АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Термометрия

Прочитайте:
  1. ТЕМА №6: ОЦЕНКА ФУНКЦИОНАЛЬНОГО СОСТОЯНИЯ ПАЦИЕНТА. ТЕРМОМЕТРИЯ. УХОД ПРИ ЛИХОРАДКЕ.
  2. Тема: «Лихорадка. Термометрия. Уход за тяжелобольными»
  3. Термометрия. Уход за лихорадящими больными

Адам денесінің температурасы арнайы бір деңгейде сакталып тұрады, оның өзгеруі адам организмінің денсаулык көрсеткіші болып табылады. Негізінен дене температурасын әртүрлі нүктелерде жүргізуге болады. Көбінесе қолтықта, ауыз қуысында, тік ішекте, кейде сыртқы естутүтігінде жүргізеді.

• Клиникалық мақсатта ректальді термометрия жүргізіледі.

Термометрияны медициналык сынапты термометрмен анальді тесікке 10-15 см тереңдікке енгізеді. Бұл жердегі көрсеткіш дененің сыртқы бөлігіндегі көрсеткіштен 1°С жоғары болады.

Оральды термометрия, немесе ауыз куысындағы термометрия, ректальді термометриядан 0,2-0,5°С төмен.

Аксиллярлы термометрия, аксиллярлы термометрия ішкі термометрияның көрсеткіші болып табылады.

Сыртқы есту түтігін термометрлеу үшін арнайы құрылғыны (иілгіш құрылғы) кұлақ пердесінің алдына дейін енгізеді.

7. Термореттеу орталығы, термореттеу орталығының кұрылымдық ерекшеліктері.

Жылу алмасудын орталығы немесе термореттеу орталығы гипоталамустың преоптикалық аймағы мен артқы гипоталамуста орналасқан.

Осы термореттеу орталығында өздерінін аткаратын кызметтеріне байланысты нерв клеткаларынын бірнеше тобы орналасқан –термосезімтал клеткалар; организмнін дене температурасын бір деңгейде ұстап түруын қамтамасыз етуші клеткалар – термореттеудің белгілеу нүктесі – алдыңғы гипоталамуста орналасқан; эффекторлы нейрондар организмдегі жылу өндіру және жылу бөлу процестерін басқарушы нейрондар, артқы гипоталамуста орналасқан. Термосезімтал нерв клеткалары ми аркылы ағьш өтетін артерлялық қандағы температураны тікелей анықтай алады. Бұл клеткалар 0,011°С температуралық айырмашылыққа дейін ажырата алады. Бұл жерге ақпарат афферентті жолмен тері терморецепторларынан, ішкі мүшелердің термосезімтал нерв клеткаларынан, жұлыннан және дененін басқа белімдерінен де гипоталамустың преоптикалық аймағына келеді. Осы келіп түскен акпаратты анализ және талдау жасау аркылы кан және

перифериядағы тканьдердін температурасы анықталып, адам дене

температурасының орташа көрсеткіші айқындалады.Дене температурасының анықталғаны туралы ақпарат гипоталамустың нерв клеткаларына – белгілеу нүктесіне келіп тү седі.Белгілеу нүктесінің реттегіш механизмдері келіп түскен ақпаратты сараптау және талдау аркылы, артқы гипоталамустың эффекторлы нейрондары арқылы жылу өндіру немесе жылу белу процестеріне әсер етеді. Термореттеу орталығы аркьглы жылу өндіру мен жылу болу процестерінің тепе-тендігі іске қосылып, дененің температурасы арнайы бір деңгейде тұрақталады. Сонымен қатар термореттеуде ацетилхолин мен норадреналиннің де манызы зор. Норадреналин меднаторы акпараттын афферентті жолмен баруын қамтамасыз етеді, ацетилхолин медиаторы мен норадреналин медиаторы жылу өндіру мен жылу бөлінудің эффекторлы механизмдерін қамтамасыз етеді. Белгілеу нүктесін анықтау механизмінде ацетилхолин медиаторы мен гипоталамустағы натрий, кальций иондарының концентрациясының ара-қатынасының маңызы зор.

8. Химиялык термореттеу немесе жылу өндіру.

Зат алмасу процесінің үздіксіз жүруі нәтижесінде организмде жылу түзіледі. Жылу ендіру немесе химиялық термореттеу дегеніміз қоршаған орта температурасына тәуелсіз дене температурасын зат алмасу процесінің жылдамдығын езгерте отырып, метаболизмді оптимальді бір деңгейде ұстап тұруға бағытталған процестер жиынтығы.

Адамда қоршаған орта температурасы жоғарылағанда, зат алмасу процесі баяулайды және дене температурасы бірқалыпты күйде калады. Қоршаған орта температурасы төмендегенде, зат алмасу процесі жоғарылап, жылу көп өндіріледі.Негізінен жылуды көп өндіретін немесе зат алмасу каркынды жүретін мүшелерге бауыр, бүйректер, эндокринді және асқорыту бездері, бұлшық еттер жатады.Теріде орналасқан терморецептор мен қан тамырда орналасқан рецепторлардан ақпарат термореттеу орталығына барады. Бұл жерде келген ақпарат сарапталып, эфферентгік жол арқылы сопақша ми мен жұлын арқылы өтіп вегетативтік жүйкелердің көмегімен жылу өндіретін мүшелерге импульс келеді, яғни бұлшық еттерге, бауырға, асқорыту жолдарына, жылу өндіру күшейеді. Бұл нервтік жол. Ендігі реттеуші жол – гуморальдық. Гипоталамо – гипофизарлық жол арқылы ақпарат гипофиздін тиреотропты гормонының синтезделіп, қалқанша бездің гормондарынын көмегімен зат алмасу процесі қаркындайды, яғни каңқа бұлшық еттеріне, бауырға, асқорыту жолдарындағы процестерге әсерін тигізеді.

1. Бұлшық еттерде жылудың 60%түзіледі;

2. Бауырда жылудын 30%түзіледі;

3. Басқа мүшелерде: асқазан, өкпе, бүйректерде 10% түзіледі

9. Жиырылу термогенезі. «Дірілдеудің маңызы».

Жылу өндіруде бұлшық еттердің манызы зор. Өйткені бұлшық етгің жұмысында түзілген химиялық энергияның үштен бірі механикалық жұмысқа жұмсалса, калған үштен екі бөлімі жылуға айналады. Бұлшық ет жұмысының артуына байланысты жылу өндіру мен дененін температурасы да артады. Тыныш күйде адам шамамен 2000 ккал жылу өндірсе, бұлшық

ет жұмысы кезінде 4000-6000 ккал, ал өте ауыр жұмыс кезінде 9000 ккал жылу өндіреді. Егер организм тоңа бастаса, температуралық балансты сактайтын басқалай механизмдер іске косылады. Бұл кезде тері астында орналасқан майда-ұсақ бұлшық ет талшықтарының ретсіз жиырылуы немесе дірілі пайда болады. Бұлшық ет дірілін термореттеу механизмінің белсенділігін артгыру деп тануға болады, нәтижесінде жылу ендіру арта түседі. Бұл механизмнін организм үшін тиімді жағы бар, яғни барлық пайда болған энергиянын түгелі жылуға айналады, себебі ешқандай бұлшық ет жұмыс аткарып тұрған жоқ.Осы механизмнін орталық жүйке жүйесі аркылы реттелуі гипоталамустың ми діңгегі құрылымдарының бұлшық ет тонусын арттырумен сипатталады.

