Ішкі секреция бездері. Эндокринді бездерге жалпы сипаттама
1. Ішкі секреция бездер туралы түсінік, олардың организм үшін маңызы.
2. Гормондар туралы түсінік.
3. Гормондардың спецификалық қасиеттері.
4. Гормондардың жіктелуінің жалпы принциптері.
5. Гуморальдық реттеу механизмнің әсер етуінің жалпы схемасы.
6. Гормондар өндірілуінің, бөлінуінің екі жолы, маңызы.
7. Синтез және секреция бөлімдері.
8. Тасымалдау және деполау бөлімдерінің өзара байланысы.
9. Эффект (әсер) бөлімінің функциялық мәні.
10. Гормондардың метаболизм және ыдырау өнімдерін организмнен сыртқа шығарылуы.
1. Бүйрекүсті бездерінің қүрылымдық-функциональдық ерекшеліктері.
2. Бүйрекүсті бездерінің қыртысты қабаты.
3. Минералокортикоидтар, олардың организмдегі маңызы.
4. Глюкокортикоидтардың физиологиялық әсерлері.
5. Катехоламиндер жайлы жалпы түсінік.
6. Адреналиннің организмдегі маңызы, олардың негізгі функционалдық әсерлері.
1. Бүйрек үсті бездерінің құрылымдық –функционалдық ерекшеліктері. Бүйрекүсті бездері бүйректердің жоғары жағында орналасқан. Олардың салмақтары 6-12 г. Әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан түрады. Қыртысты қабат без салмағының 4/5, милы қабаты 1/5 бөлігін алып жатыр.
2. Бүйрекүсті бездерінің қыртысты қабаты.
Бүйрекүсті безінің қыртысты қабаты 40-тан астам кортикостероидтарды түзеді.Олардың бәрі де холестериннің туындысына (өніміне) жатады. Мүның ішіндегі тек қана негізгі онында биологиялық белсенді гормондық қасиет бар. Қалғандары осы негізгі гормондардың өніміне, немесе олардың ыдырауынан пайда болған заттарға жатады да көбінесе қанға өтпейді. Физиологиялық қызметіне қарай кортикостероидтар 3 топқа бөлінеді: 1). Глюкокортикостероидтар (ГКС); 2). Минералокортикостероидтар (МКС); 3). Андрокортикостероидтар (АҚС).
3.Минералокортикоидтар, олардың организмдегі маңызы. МКС бүйрекүсті безінің түйірлі зонасынан пайда болады. Бүл топқа альдостерон мен дезоксикортикостерон (альдостероннан 20-30 есе активтілігі төмен) жатады.
МКС-дың негізгі физиологиялық әсеріне су мен түздардың алмасуына ықпалы жатады. Бүл бүйрек тканінде тер және сілекей бездеріне, асқорыту жолының шырышты қабатындағы клеткаларға әсер ету арқылы іске асады. Бүйректегі түтікшелер аппаратыньщ дистальды бөлімінде натрийдің кері сіңуін альдостеронның арттыруы іс жүзінде дәлелденді. Мүндай әсерге байланысты Na, Сl иондары организмде жинадып, оларға сай организмде судың осмос эквиваленттік саны жиналады. Бүған қоса альдостеронның әсерінен К, сутек, аммоний организмнен шығарылады. Альдостерон Са мен магнийдің сыртқа шығарылуын күшейтеді. Демек, альдостеронның натрийдің тасымалданынуына әсерінің механизмі әлі күнге дейін толық анықталмай жатыр. Кейбір болжамдарға қарағанда альдостерон «натрий тартқышының» энергиясын қамтамасыз етеді. Мүндай қабілет клетканың ішінде АТФ-тың пайда болуын күшейтуге байланысты болуы мүмкін деген болжамдар бар. Альдостеронның Ca мен магний иондары алмасуының әсеріне байланысты оның тағы да бір физиологиялық ықпалы анықталып отыр. Бүл Na мен Сl иондарының ықпалына байланысты пайда болатын түрлі сүйықтардағы осмостық қысымының әсерінен туатын тамырлардағы қан көлемі мен клетка ішіндегі және клеткааралық сүйықтықтардың мөлшерлерін реттеу қабілеттері.
