АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Кіріспе

Прочитайте:
  1. I.Кіріспе
  2. Кіріспе
  3. Кіріспе
  4. Кіріспе
  5. Кіріспе
  6. Кіріспе
  7. Кіріспе
  8. КІРІСПЕ
  9. Кіріспе.

Ишигов Ибрагим Агаевич

Нарымбетова Тохжан Мансуровна

ФИЗИОЛОГИЯ-1

(оқу-әдістемелік құрал)

Түркістан 2011

Рецензенттер:

медицина ғылымдарының докторы, профессор С.Н.Жұмашев

медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Н.К. Ходжаев

 

 

«Физиология-1» оқу құралында организмде жүретін жалпылама физиологиялық процестерге – тұтас организмнің тіршілігі, оның қоршаған ортамен қарым қатынасы тұралы мәселелерге арналған. Осы оқу құралы жалпы медицина және стоматология мамандықтарында білім алатын студенттерге арналған.

 

 

Кіріспе

 

Физиология пәні. Физиология (гректің physis – табиғат, logos – ілім) жүйе, мүше, тін және жасуша деңгейінде жүретін тірі организмдердің тіршілік заңдылықтарын зерттейтін ғылым болып табылады. Жекеленген функкцияларды зерттеу үшін организмнің қоршаған ортамен әрекеттесу заңдылықтарына, механизмдеріне, себептеріне, оның түрлі шарттарда тіршілікке бейімделуіне, эволюциялық даму сатысында туындауы мен түзілуіне, сонымен қатар индивидуальді даму ерекшеліктеріне сүйенеді.

Физиологиялық процестерде жете түсіну үшін анатомия, гистология, биология, биофизика сияқты пәндердің негізін терең ұғыну қажет. Физиологияда физикалық, химиялық, кибернетикалық, математикалық зерттеу тәсілдері кеңінен қолданылады.

Физиологияға кіріспе. Физиологияда жиі қолданылатын зерттеу тәсілдері. Қозғыш құрылымдарды зерттеу тәсілдері.

 

1. Физиология пәнінің маңызы.

2. Физиология пәнінің маңызы.

3. Физиология пәнінің басқа пәндермен байланысы.

4. Физиология және медицина.

5. Физиология бөлімдері.

6. Функция, процесс жайлы жалпы түсінік.

7. Функционалды жүйе жайлы түсінік.

8. Физиологияның зерттеу әдістері.

9. Физиологияның негізгі зерттеу әдісі- эксперимент.

10. Жедел және созылмалы эксперименттер.

11. Физиологияның даму тарихы.

12. Қазіргі замандағы физиологияның негізін салушылар.

1. Физиология пән ретінде.

Физиология (грек тілінен physis-табиғат және logos-ілім, ғылым) – жалпы ағза және оның бөліктерінің: жасуша, ұлпа, ағза, функционалдық жүйе тіршілігі жайлы ғылым. Физиология тірі ағза қызметтерінің орындалу механизмдерін олардың бір-бірімен байланысын, реттелуі мен сыртқы ортаға бейімделуін эволюция кезінде индивидуальды даму процестерін анықтауға ұмтылады.

2. Физиология пәнінің маңызы.

Барлық дерттердің алдын алуға бағытталған салауатты өмір салтын қалыптастыруға және оны ғылыми тұрғыдан негіздеуге физиологияны оқып білу өте қажет. Физиология заңдылықтары – жаңа өндірісте еңбекті ғылыми ұйымдастырудың негізі болып табылады.

3. Физиология пәнінің басқа пәндермен байланысы

Физиологияның заңдылықтары ағзалар мен ұлпалардың макро- және микроскопиялық құрылысына, сондай-ақ жасуша, ұлпа, ағзаларда өтетін биохимиялық және биофизикалық процестерге негізделген. Физиология анатомиядан, гистологиядан, цитологиядан, молекулярлы биологиядан, биохимиядан, биофизикадан және басқа да пәндерден алынған нақты мәліметтерді синтездеп, оларды организм жайлы бір бүтін жүйе іліміне айналдырады. Сонымен физиология пәні ғылым ретінде организмді және оның барлық элементтерін бір бүтін жүйе ретінде зерттеуге көмектеседі.

4. Физиология және медицина

Жалпы бүтін организмнің тіршілігін қалыптастыратын негізгі механизмдерін және оның қоршаған ортамен байланысын анықтай отырып физиология, адам науқастанған кезде осы механизмдердің бұзылу себептерін, жағдайын анықтап, зерттеуге көмектеседі. Сондай-ақ физиология патологиялық жағдайдағы организмде бұзылған қызметтерді қалпына келтірудің жолдары мен әдістерін анықтауға басқаша айтқанда денсаулықты қалыптастыруға жол ашады. Сондықтан физиология медицинаның теориялық негізі болып табылады.Дәрігер науқастың жағдайын функционалдық бұзылыстарға, басқаша айтқанда бірқатар физиологиялық қызметтердің қалыпты жағдайдан ауытқу сатысына қарай бағалайды. Функционалды (физиологиялық) зерттеулер клиникалық диагностиканың негізін құрайды.Сонымен қатар дәрігер осы зерттеулердің көмегімен жүргізілген емнің нәтижесі.

Дегенмен физиологияның медицинадағы маңызы мұнымен аяқталып қоймайды. Ағзалар жүйелердің қызметтерін зерттеу, осы қызыметтерді приборлар, аппаратар және басқа қондырғылар арқылы моделдеуге мүмкіндіктер ашты. Осындай жолмен жасанды бүйрек (гемодиализ) аппараты жасалынды. Жүрек ритмінің физиологиясын зерттеу негізінде жүрек қызметін қалыптастыратын және ауыр жүрек ақаулары бар науқастардың еңбекке оралуына мүмкіндік туғызатын жүректің электростимуляция аппараты шығарылды. Жасанды жүрек және жасанды қан айналым аппараттары (жүрек өкпе машинасы) жүрекке күрделі операция жасағанда жүректің қызыметін уақытша істен шығаруға мүмкіндік туғызады. Жүректің жиырылу қызметі нашарлаған кезде, оны қалпына келтіру үшін дефрибриллятор аппараты қолданылады.

Тыныс алу физиологиясын зерттеу арқылы жасанды тыныс аппараты шығарылды. Газ алмасу және газ тасымалдау физиология заңдылықтарын білу көмегімен гипобариялық оксигенация аппараты жасалынды. Бұл аппарат кан, тыныс алу, жүрек-тамыр жүйелері қызметтерін қалпына келтіру мақсатында қолданылады.

Ми физиологиясы заңдылықтарына негізделіп бірнеше нейрохирургиялық операция әдістері ашылды.

5. Физиология бөлімдері.

Физиология адам мен жануарлар ағзалары қызыметтерін біртұтас ғылым болғанымен, оны бірнеше бқлімге бөлуге болады. Физиология: жалпы және жеке, салыстырмалы және эволюциялық, арнайы болып бөлінеді.

Жалпы физиология – жалпы организмде жүретін процестердің табиғатын және қоршаған орта әсерлеріне организмнің реакциясын зерттейді. Осыған байланысты бұл бөлімде жиырылу, қозу, тітіркену, метаболитикалық және энергетикалық процестер, биологиялық мембрананның, жасушалардың, ұлпалардың жалпы қасиеттерін қарастырады.

