ЖІКТЕЛУІ 2 страница
4. Сыртқы қанатша ет - негізгі сүйектің үлкен қанатының самайасты беткейінен, негізгі сүйектің қанатша өсіндісінің сыртқы пластинкасынан және жоғарғы жақ төмпешігінен басталады. Ет төменгі жақтың буын өсіндісіндегі қанатша шұңқырына, буын қабына, жақ буынының ішіндегі шеміршекке бекиді. Ет екіжақты жиырылса төменгі жақ көлбеу жазықтықпен солға қарай жылжиды, ал біржақты жиырылса ол қарсы жаққа қарай ауытқиды.
Шайнау бұлшықеттерінің түсіргіш (алдыңғы) тобы: 1. Қосқарыншалы ет артқы қарыншасы самай сүйегінің емізіқ жырығынан басталып алға және төмен қарай жүре отырып тіласты сүйегінің денесіне сіңір арқылы бекиді. Алдыңғы қарыншасы сол сіңірден басталып төменгі жақ сүйегінің иегінің астында орналасқан қосқарынша шұңқырына бекиді. Қалыпты жағдайда бүл ет жиырылғанда тіласты сүйегі төменгі жақ сүйегін төменнен артқа қарай тартады, ал төменгі жақ сүйегі тіласты сүйегін алға тартады.
2. Жақ-тіласты еті төменгі жақ сүйегінің ішкі жағында орналасқан сызықшадан басталып орталық жікте (сызықта) екі жақтан қосылып орталық ақ сызық жасай отырып, артқы жағында төмен түсіп тіласты сүйегіне бекиді. Бүл етті ауыз қуысының диафрагмасы немесе мойынның жоғарғы шекарасы деп атайды.
3. Иек-тіласты еті (m. geniohyoideus) иек астынан басталып құрмау сүйегінің денесіне бекиді.
Қалыпты жағдайда тіласты сүйегі төменгі жақ сүйегін артқа, ал жақ сүйегі тіласты сүйегін алға қарай жылжытады.
4. Иек-тіл еті (т. һуоglossus)—тіласты сүйегінің денесі мен үлкен өсіндінің жоғарғы қырынан басталып, алға және жоғары көтеріліп тіл ішіне енеді. Ет тілді артқа және төмен тартады.
Орталық жік сынығының клиникасы. Төменгі жақ сүйегі орталық жіктен сынса бірдей екі жарқыншақ пайда болады. Бұлшықеттердің бекитін орны екеуінде де бірдей. Осыған қарамай төменгі жақ жиегінде (иекте) үшбұрышты (төбесі жоғарыда, негізі астында) ақау пайда болады. Ақау шайнау бұлшықеттерінің жиырылуына байланысты. Бұл еттердің жиырылу күші үлкен болғандықтан төменгі жақ жарқыншақтары сыртқа, ал тістер ішке қарай ауытқиды. Бұл кезде орталық тістер бір-біріне иін тіресіп тіс қатарында ауытқу болмайды. Пальпация жасағанда ауыру сезімі және „тепкішек" белгісін анықтауға болады. Кейде екі қолмен тексергенде патологиялық жылжу байқалады. Орталық тістер маңында кілегей қабықтың жыртылуы, қан ағу, ауыз қуысының асты қанталауы мүмкін.
Сойдақ тіс үясьшдағы біржақты сынық клиникасы. Бүл жер сынғанда екі жарқыншақ пайда болады, бірі — кіші, екіншісі — үлкен. Кіші жарқыншақ шайнау бұлшықеттерінің көтергіш тобын жиырылу күштерінің әсерінен жоғары жылжып тістер өз ангонистерімен қосылады. Үлкен жарқыншақтың алдыңғы жағы түсіргіш бұлшықеттердің жылу күші әсерінен төмен жылжып, тістер бір-бірімен тістеспейді (ашық тістесу). Ал артқы жағы көтергіш үш шайнау бұлшықеттерінің әсерінен жоғары ығысады, тістер өз антогонистерімен тістеседі (түйіседі). Орталық сызық сынған жағына ауысады. Екі жарқыншақ альвеолды өсінділермен ішке ығысады. Төменгі жақ бұрышы сынығының клиникасы. Бұл сынықта да жарқыншақ пайда болады, бірі — кіші, екіншісі — үлкен. Жарқыншақтардың ауытқуы бұрыштағы шайнау және ішкі қанатты бұлшықеттерінен жасалған қапшыққа байланысты. Егер ақ сол қапшықтың алдында немесе артында (8[8 тіс) орналасса жарқыншақтар ауытқиды. Ал сынық сол қапшық ішінде орналасса, жарқыншақтар әдетте орнында қалады, сіңірлі еттен тұратын қапшық жарқыншақтарды орындарында ұстап тұрады. Егер жоғарыда айтылғандай сынық қапшықтан тыс орналасса, кіші жарқыншақ жоғары, үлкенінің алдыңғы жағы төмен, артқы жағы оғары және сынық жағына қарай жылжиды. Тістесу алдыңғы жағында ашық, артқы жағында тістер өз антогонистерімен түйіседі. Төменгі жақтың бірбуынды өсіндісі сынығының клиникасы үлкен сынық өсіндінің түбінде, мойын бөлігінде және буын басында орналасуы мүмкін. Кіші жарқыншақ сүйектің ішкі және сыртқы қабатының сынық деңгейіне байланысты. Екі бағытта жылжиды.