4.Глюкокоргикоидтардын физиологиялық әсерлері.
ГКК-тар бүйрекүсті безінің қыртысты қабатының шоғырлы зонасында түзіледі. Бүл топқа кортизон (өте белсенді гормон), гидрокортизон және кортикостерон (гормондық белсенділігі төмендеу) жатады. ГКС-дың физиологиялық әсері:
ГКК зат алмасуының барлық түріне ықпалын тигізеді, әсіресе катаболикалық (диссимиляция) процестерді күшейтеді. Мүндай жағдайда терінің, бауырдың, еттің, майдың, дәнекер және лимфа тканьдерінің клеткалары нысана-клетка ролінде болады. Тканьдерде ГКК-дың әсерінен бір қатар ферменттердің (трансаминаза, оксидаза, гидролаза т. Б.) белсенділігі күшейеді.
ГКК-дың белоктық алмасуына әсері: а) барлық тканьдерде, әсіресе ет тканінде (алдымен қаңқа бүлшықетінде) белоктың ьщырауы күшейеді. ГКК-дың зат алмасуына ықпалынан диафрагма мен жүрек еттері резистентті болады тіпті кортизонның әсерінен жүрек етінің салмағы да артады; ә) қандағы аминқышқылдар мен несептегі азоттың мөлшері көбейеді (теріс азот балансы байқалады); б) бауырдың мочевина түзеу қызметі артады; в) аталған әсерлерге байланысты, әсіресе белок алмасу өзгеруінен организмнің салмағы азайып, өсуі кідіреді.
ГКК-дың майдың алмасуына әсерінен тканьдегі липолиз артады, яғни май ыдырап қышқылдары бауырға өтеді.
ГКК көмірсулар алмасуына да әсер етеді. Олар бауырдағы глюконеогенезді күшейтеді, сондықтан гипергликемия, тіпті глюкозурия пайда болуы мүмкін, глюкоген азаймайды.
ГКК-дың әсерінен бауырдан басқа барлық ағзалардың клетка мембраналарының глюкозаны өткізу қабілеті төмендейді. Ал бауырда глюкоза мен амин қышқылдарына клеткалардың өткізгіштігі аздап артады.
ГКК-дың қабынуға, аллергияға қарсы түру қабілеттерін арттыру, иммунодепрессивтік әсерінің маңызы ерекше. Олардың мүндай қабілеттері клетка мембранасының өткізгіштігін төмендетуіне, клеткалардан және басқа қүрылымдардан гистаминнің босауын азайтуға, антиденелердің түзілуін төмендетуге, антиген мен антидене реакциясын тежеуіне, дәнекер тканьдерде коллаген мен мукополисахаридтердің түзілуін нашарлатуына байланысты.
5. Катехоламиндер жайлы жалпы түсінік.
Катехоламиндер организмдегі барлық тканьдер мен клеткаларға әсер етіп, оларда күрделі биохимиялық процестерді тудырады және көптеген физиологиялық процестердің ерекшеліктерін айқындайды. Ол процестер катехоламиндердің мембраналық рецепторлармен яғни адренорецепторлармен арнайы байланысы кезінде пайда болып, аденилциклазаның белсенділігі мен клеткадағы түрлі биохимиялық процестердің жылдамдығына байланысты өтеді. Организмде адренорецепторлар өте көп. Түрлі ткань клеткаларындағы орнына, арнайы рецепторлардың нысана клеткалардың мембранасында орналасу тығыздығына, олардың түрлі химиялық заттарға таңдамалы сезімталдығына және жауап реакцияларына байланысты α және β адренорецепторлар бар.
Катехоламиндер (А, НА) химиялық үқсастьнына қарамастан физиологиялық әртүрлі әсер етуі, олардың таңцамалылығына түрлі цитоплазмалық мембраналардың адренорецепторларымен (сф) қарым-қатынасына, ағзалардың қүрылысына байланысты келеді. Ферменттік ыдырауына байланысты катехоламиндердің адренорецепторларға әсері өте қысқа мерзімде өтеді және ол пайда болған өзгерістерді қалпына келтіруге жүйке рефлекстік және гуморальдық механизмдер қатысады.