10. Жиырылуға байланысты емес термогенез.

Жана туған нәрестелер мен ұсақ сүтқоректі жануарларда басқа әсіресе қошқыл майдың май қышқылдарының тотығу жылдамдығының артуы, жалпы метаболизмді күшейтіп жылу өндіру арта түседі. Осы механизм жиырылуға байланысты емес термогенез деп аталады. Қошқыл майдың май қышқыддарының тотығуы макроэргтердің синтезін талап етпейді, нәтижесінде жылу максимальді түрде түзіледі. Осындай механизмде түзілген жылудың деңгейі негізгі алмасу нәтижесінде түзілген жылудан 3 есе артық түседі.

11. Физикалық термореттеу немесе жылу бөлу.

Сырткы ортаға жылу болу негізінен келесі процестерден тұрады: жылу өткізу, жылу сейілдіру, сұйыктардын тері арқылы және тыныс жолдары аркылы булануы. Жылудың біраз бөлігі тыныс шығарумен, несеп пен нәжіспен жоғалса, біразы салқындатылған тағамды қабылдау аркылы жоғалады. Сейілдіру және жылу өткізу арқылы жылу белудің түрі тері және қоршаған ортанын айырмашылығына байланысты және терінің температурасы қоршаған ортадан жоғары болса ғана іске асырылады. Теріде орналасқан терморецепторлар және қан тамырларда орналасқан рецепторлардан ақпарат гипоталамусқа барады.

Одан кейін гуморальдық және нервтік механизмдер іске қосылады. Гуморальдық механизм: гипоталамустан ақпарат гипофиздің тиреотропты гормонына түседі. Ол қалқанша бездің тироксин және трийодтиронин гормондарын бөледі. Бұлар терінін қан тамырларын кецейтеді. Нервтік механизм: гипоталамустан ақпарат сопақша мидын қантамыр қозғалткыш орталығына келеді. Оның вазодиляторлық бөлімі қозып, терінің, өкпенің, асқорыту жолдарының қан тамырларын кеңейтеді, нәтижесінде шығарушы мүшелер аркылы түзілген жылу сыртка шығады.

12.Булану – жылу бөлінудің негізгі жолы. Буланудың маңызы.

Булану арқылы жылу жоғалту – организмнін коршаған ортаға терінің тер арқылы, тыныс жолдарының дымқылы арқылы іске асырылады.

Адамда тердің тер бездері арқылы шығуы және тыныс жоддарының дымқылдануы үнемі жүреді. Қоршаған ортаның температурасы 20° С болса, адам өз денесінін 20% жылуын булану арқылы беледі. Қоршаған ортаның температурасынын артуы, ауыр физикалық жұмыс істеу, жылу еткізбейтін киімде (синтетикалық) ұзақ бөлу, тер бөлінуді ұлғайтып, оны 500-2000 г/с дейін артуы мүмкін.Жылу бөлінудің буланусыз жолдары.Жылу өткізу, жылу сейілдіру, және конвенциялық жолдар.

Жылу сейілдіру жолы. Адам өз денесінің коршаған ортаға инфрақызыл диапазонда электромагнитті толкын шашыратуы. Осындай жолмен жылу бөлінгенде, оның көлемі терінің және қоршаған орта арасындағы айырмашылыққа пропорционалды. Қоршаған орта температурасы 20° С

және салыстырмалы ылғалдығы 40-60% болса, ересек адам организмінен осы жолмен 40-60% жылу беріледі. Сейілдіру аркылы жылу белу коршаған орта ауасы төмендесе жоғарылап, керісінше коршаған орта температурасы жоғарыласа, бұл жолмен жылу жоғалту төмендейді.

Жылу өткізу жолы. Осы мехсишзмдегі ауаның киімнің маңызы.

Жылу бөлудің бұл жолында адам өз денесінің баска фнзикалық денесімен жанасуы кезінде іске асырылады. Осындай механизм арқылы берілетін жылудың көлемі жанасатын денелердің температурасының айырмашылығына, жанасу уақытына, жанасатын дененің жылу өткізгіштік қасиетіне пропорционалды.Құрғақ ауа, майлы тканьдер жьглуды өткізуі нашар. Киімнің майда ауа «көпіршікті» матадан тігілуі, адам денесшен жылу бөлійуін томендетеді. Ылғалды, булы ауа, су жоғары жылу еткізгіш қасиеттерге ие. Соидықтан төмен температурада, жоғары ылғалды қоршаған ортада адам денесінен көп жылу шығады. Ылғалды киімнін де жылуды сақтағыш қасиеті темендейді.

Жылу бөлудің конвекциялық жолы.

Адамның және судың козғалғыш бөлімдерінін көмегімен адам денесінен жылудын берілуі. Бұл механизмнің іске қосылуы үшін салқын ауа ағымы адам денесінен өтуі керек. Бұл кезде терімен жанасқан ауа жылынып, салкын ауанын порциясымен алмасып тұрады. Егерде коршаған орта температурасы 20° С, ауаньщ салыстырмалы ылғалдығы 40-60% болса, ересек адам организмінен конвекциялық жолмен 25-30% жылу шығарылып тұрады.Осындай жолмен жылу жоғалту арта түседі, егер ауаның ылғалдығы жоғарыласа (жел, вентиляция). Мысал ретінде жазғы аптап ыстыққа веер немесе вентилятор қолдану арқылы салқындауды келтіруге болады.

13. Жылу алмасуды реттеудің орталық, гуморальдық механизмдері.

Орталық жүйке жүйесінің реттегіш механизмдері дене температурасын оптимальды метаболизмдік деңгейде ұстап тұрады. Теріде орналасқан терморецепторлардан термоафференттік импульс спиноталамустық жолмен ретикулярлық қүрылымға барады. Эфференттік жол арқы гипоталамустан басталып ретикулярлық құрылымның моторлық ядроларына барады. Осы импульстың нәтижесівде бұлшық ет дірілі пайда болады.Суық және жылы афференттік жолдардың реципрокты карым қатынасы.Теріде орналасжан суық рецепторлары қоршаған орта температурасы төмендегенде белсенді күйге өтеді, нәтижесінде суықтан қорғану процестері іске қосылады: Тері астындағы қан тамырлары тарылып, жылу өндіру артады. Осындай реакция басталғанда іште орналаскан ішкі терморецепторлар белсенділеніп үдеп бара жатқан жылу механизміне шектеу туғызады.Теріде орналасқан экстрорецепторлардан –суықты сезетін рецепторлардан акпарат орталық жүйке жүйесіне келіп түседі. Ол ақпарат қыртыстан жоғары вегетативтік орталык – гипоталамустың термореттегіш оралығына келіп, сарапталып, сомалық жүйке жүйесінін көмегімен каңқа бұлшық еттеріне барады. Оларда жиырылу термогенезі нәтижесінде түзілген жылу орталық қан айналымға түседі. Ол жерден шығарушы мүшелерге, окпеге, теріге барады да, артық жылу денеден сыртқа болінеді. Интерорецепторлардан, немесе термосезімтал рецепторлардан ақпарат ОЖЖ барады. Одан гипоталамусқа, одан вегетативтік жүйке жүйесінің көмегімен ішкі мүшелерге ақпарат барады. Жылу ендіруші мүшелерде зат алмасу қарқындап, түзілген жылу арта түседі. Одан жылу шығарушы мүшелерге барады. Сөйтіп жылу өндіру мен жылу бөлінудің тепе-теңдігі ОЖЖ арқылы реттеліп тұрады.