1. Сынық ішкі қабаттан басталып жоғарыдан төмен және артқа қарай бағытталса, онда кіші жарқыншақ сыртқа жылжиды.
Үлкен жарқыншақтың басы артқы (көтергіш) шайнау бұлшықеттердің әсерінен жоғары жылжып, кішкене арқыншақты сыртқа итере оның орнын алады. Бұл жағдайда кіші жарқыншақты консервативті тәсілдер (тіс лығына көтергіш қойып ауызды жақаралық құрсау арқылы сақ тарту) арқылы орнына келтіріп емдеуге болады.
2. Сынық сүйектің сыртқы қабатынан басталып жоғарыдан мен және ішке қарай бағытталған жағдайда, кіші жарқыншақ сыртқы қанатша еттің әсерінен ішке және алға қарай жылжиды. Үлкен жарқыншақ жоғары жылжып кіші жарқыншақтың орналасааа тұрады. Бұл сынықты емдеу үшін хирургиялық әдістер қолданылады.
3. Егер сынық бағыты буын өсіндісіне тік бүрышты көлбеуде болса кіші жарқыншақ ішке және алға қарай жылжиды, ал үлкені көтергіш шайнау бұлшықеттер әсерінен жоғары және сыртқы қанатша ет әсерінен сыныққа қарай ауысады.
Барлық буын өсіндісінің сынықтары кезінде буын өсіндісінің басы шығып буын қабы жыртылуы мүмкін. Бұл жағдайда қүлақ алдындағы жұмсақ тіндер босап, буын басының буын сайында қимыл болмайды. Ал, буын басы орнында болса қимыл көлемі, сау жағымен салыстырғанда әлдеқайда азаяды.
Бүйірден және тіке жасаған рентгенограммаларда буын өсіндісінің тек төменгі жағында орналасқан сынықтар жақсы түсінің өзгергенін көруте болады. Осымен қатар мұрыннан, ауыздан, жәңе мұрын-жас түтігі жарақаттанып оған қан кеткен жағдайда қан ағуы мүмкін.
Ауыз қуысында жоғарғы жақтың өтпелі қатпарында, кіші азу тістер аумағында жартылай ұрттың кілегей қабығының қанталағаны көзге түседі. Басып тексергенде бет-альвеолды қырының аумағында және оның артқы жағында шығыңқы сүйек қыры байқалады. Кіші азу, сойдақ, күрек тіс аумақтарының шырышты қабатының сезімталдығы екі жағында да бұзылады, ал үлкен азу тіс аумағында ауыру сезімі сақталады. Жұтқыншақтың сырт қабырғасының домбығуы оның айналасындағы кеңістікте гематома бар екенінің белгісі болып табылады. Жүктеме белгі сынық сызығының бойында оң болады. Ал басқа объективті көріністер Ле-Фор III типіндегідей болады.
Жоғарғы жақтың Ле-Фор I көбінесе мидың шайқалуымен, ұрылуы және мидың сығылуымен бірге жүреді. Бас қаңқасының негізінің сынуы мен мидың шайқалуы алдыңғы ми сауыты шұңқырымен қатар, ортаңғысында да болуы мүмкін. Жарақаттанған науқастың көзіне бір зат қосарланып көрінеді. Яғни диплопия пайда болады. Сондықтан науқас дәрігермен әңгімелескенде бір көзін жауып отырады немесе саусақпен көзін астынан көтеріңкіреп диплопияны жояды. Тістерін тістескенде көздері ұяшығының түбімен бірге жоғары қарай жылжиды. Жұмсақ тіндердің қанмен инфильтрациялануына байланысты экзофтальм пайда болады, ал мұрын түбірі мен көздің жоғарғы сыртқы аумақтарында сықырлау немесе сүйек қыры байқалады. Тәж тәріздес өсінді ығысқан бет сүйегіне қосылғанымен науқас аузын ашқанда бұл аумақта ауыру сезімі күшейе түседі.
