АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

ГЛПС 10

88. Бүйректік синдроммен өтетін геморрагиялық қызбаға тән симптом:

*+петехиальді бөртпе

* көк бауырдың ұлғаюы

* бұлшық еттердің ауыру сезімі

* шүйде бұлшық еттерінің кернеуі

* сарғаю

89. 40 жастағы ер адамға «Бүйректік синдроммен өтетін геморрагиялық қызба, орташа ауырлықта» диагнозы қойылды. Қай симптом осы ауруға тән?

* тері жабындыларының бозаруы

*+беттің қызаруы және ісінуі

* терінің сарғаюы

* тершеңдік

* диплопия

90. 38 жастағы ер адам, аңшы, жедел ауырып бастаған, жоғары қызба, бел аймағындағы ауыру сезімі, олигурия, петехиальді бөртпе байқалады. Ықтимал диагноз?

*+бүйректік синдроммен өтетін геморрагиялық қызба

* Конго­-Қырымдық геморрагиялық қызба

* оба

* листериоз

* иерсиниоз

91. Бүйректік синдроммен өтетін геморрагиялық қызбаның негізгі инфекция көзі:

*+кеміргіштер

* ірі қара мал

* ұсақ қара мал

* шошқа

* науқас адам

92. 45 жастағы ер адам, Батыс-Қазақстан обылысының тұрғыны, аурудың 5-ші күні ауруханаға түсті. Ауру жедел басталған, жоғары қызба, әлсіздік, бел аймағындағы ауыру сезімі мазалаған. Амбулаторлық жағдайда емделген. Қарап тексергенде: беті ісінген, қызарған, склерит, конъюнктивит, инъекция орындарында гематомалар анықталады, қолтық аймақстарында петехиальді бөртпе анықталады. Диурез күрт азайған, қандағы азот қалдықтарының деңгейі жоғарылаған. Науқаста қандай асқыну дамыған?

*+жедел бүйрек жетіспеушілігі

* іріңді менингит

* жедел бауыр жетіспеушілігі

* ішек жарасының тесілуі

* паранефрит

93. 45 жастағы ер адам, Батыс-Қазақстан обылысының тұрғыны, аурудың 5-ші күні ауруханаға түсті. Ауру жедел басталған, жоғары қызба, әлсіздік, бел аймағындағы ауыру сезімі мазалаған. Амбулаторлық жағдайда емделген. Қарап тексергенде: беті ісінген, қызарған, склерит, конъюнктивит, инъекция орындарында гематомалар анықталады, қолтық аймақстарында петехиальді бөртпе анықталады, аңқада - фарингит. Гепатомегалия. Бел аймағына соққылау екі жақтан ауыру сезімді. Болжам диагноз?

* иерсиниоз

* листериоз

* оба

*+бүйректік синдроммен өтетін геморрагиялық қызба

* конго-қырымдық геморрагиялық қызба

94. 40 жастағы ер адамға «Бүйректік синдроммен өтетін геморрагиялық қызба, орташа ауырлықта» диагнозы қойылды. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай лабораторлық диагностика әдісін жүргізу қажет?

* микроскопиялық

* бактериологиялық

*+серологиялық

* биологиялық

* аспаптық

95. Бүйректік синдроммен өтетін геморрагиялық қызбаға тән гемограммадағы өзгерістер:

* лейкоцитоз

*+лейкопения

* нейтрофилез

* моноцитоз

* анэозинофилия

96. Геморрагиялық қызбалардың патогенезінің негізінде жатыр:

* лимфа түйіндерге енуі

* аутоиммунды үрдіс

*+универсальді капилляротоксикоз

* тыныс алу орталығының тежелуі

* гепатоцитопатиялық әсер

97. Геморрагиялық қызбалар кезінде зақымдалады:

*+қан тамырлар жүйесі

* жүйке жүйесі

* қан ұю жүйесі

* зәр шығару жүйесі

* асқорыту жүйесі

 

Конго-Қырымдық геморрагиялық қызба 10

98. Конго-Қырымдық геморрагиялық қызбаның ерекшелігі:

* менингеальді синдром

* жоғары қызба

* сарғаю синдромы

* респираторлы синдром

*+айқын геморрагиялық синдром

99. Конго-Қырымдық геморрагиялық қызбаның болжам диагнозын қоюға мүмкіндік беретін белгілер – жоғары қызба мен...:

*+геморрагиялар

* сарғаю

* құсу

* іштің ауыру сезімі

* диарея

100. Конго-Қырымдық геморрагиялық қызбаның ықтимал жағдайындағы қауіп факторы;