6. Адреналиннің организмдегі маңызы, олардың негізгі функционалдық әсерлері.
1. Адреналин жүрек-қан тамырлар жүйесіне өте күшті әсер етеді:
А) Жүректің жүмысын күшейтіп соғу ырғағын тездетеді, қозғыштығын үлғайтып, өткізгіш жүйесі бойынШа серпініс өтуін жақсартады; Ә) Қан тамырларын тарылтады. Дененің әр жеріндегі тамырларының адреналинге сезімталдығы әртүрлі. Мысалы, ішкі ағзалардың қанмен қамтамасыз ететін артериола тамырларының қабырғасьш босаңсытады, ал оған байланысты қаңқа бүлшықеттеріне келетін қанның мөлшерін көбейтеді. Жүректің қантамырларының көлденең қимасы адреналиннің әсерінен кеңейеді де, жүрек еттерін қанмен қамтамасыздандыру жақсарады;
Б) Жүрек қызметі мен қан тамырларының кернеуін өзгерту арқылы адреналин қанның қысымына әсер етеді. Оның мүндай әсері көбіне қысқы мерзімде байқалады. Қан қысымының артуы гормонның. әсері басталғандағы жағдайға, адреналинді ыдырататын ферменттің белсенділігінё, мөлшеріне байланысты.Ішектің бірыңгай салалы еттеріне әсер етеді. Оның тонусын төмендетіп қозғалысын тежейді.Бронхының бірыңғай салалы еттерін босаңсытады.Көздің қарашығын үлкейтеді.Екі қабат әйелдің жатырының бірыңғай салалы еттерінің жиырылуын пайда етеді.Тері түктерінің қапшықтарының етін жиырады, сондықтан адамның эмоция кезінде «төбе шашы тік түрады».Көмірсулардың алмасуына әсер етеді.Бауыр еттеріндегі гликогенолизді күшейтіп, гипергликемиямен глюкозурияны тудырады.Майдың алмасуына әсер етеді. Олл липолизді күшейтіп липогенезді баксады, майдың тотығуын күшейтеді. Мүның бәрі күшті тітіркендіргіштің әсері кезінде организмнің энергиялық мүмкіндіктерін толық пайдалануға бағытталған.Кенномның пікірінше адреналин «эмоциялық гормон» болып есептеледі. Әсіресе қауырт жағдайларда катехоламиндер: а) Бұлшьщеттердің жұмысын күшейтеді;
ә) рецепторлардың сезімталдығьш, вестибулярлық аппараттардың жүйесін күшейтеді. Бүл өзгерістер қауырт жағдайда организмнің қызметін сыртқы ортамен өзгерген жағдайларына бейімдеуге бағытталған. Сонымен бүйрекүсті бездерінің милы және қыртысты қабаттарының гормондарын бейімдеуші (адаптациялық) гормон деп аталады.
Лабораторлық жұмыс.
Жұмыс №1. Адреналиннің үлкен қан айналым тамырларына әсері. Жұмысқа керек заттар:Қан тамырларын перфузия жасауын, канюлясы және резеңке түтігі бар қысу жүйесі, Рингер ерітіндісі, адреналиннің 0,1% ерітіндісі, бақа, бақаны түйреп бекітетін үшбұрышты столик, стол бекітетін штатив, сылу аспаптары, лигатуралар.
Жұмыс барысы: Кәдімгі жолмен жансыздандырылған бақаны столға бекітіп көкірек қуысын ашамыз да перикардты алып, жүрегін жалаңаштаймыз. Сол жақ аортаға лигатура салып, кішкене кесеміз де канюля кіргіземіз. Канюляны жүрек үшын тесу арқылы оның түйініне (луковица) де салуға болады. Лигатураны (канюля мойын) түсынан тартып байлаймыз. Сүйықтық ағу үшін вена қуысы қабырғасын да тесіп қоямыз. Сонан соң қысым жүйесін ашып, қан тамырларын Рингер ерітіндісімен толтыра бастаймыз. Үжен қан айналымынан өткен қан вена қуысындағы тесіктен тамшылай бастайды. Осы тамшылау жиілігін есептеп аламыз 1 мин, сонан соң шприц инесімен қысып жүйесінің резеңке түтігін тесіп 0,1-0,2 мл 0,1% адреналин жібереміз. Адреналиннің әсерінен қан тамырлары, әсіресе артериялар тарылып олардың өткізгіштік қасиеті төмендейді. Вена қуысынан шығып түрған сүйықтықтың тамшы жиілігінің кеміп кеткенділігі байқалады. Адреналин организмде тез ыдырап кетеді де тамшы саны алғашқы жиілігіне жететіндігін әр 2 мин сайын қайта санау арқылы көруге болады.
