Тестілеу тапсырмалары
1.Гиперметропия кезіндегі рефракцияның коррекциясы үшін керекті шыны
A. екіесе ойысталған
B. екіесе дөңестелген
C. горизонтальді ойысталған
D. цилиндрлік
E. вертикальді ойысталған
2.Дүрбілік көруді зерттеуде қолданылады
A. офтальмоскоп
B. диплоскоп
C. осциллоскоп
D. стетоскоп
E. периметр
3.Көру өткірлігін анықтау үшін қолданылады
A. Форстер периметрі
B. офтальмоскоп
C. Анфимов таблициясы
D. Сивцев-Головин таблициясы
E. Рабкин таблициясы
4. Миопия кезіндегі рефракцияны коррекциялау үшін қажетті шыны
A. екіесе ойысталған
B. екіесе дөңестелген
C. горизонтальді ойысталған
D. цилиндрлік
E. вертикальді ойысталған
5.Қай тәжірибеде көздің торлы қабығының корреспондиялық нүктелері анықталады
A. Роджерстің
B. Фредериктің
C. Гольцтің
D. Мариоттаның
E. О.Левидің
6.Қай тәжірибеде көздің торлы қабығындағы соқыр дақты анықтайды
A. Роджерса
B. Фредерика
C. Гольца
D. Мариотт
E. Леви
7.Жақыннан көргіштік кезінде сәулелер фокусталады
A. торлы қабық алдында
B. торлы қабық артында
C. сары дақтың айналасында
D. соқыр дақтың айналасында
E. орталық шұқырда
8.Көз қарашығының диаметрінің өзгеруі, яғни көзқарашықтық рефлекс болуының шарты
A. нұрлы қабықтың шеңберлі және радиальді бағытта орналасқан бұлшықеттерінің жиырылуы мен босансуы
B. кірпікті бұлшықеттің жиырылуы мен босансуы
C. шыны дененің капсуласының жиырылуы мен босансуы
D. көздің тік және қиғаш бұлшықеттерінің босансуы
E. көздің тік және қиғаш бұлшықеттерінің жиырылуы
9.Алыста орналасқан заттарды көру кезінде шыны дене
A. тегістеледі, сындыру күші төмендейді
B. дөңестенеді, сындыру күші жоғарылайды
C. тегістеледі, сындыру күші жоғарылайды
D. дөңестенеді, сындыру күші төмендейді
E. өзгермейді
10. Көру алаңдарын анықтауда қолданылады
A. периметр
B. эстезиометр
C. офтальмоскоп
D. аудиометр
E. циркуль Вебера
11.Толық түстік соқырлық аталады
A. дальтонизм
B. дейтеранопия
C. тританопия
D. протанопия
E. ахромазия
12.Астигматизм кезіндегі фракцияны коррекциялау үшін қажетті шыны
A. цилиндрлік
B. екіесе дөңестелген
C. квадратты
D. екіесе ойысталған
E. горизонтальді
13 Анализатордың қай бөлігі сигналдарды қабылдап және ажырату қызметін атқарады
A. рецепторлық
B. қыртысты
C. бульбарлық
D. өткізгіш
E. таламикалық
14.Дүрбілік көруді зерттеуде қолданылады
A. офтальмоскоп
B. диплоскоп
C. осциллоскоп
D. стетоскоп
E. периметр
15. Егер де көру жолының оң жағын кессек, онда
A. оң көз мүлдем көрмейді
B. оң және сол көздердің біршама соқырлығы болады
C. оң көз біршама сол көз мүлдем көрмейді
D. оң және сол көздердің мүлдем көрмеуі байқалады
E. сол көз мүлдем көрмейді
16. Көру нервінің хиазмасының зақымдалуына сипатты
A. оң және сол жақтардағы латеральді көру жазықтықтарының жоғалуы
B. оң жақтың латеральді көру жазықтығының сол жақтың медиальді көру жазықтығының жоғалуы
C. оң және сол жақтардағы медиальді көру жазықтықтарының жоғалуы
D. сол жақтың латеральді көру жазықтығының оң жақтың медиальді көру жазықтығының жоғалуы
E. мулдем соқырлық
17.Афферентті көру жолдарының қайта қосылуы
A. медиальді иінді дене, төрттөмпектің артқы төмпегінде
B. медиальді иінді дене, төрттөмпектің алдыңғы төмпегінде
C. латеральді иінді дене, төрттөмпектің артқы төмпегінде
D. латеральді иінді дене, төрттөмпектің алдыңғы төмпегінде
E. таламуста, төрттөмпектің артқы төмпегінде
18.Максимальді көру өткірлігін иемденеді
A. соқыр дақ
B. тордың шеті
C. көру нерві
D. сары дақ
E. қан тамырлы орталық
19.Қалыпты көру-бұл
A. миопия
B. гиперметропия
C. монохроматия
D. эмметропия
E. гемионапсия
20. Көру анализаторының қыртысты орталығы қай бөлікте орналасқан
A. төбелік
B. шүйделік
C. гиппокампта
D. самайлық
E. маңдайлық
21.Қарашықтың жарыққа жауабы
A. азғана кеңейеді
B. фазлық өзгерістермен
C. тарылумен
D. ешқандай реакциясыз
E. өте қатты кеңеюмен
22.Жақын заттарды көргенде шыны дене
A. тегістеледі, сындыру күші төмендейді
B. дөңестенеді, сындыру күші жоғарылайды
C. тегістеледі, сындыру күші жоғарылайды
D. дөңестенеді, сындыру күші төмендейді
E. өзгермейді
23.Родопсин циклінің схемасы
A. витамин А, ретиналь, метародопсин, люмиродопсин
B. метародопсин, люмиродопсин, ретиналь, витамин А
C. люмиродопсин, метародопсин, ретиналь, витамин А
D. ретиналь, люмиродопсин, метародопсин, витамин А
E. ретиналь, витамин А, люмиродопсин, метародапсин
24. Көру нерві мына аксондарды түзеді
A. биполярлы жасушалардың
B. сауытшалар
C. пигментті жасушалардың
D. таяқшалардың
E. ганглиозды жасушалардың
25. Ең жақсы көретін жер торлы қабықтың орталық шұқыршасы, бұл жерде жинақталады
A. сауытшалар
B. таяқшалар мен сауытшалар
C. биполярлы жасушалар
D. таяқшалар
E. ганглиозды жасушалар
26.Көздің сындыру ортасы
A. қасаң қабық, шыны тәрізді дене, көз бұршағы, торлы қабық
B. қасаң қабық, көздің алдыңғы камерасының сұйықтығы, шыны тәрізді дене, көз бұршағы
C. қасаң қабық, көздің алдыңғы камерасының сұйықтығы, торлы қабық, көз бұршағы
D. қасаң қабық, көру нерві, шыны тәрізді дене, көз бұршағы
