A. дисфагия 7 страница
A. 4 дәреже (ауыр персистерленген тыныс тұншықпасы)
B. 5 дәреже (астматикалық статус)
C. 3 дәреже (орташа ауыр дәрежелі персистирленген тыныс тұншықпасы)
D. 2 дәреже (жеңіл персистирленген тыныс тұншықпасы)
+. 1 дәреже (интермиттирлеуші тыныс тұншықпасы)
89. 38 жастағы науқас жөтелге, соңғы 2 жыл ішінде кілегейлі-іріңді қақырыққа шағымданды. 15 жылдан бері темекі тартады. Соңғы 3 ай 3 –ші қабатқа көтерілген кезде және жүгірген уақытта экспираторлы ентігу пайда болған. Тыңдағанда: қатқыл тыныс, құрғақ сырылдар. Тиффно индексі - 55%. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:
A. оқшауланған плеврит
B. жедел бронхопневмония
+. созылмалы обструктивті бронхит
D. өкпе саркоидозы
E. тыныс тұншықпасы
90. 36 жастағы науқас ұстама тәрізді, аз бөлінетін қақырықты жөтелге шағымданады. Жөтел ұстамасы түнде, таңертең, күндіз салқын және ылғалды ауаға шыққанды пайда болады. Науқас бір ай жарымнан бері ауырады. Пневмониямен ауырған, бірнеше рет антибиотикпен ем қабылдаған, содан кейін аз бөлінетін қақырықты жөтел сақталған. Қақырық түсіретін, жөтелге қарсы дәрілер қолданған, нәтиже бермеген. Темекі шекпейді, бала кезінен атопиялық дерматитпен ауырған. Қарағанда: өкпеде қатқыл тыныс, екі жағында ысқырықты құрғақ сырылдар естіледі. Рентгенологиялық зерттеуде жаңа ошақтар мен инфильтративті өзгерістер жоқ. Қан анализінде эозинофилия (8%), қақырық анализінде эозинофильдердің жинақталуы, бактериалды флора аз мөлшерде (грамм оң кокктармен). Сіздің болжам диагнозыңыз:
A. пневмонияның созылмалы ағымы
B. созылмалы обструктивті бронхит
+. тыныс тұншықпасы
D. өкпе туберкулезі
E. муковисцидоз
91. 72 жастағы ауыр бөліктік пневмониямен ауыратын науқаста, өте жоғары дене қызуының кенеттен төмендеуінен айқын әлсіздік, бас айналу, құлағы шуылдап, жүрек айну, лоқсу пайда болды. Объективті: науқас бозғылт, айқын акроцианоз, суық жабысқақ тер, тахикардия, жіп тәрізді пульс, жүрек тондары тұйықталған, АҚҚ төмен. Науқас жағдайының кенет нашарлауының себебі болуы мүмкін:
A. сепсис
B. кардиогенді шок
C. өкпе артериясының тромбоэмболиясы
+. инфекциялық-токсикалық шок
E. жедел респираторлы дистресс-синдромы
92. 35 жастағы науқаста сирек экспираторлық тұншығу ұстамалары байқалады. Ұстаманы басу үшін кейде сальбутамол ингаляциясын қолданады. Ұстама кезінде өкпеде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Ұстама арасындағы кезеңде ТФК1 (ОФВ1) зерттеу тиістіден 80-85%. Келтірілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
A. тыныс тұншықпасы, жеңіл ағымы
B. тыныс тұншықпасы, орташа ауырлық ағымы
+. тыныс тұншықпасы, интермиттирлеуші
D. созылмалы обструктивті бронхит, жеңіл ағымы
E. созылмалы обструктивті бронхит, орташа ауырлықты
