АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Арнайы профилактика

Прочитайте:
  1. II Неспецифическая профилактика
  2. II этап. Профилактика рецидива кровотечения.
  3. II этап. Регуляция менструальной функциии и профилактика рецидивов
  4. III. Профилактика и лечение туберкулеза Глава 22. Профилактика туберкулеза
  5. III. Профилактика утомлений
  6. III.Профилактикаутомлений
  7. IV. Профилактика отклоняющегося поведения.
  8. IX.3. Профилактика и лечение, направление к специалистам и дальнейшее наблюдение
  9. V 10: Профилактика наследственной патологии
  10. V 17: Профилактика наследственной патологии.

 

Жедел профилактика қарсылас биологиялық қаруды қолданған кездегі алғашқы медициналық шара болып табылады және қауіпті жұқпалы аурудың белгісіз қоздырғышымен зақымдалған адамдарды эпидемиялық процестің дамуын ескерту үшін жүзеге асырылады. Жедел профилактика әскердің жеке құрамын қорғау үшін биологиялық заттарды қолданғанда немесе әскер арасында таралу тенденциясы бар жұқпалы аурулар пайда болса тез арада жүргізілуі керек.

Эпидемиялық ошақтарда жедел профилактика жалпы және арнайы болып бөлінеді:

Жалпы жедел профилактика жұқпалы патологияны тудырған қоздырғыштың түрін және оның антибиотиктерге сезімталдығын анықтау үшін жүргізіледі. Жалпы жедел профилактиканың заттары ретінде антибиотиктер немесе кең спектрлі әсер ететін сульфаниламидтер қолданылады. Алғашқы эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру кезінде жалпы жедел профилактиканы жүргізу үшін жеке аптечкадағы антибиотиктерді қолдануға болады. Қауіпті жұқпалы ауру қоздырғышының идентификациясынан кейін, оның антибиотиктерге сезімталдығын анықтаған соң және жұқпалы аурулардың клиникалық диагнозы дәлелденгеннен кейін жалпы жедел профилактика тоқтатылады да жедел арнайы профилактика басталады. Осы кезден бастап қоздырғыштың нақты түріне әсер ететін антибиотиктер (сульфаниламидтер) қолданыла бастайды. Жедел арнайы профилактиканың ұзақтығы арнайы сызба бойынша жүзеге асырылады және жұқпалы аурулардың оңашалау түрін есепке алып, қолданылатын антибиотиктер мен сульфаниламидтердің қасиетіне байланысты құрылады.

Арнайы жедел профилактика ретінде интерферон индукторларын аз мөлшерде қолдану тиімді болады, оның организмге әсер ету уақыты 40-55 минуттан кейін көрінеді. Егер қолданылып жатқан антибиотиктердің (сульфаниламидтердің) әлсіз әсер етуі болған жағдайда жедел профилактиканы антигистоминді препараттармен және т.б. жалғастырып қолданады. Егер теріс реакциялар пайда болып жатса қолданылып жатқан антимикробты препараттарды басқа препараттармен ауыстырады.

Арнайы профилактика эпидемиялық көрсеткіштер бойынша бактериалдық заттардың түрін анықтағаннан кейін және жұқпалы аурулардың клиникалық диагнозы дәлелденгеннен кейін егу бригадаларымен вакциналарды, қан сарысуларын, анатоксиндерді, гамма-глобулиндерді және бактериофагтарды қолдану арқылы жүргізіледі. Кей кезде жеке құрамға әртүрлі жұқпалы ауруларға жаппай бір уақытта егулер жүргізу керек болады. Егуді егу бригадалары (1 дәрігер және 2 орта медициналық қызметкер) жүзеге асырады. Егу бригадаларының жұмысын ұйымдастыру әрбір қызметкердің әр кезеңде нақты міндетін үлестіруімен жүргізіледі: тіркеу, дәрігерлік қарау, дене қызуын өлшеу, егілетін жердің терісін өңдеу, вакцинаны араластыру, құрал-жабдықтарды дайындау, шприцтерді, инесіз инъекторларды және т.б. дайындау.

Жедел профилактикадан арнайы профилактикаға өткенде қажетті ерекшеліктерді сақтау керек. Егер арнайы профилактика өлі немесе химиялық вакциналармен жүргізілсе, онда жедел профилактиканы жүргізу бір уақытта басталуы мүмкін. Тірі вакциналарды қолданған кезде арнайы профилактика жедел профилактика курсынан кейін 2 күннен соң жүргізіледі, өйткені тірі вакциналарды антибиотиктермен бірге енгізгенде иммуногенездің тоқтатылуына әкелуі мүмкін.