Және салыстырмалы ылғалдығы 40-60% болса, ересек адам организмінен осы жолмен 40-60% жылу беріледі. Сейілдіру аркылы жылу белу коршаған орта ауасы төмендесе жоғарылап, керісінше коршаған орта температурасы жоғарыласа, бұл жолмен жылу жоғалту төмендейді.

Жылу өткізу жолы. Осы механизмдегі ауаның, киімнің маңызы.

Жылу бөлудің бұл жолында адам өз денесінің баска фнзикалық денесімен жанасуы кезінде іске асырылады. Осындай механизм арқылы берілетін жылудың көлемі жанасатын денелердің температурасының айырмашылығына, жанасу уақытына, жанасатын дененің жылу өткізгіштік қасиетіне пропорционалды.Құрғақ ауа, майлы тканьдер жьглуды өткізуі нашар. Киімнің майда ауа «көпіршікті» матадан тігілуі, адам денесшен жылу бөлійуін томендетеді. Ылғалды, булы ауа, су жоғары жылу еткізгіш қасиеттерге ие. Соидықтан төмен температурада, жоғары ылғалды қоршаған ортада адам денесінен көп жылу шығады. Ылғалды киімнін де жылуды сақтағыш қасиеті темендейді.

Жылу бөлудің конвекциялық жолы.

Адамның және судың козғалғыш бөлімдерінін көмегімен адам денесінен жылудын берілуі. Бұл механизмнің іске қосылуы үшін салқын ауа ағымы адам денесінен өтуі керек. Бұл кезде терімен жанасқан ауа жылынып, салкын ауанын порциясымен алмасып тұрады. Егерде коршаған орта температурасы 20° С, ауаньщ салыстырмалы ылғалдығы 40-60% болса, ересек адам организмінен конвекциялық жолмен 25-30% жылу шығарылып тұрады.Осындай жолмен жылу жоғалту арта түседі, егер ауаның ылғалдығы жоғарыласа (жел, вентиляция). Мысал ретінде жазғы аптап ыстыққа веер немесе вентилятор қолдану арқылы салқындауды келтіруге болады.

14. Жылу алмасуды реттеудің орталық, гуморальдық механизмдері.

Орталық жүйке жүйесінің реттегіш механизмдері дене температурасын оптимальды метаболизмдік деңгейде ұстап тұрады. Теріде орналасқан терморецепторлардан термоафференттік импульс спиноталамустық жолмен ретикулярлық қүрылымға барады. Эфференттік жол арқы гипоталамустан басталып ретикулярлық құрылымның моторлық ядроларына барады. Осы импульстың нәтижесівде бұлшық ет дірілі пайда болады.Суық және жылы афференттік жолдардың реципрокты карым қатынасы.Теріде орналасжан суық рецепторлары қоршаған орта температурасы төмендегенде белсенді күйге өтеді, нәтижесінде суықтан қорғану процестері іске қосылады: Тері астындағы қан тамырлары тарылып, жылу өндіру артады. Осындай реакция басталғанда іште орналаскан ішкі терморецепторлар белсенділеніп үдеп бара жатқан жылу механизміне шектеу туғызады.Теріде орналасқан экстрорецепторлардан –суықты сезетін рецепторлардан акпарат орталық жүйке жүйесіне келіп түседі. Ол ақпарат қыртыстан жоғары вегетативтік орталык – гипоталамустың термореттегіш оралығына келіп, сарапталып, сомалық жүйке жүйесінін көмегімен каңқа бұлшық еттеріне барады. Оларда жиырылу термогенезі нәтижесінде түзілген жылу орталық қан айналымға түседі. Ол жерден шығарушы мүшелерге, окпеге, теріге барады да, артық жылу денеден сыртқа болінеді. Интерорецепторлардан, немесе термосезімтал рецепторлардан ақпарат ОЖЖ барады. Одан гипоталамусқа, одан вегетативтік жүйке жүйесінің көмегімен ішкі мүшелерге ақпарат барады. Жылу ендіруші мүшелерде зат алмасу қарқындап, түзілген жылу арта түседі. Одан жылу шығарушы мүшелерге барады. Сөйтіп жылу өндіру мен жылу бөлінудің тепе-теңдігі ОЖЖ арқылы реттеліп тұрады.

Гуморальдық реттеу механизмдеріне бүйрек үсті безінін майлы кабатынын гормондары – катехоламиндер – адреналин және норадреналин, қалқанша бездін гормондары трийодтиронин, тироксин қатысады. Адреналиннін қызметі – тканьдер мен бұлшық еттердегі тотығу процесін жоғарылатып, бүлшық етгердегі жылу ендіруді жоғарылатып, терінің қан тамырларын тарылтып, жылу бөлуді төмендетеді. Қалканша без гормондары тотығу процесін шақырып, жылу өндіруді жоғарылатады.

15. Гипотермия, гипертермия жайлы түсінік.

Жылу өндірудің жылу бөлінуге карағанда артық болуына байланысты, жылудын жинакталуы – гипертермия деп аталады. Гипертермия кезінде эффекторлы процестердін барлығы белсенді күйде болады. Егер осы гипертермия үзаққа созылса, тік ішектегі қызу 39,5 – 40 С жоғарыласа, мидың ауыр закымдалуы дамып, өлімге әкелуі мүмкін: мидьщ ісінуі, нерв клеткаларының өлуі, науқасто сандырак дамиды, есінен асады.

Бұл синдром – тепловой удар – деп аталады. Мидың зақымдануы орталық термореттеу механизмдерге әсерін тигізіп, тер боліну бұзылады. Гипотермия –жылу өндіру жылу бөлігуге қарағанда темен болған жағдайда дамиды. Қоршаған орта температурасы күрт томендеп, осындай ортада ұзақ болған жағдайда дамитын процес. Бұл жерде зат алмасу процесі түгелімен жылу ендіруге жұмсалса, оның белсенділігі төмендейді. Дене температурасы 26-28° С дейін төмендесе, жүрск фибриллжциясы дамып, адам өлуі мүмкін. Сонымен қатар тыныстық және метаболиттік ацидоз дамиды. Жасанды гипотермия медициналық көрсетпеге байланысты жасалғанда, терморецепторлық механизмдер тежелуі тиіс (миорелаксанттар салынады).

