АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Реципрокты тежелу. Индукция есебінен пайда болған тежелуді Ч

Прочитайте:
  1. Е) ажыратылатын тежелу
  2. Пессималды тежелу механизмі
  3. Пессималды тежелумеханизмі
  4. Реципрокты тежелу

Индукция есебінен пайда болған тежелуді Ч. Шеррингтон реципроктық (ілеспелі) тежелу деп атаған. Реципроктық тежелудің арқасында бір сәтте орталықта қарама-қарсы қозғалатын қимыл рефлекстері тумайды.Бұл құбылыс рефлекстердің бір-бірімен үйлесуін қамтамасыз етеді.Осыған орай дем алған сәтте дем сығарылмайды,ауыздағы ас шайналып тұрғанда жұтылмайды,бүгілген аяқ дәл сол арада жазылмайды т.б.

Көпке дейін реципроктық тежелудің пацда болу механизмі белгісіз еді. Д.Ж.Эклс жұлын орталықтарында кездесетін бір мезгілді индукцияның реншоу клеткалары тәрізді аралық тежелу клеткаларының қатысы мен туатыны анықтайды.Мысалы: бүгу орталығына арналған серпініс сол орталықты қоздырумен қатар қызметі қарама қарсы орталықты аралық тежеуші нейрондарды да сол сәтте қоздыру арқылы тежейтінін көрсетеді

17.Орталық жүйке жүйесіндегі қозу процесі.

Біріншілік афференттік нейрондардығы пайда болған қозғыштық жұлын нейрондарына әрдайым қозушы әсерін тигізеді. Қоздырушы синапстардың пресинапстық бөлігінен медиатор, деполиризацияның жергілікті жауабының туындауына алып келеді. Мұны қоздырушы постсинаптикалық потенциал деп атайды. Бұл атаудан көріп тұрғандай Қ.П.П постсинаптикалық мембранада дамиды. Қоздырушы медиатордың әсерінен туатын жүйке жүйесінің деполиризациясы мембрананың натрий+ иондарына өткізгіштігінің артуынан ғана емес, сондай–ақ калий+ иондарына деген өткізгіштігінің төмендеуіне де байланысты болады. Жүйке клеткаларының синаптикалық қозуының ең маңызды көрсеткіші қоздырушы синапстарының әрекет потенциалын тудыра алу қабілеті. Әрекет потенциалының генерациясына постсинаптикалық мембранада трансмембраналық потенциал айырмашылықтарының белгілі бір критикалық деңгейге дейін төмендеуі керекті жағдай болып табылады.

1. Бүйрек үсті бездерінің құрылымдық –функционалдық ерекшеліктері. Бүйрекүсті бездері бүйректердің жоғары жағында орналасқан. Олардың салмақтары 6-12 г. Әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан түрады. Қыртысты қабат без салмағының 4/5, милы қабаты 1/5 бөлігін алып жатыр.

2. Бүйрекүсті бездерінің қыртысты қабаты.

Бүйрекүсті безінің қыртысты қабаты 40-тан астам кортикостероидтарды түзеді.Олардың бәрі де холестериннің туындысына (өніміне) жатады. Мүның ішіндегі тек қана негізгі онында биологиялық белсенді гормондық қасиет бар. Қалғандары осы негізгі гормондардың өніміне, немесе олардың ыдырауынан пайда болған заттарға жатады да көбінесе қанға өтпейді. Физиологиялық қызметіне қарай кортикостероидтар 3 топқа бөлінеді: 1). Глюкокортикостероидтар (ГКС); 2). Минералокортикостероидтар (МКС); 3). Андрокортикостероидтар (АҚС).

3.Минералокортикоидтар, олардың организмдегі маңызы.
МКС бүйрекүсті безінің түйірлі зонасынан пайда болады. Бүл топқа
альдостерон мен дезоксикортикостерон (альдостероннан 20-30 есе
активтілігі төмен) жатады.

