Реципрокты тежелу
14. О.Ж.Ж-нің координациялық іс-әрекетінің принциптері
1.О.Ж.Ж. жайлы жалпы түсінік, оның организмдегі маңызы.
Орталық жүйке жүйесі денедегі барлық ағзалармен,физиологиялық жүйелер қызметін, зат алмасуын реттеп отырады, әрекеттер мен процесстерді сыртқы орта құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі бағытта өтуін қамтамасыз етеді, Адамда жүйке жүйесінің ең жоғары бөлімі-ми. Ми сыңары қыртысының ерекше қызметі ойлау,дүниетану,пікір тудыру. Мұның арқасында адам өзін сыртқы ортадағы құбылыстарға бейімдеп қана қоймай,сол ортаны өз мақсатына лайықты өзгерте алады, өткен кеткенді талдап, келешекті болжайды. Аса күрделі тіршілік үшін зор маңызы бар бұл процестерді нейрондар мен жүйке орталықтары қамтамасыз етеді.
2. О.Ж.Ж-нің құрылымдық-функционалдық бірлігі-нейрон.
Нейрон- тәжірибеленген жүйке клеткасы.Нейронның ақпаратты қабылдап, өңдеп, кодтап, және керек кезінде ақпаратты жеткізіп немесе сақтап отыру қабілеті бар. Бұдан басқа нейрондардың тітіркендіргіштерге жауап қайтару, басқа нейрондармен, органдардың клеткаларымен байланыс орнату қабілеттері бар. Нейрондар электірлік разрядты генерациялайды және скоростан тұрады. Синапс ақпаратты жеткізу қызметін атқарады.
Нейрондар пішіні, көлемі жағынан әр түрлі. Бірақ қай нейрон болса да, ол дене және денеден шығатын өсінділерден тұрады. Нейрон денесінде протоплпзма,ядро, басқа клеткаларға да тән органойдтар және тек нейрондар кездесетін тигройд түйіршікке не кесекке ұқсайды. Ядролық бояулармен боялатын болғандықтан олар нейрон протоплазмасын ала құла етіп көрсетеді. Нейрон талшықтары ұзындығына қарай (1 микрограммамнан – 1,5 метрге дейін) аксон, дендрит болып екіге бөлінеді. Аксон нейрондардың ұзын, ал дендрит қысқа талшығы. Әр нейрондарда бір аксон, бірнеше дендрит болады. Аксонның нейрон денесінен басталатын жері аксон төмпешігі деп аталады. Төмпешікте тигройд заттар болмайды. Аксон төмпешігінің қозу қабілеті өте жоғары. Сезімтал нейронның шеткей орналасқан аксонның ұшында рецептор болады. Ал О.Ж.Ж-гі жүйке талшығының ұшы жуандап бүршікке ұқсайды. Нейрондардың осындай ұштары бір – бірімен түйісіп синапс құрады.
Нейроглия нейрондар аралығын толтыратын клеткалар (глиондардың). Глия – грек сөзі –желім деген мағынада. Олар нейрондардың денесі мен талшықтарына жабысып тұрады.
Глиондар екі түрлі – нейроциттер және олигодендроциттер. Бұлардың аксоны болмайды және өзара синапстар құрмайды. Астроциттердің өсінді талшықтары көп болады. Астроциттер көбінесе мидың қан тамырлары бойында орналасады да, нейрондарды қан тамырларымен байланыстырады. Олигодендроциттер нейронның аксоны қоршайды, тармақтары өте аз болады.
Қозғыш клеткалармен қатар тежелу нейрондары да болады. Бұлар тұңғыш рет жұлында табылған. Оларды Реншоу нейрондары дейді. Олар көбіне қозғалтқыш нейрондардың аксон бұтағына келіп түскен серпіністердің әсерінен қозып, мотонейрондағы қозуды бәсеңдетеді, сақтайтын арнайы нейрондар бар.
4. Рефлекс жайлы жалпы түсінік.
О.Ж.Ж-нің негізгі қызметі – рефлекс (reflecsus – латын сөзі – тойтарыс беру) тітіркенуге жауап беру деген мағынада. Рефлекс сөзін тұңғыш рет қолданған француз философы Рене Декарт (1664ж), оған ғылыми сипаттама берген Чех ғалымы Прохаска (1817). Рефлекс туралы ілімді одан әрі дамытып, рефлекстік теорияны пайымдағандар орыс ғалымдары И.М.Сеченов, И.П.Павлов, П.К.Анохин. Рефлекс дегеніміз О.Ж.Ж-нің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге беретін күрделі жауабы.