93. 30 жастағы науқас салқын тигеннен кейін жедел ауырған. Шағымдары: дене қызуының көтерілуі 39°С-қа дейін, «тотық» түсті қақырықты жөтел, оң жақ кеуде клеткасының ауырғандығы, бас ауруы. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Еріндерінде Herpes labialis. Кеуде клеткасының оң жақ бөлігі тыныс алуда қалыңқы. Перкуторлы оң жақ жауырын бұрышынан төмен өкпе дыбысы тұнықталған. Тыңдағанда осы жерде везикула тынысы әлсіреген, крепитация естіледі. ТАЖ – 22 рет минутына. Жүрек тондары анық, ырғақты ЖЖЖ – 90 рет минутына. АҚҚ – 90/60 мм с.б.б-ша. Тексергенде: ЖҚА – лейкоцитоз; ЭТЖ – 25 мм/сағ; кеуде клеткасы рентгенографиясында – оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің галогенді қараюы: Сіздің диагнозыңыз:
A. жедел бронхит
B. созылмалы бронхит
+. крупозды бронхит
D. ошақты пневмония
E. өкпе абсцессі
94. 40 жастағы Бехтерев ауруымен ауыратын науқаста, бірнеше жыл бұрын ентікпе пайда болды. Қарағанда: кеуде клеткасының деформациясы мен оның тыныс экскурциясының азайғандығы байқалды. Перкуторлы қорап дыбыс, тыңдағанда: әлсіреген тыныс, ТАЖ-20рет минутына. Жүрек тондары тұнықталған, сол жақ екінші қабырға аралықта екінші тонның акценті естіледі. Жүректің жиырылу жиілігі 80 рет/мин. АҚҚ – 130/80 мм с.б.б.. Іші жұмсақ аурысыну белгілері жоқ. Бауыр және талақ үлкеймеген. Ісіктер жоқ. Қандай аспаптық әдіс науқаста негізгі аурудың асқынуы - өкпе текті жүрек бар екендігін дәлеледейді:
A. бронхоскопия
+. электрокардиография, рентгенография
C. ФВД зерттеу
D. жалпы қан анализі
E. жалпы қақырық анализі
95. 58 жастағы науқас, кілегейлі іріңді қақырықты жөтелге шағымданады. Аурудың кезекті өршуі барысында беротекпен эуфиллинге басылмайтын ентікпенің күшеюін және жүрек аймағында ұзақ қысып ауырғандықпен оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімді байқаған. Қарағанда: айқын емес жайылмалы цианоз, мойын веналарының ісінуі, аяқ басы және балтыр ісінуі, тынысты ішке алғанда күшейетін эпигастрий аймағындағы пульсация. Сол жақ 2 қабырға аралықта 2 тонның акценті. Бауыр қабырға доғасынан 3 см-ге шығыңқы. Науқас жағдайының нашарлау себебін көрсетіңіз:
+. декомпенсацияланған өкпе текті жүрек
B. созылмалы жүрек жетіспеушілігі
C. созылмалы тыныс жетіспеушілігі
D. бүйрек жетіспеушілігі
E. бауыр жетіспеушілігі
96. Тыныс тұншықпасымен ауыратын науқастарда кілегей қабаттың және бронх қабырғасының инфильтрациясы пайда болуы:
1) эозинофилдермен
2) нейтрофилдермен
3) Т-лимфоциттермен
4) мес клеткалармен
Дұрыс жауабын таңдаңыз:
A. 1, 2, 3
B. 1, 3
C. 2, 4
D. 4
+. 1, 2, 3, 4
97. Ауруханадан тыс пневмонияны емдеуде тиімді болып табылады:
1) пенициллиндер
2) цефалоспориндердің бірінші-екінші ұрпақғы
3) макролидтер
4) аминогликозидтер
Дұрыс жауабын таңдаңыз:
+. 1, 2, 3
B. 1, 3
C. 2, 4
D. 4
E. 1, 2, 3,4
98. Астматикалық күйдің негізгі емдеу принциптері болып табылады:
1) кортикостероидтарды парентериальды енгізу
2) бронхкеңейткіш препараттарын парентеральды енгізу
3) оттегі ингаляциясы