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1. Инфекция көзіне бағытталған әскерді эпидемияға қарсы қамтамасыз ететін шараны көрсетіңіз:

A. емдеу-диагностикалық

B. санитарлық-гигиеналық

C. иммунопрофилактика

D. дезинфекция шаралары

E. дезинсекция шаралары

 

2. Қабылдағыш организмге бағытталған әскердi эпидемияға қарсы қамтамасыз ететiн шараны көрсетiңiз:

A. санитарлық-ветеринарлық

B. санитарлық-гигиеналық

C. иммунопрофилактика

D. емдеу-диагностикалық

E. дезинфекциялық

 

3. Санитарлық-эпидемиологиялық барлаудың негiзгi әдiсiн көрсетiңiз:

A. тексерiлетiн аймақты аралап шығу және көзбен шолу

B. энтомологиялық зерттеулер жүргiзу

C. қарсыластың жүру бағыты туралы мәлiмет жинау

D. вирусологиялық зерттеулер жүргiзу

E. паразитологиялық зерттеулер жүргізу

 

4. Санитарлық-эпидемиологиялық барлаутобының саны байланысты:

A. тексеру аймағының алыстығына

B. бақылау ауданының көлеміне

C. ауданның эпидемиялық жағдайының күрделiлiгiне

D. табиғи ландшафттың күрделiлiгiне

E. климаттық жағдайына

 

5. Вирусологиялық және паразитологиялық зерттеулерді жүргізіледі:

A. Санитарлық-эпидемиологиялық зертхана

B. Полктың медициналық пункті

C. Әскерлік санитарлық-эпидемиологиялық жасақ

D. Әскери медициналық зертхана

E. Әскери далалық жұқпалы аурулар госпиталі

 

6. Бөлiмнiң санитарлық-эпидемиологиялық жағдайының қолайлы критериін көрсетiңiз:

A. спорадикалық сырқаттанушылық

B. әрi қарай жайылмайтын жеке топтасқан аурулар

C. әрi қарай жайылуға бейiм топтасқан аурулар

D. эпидемия кезiнде әскери бөлiмнiң соғыс әрекетiне кірісе алмауы

E. қарсыластың бак. қаруды қолданған фактiсінің дәлелденуі

7. Бөлiмнiң санитарлық-эпидемиологиялық жағдайының тұрақсыз критериін көрсетiңiз:

A. спорадикалық сырқаттанушылық

B. тіркелмеген жұқпалы сырқаттанушылықтың бірен-саран оқиғаларының байқалуы

C. эпидемия кезiнде әскери бөлiмнiң соғыс әрекетiне кірісе алмауы

D. қарсыластың бак. қаруды қолданған фактiсінің дәлелденуі

E. жұқпалы сырқаттанушылық деңгейінің жоғарылауы

 

8. Бөлiмнiң санитарлық-эпидемиологиялық жағдайының қолайсыз критериін көрсетiңiз:

A. спорадикалық сырқаттанушылық

B. эпидемия кезiнде әскери бөлiмнің соғыс әрекетiне кірісе алмауы

C. әрi қарай жайылмайтын топтасқан аурулар

D. жекелеген әскери құрамда топтасқан жұқпалы сырқаттанушылық тіркелуде және оның әрі қарай дамуына жағдай бар

E. аса қауіпті жұқпалы аурулар оқиғасы тіркелді

 

9. Бөлiмнiң санитарлық-эпидемиологиялық жағдайының төтенше критериін көрсетiңiз:

A. спорадикалық сырқаттанушылық

B. қысқа мерзімде жеке әскери құрамында жұқпалы аурулар саны жоғарылайды, бұл дивизияның соғысқа бейімділігін төмендетеді

C. әрi қарай жайылмайтын жеке топтасқан аурулар

D. жекелеген әскери құрамда жедел жұқтыру жағдайының болмауы

E. қарсылас аса қауіпті жұқпалы аурулар қоздырғыштары қосылмаған бактериологиялық қару қолданды

 

10. Бөлiмнiң санитарлық-эпидемиологиялық жағдайының төтенше критериін көрсетiңiз:

A. спорадикалық сырқаттанушылық

B. аса қауіпті жұқпалы аурулардың қайталанған жағдайлары тіркеледі

C. әрi қарай жайылмайтын жеке топтасқан аурулар

D. аса қауіпті жұқпалы аурулардың бірен-саран оқиғалары тіркелуде

E. тұрғындар арасында жедел жұқтыру жағдайының болмауы

 

11. Бөлімнің төтенше санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын хабарлайды:

A. ротаның сан инструкторы

B. бөлімнің медицина қызметінің бастығы

C. армияның бастығы

D. дивизия эпидемиологы

E. дивизияның медициналық қызметінің бастығы

 

12. Бөлімде қолайлы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайда жүргізілетін шараны көрсетіңіз:

A. санитарлық-гигиеналық

B. тәртіпті шектеу

C. жедел иммунизация

D. дезинфекциялық

E. дезинсекциялық

 

13. Әскери бөлімде жұқпалы ауруларды анықтайды:

A. ротаның санитарлық нұсқаушысы

B. армияның командирi

C. бригаданың медицина қызметі

D. әскери далалықжұқпалы аурулар госпиталінің дәрiгерi

E. әскери далалық аса қауіпті жұқпалы аурулар госпиталінің дәрiгерi

 