E. қасаң қабық, торлы қабық, көз бұршағы,көру нерві
27.Көру жолдарының қиылысуларының бұзылыстары кезінде мына көру алаңдарының жойылуын байқаймыз
A. сол жақ латеральді
B. оң және сол жақ медиальді
C. оң жақ медиальді
D. оң және сол жақ латеральді
E. мүлдем соқырлық
28.Қараңғылыққа бейімденушілік рецепторлардың мына қасиетіне байланысты
A. аккомодации
B. ақпараттың кодировкасында
C. спецификалылығына
D. сенсибилизациясына
E. специализациясына
29.Түс қабылдаудың аномалиясына жатады
A. миопия
B. астигматизм
C. аккомодация
D. гиперметропия
E. дальтонизм
30.Көру анализаторындағы рецепторлық потенциал
A. деполяризациялаушы
B. гиперполяризациялаушы
C. реполяризациялаушы
D. поляризациялаушы
E. гипополяризациялаушы
31.Нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлімінің тонусы жоғарылағандағы көз қарашығының көлемі
A. кішірейеді
B. үлкейеді,содан кейін кішірейеді
C. үлкейеді
D. өзгермейді
E. кішірейеді, содан кейін үлкейеді
32. Жарықты жұтады және оның торлы қабықтан өтуі мен таралуына кедергі болатын қабат
A. сауытшалар
B. пигментті жасушалар
C. таяқшалар
D. ганглиозды жасушалар
E. биполярлы жасушалар
33.Электроретинограммада көрінеді
A. көздің торлы қабығының пигменті жасушаларының электрлік жауабы
B. ганглиозды жасушалардың жарық қоздырушысына электрлік жауабы
C. биполярлы нейрондардың электрлік жауабы
D. қыртыстық жасушалардың электрлік жауабы
E. көздің торлы қабығының жарыққа электрлік жауабы
34.Көздің аккомадациясы
A. торлы қабықтағы бейне нүктесінің нақты болмауы
B. заттарды әртүрлі қашықтардан анық көру
C. көз бұршағының орталық және перифериялық сәулелерді сындыру дәрежесінің әртүрлілігі
D. жарықтын әсерінен торлы қабық элементтерінің сезімталдығының өзгеруі
E. қараңғыда көру қасиеті
35.Симпатикалық нерв жүйесінің тонусы жоғарылағанда қарашықтың көлемі
A. кішірейеді
B. тарылады, содан соң кеңейеді
C. үлкейеді
D. өзгермейді
E. кеңейеді, содан соң тарылады
36. Қарашықтық реакцияның рефлекторлы доғасын құруға қатысатын орталық
A. төрт төмпектің артқы төмпегі
B. төрттөмпектің алдыңғы төмпегі
C. сыртқы иінді дене
D. ішкі иінді дене
E. қыртыстың шүйделік бөлігі
37.Заттар үшін ең үлкен көру алаңы
A. түссіз
B. көк
C. күлгін көк
D. қызыл
E. жасыл
38. Қасаң қабықтың әртүрлі қисаюлары салдарынан жарық сәулелерінің вертикальді және горизонтальді бағытта сынулары әртүрлі болатын рефракциялық бұзылыс аталады
A. астигматизм
B. сфералық аберрация
C. миопия
D. гиперметропия
E. эмметропия
39.Перифериялық көруді қамтамассыз етеді
A. таяқшалар
B. сары дақ
C. биполярлы жасушалар
D. сауытшалар
E. жұлындық (ганглиозды) жасушалар
40.Жарық әсер еткенде көздің торлы қабығының таяқшаларындағы қай фермент ыдырайды
A. йодопсин
B. родопсин
C. ретиналь
D. хлоролаб
E. эритролаб
41.Көру өткірлігі – бұл көздің қалай көрі қасиеті
A. жақыннан
B. екі көрші нүктелерді бөлек
C. алыстан
D. қараңғылық
E. қозғалыссыз күйде
42.Алыстан көргіштік кезінде сәулелер фокусталады
A. торлы қабық алдында
B. торлы қабық артында
C. сары дақ айналасында
D. соқыр дақ айналасында
E. орталық шұқырда
43.Рефракцияның аномалиясына жатады
A. астигматизм, миопия, гиперметропия
B. астигматизм, гиперметропия, дальтонизм
C. миопия, гиперметропия, дальтонизм
D. пресбиопия, дальтонизм, сфералық аберрация
E. аккомодация, дальтонизм, миопия
44.Кірпікті қимылдату рефлексінің рефлекторлы доғасын құруға қатысатын орталық
A. төрт төмпектің артқы төмпегі
B. сыртқы иінді дене
C. төрт төмпектің алдыңғы төмпегі
D. ішкі иінді дене
E. қыртыстың шүйделік бөлігі
45. Кішірек көру аймағы мына түсті көруге арналған
A. көк
B. күлгін көк
C. қызыл
D. жасыл
E. түссіз
46.Түс қабылдағыш фоторецепторларға жатады
A. торлы қабықтың таяқшалары
B. торлы қабықтың сауытшалары
C. амакринді жасушалар
D. жұлындық жасушалар
E. көлденең (горизонтальді) жасушалар
47.Нұрлы қабық ортасындағы тесік аталады
A. қарашық
B. шыны дене
C. қасаң қабық
D. алдыңғы камера
E. орталық шұқыр
48.Шыны дененің ортасына түскен сәулелердің, перифериялық сәулелерге қарағанда күштірек сыну құбылысы аталады
A. дальтонизмом
B. сфералық аберрация
C. миопия
D. гиперметропия
E. эмметропия
49.Егде жастағы адамдардын рефракциясының өзгеруі көз бұршағының мөлдірлігімен эластикалық қасиетінің төмендеуін атайды
A. астигматизм
B. миопия
C. гиперметропия
D. пресбиопия
E. орталық шұңқыр
50. Жақыннан көргіштік кезінде сәулелер фокусталады
A. торлы қабық алдында
B. торлы қабық артында
C. сары дақ айналасында
D. соқыр дақ айналасында
E. орталық шұқырда
«Анализаторлар физиологиясы» тақырыбынан тестілік тапсырманың жауап эталондары
1В
| 11Е
| 21С
| 31А
| 41В
| 2В
| 12А
| 22В
| 32В
| 42В
| 3Д
| 13А
| 23Д
| 33Е
| 43А
| 4А
| 14В
| 24Е
| 34В
| 44С
| 5А
| 15В
| 25А
| 35С
| 45Д
| 6Д
| 16А
| 26В
| 36В
| 46В
| 7А
| 17Д
| 27Д
| 37А
| 47А
| 8А
| 18Д
| 28Д
| 38А
| 48В
| 9А
| 19Д
| 29Е
| 39А
| 49Д
| 10А
| 20В
| 30В
| 40В
| 50А
| Жоғары жүйке іс-әрекетінің көріністері.