5 Рефлекстердің классификациясы:
1. Рефлекторлық доғаның құрылуы тәсіліне байланысты И.П.Павлов барлық рефлекстерді шартсыз (туа біткен), шартты (жүре біткен) деп екі топқа бөлді.
2. Рефлекстік доғаның орталық бөлімінде қатынасатын нейрондар санына қарай екі,үш және көп (моносинаптикалық, полисинаптикалық) нейронды рефлекстер болып та бөлінеді.
3. Доғадағы негізгі нейрондардың орналасуына қарай-симпальды, Бульбарлы,Мезенцефальды,Кортикальды.
4. Рецепторлардың орналасуына қарай экстроцептивтік,интроцептивтік рефлекстер болып ажыратылады.
5. Биологиялық маңызына байланысты – жыныстық, қорғаныштық т.б.
6. О.Ж.Ж-нің қай бөлігінің рефлексті тарату принципіне байланысты – сомалық және вегетативтік болып екіге бөлінеді.
7. Соңғы қорытындысына байланысты – қан-тамырлық, сілекей бөлу, жұту, кірпік қағу, жөтелу.
6. Рефлекторлық доға, оның элементтері
Рефлекстің морфологиялық негізі – рефлекстік доға, яғни қозуды рецепторлардан жүйке орталығына, онан шеткі ағзаға жеткізетін жол. Ол бес бөлімнен тұрады:
A. Қабылдаушы құрылым – рецептордан;
B. Қозуды орталыққа жеткізетін афференттік жүйкеден;
C. Афференттік, аралық, эфференттік нейрондардан тұратын орталықтан;
D. Қозуды орталықтан эффекторларға апаратын эфференттік жүйеден;
E. Жауап беруші құрылым-эффектордан тұрады.
Рефлекстік доға бүтін болған жағдайда ғана рефлекс қызметін атқарады, яғни доғаның бүтіндігі бұзылса рефлекс біршама жоғалып кетеді.Соңғы кезде рефлекстік доғамен қатар рефлекстік шеңбер деген ұғым қолданылады. Рефлекстік шеңбердің доғадан бір бөлімі артық болады. Оның алтыншы бөлімі ъфференттік ағзадан О.Ж.Ж-е рефлекстік әсерленіс туралы хабар жеткізетін байланыс, мысалы, рефлекстік әсерленіс, ететін жиырылу болса, оның жиырылу күші туралы хабар, яғни керісінше байланыс арқылы орталыққа жеткізіледі. Керісінше байланыс рефлекс доғасын бекітіп оны шеңберге айналдырады.
7. Нерв орталығы жайлы жалпы түсінік
Нерв орталығы деп біріңғай қызмет атқаратын О.Ж.Ж-нің белгілі бір жерінде топталған нейрондар жиынтығын айтады. Әрбір рефлекстің жүйке жүйесінде өз орталығы болады. Мысалы: тізе рефлексінің орталығы жұлынның бел омыртқа бөлігінде (сегментінде), зәр шығару, орталығы жұлынның сегізкөз бөлігінде, тыныс орталығы сопақша мидың орта шетінде орналасқан. Бірақ біріңғай қызмет атқаруға бір орталықтың нейрондары ғана емес, сондай-ақ орталық жүйке жүйесінің әр деңгейінде орналасқан көптеген басқа нейрондар тобы да қатысуы мүмкін. Сондықтан біріңғай функциялы орталықтар тобы орталықтар үркері деп аталады. Сонымен О.Ж.Ж көптеген жүйке орталықтарынан, орталықтар үркерлерінен тұрады.
8.Нерв орталықтарының жалпы қаситеттері:
О.Ж.Ж- де қозу бір нейроннан екінші нейронға тек синапстар арқылы тарайды, демек қозуды өткізу ерекшеліктері синапстардың физиологиялық қасиеттеріне байланысты.
1. Қозудың бір бағытта өтуі
2. 1862 ж. И.М. Сеценов ашқан – О.Ж.Ж- де туған қозу тап осындай екінші бір қозуға ұласады да нейронның қозуын күшейтеді. Нейрондардың осы физиологиялық қасиеті қозу жинақтау не жинақты қозу деп аталады.
