АНТИТЕЛА (ИММУНОГЛОБУЛИНДЕР)
Антитела – ағзаға белок енгенде түзілетін және олармен спецификалық қабілетті әсермен қосылатын белокты заттар. Антитела адаммен жануарлардың қан сарысуында пайда болады, немесе жасырын инфекциялық ауруда пайда болады. Антитела тек инфекциялық ауру кезінде ғана емес, сонымен қатар тірі (әлсізденгін), өлі бактериялардың, риккетциялардың, вирустардың, токсиндердің және т.б антигенді заттармен иммунизацияланғанда туындайды.
Антиеланың табиғаты. Қазіргі уақытта табиғаты жағынан антитела адам мен жануар қанының сарысу иммуноглобулиндері болып табылады. Имунноглобулиндер иммунизация жасалмаған және инфекциялық аурумен ауырмаған адамдардың қан сарысуында болады. Олар қалыпты микрофлораның өсерінен оргнаизімнің даму барысында пайда болуы мүмкін деген жорамал бар. Мысалы, жас жыландарды иммуноглобулиндердің ағзада болуы уын бейтараптап отырады.
Қазіргі уақытта иммуноглобулиндердің кластары, клас аралығы, құрлысы, молекуласының көлемі, белсенді орталығы толық зерттелген. Иммуноглобулиндердің молекуласы екі ұқсас емес полипептидті тізбектен тұрады. Бірінші қос тізбегі Н-ауыр (ағл.- heavy) және бір L – жеңіл қос тізбегіне (ағл.- light) тұрады. Н және L тізбектері дисульфидті байланысқан. Антителаның көптеген молекуласы (LН)2 –димерден, аз мөлшері (LН)2n полимерден тұрады. Антителаға пепсинмен әсер еткенде: антиген мен белсенді байланысатын бір валентті FAB – бөлік және антиген мен байлансыпайтын FC – бөлікке бөлінеді. Антителаның 80% бивалетті, қалғандары моновалентті (толықсыз немесе «қарсы тұрушы» антителалар).
Иммуноглобулиндер белоктың гетерогенді тобынан тұрады. Өзінің физика-химиялық ерекшелігіне байланысты 5 класқа жіктеледі: IgM, IgG, IgA, IgA, IgE, IgG – классикалық антитела – олар негізгі массасын құрайды (80% жуық) плацета арқылы оңай беріледі.
Бұл иммуноглобулиндер бактериялар, экзотоксин, вирустардың ерігіш антигенмен белсенді түрде байланысады. IgM – антигенді стимуляциядан кейін немесе иммунизациядан кейін бірінші болып пайда болады. Грам теріс бактерияларға жақсы әсер етеді, фагацитозпроцесін белсенділейді. IgG қарағанда бірнеше есе белсенді, өйткені шамамен он шақты белсенді орталығы бар. IgA – екі түрі бар: IgA– сары сулық және IgAS- секторлық, өзгергіштік ара физикалық-химиялық ерекшеліктермен, синтездеу орнымен және атқаратын фунциясы арқылы ерекшеленеді. Секторлы IgA тыны алу жолы, ауыз қуысы, ішек, зәр шығару жолдарының кілегей қабатының лимфоидты клеткалары бөледі. Ол сілекейде, көз жасында, терде, ішек сөлінде кездеседі. Сары сулық IgA қанға түскен микробтармен оның токсиндерін бейтараптайды. Бірақта әсер етуі бойынша IgAS қарағанда әлсіз, иммуноглобулиндердің 15% құрайды. IgA – алғашқы 2-3 күндік сүттің құрамында өте коп кездеседі. Туылған балалардың ішінен сүтпен бір күнде 1000 м2 IgA түсіп ішектің қабырғасын жабады, сонымен қатар емшек сүтінде жиналады.
IgЕ – реагиндер. Бұл қалыпты сары суда өте аз мөлшерде кездеседі. IgЕ – аллергиясы бар адамдарда үнемі кездеседі. Олардың F спецификалық – фрагменті толық клетка клеткаларға, базофильдерге қосылып, жоғары сезімталдықтың жедел түрін қоздыруға қатысады.
IgД – қандағы концентрациясы 3-5 микрофлора2\100мл мөлшерінде болады. Жартылай ыдырыушылық уақыты 3 күн. Бұл иммуноглобулиннің мәні аз зерттелген. IgД-ның атқаратын функциясы ағзада болатан антигендерді бейтараптайды. IgД – «ақ қан» (белокровие) ауруында В-лимфоциттерден табылған.
Кесте
Имунноглобулиндердің физика-химиялық сипаттамасы
Кластың аталымы
| Қандағы қалыпты деңгейі
| Молекулалық массасы
| Седиментация констансасы
| Көмірсулар түзілімі,%
| Тізбектің түзілімі (H және L)
| IgG
IgM
IgA
IgAS
IgE
IgD
| 7,0-19,0
0,8-2,0
0,8-4,8
0,00002-0,0001
0,003-0,4
| 150 000
900 000
170 000
350 000
190 000
160 000
| 7S
19S
7-13S
7.4-11S
7S
|
| 2H 2L
5H 5L
2H 2L
4H 4L
2H 2L
2H 2L
|
Антителалар термолябильді заттар. Олар бір аралығында 700С температурада деструкцияланады. Антителалардың белсенділігіне ортаның рН және басқа факторлар әсер етуіне байланысты белокты заттар үлкен өзгеріске ұшырайды.
