АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Гомойотермия, пойкилотермия, гетеротермия
Барлык тірі организмдер гомойотермді (жылықандылар) және (суыққандылар) пойкилотермді болып бөлінеді. Бұлай бөлінудің себебі, олардың организмдеріндегі жүріп жатқан зат алмасу процесінін жылдамдығына, өз денелеріндегі температурасын бірқалыпты ұстап тұру қасиеттеріне және қоршаған ортаның температурасынын өзгеруіне тәуелді.
Гомойотермді организмдерге адам және сүтқоректілер жатады. Homeo - деген сөз грек тілінен аударғанда біркелкі деген ұғым береді. Бұндай организмдер өз денелеріндегі түзілген температураны тәулігіне +2°с ауыткумен ұстап тұра алады. Бұл тұрақтылык қоршаған ортаның температурасына тәуелді емес.Бұндай қасиет жануарлардағы энергия алмасуынын жоғары денгейде жүретініне байланысты. Пойкилотермді (суыққандылар) poikilos - -өзгергіш деген грек сөзінен шыққан организмдер өздерінің дене температурасын біркалыпты деңгейде ұстап тұра алмайды, олардын дене температурасы коршаған ортаға тәуелді. Өйткені бұл организмдердін энергия алмасуы жылы қанды жануарларға карағанда төмен.
Сондыктан бұндай жануарлар қоршаған ортаның температурасының ауытқуларынан өздерін сақтауға тырысады, егерде мүмкіидік туса, жылы немесе салқын жай іздеуге ұмтылады. Көбінесе суық маусымда бұндай жануарлар ерекше анабиоз жағдайыңа өтеді. Анабиоз кезінде ферменттердің белсенділігі темендеп, зат алмасу процесінің жылдамдығы минимальді деңгейде өтеді.
4. Температуралық карта және оған әсер етуші факторлар.
Адам денесінін температуралық картасы дегеніміз, организмнің түрлі органдардағы зат алмасу деңгейіне байланысты. Осы себептен дененің сырт бөлімінін температуралары әртүрлі болады. Тері температурасы 24,4 С – 34° С арасында. Терінің ең төменгі температурасы аяқтың саусақтарында анықталса, ең жоғары температура қолтықта аныкталады. Ең төменгі температурасы аяқтын саусақтарында 24,4° С, табан температурасы 29,9° С, тобықта -30,0° С, балтырда -32,2° С, жамбаста-32,50 С, кіндікте-31,10 С, жүрек тұсында-33,40 С, мойында-34,00 С, бетте-33,50 С, маңдайда-33,50 С, қол саусактарында-28,50 С, алаканда-31,00 С, білекте-32,9° С, шынтақта-33,3° С, қолтыкта-36,60 С, қолдын сырткы бөлімінде-32,4° С, жауырында-33,30 С.Осы керсеткіштер ауа райына байланысты сәл ауыткуы мүмкін, өйткені қоршаған орта температурасы төмендесе, тері астындағы қан тамырлар тарылады. Температуралық картаға әсер етуші факторлар:
1) Әрбір адамның генетикалың факторына тәуелді өзіне ғана тән зат алмасуынын жылдамдығы болады, бұл құбылыс ішкі секреция бездерінің қызмет ету деңгейіне байланысты;
2) Адам организмінің даншалықты шыныққаны мен қаншалықты төзімділік деңгейіне тәуелді;
3) Адамның үстіне киген киіміне байланысты.
5. Дене температурасының тәуліктік немесе циркадты ауытқулары.
Көптеген адамдардың қолтық температурасы – 36,6° С-, 37° С шамасында болады. Тік ішек – ректальді температурасы, аксиллярлы немесе қолтық асты температурасынан-0,5-0,8° С жоғары келеді. Адам және кейбір жануарлардың температуралары біркелкі қозғалыс пен қоректену жағдайларына қарамастан тәулік бойына ауыткып тұрады. Осы құбылысты анықтау үшін тәулік бойында температураны өлшей отырып, оның ең жоғарғы шегі 14-18 сағат аралығында – 37,5° С болса, ең төменгі шегі 2-4 сағат аралығында – 36,5° С болатыны анықталған. Бұл ауытқулар қанайналым, тыныс алу, ас қорыту және тағы да басқа процестердің тәуліктік өзгеруіне байланысты.
Түнгі мезгілде зат алмасу процестері төмендеп, күндізгі уакытта өзінін ең жоғары шегіне жетеді. Осы кезде адам денесінің зат алмасуға жауапты гормондарының белсенділігі де арта түседі. Сонымен температураның тәуліктік ауыткулары организм тіршілігінің биологиялық ритміне тәуелді.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 3369 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
|