МКС-дың негізгі физиологиялық әсеріне су мен түздардың алмасуына ықпалы жатады. Бүл бүйрек тканінде тер және сілекей бездеріне, асқорыту жолының шырышты қабатындағы клеткаларға әсер ету арқылы іске асады. Бүйректегі түтікшелер аппаратыньщ дистальды бөлімінде натрийдің кері сіңуін альдостеронның арттыруы іс жүзінде дәлелденді. Мүндай әсерге байланысты Na, Сl иондары организмде жинадып, оларға сай организмде судың осмос эквиваленттік саны жиналады. Бүған қоса альдостеронның әсерінен К, сутек, аммоний организмнен шығарылады. Альдостерон Са мен магнийдің сыртқа шығарылуын күшейтеді. Демек, альдостеронның натрийдің тасымалданынуына әсерінің механизмі әлі күнге дейін толық анықталмай жатыр. Кейбір болжамдарға қарағанда альдостерон «натрий тартқышының» энергиясын қамтамасыз етеді. Мүндай қабілет клетканың ішінде АТФ-тың пайда болуын күшейтуге байланысты болуы мүмкін деген болжамдар бар. Альдостеронның Ca мен магний иондары алмасуының әсеріне байланысты оның тағы да бір физиологиялық ықпалы анықталып отыр. Бүл Na мен Сl иондарының ықпалына байланысты пайда болатын түрлі сүйықтардағы осмостық қысымының әсерінен туатын тамырлардағы қан көлемі мен клетка ішіндегі және клеткааралық сүйықтықтардың мөлшерлерін реттеу қабілеттері.

4.Глюкокоргикоидтардын физиологиялық әсерлері.

ГКК-тар бүйрекүсті безінің қыртысты қабатының шоғырлы зонасында түзіледі. Бүл топқа кортизон (өте белсенді гормон), гидрокортизон және кортикостерон (гормондық белсенділігі төмендеу) жатады. ГКС-дың физиологиялық әсері:

ГКК зат алмасуының барлық түріне ықпалын тигізеді, әсіресе
катаболикалық (диссимиляция) процестерді күшейтеді. Мүндай
жағдайда терінің, бауырдың, еттің, майдың, дәнекер және лимфа
тканьдерінің клеткалары нысана-клетка ролінде болады. Тканьдерде
ГКК-дың әсерінен бір қатар ферменттердің (трансаминаза, оксидаза,
гидролаза т. Б.) белсенділігі күшейеді.

ГКК-дың белоктық алмасуына әсері: а) барлық тканьдерде, әсіресе ет тканінде (алдымен қаңқа бүлшықетінде) белоктың ьщырауы күшейеді. ГКК-дың зат алмасуына ықпалынан диафрагма мен жүрек еттері резистентті болады тіпті кортизонның әсерінен жүрек етінің салмағы да артады; ә) қандағы аминқышқылдар мен несептегі азоттың мөлшері көбейеді (теріс азот балансы байқалады); б) бауырдың мочевина түзеу қызметі артады; в) аталған әсерлерге байланысты, әсіресе белок алмасу өзгеруінен организмнің салмағы азайып, өсуі кідіреді.

ГКК-дың майдың алмасуына әсерінен тканьдегі липолиз артады, яғни май ыдырап қышқылдары бауырға өтеді.

ГКК көмірсулар алмасуына да әсер етеді. Олар бауырдағы глюконеогенезді күшейтеді, сондықтан гипергликемия, тіпті глюкозурия пайда болуы мүмкін, глюкоген азаймайды.

ГКК-дың әсерінен бауырдан басқа барлық ағзалардың клетка мембраналарының глюкозаны өткізу қабілеті төмендейді. Ал бауырда глюкоза мен амин қышқылдарына клеткалардың өткізгіштігі аздап артады.

ГКК-дың қабынуға, аллергияға қарсы түру қабілеттерін арттыру, иммунодепрессивтік әсерінің маңызы ерекше. Олардың мүндай қабілеттері клетка мембранасының өткізгіштігін төмендетуіне, клеткалардан және басқа қүрылымдардан гистаминнің босауын азайтуға, антиденелердің түзілуін төмендетуге, антиген мен антидене реакциясын тежеуіне, дәнекер тканьдерде коллаген мен мукополисахаридтердің түзілуін нашарлатуына байланысты.

5. Катехоламиндер жайлы жалпы түсінік.

Катехоламиндер организмдегі барлық тканьдер мен клеткаларға әсер етіп, оларда күрделі биохимиялық процестерді тудырады және көптеген физиологиялық процестердің ерекшеліктерін айқындайды. Ол процестер катехоламиндердің мембраналық рецепторлармен яғни адренорецепторлармен арнайы байланысы кезінде пайда болып, аденилциклазаның белсенділігі мен клеткадағы түрлі биохимиялық процестердің жылдамдығына байланысты өтеді. Организмде адренорецепторлар өте көп. Түрлі ткань клеткаларындағы орнына, арнайы рецепторлардың нысана клеткалардың мембранасында орналасу тығыздығына, олардың түрлі химиялық заттарға таңдамалы сезімталдығына және жауап реакцияларына байланысты α және β адренорецепторлар бар.

