Байболова П.П - 529-2 ОМ
Бөртпе сүзегі 13
1. Розеолезді-петехиальді бөртпе қай аурудың клиникалық белгісі болып табылады:
* іш сүзегі
* псевдотуберкулез
* менингококктыинфекция
* инфекциялық мононуклеоз
*+эпидемиялық бөртпе сүзегі
2. Эпидемиологиялық бөртпе сүзегінің лабораторлық диагностикасында қолданылады:
* қоздырғыш гемодақылын бөлу
* тері ішілік аллергиялық сынама
*+комплементті байланысту реакциясы
* агглютинация реакциясы
* биологиялық сынама
3. Эпидемиологиялық бөртпе сүзегінің емінде қолданылатын ең тиімді этиотропты дәрі:
* азитромицин
* пенициллин
* цефтриаксон
*+доксициклин
* амикацин
4. Эпидемиологиялық бөртпе сүзегімен ауыратын науқастардың этиотропты емінің ұзақтығы:
* аурудың 25-ші күніне дейін
* көк бауыр көлемдерінің қалыптасуына дейін
*+қалыпты температураның 2-ші күніне дейін
* гемограмма және биохимиялық көрсеткіштерінің қалыптасуына дейін
* бактериологиялық зерттеулердің теріс нәтижелерін алғанға дейін
5. Брилль-Цинссер ауруы – бұл:
*+эпидемиялық бөртпе сүзегінің эндогенді рецидиві
* эпидемиялық бөртпе сүзегінің суперинфекциясы
* субклиникалық эпидемиялық бөртпе сүзегі
* эпидемиялық бөртпе сүзегінің коинфекциясы
* эпидемиялық бөртпе сүзегінің реинфекциясы
6. 47 жастағы ер адам 4 күн бойы ауырады. Бас ауыруына, әлсіздікке, дене қызуының 39,0ºС-қа дейін жоғарылауына, ұйқысыздыққа шағымданады. Анамнезде: ұзақ сапарға жүретін жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Эйфориялы, қозған. Беті қызарған. Склера тамырдары инъекцияланған. Дене мен аяқ-қолдарында көп мөлшерлі розеолезді-петехиальді бөртпе. Жүрек тондары бәсеңдеген, тахикардия. Тонометр орнында петехиялар пайда болған. Ең ықтимал диагноз?
* грипп
* лептоспироз
* іш сүзегі
* кенелік бөртпе сүзегі
*+эпидемиялық бөртпе сүзегі
7. «Эпидемиялық бөртпе сүзегі» диагнозы қойылған науқастың тілін қарап тексергенде, тілін ауызынан қиналып қималмен шығарады, тілі дірілдейді, төменгі еріннен арығарай шығара алмайды. Қандай симптом сипатталған?
*+Говоров-Годелье симптомы
* Киари-Авцын симптомы
* Филиппович симптомы
* Стефанский симптомы
* Падалка симптомы
8. 47 жастағы ер адам 4 күн бойы ауырады. Бас ауыруына, әлсіздікке, дене қызуының 39,0ºС-қа дейін жоғарылауына, ұйқысыздыққа шағымданады. Анамнезде: ұзақ сапарға жүретін жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Эйфориялы, қозған. Беті қызарған. Склера тамырдары инъекцияланған. Дене мен аяқ-қолдарында көп мөлшерлі розеолезді-петехиальді бөртпе. Жүрек тондары бәсеңдеген, тахикардия. Тонометр орнында петехиялар пайда болған. «Эпидемиялық бөртпе сүзегі» диагнозы қойылды. Этиотропты ем мақсатымен тағайындалатын дәрі:
* цифран
* пенициллин
* цефтриаксон
* азитромицин
*+доксициклин
9. Қай жұқпалы ауруға розеолезді-петехиальді бөртпе, жоғары қызба, қозу, эйфориялығы, гепатоспленомегалия тән?
* А парасүзегі
* лептоспироз
* іш сүзегі
* кенелік бөртпе сүзегі
*+эпидемиялық бөртпе сүзегі
10. Жұқпалы ауруханада науқасқа «Эпидемиялық бөртпе сүзегі» болжама диагнозы қойылды. Диагноз дәлелдеу үшін қандай зерттеу әдісін қолдану керек?
