Анализаторлар физиологиясы
1.Анализаторлар туралы түсінік.
2.Анализаторлардың бөлімдері,олардың сипаттамалары.
3.Анализаторлардың құрылысының жалпы ерекшеліктері.
4.Анализаторлардың негізгі функциялары.
5.Рецепторлар жайлы түсінік.
6.Рецепторлардың жіктелуі.
7.Рецепторлардың қозу механизмі.
8.Көру анализаторлары жайлы жалпы түсінік,оның организм үшін маңызы.
9.Көз аккомодациясы,оның механизмі.
10.Түсті ажырату,түсті көру.
11.Көруді қамтамасыз етуші-көздің оптикалық жүйесі.
1. Анализаторлар туралы түсінік.
Анализаторлар немесе сезім жүйесі дегеніміз арнайы қабылдағыш –рецепторлардан,аралық және орталық жүйке клеткаларынан,оларды байланыстыратын арнаулы анализаторлардан тұратын жүйке жүйесінің күрделі бөлігі.Сезім ағзалары организімнің өзін қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін жүзеге асыруда маңызды ролъ атқарады.Себебі сезіа ағзаларының рецепторларында сыртқы ортаның тітіркену әсерінен қозу толқындары пайда болады,ол орталық жүйке жүйесіне әсер етеді.Сезім ағзалары қабылдайтын тітіркендірістер үлкен ми сыңарлары қыртысының белгілі аймақтарында ажыратылады.
2.Анализаторлардың бөлімдері,олардың сипаттамалары.
А) Анализаторлардың шеткі бөлімін морфологиялық айырмашылығы бар және арнаулы физиологиялық бағытқа икемделген көптеген рецепторлар құрады.
Б) Анализаторлардың арлық бөлімі-рецепторлардан келетін мәләметтерді өңдеуде анализаторлардың өткізгіш жолдарының маңызы зор.Барлық анализаторлардың аралық бөліміне орталыөөа тебетін сезімтал өткізгіш жолдары мен олар ьайланысатын орталық ядролар жатады.
В) Анализаторлардың орталық бөлімі өткізгіш жолдар арқылы сезім ақпараттарды ми қыртысының проекциялық және ұласқан аймақтарына жетеді.Ми қыртысында әрбір анализатордың белгілі орны болады.Бұл орындарда жоғарғы анализ және синтез жасалады.Мысалы,көру анализаторлары ми қыртысының көбінесе шүйде,қимыл төбе,есту самай аймақтарында орналасады.Сонымен қатар кейбір анализаторлардың ми қыртысының бірнеше қосалқы аймақтарында проекциясы болатындығы анықталады.
3.Анализаторлар құрылысының жалпы ерекшеліктері.
Жоғарғы омыртқалы жануарлар мен адамның барлық анализаторлар жүйесіне жалпы құрылыс негіздері тән:
Анализаторлар жүйесі көп қабатты жүйке клеткаларынан тұрады.Олардың алғашқы қабаты қабылдағыш элементтермен,ал соңғысы үлкен ми сыңары қыртысының ұласқан аймақтарымен байланысты болады.
Анализаторлар көп жолды болады.Олардың әр қабатында барлық деңгейге кезегімен серпініс жіберетін көптеген жүйке элементтері бар.Анализаторлардың мұндай көп жолдары жасалған талдаудың өте сенімділігін және дәлдігін қамтамасыз етеді.
Шектес қабаттарда сезіну алқымы деп аталатын әртүрлі элементтер саны кездеседі.Мысалы,адамның көру жүйесінің торлы қабығындағы фоторецепторлар қабатының 150 мл элементі бар,ал шыға берістегі ганглиоздық клеткаларында 1млн. 250мың элемент болады.Бұл тарыла түсетін алқымның мысалы.
Анализаторлардың тура және көлденең бөлшектері болады.Жүйке элементтерінің бір немесе бірнеше қабаттан құрылатын бөлімі тікелей ажыратылу деп аталады.Әрбір бөлімнің өзінің атқаратын жеке қызметі болады.
4.Анализаторлардың негізгі функциялары.
И.П.Павлов өзінің зерттеулерімен бейнелеу процесінің мидағы физиологиялық механизмдерін дәлелдеді.Ол материялық әлемді бейнелеудегі адамның ой өрісі мен тереңдігі сыртқы дүниенің әсерінен туатын көптеген мәліметті қабылдайтын және өңдейтін жүйке жүйесінің қасиеттерімен тығыз байланысты екенін көрсетті.Адамзаттың дүниетанымындағы жетістікткрі және табиғат пен қоғамды өзгертуі,ғылым мен техниканы дамытудағы табыстары оның сезім ағзалары мен үлкен ми сыңарлары қыртысы қабылдайтын,талдайтын мәліметтердің дұрыстығы дәлдігі сійкестігінің айғағы болады.