3. Орталықта қозу жинақталумен қатар окклюзия (бітелу) құбылысы да жүріп жатады. Оның мәні мынада: қозудың кеңістік жинақталуы рефлекстік жауапты күшейтеді,бірақ оның нәтижесі арифметикалық жиынтықтан төмен болады. Мысалы: екі жүйке талшығын тітіркендірсе, орталықта әрбәр қозған талшыққа 4 қозған нейроннан келеді. Екі талшықтың екеуін де бір мезгілде тітіркендірсе 8 нейронның орнына 6 – ақ нейрон қозады, өйткені шеткі екі нейрон екі талшыққа ортақ болуы мүмкін.
4. Қозу ритмінің трансформациялануы.
5. Тітіркендіргіш әсеріне қарағанда оған қайырылатын жауап (рефлекстік әсерленіс) уақыты жағынан әлдеқайда ұзағырақ. Рецепторды тітіркендіру тоқтағанымен жүйке орталығында қозу көпке дейін тоқтамайды. Бұл процесс тітіркендіруден кейінгі әрекет деп аталады. Ол жүйке орталығындағы нейрондар арасындағы байланыстарға байланысты.
6. Нерв орталықтарының қажуы.
9. Қозуды бір бағытта өткізу.
Жүйке орталығында қозу бір бағытта, яғни сезімтал нейроннан аралық нейронға, одан әрі қозғалтқыш нейронға өтеді. Бұл үшін қозу синапстан өтерде алдымен синапсқа дейінгі мембранадан медиатор бөлінуіне, соңғысы синапстан кейінгі мембранадағы рецепторлармен әрекеттесуі, осының нәтижесінде синапстан кейінгі қоздыру потенциалы пайда болуы керек.
10. Конвергенция және иррадация құбылыстары.
Қозудың ОЖЖ-де өту ерекшелігі осы екі құбылысқа байланысты. Бір аксон тармақталып көптеген нейрондармен байланысады да синапс құрады, яғни бір нейрон аксонның серпінісі бірден бірнеше нейронды қоздырады. Бұл құбылыс дивергенция деп аталады. Егер де бұл құбылыс тежелумен тоқтатылып тұрмаған болса, дивергенцияның арқасында ОЖЖ-нің нақты координациялық жұмысы болмаған болар еді. Бірақ тежелу процестері дивергенцияны бөгеп, басқару процесстерінің нақты ьолуын қамтамасыз етеді. Егер де тежелу процесі алынып тасталса, онда ОЖЖ-нің іс-әрекетінде жаппай дискоординация байқалар еді.(мысалы, столбняк ауруында).
Бұған қарама-қарсы құбылыс – конвергенция (жиналу), яғни бірнеше нейроннан келіп түскен серпіністердің бір немесе ағзаның нейронда жиналуы. Мысалы, (альфа – мотонейронын қоздыруы кезінде) –созу арқылы (бұлшық ет ұршықтарының рефлексі), тері рецепторларын тітіркендіру (бүгу рефлексі) арқылы бұлшық еттің жиырылуын алуға болады.
11. Жүйке орталығының пластикалығы.
Дәрігерге нерв орталығының бұл қасиетін білу өте қажет: мидың белгілі бір орталығы зақымданғанда, оның қызметі мидың басқа құрылымдарына өтуі мүмкін.
12. Жүйке орталығының қажуы.
Жүйке орталығын үздіксіз тітіркендіру арқылы оның ет және жүйке талшықтарына қарағанда тез қажитыны анықталады. Бұл, біріншіден синапстарда медиаторлар санының азаюынан, үшіншіден, нейрондарға оттегі жетіспеуінен (гипоксия) болады. Тәжірибе жүзінде жұлын сегментінің артқы түбірін осы арадағы еттердің жиырылуы тоқтағанша үзбей тітіркендіріп, содан соң тітіркендіргішті сол сегментті алдыңғы түбіріне көшірсе, жиырылуы тоқтаған ет қайтадан жиырыла бастайды. Жұлынның артқы түбірін ұзақ уақыт үзбей тітіркендіру салдарынан ет жиырылуының тоқтауы ОЖЖ-нің қажуын ал тітіркендіргіштің орнын ауыстыру нәтижесінде еттің қайтадан жиырылуы оның қажымағанын көрсетеді.
13. Қозудың қосындылауы.