Жұмыс нәтижесін безендіру: Жүмыс нәтижесін жазып, оның схемасын дәптерлеріңе сызып алыңдар. Адреналин қосқанға дейінгі және қосқаннан кейінгі тамшы жиілігі өзгеруінің графигін салыңдар.
Тестілік бақылау сұрақтары:
1.Негізгі эндокриндік без
A. гипофиз
B. қалқанша
C. ұйқы безі
D. бүйрек үсті бездері
E. жыныс бездері
2.Гипофиздың функционалды белсенділігін реттейді гипоталамус ненің арқасында
A. кортикотропин, инсулинның
B. окситоцин, глюкагонның
C. либерин, статиннің
D. тироксин, паратгормон
E. инсулиндің, тироксиннің
3.Гипофиз бен гипоталамустың байланысы жүзеге асырылады
A. нерв жүйесі арқылы
B. гуморальді жолмен
C. vagus n. арқасында
D. шартты рефлектрлі түрде
E. жұлын-миының сұйықтығы арқылы
4. Ішкі секреция бездерінен синтезделеді және организмнің ішкі ортасында биологиялық активтілігі жоғары зат болып табылады
A. нейромедиатор
B. гормондар
C. эритроциттер
D. тромбоциттер
E. лейкоциттер
5. Гормондардың биологиялық ерекшеліктеріне жатады
A. қатаң арнайы әсері
B. төмен биологиялық белсенділігі
C. контактті әсері
D. жартылай ыдырау уақытының ұзындығы
E. генерализацияланған әрекеттің жоқтығы
6.Гормондардың биологиялық ерекшеліктеріне жатады
A. генерализацияланған әрекеттің жоқтығы
B. әрекет ерекшеліктерінің жоқтығы
C. жоғарғы биологиялық белсенділік
D. контакттің әсері
E. жартылай ыдырау
7. Гормондардың биологиялық ерекшеліктеріне жатады
A. әрекет ерекшелік жоқ болуы
B. аз биологиялық белсенділік
C. дистантты әрекет
D. жартылай ыдырау
E. генерализацияланған әрекеттің жоқтығы
8. Гормондардың биологиялық ерекшеліктеріне жатады
A. контактті әсері
B. қысқа уақытта жартылай ыдырауы
C. генерализацияланған әрекеттің жоқтығы
D. әрекет ерекшелігінің жоқтығы
E. аз биологиялық белсенділік
9. Гормондардың биологиялық ерекшеліктеріне жатады
A. қатаң арнайы әсері
B. пролингирленген әсер
C. контактті әсері
D. жартылай ыдырау уақыты ұзындығы
E. генерализацияланған әрекеті
10. Гормондардың биологиялық ерекшеліктеріне жатады
A. қатаң арнайы әсері
B. төмен биологиялық белсенділігі
C. контактті әсері
D. жартылай ыдырау уақыты ұзындығы
E. генерализацияланған әрекеті
11. Гормонның әсерлерінің көрінуіне міндетті шарт, оның әрекеттесуінде
A. қабылдағышпен
B. ферментпен
C. метаболитпен
D. кейлон
E. халон
12. Екі немесе бірнеше гормондардың бір бағытта әрекет етуін атайды
A. синергизм
B. антагонизм
C. пермиссивті әрекет
D. пролонгировтілік
E. генерализациялығы
13. Гормондардың қарама-қарсы әрекеттері қалай аталады
A. синергизм
B. антагонизм
C. пермиссивті әрекет
D. пролонгивті әсер
E. генерализацияланған әрекет
14. Гормон басқа гормон әрекетіне жауап реакция арнаған кезде, өзі физиологиялық күш әсерді шақырмай, онда бұл құбылысты атайды
A. синергизм
B. антагонизм
C. пермиссивті әрекет
D. пролонгивті әсер
E. генерализацияланған әрекет
15. Гормонды реттеудің ең жоғары орталығы
A. гипоталамус
B. эпифиз
C. гипофиз
D. ұйқы безі
E. бүйрек үсті