Жеке физиология -ұлпалардың (бұлшық ет, жүйке т.б.) жүйелердің (ас қорыту, қан айналым, тыныс алу т.б.) қызметтерін қарастырады.

Салыстырмалы физиология -ағза қызметінің өзгеруі жалпы заңдылықтарын және себептерін анықтау мақсатында жануарлар арнасымен салыстыра отырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын зерттейді.

Эволюциялық физиология – адам мен жануарлардағы физиологиялық қызметтердің онто- және филогенезде жалпы биологиялық заңдылықтары мен миханизмдерінің дамуы мен құрылуын зерттейді.

Арнайы физиология - организмнің қызметтерін заңдылықтарын, оның арнайы іс-әрекетіне, тәжірибелік дағдыларын немесе нақты мекеннің жағдайларына байланыстыра отырып оқытады. Арнайы физиологияның келесі түрлерін атап өтуге болады: авиациялық, космостық, жас шамалық, клиникалық, психофизиологиялық, еңбек пен спорт физиологиясы, экология физиологиясы.

6. Функция, процесс жайлы жалпы түсінік.

Функция- ағза немесе белгілі бір жүйенің арнайы қызметі. Мысалы: асқорту жүйесінің қызметтері: маторлы, секреторлы, сіңіру; тыныс алу жүйесінің қызметі- О2 және СО2 газ алмасу; қан айналу жүйесінің қызметі-тамырларға қан айдау; миокардың қызметі- жиырылу мен босаңсу; нейронның қызметі-қозу мен тежелу.

Процесс - белгілі бір нәтижеге жету үшін бірінен соң бірі жүретін қызметтер жиынтығы.

Функционалды жүйе жайлы түсінік. Функционалды жүйе – ағзаның қызметтеріне сай іріктеліп жинақталған өзін-өзі реттей алатын орталық- перифериялық біртұтас құрылым.

7. Физиологияның зерттеу әдістері.

Физиология- эксперементальді ғылым. Көптеген фактілер жиынтығын тірі ағзада өтетін процесстерді тікелей зерттеу әдістерін қолдана отырып ашқан.

Физиология дамуының алғашқы этаптарында ең негізгі зерттеу әдісі- бақылау әдісі болды. Бақылау әдісі бойынша- қан айналымының жалпы схемасы (У.Гарвей); капиллярлар (Г.М.Мальпиги); рефлекторлық қызметтің принцептері (Р.Декарт); материяны сақтап қалу заңы (М.В.Ломоносов) ашылды.

8. Физиология процесстерді графикалық тіркеу.

Графикалық тіркеу әдісінің бір мезгілде бір емес, бірнеше физиологиялық процесстерді жазып алу мүмкіндігі бар.

Биоэлектрлі құбылыстарды зерттеу әдістері. Электрокардиография, электроэнцефалограмма, электромиография- тірі ағзадағы биоэлектрлік құбылыстарды жазып алуға мүмкіндік туғызады.

Ағзалар мен ұлпаларды электрмен тітіркендіру. Қазіргі кезде бұл әдісте электронды стимулятор қолданылады. Бұл стимулятор арқылы электр импульсінің кез-келген түрін,кез- келген күште және жиілікте анықтай аламыз. Бұл әдіс клиникада да кеңінен қолданылады. Адам организіміне қондыруға болатын әр түрлі электр стимуляторлар шығарылған.

Химиялық әдіс- физиологиялық химия тірі ағзада өтетін химиялық процестерді зерттейді. Физиологиялық химия қазіргі кезде, өз алдына- биологиялық химия болып бөлінеді. Биологиялық химия-физиологиялық прцестердің молекулярлы механизмдерін ашып зерттейді.

9. Физиологияның негізгі зерттеу әдісім - эксперимент. Физиология экспериментальды ғылым ретінде дамыған. Физиология адам және жануар организмінде жүретін өмір сүру процестерінтікелей зерттеулер жүргізу арқылы анықтайды. Экспериментальды физиологияның негізін салушы атақты ағылшын дәрігері Уильям Гарвей.

10. Жедел және созылмалы зерттеулер. Жедел эксперименті. Аналитикалық физиологияның негізгі әдісі жекеленген ағзаларға эксперимент немесе жедел зерттеулер жүргізу. Белгілі бір ағзаның немесе жүйені зерттеу үшін физиолог вивисекция жасау керек. Кез-келген ішкі ағзаның және жүйенің қызметін, және оларда өтетін процестердізерттеу үшін организмге терең ену керек. Бұл әрекеттің өзі ағзадағы процестердің жүру қалпының бұзылуына алып келеді. Сондықтан да созылмалы эксперимент әдісі енгізу қажет болды.

11. Созылмалы эксперимент әдісі. Аналитикалық физиология мен жедел эксперименттің кемшіліктері И.П.Павловты қатты толғандырды. Ол организмнің біртұтастығын бұзбай, терең еніп зерттеу жүргізу әдісін тапты.

Физиологиялық хирургияға» негізделген – созылмалы эксперимент әдісі. Наркоз салынған жануарға асептика және антисептика жағдайында белгілі бір ағзаға эксперимент жасау мүмкіндігін алу үшін алдын-ала күрделі операция жүргізіледі. Қуысты ағзаға «терезеше» орнатып, ол жерге фистула түтікшесін енгізіп немесе сыртқа шығарылып, бездің түтігі теріге тігіледі. Эксперименттің өзі жара жазыла бастағанда, бірнеше күн өткеннен кейін барып жүргізіледі. Мұндай эксперимент жүргізгенде физиологиялық процестер қалыпты жағдайда жалғаса береді. Қойылған фистуланың арқасында белгілі бір процесті ұзақ мерзім зерттеу мүмкіндігі бар.

12. Физиологияның даму тарихы. Физиология – тірі ағза тіршілігін және оның құрамдық бөліктерін – жасуша, ұлпа, ағза және жүйе қызметтерін зерттейтін ғылым ретінде XVII ғасырда пайда болды. Физиологияның даму тарихы, әртүрлі ғылыми зерттеулер жүргізіп оларды ашқан ғалымдардыц еңбектерімен тығыз байланысты.

Жаңа дәуірдегі физиологияның негізін салушылар. ХІХ ғасырдың екінші жартысында И.М. Сеченовтың (1828-1905) еңбектері бүкіл әлемге белгілі бола бастады. И.М.Сеченов ОНЖ-ғы тежелу процесін ашты. И.П.Павловтың (1849-1936) шартты рефлекс жайлы еңбегі – адам және жануарлар жоғарғы жүйке іс-әрекеті физиологиясы деген жаңа тараудың ашылуына себеп болды. Ми мен ішкі ағзалар арасындағы екі жақты байланыс туралы (кортико-висцеральды) пікірді зерттеп ұсынған К.М.Быков (1886-1959). Организмде барлық ағзалар мен ұлпаларда механо – және хеморецепторлар болатынын В.Н.Черниговский (1907-1981) дәлелдеді. Сонымен қатар В.Н.Черниговский интерорецепторлар қасиеттерін функциональды зерттеу әдістерін және шартсыз интероцептивті рефлекстердің жіктелуін жасады. Нервтік және гуморальдық жүйені зерттеп ұсынған да В.Н.Черниговский болды. Функциональдық жүйе жайлы теорияны П.К.Анохин (1898-1974) өз еңбегінде зерттеп жазды.

