Кіріспе. 1) Медициналық эмблемалар туралы жалпы түсінік
Ж.
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім:
1) Медициналық эмблемалар туралы жалпы түсінік
2) Жалпы медицицналық эмблемалар
3) Медицицналық эмблемалардағы жылан бейнелері
4) Жеке медициналық эмблемалар
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Медициналық эмблемалар (гр.emblema шығыңқы әшекей, бұйым) – жалпы медицинаны, медицина мамандығына қатыстығын, медицинаның әртүрлі салалары мен жеке медициналық кәсіптерді бейнелейтін бейнелер.
Көп ғасырлық даму барысында медицинаның көптеген эмблемалары болды, олардың кейбірі әлі күнге дейін өзінің маңызын жоғалтпаса, басқалары өткенде қалып қойды. 1971 жылы Мәскеу қаласында медицина ғылымының тарихы бойынша өткен ХІІІ Халықаралық конгрессте медициналық эмблемаларды төмендегідей топтарға бөліп, классификациялау ұсынылды: жалпы және жеке медициналық эмблемалар. Жалпы медициналық эмблемалар медицинаны жалпылама бейнелесе, жеке эмблемалар медицинаның жеке салалары мен жеке бағыттарын бейнелейді. Бұл классификациялау тек шартты түрде ғана болды, себебі медицина тарихында жалпы эмблемалар жеке эмблемалар ретінде пайдаланылып, кейде керісінше жеке медициналық эмблемалар жалпы түріне ұласатын кездерде болған.
Жалпы медицицналық эмблемаларға жыланның аса таяқпен, тостағанмен, шырақпен бейнесі және жанып тұрған алау, шам, алақандағы жүрек бейнелері жатқызылған. Медициналық эмблемалардың ішінде ең кең тараған түрі – жыланның бейнелері.
Тотемизм, анимизм сияқты түсініктер көптеп орын алған алғашқы қауымда сол дәуірдегі адамның сыртқы орта әсерлерінен әлсіздігі негізінде жылан тотемдік жануарлардың негізгісі болған. Жылан культының пайда болуымен оған екі роль сай болған. Олар: жақсылық пен жамандық. Бір жағынан жылан қулық-сұмдықтың белгісі болса, екінші жағынан – мәңгілік өмір, ақыл, білімның белгісі болды. Эмблема ретінде жылан алғашында ешқандай бір қосымшаларсыз суреттелген. Бертін келе жыланның басқа заттармен қосындысы пайда бола бастады.
Шамамен б.э.д. 8 ғасырында медицинаның символы сол кезеңде дәрігерліктің құдайы Асклепийдің (Эскулап) аса таяғына жоғары қарай өрмелеген жыланның бейнесі болған. Ежелгі грек аңыздарының бірі бойынша Асклепий Криттің патшасы Миностың сарайына оның қаза болған ұлын қайта тірілту үшін шақырылған болатын. Жол-жөнекей ол өзінің аса таяғында бір жыланды көріп қалып оны өлтіреді, бірақ біраз уақыт өткен соң аузында емдік шөбі бар басқа бір жылан келіп, жаңағы өлтірілген жыланды қайта тірілтеді. Кейін аңыз бойынша Асклепий науқас адамдарды сол шөппен емдеген екен.
Асклепийдің аса таяғын сауда құдайы Герместің (Меркурий) жоғарғы жағында қанаты бар таяққа өрмелеген екі жыланның бейнесі бар таяқ – кадуцеймен шатыстырмаған жөн. Антикалық дәуірде бұл эмблема медициналық эмблемаға жатпаған. Тек 15-16 ғасырладан бастап кадуцей медицинаның белгісі болып табылды. ХІХ ғасырдан бастап кадуцей Америка, Африка, Азия елдерінің ресми медициналық эмблемасы болды.
Тостаған мен жыланның алғашқы бейнелері б.э.д. 800-600 жылдарға жатады. Жылан мен тостаған денсаулық құдайлары Гигея мен Салутаның символдары ретінде бөлек-бөлек бейнеленген. Тостағанға өрмелеген жыланның бейнесі кешірек пайда болды. Антика кезеңінде медициналық эмблема ретінде улы жыланның орнына зияны жоқ жылан бейнелеген.