Қарттарда кездесетін гипотермиянъщ себебі баска, ейткені олардын ішкі температурасыньщ өзі 35° С тең болады да, зат алмасу төмендеу деңгейде, ешқандай ауыткусыз жүре береді.

1. Анализаторлар туралы түсінік.

Анализаторлар немесе сезім жүйесі дегеніміз арнайы қабылдағыш –рецепторлардан,аралық және орталық жүйке клеткаларынан,оларды байланыстыратын арнаулы анализаторлардан тұратын жүйке жүйесінің күрделі бөлігі.Сезім ағзалары организімнің өзін қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін жүзеге асыруда маңызды ролъ атқарады.Себебі сезіа ағзаларының рецепторларында сыртқы ортаның тітіркену әсерінен қозу толқындары пайда болады,ол орталық жүйке жүйесіне әсер етеді.Сезім ағзалары қабылдайтын тітіркендірістер үлкен ми сыңарлары қыртысының белгілі аймақтарында ажыратылады.

2.Анализаторлардың бөлімдері,олардың сипаттамалары.

А) Анализаторлардың шеткі бөлімін морфологиялық айырмашылығы бар және арнаулы физиологиялық бағытқа икемделген көптеген рецепторлар құрады.

Б) Анализаторлардың арлық бөлімі-рецепторлардан келетін мәләметтерді өңдеуде анализаторлардың өткізгіш жолдарының маңызы зор.Барлық анализаторлардың аралық бөліміне орталыөөа тебетін сезімтал өткізгіш жолдары мен олар ьайланысатын орталық ядролар жатады.

В) Анализаторлардың орталық бөлімі өткізгіш жолдар арқылы сезім ақпараттарды ми қыртысының проекциялық және ұласқан аймақтарына жетеді.Ми қыртысында әрбір анализатордың белгілі орны болады.Бұл орындарда жоғарғы анализ және синтез жасалады.Мысалы,көру анализаторлары ми қыртысының көбінесе шүйде,қимыл төбе,есту самай аймақтарында орналасады.Сонымен қатар кейбір анализаторлардың ми қыртысының бірнеше қосалқы аймақтарында проекциясы болатындығы анықталады.

3.Анализаторлар құрылысының жалпы ерекшеліктері.

Жоғарғы омыртқалы жануарлар мен адамның барлық анализаторлар жүйесіне жалпы құрылыс негіздері тән:Анализаторлар жүйесі көп қабатты жүйке клеткаларынан тұрады.Олардың алғашқы қабаты қабылдағыш элементтермен,ал соңғысы үлкен ми сыңары қыртысының ұласқан аймақтарымен байланысты болады.

Анализаторлар көп жолды болады.Олардың әр қабатында барлық деңгейге кезегімен серпініс жіберетін көптеген жүйке элементтері бар.Анализаторлардың мұндай көп жолдары жасалған талдаудың өте сенімділігін және дәлдігін қамтамасыз етеді.

Шектес қабаттарда сезіну алқымы деп аталатын әртүрлі элементтер саны кездеседі.Мысалы,адамның көру жүйесінің торлы қабығындағы фоторецепторлар қабатының 150 мл элементі бар,ал шыға берістегі ганглиоздық клеткаларында 1млн. 250мың элемент болады.Бұл тарыла түсетін алқымның мысалы.

Анализаторлардың тура және көлденең бөлшектері болады.Жүйке элементтерінің бір немесе бірнеше қабаттан құрылатын бөлімі тікелей ажыратылу деп аталады.Әрбір бөлімнің өзінің атқаратын жеке қызметі болады.

4.Анализаторлардың негізгі функциялары.

И.П.Павлов өзінің зерттеулерімен бейнелеу процесінің мидағы физиологиялық механизмдерін дәлелдеді.Ол материялық әлемді бейнелеудегі адамның ой өрісі мен тереңдігі сыртқы дүниенің әсерінен туатын көптеген мәліметті қабылдайтын және өңдейтін жүйке жүйесінің қасиеттерімен тығыз байланысты екенін көрсетті.Адамзаттың дүниетанымындағы жетістікткрі және табиғат пен қоғамды өзгертуі,ғылым мен техниканы дамытудағы табыстары оның сезім ағзалары мен үлкен ми сыңарлары қыртысы қабылдайтын,талдайтын мәліметтердің дұрыстығы дәлдігі сійкестігінің айғағы болады.

5. Рецепторлар жайлы түсінік:

Рецептор-тітіркендірістің белгілі бір түрлерін ерекше сезеді.Анализаторлардың зор қозғыштығы байқалады яғни рецепторлар сыртқы тітіркендіргіштің ең аз мөлшеріне әсерленгіш келеді.Сқйтіп олар сигналды табу және ажырату қызметін атқарады.Бұл сыртқы және ішкі ортаның әр түрлі тітіркендіргішінің әсерін қабылдайтын,өңдейтін,қозу толқынын тудыратын,оларды ұғынуға эволюциялық дамуда бейімделген организімдегі арнайы рецепторлар арқылы жүзеге асады.

6. Рецепторладың жіктелуі:

Барлық рецепторлар екі үлкен топқа бөлінеді:сыртқы немесе экстерорецепторлар және ішкі немесе интерорецепторлар-көру,дыбыс,иіс,терінің сезім рецепторлары.Ал интерорецепторларға-ішкі ағзалардың жағдайын ишараттайтын висцерорецепторлар және тірек қимыл жүйесінің вестибулярлы мен проприорецепторлар жатады.

Рецепторлар сыртқы орта мәліметтерін қабылдау түрлеріне байланысты екіге бөлінеді:дистанциялық рецепторлар-олар ақпараттарды тітіркендіргіш көзінен әлдеқайда алыстан,ал контактық рецепторлар тікелей жанасқанда мәлімет алады.Рецепторлар өздері бейімделген тітіркендіргіштерді табиғатына қарай мынадай болып жіктеледі: механорецепторлар, хеморецепторлар, фоторецепторлар, терморецепторлар,ауырғанда сезу рецепторлары.

Барлық рецепторлар біріншілей және екіншілей сезетін болып екіге бөлінеді. Біріншісі - иіс, сипап сезу рецепторлары және проприорецепторлар. Бұларда тітіркендірістерді ұғыну және өңдеу үшін қозу толқыны сезгіш нейрондардың тікелей өзінде пайда болады. Екіншісі –дәм, көру, есту, тепе теңдік рецепторлары жатады.

7.Рецепторлардың қозу механизмдері.

Әрбір рецептор тітіркенудің белгілі бір түрлерін ерекше сезеді.Бұлар рецептор ұғынуға бейімделген барабар тітіркенулер деп аталады.Сондықтан олардың қозғыштық қасиеттері тым жоғары болады.Дегенмен бұл тітіркендіргішке олардың сезімталдығы өте төмен келеді.Рецепторлардың қозғыштығы тұрақсыз.Оған рецепторлардың өзінде туатын өзгерістер, қабылдағыш құралдың сезгіштігін өзгертетін орталық жүйке жүйесінің ықпалы тиеді.Өйткені сигналдар табуда рецепторлардан тыс оған әрбір жүйке қабатының сезгіш нейрондары қатысады.