Катехоламиндер (А, НА) химиялық үқсастьнына қарамастан физиологиялық әртүрлі әсер етуі, олардың таңцамалылығына түрлі цитоплазмалық мембраналардың адренорецепторларымен (сф) қарым-қатынасына, ағзалардың қүрылысына байланысты келеді. Ферменттік ыдырауына байланысты катехоламиндердің адренорецепторларға әсері өте қысқа мерзімде өтеді және ол пайда болған өзгерістерді қалпына келтіруге жүйке рефлекстік және гуморальдық механизмдер қатысады.

6. Адреналиннің организмдегі маңызы, олардың негізгі функционалдық әсерлері.

1. Адреналин жүрек-қан тамырлар жүйесіне өте күшті әсер етеді:

А) Жүректің жүмысын күшейтіп соғу ырғағын тездетеді, қозғыштығын үлғайтып, өткізгіш жүйесі бойынШа серпініс өтуін жақсартады; Ә) Қан тамырларын тарылтады. Дененің әр жеріндегі тамырларының адреналинге сезімталдығы әртүрлі. Мысалы, ішкі ағзалардың қанмен қамтамасыз ететін артериола тамырларының қабырғасьш босаңсытады, ал оған байланысты қаңқа бүлшықеттеріне келетін қанның мөлшерін көбейтеді. Жүректің қантамырларының көлденең қимасы адреналиннің әсерінен кеңейеді де, жүрек еттерін қанмен қамтамасыздандыру жақсарады;

Б) Жүрек қызметі мен қан тамырларының кернеуін өзгерту арқылы адреналин қанның қысымына әсер етеді. Оның мүндай әсері көбіне қысқы мерзімде байқалады. Қан қысымының артуы гормонның. әсері басталғандағы жағдайға, адреналинді ыдырататын ферменттің белсенділігінё, мөлшеріне байланысты.Ішектің бірыңгай салалы еттеріне әсер етеді. Оның тонусын төмендетіп қозғалысын тежейді.Бронхының бірыңғай салалы еттерін босаңсытады.Көздің қарашығын үлкейтеді.Екі қабат әйелдің жатырының бірыңғай салалы еттерінің жиырылуын пайда етеді.Тері түктерінің қапшықтарының етін жиырады, сондықтан адамның эмоция кезінде «төбе шашы тік түрады».Көмірсулардың алмасуына әсер етеді.Бауыр еттеріндегі гликогенолизді күшейтіп, гипергликемиямен глюкозурияны тудырады.Майдың алмасуына әсер етеді. Олл липолизді күшейтіп липогенезді баксады, майдың тотығуын күшейтеді. Мүның бәрі күшті тітіркендіргіштің әсері кезінде организмнің энергиялық мүмкіндіктерін толық пайдалануға бағытталған.Кенномның пікірінше адреналин «эмоциялық гормон» болып есептеледі. Әсіресе қауырт жағдайларда катехоламиндер: а) Бұлшьщеттердің жұмысын күшейтеді;

ә) рецепторлардың сезімталдығьш, вестибулярлық аппараттардың жүйесін күшейтеді. Бүл өзгерістер қауырт жағдайда организмнің қызметін сыртқы ортамен өзгерген жағдайларына бейімдеуге бағытталған. Сонымен бүйрекүсті бездерінің милы және қыртысты қабаттарының гормондарын бейімдеуші (адаптациялық) гормон деп аталады.

1.Зат алмасу туралы түсінік, маңызы.

Зат және энергия алмасуы – физикалық, химиялық және физио-логиялық процестердің нәтижесінде заттар мен энергияға айналып, сонымен бірге организм мен қоршаған орта арасында да алмасу жүреді. Зат алмасу процесі кезінде үздіксіз клетка құрылымдары жаңарып, бұзылып отырады, әр түрлі химиялық қосындылар синтезделіп әрі бұзылады. Организмде екі процесс – анаболизм (ассимиляция) және катаболизм (диссимиляция) бір-біріне тең болады. Анаболизм – органикалық заттардың биосинтезі, катаболизм – клетканың күрделі компоненттерінің ыдырауы. Анаболизмдік процестердің артуы нәтижесінде организмде өсу, дене массасының артуы, ал катаболизм процесі артса ткань құрылымдарының бөлімдерінің ыдырауымен, дене массасының төмендеуімен сипатталады. Осы процесс нәтижесінде химиялық қосылыстардан пайда болған энергия кинетикалық энергияға, немесе жылу мен механикалық энергияға, аз ғана бөлігі электрлік энергияға айналады.

Организмнің жоғалған энергиясын, дене массасын сақтау үшін қоршаған ортадан белоктар, липидтер, көмірсулар, витаминдер, минералды тұздар және су түсіп отыруы міндетті. Сонымен қатар, организм зат алмасу өнімдерінің соңғы қалдықтарынан тазару процесі шығару мүшелерінің қызметіне тиесілі.