16. Ішкі секреция бездерінің функциясының реттелуін гипоталамус жүзеге асырады, қай гормон арқылы
A. глюкокортикоид
B. тропин
C. йодтиронин
D. катехоламин
E. минералокортикоид
17. Йодтиронин түзіледі
A. аденогипофизде
B. жыныс бездерде
C. қалқанша безде
D. ұйқы безінде
E. қалқанша маңы бездерінде
18. Қалқанша безінің гипофункциясы дамуға алып әкеледі
A. меңіреуліктің
B. жүректің минуттық көлемінің артуына
C. жүрек жиырылуының жиілігнің жоғарылауына
D. базед ауруының
E. қант диабетіне
19. Қалқанша без функциясына мына гормон әсер етеді
A. тиреотропты
B. соматотропты
C. адренокортикотропты
D. гонадотропты
E. фолликулостимулды
20. Ұйқы безі гормондары, көмірсу ауысуын реттеушілер
A. ваготонин, килликреин
B. ваготонин, АДГ
C. глюкагон, инсулин
D. липокаин, инсулин
E. липокаин, центропнеин
21. Гипогликемиялық әсер ете алатын гормон
A. инсулин
B. глюкагон
C. адреналин
D. норадреналин
E. глюкокортикоид
22. Гипергликемиялық әсер күші бар гормон
A. глюкагон
B. инсулин
C. альдостерон
D. паратгормон
E. тиреокальцитонин
23. Бета жасушалардың гипофункциясы кезінде ұйқы безінде дамиды
A. гипергикемия, анурия, шөлдеу
B. полиурия, гипогликемия, қанда кетондық денелердің артуы
C. гипергликемия, полиурия, глюкозурия
D. гипогликемия, полиурия, ацидоз
E. гипергликемия, анурия, глюкозурия
24. Ұйқы безі бауырдағы, бұлшық еттердегі гликоген синтезін ынталандырады
A. глюкагон
B. адреналин
C. норадреналин
D. инсулин
E. тиреокальцитонин
25. Глюкагон секрециясын ұлғайтады
A. гипогликемия
B. гипергликемия
C. глюкозурия
D. анурия
E. полиурия
26. Ұйқы безінің гормоны жасушадағы глюкозаны төмендетеді
A. инсулин
B. тиреокальцитонин
C. глюкагон
D. адреналин
E. норадреналин
27. Перифериялық эндокриндік бездердің қызметі жөнге салады
A. бүйрек
B. қалқанша без
C. гипофиз
D. жыныс без
E. эпифиз
28. Өсу процестерін және физикалық дамуды гипофиздің гормоны жөнге салады
A. фоллитропин
B. лютропин
C. окситоцин
D. соматотропин
E. кортикотропин
29. Тиреокальцитониннің бөлінуін ұлғайтады
A. қанда кальций төмендеуін
B. қанда кальций жоғарылауын
C. қанда амин қышқылдарының төмендеуін
D. қанда амин қышқылдарының жоғарылауын
E. қанда фосфордың төмендеуін
30. Тироксин
A. дене температурасын төмендетеді
B. зат алмасу төмендетеді
C. ең басты зат алмасуды жоғарылатады
D. жүрек жұмысын тездетеді
E. қанда глюкоза деңгейін төмендетеді
31. Қалқанша маңы бездердің гормондары
A. тиреокальцитонин
B. паратгормон
C. инсулин
D. глюкагон
E. альдостерон
32. Паратгормонның бөлінуі ынталандырады
A. қанда кальций жоғарылауын
B. қанда кальций төмендеуін
C. қанда амин қышқылдарының жоғарылауын
D. қанда амин қышқылдарының төмендеуін
E. қанда фосфор жоғарылауын
33. Жүрек жұмысы қанда тироксин артып кеткенде кандай болады
A. күшейеді
B. әлсірейді
C. жиілейді (тахикардия)
D. өзгермейді
E. төмендеді (брадикардия)
34. Ересек адамдарда микседема қай бездің гипофункциясында дамиды