 

Лабораториялық жұмыстар:

Тақырыбы: Организмнің физиологиялық қызметін зерттеу. (Зерттеу, тіркеу тәсілдері және қолданылатын аппараттар). Функциональды диагностика бөлімі және клиникалық лаборатория.

 

Физиологиялық құбылыстарды тексеру тәсілдері.

Организмнің қызметін зерттеу тәсілдері.

Бақылау тәсілі – тірі организмнің өмір сүруін тікелей бақылау. Физиология ілімінің дамуындағы алғашқы сатыларының бірі. Осы методика бойынша жалпы қан айналу жүйесі (У. Гарвей), капиллярлар (М.Мальниги), рефлексті іс-әрекет приңципі (Р.Декарт), жануарлар электрлігі (Л.Гальвани), т.б. Негізінен бақылау тәсілі баяу жүреді де, тексеру объектілерінің саны аз болып, сапасына көп көңіл бөлінеді.

Тітіркендіру тәсілі. Бұл тәсіл (методика) бойынша, организмге немесе бөлек бір ағзаға, структуралық бірліктерге, әр түрлі (химиялық, механикалык, электрлік, т.б.) тітіркендірулер беру арқылы олардың жауап беруіне негізделеді және нервтік құбылыстардың пайда болуы, таралуы бақыланады.

Бүтіндей және бөлшектей оқшауландыру (изоляция). Бөлшектеп оқшауландыруды денервация жолымен ағзаның нерв талшығын кесу немесе тосқауыл (блокатор) қою арқылы жүзеге асырылады. Толық оқшауландыру организмнен бүтіндей бір ағзаны алып тастап, оның өзіндік өмір сүру қабілетін зерттейді. Бұл тәсіл организмде тексеруі қиын параметрлерді ағзаны бөлек оқшауландырып, олардың функциональдык қасиеттерін зерттейді.

Трансплантация тәсілі. Мұндай белгілі бір ағзаны организмнің басқа бір бөлігіне немесе басқа организмге алмастырып тігу арқылы қарастырылады (қызметі, қасиеті т.б.).

Бұзу тәсілі (разрушения). Негізінен ОНЖ қызметін тексергенде қолданылады. ОНЖ бұзу әр түрлі тәсілдермен, механикалық жолмен (инемен, скальпельмен), термикалық жолмен (мұзбен үсіту, ыстықпен коагуляциялау), электр қолдану арқылы (ОНЖ белгілі бір бөлігіне электрод арқылы ток жіберіп), рентген немесе лазер сәулесімен, ультрадыбыс пен т.б. Тәсілді организм мен тексерілуші ағзаның қатты бұзылып, қызметінің нашарлауы жұмыстың жетімсіз жағы болып табылады.

Фистула қою тәсілі. Бұл тәсілде организмдегі қуыс ағзаларға (қарын, қуық, ішек, өт) металл немесе пластмасса түтікше қойылып, бір ұшы тері қабатына тігіледі. Осы ұқсас сілекей бездерінің шығару түтіктерін де теріні кесу арқылы сыртқа шығарады да бездердің қызметін тексереді.

Катетерлеу тәсілі. Қуыс ағзаларға, артериялар мен веналарға, жүрек қуысына, без шығару түтіктеріне, т.б. жіңішке синтетикалық түтікшелер қойылып, ағзалардың құрылысы, қызметі тексеріліп, секреттері алынады, немесе дәрілік заттар енгізіледі.

Микроэлектродты тәсіл. Ол кейбір ағзаның, тканьнің, немесе клетканың физиологиялық қасиеттерін тексеруде қолданылады. Тәсіл, микроскоп көмегімен клеткаға немесе клетка аралық кеңістікке жіңішке (065-160 мкм ден 50-100 мкм) әйнек немесе метал электрод енгізу арқылы іске асырылады.

Физиологиялық құбылыстарды тіркеу тәсілдері.

1. Электроэнцефалография – мидағы электрлік құбылыстарды тіркеу. Мидың электрлік потенциал тербелістерінің жазылуы электроэнцефалограмма (ЭЭГ) деп аталады. Адамның, күйіне, жағдайына қарай (ұйқы кезінде немесе жұмыс уақытында, стресс, т.б.) және тітіркендіру, күшіне қарай ЭЭГ әр түрлі болады. ЭЭГ адамның бас терісіне, кедергі азайтатын арнайы паста, немесе NаСl ерітіндісіне шыланған шүберек арқылы, электродтар қою жолымен алынады.

2. Миография – бұлшық еттің қимыл әрекетін күшін өлшеу жолында қолданылатын механикалық, электрлік тіркеулер тәсілі. Мұнда динамометрия мен эргография кеңінен қолданылады. Динамометрия әр түрлі бұлшық ет топтарының жиырылу күшін тіркеу тәсілі. Эргография – бұлшық ет күші мен қозғалысының жұмыс барысында өзгеруін тіркеу. Бұлшық ет талшықтарының қозу кезіндегі пайда болатын электр потенциалын тіркеу электромиография деп аталады. Бұл тәсіл медицинада, спорттың физиологияда адамның қозғағыш аппаратының жағдайын тексеруде пайдаланылады.

3. Электрокардиография – жүрек еті жиырылғандағы қозудың электрлік потенциалын тіркеу тәсілі. Бұл үшін клиникада электрокардиографтар кеңінен қолданылады. Электрокардиография қисығын электрокардиограмма деп атайды.

4. Реография – белгілі бір ағзада қан толысуына байланысты, сол ағза бойымен өтетін топқа электрлік кедергілігінің өзгеруін тіркеу тәсілі. Ағзада неғұрлым қан көп болса кедергілігі соғұрлым аз. Реография жолымен әр түрлі ағзалардың қан айналуы тексеріледі (реоэнцефалография), жүрек (реокардиография), аяқ, қол т.б.

5. Термовизометрия – адам организмінен шығатын инфрақызыл сәулелерді тіркеу тәсілі. Адам организмдегі, немесе бөлек ағзалардағы қан айналымы жағдайын одан шығатын инфрақызыл сәуленің мөлшеріне қарай білуге болады. Қан айналымы көп, зат алмасу процесі жылдам жүретін ағзаларда инфрақызыл сәулесі көп мөлшерде бөлініп шығады.

6. Фонокардиография – жүрек жиырылуы кезінде пайда болатын шуылдарды тіркеу тәсілі. Ол сезгіштігі жоғары микрофондар арқылы қабылданып тіркегіштер мен күшейткіштер қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Психофизиолгиялық тәсілдер.

1. Психометрия – адам психикасының күшін төзімділігін,: жылдамдылығын, тағы басқа да көрсеткіштерін зерттеу.

2. Ментриметрия – арнайы тестер мен шкалаларды толтыру барысында адамның жұмыс қабілеті тексеріледі.

3. Проективті тәсіл организмнің жеке басының қабылдау қасиетін зерттеу. Тәсілде сол ортаның стандарт көрсеткіштерімен салыстырылады.