Антителалар төменгі температурада (0-40С), этил спиртінде денатурацияланбайды, ал спиртпен жоғары температурада да денатурацияланбайды. Бейтарпа тұздарда (магний, аммоний, натрий сульфаты) белокты тұнбаға түсіреді, бірақ антителаны денатурацияламайды. Сондықтан да этил спиртін төменгі температурада, магнийдің, аммонийдің, натрийдің сульфаттарын иммунды сары суды фракциялауға және тазартылған антитела алуға қолданады.
Антитела өңделуі, олардыңжиналуы және жойылуы динамиксы белгілі бір сипаттамада жүреді: бұндай кезде біріншілік және екіншілік иммунды жауап болып бөлінеді.
Бірінші иммундық жауап
Антигенді тітіркену пайда болғаннан кейін 1-4 күнде индуктивті кезең пайда болады; содан кейін продуктивті кезең-антителаның логарифимдік көтерілу кезеңі, ол максимум кезеңімен аяқталады. Бұл кезеңде оның қандағы мөлшері ең жоғарғы деңгейге жетеді. 1-3 айдан кейін оның центрациясы азая бастайды (төмендеу кезеңі).
2-4 аптадан кейін немесе бірнеше ай, жылдан кейін қайталап иммунизацияланғанда ағза гомологиялық немесе гетерологиялық антигендерге иммуноглобулиндер бөлу арқылы жауап береді. Бұл реакция екіншілік иммудық жауап деп аталады. Ол иммундық есте сақтауға жалғасады.
Иммундық есте сақтау
Иммунизацияланған ағзада, сондай-ақ инфекцияланған ағзада құрамында антитела жоқ жағдайда спецификалық және бейспецификалық тітіркендіргішпен әсер еткенде қан сары суында иммуноглобулиндердің титрі артады. Есте сақтау клеткалар – анамнестикалық реакциялар функциясын атқаратын В – лимфоциттердің ұзақ өмір сүретін, бөлігі болып келеді де 2-3 тер бөлінгеннен кейін өзгергіштік қызметін бәсеңдетеді.
Иммунологиялық толеранттылық
Иммунологиялық толеренттылық (лат. Tolerantia – төзу) – яғни организімдердің белгілі бір антигениге иммундық жауабының болмауы. Иммунолгиялық толеранттылық организм эмбриональды кезеңінде сол антигенмен кездескенде пайда болады.
Иммунолгиялық толеранттылық тудыратын антигендерді толерогендер деп атайды. Оған жататындар: сары су белоктары (альбуминдер немесе глобуминдер).Толерантты ағза бөгде материалды «өзінікі» ретінде қабылдайды, оған иммундық жауап қайтармайды.
Толеранттылық пайда болу үшін Т – және В – лимфоцит системалары қатысады. Т- супрессорлардың әсерінен антитела жасақтайды В- клеткаларының қызметі тоқталады. Толеранттылықты ұстап тұру үшін ағзадағы антиген персистентті болуы қажет. Иммунологиялық толеранттылық организмдегі антиген кеткенде, сондай-ақ антигендерге қарсы иммундық сары құйғанда күшін жоғалтады.
Жүре пайда болған екіншілік иммундық тапшылық
Иммундық тапшылықтың бұл тобына ауыр сырқаттанған және улану процестеріне ұшыраған, белок тапшылығы, соның ішінде иммуноглобулиндерге тапшылық, ұзақ, көп қан кеткенде, жас туылған нәрестеде иммундық системаның әлсіз болуы салдарынан транзистірлік, иммундық тапшылық пайда болуы мүмкін. Луи-Бар синдромы деп аталатын аутосомдар – рецессивті комбинацияланған формадағы иммундық тапшылық Т- және В- иммундық жүйенің функциясы бұзылуы салдарынан пайда болады. Ол жыныспен байланысқан (балалар ауырады) және белоктық алмасудың бұзылуынан пайда болады. Тапшылықтағы адамдар иммундық тапшылық әсерінен қатерлі ісік ауруымен көп ауырады.
Ағзада антигеннің өте көп мөлшері өндірілсе иммунологиялық паралич пайда болады. Бұндай жағдайда ағза иммунизацияның вакцинациялаушы дозасын қабылдамайды. Иммунологиялық паралич негізінен антиген мен антителаның байланыса отырып, ағзада ұзақ сақталып қалу салдарынан пайда болады деген жорамал бар. Осы жағдайда лимфоидты-макрофагальды система тежеліп қалады. Антителалар түзуге тамақтану, ионизациялық радиация, гормондардың продукциялануы, салқындау және ысу, интоксикация үлкен әсер етеді. Аштықты немесе белок толық қамтамасыз етілмеген жағдайда антитела түзу төмендейді. Организмнің гиповитаминоз кезінде антитела түзу нашарлайды. Аурудың бастапқы кезеңінде емдеу ретінде антибиотик пайдалану әсерінен инфекциялық ауруға қарсы антителалардың пайда болуы төмендеп кетеді.
Сонымен, иммунитеттің жақсы дамуы жалпы алғанда химиялық құрамға, физика-химиялық ерекшелікке, егу тәсіліне, антигеннің дозасына, уақыт аралығына, ағзаның жағдайына және қоршаған ортаға байланысты.
Аутоиммундық процестер
Клиникалық және экспериментальды көрсеткіштер өзгергіштік антигеніне қарсы иммунологиялық заттар (атителалар,сенсибилизацияланған лимфоциттер) өндіреді. Бұл жағдайды аутоиммундық реакция немесе аутоиммунитет, ал осы антигенге қарсы пайда болған аутоиммунды реакцияны аутоантиген деп атайды. Бұған «жасырын» деп аталынатын антиген жатады, яғни кейбір ағзалар мен ұлпалардың субстанциялары (көз жанары, қалқан бездері, сперма, май қабыршығы) жатады. Аутоиммундық процестер эмбрионогенез кезінде иммундық жүйемен жанаспаған, аутотолеранттылығы жоқ жағдайда жүреді.