A. бүйрек үстілерінің
B. асқазан асты бездің
C. жыныс бездің
D. нейрогипофиз
E. қалқанша бездің
35. Т лимфоциттердің дифференциясын қамтамасыз ететін гормон
A. тимус
B. қалқанша маңы бездері
C. ұйқы безі
D. бүйрек үсті
E. жыныс бездері
36. Тимусты гормондарға жатады
A. тимозин, тимопоэтин
B. либериндер, статиндер
C. тиреотропин, кортикотропин
D. пролактин, соматотропин
E. адреналин, норадреналин
37. Жатырдың тегіс бұлшық ет жиырылуын ынталандыратын гормон
A. тиреотропин
B. кортикотропин
C. соматотропин
D. окситоцин
E. адреналин
38. +Na деңгейінің төмендеуі және адренокортикотропты гормонның қанда арту, қан айналымының көлемінің қысқаруы корда бүйрек үсті қыртысында пайда болуна алып келеді
A. альдостерон
B. жыныс гормондар
C. глюкокортикоидтар
D. катехоламин
E. тироксин
39. Балалық жасында екінші жыныстық жетілу белгілердің дамуына бүйрек үстінің гормондары жағдай жасайды
A. жыныстық
B. глюкокортикоид
C. катехоламин
D. йодталған
E. пролактин
40. Бүйрек үстілерінің ми затында гормондар түзіледі
A. катехоламин
B. глюкокортикоид
C. минералокортикоид
D. жыныстық
E. йодты
41. Жүрек қызметін ынталандырады, тамырларды тарылтады, бронхтардың бұлшық еттерін кеңейтеді және ішек секрециясын перисталтикасын тежейді, сфинктерлердің тонусын және зат алмасу процесін жоғарылататын, бүйрек үсті затының гормоны
A. тиреотропин
B. адреналин
C. вазопрессин
D. паратгормон
E. кальцитонин
42. Бета – адренорецепторларға үлкен ұқсас бүйрек үстінің гормоны
A. адреналин
B. норадреналин
C. вазопрессин
D. паратгормон
E. кальцитонин
43. Альфа – адренорецепторлпрға үлкен ұқсастық білдіретін бүйрек үстінің гормоны
A. норадреналин
B. вазопрессин
C. паратгормон
D. кальцитонин
E. адреналин
44. Жыныс гормондарының синтезіне әсер етеді
A. лютропин, фоллитропин
B. глюкагон, тироксин
C. тироксин, тиротропин
D. меланотропин, лютропин
E. липотропин, инсулин
45. Бүйрек үсті жыныс гормондары
A. андроген, статиндер, эстроген
B. андроген, гестаген, эстроген
C. андроген, либерин, эстроген
D. андроген, прогестерон, пролактин
E. окситоцин, прогестерон, пролактин
46. Сүт бездердің даму және сүт шығуды ынталандыратын гормон
A. тироксин
B. өсу шегі гормоны
C. инсулин
D. лактотропин
E. пролактостатин
47. Етеккірді бақылайтындар гормондар
A. ФСГ, эстрогендер, ЛСГ, прогестерон
B. ФСГ, глюкагон, СТГ, паратгормон
C. меланотропин, андрогены, ЛСГ, прогестерон
D. ФСГ, инсулин, прогестерон
E. адреналин, ФСГ, прогестерон, эстрогендер
48. Әйелдің жыныс гормондары
A. паратгормон, серотонин, тиреокальцитонин
B. эстрон, эстриол, эстрадиол
C. серотонин, эстриол, брадикинин
D. тестростерон, тироксин, серотонин
E. тироксин, эстрон, тестостерон
49. Жыныстық функциялар бақыланады
A. нерв жүйемен, гонадотропты және жыныс гормондарымен
B. нерв жүйемен, соматотропты және тиреотропты гормондармен
C. инсулинмен, глюкагонмен, эстрогендермен
D. мелатонин, паратгормон, андроген
