АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Кіріспе. 1. Инфекциялық аурулар және инфекциялық процесс
Топ ЖМ
Тексерген: Ахаева М.
Астана 2015ж
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Инфекциялық аурулар және инфекциялық процесс
2. Инфекциялық аурулардың қоздырғыштары
3. Қоздырғыштардың берілу факторлары
4. Ағзада коздырғыштың орналасуы мен жұкпаның берілу
ІІІ.Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер
Пайдаланған әдебиеттер:
Коротяев А. И. Медицинская микробиология,иммунология и вирусология: Учеб. /А. И. Коротяев,С.А. Бабичев. – СПб.: Спец. Лит, 2002.- 591с.: ил. -1 экз. СПб.: Спец. лит. 2002.- 591б
Медицинская микробиология / Под ред. Покровского В. И. – 2-ое изд.,испр.-М., ГЭОТАР-МЕД,2004.- 768с..
Маянский А. Н. Микробиология для врачей. – Нижний Новгород: Издательство Ниж егородской государственной медицинской академии, 1999.- 400 с.
Борисов Л. Б. Медицинская микробиология,вирусология,иммунология: М.: ООО “ Медицинское информационное агенство” Учебник.2005,Борисов 4-ое издание доп. и переработ.
Кіріспе
Жаңа шыққан және жаңадан пайда болған инфекциялар қатарына бірнеше қоздырғыштар жатады. Мысалы, соңғы жылдары пандемиясы болып өткен құс тұмауы, шошқа тұмауы. Олар көбінесе қоздырғыштардың ескі штаммдарының өзгергіштік қасиетінен туындайды. Олар адамдарға патогенді болып келеді.
Жұқпалы аурулар (латын сөзі infection — жұқтыру)- бір топ патогенді қоздырғыштармен шақырылатын; жоғары жұғуымен, цикл түрінде өтуімен сипатталатын, арнайы иммунитет құратын, кең таралған аурулар.
Жұқпалы аурулар дүние жүзінде маңызды мәселелердің бірі. Бұрын- эпидемиялар мен пандемиялар (оба, нағыз шешек, холера, бөртпе сүзегі, іш сүзегі, грипп т.б – адам өліміне басты себебі болған. Қазіргі күнде- көптеген инфекциялармен сырқаттану біршама төмендеуде.
§ Бұрын төмендеген инфекциялар өршіп, қайтадан бас көтеруде (туберкулез, дифтерия, безгек, холера)
§ Кейбір табиғи инфекциялардың белсенділігі жоғарлауда (оба, кене энцефалит, геморрагиялық қызбалар, лептоспироз)
§ Зоонозды инфекциялардың таралуы кеңейген (сібір жарасы, туляремия, құтырма)
§ Жана аурулар пайда болып жатыр (АИТВ, ротовирусты синдром, Лайм ауруы, вирусты геморрагиялық қызбалар, боррелиоз, легионеллез,холера бенгал)
§ Баяу дамитын нерв жүйесінің зақымдауымен өтетін аурулар көбеюде
§ Қазіргі күнде жұқпалы аурулардың құрамында көбінесе вирустармен шартты патогенді микробтар шақыратын инфекциялардың үлес салмағы жоғарлауда
Инфекция (infection –жұқтыру, жұғыстық)- ауру қоздырғышы (микроорганизм) адам организміне (макроорганизмге) еніп, сыртқы ортаның жағдайына байланысты қарым қатынасқа түсіп, нәтижесінде инфекциялық процесстің бір түріне апаратын жағдай.
Инфекциялық процесс — қоздырғыштың патогенді әсерінен адам организмінде туатын қорғаныс физиологиялық және патологиялық реакциялардың жиынтығы.
Инфекциялық аурулар – (жұқпалы аурулар) ерте заманда-ак олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр Ауру туғызатын микробтар бактериялар, вирустар, спирохетар, саңырауқұлақтар болуы мүмкін. Ауру туғызатын микробтар, өдетте, сыртқы ортада тез өледі. Олардың өмір сүріп, көбейетін жері — адам немесе мал ағзасы, сондыктан адам жұқпалы көзі болып табылады. Зооноздардың көпшілігі табиғи-ошактық аурулар туғызады, яғни белгілі бір климаттык географиялык жағдайларда кездеседі, бұл жерде қоздырғыштарды табиғи сақтаушылары жабайы аңдар мен қоздырғыштардың ерекше тасымалдаушылары — жөндіктер мен кенелер өмір сүреді. Инфекциялық аурулардың қоздырғыштары паразиттік емір кешеді, белгілі бір уақытка дейін қажетті нөрсемен камтамасыз етіледі, осы уақыт біткеннен кейін қожайынды ауыстыру қажеттілігі туады. Бұл берілудің тиісті механизмі көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жүйелі пайда болып отыратын жөне өзара байланысты жұқпалы (инфекциялы) жағдайдың үздіксіз тізбегі, ол клиникалық айқын немесе жасырын формада көрініп отырады, бұл эпидемиялық процесс деп аталады. Эпидемиялық ошақ дегеніміз—инфекция көзінің өзін қоршаған аумақ шегінде нақты жағдайда жұкпалы бастауды беруге қабілетті орны. Эпидемиялык процестін пайда болуы үшін фактордың өзара қимылы кажет: жұқпа қоздырғышының көзі, жұкпаның берілу механизмі жөне қабылдағыш ағза. Жоғарыда айтқандай, ауру адам немесе жұқпалы (залалданған) жануар жүқпа көзі болса, тағы бір жұкпа кезі — тасушы (бацилло — "таратушы").