Жоғарғы жақтың, мүрын сүйектерінің, мұрын ұшы мен көз алмаларының патологиялық қозғалысы байқалады. Басқа белгілері Ле-Фор II сынығындай, Фор II, Фор III жоғарғы жақ сынықтарында жиі бас қаңқасының негізі қосарлана сынады. Бұл жағдайда негізгі белгілер: а) шынайы көзілдірік белгісі, алдыңғы көз ұясының және көз айналасындағы клетчаткалық қанталауы 24—48 сағаттан кейін опогеясына жетеді; б) ауыз, мұрын қуыстарының және құлақтың сыртқы дыбыс жолының ликвореясы. Сондықтан хирург-стоматолог басқа да белгілерге сүйене отырып, бас қаңқасының негізі сынғанын анықтау үшін келесі белгілерді білуге тиіс:
1). Басын төмен түсіргенде, күшенгенде және мойынның ірі веналарын саусақпен басқанда мұрыннан ликвор ағу күшейе түседі.
2). Бет орамал белгісі, ликвормен ылғалданған таза бет орамал кепкенде қатты болады.
3) Медициналық орамал (салфетка) белгісі. Қан қүрамында ликвор болғанда, салфеткаға мұрыннан тамған сұйықтан шеті ашық түсті ликвормен қоршалған қызыл дақ қалады.
4) Жұлын пункциясы жұлын сұйығында қанның барлығы диагноздың дәлелі айқын және емдік іс-қимылы болып саналады.
Астыртын ликвореяны анықтау үшін жасалатын жұлын пункциясы, 1 урасин (баяу) немесе радиоактивті фосфорды эндолюмбалды ендіру нейрохирургтің немесе невропатологтың міндетіне жатады. Кей жағдайда ликвореясы бар науқастарда ликворлы кеңістіктерде ауа жиналуы мүмкін. Бұл жағдай негізгі маңдай қуыстары, торлы лабиринт сынғанда сирек кездесетін айқын белгі.
5). Мидың 12 жұп нервісінің бұзылуы. Жиі зақымданатын үшкіл, бет, тіл-жұтқыншақ нервтері. Ми қатпарының тітіркенуі, Керинг белгісі т. б. патологиялық рефлекстер түрінде байқалады. Жоғарғы жақ сынығының барлық белгілері бір симптомокомплекске жиылып жоғарғы жақ синдромы деп аталады. Бұлар: а) Ұзарған, жалпайған, таңқалған бет, бұл белгілер жоғарғы жақ сүйегі сынықтарының төмен ығысуына байланысты, артқы бөлігі төмен ығысып, көз қуысы үлкейеді; б). Мұрын сүйектерінің сынуына байланысты онымен дем алуы және маңқалануы; в) Көзасты нервінің қызметі бұзылуынан невралгия, анестезия, парестезия дамуы; г). Жоғарғы жақтың төмен және артқа ығысуынан жалған прогения пайда болуы.
Жоғарғы жақ сынығының диагнозын барынша толық анықтау үшін ең көп созылған және сүйектердің қысылғанына сай келетін нүктелерді басып тексергенде ауыратынын ескеру керек. 1. Жоғарғы мұрындық — мұрын пердесінің негізінде; 2. Төменгі мұрындық — мұрын пердесінің негізінде; 3. Экстраорбитальды — көз ұясының сыртқы қырында; 4. Инфраорбитальды — көз ұясының төменгі қырында; 5. Беттік; 6. Туберельдық — жоғарғы жақ сүйегінің төмпешігінде; 7. Бет-альвеолды — жоғарғы 7-ші тістің үстінде.
Жақ сүйектері сынықтарының ерекшеліктері:
1) Тіс қатары аумағында сынықтар 100% жағдайда ашық деп аталады, өйткені альвеолды өсіндінің шырышты қабаты сүйектің сыртқы қабығымен және сүйекпен тығыз байланысқан, сондықтан сүйек сынғанда шырышты қабат жыртылып сүйек жарасы ауыз қуысымен байланысып жатады. Бұл ерекшелікті білу жақ сүйегі сынықтарының қабынуын және сіреспенің алдын алу емдерін жүргізуді қамтамасыз етеді.
