АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Су-электролит алмасуы

Су ересек адам дене салмағының 60%, жаңа туылған нәрестенің 75% құрайды. Су клеткадағы, органдардағы және тканьдердегі зат алмасу процесі жүретін орта болып табылады. Су организм тіршілігі үшін үздіксіз түсіп отыруы шарт. Организмдегі барлық судың 71% клеткалық сұйықтыққа тиесілі. Клетка сыртындағы сұйықтық тканьдік 21%, ал қалған 8% қан плазмасының құрамында.

13. Организмдегі су балансы қабылдаған және шығарылға судың мөлшерінен түзіледі. Адам тағаммен тәулігіне 750мл жуық су, ал ішімдіктермен таза суды 630мл жуық қабылдайды. 320 мл су белоктар, көмірсулар және майлардың тотығуында пайда болады. Тері мен альвеолалардан булану арқылы 80мл су шығарылады. 800мл су бүйрек арқылы, 100мл су нәжіспен сыртқа шығарылады. Осы сандарды қосу арқылы біздің суға деген тәуліктік мұқтажымыз 1000мл жуық болатынын анықталды. Гипоталамустың шөлдегенге жауап беретін орталығының тітіркенуіне байланысты организмнің суға деген талабы анықталады. Сумен бірге организмге минералды тұздардың келіп түсуі өте қажет. Әсіресе натрий, калий, кальций.

14. Натрий клетка сыртындағы сұйықтықтың негізгі катионы болып табылады. Яғни клетка сыртында клетка ішіне қарағанда 6-12 есе көп болады. Тәулігіне ас тұзымен 3-6 г натрий тағаммен бірге түсіп, аш ішекте қанға сорылады. Натрий организмде бірнеше маңызды қызмет атқарады: қышқыл-сілті тепе-теңдігі, клетка ішілік, клетка сыртындағы сұйықтықтың осмостық қысымын ұстап тұрады, әрекет потенциалының дамуына ықпалын тигізеді, организмнің барлық жүйесінің қызметтеріне әсерін тигізеді: натрий тепе-теңдігі бүйректердің қызметтерімен реттеледі.

Калий клеткаішілік сұйықтықтың негізгі катионы болып табыла-ды. Клеткаларда 98% дейін калий кездеседі. Адамның калийге тәу-ліктік мұқтажы 2-3 г. Негізінен өсімдік тектес тағамда кездеседі. Организмге сіңірілуі ішекте жүреді. Маңызды қызметі калийдің әрекет потенциалын тудыруында. Сонымен қатар калий қышқыл-сілті жағдайда зат алмасуды реттеуінде. Клеткалардағы осмостық қысымды ұстап тұратын негізгі фактор. Организмнен шығарылуы альдостерон гормонының әсерімен бүйректер арқылы іске асады.

Кальций жоғары биологиялық белсенді зат. Организмнің тіс пен қаңқада 98% -ін құрап, негізгі страктуралық компоненті болып табылады. Тәулігіне ересек адам 800-1000 мг кальций қабылдауы қажет. Әсіресе сүйектері тез өсіп келе жатқан балалар үшін кальцийдің маңызы зор. Кальций он екі елі ішекте фосфор қышқылының бір негізді тұзы түрінде сіңіріледі. Кальцийдің бөлігі асқорыту жолымен, бөлігі бүйректер арқылы сыртқа шығарылады. Организмнің тіршілігі үшін кальцийдің маңызы өте зор. Өйткені кальций әрекет потенциалының дамуын, бұлшық еттердің жиырылуына септігін тигізеді, қанның ұю жүйесінің ең қажетті компоненті, жұлынның рефлекторлы қозуын белсенділеп, симпатикотропты қасиетке ие.

Хлор иондары асқазанда тұз қышқылының түзілуі үшін қажет.

Оттегі, көміртегі, сутегі, азот, кальций, фосфор тірі организм-дердің негізгі массасын түзеді.