Кейбір аурулар кезінде (тырысқак, іш сүзегі) ауру адамның айығуы ағзаның қоздырғыштан босауымен кабаттаса жүреді, яғни клиникалық тұрғыдан сау адам коздырғыштар бөлуі мүмкін, бұл "тасушы" деп аталады. Қоздырғыштың залалданған ағзадан сау ағзаға өтуі эволюциялық қалыптасқан әдіспен өтеді. Бұл — жұқпа қоздыргыштарыньщ берілу механизмі деп аталады. Ағзада коздырғыштың орналасуы мен жұкпаның берілу механизміне байланысты бар жүқпалы аурулар 4 топқа бөлінеді: ішек жұкпасы, тыныс алу жолдарының жұкпасы, қан жұкпасы жөне сыртқы кабат жұқпасы.
Ішек инфекциясына қоздырғыштардың ішекте орнығуы мен соған сөйкес олардың сыртқы ортаға, негізінен, нәжіспен бөлінуі тән. Бұл аурулардың қоздырғыштары сау адамдарға ауыз аркылы азық-түлікпен, ауыз сумен немесе лас қолдармен ағзаға түсуі нәтижесінде жұғады. Оларға — дифтерия, іш сүзек, тырысқақ, ішек уыты жұқпалары жатады. Тыныс алу жолдарының жұқпасына тыныс алу жолдарының шырышты кабықшаларда өсіп-енетін және сыртқы ортаға жөтелу, түшкіру, қатты сөйлеу, шулы тыныс алу кезіндегі шырышты ұсақ бөліктерімен, кақырықпен бөлінетін қоздырғыштары бар аурулар жатады. Сау адамға, сондай-ақ шырыштың жұкпаға ұшыраған белігінің жоғары тыныс алу жолдарына түсуі нөтижесінде жұғады. Бұл ауруларға — тұмау, табиғи шешек, дифтерия жатады. Қан жұқпа тобына қоздырғыштары кан ағысына қансорғыш буынаяқтылардың (бүрге, маса) шағуы кезінде түсетін, сөйтіп, негізінен, қанда орнығатын қоздырғыштары бар аурулар жатады. Бұл ауруларға — бөртпе сүзек, безгек, оба жатады. Сырткы қабат (жамылғыш) жұкпалары—сау адамның шырышты қабыкшасы немесе керісінше ауру тудыратын қоздырғыштардың түсуі нөтижесінде жұғады.
Қоздыр-ғыштардың берілу факторлары төсек жайма заттары, киім, ыдыс-аяқ, су, шырышпен, ірумен немесе кабыкпен ластану. Жара жұқпа жарақат нөтижесінде сыртқы жамылғыш қабат тұтастығының бұзылуы төн. Сыртқы жамылғыш қабат жұкпасына — түйнеме, туляремия, саңырауқұлақтық аурулар жатады. Өте ауыр өтетін, өлім жағдайы көп кездесетін жөне жүғудың жоғары деңгейімен, яғни адамдар арасында тез тарау кабілеттілігімен (жоғары контагиозды) сипатталатын ауру аса қауіпті жұқпа деп аталады. Бұған: оба, тырысқақ, шешек жатады. Осы бетте тұмау, А, В, С, Е, Д, G вирусты гепатиттері, кене энцефалитеті жұқпалы аурулары туралы мәліметтер ұсынылған. Тұмау (грипп) — өте жұқпалы ауру. Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. АИТВ жұқпасы және ЖИТС ауруы.
АИТВ-адамның иммундық тапшылық вирусы және ЖИТС – жұқтырылған иммундық тапшылық синдромы.
АИТВ — адамның иммундық тапшылық вирусы, ХХ ғасырдың 80-жылдарының басынан бастап танымал. АИТВ ағзаға түскен кезде біздің аурудан және жұқпадан қорғайтын иммундық жүйені бұзады. Уақыт өте келе АИТВ-мен жұқпаланған адам жиі ауыратын болады. ЖИТС диагнозы (жұқтырылған иммундық тапшылық синдромы) жұқпаланғаннан кейін әдетте бірнеше жыл өткесін қойылады. ЖИТС – адамның иммундық жүйесінің бұзылуынан пайда болатын ауру. Иммундық тапшылық әсері салдарынан бір немесе бірнеше қауіпті аурулар дамуы мүмкін (пневмония, туберкулез, рак және т.б.), бұл аурулармен адам ағзасы күресе алмайды. АИТВ — ЖИТС-тың басты себебі болып табылатын індет.
Инфекция көзі вирус (ретровирус) жұқтырып алған адам — вирус тасымалдаушылар. ЖИТС-пен ауырған адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан әсіресе вирус тасымалдаушылар өте қауіпті. Вирус көп мөлшерде қанда, спермада, қынап кілегейінде, емшек сүтінде болады. Көз жасында, жұлын сұйығында, сілекейде өте аз мөлшерде болуы мүмкін.
Ретровирустар — құрамында РНҚ бар зардапты ісік туғызатын вирустар тұқымдастығы. Геномдары бір-біріне ұқсас екі сыңар тізбекті позитивті РНҚ молекулаларынан және осылармен байланысқан кері транскриптазадан тұрады. Вирус бөлшектерінің диаметрі 70 — 120 нм липопротеид қабығы бар. Үш тұқымдастық тармаққа: онковирустарға, лентивирустарға және спумавирустарғабөлінеді
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 2633 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 |
|