8. Көру анализаторлары жайлы жалпы түсінік, оның организм үшін маңызы.

Көру анализаторы адам мен жоғары омыртқалы жануарлар үшін аса маңызлды сезім мүшелерінің бірі.Ол барлық рецепторлардан миға келетін мәліметтің тоқсан пайызын жеткізіеді.Көзге ілінген заттардың кескіні торлы қабыққа түсіп,сондағы қабылдағыштарды қоздырады.Сөйтіп,қозу толқындары ми қыртысындағы көру талдағышының жоғарғы бөліміне жетіп талданады.

9.Көз аккомодациясы, оның механизмі:

Заттарды анық көру үшін, олардың нүктесінен шыққан сәуле торлы қабықтың бетіне түсуі немесе жиналуы керек. Адам алыстағы заттарға қарағанда, олардың бейнесі көздің торлы қабығынан жиналып өте анық көрінеді. Бұл кезде жақын орналасқан нәрселер анық көрінбейді,олардың бейнесі торлы қабықтың артында түйіседі. Көзден әр түрлі қашықтықта тұрған заттарды бір мезгілде бірдей айқын көруге болмайды. Көздің әр түрлі қашықтықтағы нәрселерді айқын көрінуге мүмкіндік беретін сәулелерді сындру күшінің өзгеруін көз аккомодациясы дейді.

10.Түсті ажырату, түсті көру

Көзге түсетін жарық сәулесі спекторының ұзын толқынды шетінде қызыл түстің сәулесі, ал қысқа толқынды шетінде күлгін түсті сәулелер орналасады. Түсті сеудің үш компонетті тетіктері туралы өз кезінде М.В.Ломоносов айтқан болатын.Бұл теорияны 1801жылы әрі қарай түпкілікті тұжырымдаған Т.Юнг және дамытқан Г.Гелъмголъц.Осы теория бойынша сауытшаларда әр келкі жарық сезгіш заттар болады.Қазір бұл теорияны Ломоносов-Гелъмгольц теориясы деп атайды. Түсті ажырату кейбір түсті айыру кемістігін,жартылай түсті танымауды-тұңғыш рет осыдан зардап шеккен ағылшын физигі Д.Далътон сипаттап жазды. Түсті жарым жарты танымаудың үш түрі бар: протанопия, дейтеранопия және тританопия

Мидің қызметтері.

Мидың негізгі қызметтері анализ жэне синтез. Анализ – эркелкі сигналдарды айыру, бөлу, организмге тиетін әр-алуан эсерді ажырату. Синтез біріктіру, талдап қорыту, ми қыртысының эртүрлі бөліктерінде туатын қозуларды бірлестіру. Үлкен ми сыңары қыртысының синтездік көрінісі, әрбір шартты рефлекстің негізін қүрайтын, уақытша байланыс түрінде жасалады. Ол әр алуан нейрондар мен олардың топтары арасында қалыптасады.

Шартты рефлекстің функциялық қүрылымы.

Шартты рефлекс - жеке тіршілік кезінде жүйке жүйесінің иемденген даралық әсерленісі. Ол лайықты қабылдағыш аппараты арқылы, кез келген сигналдық тітіркенудің әсеріне жауап ретінде, тұрақсыз жэне өзгергіш рефлекстік жолмен жүзеге асырылады. Шартты рефлекстер – организмнің жеке дамуы кезеңінде «өмір тәжірибесі» негізінде пайда болған қасиет. Шартты рефлекс тұрақсыз, өзгергіш келеді. Шартты рефлекс түрлері организм қабылдайтын кез келген тітіркендіруге әсерленеді. Шартты бейнеліс көбінесе үлкен ми сыңарлары қыртысында түйықталады. Шартты рефлекстың бэрі сигналдық ескерту ретінде қызмет атқарады.

3. Адамның мақсатты әрекетінің пайда болу механизмдері.
Жоғары жүйке іс-әрекетінің негізін- шартты рефлекстер құрады. Алайда, адамның мінез-құлығы тек бейнелегіш рефлекстік әсерленістің жиынтығынан ғана түрмайды. Адамның іс-әрекеті мақсат, тілек және қимылынан күтіп отырған нәтижесі туралы анық ұғымдарына байланысты. Олар әрі тіршіліктік, әрі әлеуметтік мұқтаждықтарымен айқындалады. Мұқтаждықтардың төмен және жоғары сатыдағы түрлері бар. Бұларды қанағаттандыру – адам тіршілігін қамтамасыз етудің алғы шарты.

Мақсатты іс-әрекеттің нейрофизиологиялық қүрылымы өте күрделі. Ми туралы ғылым дами бастағаннан физиологтар мінездік әсерленістің құрылымын небір үлгі немесе желі ретінде қарады. Ол үлгі әрбір кезеңдегі білім деңгейіне, адамға сол кездегі белгілі тетік өнегесіне сәйкес жасалды.

4. Шартты рефлекстің негізі – уақытша байланыстар.
Шартты рефлекстің физиологиялық негізін уақытша байланыстың түйықталу қасиеті қүрады.

Уақытша байланыс дегенімі шартты жэне шартсыз
тітіркенулерді үштастырғанда пайда болатын, әртүрлі ми
қүрылымдары арасындагы белгілі қарым-қатынасын қалыптастыратын мидың нейрофизиологиялық, биохимиялық жэне қүрылымдық өзгерістерінің жиынтығы. Уақытша байланыс ми қыртысы шегінде сигналдық тітіркенудің орталығы мен шартсыз түрткінің ми қыртысындағы өкілдік нейрондары арасында түйықталады. Уақытша байланыстар ми қыртысы деңгейінде қалыптасады. Алайда олар төменгі деңгейдегі жолдарда да жүзеге асырылады. Шартты рефлекстер ми қыртысында жэне оның астындағы орталықтар арасындағы көптеген тура және кері байланыстар арқылы тұйықталады. И.П. Павловтың тәжірибелерінде, мидың әртүрлі қүрылымдарын алып тастау арқылы, уақытша байланыстар ми қыртысында қалыптасатыны дәлелденді. Өйткені, организмнің сыртқы жэне ішкі ортасының өзгерістеріне икемді жэне дәл бейімделетін қабілеті бар жоғары сатыдағы жануарларда ми қыртысы жақсы жетілген.

5. Есте сақтау жайлы түсінік.

Есте сақтау – нерв жүйесінің сыртқы орта оқиғалары жайлы ақпаратты ұзақ бойы сақтап қажет болған жйғдайда адам санасына шығару қабілеті. Есте сақтау кезінде мэліметті түйсік басталған сэттен еске түсіруге дейін толық немесе азғана ұстап түрады. Еске сақтау үрдісі адамның ойлау қабілетіне, өмір тәжірибесіне ниеттеріне байланысты.

Есте сақтау түрлері.

Ес ақпаратты сақтау үзақтығына қарай, мезеттік, қысқа мерзімді жэне үзақ мерзімді болып бөлінеді.