1.Мидің қызметі.
2.Шартты рефлекстің функциялық қүрылымы.
3.Адамның мақсатты әрекетінің пайда болу механизмдері.
4.Шартты рефлекстің негізі – уақытша байланыстар.
5.Есте сақтау жайлы түсінік.
6.Есте сақтау түрлері.
7.Есте сақтауды қамтамасыз етуші процесстер.
8.Есте сақтау механизмі.
9.Ұйқы, организм үшін маңызы.
10.Ұйқы кезіндкгі физиологиялық өзгерістер.
11.Үйқы түрлері, олардың сипаттамалары.
12.Ұйқы механизмі.
13.Эмоция-жоғары жүйке іс-эрекетінің көріністерінің бірі.
14.Эмоция түрлері, эмоциялық реакцияларды тудырушы
факторлар.
15.Эмоцияның организм тіршілігіндегі орыны.
16.Эмоция пайда болуына қатысушы ми қүрылымдары.
17.Мотивациялар жайлы түсінік, маңызы.
18.Биологиялық жэне элеуметтік мотивациялар, олардың
көріністері.
19.Динамикалық стереотип, қалыптасу механизмі.
20.Динамикалық стереотиптің биологиялық маңызы.
1. Мидің қызметтері.
Мидың негізгі қызметтері анализ жэне синтез. Анализ – эркелкі сигналдарды айыру, бөлу, организмге тиетін әр-алуан эсерді ажырату. Синтез – біріктіру, талдап қорыту, ми қыртысының эртүрлі бөліктерінде туатын қозуларды бірлестіру. Үлкен ми сыңары қыртысының синтездік көрінісі, әрбір шартты рефлекстің негізін қүрайтын, уақытша байланыс түрінде жасалады. Ол әр алуан нейрондар мен олардың топтары арасында қалыптасады.
Шартты рефлекстің функциялық қүрылымы.
Шартты рефлекс - жеке тіршілік кезінде жүйке жүйесінің иемденген даралық әсерленісі. Ол лайықты қабылдағыш аппараты арқылы, кез келген сигналдық тітіркенудің әсеріне жауап ретінде, тұрақсыз жэне өзгергіш рефлекстік жолмен жүзеге асырылады. Шартты рефлекстер – организмнің жеке дамуы кезеңінде «өмір тәжірибесі» негізінде пайда болған қасиет. Шартты рефлекс тұрақсыз, өзгергіш келеді. Шартты рефлекс түрлері организм қабылдайтын кез келген тітіркендіруге әсерленеді. Шартты бейнеліс көбінесе үлкен ми сыңарлары қыртысында түйықталады. Шартты рефлекстың бэрі сигналдық ескерту ретінде қызмет атқарады.
3. Адамның мақсатты әрекетінің пайда болу механизмдері. Жоғары жүйке іс-әрекетінің негізін- шартты рефлекстер құрады. Алайда, адамның мінез-құлығы тек бейнелегіш рефлекстік әсерленістің жиынтығынан ғана түрмайды. Адамның іс-әрекеті мақсат, тілек және қимылынан күтіп отырған нәтижесі туралы анық ұғымдарына байланысты. Олар әрі тіршіліктік, әрі әлеуметтік мұқтаждықтарымен айқындалады. Мұқтаждықтардың төмен және жоғары сатыдағы түрлері бар. Бұларды қанағаттандыру – адам тіршілігін қамтамасыз етудің алғы шарты.
Мақсатты іс-әрекеттің нейрофизиологиялық қүрылымы өте күрделі. Ми туралы ғылым дами бастағаннан физиологтар мінездік әсерленістің құрылымын небір үлгі немесе желі ретінде қарады. Ол үлгі әрбір кезеңдегі білім деңгейіне, адамға сол кездегі белгілі тетік өнегесіне сәйкес жасалды.
4. Шартты рефлекстің негізі – уақытша байланыстар. Шартты рефлекстің физиологиялық негізін уақытша байланыстың түйықталу қасиеті қүрады.