E. гонадотропты гормондармен, АДГ, окситоцинмен
50. Эндокриндік бездердің функциялары жөнге салатын гипофиздіңТропты гормондары
A. ұйқы безі, тимус
B. гипоталамус, ұйқы безі, тимус
C. гипоталамус, ұйқы безі
D. гипоталамус, тимус
E. бүйрек үсті бездері, қалқанша, жыныстық
«Бүйрек үсті безінің физиологиясы» тақырыбынан тестілік тапсырманың жауап эталондары
1A
| 11A
| 21A
| 31B
| 41B
| 2C
| 12A
| 22A
| 32B
| 42A
| 3B
| 13B
| 23C
| 33C
| 43A
| 4B
| 14C
| 24D
| 34E
| 44A
| 5A
| 15A
| 25A
| 35A
| 45B
| 6C
| 16B
| 26A
| 36A
| 46D
| 7C
| 17C
| 27C
| 37D
| 47A
| 8B
| 18A
| 28D
| 38A
| 48B
| 9B
| 19A
| 29C
| 39A
| 49A
| 10A
| 20C
| 30C
| 40A
| 50E
|
Зат және энергия алмасулары.
1.Зат алмасу туралы түсінік, маңызы.
2. Зат алмасудың кезеңдері.
3. Белок алмасуы, организмдегі маңызы.
4. Белоктардың биологиялық құндылығы жайлы түсінік.
5. Алмастырылмайтын амин қышқылдары, олардың организм үшін маңызы.
6. Азотты баланс.
7. Көмірсу алмасуы.
8. Глюкозаның организмдегі негізгі энергия көзі ретінде.
9. Көмірсу алмасуының реттелуі.
10. Белок алмасуының реттелуі.
11. Майдың организмдегі маңызы, оның энергиялық құндылы-ғы.
12. Су-электролит алмасуы.
13. Организмдегі су балансы қабылдаған және шығарылған судың мөлшерінен түзіледі.
14. Минералдар.
15. Витаминдер, олардың организмдегі маңызы.
1.Зат алмасу туралы түсінік, маңызы.
Зат және энергия алмасуы – физикалық, химиялық және физио-логиялық процестердің нәтижесінде заттар мен энергияға айналып, сонымен бірге организм мен қоршаған орта арасында да алмасу жүреді. Зат алмасу процесі кезінде үздіксіз клетка құрылымдары жаңарып, бұзылып отырады, әр түрлі химиялық қосындылар синтезделіп әрі бұзылады. Организмде екі процесс – анаболизм (ассимиляция) және катаболизм (диссимиляция) бір-біріне тең болады. Анаболизм – органикалық заттардың биосинтезі, катаболизм – клетканың күрделі компоненттерінің ыдырауы. Анаболизмдік процестердің артуы нәтижесінде организмде өсу, дене массасының артуы, ал катаболизм процесі артса ткань құрылымдарының бөлімдерінің ыдырауымен, дене массасының төмендеуімен сипатталады. Осы процесс нәтижесінде химиялық қосылыстардан пайда болған энергия кинетикалық энергияға, немесе жылу мен механикалық энергияға, аз ғана бөлігі электрлік энергияға айналады.
Организмнің жоғалған энергиясын, дене массасын сақтау үшін қоршаған ортадан белоктар, липидтер, көмірсулар, витаминдер, минералды тұздар және су түсіп отыруы міндетті. Сонымен қатар, организм зат алмасу өнімдерінің соңғы қалдықтарынан тазару процесі шығару мүшелерінің қызметіне тиесілі.
2. Зат алмасудың кезеңдері.
Негізінен заталмасудың үш кезеңін ажыратады. Бірінші кезеңде белоктардың, майлардың, көмірсулардың асқорыту жолдарында ферментативті ыдырап, қан мен лимфаға өтуімен сипатталады. Екінші кезеңі – аралас алмасу кезеңі. Үшінші кезең – зат алмасу процесінде пайда болған өнімнің сыртқа шығарылуы.
3. Белок алмасуы, организмдегі маңызы.