4. Функциялық салмақ беру тәсілі әр түрлі арнаулы салмақтар беру арқылы психикасы зерттеу. Мұнда да стандарт көрсеткіштер қолданылады салыстырмалы түрде.

Жұмыс протоколын безендіру

Жұмыс протоколы – бұл физиология сабағында міндетті түрде атқарылатын, студенттердің өзінен жүргізген жұмыстарының нәтижесі.

Ол әрбір студенттің тындырған ісіне қарай жеке толтырылады да, семестр соңында жұмыс протоколы түгел студенттерге ғана зачет қойылады.

Емтихан кезінде протокол толтырылған дәптер, емтихан алушының тексеруінен өтеді. Протоколдар арнайы шетінде мұғалім ескерту жазатын, орын (поля) қалдырылғын дәптерге жазылады (түсінікті, толық түрде).

Тәжірибе протоколы мынадай бөлімдерден тұрады.

1. Жұмыс тақырыбы.

2. Жұмыс мақсаты.

3. Жұмыста қолданылатын заттар тізімі.

4. Жұмыс барысы және оның нәтижесі.

5. Жұмыс нәтижесіне түсініктеме.

 

Протоколдың жазылған жылы, айы, күні белгіленіп, нөмірленеді. Жұмыс мақсаты: Тәжірибе соңында көрсетілетін негізгі сұрақ.

Жұмыста қолданылатын заттар: Жұмысқа керекті аппараттар, сызу аспаптары, әр түрлі реактивтер, мақта тексерілуші жануар. Т.б.

Жұмыс барысы: Жұмыста істеліну керек әрекеттерді қысқа, түсінікті етіп жазу. Нәтижесін графикалық, схема, сурет түрінде салу. Жұмыс нәтижесі: протоколдың ең негізгі қажетті бөлімі. Мұнда жұмыста алынған көрсеткіштер, лекциядағы, оқулықтағы берілген көрсеткіштер арқылы бағаланады.

Оқытушы мұғалім протоколдарды тексеріп, соңына қол қойғаннан соң ғана сабақ толығымен атқарылған болып саналады.

 

Организмнен бөлініп алынған тіндердің қасиетін

сақтап қалуына жағдайлар.

Егер жеке бөлініп алынған ткань немесе ағза, белгілі бір арнайы химиялық, физикалық қасиеттері оңтайлы ортада болса тіршілігін ұзақ уақыт бойы сақтап қалады. Ол үшін оттегі жеткілікті болып, ортаның тұздық, қышқылдық құрамдары, температурасы, рН көрсеткіші оңтайлы болуы қажет. Бөлініп алынған тканьдердің ұзақ уақыт қасиетін жоймауы үшін арнайы физиологиялық ерітінділер пайдаланылады.

Суық қанды жануарлар үшін.

1. Бұлшық ет пен жүрекке тәжірибе жасағанда қолданылатын рингер ер-сі.

NaCl – 0,6%, КСl-0,0075%, СаСl2-0,01 %, NaHCO3-0,01 %

2. Электрофизиологиялық тәжірибелер үшін мына ерітінді тиімді:

NaCl – 0,65 %, КСl-0,018 %, СаСl-0,02%, NaHPO4 -0,0l%,NaHPO4- 0,03%, рН -7,2.

Жылы қанды жануарлар үшін.

1. Жүрекке жұмыс жасау үшін ЛОКК ер-сі қолданылады. NaCL – 0,9 %, KC1- 0,0042 %, СаС12-0,024%, NaH 2 Р04 -0,015%, глюкоза 0,1 %, рН -7,3-7,4 1. Ішекке жұмыс жасау үшін Тироде ер-сі қолданылады: Na CI-0,8%, KC1 -0,02%, СаСl -0,02%, NaHCO3 -0,01%, MgCb-0,01%, NaH2P04%, глюкоза-0.1%, pH-7,3-7,4.

2. Диафрагмамен жұмыс жасау үшін Кребс ер-сі қолданылады:

NaH 2PO4-0,016%,NaCl -0,69%,KCL -0,035%, CaCL -0,025%, NajtfCO3-0,21%, глюкоза – 0,2%, MgS04 x 7 H20 – 0,029%.

Жүрек-тамыр жүйесіне функционалды салмақ беру арқылы оның толық қайта қалпына келуін бақылау.

Жұмысқа керек заттар: сфигмомометр, фонендоскоп. Тексерілуші адам. Жұмыс барысы: Жұмысқа 4 адам, тексерілуші, қан қысымын өлшеуші, пульсін санаушы, протокол жүргізуші қатысады. Төмендегідей таблицаны сызып жұмысқа дайындалып болған соң, тексерілушіні орындыққа отырғызып, пульсін қан қысымын өлшеп, протоколдап алады. Жай күйдегі көрсеткіштерін таблицаға түсіріп, тексерілушіге физикалық салмақ түсіреміз. Ол үшін тонометр мен манжетканы ажыратып (манжетка тексерілушінің қолында болуы керек), жылдам отырып тұруын сұраймыз, 30 секундта 20 рет. Физикалық салмақтан соң манжетканы тономертге жалғап қан қысымын, пульсін қайта тексереміз (бірнеше рет). Сыртқы көрсеткіштердің қайта қалпына келуін арадан 3,5-10 минут өткен соң қайталай тексеріп протоколдаймыз. Дені сау адамдарда жұмыс салмағынан соң пульсі 25% жиілеп, қан қысымының максимальды систола кезіндегі көрсеткіші біршама жоғарылап диастола кезіндегісі бірқалыпты күйінде қалады немесе аздап төмендейді.

Әдетте дені сау адамдарда барлық көрсеткіштері алғашқы қалпына 3-5 минут өткен соң келеді. Тексерілушінің жұмыстан соң ентігіп, демігуі, шаршап қалуы, пульсінің көп ауытқуы (25% аса), қан қысымының төмендеп кетуі, ұзақ уақыт бойы қалпына келмеуі оның денсаулығының дұрыс еместігінің дәлелі.

Көрсеткіштері Тыныш күйде Физикалық жұмыстан соң Қалпына келу уақыты
1 мин. 2 мин. 3 мин. 4 мин. 5 мин.
Пульс              
АҚ. Мм с.б.              

Жұмыс протоколын безендіруге нұсқау: тексеру барысында алынған көрсеткіштерді таблицаға түсіріңдер.

 

 

Өзіндік жұмыстар.

Келесі физиологиялык терминдердің анықтамаларын жатқа білу керек.

1. Функция – ағза немесе жүйкелердің арнайы қызметтері.

2. Процесс деп арнайы бір нәтижеге жету үшін құбылыстар мен жағдайлардың алмасып отыруын атайды.

3. Система - жалпы қызметтеріне байланысты ағзалар мен ұлпалардың жиынтығы.

4. Қалыпты жағдай – бұл тірі ағзаның оптимальді қызмет етуінің шегі.

5. Механизм – процесс немесе функцияны зерттеу әдісі.

6. Реттеу – ағза және жүйенің қызмет етуіне мүмкіндік беру үшін, қызметтің аз мөлшерде ауытқуы немесе өзгеруі.

7. Реакция – тітіркендіргішке (ішкі және сыртқы) жауап ретінде, организм немесе оның құрылымдарының қызметтерінің өзгеруі, күшеюі немесе төмендеуі).