Уақытша байланыс дегеніміз – шартты жэне шартсыз тітіркенулерді үштастырғанда пайда болатын, әртүрлі ми қүрылымдары арасындагы белгілі қарым-қатынасын қалыптастыратын мидың нейрофизиологиялық, биохимиялық жэне қүрылымдық өзгерістерінің жиынтығы. Уақытша байланыс ми қыртысы шегінде сигналдық тітіркенудің орталығы мен шартсыз түрткінің ми қыртысындағы өкілдік нейрондары арасында түйықталады. Уақытша байланыстар ми қыртысы деңгейінде қалыптасады. Алайда олар төменгі деңгейдегі жолдарда да жүзеге асырылады. Шартты рефлекстер ми қыртысында жэне оның астындағы орталықтар арасындағы көптеген тура және кері байланыстар арқылы тұйықталады. И.П. Павловтың тәжірибелерінде, мидың әртүрлі қүрылымдарын алып тастау арқылы, уақытша байланыстар ми қыртысында қалыптасатыны дәлелденді. Өйткені, организмнің сыртқы жэне ішкі ортасының өзгерістеріне икемді жэне дәл бейімделетін қабілеті бар жоғары сатыдағы жануарларда ми қыртысы жақсы жетілген.
5. Есте сақтау жайлы түсінік.
Есте сақтау – нерв жүйесінің сыртқы орта оқиғалары жайлы ақпаратты ұзақ бойы сақтап қажет болған жйғдайда адам санасына шығару қабілеті. Есте сақтау кезінде мэліметті түйсік басталған сэттен еске түсіруге дейін толық немесе азғана ұстап түрады. Еске сақтау үрдісі адамның ойлау қабілетіне, өмір тәжірибесіне ниеттеріне байланысты.
Есте сақтау түрлері.
Ес ақпаратты сақтау үзақтығына қарай, мезеттік, қысқа мерзімді жэне үзақ мерзімді болып бөлінеді.
Мезеттік есте сақтау – әсердің іздерін қабылдағыш қүрылымында бірнеше секунд сақтай алады. Ол миды тлдағыш қүрылымдарына сигналдық жеке белгілері мен қасиеттерін ажыратуға, бейнені тануға мүмкіндік береді.
Қысқа мерзімді есте сақтау – ағымдағы өтіп жатқан мінездік жэне ойлау амалдарын қамтамасыз етеді. Ал өте маңызы апараттар үзақ мерзімді есте сақталады.
Есте сақтауды қамтамасыз етуші процесстер.
Есте сақтау ми қыртысының маңдай бөлігі, сезгіштік жэне ойластыру алаңдары, мидың лимбия жүйесі мен торлы қүрылымы арқылы жүзеге асырылады.
Ес қоршаған ортадағы оқиғалар байланысын есте сақтап, тіршілік тәжірибесін жинауға жэне пайдалануға мүмкіндік жасайды. Ол қалыптасар кезде жасалатын нейронаралық, уақытша байланыстардың тетіктері әлі белгісіз. Жүйке жүйесінде есте сақтаудың тетіктері аса дамыған, сондықтан олар мінез – құлықта жетекші орын алады.
Есте сақтауға байланысты прцесстер мынадай кезекпен жүреді:
1.Ақпаратты қабылдап, есте сақтап қалу.
2.Ақпаратты сақтау.
3.Қажет болған жағдайда ақпаратты санаға шығару және қолдану.
Есте сақтау механизмі.
Заттар мен құбылыстардың мида бектілуі үш кезеңнен өтеді:
1) ізжазба қалыптасуы – энграмм
2) жаңа ақпаратты іріктеу жэне жіктеу
3) маңызды мәліметті ұзақ уақыт сақтау.
Ұйқы, организм үшін маңызы.
Адамдар мен жануарлар тіршілігінде ұйқы өте маңызды орын алады. Олардың ұйқысы мен сергектігі тәулікте оқтын-оқтын алмасып, қайталанып отырады. Мұндай ұйқы біркезді деп аталады. ¥йқыға мұқтаждық адамның жасына жэне жеке ерекшеліктеріне байланысты. Жас ұлғайған сайын тәуліктік ұйқының мерзімі қысқарады. Жаңа туған перзент-21,6 айлық жэне 1 жастағы бөбектер шамамен-14, 2-4 жастағы сэбилер 16, 4-8 жастағы бүлдіршіндер 13-12, 8-12 жастағы естиярлар – 10-11, 12-16 жастағы жеткеншектер 8-9, ал ересек адамдар тәулігіне шамамен 7-8 сағат ұйықтайды.
¥йқыға мүқтаждықтың даралама ерекшеліктерінің себептері әлі толық ашылған жоқ. Тіпті дені сау адамдардың үйқысының мерзімі әртүрлі келеді. Тәулігіне 1-2 сағаттан 12 сағатқа дейін созылады. Ғылыми зерттеулерде толық ұйқысыз адамдарда байқалады.
Ұйқы кезіндегі физиологиялық өзгерістер.
Организмнің үйқы кезінде көптеген әрекеттері өзінің қарқынын өзгертеді. Мәселен, тыныс алу, жүректің соғу жиілігі азаяды, артерия қысымы төмендейді, зат алмасуы мен жүйкенің қозғыштық қарқыны бэсеңдейді. Алайда, ұйқы кезінде кейбір үрдістердің белсенділігі күшейеді, гипоталамус пен ми бағанында қан айналымы артады. Соның нәтижесінде мидың температурасы көтеріліп, оттегін қабылдау ұлғаяды, кейбір ферменттердің белсенділігі күшейеді. Жыныстық жетілу кезеңінде жыныс безінің белсенділігін реттейтін гипофиз гормондарының түзілуі үдей түседі.
Қалыпты жағдайда дені сау адамдарды 3-5 тәулік ұйықтатпаса жеңе алмайтын ұйқышылдық туады. Психикалық әсерленіс нашарлап, парасатты іс-әрекет төмендейді. Ал өзіндік сезіну өте ауыр, жағымсыз болады.
Ұйқы түрлері, олардың сипаттамалары.