Микроэлементтердің организмдегі маңызы. Организм тіршілігі үшін аз мөлшерде кездесетін элементтердің де маңызы зор, олар микроэлементтер деп аталады. Оларға темір, йод, мыс, мырыш, кобальт, молибден, селен, хром, никель, олово-қалайы, кремний, фтор, ванадий жатады. Темір гемоглобиннің құрамына енеді, оттегін тасымалдауға қатысады, тотықтырушы ферменттердің цитохромның құрамына кіреді.

Йод – қалқанша без гормоны тироксин үшін қажет.

Мырыш – ұйқы безі гормоны инсулин түзілуі үшін қажет, карбоангидраза ферментінің құрамына енеді.

Кобальт – қан жасауға қатысатын В витаминінің құрамына кіреді.

Фтор – сүйек құрылымдарының синтезіне қатысып, тіс эмалының беріктігін қамтамасыз етеді.

Осы микроэлементтердің көбі ферменттердің, витаминдердің, гормондардың, тыныстың пигментінің құрамына кіреді

1.Температуралық гомеостаз.

Организмдегі жылудың ендірілуі органдар мен тканьдердегі зат алмасу карқынына байланысты, кейбір органдар мен тканьдерде зат алмасу процесі ете жоғары жылдамдықпен жүреді, ал адам денесінің кейбір аймақтарында жылу өндіру төмендеу жүреді. Қаркынды зат алмасу процесінде пайда болған жылуды периферияға тасымалдау канның атқаратын кызметі. Қан адам организмін түгел аралап, жылуды периферияға, шеткі аймақтарға тасымалдайды.Осы механизмнің нәтижесінде дене температурасы бір деңгейде сақталып тұрады. Дененің сыртқы тканьдерінің канмен қамта.масыз етілуінің бәсендеуі немесе жоғарылауына байланысты денснің сырткы бөлімінін жылынуы немесе суынуы, яғни адам денесінің температуралық гомеостазы сақталады.Зат алмасу процесінде түзілген жылудың организмде таралуы келесі механизммен түсіндіріледі. Егер коршаған орта температурасы төмендесе, дененің тері тамырлары тарылып, артерия – веналық анастомоздар іске қосылып, ішкі мүшелердің қантамырлары босаңсып, олардың қантамырларындағы қан көлемі артады. Яғни жылудың жинакталуы немесе кумуляциясы пайда болады да, денеден жылудың берілуі төмендейді. Ал егер қоршаған орта температурасы жоғарыласа, тері астында орналасқан тамырлар кенейіп,тері астындағы кантамырлардағы кан көлемі артады, артерия – веналық анастамоздар жабылып, ішкі мүшелердің кан тамырлары тарылып, жылудың денеден бөлінуі артады.

2. Дене температурасы және изометрия.

Дененін тереңірек орналасқан тканьдеріндегі температура каннын жылуды тасымалдау қызметіне байланысты біркелкі жайылған және орта есеппен 36,7 – 37° С болады. Осы температураның тәуліктік ауытқуы егер организм салыстырмалы тыныш күйде болса 1° с шамасында болады. Сондықтан адам денесінің «гомойотермді» ядросы туралы ұғым туындаған. Бұл ұғымға адам денесінің 1 см және одан да тереңірек орналасқан тканьдері жатады. Мысалы: бауырдын, мидың, бүйректің температурасы басқа мүшелерге қарағанда жоғарырақ. Адам аяқ – колдарының дистальді бөлімдерінің температурасы, аяқ –қолдардың проксимальді бөлімдеріне және теренде орналасқан ткандерге қарағанда төмен.Егер адам 25-26° С температурадағы ортада болса, онын тереңдегі орналаскан мүшелерінің температурасы салыстырмалы түрде сақталады. Сыртқы ортаның температурасы төмендесе ігакі мүшелердің тұрақты сақталып тұрған температурасы төмендеп, ал қоршаған орта температурасы жоғарыласа — ішкі мүшелердің температурасы жоғарылайды.


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 2870 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.007 сек.)