамуының қаупін анықтауда маңызы орын алады:

+A. физикалық жүктемеге төзімділіктің төмендеуі

B. науқастың жынысы

C. басынан кешірген миокард инфарктісінің саны

D. жасы

E. ауырғандық синдромының интенсивтілігі

94. 47 жасар ер адам екі ай бойы 500метр орташа жылдамдықпен жүрген кезде, баспалдақпен 3-ші қабаттқа көтерілгенде пайда болатын кеуде артындағы қысып ауырғандыққа шағымданды. Кейде ауырғандық тыныш күйде пайда болады. Осы жағдайдағы стенокардияны қалай жіктеуге болады:


Дата добавления: 2014-12-12 | Просмотры: 1517 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.052 сек.)