АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Жаншау 5

126. Жәншәуға тән клиникалық көріністер:

* қызба, тамағының ауыру сезімі, полиаденит, дақты-папулезді бөртпе

* қызба, тамағының ауыруы, жөтел, мұрынның бітелуі, ұсақ-дақты бөртпе

* қызба, көзден жас ағу, тамағының ауыруы, жөтел, мұрынның бітелуі, ұсақ-дақты бөртпе

* қызба, буындарының ауыру сезімі тамағының ауыруы, ұсақ-дақты бөртпе, гепатомегалия

*+қызба, тамағының ауыруы, «алаулаған аңқа», көп мөлшерлі ұсақ-нүктелі бөртпе

127. 18 жастағы бойжеткен дене қызуының 400С-қа дейін жоғарылауына, тамағыныңы ауыруына шағымданады. Таңертең дене қызуы жоғарылаған, тамағының ауыру сезімі пайда болған, кешкі уақытта бөртпе байқаған. Қарап тексергенде: беті қызарған, ерін- тамағының ауыруы, жөтел, мұрынның бітелуі, ұсақ-дақты бөртпе ұрын үшбұрышы бозғылт. Мойында, денесінде, аяқ-қолдарында көп мөлшерлі ұсақ-нүктелі бөртпе анықталады, табиғи қатпарларда геморрагиялық компонент қосылған. Жақ асты лимфадениті. Ауыз-жұтқыншақта – бадамша бездер үлкейген, іріңді жабынды, шырышты қабат айқын қызарған. Ең ықтимал диагноз?

* қызылша

* қызамық

* дифтерия

* иерсиниоз

*+жәншәу

128. Филатов Н.Ф. бойынша «Жәншәу бетпердесі»

* бет аймағындағы «көбелек» тәрізді эритема

* бет аймағындағы көп мөлшерлі қышитын бөртпе мен мацерация элементтері

* бет аймағындағы шектелген айқын эритема мен жергілікті гипертермия

* конъюнктивит, мұрын қанаттарындағы везикулезді бөртпелер, бет гиперемиясы

*+бет қызарған, ауыз бен мұрын айналасы бозғылт

129. Жәншәудің өршу кезеңіне тән:

* жоғары қызба, тамағының ауыру сезімі, жергілікті лимфаденит

* интоксикация, тамағының қышуы, жөтел, жұмсақ таңдайдағы энантема

* конъюнктивит, мұрын қанаттарындағы везикулезді бөртпелер, бет гиперемиясы

*+интоксикация, баспа, «таңқұрайлы тіл», ұсақ-нүктелі бөртпе, ақ дермографизм

* жоғары қызба, дөрекі жөтел, жарықтан қорқу, бетіндегі дақты-папулезді бөртпе

130. Жәншәудің реконвалесценция кезеңіне тән:

* терінің қышуы

* бөртпенің сатылы түрде жоғалуы

* элементтердің ұзақ пигментациясы

* полиаденит, артрит, жалпақ қабыршақтану

*+аяқ-қолдар саусақтарының ірі пластинкалы қабыршақтануы

 

дәрілік ауру 2

131. 19 жастағы ер адам ауырғанына 5 күн болғанда жұқпалы аурулар ауруханасына әкелінді. Шағымдары: дене қызуының жоғарылауы, аздап қышитын бөртпелердің шығуы, буындарының ауруы. Ауруы тамағының жыбырлауы мен мұрнының бітелуінен басталған. Дене температурасы көтерілмеген. Бірінші күннен бастап аспирин, антигриппин ішкен. Келесі күні білектерінде кишитын бөртпе пайда болған. Кешке қарай бөртпе барлық денесіне шыққан және дене қызуы көтерілген. Қарағанда: t 390С, полиаденит, Аяқ-қолдары мен денесінде дақты-папулезді бөртпе. Бауыры ұлғаймаған. Ең ықтимал диагноз:

* қызылша

* қызамық

* иерсинеоз

* жәншәу

*+дәрілік ауру

132. Дәрілік аурдың негізгі бергілері:

* қызба, бүкіл денесі мен шаш арасына жайылған полиморфты бөртпе

* қызба, денесіндегі дақты-папулезді бөртпе, бөртпелер кезеңмен шығады

* қызба, аяқ-қолдарының дисталды аймағындағы геморрагиялық жұлдызшалы бөртпе

* қызба, қышитын, көп мөлшердегі дақты папулезді бөртпе, антибиотиктер мен анальгетиктерді ішумен байланысты, артрит +

* қызба, тонзиллит, регионалды лимфаденит, көп мөлшердегі, майда нүктелі, бір бірімен қосылатын денедегі бөрітпе, гепатомегалия

 

Іш сүзегі 7

133. Іш сүзегінде бөртпе қай жерде орналасады:

*+кеуде және іш терісінде

* арқа терісінде

* кеуде және қолда

* іште және аяқта

* дененің барлық бөлігінде

134. Іш сүзегі кезіндегі бөртпелердің сипаты қандай:

*геморрагиялық

* дақты-папулёзді

*+розеолёзді

* везикулёзді

* «крапивница» тәрізді

135. Іш сүзегіне тән симптом:

*+тұрақты қызба

* терінің сарғаюы

* геморрагиялық бөртпе

* колититтік синдром

* «шымшу» симптомы

136. Іш сүзегіне терідегі қандай көріністер тән:

* петехиалды бөртпе

* эритема

* дақты-папулезді бөртпе

*+розеолалар

* везикулалар

137. Іш сүзегі кезінде бөртпе нешінші күні пайда болады:

* ауырғанына 1-3 күн болғанда

* ауырғанына 4-7 күн болғанда

*+ауырғанына 8-10 күн болғанда

* 14 күн ауырғаннан кейін

* қызба кезеңінің барлығында

138. Іш сүзегі қоздырғышының көзі:

* ауру адам

* ауру жануар

* ауру адам және ауру жануар

*+ауру адам және бактериятасымалдаушы

* ауру жануар және бактериятасымалдаушы

139. Іш сүзегінің берілі механизмі қандай:

* трансмиссивті

* аспирациялық

*+фекалды-оралды

* тұрмыстық-контактілі

* парентералды

 


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 1593 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.008 сек.)