2). Диагноз қойғанда сынықтың соққы тиген жақтың қарама-қарсы жағында орналасатынын ескеу керек (әсіресе төменгі жақта).
3). Шайнау, тыныс алу, сөйлеу, жұтылу қызметін атқаратын еттердің әсеріне байланысты зақымданған ағзаға тыныштық қамтамасыз етудің қиындығы. Сынықты орнына дұрыс салу керек, дұрыс салынбаған жағдайда ондағы тістер шайнау қызметін атқара алмайды;
4). Тістердің жағымды және жағымсыз рөлі. Жағымды — тістерге қарап сынған жерді анықтауға және құрсау бекітуге болады. Жағымсыз сынық бойында орналасқан ауру тістер инфекция көзі, ал сынық сызығы периодонт қуысымен өтсе инфекция өткізгіші, нерв-қан тамыр шоғыры үзілсе — тіс бөгде зат болып саналады.
Жақ-бет аймағы жарақаттанған науқастарға көмек көрсету.
Жақ сүйегі сынған науқастардың еміне барынша тез арада олардың жоғалтқан пішіні мен қызметін қалпына келтіру жатады. Бұл мақсатқа жету үшін травматологияның келесі жалпы қағидаларын орындау қажет: а) репозиция (сынықты өз орнына салу); б) фиксация (бекіту); в) ауру ағзаға тыныштық жасау немесе физиологиялық ем; г) асқынулардың алдын алу.
Көрсетілген көмектің көлемі, түрі жарақат алған жердегі жағдайға, медициналық пункттер мен мекемелердің дислокациясына (орналасқан жеріне) байланысты өзгеруі мүмкін.
Көмек көрсетудің бірнеше түрін ажыратады:
1) Алғашқы көмекті науқастарға жарақат алған жерде, санитарлық посттарда санитар, санинструкторлар болмаса озіне-өзі немесе біріне-бірі көмек көрсетеді.
2)Дәрігерлік көмекке дейінгі жәрдемді фельдшер немесе мейіркеш көрсетеді, оның мақсаты алғашқы көрсетілген көмекті толықтыру.
3) Бірінші дәрігерлік көмек, жарақат алғаннан бастап 4 сағатқа дейін көрсетілу керек (бұл көмекті ауылдық ауруханаларда, дәрігерлік денсаулық пункттерінде, жедел көмек операцияларында маман емес дәрігерлер көрсетеді).
4). Жетілдірілген хирургиялық көмек медициналық мекемелерде жарақат алғаннан бастап 12—18 сағаттың ішінде көрсетілуі тиіс.
5). Мамандандырылған көмек жарақат алғаннан соң бір тәуліктің ішінде арнайы мекемелерде көрсетілу керек.
Алғашқы көмек көрсеткенде ең бірінші инфекцияның алдын алу үшін науқасты қырынан жатқызып басын төмен қарату немесе жарақаттанған жағына бұрып, жараға асептикалық таңғыш салынады.
Беттің химиялық күйіктерінде күйген жерді тез арада салқын сумен жуып алғашқы көмек көрсеткен соң науқасты медициналық көмек көрсету пунктіне жібереді.
Дәрігерлік көмекке дейінгі көмек қан тоқтату, асфиксия, шокпен күресуді көздейді. Қан ағумен күрес. Қан тек сыртқа және ауыз қуысына ақпай тіндердің терең қабатына да ағуы мүмкін. Егер қан майда қан тамырларынан ақса оған тампон басып, қысып таңып тастайды (асфиксия немесе жақ сүйегінің сынықтарын ығыстырып жібермесе).
Ал сыртқы ұйқы артерияның ірі бұтақтары зақымданса (тіл, бет, жоғарғы жақ, беткей самай артериялары) үлкен саусақпен ортақ ұйқы артерияны 4-ші мойын омыртқаның көлденең өсіндісіне қысып қанды уақытша тоқтатады. Төртінші мойын омыртқаның көлденең өсіндісі төс-бүғана-емізікше бұлшықеті ортасындағы нүктеге сай келеді. Бірақ бүл әдіспен үзақ уақытқа қанды тоқтатуға болмайды, себебі саусақ тез шаршайды. Ұзақ уақытқа, қанды тоқтату үшін сау жағының қолын басқа қойып бинттеп немесе дәкеден тығыз орама жасап, оны зақымданған жақтың ұйқы артериясы проекцияланған жерге орналастырады. Сонан соң білікті басқа қойылған қолдың сыртынан айналдырып таңып тастайды. Қолдың орнына тақтайды да қолдануға болады.