Аутоантигендерге жауап ретінде синтезделінетін антителаларды аутоантителалар деп атайды. Аутоиммунды ауруларға ағзада аутоиммунды реакциялар шешуші роль немесе негізгі роль атқаратын ауруларға жатады. Соңғы кезде аутоиммунды ауру саны күрт жоғарылап кетті.
Л.Витобский (1961) аутоиммунды ауру деп санау үшін мынадай косплексті сипаттамалар белгілірі болуы қажет деп санайды.
- Аутоантителаның немесе аутосенсибилизацияланған лимфоциттердің болуы;
- Аутоиммунды реакция тудырушы аутоантигенді анықтап, сипаттау;
- Тиесілі аутоантигенді еккенде экспериментальды жағдайда аутоиммунды процестің жүруі;
Аутоиммунды аурудың жіктелуі; аутоиммунды аурулар патологиялық процестің жағдайына байланысты былай жіктеледі:
1) Бір ағзадағы бір немесе топ антигендерге синтезделінетін органоспецификалық немесе ұлпаспецификалық аутоантителалар;
2) Басқа түрдің немесе сол особтың ұлпаларының әр түрлі компоненттері әсер ететін системалық (генерацияланған) немесе бейорганоспецификалық аутоантитела;
3) Органоспецификалық және системалық ауру белгілері бар аралық аутоиммунды аурудың типі.
Аутоиммунды процестер көпшілік жағдайда хромосоманың бұзылуына әкеліп соғады. Көптеген авторлар аутоантителамен хромосомалық абберация арасында тікелей байланыс бар деп тапты. Мысалы, Даун ауруымен ауыратын ата-ананың балаларының көпшілігіне қалқан безінің функциясының бұзылғандығы және аутоантитела титрінің жоғары болатындығы аңғарылған.
Иммунитет формаларының пайда болуы
Микроорганизмдердің қандай агенттерге қарсы бағытталуына байланысты бактерияларға қарсы – антибактериалды, токсиндерге қарсы – антитоксиндік және вирустарға қарсы антивирусты болып бөлінеді. Бактериялардың адам ағзасына енгенде пайда болатын реакциялардың мынадай иммунологиялық сатылармен анықтайды:
Бірінші саты – қорғаныштық бейспецификалық сипатта жүреді. Бұл сатыда бактерия антигендеріне емес сырттан түскен бөгде дене ретінде бактерия клеткаларына бағытталған. Тері және кілегей қабатынан өткен бактерия клеткаларының әсерінен қарсы фагоциттер пайда болады, атап айтқанда олар полиморфо-ядролық лейкоциттер, қан құрамындағы моноциттер. Бактерия фагоцитозы опсониндардан, комплементтерден, фармокологиялық белсенді медиаторлар (брадикинин, калмикреин, простогландин), енген жердегі түтікті реакциялардан босанады. Бұл саты клетканы қорытып, ағза бактериялардан тазарумен тамамдалады.Сонымен бірге бұл кезең қанның ақ түйіршіктері комплементтердің толық деңгейіне, олардың субкомпоненттерінің қалыпты қызмет атқаруына байланысты.
Екінші саты – бейспецификалық реакциялар адаптивті реакциялармен жалғасады, яғни макрофагтардың берілуі арқылы антигендік тітіркенушілікке байланысты антителалар – иммуноглобулиндер түзіле бастайды. Қан сары суында пайда болған антитела бөгда антигенді спецификалық байланыстырып алып, оны залалсыздандырады. Бұл сатыда фагоцитоз антителамен белсенділенеді.
Қан сары суы плазматикалық клеткалары антитела түзумен қатар Т- лимфоцит клеткаларын қорғау ретінде әр түрлі медиаторлар – лимфокиндер синтездейді. Бұл кезеңнің қалыпты қызмет атқаруы В- және Т- лимфоциттер шығаратын жілік майы мен тимусқа байланысты.
Үшінші саты - бұл кезеңде бактерияларға қарсы қорғаныштық қасиет, яғни клетканың жедел және баяу жоғарғы сезімтелдылық феномені пайда болады.
Баяу жоғары сезімталдылық инфекциялық аурудың барлық түрінде пайда болады. Оның өзі кейбір жағдайда қорғаныштықтың индикаторлық көрсеткіші болады. Көпшілік кезеңде адаптивті иммунитет ертерек клетка негізінде (сезімталдылықтың баяу түрі) пайда болады, басқа кезде антитела түзу негізінде (мысалы, антитоксиндік иммунитет) жүреді.