Ұйқының бірнеше түрі бар: қалыпты, гипноздық, наркотиктік, дерттік және шартты рефлекстік.Сонымен қатар ұйқы баяу жэне жылдам болып бөлінеді. Ұйқының баяу кезі ұйқыға кетуден терең ұйқыға дейін бірнеше мінездік жэне ЭЭГ белгілері мен сипатталады. Жылдам ұйқы сатысы бет және мойын бұлшықеттерінің белсенділігі толық тиылуымен ерекшеленеді, көздің шапшаң қимылдары кездеседі.
Ұйқы механизмі.
Ұйқы орталығы қағидасы мидің қыртысасты құрылымында ұйқы мен сергектіктің арнайы орталықтарыың барлығын мақұлдайды.
Ұйқы организмді сақтау жэне оны бұрынғы қалпына келтіру қызметін атқарады. Сондықтан кейбір невроздар мен психоздарды емдеу үшін ұйықтататын емгерлік жиі қолданылады.
Эмоция – жоғары жүйке іс-әрекеттерінің көріністерінің бірі.
Адам мен жануар психикасының ерекше көріністерінің бірі –эмоция. Эмоция мінезді бағыттау жэне жүзеге асыру амалдарын жасайтын мотивацияның құрамында маңызды орын алады. Ол сыртқы әсерлерден, ретсіз ұйымдастырылмаған түрде пайда болады. Эмоцияның байланыстырушы әрекеті ымдау, қол сермеу, дене қимылы кейпі, мәнерлі күрсіну, дауыс ырғағын өзгерту арқылы серіктеріне сезініс түрін білдіреді. Мұның айғағын эмоциялық күйлердің арасындағы қарама қарсылықтан байқауға болады.
Эмоция қалыптсуына ми діңі мен қыртысының арасында орналасқан лимбиялық жүйе қатысады. Эмоция кезінде адамның есте сақтау қоршаған орта әсерлерін қабылдау қабілеті жоғарылайды.
Эмоция түрлері, эмоциялық реакцияларды тудырушы факторлар.
Эмоцияның бір неше түрі бар:
1.Биологиялық эмоция- әртүрлі тіршілік мұқтаждықтарын қанағаттандыру немесе өтей алмау әрекеттерімен байланысты болады.
2.Жоғары эмоция – әралуан рухани әрекеттерінен туады.
3.Кідірген эмоция – жеке адамның кейбір себептермен, эмоциялық көріністерін тежеуі нәтижесінде байқалады.
4.Жағымсыз эмоция – қандай болса да бір қажеттілік қанағаттандырылмаған жағдайда ұнамсыз күйзеліс түрінде кездеседі.
5.Жағымды эмоция – мұқтаждық қанағаттандырылған кезде болатын сүйкімді әсерленушілік.
6.Нағыз эмоция ұзақ уақыт жэне әлсіз түрде болады.
15. Эмоцияның организм тіршілігіндегі орны.
Организмнің эмоциялық күйі эмоциялық күйзеліс жэне эмоциялық көрініс іспеттес әсерленістерден тұрады. Эмоциялық күйзеліс деп организмнің өзін және қоршаған әлемді бейнелейтін өзіндік сезінісін айтады. Организмнің дененің сезу және ағза жүйелерінде байқалатын өзгерістерді эмоциялық көрініс деп атайды. Эмоциялық көрініс әртүрлі: симпатикалық жүйке қатты қозғағандықтан жүректің қызметі жеделдейді, қанның қысымы көтеріледі, газ алмасу өседі, тыныс кеңееді, организмда тотығу жэне энергия құбылыстарының қарқыны артады. Қанда, сілекейде, несепте катехоламин, пептидтер жэне глюкоза мөлшері көбейеді.
16. Эмоция пайда болуына қатысушы ми құрылымдары.
Эмоция қалыптасуына ми діңі мен қыртысының арасында орналасқан лимбиялық жүйе қатысады.
Эмоция кезінде гипоталамус – гипофиз- бүйрек безі, сондай-ақ симпато – адреналдық жүйелердің белсенділігі жоғарылап, қанда катехоламиндер және стероидтардың мөлшері артады. Бұл жағдай организмнің вегетативтік реакциялары дамуына әкеледі.
17. Мотивациялар жайлы түсінік, маңызы. Мотивациялық қозу жануарлар мен адамда орталық жүйке жүйесінде белгілі бір мұқтаждық туғанда пайда болады. Бүл қозудың өзгешелігі, оны тудыратын мұқтаждықтың түр ерекшеліктерімен анықталады. Мұндай қозу сезімдік синтездің қалыптасуында ерекше орын алады. Орталық жүйке жүйесіне жететін кез келген ақпарат сол кездегі үстемдік мотивациялық қозумен сэйкес келеді.
Мотивация қалыптастыруға лимбиялық жүйке оның құрамындағы бадамша ядросы, гипоталамус, гипокамп қатысады. Лимбиялық жүйе гипоталамусты бақылап отырады, ал гипоталамус ми қыртысымен тығыз байланыста болады. Бұл жағдайда гипоталамус ми құрылымдарын әрекеттік тәуелділікте ұстап отырады.
18. Биологиялық және әлеуметтік мотивациялар, олардың көріністері.
Мотивация екі түрге бөлінеді: әлеуметтік жэне биологиялық. Адам тек биологиялық дамудың нәтижесі ғана емес, әлеуметтік ортаныңда жемісі. Адамның белсенді іс-әрекеті көбінесе жоғарғы мақсатқа бағытталады, оған жету үшін ол кейде, тіпті өмірінде құрбан етеді. Адам миының іс-әрекеті бүкіл адамзаттың өркен тәжірибесімен оның элеуметтік тіршілік жағдайымен байланысты.
Адам миы іс-әрекеттің көптеген тетіктерін толық ашу алда түр. Ол бүкіл адамзатқа өзін меңгеруде және билік етуде аса зор күш қуат берген болар еді.
19. Динамикалық стереотип, қалыптасу механизмі.