Асфиксияның алдъш алу және онымен курес. Даму механизміне байланысты асфиксияның бес түрін ажыратады:
1. Тілдің артқа ығысуы (дислокациялық);
2. Кеңірдек қуысының қан ұйындысымен жабылуы (обтурациялық);
3. Кеңірдектің гематомамен немесе ісінген тіндермен қысылуы (стенотикалық);
4. Тандайдың немесе тілдің салбыраған тіндерімен көмекей кіреберісін жабуы (қақпақшалық);
5. Қан, құсық, су т. б. қақалу (аспирациялық). Асфиксияның алдын алу үшін науқасты отырғызып басын төмен қаратады, ал оның жағдайы ауыр немесе есінен танған болса шалқасынан жатқызып басын жарақаттанған жағына немесе жанына бүрады.
Төменгі жақ сүйегі денесінің уатылуына, әсіресе иектің қосарланып сынуына байланысты тілдің артқа ығысуынан асфиксия жиі пайда болады. Асфиксиямен күрес жүргізудің тиімді тәсілдерінің бірі — тілді жібек жіппен киіміне тігіп немесе түйрегішпен түйреп қою. Обтурациялық асфиксияның алдын алу үшін ауыз қуысын мүқият тексеріп ондағы қан ұйындыларынан, бөгде заттардын, тамақ қалдықтарынан және құсықтан тазартады.
Шокқа қарсы жүргізілетін шаралар. Бірінші кезекте қан кетуді тоқтату, асфиксияны жойып, транспорттық иммобилизацияны жүзеге асыру керек. Бет-жақ аймағындағы жарақаттар әсірінен болатын шокпен күрес барлық шаралар комплексін құрайды. Жарақатты одан әрі инфекциямен асқынбауы үшін асептикалық дәкемен байлап таңады. Бет сүйегі сынған кезде сынық жылжып кетпеуі үшін қатты тартып байлауға болмайды. Беттің кез келген зақымдануында жұмсақ тіндер жарақатына орта медицина қызметкеріне тігіс салуға тыйым салынады. Бет-жақ аймағының, ашық жарақаттарында, тіс қатары деңгейіндегі жақтың сынығын қосқанда, бұл кезеңде Безредкийдің сіреспеге қарсы сарысуын (3000 АЕ) жібереді. Науқасты арнайы мамандандырылған мекемеге жібергенде, не істелгенін көрсетіп, тасымалдауға қолайлы жағдай жасау қажет. Есі жоғалған кезінде анамнезін жатқан кезде ғана тексеру қажет. Көмек пен тасымалдау да тек осы жағдайда жүргізіледі. Фельдшерлік пункттің жабдықталуы біріншілік дәрігерлік көмек көрсетуге көптеп түскен кезде (авария, апаттар, әскери қимылдар және т. б.) дұрыс сұрыптап орын ауыстыру өте маңызды.
Біріншілік дәрігерлік көмек. Облыстық, аудандық, ауылдық, бөлімшелік ауруханада, орталық және аудандық қалалық, дәрігерлік денсаулық пункттерінде көрсетіледі. Негізгі мақсаты: қан кетумен, асфиксиямен, шокпен күрес.
Қан кетумен күрес — жарақаттағы тамырларды байлап таңу немесе мықтап дәкелеу. Ауыз қуысынан өте көп қан кеткенде әдеттегі тәсілдермен тоқтату мүмкін емес, дәрігер шүғыл трахеотомия жүргізіп, ауыз қуысы мен жүтқыншақты мықтап дәкелеу қажет. Тұншығу белгілері байқалған сәтте себебі анықталуы тиіс. Дислокациялық асфиксияда тіл тігіледі. Ауыз қуысын мұқият қарап, қан ұйындысы мен бөгде заттар алынып тасталса обтураци-ялық асфиксия қорқынышы тарайды. Егер айтылған шараларға көнбей асфиксия дами берсе, шүғыл трахеотомия жасалуы қажет.
Шокқа қарсы шаралар хирургиялық жалпы шүғыл ережелермен жүргізіледі. Жақ сынған кезде міндетті түрде бекітетін таңғыш салынады.
Жақ сынақтарын уақытша бекіту тәсілдері.