Мезеттік есте сақтау – әсердің іздерін қабылдағыш қүрылымында бірнеше секунд сақтай алады. Ол миды тлдағыш қүрылымдарына сигналдық жеке белгілері мен қасиеттерін ажыратуға, бейнені тануға мүмкіндік береді.

Қысқа мерзімді есте сақтау – ағымдағы өтіп жатқан мінездік жэне ойлау амалдарын қамтамасыз етеді. Ал өте маңызы апараттар үзақ мерзімді есте сақталады.

Есте сақтауды қамтамасыз етуші процесстер. Есте сақтау ми қыртысының маңдай бөлігі, сезгіштік жэне ойластыру алаңдары, мидың лимбия жүйесі мен торлы қүрылымы арқылы жүзеге асырылады.

Ес қоршаған ортадағы оқиғалар байланысын есте сақтап, тіршілік тәжірибесін жинауға жэне пайдалануға мүмкіндік жасайды. Ол қалыптасар кезде жасалатын нейронаралық, уақытша байланыстардың тетіктері әлі белгісіз. Жүйке жүйесінде есте сақтаудың тетіктері аса дамыған, сондықтан олар мінез – құлықта жетекші орын алады.

Есте сақтауға байланысты прцесстер мынадай кезекпен жүреді:

1.Ақпаратты қабылдап, есте сақтап қалу.

2.Ақпаратты сақтау.

3.Қажет болған жағдайда ақпаратты санаға шығару және қолдану.

Есте сақтау механизмі.

Заттар мен құбылыстардың мида бектілуі үш кезеңнен өтеді:

1) ізжазба қалыптасуы – энграмм

2) жаңа ақпаратты іріктеу жэне жіктеу

3) маңызды мәліметті ұзақ уақыт сақтау.

Ұйқы, организм үшін маңызы.

Адамдар мен жануарлар тіршілігінде ұйқы өте маңызды орын алады. Олардың ұйқысы мен сергектігі тәулікте оқтын-оқтын алмасып, қайталанып отырады. Мұндай ұйқы біркезді деп аталады. ¥йқыға мұқтаждық адамның жасына жэне жеке ерекшеліктеріне байланысты. Жас ұлғайған сайын тәуліктік ұйқының мерзімі қысқарады. Жаңа туған перзент-21,6 айлық жэне 1 жастағы бөбектер шамамен-14, 2-4 жастағы сэбилер 16, 4-8 жастағы бүлдіршіндер 13-12, 8-12 жастағы естиярлар – 10-11, 12-16 жастағы жеткеншектер 8-9, ал ересек адамдар тәулігіне шамамен 7-8 сағат ұйықтайды.

¥йқыға мүқтаждықтың даралама ерекшеліктерінің себептері әлі толық ашылған жоқ. Тіпті дені сау адамдардың үйқысының мерзімі әртүрлі келеді. Тәулігіне 1-2 сағаттан 12 сағатқа дейін созылады. Ғылыми зерттеулерде толық ұйқысыз адамдарда байқалады.

Ұйқы кезіндегі физиологиялық өзгерістер.

Организмнің үйқы кезінде көптеген әрекеттері өзінің қарқынын өзгертеді. Мәселен, тыныс алу, жүректің соғу жиілігі азаяды, артерия қысымы төмендейді, зат алмасуы мен жүйкенің қозғыштық қарқыны бэсеңдейді. Алайда, ұйқы кезінде кейбір үрдістердің белсенділігі күшейеді, гипоталамус пен ми бағанында қан айналымы артады. Соның нәтижесінде мидың температурасы көтеріліп, оттегін қабылдау ұлғаяды, кейбір ферменттердің белсенділігі күшейеді. Жыныстық жетілу кезеңінде жыныс безінің белсенділігін реттейтін гипофиз гормондарының түзілуі үдей түседі.Қалыпты жағдайда дені сау адамдарды 3-5 тәулік ұйықтатпаса жеңе алмайтын ұйқышылдық туады. Психикалық әсерленіс нашарлап, парасатты іс-әрекет төмендейді. Ал өзіндік сезіну өте ауыр, жағымсыз болады.

Ұйқы түрлері, олардың сипаттамалары.

Ұйқының бірнеше түрі бар: қалыпты, гипноздық, наркотиктік, дерттік және шартты рефлекстік.Сонымен қатар ұйқы баяу жэне жылдам болып бөлінеді. Ұйқының баяу кезі ұйқыға кетуден терең ұйқыға дейін бірнеше мінездік жэне ЭЭГ белгілері мен сипатталады. Жылдам ұйқы сатысы бет және мойын бұлшықеттерінің белсенділігі толық тиылуымен ерекшеленеді, көздің шапшаң қимылдары кездеседі.

Ұйқы механизмі.

Ұйқы орталығы қағидасы мидің қыртысасты құрылымында ұйқы мен сергектіктің арнайы орталықтарыың барлығын мақұлдайды.Ұйқы организмді сақтау жэне оны бұрынғы қалпына келтіру қызметін атқарады. Сондықтан кейбір невроздар мен психоздарды емдеу үшін ұйықтататын емгерлік жиі қолданылады.

Эмоция – жоғары жүйке іс-әрекеттерінің көріністерінің
бірі.

Адам мен жануар психикасының ерекше көріністерінің бірі –эмоция. Эмоция мінезді бағыттау жэне жүзеге асыру амалдарын жасайтын мотивацияның құрамында маңызды орын алады. Ол сыртқы әсерлерден, ретсіз ұйымдастырылмаған түрде пайда болады. Эмоцияның байланыстырушы әрекеті ымдау, қол сермеу, дене қимылы кейпі, мәнерлі күрсіну, дауыс ырғағын өзгерту арқылы серіктеріне сезініс түрін білдіреді. Мұның айғағын эмоциялық күйлердің арасындағы қарама қарсылықтан байқауға болады.

Эмоция қалыптсуына ми діңі мен қыртысының арасында орналасқан лимбиялық жүйе қатысады. Эмоция кезінде адамның есте сақтау қоршаған орта әсерлерін қабылдау қабілеті жоғарылайды.

Эмоция түрлері, эмоциялық реакцияларды тудырушы
факторлар.

Эмоцияның бір неше түрі бар:

1.Биологиялық эмоция- әртүрлі тіршілік мұқтаждықтарын қанағаттандыру немесе өтей алмау әрекеттерімен байланысты болады.

2.Жоғары эмоция – әралуан рухани әрекеттерінен туады.

3.Кідірген эмоция – жеке адамның кейбір себептермен, эмоциялық көріністерін тежеуі нәтижесінде байқалады.

4.Жағымсыз эмоция – қандай болса да бір қажеттілік қанағаттандырылмаған жағдайда ұнамсыз күйзеліс түрінде кездеседі.

5.Жағымды эмоция – мұқтаждық қанағаттандырылған кезде болатын сүйкімді әсерленушілік.

6.Нағыз эмоция ұзақ уақыт жэне әлсіз түрде болады.

15. Эмоцияның организм тіршілігіндегі орны.