3. Практикалық (семинарлық) сабақтардың тақырыбы мен орындауға арналған әдістемелік нұсқау
1-тақырып. Экологиялық таза өнім
4. СОӨЖ тапсырмалары мен олардың орындалу графигі
№
| Тапсырмалар
| Ұсынылатын әдебиет
| Тапсырманы тапсыру мерзімі
| Бақылау түрі
| Рейтинг-шкалаға сәйкес баллы
|
| Иммунология ғылымының негізгі салалары
Иммунитет жөніндегі ілім
|
| 1 апта
| коллоквиум
|
|
| Иммунитеттің табиғи физиологиялық фактары
|
| 2 апта
| коллоквиум
|
|
| Вирустар. Жоғары сатылы организмдердің вирустары. Вирустардың ашылуы.
|
| 3 апта
| коллоквиум
|
|
| Бактериялардың вирустары бактериофагтар
|
| 4 апта
| коллоквиум
|
|
| Фагоцитоз және пиноцитоз
|
| 5 апта
| коллоквиум
|
|
| Патоген микробтар жайлы түсінік
|
| 6 апта
| коллоквиум
|
|
| Адам және жануарлардың вирустық аурулары және оларға қарсы күрес. Тірі вакциналар
|
| 7 апта
|
коллоквиум
|
|
| Өсімдіктердің аурулары оларды тарататын қоздырғыштар
|
| 8 апта
| коллоквиум
|
|
| Вирустық гипатит
|
| 9 апта
| коллоквиум
|
|
| Иммунитет және иммунологиялық икемділік
|
| 10 апта
| коллоквиум
|
|
| Иммунитеттің фагоциттік жүйесі
|
| 11 апта
| коллоквиум
|
|
| Организмнің иммунологиялық икемділігі
|
| 12 апта
| коллоквиум
|
|
| Рак ауруының тарихы
|
| 13 апта
| коллоквиум
|
|
| Рактің түрлері мен белгіліері
|
| 14апта
| коллоквиум
|
|
| Рактің биологиясы
|
| 15 апта
| коллоквиум
|
| 5. СӨЖ тақырыбы мен орындауға арналған әдістемелік нұсқау
№
| Тақырыптар мазмұны
| Бақылау түрі
| Тапсырыс қабылдау уақыты
|
| Адам және жануарлардың вирустық аурулары және оларға қарсы күрес шаралары, вирустық гипатит түрлері. Полиомиелит, шешек, аусыл ауруларының антиденелері.
| Реферат
| 6 апта
|
| Фагтардың клетка иесімен қарым қатынасы мен өсіп өнуі. Лизогения ауруларды таратушы вирустар.
| Топтық жеке презентация
| 14 апта
| 6 Рубеждік бақылауға арналған тестілік сұрақтары
$$$0001
1.Иммунология жеке ғылым ретінде қай ғасырда дамыды?
А) V.ғ
В) VIII.ғ
C) XI.ғ
Д) XX.ғ
Е) XV.ғ
2.Иммунитет түзуге қатысатын орталық нерв жүйесі қандай қызмет атқарады?
А) тасымалдаушы
В) басқарушы және бағыттаушы
С) қорғаныштық
Д) түзуші
Е) барлық жауап дұрыс емес
3.Организмнің нашарлауы қандай тұздардың жетіспеуінен болады?
А) фосфор және кальций
В) магний және калий
С) темір және фосфор
Д) кальций және натрий
Е) фосфор және калий
4.Ағзалардың иммундық жауабы қандай жүйелер арқылы іске асады?
А) лимфацидті
В) иммуноцидті
С) лимфоидты
Д) иммунокомпанентті
Е) барлық жауап дұрыс емес
5.Лимфоид жүйесінің жіктелуі?
А) ішкі және сыртқы
В) орталық және шеткі
С) сыртқы және орталық
Д) ішкі және орталық
Е) шеткі және ішкі
6.Шеткі ағзалар қалай бөлінеді?
А) тимус,жілік майы,қан
В) тимус,фабрициус қалтасы,лимфа түйіні
С) лимфа түйіні,қан,қара бауыр
Д) жілік майы,қара бауыр,лимфа түйіні
Е) қара бауыр,лимфа түйіні,қан
7.Фабрициус қалтасының негізгі стуктуралық элементі
А) лимфоид ұлпалары
В) лимфа түйіні және қабат
С) лимфоид ұлпалары және қабық
Д) қабық және лимфа түйіні
Е) лимфоид ұлпалары және лимфа түйіні
8.Адамның жілік майында неше % ретикулярлы клетка болады?
А) 60-65%
В) 0,4%
С) 26%
Д) 1,5%
Е) 6-8 %
9.Лимфа бездері ұлпалардың қай қабатында орналасқан?
А) ішкі және сыртқы
В) ортаңғы және беткі
С) беткі және ішкі
Д) ішкі және ортаңғы
Е) сыртқы және беткі
10.Табиғи иммунитет калай пайда болады?
А) жұқпалы аурулар арқылы
В) өмір сүру барысында
С) жұқпалы ауралардың әсерінен
Д) организмнің иммунобиологиялық өзгеру және органдар мен ұлпалардың физиологиялық реакцияларының түзелу салдарынан
Е) барлық жауабы дұрыс емес
11.Тауық тырысқағы, күйдіргі,қотырма қоздырғышының әлсіз тәсілін тауып,оны спецификалық иммунизациялауға пайдаланған ғалым?
А) Джеймс Миллер
В) Луи Пастер
С) Ланштайнер
Д) Бернет
Е) Фарсман
12.Табиғи антигеннің молекула структурасы неше бөліктен тұрады?
А) үш
В) бес
С) төрт
Д) екі
Е) алты
13.Каньюктивті антиген анықтамасы?
А) химиялық затпен қосылысқан белок
В)әртүрлі жануарларда биологиялық тұрғыдан туыстығы жоқ жалпы антиген
С) ағзаның өзінің клеткалары мен ұлпаларына иммуногендік әсер ететін заттар
Д) Н – антиген бактерияларының талшығында болатын антиген
Е)құрамы жағынан бактериялардан айырмашылығы жоқ және күрделі антигендердің қасиеті бар антиген
14.Антитела дегеніміз не?