Төбе-иектік таңғыш салу. Науқасты тасымалдаған кезде сынықтардың жылжуына мүмкіндік бермейді. Бұл мақсатта торлы эластикалық дәкені пайдалануға болады. Стандартты траспорттық таңғыш сынықтардың мықты бекуін қамтамасыз етеді. Ол иек сақпаны ме тірек қалпақтан тұрады. Оның 3 жүп ілмегі болады, ол резина сақинаны бекітеді. Ілмек астында дәке салатын қалта болады. Сондықтан резина сақина ісінген жұмсақ тіндерге күш түсірмейді және жарақаттамайды. Қалпақ шүйде бұдырын жауып тұруы қажет. Сақпан жиегін жабу үшін қосымша мақталы дәке салады. Бұл ісінген жұмсақ тіндердің таңғышпен тікелей жанасуынан, иек маңындағы тері жабындыларының зақымдануынан қорғайды. Резина сақинаның санына байланысты, сақпан сыныққа күш түсіруі немесе түсірмеуі мүмкін. Төменгі жақ тіс қатарларынан тыс сынғанда және жоғарғы жақ сынғанда стандартты таңғышты 3 жұп резина сақина қолдану арқылы салады. Төменгі жақ тіс қатары деңгейінде сынса тек сынықты ұстату үшін салады. Біріккен сынықтарға шектен тыс күш түсірілсе одан әрі бітісіп асфиксияның даму қаупін туғызады. Сондықтан маман еместерге ұстатушы ретінде стандартты транспорттық таңба салу нұсқасы беріледі.
Померанцев-Урбанскаяның жумсақ иек сақпаны. Мұның иек-тіл бөлігі бірнеше қабат дәкеден немесе бязден дайындалған. Аралық бөлігі екі кең резинадан тұрады, ол таңғыштың шеткі бөлігіне өтеді. Мұның бауы, сақпанның резиналы жолақтарының тартылу дәрежесін реттейді. Бұл таңғыш науқастар үшін тиімді, қолдануға қарапайым және сынықтардың жақсы бекітілуін қамтамасыз етеді.
Ауыздан тыс желісі бар (стерженъ) металл шина-қасық. Төменгі жақта тіс болмаса немесе жеткіліксіз болса жоғарғы жақ сынығы кезінде қолданылады. Дәкеден жасалған қасықты ауызға енгізіп жоғары жақ тістеріне қысып, оның желісін науқастың басына дәке немесе стандартты қалпақтың көмегімен бекітеді. Ауыздан тыс желі науқастарға көптеген ыңғайсыздық тудырады, қасық тістерде керегінше тығыз жатпайды. Қазіргі кезде бұл әдіс өте сирек қолданылады.
Жақаралық лигатуралық бекіту —төменгі жақ сынықтарының орнынан жылжып кетуінен сақтайды. Оны жүзеге асыру үшін әр сынықта екіден мықты және антогонист тістер болуы қажет. Таңып байлағанда сынық тұсында тұрған жарақатты пульпит немесе периодонтит белгісі бар тістерді қоспайды.
Жақаралық лигатуралық бекітуге келмейтін жағдайлар: мидың шайқалуы, ауыз қуысы тіндерінен қан кетуі, құсықтың пайда болу қаупі. Бұл таңғышты науқасты тасымалдау кезінде (әсіресе су мен әуе транспорты) салуға болмайды.
Таңғыш салу үшін қола-алюминий сымы (0,5—0,6 мм) қолданылады. Қажетті аспаптар: қан тоқтатқыш қысқаш, анатомиялық пинцет, крампонды қысқаш, металл қайшы. Сым ұштары сағат бағытымен қайырылады.
Көптеген лигатуралық бекітулердің ішінде Айви бекітуі жиі қолданылады.
Жақаралық лигатуралық қарапайым бекітуде 5—6 см лигатуралық сым ұштарын тіс аралықтарына өткізеді де тіл жағынан орап қайтадан ауыз қуысының кіреберісіне әкеледі. Осы жерде сымның екі ұшы тіс мойнын орайды. Екінші лигатураны дәл осылай көрші тіске бекітеді. Кейін екі сымды өзара орай бір таңғышқа біріктіреді. Осылайша таңғышты екінші сынықтағы тіске, кейін антогонист тістерге салады. Сынықтарды орнықтырып, жоғарғы жақ тістерімен жанасқанға дейін жақындатады да сымдарды орай отырып бекітеді. Сымның ұштарын қайшымен кесіп, ұрт пен иектің шырышты қабығын жарақаттамайтындай етіп қайырып иеді.
Дата добавления: 2015-01-18 | Просмотры: 964 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 |
|