14. Полктың медициналық пункітінің оңашалау бөлмесінен жұқпалы ауруларды тасымалдау нұсқаларын көрсетiңiз:

A. армияның жекелеген медициналық батальонына

B. әскери далалықжұқпалы аурулар госпиталіне

C. бригаданың санитарлық-эпидемиологиялық зертханасына

D. армияның санитарлық-эпидемиологиялық жасағына

E. майданның санитарлық-эпидемиологиялық жасағына

 

15. Жұқпалы аурулармен ауырған науқастар қандай көлікпен тасымалданады:

A. әскери далалықжұқпалы аурулар госпиталі көлігімен

B. полктың медициналық пункті көлігімен

C. кейдейсоқ көлікпен

D. санитарлық-эпидемиологиялық басқарма көлігімен

E. санитарлық-эпидемиогиялық зертхана көлігімен

 

16. Әскердi бактериядан қорғаудың дайындық кезеңiнде жүргiзiледi:

A. профилактикалық егулер

B. зақымдалған ауданның шекарасын анықтау

C. тәртіпті-шектеу шараларын енгiзу

D. дабыл соғу

E. карантин

 

17. Күтпеген бак. шабуылды ескерту кезеңiнде жүргiзiледi:

A. алдын ала егулер

B. зақымдалған ауданның шекарасын анықтау

C. тәртіптi-шектеу шараларын енгiзу

D. бактериологиялық барлау

E. дезинсекция

 

18. Ықтимал қарсылас бактериялық қаруды қолданған кезде жүргізіледі:

A. бактериологиялық барлау

B. алдын ала егулер

C. тәртіпті-шектеу шараларын енгізу

D. жеке қорғаныс заттарын пайдалану

E. жеке құрамды бак. қарудың қасиеттерімен таныстыру

 

19. Бактериялық шабуылдың зардабын жою үшiн жүргiзiледi:

A. алдын ала егулер

B. зақымдалған аймақтан әскерді шығару

C. зақымдалған ауданның шекарасын анықтау

D. сан. эпид. барлау

E. дабыл соғу

 

20. Обсервация тәртібі қамтиды:

A. көліктің кiруiне және шығуына рұқсат етiлмейдi

B. көліктің кiруiне және шығуына шектеу қою

C. қатаң оңашалау тәртібі

D. әскердi ұрыстан шығару

E. көліктің еркiн жүруi

 

21. Карантин тәртібі қамтиды:

A. көліктің кiруiне және шығуына рұқсат етiлмейдi

B. ошақтың аймағы арқылы көліктің еркiн өтуi

C. көліктің жүруіне тыйым салмау

D. әскердi ұрыстан шығару

E. ошақтың аймағы арқылы көліктің еркiн өтуiн шектеу

 

23. Санитарлық-эпидемиологиялық зертхананың құрамына кiредi:

A. эпидемиолог

B. инфекционист

C. энтомолог

D. вирусолог

E. паразитолог

 

24. Санитарлық-эпидемиологиялық зертхананың құрамына кiредi:

A. окулист

B. невропатолог

C. бактериолог

D. хирург

E. травматолог

 

25. Бактериологиялық барлаудың мақсаты:

A. тұрғылықты жердi тексеру

B. қарсыластың БҚ қолданғаны туралы мәлiметті жинап алу және талдау

C. тұрғындар пункттерінің санитарлық жағдайын қарау

D. әскер орналасқан аймақтың сан. эпид. жағдайын бағалау

E. жұқпалы науқастарды анықтау

 

26. Бактериялық қарудың арнайы ниндикациясы - бұл:

A. қарсылас бак. қаруды қолданған фактiсiн анықтау

B. қоздырғыштың түрiн анықтау

C. ошақтың шекарасын анықтау

D. дабыл соғу

E. қарсыластың бактериялық шабуылға дайындығын бақылау

 

27. Бактериялық қарудың арнайы емес индикация әдiсiн таңдаңыз:

A. автоматтық сигнализаторды қолдану

B. зоологиялық зерттеулер

C. бактериологиялық зерттеулер

D. вирусологиялық зерттеулер

E. паразитологиялық зерттеулер

 

28.Уақытша қатардан шығаратын биологиялық затты таңдаңыз:

A. оба

B. нағыз шешек

C. ботулизм

D. тырысқақ

E. іш сүзегі

 

29. Қоршаған ортаға тұрақтылығы жоғары биологиялық затты таңдаңыз:

A. ботулизм

B. туляремия

C. бруцеллез

D. күйдіргі

E. бөртпе сүзегі

 

30. Бактериялық қарудың арнайы индикациясының экспресс әдiсiн таңдаңыз:

A. ауада белокты анықтау

B. бактериологиялық әдiстер

C. гемаглютинацияның тікелей емес реациясы

D. вирусологиялық әдiстер

E. зоологиялық әдiстер


Дата добавления: 2015-02-05 | Просмотры: 2859 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.018 сек.)