А) адам ағзасына енгенде қарсы денелер өндіретін және спецификалық иммунитеттік реакциялардың басқа түрлерімен жауап беретін,ағза үшін генетикалық жат заттар
В) кейбір жануарлардың басқа түр қоздырушы ауруды қабылдамауы
С) ағзаға белок енгенде түзілетін және олармен спецификалық қабілетті әсермен қосылатын белокты заттар
Д) ағзаның өзінің клеткалары мен ұлпаларына иммуногендік әсер ететін заттар
Е) барлық жауап дүрыс емес
15.Иммунизация жасалмаған және инфекциялық аурумен ауырмаған адамның қан сарысуында не болады?
А) антиген
В) эзотоксиндер
С) анотоксиндер
Д)иммуноциттер
Е) иммуноглобулиндер
16.Антителаның бивалентті бөлігі неше %?
А)30%
В)50%
С)60%
Д)80%
Е)70%
17.Иммуноглобулиндердің 5 класының дұрыс қатарын тап
А) IgM, IgT, IgA, IgG, IgE
B) IgA, IgE, Ig , IgS, IgM
C) IgM, IgG, IgE, IgT, IgA
Д) IgM, IgG, IgA, IgE, Ig
Е) IgM, IgG, IgS, IgA, IgE
18.Иммуноглобулиннің молекуласы неше тізбектен тұрады?
А) 5
В) 3
С) 2
Д) 4
Е) 6
19.Қанға түскен микробтар мен оның токсиндерін бейтараптайтын сарысу?
А) IgE
В) IgS
С) IgA
Д) IgG
Е) IgM
20.Қағаздағы хромотография тәсілімен Штауб және Фестфаль салмонелланың құрамынан дизоксисахарлардың 5 тобын анықтады.Сол топтың атауларының дұрыс қатарын тап.
А) абикоза, аскарилоза, калитоза, паратоза, тевилоза
В) абикоза, трактоза, калитоза, каритоза,паратоза
С) абикоза, калитоза,каритоза, аскарилоза, тевилоза
Д) калитоза,аскарилоза, трактоза, тевилоза, паратоза
Е) аскарилоза, каритоза, абикоза, паратоза,тевилоза
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| Д
| В
| А
| С
| В
| Е
| Д
| Д
| С
| Д
| В
| Д
| А
| С
| Е
| Д
| Д
| С
| С
| А
| 21)Орталық иммундік жүйенің органымен қай ағза болып табылады?
A. Тимус
B. Қара бауыр
C. Қан
D. Барлық жауап дұрыс
E. Лимфа түйіндері
22) «Иммунитет» латынша қандай мағына білдіреді?
Пайда болу
Сұрыпталу
Босап шығу,арылу,құтылу
Ену
Бүлдіргіш
23)1897жылы қай ғалым алғаш рет организмдегі иммундық реакцияның химиялық моделін яғни «бүйірлік тізбек» теориясын ұсынды?
Ф.Бернет
Л.Пастер
П.Эрлих
Н.Кай Ерне
И.Мечников
24)Өсімдіктер иммунитеті туралы ғылымның негізін салған кім?
И.Мечников
П.Эрлих
Ф.Бернет
Н.И Вавилов
Н.Кай Ерне
25)Өсімдіктер иммунитетінің формасын көрсетіңіз
Сортты иммунитет және түрлік иммунитет
Шешуші және қосымша
Активті және пассивті
Жасанды
Жұқпалы
26) Иммундік жүйенің басты торымен болып табылады.
A.Макрофаг
B.Полипепты ұңғылы тор
C.Дендрит тор
D.Лимфоцит
E. Тимоцит
27) Фабрицус қалтасы тауықтарда неше күнді эмбриональды кезеңде дамиды?
12-13
6-7
8-9
10-11
2-3
28) Фабрицус қалтасын алып тастаса,,,
Лимфоид ұлпалары болады
Т және В жүйеге бөлу мүмкіндік береді
Дамиды
Антитело синтездеу жойылады
Толық сақталып қалады
29) Табиғи иммунитет қандай түрге бөлінеді?
Тіршілік ету барысында
Туа пайда болу
Жасанды және пассивті
Белсенді және пассивті
Активті және пассивті
30)Антигендер қандай түрлерге болып бөлінеді?
Толық және толық емес
Жасанды және пассивті
Белсенді және пассивті
Активті және пассивті
Дұрыс жауап жоқ
31)Гетерогенді антигенді қай жылы және кім ашты?
Д.Форсман (1911)
Ф.Бернет (1959)
Н.И Вавилов (1920)
П.Эрлих (1921)
Н.Кай.Эрне (1930)
32)Қозғалғыш бактерияларда неше антиген болады?
33)Иммунологиялық толеранттылық тудыратын антигенді не деп атаймыз?
Толерогендер
Аутоиммунология
Реагендер
Антитело
Луи-Бар синдромы
34) Иммунологиялық толеранттылық латынша қандай мағына білдіреді
Сарысу
Төзу
Қарсы тұру
Боса шығу
Арылу
35) IgE-қайда кездеседі?
Реагиндер бұл қалыпты сарысуда өте аз мөлшерде кездеседі
Алғашқы 2-3 күндік сүттің құрамында өте көп кездеседі
Аллергиясы бар адамдарда кездеседі
Жануарларда кездеседі
Дұрыс жауап жоқ
36)IgA-қайда кездеседі?