Организмнің эмоциялық күйі эмоциялық күйзеліс жэне эмоциялық көрініс іспеттес әсерленістерден тұрады. Эмоциялық күйзеліс деп организмнің өзін және қоршаған әлемді бейнелейтін өзіндік сезінісін айтады. Организмнің дененің сезу және ағза жүйелерінде байқалатын өзгерістерді эмоциялық көрініс деп атайды. Эмоциялық көрініс әртүрлі: симпатикалық

жүйке қатты қозғағандықтан жүректің қызметі жеделдейді, қанның қысымы көтеріледі, газ алмасу өседі, тыныс кеңееді, организмда тотығу жэне энергия құбылыстарының қарқыны артады. Қанда, сілекейде, несепте катехоламин, пептидтер жэне глюкоза мөлшері көбейеді.

16. Эмоция пайда болуына қатысушы ми құрылымдары.

Эмоция қалыптасуына ми діңі мен қыртысының арасында орналасқан лимбиялық жүйе қатысады.

Эмоция кезінде гипоталамус – гипофиз- бүйрек безі, сондай-ақ симпато – адреналдық жүйелердің белсенділігі жоғарылап, қанда катехоламиндер және стероидтардың мөлшері артады. Бұл жағдай организмнің вегетативтік реакциялары дамуына әкеледі.

17.Мотивациялар жайлы түсінік, маңызы.
Мотивациялық қозу жануарлар мен адамда орталық жүйке жүйесінде белгілі бір мұқтаждық туғанда пайда болады. Бүл қозудың өзгешелігі, оны тудыратын мұқтаждықтың түр ерекшеліктерімен анықталады. Мұндай қозу сезімдік синтездің қалыптасуында ерекше орын алады. Орталық жүйке жүйесіне жететін кез келген ақпарат сол кездегі үстемдік мотивациялық қозумен сэйкес келеді.

Мотивация қалыптастыруға лимбиялық жүйке оның құрамындағы бадамша ядросы, гипоталамус, гипокамп қатысады. Лимбиялық жүйе гипоталамусты бақылап отырады, ал гипоталамус ми қыртысымен тығыз байланыста болады. Бұл жағдайда гипоталамус ми құрылымдарын әрекеттік тәуелділікте ұстап отырады.

18. Биологиялық және әлеуметтік мотивациялар, олардың көріністері.

Мотивация екі түрге бөлінеді: әлеуметтік жэне биологиялық. Адам тек биологиялық дамудың нәтижесі ғана емес, әлеуметтік ортаныңда жемісі. Адамның белсенді іс-әрекеті көбінесе жоғарғы мақсатқа бағытталады, оған жету үшін ол кейде, тіпті өмірінде құрбан етеді. Адам миының іс-әрекеті бүкіл адамзаттың өркен тәжірибесімен оның элеуметтік тіршілік жағдайымен байланысты.Адам миы іс-әрекеттің көптеген тетіктерін толық ашу алда түр. Ол бүкіл адамзатқа өзін меңгеруде және билік етуде аса зор күш қуат берген болар еді.

19. Динамикалық стереотип, қалыптасу механизмі.

Динамикалық стереотип дегеніміз - түрлі шартты сигналдарға қалыптасқан, бірінен соң бірі пайда болатын жауап реакцияларының жиынтығы, яғни жеке рефлекстердің комплекстік түрі. Динамикалық стереотип адам мен жануарлардың әртүрлі әдеттерімен дағдыларын мінез құлқының белгілі жүйесін құрайды. Демек, бүл еңбектену тәртібі, демалыс ережесі болуы мүмкін, күнделікті өмірде жүзеге асырылатын әдет – дағдылар тізбегі. Динамикалық стереотип –қиын құралады, бірақ тым берік келеді.

Динамиклық стереотиптің биологиялық мәні оның ми қыртысы орталықтарын күрделі мәселелерді шешу үшін босатуында.

ГОРМОНДАР Организмде белгілі бір әрекетгерді (функцияларды) реттейтін өзіңдік әсері бар органикалық қосылыстарды биологиялық белсенді заттар дейді. Оларды төрт топқа бөледі: гормондар, гормоноидтар, парагормондар, телегрондар.

Ішкі секреция бездерінің өнімдерін (инсулин, тироксин, гидрокортизон т.б.) гормондар деп атайды. Олар қан арқылы бүкіл денеге тарап, гормондық реттеу тетігін қалыптастырады. Жеке торшаларда түзіліп, солардың өзіне ғана әсер ететін физиологиялық белсенді заттарды торшалық гормондар дейді. Ал торшаларда түзіліп, ұлпаларға жайылып, олардың қызметіне әсер ететін физиологиялық белсенді заттарды ұлпалық гормондар немесе гистогормондар деп атайды.

Парагормондар деп ұлпаларда зат алмасу өнімі ретінде бөлініп, физиологиялық белсенділік көрсететін заттарды (мысалы, көмір қышқыл газы, мочевина) атайды. Ішкі секреция бездерінен тыс, басқа мүшелер мен ұлпаларда түзіліп, организмдегі зат алмасу процесі мен көптеген физиологиялық әрекеттерді реттеуге қатысатын химиялық құрылымы жағынан әртекті физиологиялық белсенді заттарды (мысалы, гастрин, серотонин, гепарин, секретин, гистамин, ацетилхолин т.б.) гормоноидтар деп атайды. Олар қысқа мерзім ішінде әсер етеді, ұлпа белоктарымен қосылып кетеді, немесе тез бұзылады.

Бір организмнің сыртқы секрециялық бездерінде түзіліп, басқа дарақтарға әсер ететін физиологиялық белсенді заттарды (ферромондар, алломондар т.б.) телегрондар дейді.

Метаболизмдік гормондар организмдегі зат алмасу процесінің қарқынын реттейді. Зат алмасу процесіне гормондар қажетті ферменттердің түзілуін жандандыру, бәсеңдету немесе тоқтату нәтижесінде әсер етеді. Мысалы, инсулин, глюкагон, адреналин гормондары көмірсулардың алмасуын реттейді, өсу гормоны белоктардың түзілуін жандандырып, көмірсулар мен майлардың алмасу қарқынын өзгертеді; тироксин қуаттың өндірілуін күшейтіп, белоктардың, көмірсулардың, майлардың тотығуын жақсартады.

Морфогенездік гормондар торшалардың генетикалық аппараттарына әсер ету арқылы торшалардың өсуін, көбеюін, жіктелуін бағыттап, реттеп отырады. Олар организм мүшелерінің, бөліктерінің, белгілерінің дамуындағы реттілікті қамтамасыз етеді.

Үйлесімдік гормондар жеке мүшелердің қызмет әрекетін өзгертіп, оларды өзара сәйкестендіреді, үйлестіреді. Мысалы, адреналин жүрек жұмысын күшейтіп, оның жиырылу күшін арттырады, шеткей қан тамырларын тарылтады, қарын мен ішек қимылдарын баяулатады

Атқаратын қызметіне, әсер бағытына қарай гормондар үш топқа бөлінеді. 1) Эффекторлық гормондар — олар тікелей нысана мүшелерге әсер етеді. 2) Троптық гормондар — эффекторлық гормондардың түзілуі мен бөлінуін жандандырады. 3) Рилизинг гормондар — гипофиздің троптық гормондарының бөлінуін және гипоталамустың нейросекрециялық қызметін реттейді.