Динамикалық стереотип дегеніміз - түрлі шартты сигналдарға қалыптасқан, бірінен соң бірі пайда болатын жауап реакцияларының жиынтығы, яғни жеке рефлекстердің комплекстік түрі. Динамикалық стереотип адам мен жануарлардың әртүрлі әдеттерімен дағдыларын мінез құлқының белгілі жүйесін құрайды. Демек, бүл еңбектену тәртібі, демалыс ережесі болуы мүмкін, яғни күнделікті өмірде жүзеге асырылатын әдет – дағдылар тізбегі. Динамикалық стереотип –қиын құралады, бірақ тым берік келеді.
20.Динамикалық стереотиптің биологиялық маңызы.
Динамиклық стереотиптің биологиялық мәні оның ми қыртысы орталықтарын күрделі мәселелерді шешу үшін босатуында.
Лабораториялық жұмыс:
1.Қысқа мерзімді есте сақтауды зерттеу. Есте сақтау қабілетін анықтау.
2.Мағыналық есте сақтау көлемін анықтау.
3.ЭЭГ көрсеткіштеріне сүйеніп адамның эмоциялық реакцияларын зерттеу.
Бірінші жұмыс қысқа мерзімде есте сақтау зерттеуіге арналған. Бүл үшін арнайы цифрлар жазылған таблицалар қолданылады. Тәжірибені дәл мәліметтер алу үшін бірнеше рет қайта жасауға болады. Содан соң тәжірибенің нәтижелері салыстырылады. Мағыналық мәндік есте сақтау көлемін анықтауда ұзақ мерзімді есте сақтау қабілеті жүзеге асырылады. Бұл жағдайда түйсіну, елестету, ойлау әрекеттері қатысады. Жұмысты орындау үшін алдын ала түрлі сөздер, сөз тіркестері жазылған таблицалар қолданылады. Адамның эмоциялық реакцияларын зерттеу эмоциялық реакциялар шақыра алатын сөздерді оқыған кезде ЭЭГ болатын өзгерістерді тіркеп талдауға бағытталған.
Ахуалдық есептер.
1. Сау адам ЭЭГ төбе және желке тұстарының тармақтарынан альфа толқындар тіркеледі. Бұл жағдай адамның қай күйіне сәйкес келеді?
2. ЭЭГ желке аймағындағы тармақтарда дельта толқындар тіркелу сау адамның күйіне сэйкес?
3. Зерттелуші екі адамды түн ішінде ұйқысынан оятып қандай түс көргендіктері сұралды. 1-адам түс көрген жоқпын деді, 2-сі көрген түсін айтып берді. Зерттелуші 2 адамныңда дендері сау, екеуіде бірдей жұмыспен айналысады. Ұйқының қай кезеңдерінде айтылған зерттеушілер оятылған?
4. Адам жасы келген сайын үйреніп қалған әдет дағдыларының өзгерістерінің жақтырмайтындығы белгілі. Бұл құбылыс қандай физиологиялық механизмдермен байланысты?
5.Бір кісі өз атына өте қатты түрде әділсіз ескерту алды. Бірақ ол сыр берген жоқ, тіс жарып ештеме демеді. Бұл адам организміде физиологиялық жүйелер қызметінің қандай өзгерістері болуы мүмкін?
Тест бақылау сұрақтары
1.Ең жоғарғы нервтік қызметтің көрінісі.
A. эмоциялар, назар, ес
B. хроноксия, ес, адаптация
C. ес, қажу, иррадияция
D. лабильділік, эмоциялар, доминанта
E. аккомадация, лабильділік, эмоция
2.Ең жоғарғы нервтік қызметтің көрінісі.
A. хроноксия, ес, адаптация
B. ес, қажу, иррадияция
C. лабильділік, эмоциялар, доминанта
D. аккомадация, лабильділік, эмоция
E. сөйлеу, ойлау, ақыл
3.Ең жоғарғы нервтік қызметтің көрінісі
A. хроноксия, ес, адаптация
B. ес, қажу, иррадияция
C. сезіну, қабылдау
D. лабильділік, эмоциялар, доминанта
E. аккомадация, лабильділік, эмоция
4.Эмоциональді кернеу көрінісі береді.
A. тыныс алудың жиілеуімен
B. брадикардиямен
C. ұйқышылдықпен
D. тахикардиямен
E. диурездің төмендеуімен
5.Естің пайда болуында ОЖЖ мына құрылымдары қатынасады.
A. қыртысы, сопақша ми, таламус, қара субстанция
B. гипоталамус лимбиялық жүйе, қызыл ядро, мишық
C. лимбиялық жүйе, таламус, гипоталамус
6.Сөзді қабылдаушы Вершке орталығы орналасады
A. маңдайлық қыртыстың үшінші иілімі
B. қыртыстың алдыңғы орталық иілімі
C. қыртыстың шүйделік орталығы
D. қыртыстың самайлық бөлігі
E. бассүйек- нервтерінің қимылдатқыш ядроларында
7.Үлкен жарты шарлардың зақымдалуы кезінде мақсат қойылған іс- әрекетті орындай алмау.
A. агнозия
B. апраксия
C. афазия
D. аграфия
E. амнезия
8.Объективті шындықтың ОЖЖ-де көрінуінің алғашқы сатысы
A. қабылдау, есте қортындылау
B. елестету, суждение
C. сезіну, қабылдау
D. түсінік, суждение
E. ойлау, сөйлеу
9. Сөйлеу қоршаған ортаны түсіндіру үшін келесе маңызды қызметтер атқарады
A. коммуникативті, сигналды, трофикалық
B. түсінушілік, интеративті, адаптивті
C. каммуникативті, түсінушілік, регуляторлық
D. регуляторлық, аналитикалық, трофикалық
E. түсінушілік, аналитикалық, трофикалық
10. Естің келесі түрлері бар
A. эмоционалді
B. санасыз
C. қысқа уақыттық
D. интелектуальді
E. саналы
11. Естің келесі түрлері бар.
A. эмоционольді
B. санасыз
C. интелектуальді
D. саналы
E. сенсорлы
12.. Естің келесі түрлері бар.