Аллергиясы бар адамдарда кездеседі
Реагиндер бұл қалыпты сарысуда өте аз мөлшерде кездеседі
Алғашқы 2-3 күндік сүттің құрамында өте көп кездеседі
Жануарларда кездеседі
Алғашқы 2-3 күндік сүттің құрамында өте аз кездеседі
37)Иммуноглобулиндердің молекуласы 2 ұқсас емес қандай тізбектен тұрады?
Полипептидті
Қос тізбекті(Н-ауыр)- Жеңіл қос тізбекті(1L)
H-L
Пептидті
Дұрыс жауабы жоқ
38)Иммуноглобулиндер физикалық/химиялық байланысына қарай неше классқа бөлінеді?
39)Туылған балалардың сүттен 1 күнде неше м2 IgA түсіп ішектің қабырғасын жабады?
2000 м2
500 м2
1000 м2
4000 м2
100 м2
40)Антителолар термолябилер заттар, олар неше сағат аралығында және неше градуста дейструкцияланады?
1сағ.70◦С
2сағ.10◦С
5сағ.20◦С
6сағ.30◦С
1сағ.60◦С
Жауап кілті:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| A
| С
| С
| D
| A
| D
| A
| D
| D
| A
| A
| B
| A
| B
| A
| C
| B
| A
| C
| A
|
41 Нешінші жылы неміс ғалымы П.Эрлих (1854 – 1915) алғаш рет “бүйірлі тізбек теориясын” ұсынды.
A.1897ж
B.1959ж
C.1892ж
D.1902ж
E.1889ж
42.Организмнің зиянды микробтар енуіне қарсы тұра алатын ерекше бейімделушілігін не деп атайды?
A.Жұқпалы ауруға қарсы
B. ағзаның табиғи төзімділігі
C.Ауруды болдырмау
D.Иммунитет күші
E.Белсенді иммунитет
43. Туған күнінен бастап, өзінің барлық тіршілік ету кезеңдерінде түзілетін ағзаның қарсы тұру қабілеттілігін не деп атаймыз?
A. туа пайда болған иммунитет
B. жүре пайда болатын иммунитет
C.жасанды иммунитет
D. ағзаның табиғи төзімділігі
E.Иммунитет күші
44.Иммунитет құбылысын жан-жақты зерттеуде кай галымдардын еңбектеринин маңызы зор болды?
A. П.Эрлих, И. Мечников
B. Н.Кай Ерне,Л.Пастер
C. Л.Пастер, И. Мечников
D.Н.И. Вавилов,П.Эрлих
E.Л.Пастер, Ф.Бернет
45.Н.И. Вавилов өсімдіктер иммунитетнің неше формасын аныктады.
A.1
B.5
C.9
D.2
E.3
46. Іштен туа біткен иммунитеттің негізгі жасушалары:
A. цитокин дер,, моноциттер
B. интерлейкиндер
C. макрофагтар, цитокин дер
D. нейтрофил дер
E. макрофагтар, моноциттер,нейтрофил дер
47. Кұрсақ куысының жоғары бөлігінің сол жағындағы 9-11 қабырғалардың тұсында орналасқан сыңар мүше:
A. Көкбауыр
B. Сүйек кемігі
C. Лимфа түйіндері
D. Кемік майы
E. лимфа безі
48. Адам денесінде бір тәулікте шамамен неше литр лимфа түзіледі
A.1л
B.3-4л
C.5л
D. 2-4 л
E.0,1л
49. Фагоциттің фагоцитоз объектісіне жақындауы.
A. Фагосома
B. лизосома
C. күрделі заттар
D. лимфа безі
E. Хемотаксис
50. Антиденелерді В-лимфоциттерден пайда болатын не зат бөліп шығарады?
A. плазмоциттер
B. моноциттер
C. нейтрофил дер
D. Т-лимфоцйттер
E. интерлейкиндер
51. Иммундік жауаптың себепкері не болып табылады?
A. полисахарид
B. антиген
C. белок
D. липидтер
E. полисахаридтер
52. Ауруды болдырмау үшін алдын ала егудің немесе биологиялық препараттар енгізудің нәтижесінде түзілген иммунитет:
A. жасанды иммунитет
B. жүре пайда болатын иммунитет
C. Иммунитет күші
D. туа пайда болған иммунитет
E. Жұқпалы ауруға қарсы
53. Лимфо түйіндері тек неше айдан соң түзіледі.
A.2ай
B.4ай
C.1ай
D.3ай
E.8ай
54. Ретикулярлы стромадан құралады
A. лимфа безі
B. Көкбауыр
C. Сүйек кемігі
D. Антигенді көктамыр
E. Кемік майы
55. Антигеннің генетикалық өзгешелігін көрсететін ұғым
A. Антигендік
B. Бөгделік
C. Ерекшелік
D. Иммуногендік
E. Антигендік, ерекшелік
56. жануардың қай түрге жататындығын, оның генетикалық айырмашылығын анықтайтын ерекшелік.
A. Түраралық ерекшелік
B. Топ рекшелік
C. Иммуногендік
D. Ерекшелік
E. Антигендік, ерекшелік
57. Фагосома мен лизосоманың қосылып не түзеди
A. Фагоциттел
B. Түйіршіктің қорытылуы
C. Хемотаксис
D. фаголизосома
E. лизосома
58. Макрофагтарды кандай жасушалар деп атайды.