* нәжісті бактериологиялық зерттеу
* тері ішілік аллергиялық сынама
*+комплементті байланысту реакциясы
* полимеразді-тізбектік реакция
* биологиялық сынама
11. Эпидемиялық бөртпе сүзегі бойынша қатынаста болған адамдардың медициналық бақылауы мен күнделікті термометриясының ұзақтығы (ҚР ДСМ «ҚР-да бөртпе сүзегі мен Брилл ауруын алдын алу бойынша шараларды күшейту туралы» № 622 бұйрығына (28.06.2002 ж.)» сай):
* 14 күн
* 20 күн
*+25 күн
* 30 күн
* 40 күн
12. Эпидемиялық бөртпе сүзегі кезіндегі антибактериалды емнің ұзақтығы (ҚР ДСМ «ҚР-да бөртпе сүзегі мен Брилл ауруын алдын алу бойынша шараларды күшейту туралы» № 622 бұйрығына (28.06.2002 ж.)» сай):
* дене қызуы қалыптасқанға дейін
* қалыпты температураның 2-ші күніне дейін
*+қалыпты температураның 5-ші күніне дейін
* қалыпты температураның 8-ші күніне дейін
* қалыпты температураның 10-ші күніне дейін
13. ҚР ДСМ «ҚР-да бөртпе сүзегі мен Брилл ауруын алдын алу бойынша шараларды күшейту туралы» № 622 бұйрығына (28.06.2002 ж.) сай» эпидемиялық бөртпе сүзегімен ауырған науқастарды толық анықтау мақсатымен серологиялық әдіспен тексерілетін адамдар:
* бөртпесі бар
* менингоэнцефалиті бар
*+5 күннен астам қызбасы бар
* жайылмалы лимфаденопатиясы бар
* артрит пен қызбасы бар
Кенелік бөртпе 10
14. Кенелік бөртпелі сүзектің қоздырғышына жатады:
* вирус
* бактерия
*+риккетсия
* құрттар
* қарапайымдылар
15. Кенелік бөртпелі сүзектің берілу механизмі:
* ауалы-тамшылы
* фекальды-оральды
* парентеральды
*+трансмиссивті
* жыныстық
16. Кенелік бөртпелі сүзекке жатады:
* көрудің нашарлауы
* іштегі ауру сезімі
* жұтынудың қиындауы
* диарея
*+макуло-папулезды бөртпе
17. Кенелік бөртпелі сүзектің лабораторлы диагностикалау әдісі:
* биологиялық
* молекулярлық
*+серологиялық
* аллергологиялық
* бактериологиялық
18. Кенелік бөртпелі сүзекті этиотропты емдеуде қолданылады:
*+тетрациклиндер
* нитрофурандар
* цефалоспориндер
* аминогликозидтер
* сульфаниламидтер
19. 19 жастағы ер едам, Петропавл қаласының тұрғыны, 12.04 ауырып қалды. повысилась дене температурасы 39˚С қа дейін көтерілгенде, жалпы әлсіздік пайда болды, 15.04 бөртпе пайда болды. Қарап тексергенде: денесінде және аяқтарында көптеген дақты-папулезды бөртпе. Желкесінде қабыршақпен қапталған папула бар. Артқы мойнында ұлғайған сезімтал лимфа түйіндері пальпацияланады. Эпид.анамнез: 08.04 желке аймағынан жабысып тұрған кенені алған. Сіздің болжама диагнозыңыз:
* эпидемиялық бөртпелі сүзек
*+кенелік бөртпелі сүзек
* Ку қызбасы
* іш сүзек
* псевдотуберкулез
20. 19 жастағы ер адам, Петропавл қаласының тұрғыны. Ауруының 4-ші күні жалпы әлсіздікке, дене температурасы 39˚С қа дейін көтерілуі, терісіндегі бөртпелерге шагымданып келді. Эпид.анамнез: ауруының 3 күніне дейін желке аймағынан кенені алған.Болжам диагноз «Кенелік бөртпелі сүзек». Қандай зерттеу жасау қажет?
* ТГАР
*+КБР
* АР
* ТЕГАР
* ПТР
21. 19 жастағы науқасқа «Кенелік бөртпелі сүзек» болжама диагнозы қойылды. Қандай этиотропты препарат тиімдірек болып табылады:
*+доксициклин
* пенициллин
* делагил
* интерферон
* фуразолидон
22. 45 жастағы ер адам, Павлодар облысының тұрғыны, 30 мамыр күні ауырып қалды, бас ауруы,жалпы әлсіздік, бұлшық еттердегі ауру сезімі,дене температурасының 39˚С қа дейін көтерілу шағымдары бар. 03 маусымда бөртпе пайда болды. Қарап тексергенде:кеудесінде және аяғында ашық, көптеген, дақты-папулезды бөртпе. Сол жақ шап аймағында лимфа түйіндері ұлғайған, сезімтал пальпацияланады. Оң жақ жамбастың ішкі бетінде қабыршақпен қапталған папула байқалады. Эпид.анамнез: ауруынан бір апта бұрын оң жақ жамбасынан кенені алған. Сіздің болжам диагнозыңыз:
* эпидемиялық бөртпе сүзек
*+кенелік бөртпе сүзек
* псевдотуберкулез
* іш сүзегі
* Ку қызбасы
23. Кенелік бөртпелі сүзекке тән бөртпе:
* розеолезды
* везикулезды
* папулезды
* ұсақ нүктелі
*+розеолезды-папулезды
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 1055 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
|