АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Антигендер

Антиген – (лат.antigenum) адам ағзасына (тері асты, тері ішіне, тері үстіне, кілегей қабатқа, бұлшық етке, күре тамырға, ауыз қуысына) енгенде қарсы денелер (антителелар) өнідіреді немесе спецификалық иммунитеттік реакциялардың басқа түрлерімен жауап беретін, ағза үшін генетикалық жат заттар (белоктар, полипептидтер, полисахаридтер, жоғары байланысқан белоктар) түзеді, яғни антиген әсерінен организмде қорғаныш заттар антителалар түзеледі.

Антигендерге сонымен бірге тірі микробтар,олардың уы, өлген микробтар және әртүрлі белоктарда жатады. Ал антителалар осы айтылған заттар әсер еткенде организм ұлпаларында түзілетін заттар жөне олардың сол антигендерімен күресіп, оларды құртып жіберетінде қабілеті бар. Негізінен антителалар көк бауырдың лимфалық түйіндерінде түзеліп, одан қанға таралады.

Антиген белгілі бір антителалармен спецификалық қатынасқа түседі. Антигендер толық және толық емес (гаптендер) болып бөлінеді. Толық антигендер –бұған жататындар өсімдік және жануар белогы, бактериялар, риккетциялар, вирустар және кейбір бактериялардың экзотоксиндері, микробполисахариді, рибосомалар, нуклеоидтар, митохондриялар, сондай ағза өсімдіктері мен жылан уы (рицин, кротин, курцин, абрин және т.б.). Ас –ішек қуысы арқылы антигенді тез таралып кетсе ғана антигендік қасиет көрсетеді. Егерде баяу таралса ферменттің әсерінен антигендік қасиетін жоғалтады. Толық емес антиген (гаптендер)-бұған әр түрлі көмірсулар, липидтер жатады. Бұларды ағзаға еккенде антитела болмайды, бірақ оған әсер етуі мүмкін. Оған белоктың аз мөлшерін қосса, гаптендер толық антигендік қасиет көрсетеді. Әдебиетке «гаптен» деген терминді К.Ланштайнер (1936 ж.) енгізген.


Дата добавления: 2015-02-06 | Просмотры: 1103 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.006 сек.)