2. Зат алмасудың кезеңдері.

Негізінен заталмасудың үш кезеңін ажыратады. Бірінші кезеңде белоктардың, майлардың, көмірсулардың асқорыту жолдарында ферментативті ыдырап, қан мен лимфаға өтуімен сипатталады. Екінші кезеңі – аралас алмасу кезеңі. Үшінші кезең – зат алмасу процесінде пайда болған өнімнің сыртқа шығарылуы.

3. Белок алмасуы, организмдегі маңызы.

Белоктар органикалық заттардың ішінде жетекші орынға ие, себебі клетканың құрғақ массасының 50% белоктардың есебінде. Белоктардың атқаратын қызметтері:

1. Барлық организмдегі зат алмасу процесіне қатысатын ферменттер белоктар болып табылады (тыныс алу, ас қорыту, шығару).

2. Организмнің қимыл, іс-әрекеттері жиырылғыш белоктар – актин мен миозиннің арқасында жүзеге асады.

3. Белок клеткада түрлі құрылымдарын жаңарту және толықтыру арқылы пластикалық (құрылыс материалдары) қызмет атқарады.

4. Энергиялық қызметі белоктардың ыдырауынан пайда болған энергиямен сипатталады. Организмнің тканьдерінде белоктардың ыдырау процесі үздіксіз жүріп отырады, пайдаланылмаған белок қалдықтары сыртқа шығарылып отырса, осы процеспен қатар белок синтезі де жүреді. Нәтижесінде организмнің белоктары динамикалық күйде болады: олардың үздіксіз ыдырауы мен түзілуінің нәтижесінде белоктар жаңарады. Бірақ бұл процесс әр мүшеде әртүрлі қарқынмен жүреді. Мысалы, бауырда, ішектердің кілегей қабатында өте жоғары жылдамдықта жүрсе, кейбір ішкі мүшелер мен қан плазмасында баяу жүреді. Ми клеткаларының, жүректің, жыныс мүшелерінің белоктары баяу жаңарса, бұлшық ет, тері, тірек-қимыл тканьдері (сіңірлерде, сүйектермен шеміршектерде) өте баяу алмасуымен сипатталады.

4. Белоктардың биологиялық құндылығы жайлы түсінік.

Белоктардың аминқышқылдық құрамы түрлі болады, сондықтан организмнің синтездік мұқтажына олардың жұмсалуы да түрлі болады. Сол себепті тағамдардың биологиялық құндылығы деген түсінік енгізілді. Барлық қажетті аминқышқылдары құрамында бар белоктар организмнің синтез процесін қалыпты жүргізеді, сон-дықтан бұл белоктар биологиялық құнды болып табылады. Керісінше, құрамында бір немесе бірнеше аминқышқылдары жоқ болып немесе өте аз мөлшерде кездессе, бұл белоктар құнсыз болып есептеледі. Құнсыз белоктар: желатин (жүгері белогы), глиадин (бидай белогы), гордеин (тары белогы). Керісінше ет, жұмыртқа, балық, уылдырық, сүт белоктарының құндылығы өте жоғары. Осы себепті адам тағамында міндетті түрде белок болуы керек, әсіресе қабылдайтын белоктардың 30% жануар тектес болу өте қажет. Өсімдік тектес белоктарды күнделікті қабылдаудың нәтижесінде адамдарда белок жеткіліксіздігі туын-дайды, «квашиоркор» деген патология дамиды.

Бұл патология тропикалық және субтропикалық белдеуде Африкада, Латын Америкасында және Оңтүстік Шығыс Азияда кездеседі. Көбіне бұл ауру 1-5 жас аралығындағы балаларды зақымдайды.

5. Алмастырылмайтын амин қышқылдары, олардың организм үшін маңызы.

Белок алмасуы қалыпты өтуі, олардың синтезі үшін өте маңызды, сондықтан организмге тағаммен бірге аминқышқылдары түсуі қажет. Эксперимент жүзінде белок құрамындағы 20 амин қышқылдарының 12-сі организмде синтез-деледі, яғни алмастыратын болып саналады. Ал 8 амин қышқыл-дары синтезделмейді, олар тамақпен бірге түсуі керек, алмастырылмайтын аминқышқылдары деп аталады. Бұлардың маңыздылығы мынада: алмастырылмайтын аминқышқылдарының белок синтезі күрт төмендеп, белок алмасуы өзгереді, орга-низмде теріс азотты баланс туындап, организмнің өсуі тоқтап, дене салмағы төмендейді.

Адам үшін алмастырылмайтын аминқышқылдары: лейцин, изолейцин, валин, метионин, лизин, треонин, фенилаланин, триптофан.


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 2850 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.007 сек.)