Гормондарға оларды биологиялық белсенді заттардың басқа топтарынан ерекшелендіретін бірнеше қасиет тән.

1. Алшақ (дистанциялық) әсер — гормондар өздері түзілген бездер-
ден алшақ орналасқан мүшелер қызметіне әсер етеді.

2. Өзіндік әсер — әрбір гормон организмде жүретін белгілі бір
процеске ғана әсер етеді. Дегенмен, жеке мүшелер қызметіне немесе
белгілі бір процесті реттеуге бірнеше гормон қатысуы мүмкін. Олар-
дың әсеріне бірыңғай (синергиялық), не кереғар (антагонистік) болуы мүмкін

3. Зор биологиялық белсенділік. Гормондардың аз мөлшерінің өзі
үлкен биологиялық жауап тудырады. Мысалы, 1г адреналин 10 млн
бақаның оқшауланған жүрегінің жиырылу күшін арттырып, жұмысын
жиілетеді. 1 г инсулин 125 мың қоянда гипогликемия тудырады.

4. Гормондар молекулалары ықшам болады, сондықтан олар ка-
пиллярлар қабырғасынан оңай өтеді.

5. Көптеген гормондарға түліктік-түрлік өзінділік сипат тән бол-
майды, сондықтан олардың практикада қолданылу аясы кең болады.

6. Гормондар ұлпаларда ұзақ сақталмай, тез бұзылады, сондықтан
ішкі секреция бездері оларды толассыз бөліп отырады.

7. Гормондар тек тірі организмде ғана әрекет етеді, олардың әсері
тірі торшалар мен құрылымдарға ғана бағытталған.

Гормондар өз бетінше жеке реттеуші жүйе құрамайды. Олардың түзілуі мен қанға бөлінуі организм функцияларын реттейтін біртұтас нервті-гуморальдық тізбектің бір ғана буыны болып табылады.

Гормондар нысана мүше торшаларына не тікелей, не нерв жүйесі арқылы әсер етеді. Олардың жеке мүшелер мен зат алмасу процесіне тікелей әсері ферменттік жүйе арқылы атқарылады. Гормондар ферменттер концентрациясы мен белсенділігіне әсер ете отырып, торша мембранасының ферментке деген өтімділігін өзгертеді, ферменттің субстратқа әсерін жандандырып, не тежеп, рибосомалар мен поли-рибосомалар белсеңділігін өзгертеді, митохондриялар мен лизосомаларға ықпал етеді.

Бір гормон бір мезгілде бірнеше ферменттерге ықпал етеді. Мысалы, кортизон митохондриялардағы а-кетоглютаратоксидазаның әрекетін тежеп, бауырда глюкозалы-р-фосфотазаның түзілуін жандандырады, аталық жыныс безінде тестостерон мен гиалуронидазаның белсенділігін күшейтеді, қуық безінде қышқыл фосфотазаның түзілуін жандандырады, тыныс ферменттерінің белсенділігін арттырып, ұлпалық тынысты жақсартады.

Гормон әрекетінің механизмі олардың өздерінің құрылым ерекшеліктеріне, қасиеттеріне молекулаларының мөлшеріне және әсер ететін нысана торшалардың ферменттік жүйелері мен беткейлік мембранасының құрылым ерекшеліктеріне байланысты. Гормондар әсері мембраналық және торшалық болып бөлінеді.

Мембраналық әсер белок тектес гормондарға тән. Олар торша ішіне енбей, оның мембранасындағы рецепторлық аппаратқа бекиді де, торша ішіндегі биосинтездік процестерге мембрананың ферменттік жүйелері, простагландиндер, кальций иондары т.б. элеметтер арқылы әсер етеді, Гормоңдардың бұл тобы торша мембранасындағы аденозинциклаза (АЦ) ферментінің белсеңділігін арттырады. Осы фермент пен торша ішіндегі фосфодиэстераза ферментінің қосарланған әсерінен аденозинүшфосфор қышқылы (АТФ) циклдік аденозинді -3-5 — монофосфатқа (цАМФ) айналады. Бұл қосылыс торша ішіндегі алмасу процесінің әмбебап реттеушісі болып табылады және екінші медиатордың ролін атқарады (бірінші медиатор болып гормондар саналады). цАМФ белсенділігін магний иондары, простагландиндер, фосфодиэстераза жандандырады. Аденозинциклаза мен фосфодиэстераза цАМФ-пен біріге отырып ядро қызметіне және торша ішінде жүретін процестерге әсер ететін аденилциклазалық жүйе құрайды.

Торшалық әсер стеройдты гормондар мен рилизинг — гормондарға тән. Олар торша қабығының беткейлік құрылымдарымен әрекеттесіп, мембрананың ішілік қабатындағы фосфолипидтермен, натрий тұздарымен, сульфаттармен және глюкоранидтермен байланысады. Осының нәтижесінде суды тартатын қосылыстар мембранасының липидтік қабатын ажырап, торша ішіне өтеді де, ондағы рецепторлық белоктармен байланысқан соң, торшада жүретін әр түрлі процестерге әсер етеді. Стероидты гормондар торша ішіндегі РНК-полимеразаны жандандырып, белоктың түзілуін реттейді, қуат алмасуын және биосинтездік процестерді күшейтеді, торша мембранасының амин қышқылдары мен басқа да заттарға өтімділігін жақсартады.

Гормондар әрекеті антигормондар мен антагонист гормондар әсерімен шектеледі. Организмде олар бауыр мен басқа мүшелер торшаларында жойылады. Олар күкірт және глюкурон қышқылдарымен байланысады да, қосылыс түрінде әр түрлі экскреттер құрамына енеді. Кейбір гормондар ешқандай өзгеріссіз де бөлінеді.

 

Гипоталамус — аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық. Әдеби тұрғыда айтатын болсақ: гипоталамус ішкі секреция бездерінің «композиторы». Гипоталамус пен гипофиз тығыз байланыста жұмыс істеп, Гипоталамус-гипофиздік жүйені құрайды. Гипоталамус гипофиз безін реттейді, ал гипофиз ағзадағы барлық басқа бездердің жұмысын реттейді. Олар нейрогормондар бөліп рефлекстік және гуморальдік реттеуді жүзеге асырады. Гипоталамус гипофизге әсер ететін статин (гипофиздың гормон түзуін тежейді) және либерин (гипофиздің гормон бөлу белсенділігін арттырады) гормондарын бөледі. Окситоцин және вазопрессин гормондары гипофиздың артқы бөлігінде жиналады.

Гипофиз және Эпифиз

Гипофиз — аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің ең негізгі жетекші орталығы. Әдеби тұрғыда бұл гормон ішкі секреция бездерінің «дирижері» болып саналады. Гипофиз - сопақша пішінді, салмағы 0,5-0,7 г. Гипофиз гормондарының барлығы химиялық құрамы бойынша пептидті (нәруызды). Гипофиз үш бөліктен тұрады: алдыңғы, артқы, ортаңғы

 


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 4178 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.044 сек.)