Рецептивтік өрістің белгілі бір жеріндегі рецепторларды тітіркендірсе, оларда пайда болған серпіністер бірінен соң бірі сезгіш нейрондардың белгілі синапстарына ғана жеткізілетін болса, серпіністер жиналып ондағы қозуды күшейтеді. Осылайша белгілі бір жолмен таралған қозудың жинақталып күшеюі бір ізді жинақы қозу болып саналады.
14. ОЖЖ-гі тежелу, оның түрлері
1862 ж. М.И.Сеченов «Орталықтағы тежелу» атты тақырыпта тәжірибе жасап, ОЖЖ-де қозумен қатар тежелу де болатынын дәлелдеп берді. Тәжірибе қысқаша былай жасалады: көлбақаның миын көру төмпешігін жоғарырақ жерінен кесіп алып тастайды да, тілік үстіне натрий хлоридінің кристалын қояды. Сол сәтте көру төмпешігі тітіркенеді де жұлынның қимылдатқыш рефлекстері біртіндеп ұзарып барып ақыры рефлекс тоқтайды. Жұлын рефлекстерінің тоқтауы мұнда тежелудің дамығанын көрсетеді.
Орталықтағы нейрондар қосса шеткі ағзалардың қызметі күшейтеді де олардағы тежелу қозу процесін бәсеңдетеді не мүлде тоқтатады, яғни қозудың тууына кедергі жасайды. Орталықтағы тежелу шеткі ағзалардың қызметін әлсіретеді не тоқтатады. Нейрондар қозған сәтте онда зат алмасуы, тотығу процесі күшейеді,бірақ қуат қоры азаяды, заттардың ыдырауынан пайда болған өнімдер көбейеді. Тежелу сәтінде нейрондарды зат алмасуы бастапқы қалпына келеді де нейрон қуаттанады, тотығу өнімдері азаяды, сөйтіп нейрондар қызметі әдеттегі қалпына келеді.
ОЖЖ-де тежелу арнайы тежеуші нейрондарды қозған кезде басталады. Жұлыннан Реншоу клеткасы табылды. Бұл клетка жұлын мотонейронының айналасында орналасқан. Оны мотонейрон аксонының бұтағы қоздырады. Тежеуші нейронның аксон ұшынан тежелу медиаторы (ГАМҚ, глицин) бөлініп шығады да оның әсерінен синапстан кейінгі тежеуші потенциал пайда болалы.
ОЖЖ-де туатын тежелу процестері пайда болу механизмдеріне қарай пресинапстық, постсинапстық, пессимальдық және қозудан кейінгі тежелулер болып бөлінеді.
15. Пресинапстық және просинапстық тежелулер
Пресинапстық тежелу. Пресинапстық тежелуге Реншоу клеткасы қатысады. Ол қоздырушы синапстағы медиатордың шығуын тоқтады. Мысалы,тежеуші клетканың аксоны мотонейроны қоздыратын жүйке талшығының ұшымен түйісіп, аксо-аксоналдық тежеу синапсын құрады. Мотонейрон қатты қозған сәтте оның аксоны арқылы Реншоу клеткасы қозады да, осы клетка аксонынан бөлінген ГАМҚ-ы екі талшықтың түйіскен жерінде орналасқан постсинапстық мембрананың хлор анионына өтімділігін күшейтіп деполяризациялайды. Бұл деполяризация жүйке талшығымен одан әрі таралып, мотонейронға бағытталған әрекет потенциалын азайтады.Осыған байланысты тежеу синапсындағы постсинапстық мембрана Са 2+ катиондарын өткізбейтін болады. Мұның салдарынан мотонейронды қоздыратын жүйке талшығының ұшынан медиаторлар бөлінбей қояды да, оның қозуы бәсеңдейді, бара-бара тежеледі.
2. Постсинапстық (синапстан кейінгі) тежелу Реншоу клеткасы тәрізді тежеуші нейрондардың қатысуына байланысты туады. Тежеуші нейронның аксоны мотонейронның денесімен синапс құрады. Тежеуші нейрон қозған кезде оның оның аксонының ұшынан ГАМҚ бөлініп шығады. Ол мотонейрон денесіндегі постсинапстық мембранадан К+ катиондарын сыртқа шығарумен қатар Сl-аниондарының ішке өтуін күшейтеді де, постсинапстық мембрананы гиполяризациялайды, сөйтіп постсинапстық тежеуші потенциал пайда болады. Мұның салдарынан мотонейронның қозғыштық қабілеті төмендейді, оның қозуына кедергі туады.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 4566 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
|