A. Т-көмекшілер
B. А-жасушалар
C. Хемотаксис
D. фаголизосома
E. лизосома
59. Ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын және генетикалық тұтастығын қамтамасыз ететин
A. Иммундық мүшелер
B. Иммунитет
C. Сүйек кемігі
D. Иммундық жүйе
E. Лимфа түйіндері
60. Жоғары сатыдағы жануарлар иммунитетті ұрпағына плацента арқылы береді бұл кандай иммунитет
A. трансплацентарлық
B. Гемохорионт
C. хорионы
D. десмохорионд
E. коластралъд
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| А
| В
| В
| С
| Д
| Е
| А
| Д
| Е
| А
| В
| А
| Д
| С
| В
| А
| Д
| В
| А
| А
|
61.Организмнің белгілі бір антигенге иммундық жауабының болмауы.
A.Антигенділік
B.Антигеннің спецификалығы
C.Иммундық тапшылық
D.Иммунологиялық толеранттылық.
Е.Иммундық есте саұтау
62. Ағзаға белок енгенде түзілетін және олармен спецификалық қабілеті әсерімен қосылатын белокты заттар.
A.Антителар.
B.Антигендер
C. Қан сарысуы
D.Каньюктивті антиген
E Детерминанттық топ
63.Өсімдік және жануарлар белогы,бактерия,вирустар,кейбір бактерияның экзотоксиндері микроб полисахаридтері,рибосомалар,митохондриялар қай топқа жатады?
A.Толық антиген.
B.Толық емес антиген C.Каньюктивті антиген D.Аутоантиген E.Гетерогенді антиген
64.Иммунологиялық толеранттылық пайда болуы үшін не қатысады?
A.Т- және В- лимфоцит системасы.
В.Иммуноглобулиндер
С.Антителалар
D.Каньюктивті антигендер
E.Гетерогенді антигендер
65.Қай антиген Соматикалық деп аталады?
A.Каньюктивті антиген
В.О антиген.
С.Гетерогенді антиген
D.Н антиген
E.Аутоантиген
66.Рецессивті комбинацияланған формадағы иммундық тапшылық деп аталатын қай аутосомдар
A.Даун синдромы
В.Луи Бар синдромы.
С.Патау синдромы
D.Шершевский-Тернер синдромы
E.Клайнфельтер синдромы
67.Аутоиммунды аурулар потологиялық процестердің жағдайына байланысты нешеге жіктеледі?
A.5
B.4
C.3.
D.2
E.6
68.Қандай ауру жағдайында адам ағзасы иммунизацияның вакциналаушы дозасын қабылдамайды?
A.Даун синдромы
B.Анеуплаидия
C.Луй бар синдромы
D.Иммунологиялық паралич.
E.Патау синдромы
69.Адам ағзасына бактери енгенде пайда болатын реакция неше сатымен анықталады?
A.6
B.5
C.4
D.3.
E.2
70.Аутоиммунды аурулардың 3 белгісін көрсеткен ғалым
A.Л.Пастер
B Д.Менделеев
C.И.Мечников
D.Дж.Миллер
E Л.Витопский.
71.Иммунизация жасалмаған,инфекциялық аурумен ауырмаған адамның қан сары суында кездесетін зат.
A.Иммуноглобулиндер.
B.Каньюктивті антиген
C.Аутоантиген
D.Т- және В- лимфоциттер
E.Гетерогенді антиген
72.Ig A неше түрі бар?
A.3
B.4
C.5
D.2.
E.6
73. «Талшықты антиген» деп қай антигенді атайды?
A.Гетерогенді антиген
B.О антиген
C.Н антиген.
D.Соматикалық антиген
E.Аутоантиген
74.Гетерогенді антигенді қай ғалым ойлап тапты?
A.И.Мечников
B.Дж.Миллер
C.И:Сеченов
D.Д.Форсман.
E.И.Ваволов
75.Капсулалы антиген неден тұрады?
A.Қанттан.
B.Белоктан
C.Майдан
D.Көмірсудан
E.Витаминдерден
76.Қанға түскен микробтар мен оның токсиндерін бейтараптайтын иммуноглобулин.
A.Ig M
B.Сарысулы Ig A.
C.Ig E
D.Секреторлы Ig A
E.Ig G
77.Иммуноглобулиннің молекуласы неше тізбектен тұрады?
A.4
B.5
C.1
D.3
E.2.
78.Іш сүзегі салманелласының веруленді штамынан қандай антиген бөлініп алынды?
A.Vi антиген.
B. О антиген
C. Н антиген
D. Капсулалы антиген
E.Протективті антиген
79.Қағаздағы хромотография тәсілімен Салмонелланың құрамынан дезоксисахарлардың 5 тобын анықтаған ғалым.
A. И:Сеченов
B. И.Ваволов
C. Дж.Миллер
D. Штоув Фест Фаль.
E. И.Мечников
80.Толық емес антигенге не жетады?
A. Полисахарид
B. Белок
C. Липид.
D. Моносахарид
E.Лактоза
81. «Гаптен» деген терминді ашқан ғалым.
A. Дж.Миллер 1985ж
B. И.Мечников 1954ж
C. И.Ваволов 1965ж
D. И:Сеченов 1978ж
E. К.Ланштайнер 1936ж.
82.Антителаның неше пайызы биваленттен тұрады?
A. 90
B. 70
C. 60
D. 80.
E.40
83.Аллергиясы бар адамдарда қай иммуноглобулин үнемі кездеседі?
A. Ig M
B. Ig G
C. Ig E.
D. Секреторлы Ig A
E. Сарысулы Ig A
84.Бірнеше ай,жылдан кейін қайталап иммунизациялаған кезде ағза гомологиялық немесе гетерологиялық антигендерге иммуноглобулин бөлу арқылы жауап қайтаруы қандай реакция болып табылады?