8. Секрет – белгілі бір қызмет атқаратын және эпителийдің беткей қабатына немесе ішкі ортаға бөлініп отыратын жасуша тіршілігінің өнімі.

9. Тітіркендіру – тірі ағзаға сырқы немесе ішкі тітіркендіргіштердің әсері.

10. Тітіркендіргіш – ағзалар мен ұлпалардың белсенділігін өзгертетін сыртқы және ішкі орта факторлары.

11. Рефлекторлық реакция – организмде рефлекске жауап ретінде туындайтын іс-әрекет немесе процесс.

12. Рефлекс – орталық жүйке жүйесінің нервтік рецептррларының тітіркенуіне жауап ретінде органдардың, тканьдердің немесе бүкіл организмнің функциональды өзгерістері немесе қызметінің толық тоқтауы.

13. Қозғыштық – жасушалардың сыртқы орта өзгерістерін қабылдап, оған қозу реакцияларымен жауап қайтару қабілеті.

14. Қозу – белсенді физиологиялық процестерге кейбір жасушалардың (нерв, бұлшық ет, бездер) жауап қайтаруы.

15. Тежелу – жасуша, ұлпа немесе ағзаның қызметтерінің бәсеңдеуі немесе төмендеуі, яғни қозудың алдын алатын немесе төмендететін процесс.

16. Автоматия - сыртқы тітіркендіргіштің әсерінсіз кейбір жасушалардың, ұлпалардың және ағзалардың келген импулсьқа қозу қабілеті.

17. Лабильділік (құбылмалылық) – тірі ағзаның функциональдық жағдайын анықтай алатын құбылыс

18. Гомеостаз – организмнің биологиялық константаларын оптимальды деңгейде ұстап тұратын, физиологиялық механизмдердің жиынтығы.

19. Метаболизм дегеніміз организмнің өсуін, өмір сүруін, қайта туындауын, қоршаған ортамен үздіксіз байланыста және қарым-қатынаста болуымен сипатталатын тірі организмдердегі жүретін химиялық процесстер.

20. Ассимиляция – сыртқы ортадан келіп түскен заттардың сіңірілуімен; жай заттардан күрделірек химиялық қосылыстар түзілуімен; организмде тірі протоплазманың синтезделуімен сипатталатын өте күрделі процесс.

21. Диссимиляция – протоплазманың құрамына кіретін белоктық қосындылардың жойылуы, шіруі, жоғалуы.

22. Компенсаторлық механизмдер – бейімдегіш реакциялар, қоршаған ортаның үйреншікті емес факторларынан туындаған организмдегі функциональдық өзгерістерді жою немесе бәсеңдетумен сиптталады.

23. Адаптация – жалпы табиғи, өндірістік немесе социалдық жағдайлардың өзгерістеріне адам организмінің бейімделуімен сипатталатын процесс.

Ситуациялық есептерді шешу

1. Экспериментатор бақаның арашаланған балтыр бұлшық еті препаратының негізінде жүргізіліп жатқан бұлшық ет жиырылуының тіркеміесі бақылауда. Осы тұста физиологиялық процестердің қай деңгейінде зерттеу жүргізілуде?

2. Науқасқа диагноз қою үшін дәрігер оның зәрі мен қанының анализдерін зерттейді. Осы тұста физиология ілімінің маңызы қандай?

3. Зерттеуші әр түрлі класстарддағы және әр түрлі кезеңдердегі жеке дара дамудағы жануарлардың гормондар деңгейлерін анықтауда. Осы тұста физиологияның қай бөлімінің маңызы бар?

4. Тыныс органдары кезекпенен организмнің оттегімен көмір қышқыл газымен алмасуын қамтамасыз етіп отырады. Осы жағдайда физиологияның қандай түсінігінің маңызы бар?

5. Эксперимент жүзінде жансыздандырылған бақаны бекітіп, көкірек сарайын ашып жүректі жалаңаштап, оның графикалық тіркеуін жүргізуде. Осы тұста тәжірбиенің қай түрі модельденуде?

6. Пішінді элементтерді санау үшін саусақ ұшынан алынған қанды арнайы қондырғыда сұйылтып, осы қанды санау камерасына құйып, микроскоп көмегімен пішінді элементтер санын анықтайды. Осы тұста физиологиялық процестерді зерттеуінің қандай деңгейі орын алуда?

Тестілі бақылау сұрақтары.

 

1.Физиология..... туралы ғылым:

A. денсаулық

B. ағзадағы химиялық процестер

C. тірі организмдердің өмір сүру қызметі

D. ағзаның құрылысы

E. жасуша мен тіндердің құрылысы

2. Зерттеуді екі кезеңге бөліп яғни, эксперимент жасау және зерттеліп жатқан процеске талдау жүргізу мына тәсіл арқылы жасалынады:

A. графикалық тіркеу

B. экстирпации

C. ағза изоляциясы

D. тікелей қоздыру

E. тікелей емес қоздыру

3. Жүрек биопотенциалдарын фотоқағазға тіркеу үшін В. Эйтховен мына құрылымды жасады:

A. гальванометр

B. плетизмограф

C. оксигемометр

D. пульсотахометр

E. электронды-сәулелі түтік

4. Ғарышта ғарышкердің, жолдағы спортсменнің электрокардиограммасын тіркеу мына тәсіл арқылы жүргізіледі.

A. Шақырылған потенциалдар

B. стереотаксикалық

C. қоздыру

D. ағза изоляциясы

E. телеметрия

5. Р. Декарт мына тәсіл арқылы рефлекторлы қызметтің принциптерін ашты:

A. зақымдау

B. бақылау жүргізу

C. графикалық регистрация

D. стереотаксикалық

E. эргографии

6.Бас миының түрлі бөлімдерінің қызметтерінің бір-бірімен байланстылығын мынадай тәсіл арқылы зерттеуге болады:

A. шақырылған потенциалдар

B. электромиография

C. эргография

D. динамометрия

E. велоэргометрия

7. Мидың биопотенциал бастың беткейінен тіркеуді алғаш ойлап тапқан

A. Н.Е. Введенский

B. Р. Декарт

C. В. Эйнтховен

D. Г.Бергер

E. У. Гарвей

8. Биологиялық объектілердің электрлік ынталандырылуында қолданылады

A. датчиктер

B. күшейткіштер

C. электростимуляторлар

D. гальванометрлер

E. пульсотахометрлер

9. Ұсақ электрлік сигналдарды күшейту үшін қолданады

A. датчиктер

B. плетизмографтарды

C. оксигемометрлерді

D. күшейткіштер

E. электромагниттік тіркегіштерді

10. Әртүрлі физиологиялық процестерді эквивалентті электрлік сигналдарға айналдыру үшін қолданады

A. датчиктерді

B. күшейткіштерді

C. электростимуляторларды

D. миографтарды

E. кимографтарды

11. Тірі ұлпалардағы біртекті және периодты электрлік процестерді пайдалану байқау және тіркеу үшін қолданылады