Сонымен қатар медицинада Аполлонның үшаяғына өрмелеген жыланның бейнесі бар эмблема да белгілі болған. 18 ғасырдан бастап Европа елдерінде (Бельгия, Франция, Греция, т.б.) айнаға өрмелеген жыланның бейнесі ретіндегі эмблема болды. Айна дәрігерге қажетті қасиеттер – тазалық пен сақтықтың белгісі болған.
Ерте кезде жылан бейнеленген дәрігерліктің эмблемаларымен қатар басқа да белгілер болған. Солардың бірі – ежелгі мысырдағы дәрігерліктің құдайы Имхотептің қолында крест тәрізді жіпшемен бейнеленген суреті болған. Оны басқаша имхотептің анкы деп те атаған. Бұл символ табыс, өмір және денсаулықты білдірген. Бертін келе ол «тау-крест» деп аталған (грекше «тау» әрпінің бейнесін тұмар ретінде де қолданған).
Сонымен бірге жанып тұрған шам мен шырақтың бейнесі бар эмблемалар да болған. Көп ұлттарда от табиғаттың маңызды элементтерінің бірі болып саналған. Эфесстік Гераклиттің ілімі бойынша от – барлығына да шипагерлік ерекше зат деп қарастырылған. Медикаментоздық және хирургиялық емнің нәтижесіздігінде отты пайдаланған. Кейбір мүсіндер мен барельефтерде Асклепий жанып тұрған шаммен бейнеленген. Аса таяққа оралған жылан мен жанып тұрған шамның байланысының әртүрлі деңгейлері осы екі эмблемалардың әрекеттесуінің жаңа тенденцияларын айқындаған. Әсіресе римдік бейнелерде жанып тұрған шамға өрмелеген жыланның көрінісі эмблема ретінде танылған. Орта ғасырлардың аяғында антикалық шам діни көзқарастарға байланысты шырақпен алмастырылды. Шырақтың бейнесі мынадай нақылдармен байланысты болды: “Aliis lucens uror” («Басқаларды жарытып, өзім сөнемін») “Aliis inserviendo consumar” («Басқаларға қызмет етіп, өзімді жоямын») және т.б.
Жалпы медициналық эмблемалардан басқа, медицинаның жеке салалары мен жеке бағыттарын бейнелейтін жеке медициналық эмблемалар да бар. Терапияның ең көне эмблемаларының бірі– медицинада жүрек ауруларын емдеуде көптеп қолданылған інжу гүлдің бейнесі болды. Терапияның басқа символдары несеп жинайтын ыдыс – уринария, пульсты тыңдап тұрған қолдың, әтештің бейнелері болды. Антикалық дәуірде пифагорлық дәрігерлердің бейнесі – пентаграмма орта ғасырларда хирургтардың эмблемасы болып табылды. Сонымен қатар көптеген хирургиялық инструменттер хирургияның эмблемасы ретінде таныла бастаған. Аптекашылардың эмблемаларныда түрлі жануарлардың (қолтырауын, т.б.) және өсімдіктердің бейнелері суреттелген. Бірақ жиі аптекалық келі мен келсаптың бейнесі қолданыған. Педиатрияның эмблемасы ретінде көптеген елдерде (Италия, Россия, Англия, т.б.) «флоренциялық нәрестенің», яғни беліне дейін жөргекке оралған нәрестенің, бейнесі танылған. Бұл суретті ең алғаш рет Андреа делла Робиа салған және осы сурет Флоренциядағы жетімдер үйінің кіре берісінде ілінген.
18 ғасырда Ресейде балалар денсаулығымен айналысатын ұйымдардың символы құтан құс болды. Орта ғасырлақ аңыз бойынша қуаңшылық, аштық заманында құтан құс балапандарын өзінің кеудесін жыртып, қанын ішкізіп аштықтан құтқарған екен. Көптеген елдер қатарында көкірегінен қан ағып тұрған құтан құс бейнесі донорлықтың эмблемасы ретінде қолданылған.
Геронтологияның эмблемасы ретінде ғасырлық ағаш қолданылған. Оның прообразы – Гиппократ өмір сүрген Кос аралында өскен Гиппократтың платаны болған деген болжам да бар.