4) ингаляциялық кортикостероидтарды жоғары мөлшерде қолдану
Дұрыс жауабын таңдаңыз:
+. 1, 2, 3
B. 1, 3
C. 1,4
D. 4
E. 1, 2, 3, 4
99. Созылмалы бронхит асқынуының клиникалық белгілері:
1) дімкәстік
2) тершеңдік
3) жөтелдің күшеюі
4) қақырық мөлшерінің ұлғаюы
5) дене температурасының көтерілуі
6) жүрек аумағындағы ауырсыну
Дұрыс жауабын таңдаңыз:
A. 1, 2
B. 2, 3, 4
C. 1, 3
D. 2, 3, 6
+. 1, 2, 3, 4, 5
100. Созылмалы обструктивті бронхиттің маңызды белгісі болып табылады:
1) асқыну кезіндегі күшейетін ентікпе
2) жөтел және қақырықтың бөлінуі
3) қиын бөлінетін қақырықты жөтел
4) тездетіп немесе қалыпты тыныстағанда тыныс шығару фазасының ұзаруы
5) дем шығарғандағы жоғары тембрлі құрғақ сырылдар
6) аяқ-қолда ісіктердің пайда болуы
Дұрыс жауабын таңдаңыз:
A. 1, 2
+. 1, 2, 3, 4, 5
C. 1, 2, 3
D. 5, 6
E. 4, 5, 6
101. Қақырықтың сипатына және обструкциялық синдромның бар не жоқтығына байланысты созылмалы бронхит қалай бөлінеді:
1) созылмалы жай бронхит (обструктивті емес)
2) созылмалы іріңді бронхит (оструктивті емес)
3) созылмалы обструктивті бронхит
4) созылмалы іріңді-обструктивті бронхит
5) созылмалы геморрагиялық бронхит
Дұрыс жауабын таңдаңыз:
A. 1, 2
B. 2, 3
C. 2, 4
D. 4, 5
+. 1, 2, 3, 4
102. Созылмалы бронхитпен ауыратын науқастарда лабораторлық зерттеу кезінде қандай өзгерістер байқалады:
1) лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы
2) екіншілік эритроцитоз
3) Hb деңгейінің жоғарылауы, гематокриттің ұлғаюы
4) қалыпты эозинофилия
5) қақырықтағы лейкоциттер санының ұлғаюы
6) жоғары эозинофилия
Дұрыс жауабын таңдаңыз:
A. 1, 2
B. 2, 3
C. 3, 4
D. 4, 5
+. 1, 2, 3, 4, 5
103. Тыныс тұншықпасының іштен пайда болу себебіне не жатады:
1) бронх сезімталдылығының өзгерісі
2) иммунды жүйесінің бұзылу функциясы
3) эндокринді жүйенің бұзылу функциясы
4) аллергендер
5) жұқпалы аурулар
Дұрыс жауабын таңдаңыз:
A. 1, 2
B. 2, 3
C. 3, 4
D. 4, 5
+. 1, 2, 3
104. Тыныс тұншықпасында тыныс жолдарындағы морфологиялық өзгерістер қандай болады:
1) бронх қабырғасындағы эозинофильдер, нейтрофильдер, мес клеткаларының инфильтрациясы
2) сілемей және сілемейасты қабатының ісігі
3) эпителия десквамациясы
4) базальды мембрананың қалыңдауы
5) базальды мембрананың жұқаруы
6) тегіс бұлшықет атрофиясы
Дұрыс жауабын таңдаңыз:
A. 1, 2
B. 2, 3
C. 3, 4
D. 4, 5
+. 1, 2, 3, 4
105. Тыныс тұншықпасының атопиялық вариантының диагностикалық белгілері қандай:
1) есекжем анамнезінде, Квинке ісігі
2) тұқымқуалаушылыққа бейімділік
3) аурудың асқынуы аллергендермен байланысты
4) аурудың асқынуы суық тию факторымен байланысты
5) эозинофилия
Дұрыс жауабын таңдаңыз:
A. 1, 2
B. 3, 4
C. 4, 5
D. 1, 4
+. 1, 2, 3, 5
106. Аспириндік тұншықпаға қалай диагноз қою керек:
1) аспиринді көтере алмаушылық
2) қайталана беретін полипозды риносинусит
3) тұншығу ұстамасы
4) сезонный поллиноз
5) тағамдық аллергия
Дұрыс жауабын таңдаңыз:
A. 1, 2
B. 2, 3
C. 3, 4
D. 4, 5
+. 1, 2, 3
107. Өкпе текті жүрек клиникалық көріністердің тез дамуына байланысты қалай бөлінеді:
1) жедел (минуттар, сағаттар)
2) жеделше (күндер, апталар)
3) созылмалы (айлар, жылдар)
4) қайталана беретін
Дұрыс жауабын таңдаңыз:
A. 1, 2
B. 2, 3
C. 3, 4
D. 2, 3, 4
+. 1, 2, 3
108. Созылмалы өкпелік жүрек патогенезінде келесі кезеңдерді ажыратады:
1) оң жақ қарыншалық гипертрофия
2) сол жақ қарыншалық гипертрофия
3) прекапиллярлы гипертрофия
4) оң жақ қарыншалық жүрек жетіспеушілігі
5) сол жақ қарыншалық жүрек жетіспеушілігі
Дұрыс жауабын таңдаңыз:
A. 1, 2
B. 2, 3
C. 3, 4
+. 1, 3, 4
E. 1, 5
109. Персистирленген тыныс тұншықпасының ұзақ емдеу негізін құрайды:
A. қысқа әсерлі ингаляциялық симпатомиметиктер
B. ұзақ әсерлі ингаляциялық симпатомиметиктер
+. ингаляциялық кортикостероидтар
D. пероральды кортикостероидтар
E. Н1- рецептор гистаминнің блокаторы
110. Обструкциялы емес бронхиттің өршу сатысындағы белгілері:
A. тыныс жетіспеушілігінің болуы
B. өкпелік жүрек симптомының пайда болуы
+. қақырық бөлінумен болатын жөтел
D. еңбекке қабілеттілігінің сақталуы
E. ауыр улану
111. Өкпе абсцессіндегі қақырық:
1) гомогенді
2) үш қабатты
3) екі қабатты
4) иіссіз
5) көпірікті
6) қан араласқан
Дұрыс жауабын таңдаңыз:
A. 1, 2
B. 2, 3
C. 3, 4
D. 5, 6
+. 2
112. Инфильтративті туберкулезбен пневмонияның дифференциальдық диагностикасындағы сенімді белгілерді көрсетіңіз:
А. аурудың жедел басталуы
В. өкпедегі катаральды көріністің болуы
+. қақырықта МТ табылуы
D. гиперэргиялық Манту сынамасы
Е. рентгенологиялық көрініс
113. Экссудативті плевритте кеуде клеткасын тесетін орны:
А. алдыңғы аксилярлы сызық бойынша 3 қарығааралық
В. жауырын сызығы бойынша 8-9 қабырғааралық
+. артқы аксилярлы және жауырын аралығы сызығы ортасы бойынша 8-9 қабырғааралық
D. орташа аксилярлы сызық бойынша 6 қабырғааралық
Е. алдыңғы аксилярлы сызық бойынша 5 қабырғааралық
114. Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы бронхтың гипербелсенділігін анықтауда қолданылады:
+. метахолин, гистамин және салқын ауамен ингаляциялық сынама
В. В2 симпатомиметиктермен ингаляциялық сынама
С. дем шығарған ауадағы азот тотығының концентрациясын анықтау
D. 133 Хе өкпедегі перфузды спитиграфия
Е. реопульмонография
115. Интермиттирленген тұншықпасы бар науқасқа қандай ем тағайындау керек:
А. ингаляциялық қысқа әсерлі β2 симпатомиметиктерді тұрақты қолдану
В. ингаляциялық кортикостероидтарды орташа мөлшерде тұрақты қолдану (бекламетазон 400-600 мкг/күн)
С. динатрия кромогликатын тұрақты қолдану (интал)
D. теофиллин препаратын ішке тұрақты қабылдау
+. қысқа әсерлі β2 симпатомиметиктерді қажеттілік бойынша, тұрақты медикаментозды терапия қажет етілмейді
116. Төменде көрсетілген аускультативті белгілердің қайсысы созылмалы бронхите ірі және орташа бронхтардың зақымдануына сәйкес келеді.