A. осцилографтар

B. кимографтар

C. Марей капсуласын

D. онкометрияны

E. пневмографияны

12. Ғылыми зерттеулер практикасында вивисекция тәсілін алғаш жүргізген

A. К.Гален

B. И.П. Павлов

C. И. М. Сеченов

D. Г. Гельмгольц

E. Э. Пфлюгер

13. Тірі ұлпалардың электрлік қоздыру мөлшерлеу үшін индукциялық катушканы ойлап т апқан

A. Е.Дюбуа-Реймон

B. У. Гарвей

C. Н.Е. Введенский

D. К. Людвиг

E. А.Ф. Самойлов

14. Биопотенциалдарды тіркеу үшін алғаш күшейткіштерді пайдалануды ұсынған

A. А.А. Ухтомский

B. В.О.Эдриан

C. А.П. Полосухин

D. В.В. Парин

E. И.М. Сеченов

15. Бас миының терең жатқан құрылысын тіркеу үшін микроэлектродтарды енгізетін тәсіл

A. стереотаксикалық

B. электроэнцефалография

C. реоэнцефалография

D. плетизмография

E. миография

 

16. Физиологияның дамуының әр кезеңінде ОЖЖ функционалдық маңыздылығын мына тәсіл арқылы зерттейді

A. экстирпация

B. калориметрия

C. динамометрия

D. электромиография

E. оксигемометрия

17. Ағзаның бүтіндігін бұзбай зерттеу тәсілі

A. мүшелер изоляцясы

B. экстирпация

C. жедел эксперимента

D. созылмалы эксперимент

E. зақымдау

18.Алғаш рет физиологиялық процестердің тіркеуін жүзеге асырған

A. К.Людвиг

B. Н.Е. Введенский

C. А.П. Полосухин

D. У. Гарвей

E. Г.М. Мальпиги

19. Бұлшықеттік жиырылулардың кушін анықтаймыз

A. миограф арқылы

B. хронаксиметр арқылы

C. импульсатор арқылы

D. осциллограф арқылы

E. динамометр арқылы

20. Жүрек және бұлшықеттердің жиырылуын тіркеуді алғаш ұсынған

A. Т.В.Энгельман

B. Н.Е. Введенский

C. И.П. Павлов

D. А. Данилевский

E. В. Эйнтховен

21. Физиологияның дамуының бастапқы кезеңдерінде жеке мүшелердің жалпы ағза қызметінде маңыздылығын мына тәсіл арқылы зерттеген

A. мүшелер изоляциясы

B. электроэнцефалография

C. стереотаксикалық

D. велоэргометрия

E. динамометрия

22. Аналитикалық физиологияның бастапқы даму сатысында негізгі методикалық тәсіл

A. созылмалы эксперимент

B. жедел эксперимент

C. радиография

D. шақырылған потенциалдар

E. стереотаксикалық

23. Тірі ұлпалардың тыныштық жағдайдағы патенциалдарын тіркеу мынаның көмегімен жүзеге асырылады

A. микроэлектрод

B. датчик

C. фотостимулятор

D. фоностимулятор

E. макроэлектрод

24. Тіндердің қозғыштығын зерттейтін құралдар

A. пневмограф, хронаксиметр

B. электрлік стимулятролар, хронаксиметр

C. реограф, пневмограф

D. хронаксиметр, реограф

E. гнатодинамометр, пневмограф

25. Реобазаны мына тәсілмен зерттейді

A. миография

B. реография

C. динамометрия

D. хронаксиметрия

E. термометрия

26. Үлкен жарты шарлардың қызметін зерттеуде мына тәсіл қолданылады

A. фистулды, стереотаксикалық

B. шақырылған потенциалдар, энцефалография

C. пневмографиялық, сфигмографиялық

D. фистулды, плетизмографиялық

E. рентгенологиялық, пневмографиялық

27. Энергия алмасуын зерттеуде мына тәсіл тиімді

A. калориметрия

B. осциллография

C. реография

D. плетизмография

E. сфигмография

28. Ғарыш физиологиясының негізін салған

A. В.В.Парин

B. К.М. Быков

C. Л.С. Штерн

D. В. О.Эдриан

E. А.П. Полосухин

29. Функционалдық жүйелер туралы ғылымды ашқан

A. И.П. Павлов

B. П.К.Анохин

C. Р. Декарт

D. В.А. Басов

E. А. Крог

 

30. Қазақстан республикасының ғылыми академиялық құрамына Қазақстанның мынадай физиологтары кірген

A. А.П.Полосухин, Н.У.Базанова

B. А.С. Стрельцов, Н.И.Шахов

C. Н.И. Шахов, А.С.Стрельцов

D. Н.У. Базанов, А.А.Некрасов

E. А.А. Некрасов, А.П.Полосухин

31. Электроретинограммада мынадай электрлік импульстардың жиынтығы

тіркеледі

A. биполярлы нейрондардың

B. көру жүйкесінің

C. көздің торлы қабығының

D. ганглиозды жасушалардың

E. ми қыртысының көру орталығынан

32. Ағза қызметінің барысында пайда болатын дыбыстарды мына тәсілмен зерттейді

A. акустикалық

B. ультрадыбыстық

C. реография

D. эндоскопия

E. термовизиометрия

33. Адам және жануарлардың жалпы қылықтарын анықтайтын тәсіл:

A. ағза изоляциясы арқылы

B. бақылау жүргізу арқылы

C. бұзу арқылы

D. шақырылған биопатенциалдар арқылы

E. стереотаксика арқылы

34. Жасанды климаттық жағдайларды жасау үшін қолданамыз

A. арнайы камералар

B. плетизмографтар

C. пневмографтар

D. кардиографтар

E. кимографтар

35. Радиоэлектроникаға, кибернетикаға, математикаға үлесін қосты

A. Л. А. Орбели

B. А.А. Ухтомский

C. К.М. Быков

D. Л.С. Штерн

E. В.В.Парин

36. Электромиография -… тіркейді

A. бұлшықеттердің жиырылу күшін

B. бұлшықеттердің босаңсу уақтын

C. бұлшықеттердің биопотенциалдарын

D. бұлшықеттердің жиырылу амплитудасын

E. бұдшықеттердің жиырылу упқтын

37. Бас миы қыртысының биопотенциалдарын тіркейтін тәсіл

A. электроэнцефалография

B. электромиография

C. пневмография

D. спирометрия

E. динамометрия

38. Жүрек биопотенциалдарын тіркеу тәсілін атайды

A. электроэнцефалография

B. электромиография

C. пневмография

D. электрокардиография

E. динамометрия

39. И.П. Павлов мына жүйеде жасаған еңбегі үшін Нобель сыйлығын алды

A. Асқорыту

B. Тыныс алу

C. Орталық жүйке жүйесі

D. Жоғарғы жүйке жүйесі

E. Қан айналу

40. Адамда асқазан сөлін мына тәсіл арқылы алынады

A. эндорадиозондтау

B. зондтау

C. рентгенология

D. электрогастрография

E. фистульдеу

41. Қазақстан республикасындағы Физиология институтының алғашқы директоры

A. П.П. Егоров

B. А.П.Полосухин

C. И.Н. Краснов

D. К.А. Петров

E. Е.В. Иванов

42. Қан айналымның жалпы схемасы мына тәсіл арқылы анықталған:

A. калориметрия

B. бақылау жүргізу

C. зақымдау

D. графикалық тіркеу

E. электромиография

43.Н.Е. Введенский жүйке және бұлшық еттің физиологиялық маңызды қасиеттерін мынаның көмегімен ашты