Белоктар органикалық заттардың ішінде жетекші орынға ие, себебі клетканың құрғақ массасының 50% белоктардың есебінде. Белоктардың атқаратын қызметтері:
1. Барлық организмдегі зат алмасу процесіне қатысатын ферменттер белоктар болып табылады (тыныс алу, ас қорыту, шығару).
2. Организмнің қимыл, іс-әрекеттері жиырылғыш белоктар – актин мен миозиннің арқасында жүзеге асады.
3. Белок клеткада түрлі құрылымдарын жаңарту және толықтыру арқылы пластикалық (құрылыс материалдары) қызмет атқарады.
4. Энергиялық қызметі белоктардың ыдырауынан пайда болған энергиямен сипатталады. Организмнің тканьдерінде белоктардың ыдырау процесі үздіксіз жүріп отырады, пайдаланылмаған белок қалдықтары сыртқа шығарылып отырса, осы процеспен қатар белок синтезі де жүреді. Нәтижесінде организмнің белоктары динамикалық күйде болады: олардың үздіксіз ыдырауы мен түзілуінің нәтижесінде белоктар жаңарады. Бірақ бұл процесс әр мүшеде әртүрлі қарқынмен жүреді. Мысалы, бауырда, ішектердің кілегей қабатында өте жоғары жылдамдықта жүрсе, кейбір ішкі мүшелер мен қан плазмасында баяу жүреді. Ми клеткаларының, жүректің, жыныс мүшелерінің белоктары баяу жаңарса, бұлшық ет, тері, тірек-қимыл тканьдері (сіңірлерде, сүйектермен шеміршектерде) өте баяу алмасуымен сипатталады.
4. Белоктардың биологиялық құндылығы жайлы түсінік.
Белоктардың аминқышқылдық құрамы түрлі болады, сондықтан организмнің синтездік мұқтажына олардың жұмсалуы да түрлі болады. Сол себепті тағамдардың биологиялық құндылығы деген түсінік енгізілді. Барлық қажетті аминқышқылдары құрамында бар белоктар организмнің синтез процесін қалыпты жүргізеді, сон-дықтан бұл белоктар биологиялық құнды болып табылады. Керісінше, құрамында бір немесе бірнеше аминқышқылдары жоқ болып немесе өте аз мөлшерде кездессе, бұл белоктар құнсыз болып есептеледі. Құнсыз белоктар: желатин (жүгері белогы), глиадин (бидай белогы), гордеин (тары белогы). Керісінше ет, жұмыртқа, балық, уылдырық, сүт белоктарының құндылығы өте жоғары. Осы себепті адам тағамында міндетті түрде белок болуы керек, әсіресе қабылдайтын белоктардың 30% жануар тектес болу өте қажет. Өсімдік тектес белоктарды күнделікті қабылдаудың нәтижесінде адамдарда белок жеткіліксіздігі туын-дайды, «квашиоркор» деген патология дамиды.
Бұл патология тропикалық және субтропикалық белдеуде Африкада, Латын Америкасында және Оңтүстік Шығыс Азияда кездеседі. Көбіне бұл ауру 1-5 жас аралығындағы балаларды зақымдайды.
5. Алмастырылмайтын амин қышқылдары, олардың организм үшін маңызы.
Белок алмасуы қалыпты өтуі, олардың синтезі үшін өте маңызды, сондықтан организмге тағаммен бірге аминқышқылдары түсуі қажет. Эксперимент жүзінде белок құрамындағы 20 амин қышқылдарының 12-сі организмде синтез-деледі, яғни алмастыратын болып саналады. Ал 8 амин қышқыл-дары синтезделмейді, олар тамақпен бірге түсуі керек, алмастырылмайтын аминқышқылдары деп аталады. Бұлардың маңыздылығы мынада: алмастырылмайтын аминқышқылдарының белок синтезі күрт төмендеп, белок алмасуы өзгереді, орга-низмде теріс азотты баланс туындап, организмнің өсуі тоқтап, дене салмағы төмендейді.
Адам үшін алмастырылмайтын аминқышқылдары: лейцин, изолейцин, валин, метионин, лизин, треонин, фенилаланин, триптофан.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 3361 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
|