* бүргенің шағуы

*+кененің шағуы

* биттің шағуы

* ашық су көзінде шомылу

* дала жұмыстарымен айналысу

 

101. 35 жастағы ер адамның шағымдары: жоғары қызба, айқын интоксикация, бірнеше рет мұрыннан қан кетуі, терідегі петехиялар. Конго-Қырымдық геморрагиялық қызбаның ықтимал жағдайы туралы айтады;

* шуөп ша

* ашық су көзінде шомылу

* дала жұмыстарымен айналысу

*+қой қырқу

* тауға шығу

102. Конго-Қырымдық геморрагиялық қызбаның Қазақстандағы табиғи ошағы:

* Алматы обылысы

* Ақтөбе обылысы

* Манғыстау обылысы

* Қарағанды обылысы

*+Оңтүстік-Қазақстан обылысы

103. 38 жастағы ер адамға «Конго-Қырымдық геморрагиялық қызба» диагнозы қойылды. Қандай арнайы вирусқа қарсы антиденелердің анықталуы диагнозды дәлелдейді?

* IgA

*+IgM

* IgG

* IgE

* IgA және IgG

104. 33 жастағы ер адам 15 маусымда жедел ауырған, дене қызуы 39-400 С-қа дейін жоғарылаған, бас ауыруы, миалгия мазалаған. Қарап тексергенде терісінде көптеген петехиальді бөртпе анықталады, бауыры ұлғайған. Мұрыннан қан кету, кофе түстес құсу және қара түсті нәжіс байқалады. Болжам диагноз?

* лептоспироз

*+геморрагиялық қызба

* менингококцемия

* иерсиниоз

* Ку қызбасы

105. 38 жастағы ер адамға «Конго-Қырымдық геморрагиялық қызба» диагнозы қойылды. Қандай анаализ диагнозды дәлелдейді?

* комплементті байланыстыру реакциясы

*+иммунды ферментті анализ

* пассивті гемагглютинация реакциясы

* Видаль реакциясы

* микроагглютинация реакциясы

106. 45 жастағы ер адам Қызылорда обылысының тұрғыны жоғары қызбаның, қалтыраудың, айқын әлсіздіктің, бұлшық еттер мен сүйектерінің ауыру сезімінің пайда болуынан жедел ауырып бастаған. Ауруының 3-ші күні теріде геморрагиялар, мұрыннан және қызыл иектен қан кетулер пайда болған. Ауру басталуынан 4 күн бұрын оң жақ қолтығынан кене алған. Ықтимал диагноз?

*+Конго-Қырымдық геморрагиялық қызба

* иерсиниоз

* бөртпе сүзегі

* кенелік риккетсиоз

* менингококкты инфекция

107. Конго-Қырымдық геморрагиялық қызбаның геморрагиялық сатысында обаға қарсы қорғаныс костюмнің қай түрі қолданылады?

* 1 тип+

* 2 тип

* 3 тип

* 4 тип

* әдеттегі медициналық киім

денге қызбасы 8

108. Қай жұқпалы ауруға екі толқынды қызба, артралгиялар, миалгиялар, дақты-папулезді бөртпе, полиаденит, қатерсіз ағым тән?

* грипп

* іш сүзегі

*+денге қызбасы

* эпидемиялық бөртпе сүзегі

* менингококкты менингококкцемия

109. ДДҰ критерийлері бойынша денге қызбасының геморрагиялық түрі келесі белгілер негізінде қойылады:

*+дене қызуының тез жоғарылауы, тромбогеморрагиялық, тромбоцитопения

* дене қызуының бірте-бірте жоғарылауы, тромбогеморрагиялық синдром, панцитопения

* дене қызуының тез жоғарылауы, диареялық синдром, тромбоцитопения

* дене қызуының тез жоғарылауы, тромбоцитопения, гематокриттің төмендеуі

* субфебрильді қызба, тромбогеморрагиялық, панцитопения

110. 33 жастағы ер адам 29.09 жедел ауырып бастаған: дене қызуы тезарада 39,0ºС-қа дейін жоғарылаған. 30.09 жалпы жағдайы жақсарған, дене температурасы қалыптасқан. 28.09 қайтадан дене қызуы жоғарылап, бас ауыруы, бұлшық еттер мен буындардың ауыру сезімі, жарықтан қорқыныш пайда болған. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Беті қызарған, көз склералары айқын инъекцияланған. Денесі мен аяқ-қолдарда дақты-папулезді бөртпе анықталады. Полилимфоаденопатия, гепатомегалия. Ең ықтимал диагноз:

* грипп

* жәншәу

* іш сүзегі

*+денге қызбасы

* эпидемиялық бөртпе сүзегі

111. 33 жастағы ер адам 29.09 жедел ауырып бастаған: дене қызуы тезарада 39,0ºС-қа дейін жоғарылаған. 30.09 жалпы жағдайы жақсарған, дене температурасы қалыптасқан. 28.09 қайтадан дене қызуы жоғарылап, бас ауыруы, бұлшық еттер мен буындардың ауыру сезімі, жарықтан қорқыныш пайда болған. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Беті қызарған, көз склералары айқын инъекцияланған. Денесі мен аяқ-қолдарда дақты-папулезді бөртпе анықталады. Полилимфоаденопатия, гепатомегалия. «Денге қызбасы» диагноз қойылды. Қай диагностика әдісі ең ақпаратты болып табылады:

* биологиялық әдіс

*+вирусологиялық әдіс

* микроскопиялық әдіс

* паразитологиялық әдіс

* бактериологиялық әдіс

112. Қай ауруға тромбогеморрагиялық синдром тән:

* тілме

* листериоз

* іш сүзегі

*+денге қызбасы

* кенелік бөртпе сүзегі

113. Денге қызбасына тән таралу жолы:

*+трансмиссивті

* парентеральді

* алиментарлы

* жыныстық

* су арқылы

114. Денге қызбасы патогенезінің қай сатысына қызбаның қайталамалы толқыны сәйкес келеді?

* вирусемия

* вирустың элиминациясы

*+ішкі мүшелердің зақымдалуы

* қоздырғыштың енуі

* қанда антиденелердің жиналуы

115. Қай клиникалық белгі денге қызбасына тән?

*+екі толқынды қызба

* субфебрильді қызба

* гектикалық қызба

* Стефанский симптомы

* Падалка симптомы

 

Қызылша 10

116. Жас адам 20 жаста ауруының 4 ші күні аллергология бөлімшесіне, дөрекі жөтелге, жарықтан қорқу, әлсіздікке, денесіндегі бөртпелерге, дене қызуының көтерілуіне шағымданып түсті. Бөртпе 4 күн бұрын бетте пайда болған, әрі қарай мойнына, кеудесіне тараған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 390С, склерит, конъюнктивит, ауызжұтқыншақ ұрт шырышты қабаттарында - энантема «ұнтақ жарма» түрінде. Бетіңде және денесінде көп мөлшерде бір – біріне қосылған дақты – папулезді бөртпелер. Ең мүмкін болатын диагноз:

* жаншау

*+қызылша

* қызамық

* иерсинеоз

* аллергиялық дерматит

117. Әйел 25 жаста, жүктіліктің 12-13 аптасы, ауруының 5 ші күні аллергология бөлімшесіне, дөрекі жөтелге, жарықтан қорқу, әлсіздікке, денесіндегі бөртпелерге, дене қызуының көтерілуіне шағымданып түсті. Бөртпе 4 күн бұрын бетте пайда болған, әрі қарай мойнына, кеудесіне тараған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 390С, склерит, конъюнктивит, ауызжұтқыншақ ұрт шырышты қабаттарында - энантема «ұнтақ жарма» түрінде. Бетіңде және денесінде көп мөлшерде бір – біріне қосылған дақты – папулезді бөртпелер. Мүмкін болатын диагнозды қоюыңда ең тиымды дұрыс тактика:

* науқасты шығару

* науқасты бөлімшеде қалдыру

* гинекологты кеңеске шақыру

* десенсибилизирлеуші ем тағайындау

* + науқасты оқшаулау, инфекционисті шақыру

118. Әйел 22 жаста, Женщина 22лет, ауруының 6 ші күні аллергология бөлімшесіне, дөрекі жөтелге, жарықтан қорқу, әлсіздікке, денесіндегі бөртпелерге, дене қызуының көтерілуіне шағымданып түсті. Бөртпе 4 күн бұрын бетте пайда болған, әрі қарай мойнына, кеудесіне тараған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 390С, склерит, конъюнктивит, ауызжұтқыншақ ұрт шырышты қабаттарында - энантема «ұнтақ жарма» түрінде. Бетіңде және денесінде көп мөлшерде бір – біріне қосылған дақты – папулезді бөртпелер. Диагнозды қоюдағы ең нақты зерттеу:

* преципитация сынамасы

* агглютинация сынамасы

* ИФА антигеномиерсинеозімен

*+ИФА қызылша антигенімен

* ИФА қызамық антигенімен

119. Әйел 30 жаста, жүктіліктің 8-9 аптасы, ауруының 5 ші күні дөрекі жөтелге, жарықтан қорқу, әлсіздікке, денесіндегі бөртпелерге, дене қызуының көтерілуіне шағымданып ауруханаға түсті. Бөртпе 4 күн бұрын бетте пайда болған, әрі қарай мойнына, кеудесіне, қолдарына түскен тараған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 38,50С, склерит, конъюнктивит, ауызжұтқыншақ ұрт шырышты қабаттарында - энантема «ұнтақ жарма» түрінде. Бетіңде және денесінде көп мөлшерде бір – біріне қосылған дақты – папулезді бөртпелер. Кім жүктілікті сақтаудың жауапкершілігін мойнына алу керек?

* гинеколог

* инфекционист

* участкілік дәрігер

*+жүкті әйелдің өзі

* жолдасы, туысқандары

120.Әйел 30 жаста, ауруының 5 ші күні дөрекі жөтелге, жарықтан қорқу, әлсіздікке, денесіндегі бөртпелерге, дене қызуының көтерілуіне шағымданып ауруханаға түсті. Бөртпе 4 күн бұрын бетте пайда болған, әрі қарай мойнына, кеудесіне, қолдарына түскен тараған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 39 0С, склерит, конъюнктивит, ауызжұтқыншақ ұрт шырышты қабаттарында - энантема «ұнтақ жарма» түрінде. Бетіңде және денесінде көп мөлшерде бір – біріне қосылған дақты – папулезді бөртпелер. ҚР ДМ №264 27 маусым 2007 жылғы бұйрыққа сай ауруды анықтаудың критерийлері қандай?

* температура, конъюнктивит

* жөтел,тұмау,конъюктивит

* макуло-папуллезді бөртпе,жөтел

* макуло-папуллезді бөртпе,жөтел,тұмау

*+қызба, макуло-папуллезді бөртпе, жөтел

121. 3-ші курс студент жатақанада тұрады. Учаскілік дәрігердің шақыруы: ауырғанына 4-ші күн,құрғақ, ит үргеңдей жөтел мазалайды,тамақтың қыжылдауы, температурасы 39,60С, жарықтан қорқу.Қарап тексергенде: температурасы 38,70С, есі анық. менингиальді белгілер жоқ.Терісі таза,бөртпелері жоқ.Беті ісіңген, склерасының инъекциялану және конъюктивит.Ауыз-қуысында жұмсақ таңдайдың шырышты қабатының қызаруы,энантема, ауызжұтқыншақ ұрт шырышты қабаттарында – энантема, азу тістерінің қасында кішкнтай ақшыл «ұнтақ жарма» тәрізді бөртпелер.Диагнозды қою кезіңдегі сіздің тактиканыз?

* өкпенің R-графиюсы легких

* аллергологтың кеңесін тағайындау

* амбулаторлы емді тағайындау.

* инфекционистің кеңесін тағайындау

*+жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызугоспитализировать в инфекционную больницу

122. Ортаға асқынбаған қызылшамен қанша күн жұқпалы

* бүкіл катаральді кезеңі

* ауырғаннан бастап 3 күнге дейін

* ауырғаннан бастап 7 күнге дейін

*+бөртпелердің пайда болған уақыттан 5 кунге дейін

* бөртпелердің пайда болған уақыттан 10 кунге дейін

123. Қызылшаға ауыз-қуысындағы шырышты қабатына кандай өзгерістер тән? Қызылшаға

* «жалынды араң»

* іріңді тонзиллит

* жұмсақ тіндегі энантема

* набухание лимфоидты фолликулалардың ісінуі

*+«ұнтақ жарма» ұрттың шырышты қабатында

124. Қызылшамен ауырған адаммен байланыста болған балалар мен ересектерді жедел иммунизация қай уақыт аралығында жасалу керек.

* 12 сағат ішінде

* 48 сағат ішінде

* 72 сағат ішінде

* байланыста болғаннан бастап 5 күнге дейін

* байланыста болғаннан бастап 10 күнге дейін

125. Балаларға жоспар бойынша қызылшаға қарсы иммунизация жасалады:

* 1 айда және 4 айда

* 3 айда және 6 айда

* 6 айда және 12айда

* 12 айда және 3 жаста

* 12 айда және 6 жаста


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 1013 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.02 сек.)