A. телефон

B. калориметр

C. динамометр

D. фотостимулятор

E. датчик

 

44. Жоғарғы жүйке жүйесінің қызметін ашқан

A. Л. А. Орбели

B. А.А. Ухтомский

C. К.М. Быков

D. Л.С. Штерн

E. И.П.Павлов

45. Ағза қуысын және қуысты органдарды мына тәсілмен зерттейді

A. хронаксиметрия

B. эндоскопия

C. калориметрия

D. спирометрия

E. пневмография

46. Биологиялық жүйелерді тыныштық күйден белсенді күйге өтуіне мынадай факторлар қатысады

A. қоздырғыштар

B. блокаторлар

C. ингибиторлар

D. инактиваторлар

E. мессенджерлер

47. Бұлшық еттің тікелей емес қозуы қандай қозғыштықты білдіреді:

A. бұлшықеттің өздігінен қозуы

B. жүйке арқылы

C. бұлшықет талшықтарының мембранасы ақылы

D. саркоплазмалық ретикулум арқылы

E. митохондрий арқылы

48. Физиологиялық процестерді сапалық жағынан сипаттайтын тәсіл

A. графикалық регистрация

B. эргография

C. телеметрия

D. динамометрия

E. бақылау жүргізу

49. Жүйке тіндерінің адекватты қоздырушыларына жатады

A. температуралық қоздырғыштар

B. жарық қоздырғыштары

C. механикалық қоздырғыштар

D. электрлік қоздырғыштар

E. дыбыстық қоздырғыштар

50. Бұлшық еттің тікелей емес қозуы дегенде мынадай қозғыштықты түсінеді

A. бұлшық еттің өздігінен қозуы

B. жүйке арқылы

C. бұлшықет талшықтарының мембранасы ақылы

D. саркоплазмалық ретикулум арқылы

E. митохондрий арқылы

Физиологиялық зерттеу тәсілдері тақырыбынан тест тапсырмаларының жауап эталондары.

1 С 11 A 21A 31C 41B
2 А 12 A 22B 32A 42B
3 А 13 A 23A 33B 43A
4 Е 14B 24B 34A 44E
5 В 15A 25D 35E 45B
6 А 16A 26B 36C 46A
7 D 17D 27A 37A 47B
8 C 18A 28A 38D 48E
9 D 19E 29B 39A 49D
10 A 20A 30A 40B 50B

 

 

Қозғыш құрылымдар.

1. Қозғыш ұлпалардың физиологиялық қасиеттерi, анықтамасы.

2. Қозғыштық дегенiмiз не?

З. Қозғыштықтың параметрлерiн сипаттаңыз?

4. Хропаксия, реобаза дегенiмiз не? Анықтама берiңiз.

5. Мембраналық потенциал, оның шамасы.

6. Мембраналық иондық теория.

7. Әрекет потенциалы, даму механизмi, кезеңдерi.

8. Қозғыш ұлпалардағы электрлiк құрылыстардың ашылу тарихы.

1. Қозғыш ұлпалардың физиологиялық қасиеттерiн атап, оларға анықтама берiңiз. Қозғыш ұлпалар — бұл iшкi немесе сырткы тiтiркендiргiштер әсерiне қозу қабiлетi бар нервтiк, бұлшык ет және бездiк құрылымдар. Қозғыш ұлпалардың бiрнеше касиеттерi бар. Қозғыштық өткiзгiштiк – қозуды өткiзу қабiлетi, яғни әрекет потенциалын өткiзу, тұраксыздық немесе функционалды ширақтық ритмикалық белсендiлiк қабілетi, сөл шығару қабiлетi (секриторлы белсендiлiк) және медиатор бөлiп шығару.

2. Қозғыштық – тiрi жасушалардың сыртқы орта өзгерiстерiн қабылдап алып, осы өзгерiстерге қозу реакциясымен жауап кайтару қабiлетi.

3. Қозғыштықтың параметрлерiн сипаттау.

Ø Қозу параметрлерiне: тiтiркенгiштiк табалдырығы, реобаза, хронаксая, абсолюттi реоррактерлi фаза ұзақтығы, акколодация жылдамдығы жатады.

Ø Өткiзгiштiк параметрi: әрекет потенциалын өткiзу жылдамдығы, мысалы, нервтiң өткiзу жылдамдығы 102 м/с-қа дейiн жетедi (600 км/сағ).

Ø Жиырылу параметрi қозу кезiнде пайда болатын күштiң максимальды көлемi (керлеуi).

Ø Тұраксыздық параметрi: белгiлi бiр уакыт iшiндегi максимальды қозу саны, мысалы жүйке 1 с —1000 әрекет потенциялын (Ә.П.) генерациялайды.

Ø Секреторлық белсендiлiк параметрi бiр уақыттың ең кiшкентай бөлiгiндегi (квант) секреттi бөлiп шығару көлемi.

4. Хроноксия, реобаза жайлы жалпы түсiнiк, сипаттама. Белгiлi бiр жүйенiң қозуы үшiн, оған тек қана тiтiркендiргiштің қозу табалдырығының күшi ғана емес сонымен қатар белгiлi бiр әсер ету уақытыда болуы тиiс. Тiтiркендiргiштің өте аз уакыт әсер етуi қозуды тудырмайды. Тiтiркендiргiштiң табалдырық күшiнiң минимальды әсер ету ұзақтығы пайдалы уақыт деп аталады және де қозудың пайда болу жылдамдығын сипаттайды.Жүйке және бұлшық ет ұлпаларының қозу табалдырығын шақыру мақсатында минимальды уақыт өлшемi тәжiрібеде қолданылуда және кең таралған. Бұл жағдайда тiтiркендiргiштiң күшi екi реобаза хроноксияға тең. Хроноксия — қозуды шақыру үшiн екi еселенген реобаза тоғының әсер ету уақыты. Тұрақты топтың қозуды тудыра алатын ең аз мөлшерiн — реобаза деп атаймыз. Нервтермен бұлшық еттердiң қозғыштығын зерттеген кезде тiтiркендiргiш ретiнде күшi мен әсер ету уақытын нақты өлшеу мүмкiндiгi болғандықтан электор тотығын қолданылады. Ток кернеуiнiң өлшем бiрлiгiмен (волт) тiтiркендiргiштiң табалдырық күшiн француз зерттеушiсi Лапик реобаза деп атауды ұсынды.

5. Мембраналық потенциал, оның көлемдерi. Тыныштық жағдайдағы жасуша мембранасының iшкi және сыртқы жақтарындағы потенциал айырмашылықтарын тыныштық потенциалы немесе тыныштық мембраналық потенциал деп атайды. Клетка мембранасының iшкi жағы терiс зарядталған. Сырты жағының потенциалын нөл деп есептеп, тыныштық мембраналық потенциал «минус» белгiсiмен жазып алады. Тыныштық мембраналық потенциалдың шамасы ұлпаның түрiне қарай 9-дан 1ОО мв-қа дейiн өзгерiп отырады. Орташа көлемi 50-8О мв «-» белгiсiмен болады.