A. ұзақ уақыт
B. эмоционольді
C. санасыз
D. интелектуальді
E. саналы
13. Сөйлеудің қозғалыс программасын қамтамасыз ететін Брок орталығы орналасады
A. маңдайлық қыртыстың үшінші иілімі
B. қыртыстың алдыңғы орталық иілімі
C. бассүйек-ми нервтерінің қозғалтқыш ядроларында
D. қыртыстың шүйделік орталығы
E. қыртыстың самайлық бөлігі
14. Афазия дегеніміз
A. танып білудің бұзылуы
B. көзделген іс - әрекеттертің бұзылуы
C. сөйлеудің бұзылуы
D. көрудің бұзылуы
E. қимылдау актілердің бұзылуы
15.Эмоционольді кернеудің екінші кезеңі мынамен көрініс береді
A. ішкі ағзалардың қантамырларының кеңеюімен
B. мүшелер мен жүйелердің активтілігінің төмендеуімен
C. қаңқалық бұлшықеттердің әрекетінің төмендеуімен
D. тыныс алудың және жүрек жұмысының жиілеуімен
16. Агнозия дегеніміз
A. сөйлеудің бұзылуы
B. танып білудің бұзылуы
C. көзделген іс-әрекеттердің бұзылуы
D. жазудың бұзылуы
E. санаудың бұзылуы
17. Астеникалық типті эмоциялар көрінеді
A. гиподинамиямен
B. қозғалыстың қозғалуымен
C. тыныс алудың жиілеуімен
D. депрессиямен
E. тыныс алудың жиілеуімен
18. Астеникалық типті эмоциялар көрінеді
A. гипергликамиямен
B. депрессиямен
C. тыныс алудың жиілеуімен
D. гипердинамиямен
E. гиподинамиямен
19. Астеникалық типті эмоциялар көрінеді
A. депрессиямен
B. тыныс алудың жиілеуімен
C. гиподиеамиямен
D. гипергликемиямен
E. тыныс алудың өзгеруімен
20 Астеникалық типті эмоциялар көрінеді
A. депрессиямен
B. тыныс алудың жиілеуімен
C. гиподиеамиямен
D. тахикардиямен
E. тыныс алудың өзгеруімен
21. Көргенді елестетудің ең жоғарғы орналасатын орталығы
A. қыртыстың шүйделік аймағы
B. қыртыстың самайлық бөлігінде
C. көру төмпегінің ядроларында
D. атқы орталық иілімде
E. алдыңғы орталық иілімде
22. Бөлек сөздерді ұмыту көрініс береді
A. аграфия
B. амнезия
C. афазия
D. агнозия
E. апраксия
23. Жазып түсінудің орталығы орналасады
A. маңдайлық қыртыстың үшінші иілімі
B. қыртыстың алдыңғы орталық иілімі
C. бассүйек-ми нервтерінің қозғалтқыш ядроларында
D. қыртыстың шүйделік орталығы
E. қыртыстың самайлық бөлігі
24. Ұсақ есте сақтаудың механизмі
A. резербоция
B. кері байланыс принціпі
C. РНК, ДНК, белок синтезінде
D. иррадияция принципінде
E. дивергинция принціпінде
25. Белок синтезінің ингибиторларын енгізу барысында ұзақ есте сақтау процесінің өзгерісі
A. күшейтеді
B. өзгереді
C. өзгермейді
D. тоқтайды
E. күшейеді сосын қалпына келеді
26. Объектілерді сөзбен белгілейтін сөйлеу қабілетінің формасына жатады.
A. түсінушілікті, акустикалық, оптикалық
B. акустикалық, кинистезиялық,оптикалық
C. кинистезиялық, рефлекторлы, түсінушілікті
D. рефлекторлы, психологиялық, түсінушілікті
E. рефлекторлы, психологиялық, оптикалық
27. Жоғарғы эмоциялар байланысты
A. гомеостазды тұрақтандырумен
B. жыныс инстиктімен
C. өз өзін сақтандырумен
D. әлеуметтік қажеттіліктерді қамтамасыз ету
E. тағамдық қажеттіліктермен
28. Ең жоғарғы эмоциялар байланысты
A. гомеостазды сақтауға қатысумен
B. жыныс инстиктімен
C. өз өзін сақтандырумен
D. тағамдық қажеттіліктермен
E. интелектуальді қызметтерді қанағаттандырумен
29. Есті толығырақ сақтайтын процестер
A. инфармацияны сақтау
B. инфармацияны РНК және ДНК-да сақтау.
C. қозудың циркуляциясы
D. инфармацияның РНК және ДНК-да сақталуы және қозудың циркуляциясы
E. фиксация, сақтау, инфармацияны (ақпаратты) өндіру.
30.Жоғары психикалық қызметтерді зерттеуде қолданылатын әдіс.
A. ауриометрия
B. САН
C. Ольфоктометрия
D. Аудиометрия
E. Ольфоктометрия
31. Жоғары психикалық қызметтерді зеттеуде қолданылатын әдіс
A. ауриометрия
B. ассоциятивті тәжірибие
C. ольфоктометрия
D. аудиометрия
32. Қысқа мерзімді естің ұзақ мерзімге айналдыруды атқаратын ОЖЖ құрылымы
A. үлкен жарты шарлардың қыртысы
B. гипотоламус
C. гипокамп
D. таламус
E. торлы фармация
33. Қарапайым іс -әрекеттері сақталатын еркін іс әрекеттің күрделі түрінің бұзылуы аталады.