A. Екіншілік иммундық жауап.
B. Иммунологиялық толеранттылық
C. Иммундық есте сақтау
D. Жүре пайда болатын екіншілік иммундық тапшылық
E.Аутоиммундық реакция
85.Антителаның неше пайызы моновалентті?
A. 70
B. 20.
C. 30
D. 80
E. 50
86.Ig A қай тағамның құрамында көп кездеседі?
A. Сүттің.
B. Алманың
C. Орамжапырақтың
D. Нанның
E. Қызылшаның
87.Антигенді тітіркену пайда болғаннан кейін индуктивті кезең неше күннен кейін пайда болады?
A. 1-4 күннен кейін.
B.9-10 күннен кейін
C.10-15 күннен кейін
D. 7-11 күннен кейін
E. 20-25 күннен кейін
88.Иммунологиялық толеранттылық қандай жағдайда өз күшін жояды?
A. Антиген кеткенде.
B. Ig E пайда болған кезде
C.О антиген енгенде
D. Иммуноглобулин енгенде
E. Антиген енгенде
89.Антителаның қанша түрі бар?
A. 5.
B. 6
C. 7
D. 8
E. 4
90.Қозғалғыш бактерияда неше антиген болады?
A. 5
B. 2.
C. 6
D. 3
E. 4
91.Жануарлады бактерия клеткасымен иммунизациялаған кезде қан сарысуында не пайда болады?
A. Н антитела
B. Ig E
C. O антитела.
D. Н антиген
E. Ig A
92.О антиген табиғаты жағынан қандай комплекс болып табылады?
A. Моносахарид қалдықтары
B. трипсин
C. Нейропептид
D. Глицидоллипид протеин.
E. пентапептид
93.Секреторлы Ig A қай жерде кездеседі?
A.Безде
B. Қарында
C. Сілекейде.
D. Бауырда
E. Бүйректе
94.О антигенін кімдер анықтады?
A. Мес Робиан,Абуавен.
B. И.Сеченов,И.Мечников
C. Дж.Миллер,И.Вавилов
D. Штауов Фесть Фаль,К Ланштайнер
E. Л.Пастер,Р.Гук
95.Антителаны стимуляциядан кейін,иммунизациядан кейін бірінші пайда болатын иммуноглобулин?
A. Ig M
B. Ig G
C. Ig E.
D. Секреторлы Ig A
E. Сарысулы Ig A
96. Клиникалық және эксперименталдық көрсеткіштер өзгергіштік антигеніне қарсы иммундық заттар өндіруі қандай жағдай болып табылады?
A. Иммундық тапшылық
B.Иммунологиялық толераннтылық
C.Біріншілік иммундық жауап
D. Иммундық есте сақтау
E. Аутоиммундық реакция.
97.Антителалар төменгі температурада қай спирттің әсерінен денатурацияланбайды?
A. Бутил спирті
B. Этил спирті.
C. Бензил спирті
D.Метил спирті
E. Фурил спирті
98. «Тolerantia» сөзі латыншадан қандай мағынаны береді?
A. Кері
B. Қайталау
C.Төзу.
D. Бөлу
E. Жауап
99.Күйдіргі мен обаға қарсы қай антиген қолданылады?
A.Vi антиген
B. О антиген
C. Н антиген
D. Капсулалы антиген
E.Протективті антиген.
100.Талшықты антиген неден тұрады?
A. Белоктан.
B. Майдан
C. Көмірсудан
D.Қышқылдан
E. Қанттан
7. Пәннің емтихан сұрақтары
1.
1. Мамандандырылған және зертханалық жабдықтармен білім беру үдерісінің қамтамасыз етілуі туралы мәліметтер
№ р/с
| Мамандандырылған аудитория, кабинеттер, зертханалық, шеберханалық және басқалардың тізбесі
|
| .№ 411
|
| Микробиологиялық зертханасы ауд.№ 115
|
| Қашықтықтан оқыту кабинеті ауд.№ 261
|
| Компьютерлік сынып, ауд.№ 262
|
МАЗМҰНЫ
Глоссарий………………………………………………………………………………
|
| 1. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ — SYLLABUS................................................
|
| 1.1 Оқытушы жөнінде мәліметтер……………………………......…….......................
|
| 1.2 Пән туралы мәліметтер………………………………………………….................
|
| 1.3 Пререквизиттер……………………………………………………….………........
|
| 1.4 Постреквизиттер……………………………………………………………….......
|
| 1.5 Пәннің қысқаша сипаттамасы………………………......……………………........
|
| 1.6 Курстың тақырыптық жоспары..............................................................................
|
| 1.7 СӨЖ бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі..........................
|
| 1.8 Әдебиеттер тізімі......…………………………………………………........
|
| 1.9 Бағалау бойынша ақпарат…………………………………………….......
|
| 1.10 Курс саясаты және процедурасы………………………………..............
|
| 2. Дәріс сабақтары...........................................................................................................
|
| 3. Практикалық тапсырмаларды орындау туралы әдістемелік нұсқаулар мен тақырыптар ……….........................................................................................................
|
| 4. СОӨЖ тапсырмалары мен олардың орындалу графигі..........................................
|
| 5. СӨЖ тақырыбы мен орындауға арналған әдістемелік нұсқау................................
|
| 6 Рубеждік бақылауға арналған тестілік сұрақтары.....................................................
|
| 7. Пәннің емтихан сұрақтары........................................................................................
|
| 8. Мамандандырылған және зертханалық жабдықтармен білім беру үдерісінің қамтамасыз етілуі туралы мәліметтер
|
|
Х. ДОСМУХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ
Дата добавления: 2015-02-06 | Просмотры: 4746 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
|