Конъюктивті антиген
Конъюктивті антиген- бұл химилық затпен (бром, иод және т.б.) қосылысқан белок. К.Ландштайнер жануарларды тауық сары суынан алынған тест-антигенмен және жылқы сары суын конъюктивтеген антигенмен және жылқы сары суын конъюктивтелген антигенмен иммунизациялады. Бұл тәсілдің көмегімен реакциялардың спецификалық антиген-антитела екендігін анықтауға мүмкіндік береді.
Тежеу реакциясы. Егерде антисары суға қарсы конъюгацияланған антигенді прециптация реакциялары алдында химиялық затпен (гаптен) өңдесе, онда реакциялар жүрмейді. Өйткені, спецификалық антителаны гаптен өзіне қосып алып, конъюктивтелген тест-антиген преципитацияланбай қалады.
Аутонтигендер. Бұл ағзалы антигендер. Ағзаның өзінің клеткалары мен ұлпаларына иммуногендік әсер ететін заттар. Бұндай қасиеттер көз жанарында, сперматозоидтар, май, бүйрек, тері-ұлпаларында т.б. болады. Әдетте бұл антигендер антитела түзетін механизммен әрекеттеспейді. Бұндай ұлпалардың зақымдануы аутоантиген макромолекуласын көп мөлшерде беруге немесе олардың экзогенді заттар комплексін түзетуіне әкеліп согғады. Бұндай жағдайда микроағзалар осындай микромолекулаға қарсы антитела синтездей бастайды.
Гетерогенді антигендер. Әр түрлі жануарларда биологиялық тұрғыдан туыстығы жоқ жалпы антигендер болады. Бұндай антигенді гетерогенді антиген деп атайды. Бұл антигенді Д.Форсман (1911 ж.) ашты. Ол май, бүйір, бауыр ұлпаларын иммунизациялап, оның қан сары суынан қой эритроцитынан гемолизин тапты. Қой эритроцитына гемолизин түзуші гетерогенді антигендер жылқының сары суында, мысықтың эритроцитында және т.б. жануарларында болады.
Изоантигендер. Изоантигендер (isos- біркелкі), бұл жануарлардың бір түрінде болып, осы түрдегі жататын екінші лерінде болмауы мүмкін. П.Эрлих және Моргенрот (1900 ж) ешкіні ешкі эритроцитімен иммунизациялағанда антигеннің пайда болғанын бірінші рет тапты. Осы жолмен алынған изогемолизиндер ешкі, сиыр эритроциттары ерітетіндігін және иммунизацияға пайдаланатындығы анықталды. Ешкінікіндей изогемолизиндер өгіздеоден, қояндардан, мысықтардан, иттерден табылды. Адам эритроцитінде екі антиген болады: А,В, ал сары суында – екі антитела: а, в болады.
Микроб клеткасының антигендік структурасы
Бактериия клеткалары антигеннің күрделі бөлігін құрайды. Олар жоғары молекулалы белокты қосылыстар, биологиялық белсенді спецификалық полисахаридтер және т.б химиялық қосылыстар. Спецификалық бактерия полисахаридтер құрамына – амин тобына жататын қанттар, моносахаридтер қалдықтары, спирттер қалдығы т.б кіреді.
Қозғалғыш бактерияларда екі антиген болады: О-антиген және Н-антиген. О-антиген микроб денесіиен байланысты, сондықтан оны соматикалық деп атайды. Жануарларды бактерия клеткасымен (О-антиген) иммунизацияланған кезде қан сары суында майда денешік агглютинация түзетін О-антитела пайда болады. О-антиген табиғаты жағынан глицидо-липидті-протеинді комплекс.
Оны А.Буавен және И.Месробеан сүзек және қылау бактерияларының үш хлорлы сірке қышықылымен суықта өңдеп, спиртпен тұнбаға түсіру арқылы алынған.
Н-антиген бактериялардың талшығында болатындықтан оны талшықты антиген деп атайды. Ол темролябильді, ірі мақташық, шашраңқы конгломератты агглютинация түзеді. Н-антитела түзеді. Талшықты антиген табиғаты бойынша белоктан тұрады. Оны трепсинмен өңдеу арқылы да бұзуға болады. Нәтижесінде антитела түзу және спецификалық антителамен әсерлесу қабілеттерімен ерекшеленеді.
Ішсүзегі сальмонелласының вирулентті штаммынан термо-тұрақты, полисахаридтті Vi - антигені бөлініп алынады. Slr pneumonia-ның антигендік спецификасы капсуламен байланысты. Капсулалы антиген күрделі қанттардан тұрады ол оларды сероварларға бөлуге мүмкіндік береді. Мысалы Slr aureus-тың 80-нен астам серовары болады. E.coli – да беткі қабатты (капсулалы) К-антиген бар екендігі анықталды. Ол клетка қабығымен капсуласында орналасқан. Жоғары темпертураға төзімталдығына байланысты термолябильді (L, B) және (А, М) антигендер болып бөлінеді.
S-формадағы бактериялардың толық соматикалық антигені полисахаридті гаптен түзеді. Ол түр спецификалығын беріп тұрады; сол түрдегі бактериялар R-формаға өткенде спецификалық полисахаридті жоғалтып түрдің ашық түсін бермейді. Антигендік структураның осындай қасиеттерінің барлығы инфекциялық аурулардың серодиогностикасында, вакцина және сарысу өндіруде есептелінеді.
Бактерияларда протективті антиген болатындығы анықталған. Олар күйдіргі карбункуласында экссудатынан табылған. Оладың күйдіргі бациласын жануарлар ұлпасында немесе арнайы синтетикалық қоректік ортада өсіріп бөліп алуға болады. Протективті антигендер жоғары деңгейдегі сақтандырғыштық қасиеті болады және практикады күйдіргі мен обаға қарсы иммунизацияға пайдаланады. Осы тектес заттар көкжөтел, сарып, туляремия қоздырғышынан табылды.
Микроб токсиндерінде антигендік қасиет тән. Экзотоксиндер клеткадан тыс антиген ретінде қаралады. Температурамен әсерлеген және формалинмен өңделген экзотоксиндер өзінің улық қасиетін толық сақтап қалады; оларды антикоксиндер деп атайды. Сонымен қатар, бактериялардың кірпікшелері (пили), мембраналары, цитоплазмалары және ферменттері де антигендік қаситеке ие. Химиялық жолмен алынған синтетикалық полипептидте антитела түзу қабаты бар синтетикалық антигендер кездеседі.
Риккетсиялар антигені. Риккетсиялар құрамы жағынан бактериялардан айырмашылығы жоқ және күрделі антигендердің қасиеті бар. Олар түр спецификасына және сероварларға бөлінеді. Сондай-ақ, белгілі антигеннің көмегімен жануарлармен адамдар қан сарысуынан антитела анықтауға болады.
Дата добавления: 2015-02-06 | Просмотры: 1090 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
|