Инфильтрациялы анестезия
Инфильтрациялы анестезия тіс жұлғанда, альвеола өсіндісіндегі шағын операцияларды, кілегей қабықты тілгенде, шағын қатерсіз өскіндерді алғанда, жараны алғаш хирургиялық емдеп-өңдеу кезінде қолданады.
Альвеола өсіндісінің бөлігін анестезиялауды плексуал инфильтрациялы анестезия дейді. Мұнда тіс өрімі жансызданады. Бұл тәсілдің мәнісі – дәріні өтпелі қыртысқа енгізгенде, оның борпылдақ шелге сініріп жақ сүйектің майда тесіктері арқылы кемікке жетіп, ондағы тіс өрімдеріне әсер етуіне негізделген. Үстіңгі жақта жиі, төменгі жақта сирек қолданылады. Оның себебі жақ сүйектердің құрылысындағы айырмашылыққа байланысты.
Үстіңгі жақтың сыртқы тұтас қабаты жұқа әрі көптеген майда тесіктері бар. Тек орта сызық пен бет альвеола тұсы ғана қатты болып келеді. Төменгі жақта, керісінше, иек тұсынан басқа жерінің бәрінде де сыртқы тұтас қабат болады. Осы ерекшеліктерді ескерсек, үстіңгі жақтың барлық тістерін, астыңғы жақтың алдыңғы тістерін инфильтрациялық анестезия арқылы жұлуға болады.
Жас балалардың тұтас қабатының нәзік болуы, олардың төменгі тістерінің бәріне инфильтрациялық анестезияны қолдануға мүмкіндік береді.
Жалпы ереже. Ине қатпардың кілегей қабығына 40-45 градус бұрышпен (жылжымайтын кілегей қабықтың жылжымалы бөлігіне жалғасқан жері) жұлынатын тіс түбірінің ұшына таман енгізіледі. Дәріні жібере отырып инені альвеола қырымен жылжытып, жұлынатын тістен арғы тістің тұсына дейін апарады. Иненің қиығы сүйекке қарауы шарт. Нәтижеде қатарынан үш тістің тұсына дәрі енгізіледі. Анестезия – 7-10 минуттан кейін болады. (3 сурет).
3- сурет. Инфильтрациялық жансыздандыру.
Анестезия аумағы: жұлынатын тіс тұсындағы альвеола өсіндісі мен кілегей қабықтың кіреберіс жағы. Жұлынбайтын тістердің де тұсы аздап жансызданады.
Қатты таңдайдың кілегей қабығын анестезиялау үшін қызыл иектің шетінен 1 см-дей жерге, тіс түбірінің ұшына шамалы екінші рет иненің айналасындағы тін бозарғанша дәрі енгізу керек.
Инфильтрациялық анестезияның А.В. Вишневскийдің жылжитын инфильтрат тәсілі. Бұл тәсіл хирургиялық стоматологияның жұмсақ тінге, әсіресе, пластикалық операцияларда сабақты қиық дайындағанда қолданылады. Жалпы ереже: 0,25-0,5% анестетик ерітіндісін тілінетін теріге лимон қабығы тәрізді сарғайғанша ендіреді. Келесі рет инені анестезияланған жерге кіргізіп, әрі қарай жылжыта береді. Теріасты тіні мен еттері де ұзын ине арқылы аталған тәсілмен қабат-қабат анестезияланады. Анестезия аумағы операция жасалатын жерден едәуір көбірек жерді қамтуы шарт.
Дата добавления: 2015-01-18 | Просмотры: 951 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 |
|