5. Рецепторлар жайлы түсінік:
Рецептор-тітіркендірістің белгілі бір түрлерін ерекше сезеді.Анализаторлардың зор қозғыштығы байқалады яғни рецепторлар сыртқы тітіркендіргіштің ең аз мөлшеріне әсерленгіш келеді.Сқйтіп олар сигналды табу және ажырату қызметін атқарады.Бұл сыртқы және ішкі ортаның әр түрлі тітіркендіргішінің әсерін қабылдайтын,өңдейтін,қозу толқынын тудыратын,оларды ұғынуға эволюциялық дамуда бейімделген организімдегі арнайы рецепторлар арқылы жүзеге асады.
6. Рецепторладың жіктелуі:
Барлық рецепторлар екі үлкен топқа бөлінеді:сыртқы немесе экстерорецепторлар және ішкі немесе интерорецепторлар-көру,дыбыс,иіс,терінің сезім рецепторлары.Ал интерорецепторларға-ішкі ағзалардың жағдайын ишараттайтын висцерорецепторлар және тірек қимыл жүйесінің вестибулярлы мен проприорецепторлар жатады.
Рецепторлар сыртқы орта мәліметтерін қабылдау түрлеріне байланысты екіге бөлінеді:дистанциялық рецепторлар-олар ақпараттарды тітіркендіргіш көзінен әлдеқайда алыстан,ал контактық рецепторлар тікелей жанасқанда мәлімет алады.
Рецепторлар өздері бейімделген тітіркендіргіштерді табиғатына қарай мынадай болып жіктеледі: механорецепторлар, хеморецепторлар, фоторецепторлар, терморецепторлар,ауырғанда сезу рецепторлары.
Барлық рецепторлар біріншілей және екіншілей сезетін болып екіге бөлінеді. Біріншісі - иіс, сипап сезу рецепторлары және проприорецепторлар. Бұларда тітіркендірістерді ұғыну және өңдеу үшін қозу толқыны сезгіш нейрондардың тікелей өзінде пайда болады. Екіншісі –дәм, көру, есту, тепе теңдік рецепторлары жатады.
7.Рецепторлардың қозу механизмдері.
Әрбір рецептор тітіркенудің белгілі бір түрлерін ерекше сезеді.Бұлар рецептор ұғынуға бейімделген барабар тітіркенулер деп аталады.Сондықтан олардың қозғыштық қасиеттері тым жоғары болады.Дегенмен бұл тітіркендіргішке олардың сезімталдығы өте төмен келеді.Рецепторлардың қозғыштығы тұрақсыз.Оған рецепторлардың өзінде туатын өзгерістер, қабылдағыш құралдың сезгіштігін өзгертетін орталық жүйке жүйесінің ықпалы тиеді.Өйткені сигналдар табуда рецепторлардан тыс оған әрбір жүйке қабатының сезгіш нейрондары қатысады.
8. Көру анализаторлары жайлы жалпы түсінік, оның организм үшін маңызы.
Көру анализаторы адам мен жоғары омыртқалы жануарлар үшін аса маңызлды сезім мүшелерінің бірі.Ол барлық рецепторлардан миға келетін мәліметтің тоқсан пайызын жеткізіеді.Көзге ілінген заттардың кескіні торлы қабыққа түсіп,сондағы қабылдағыштарды қоздырады.Сөйтіп,қозу толқындары ми қыртысындағы көру талдағышының жоғарғы бөліміне жетіп талданады.
9.Көз аккомодациясы, оның механизмі:
Заттарды анық көру үшін, олардың нүктесінен шыққан сәуле торлы қабықтың бетіне түсуі немесе жиналуы керек. Адам алыстағы заттарға қарағанда, олардың бейнесі көздің торлы қабығынан жиналып өте анық көрінеді. Бұл кезде жақын орналасқан нәрселер анық көрінбейді,олардың бейнесі торлы қабықтың артында түйіседі. Көзден әр түрлі қашықтықта тұрған заттарды бір мезгілде бірдей айқын көруге болмайды. Көздің әр түрлі қашықтықтағы нәрселерді айқын көрінуге мүмкіндік беретін сәулелерді сындру күшінің өзгеруін көз аккомодациясы дейді.
10.Түсті ажырату, түсті көру
Көзге түсетін жарық сәулесі спекторының ұзын толқынды шетінде қызыл түстің сәулесі, ал қысқа толқынды шетінде күлгін түсті сәулелер орналасады. Түсті сеудің үш компонетті тетіктері туралы өз кезінде М.В.Ломоносов айтқан болатын.Бұл теорияны 1801жылы әрі қарай түпкілікті тұжырымдаған Т.Юнг және дамытқан Г.Гелъмголъц.Осы теория бойынша сауытшаларда әр келкі жарық сезгіш заттар болады.Қазір бұл теорияны Ломоносов-Гелъмгольц теориясы деп атайды. Түсті ажырату кейбір түсті айыру кемістігін,жартылай түсті танымауды-тұңғыш рет осыдан зардап шеккен ағылшын физигі Д.Далътон сипаттап жазды. Түсті жарым жарты танымаудың үш түрі бар: протанопия, дейтеранопия және тританопия.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 6452 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
|