A. анорексия
B. апраксия
C. афазия
D. анурия
E. алексия
34. Артикулярлы апараттың қызметі сақталғандағы сөйлеу қабілетінің бұзылуы
A. амнестикалық апараксия
B. булемиялық апараксия
C. сенсорлы афазия
D. пергюнтикалық анурия
E. моторлы афзия
35. Толық немесе жартылай естің жоғалуы
A. аграфия
B. алексия
C. амнезия
D. афагия
E. анроксия
36. Қолдың қозғалысының қызметі сақталатын сөздің мағнасы мен формасы дұрыс жазу қабілетінің бұзылуы
A. аграфия
B. алексия
C. апиаксия
D. афагия
E. анроксия
37.Қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекет
A. инстинкт
B. мотивация
C. ойлау
D. нәпсі
E. шартты ркфлекс
38. Білімге құштарлық
A. жыныстық мотивация
B. қорғаныстық мотивация
C. обстоновкалық мотивация
D. әлеуметтік мотивация
E. трофикалық мотивация
39.Оқу және ойлау процестерінің негізінде жатқан бір-бірімен тығыз байланысты процесстер
A. аграфия, циркуляциялық қозу,
B. апараксия, қайта іске асыру
C. толу, аграфия
D. сақтау, амнезия
E. қабылдау, есте сақтау
40. Оқу және ойлау процестінің негізінде жатқан бір-бірімен тығыз байланысты процестер
A. аграфия, циркуляциялық қозу,
B. апараксия, қайта іске асыру
C. толу, аграфия
D. сақтау, амнезия
E. толу, қайта іске асыру
41. ОЖЖ объективті шындық бейнесінің процесі
A. сезу және қабылдау
B. сөйлеу және ес
C. сана сезім және ойлау
D. мән мағына және ойлау
E. эмоция және сана сезім
42.Адам миының сол жақ жарты шарының негізгі қызметтік мамандануы
A. венбральді емес стимульдарды толу
B. логикалық ойлау және сөйлеу
C. бейнелі қызметтеді болдыру және қамтамасыз ету
D. қайта еске түсіру және еске алу
E. детуктивті ойлау
43. Адам миының оң жақ жарты шарының негізгі қызметтік мамандануы
A. логикалық ойлау және сойлеу
B. алдын-ала көру және болжау
C. бейнелі ойлау
D. вебральді стмулдарды тану
E. индуктивті ойлау
44. Психологиялық әдістерге жатады
A. әңгімені бақылау әдісі, мәліметтерді жинау
B. протездеу әдісі
C. моделдеу әдісі
D. калориметрия
E. электромиография
45. Артикулярлы апараттың қызметі сақталғандағы сөйлеу қабілетінің бұзылуы
A. амнестикалық апараксия
B. булемиялық апараксия
C. сенсорлы афазия
D. пергюнтикалық анурия
E. моторлы афзия
46 Толық немесе жартылай естің жоғалуы
A. аграфия
B. алексия
C. амнезия
D. афагия
E. анроксия
47. белгілі бір әсердің пайдалығы немесе зияндылығы орындалып жатқан іс - әрекеттің сәтті немесе сәтсіз екендігі жайлы сигнализациялардың көрінуі эмоцияның мына қызметіне жатады
A. сигналды
B. реттеуші
C. мотивационды
D. бейнелі
E. дедуктивті
48. Есте сақтау процесіне мән берілмейтін ес аталады
A. логикалық
B. санаға бағынбайтын
C. санаға бағынатын
D. ассоциятивті
E. вербальді
49.Адам үшін теріс стеникалық эмоциялардың маңызы
A. адамденсаулығына кері әсер беруінде
B. психологиялық тыныштық күйінде
C. мүшелер мен жүйелердің белсенділігін қалыпты ұстап тұруында
D. эмоциональді кернеулікті төмендеуінде
E. организімнің энергетикалық резервін жоғарылатуында
50. Елестету арқылы ойлау аталады
A. обьективті
B. түсінушілік
C. сөйлеу қозғалыстың
D. тез іс-әрекет алды
E. бейімдеушілік
«Жоғары жүйке іс-әрекетінің көріністері» тақырыбынан тестілік тапсырманың жауап эталондары
1А
| 11Е
| 21А
| 31В
| 41А
| 2Е
| 12А
| 22В
| 32С
| 42В
| 3С
| 13А
| 23Д
| 33В
| 43С
| 4Д
| 14С
| 24С
| 34Е
| 44А
| 5С
| 15Д
| 25Д
| 35С
| 45Е
| 6Д
| 16В
| 26В
| 36А
| 46С
| 7В
| 17В
| 27Д
| 37В
| 47А
| 8А
| 18С
| 28Е
| 38Д
| 48В
| 9С
| 19Д
| 29Е
| 39Е
| 49А
| 10С
| 20Д
| 30В
| 40Е
| 50В
|
Әдебиеттер тізімі
1. «Анатомия и физиология человека» Н.И.Федюкович. 2003г.
2. «Нормальная физиология» В.П.Дегтяров 2006г.
3. «Нормальная физиология» Н.А.Агаджанян 2009г.
4. «Нормальная физиология» А.В.Завьялов 2009г.
5. «Физиология человека» В.М.Смирнов 2002г.
6. «Физиология и молекулярная биология мембранных клеток» А.Г.Камкин 2008г.
7. «Основы нейрофизиологии» В.В.Шульговский 2000г.
8. «Физиология – основы и функциональные системы» К.В.Судаков 2000г.
9. «Введение в физиологию сенсорных систем» А.С.Батуев 1983г.
10. «Физиология электрорецепторов» Г.Р.Броун 1984г.
11. «Механизмы памяти» Г.А.Вартанян 1988г.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе....................................................................................................................2
Физиологияға кіріспе. Физиологияда жиі қолданылатын зерттеу тәсілдері. Қозғыш құрылымдарды зерттеу тәсілдері..........................................................3
Қозғыш құрылымдар физиологиясы.................................................................21
Еттер физиологиясы...........................................................................................34
Нерв-бұлшық ет берілісі. Синапс.......................................................................51
Орталық жүйке жүйесінің жалпы физиологиясы. Қозу және тежелу процестері.............................................................................................................64
Ішкі секреция бездері. Эндокринді бездерге жалпы сипаттама..............................................................................................................80
Зат және энергия алмасулары.............................................................................92
Температура реттелуінің физиологиясы..........................................................112
Анализаторлар физиологиясы..........................................................................130
Жоғары жүйке іс-әрекеттерінің көріністері....................................................141
Әдебиеттер тізімі...............................................................................................156
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 2511 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
|