Ортопедия мен травмотологияның эмблемасы – бағанаға байланған сынған жас ағаштың бейнесі болған.
Медициналық эмблемалардың ерекше орнын түрлі медициналық ұйымдардың символдары алады. 1864 жылы Женевада әскерде Отан алдындағы борыштарын өтеп жүрген әскерлердің жарақаттарын жеңілдету жөніндегі конвенцияға қол қойылды. Ковенция жарақат алғандар мен науқастарға көмектесетін ұйымның ерекше символы – ақ фондағы қызыл кресттің белгісі бар ерекше эмблеманы өмірге әкелді. Кресттің төрт тарапы төрт қасиетті: шектілікті, ақылдылықты, әділдік пен ерлікті білдірді. Бұл белгінің прообразы Швейцарияның туы болды. Бұл белгі Қызыл Крест ұйымының символы ретінде де белгілі. Мұсылман елдеріндегі осындай ұйымдардың символы қызыл жарты айдың белгісі болды.
Әйгілі медициналық эмблема – көгілдір «қар ұшқынының» шығу отаны Америка Құрама Штаттары болып табылады. Онда бұл символы Өмір жұлдызы – Star of Life деп те атайды. Бұл медициналық эмблема Американың медициналық ассоциациясы мен АҚШ денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік көмек Департаментінің қадағалауындағы Төтенше медициналық қызметінің символы болып табылады.
Көгілдір жұлдыздың әр сәулесі Төтенше медициналық көмек функцияларының бірін білдіреді. Олар: жедел табу, хабарлау, үн қату, жәрдем көрсету, тасымалдау кезінде көмек көрсету, кейінгі жәрдемге дейін тасымалдауды қамтамасыз ету.
Осы эмблеманың орталығында Асклепийдің аса таяғы мен жыланның бейнесі орналасқан. Грек аңыздары бойынша Асклепий – жарықтың, ақиқаттың, сәуегейліктің құдайы Аполлонның ұлы, емдеу шеберлігін Херон кентаврынан үйренген. Бірақ Зевс Асклепийдің өнерінің арқасында барлық адамдар мәңгілік өмірге ие болады деп қорқып, оны найзағаймен өлтіреді. Сол кезден бастап барша адамдар Асклепийді құдайындай сыйлап, оған атап мешіттер салып, оны ерекше бағалайды. Көп суреттерде Асклепий ұзын шапанда, қолында жылан өрмелеген аса таяғымен тұрып тұрған қалпы бейнеленеді. Сол қолындағы аса таяқ медицинада ең белгілі символдардың біріне айналды.
Star of Life эмбемасының авторы – Төтенше медициналық көмек бөлімінің шефі Лео Шварц. Бұл эмблема Америкалық Қызыл Крест бұдан алдын қолданылған ақ фондағы қызыл-сары крест бейнесін қолдануға тыйым салғаннан кейін жасалған.
Алты сәулелі көгілдір қар ұшқыны Америка медициналық ассоциациясымен 1977 жылдың 1 ақпанында құпталған және ол сол кезден дастап АҚШ-тың төтенше медициналық қызметінің ресми эмблемасы ретінде танылды.
АҚШ жол қозғаласының қауіпсіздігі ұлттық ассоциациясы мемлекет территориясында Star of Life эмбемасын қолданудың ерекше құқығымен иеленген. Эмблеманың төтенше медициналық көмек машиналарында болуы, оның жабдықталуы АҚШ тасымалдау Департаментінің стандарттарына жауап беретінін дәлелдейді. Осы машинада қызмет ететін қызметкерлер құрамы да төтенше жағдайларда дер кезінде жоғарғы дәрежеде алғашқы медициналық көмек көрсетуге оқытылған. Жол карталары мен жол белгілерінде осы эмблеманың болуы жақын аймақта жедел медициналық көмек станцияларының барын көрсетеді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1) http://www.google.kz/search?um=1&hl=ru&biw
2) http://medarticle.moslek.ru/articles/47344.htm
3) http://tvoi-doctor.livejournal.com/42419.html
4) Биғалиева Р. К. «Бүкіләлемдік медицина тарихы» Алматы, 2004ж
5) Сорокина Т. С. «История медицины» Москва «Академия», 2006г
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 4379 | Нарушение авторских прав
|