A. дем шығарғанда ысқырық сырылдар
B. дем алғандағы құрғақ сырылдар
+. дем алғанда және дем шығарғандағы құрғақ ызылдаған сырылдар
D. кеуде клеткасының алдыңғы бетінде емтілетін ұсақ көпіршікті дауысты сырылдар
E. базальды проекция бөлігінің үстіндегі дауыссыз ұсақкөпіршікті сырылдар
117. Аталғанщдардың біреуінен басқасы созылмалы бронхит диагностикасының маңызды критериі болып табылады:
А. 2 жыл қатарынан 1 жылда 3 айдан кем емес қақырықты жөтел
В. күшейген везикулярлы (қатты) тыныс
С. құрғақ басты және дискантты сырылдар
D. ылғалды ұсақ- және ірікөпіршікті сырылдар
+. бронх өкпе жүйесінің және жоғары тыныс алу жолдарының басқа ауруларын жоққа шығару
118. Созылмалы өкпе текті жүректің декомпенсация сатысының негізгі клиника-диагностикалық симптомы болып табылады:
А. ентігу
В. жүрек соғуы
С. оң жақ қабырға астындағы ауырғандық
+. «жылы ісік» аяқ-қолдың төменгі жағы
Е. цианоз
119. Спонтанды пневмоторакста ауаны аспирациялау үшін ине енгізетін орын:
А. парастернальды сызық бойынша 4 қабырғааралық
В. ортаңғы аксилярлы сызық бойынша 4 қабырғааралық
С. паравертебральды сызық бойынша 2 қабырғааралық
+. ортаңғы аксилярлы сызық бойынша 2 қабырғааралық
Е. артқы аксилярлы сызық бойынша 6 қабырғааралық
120. Патологиялық бронх тынысы қашан кездеседі:
A. бронх өткізгіштігі синдромы бұзылған кезде
+. өкпе тінінің тығыздалу синдромы кезінде
C. өкпе тінінің жоғары ауа толу синдромы кезінде
D. плевральды жазықтықта сұйық жиналу синдромы кезінде (сұйықтық жиналған аумақта)
E. плевра қуысына газ жиналу синдромы кезінде
121. Тыныс алу орталығы СО2 –ге төмен сезімтал болады.:
A. қандағы азот мөлшерінің төмендеуі
B. қандағы оттегі мөлшерінің жоғарылауы
C. дем алғандағы ауа ылғалдылығының төмендеуі
D. қандағы азот мөлшерінің жоғарылауы
+. қандағы оттегі мөлшерінің төмендеуі
122. Абсцесс қуысындағы горизонтальды сұйық деңгейі байланысты:
A. қуыс қабырғасының тыртықты өзгерісі
B. қуыс аймағындағы фиброзға
C. қосалқы пневмонияға
+. дренаж бронхтың өткізгіштік бұзылысына
E. аурудың ерекше ағымы
123. Маскүнемдердегі жедел пневмонияны емдеу үшін, қандай препараттарды тағайындауға болмайды:
A. антиагреганттар
B. кальция антагонисті
+. сульфаниламидтар
D. фибринолиз ингибиторы
E. нитрофурандар
124. Өкпе абсцесінде бронхтардың толық емес босауына тән рентгенологиялық белгілерді атаңыз:
А. шеңбер түрлі гомогенді саңылау
+. горизонтальды деңгеймен гомогенді емес қараю
С. шеңбер түрлі гомогенді қараю
D. горизонтальды емес деңгейдегі гомогенді емес саңылау
Е. шеңбер түріндегі гомогенді емес қараю
125. Парадоксальды тыныс жиі байқалады:
+. пневмоторакста
В. ателектазда
С. пневмонияда
D. ларингоспазмада
Е. басқарылатын вентиляция
(тірек қимыл бойынша)
1. Ревматоидтық артрит диагнозын тән белгілер жиынтығын таңдаңыз:
Дата добавления: 2014-12-12 | Просмотры: 902 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
|