АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Антигенділік

Антигенділік, яғни антитела түзе алатын қабілеттілік. Антигендерге төмендегідей қасиет болы қажет: 1) ағза бөгделігі (жатталығы). Ағзаға антиген енгенде спецификалық қорғаныштық механизм пайда болуы, бөгдемен күресудің биологиялық заңдылығы; 2) макромолекуладағы –антигендердің молекулярлық салмағы 10000-нан жоғары. Ірі молекулалы заттар ағзада антигендік қасиет көрсетеді. Сондықтанда антигеннің молекуласын ірілеу үшін коллодия, каомин беттеріне желімдейді; 3) коллоидтылығы (кристалданған түрде болуы). Антигендік қасиеті бар заттар омыртқалылардың клетка ішіндегі ферменттермен гидролизденеді. Антигендердің ерекшелігі оған иммуногенді қасиет береді; 4) химиялық қасиеті-ол антигендік қасиет береді. Антигеннің химиялық структурасы генетикалық информация тасымалдау функциясын атқарады. Барлық бірдей белоктар антитела түзу процесін тудырмайды. Мысалы, желатина клетка мен бірікпейді, соның салдарынан клеткадан шығып кетеді.

Спецификалығы. Табиғи антигеннің молекула структурасы екі бөліктен тұрады: біріншісі антигенге спецификалық қасиет береді, оны детерминнантты топ немесе спецификалық фактор деп атайды, екіншісі молекулярлық структура бөлшегі деп аталады, ол антигендік тітіркенуді тасымалдау функциясын атқарады. Детерминанттық топ пептид молекула тізбегін айналдырғанда пайда болады. Детерминант тобы спецификалық қасиет пен қатар белгілі антителамен байланысу орнын анықтайды. Антигендер көп молекулалы, сондықтан да антилеланың бірнеше молекуласымен байланысады. Антиген молекуласындағы детерминанттар тобы антигендердің валенттілігі деп аталады.

Қағаздағы хромография тәсілімен Штауб және Фестфаль (1960 ж.) сальмонелланың құрамынан дезоксисахарлардың бес тобын анықтайды. Оған жататындар: абекоза, аскарилоза, колитоза, паратоза, тивелоза. Бұл дезоксисахарлар тізбектің соңында орналасқандықтан антителалармен жанасады. Оның әсерлесуі дезоксисахарлардың молекуласындағы гидрофобты СН₂ -тобының болуы, оның антителаның белсенді орталығымен байланысуы. Бұл басқа көмірсуларда кездеспейді. Сальмонелланың иммунологиялық белсендігімен спецификалығы дезоксисахарларға байланысты.

 

Антигендердің химилық структурасының өзгеруі. Антигендерге физико-химилық факторлармен (жылу, сәулелер, қышқыл, спирт, эфир, және т.б.) әсер еткенде белокты антигендердің денатурациялануы; химиялық структурасының өзгеруі байқалады. Нәтижесінде спецификалығы өзгергенмен, антигенділігі сақталып қалады. Жануарларды денатурацияланған белокпен иммунизациялағанда оларда нативті және денатурацияланған белоктарға қарсы антитела пайда болады. Экзотоксинге формалин қосса (3-5 мл-ді 1 мл-ге, 39-40°С) 3-4 аптада токсиндері бейтарапталынады да экзотоксиннің антигенділігі сақталып қалады.


Дата добавления: 2015-02-06 | Просмотры: 914 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.004 сек.)