Бұл негiзiнен калий иондарына байланысты қозғыш ұлпалардың клеткаларында 150 ммоль/л, ортасында 4,5 ммоль/л-ге дейiн жетедi. Сондықтан калий концентрация градиентiне қарай жасушадан шыға алады. Бұл тыныштық жағдайында жартылай ашылатын калий каналдары арқылы жүзеге асады. Соңында мембрана жасуша аниондарына жабық болады да, жасушаның iшiнде терiс мәндi бөлшектер артады.

6. Мембраналық — иондық теория. Мембраналық теорияны 1902 жылы Бернштеин ашты. Бұл теорияның мәнi тыныштық потенциялымен әрекет потонциялы өзгеруiн табиғатына қарай мембраналық потонциал болып табылады. Бұның негiзiнде жасуша мембранасының жартылай өткiзгiштiк қасиеті және жасуша мен орта арасында иондардың бiркелкi орналасуы жатыр.

Бұл теорияның көз қарасы бойынша цитоплазма негiзiн терiс зарядпен тұғырланған торлы құрылымды полиэлектролиттi гель құрайды. Бұл құрылымның калийдi ион түрiнде ірiктеп жинақтайтын қабілетi бар.

Қозу жағдайында полиэлектролиттi құрылымдар калий иондарын iрiктеп жинақтау қабілетін уақытша жоғалтады. Бұл жағдай басында натрий иондарының жасуша iшiне диффузиясын, калий иондарының жасуша сыртына диффузиясын арттырады. Иондар диффузиясы жасуша деполяризациясының пайда болуы мен жоғалуының сепкер болып отырады.

7. Әрекет потонциялының пайда болу механизмi және фазалары. Электр тогiмен нерв және бұлшық ет талшықтарын тiтiркендiргенде мембрананың iшкi және сыртқы беттерiнде потенциал айырмашылықтары пайда болады. Бұл мембраналық потенциалдың жылдам ауытқуларымен сипатталатын әрекет потенциалы. Әрекет потонциялы тұрақты көлемде және белгiлi бiр жылдамдықта тiтiркену орнынан бастап екi жаққа талшықтың соңына дейiн таралады. Әрекет потенциялының негiзiнде мембрананың ион өткiзгiштiгiнiң өзгерулерi жатыр.

Фазалары:

1. Локалды жауап-деполиризацияның бастапқы этапы

2. Деполяризация фазасы —мембраналық потонциялдың О — ге дейiн төмендеп және мембрананың қайтадан зарятталуы (реверсия немесе овершут)

3. Реполизация фазасы —мембрананық потенциялық бұрынғы қалпына келуi. Бұл жерде жылдам және баяу реполизация фазаларын ажыратуга болады.

8. Қозғыш ұлпалардағы электр кұбылыстарының ашылу тарихы:

Ең алғаш болып бұл құбылысты 1786 жылы италия ғалымы Л. Гальвани ашты. Тәжiрібе жүргiзу үшiн индикатор ретiнде терiсi сыдырылған бақа омыртқасының белден төмен бөлiгiнен сирақтарын (тiрi реоскопты) пайда-ланған. Тәжiрібе барысында мұндай препараттар балконның жез iлгектерiне жүйкесi арқылы iлiнген. Тiрi реоскоптар жел соққан күнi шайқалып балконның темiр жақтауларына тиген кезде олардың еттерi жиырылып сирақтарының қозғалғанын байқаған. Бұл тежiрібенi лаборатория жағдайында қайталау үшiн Гальвани иiлген мыс пен жалпы темiр кесiндiсiнен тұратын доға жасап, доғадағы иiлген мысқа жүйкесi арқылы тiрi реоскопты шайқалтқан. Реоскоп доғасының темiр кесiндiсiне тиген сайын бақаның сирақтары жиырылып қатты қимылдары байқалған. Бұл Гальванидiң алғашқы тәжiрбесi. Бiрақ Гальванидiң замандасы әйгiлi физик А.Вольт (1792 ж) бақа сирағы еттерiне жиырылуы екi түрлi металл (мыс пен темiр) арасындағы электр күшiнiң әсерiнен туған болар деп күдiктендi. Сондықтан Гальвани екiншi рет тежiрібе жасады. Ол ендi металл қолданбай жүйкемен еттен (шонданай жүйкесi мен балтыр етiнен) анатомиялық препарат жасап дайын шонданай жүйкесiн шыны қармақпен iлiп алып, оны бiрден балтыр етiнiң кесiлген және кесiлмеген жерлеріне тигiзген, сол сәтте еттің жиырылғаны байқалады. Гальвани өзiнiң осы екiншi тежiрібесiнде тiрi тканде (ет пен жүйке) электр тогтың болатынын және ондағы потенциал айырмашылығы ткандi тiтiркендiре алатынын дәлелдеп бердi.

Лабораториялық жұмыс:

Жұмыс №1. Нервтi бұлшық ет препаратын дайындау.

Мақсаты: Нервтi бұлшық ет препаратын дайындау тәсiлiн игеру.

Жұмысқа керек заттар: Сылу аспаптар жинағы, астау, орамалша, операция столы, Рингер ерiтiндiсi.

Жұмыс барысы: Орталық нерв жүйесiн бұзу арқылы бақаны жансыздандырамыз, денесiнiң төменгi бөлiгiнен ұстап, кайшы көмегiмен омытртқасын кұйымшағынан 1см жоғары кесемiз, сонан соң денесiнiң төменгi бөлiгiн ұстап, терiсiн қайшымен кесемiз де, еттерiн iшкi ағзаларымен қоса алып тастаймыз. Артық аяқтарының терiсiн сылу үшiн бiр қолымен омыртқа тұсынан ұстап, екiншi қолмен терi ернеуiнен тартып, терiнi сыламыз, қолға жақсы ұсталу үшiн орамалшаларды пайдаланған жөн, әр түрлi эксперименттер жасауға болатын бақаның артқы сирағы препараты дайын болды. Сонан соң препаратты омыртқа ұшы, құйымшағы 1 см-ден артылатындай етiп ұстап, кқайшымен кесемiз. Ақырын байқау арқылы сегiзкөз нерв талшықтарын бүлдiрмей бақаның шатын айырамыз да омыртканы алу арқылы екi артқы сирақ препаратын аламыз. Оның бiрiн Рингер ерітiндiсi бар стаканга салып қоямыз да екiншiсiнен нервтi бұлшық ет препаратын дайындаймыз. Ол үшiн ахилл сiңiрiнен бастап, балтыр бұлшық етiн ажыратамыз, сiңiр астына қайшының бiр ұшын салып екше үстiнен кесемiз де пинцет арқылы балтыр бұлшық етiн бiр шетке аударамыз. Бұлшық еттің сүйектен, баскада тканьдерден оңай ажырауы үшiн фасциясын кесiп алған жөн, нервтi босатып аяу үшiн, препаратты арқасын жоғары каратып ұстап, екi үлкен саусак арқылы сан еттердiң ажыратамыз. Сонда ет арасында жаткан жамбас нервiн әйнек iлгек арқылы тартып тiзе буынына дейiн ажыратамыз. Омыртканың iшкi бiр бөлiгiн сүйегiнен ажыратып, қайшы көмегiмен жамбас нерв тармактарын ажырата кесемiз. Н


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 11052 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.126 сек.)