АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Азотты баланс

Прочитайте:
  1. Белки. Состав и значение. Азотистый баланс.
  2. Водный баланс. Виды нарушений водного баланса. Этиология, патогенез и проявления гипер- и дегидратаций.
  3. Препараты, обеспечивающие положительный кальциевый баланс.

Азотты баланс деп организмге тағаммен түсіп, одан шығарыл-ған азот мөлшерін атаймыз. Адам организмі үшін азот көзі белок болып табылады. Азотты тепе-теңдік түскен және организмнен шыққан белоктардың арақатынасына қарап анықтайды. Белоктың 16% азоттан тұрады, яғни 1г азотта 6,25г белок кездеседі. Осыған сәйкес анықталған азот көлемін 6,25 көбейту арқылы организмде қанша белок сіңірілгенін табуға болады. Азотты құрамды белоктар (мочевина, зәр қышқылы, креатинин) көбіне несеп және тер арқылы шығады. Зәрдегі азот мөлшерін 6,25 көбейтеді. Ересек адамда енген азот мөлшері мен шығарылған азот мөлшері тең болады. Яғни азот тепе-теңдігі сақталады. Егер түскен азот мөлшері шыққан азот мөлшерінен асып түссе, оң азотты баланс деп аталады. Бұл жағдайда белок синтезі оның ыдырауынан асып тұр. Тұрақты оң азотты баланс адам дене массасы жоғарылағанда байқалады. Көбіне адам организмі өсіп келе жатқанда, жүктілік кезінде, өте ауыр кеселден сауығып келе жатқанда және дене массасын ұлғайтатын ауыр спорттық жаттығулар кезінде кездеседі. Бұл кезде азоттың организмде шоғырлануы немесе ретенциясы пайда болады. Организмге түскен азот мөлшерінен, шыққан азот мөлшері асып түссе теріс азотты баланс туындайды. Бұндай жағдай жалпы белоктық ашығуда, белок синтезі үшін қолданылатын аминқышқылдары тағаммен түспегенде туындайды.

7. Көмірсу алмасуы.

Көмірсулардың маңызы олардың энергиялық қызметіне тәуелді. Қандағы глюкоза организмнің негізгі энергия көзі болып табылады. Оның ыдырауы мен тотығуының жылдамдығы, сонымен қатар организмге өте қажет болған жағдайда, мысалыға, түрлі қайғы, эмоцияналдық қозу және өте күшті физикалық күш түскенде энергия қорының жедел мобилизациялануы глюкоза энергия ретінде жұмсалады. Қандағы глюкоза мөлшері 3,3-5,5 ммоль/л (60-100 мг %) және бұл көрсеткіш гомеостаз көрсеткішінің ең маңыздысы болып табылады. Әсіресе қандағы глюкоза деңгейінің төмендеуіне орталық жүйке жүйесі өте сезімтал.

8. Глюкозаның организмдегі негізгі энергия көзі ретінде.

Ішектен қанға сіңірілген глюкоза, бауырға келіп жиналады да, одан глюкоген синтезделеді. Бауырдағы гликоген көмірсу қоры болып табылады. Организмге глюкоген мөлшері қажет болса, бауырдағы гликоген ыдырап, глюкоза қанға өтеді. Нәтижесінде қандан глюкоза деңгейі салыстырмалы түрде бір деңгейде болады.

Гликогеннің организмдегі 1-2% бұлшықеттерде жинақталады. Бұлшық еттегі гликоген мөлшері тамақ қабылдаған кезде ұлғайып, ашыққанда азаяды. Бұлшық етке физикалық күш түс-кенде фосфорилаза ферментінің көмегімен гликогеннің жылдам ыдырап, бұлшық ет жиырылуына энергия көзі болып табылады.

Тканьдердің глюкозаны сіңіруі әртүрлі: ми қандағы глюко-заның 12%, ішек 9%, бұлшықет 7%, бүйректер 5% сіңіріп алады. Организмде көмірсулардың ыдырауы оттегісіз (анаэробты гликолиз) жүріп, сүт қышқылына дейін ыдырайды, көмірсу-лардың оттегі талап ететін ыдырауы нәтижесінде СО2 және Н2О пайда болады.

9. Көмірсу алмасуының реттелуі.

Негізінен барлық зат алмасу процестерін, сонымен қатар көмірсу алмасуын гипоталамус басқарып отырады. Гипоталамус вегета-тивтік және гуморалдық реттегіш механизмдерді басқаратын орталық болып табылады. Гуморалдық реттегіш механизм инсулин гормонының үлесінде. Ол ұйқы безінің Лангерганс аралшығының клеткаларынан өндіріледі. Организмге инсулин егілгенде қандағы глюкоза мөлшері төмендейді. Бұл процесс бауырдағы және бұлшық еттердегі гликогеннің синтезінің ұлғаюы мен тканьдердің глюкозаны жылдам сіңіруімен сипатталады.

Сонымен қатар ұйқы безінің клеткасынан өндірілетін глю-кагон гормоны; адреналин – бүйрек үсті безінің милы қабатының гормоны; глюкокортикоидтар – бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының гормондары; гипофиздің соматотропты гормоны; қалқанша безінің – тироксин, трийодтиронин гормондарының әсерінен қандағы глюкоза деңгейі артады.

10. Белок алмасуының реттелуі.

Соматотропты гормон - өсу гормоны болып табылады. Организм-нің бүкіл органдары мен тканьдерінің массасын ұлғайтады. Ересек адамдардың клетка мембранасының аминқышқылдарға өт-кізгіштігін арттырып, белок синтезін қамтамасыз етеді, сонымен қатар клетка ядросындағы РНҚ синтезі артып, катепсиндер синтезі тежеледі. Катепсиндер клеткаішілік протеолиттік фермент болып табылады.

Қалқанша бездің тироксин және трийодтиронин гормондары белоктардың синтезін арттыра алады, нәтижесінде бойдың өсуі, тканьдер мен мүшелердің дамуы мен дифференциациясы пайда болады. Бүйрек үсті безінің гормондары – глюкокортикоидтар (гидрокортизон, кортикостерон) тканьдердегі, әсіресе бұлшықет пен лимфоидті тканьдердегі белоктардың ыдырауын жеделдетеді. Бауырда, керісінше, белоктарды синтезін қамтамасыз етеді.

11. Майдың организмдегі маңызы, оның энергиялық құндылы-ғы.

Липидтер организмде пластикалық және энергиялық қызметтер атқарады. Пластикалық қызметі дегеніміз – клетка мембранасының құрамына еніп, оның қасиетін анықтайды. Энергиялық қызметі өте жоғары: көмірсу мен белоктардың ыдырауынан пайда болған энергия, майдың жылу өндірудегі энергиясынан екі есе аз бола-ды. Организмдегі майлардың көбі майлы тканьдерде кездеседі: тері астындағы майлы қабатта, ішкі мүшелердің сыртында (бүйректе), бауырда және бұлшықеттерде. Организмнің жалпы майының мөлшері, оның массасының 10-20% құрайды, патологиялық семіздікте 50% дейін баруы мүмкін. Қордағы майдың көлемі организмнің тамақтануына, қабылдаған астың сапасы мен мөл-шеріне, конституциясына, бұлшық еттің қаншалықты күш жұмса-ғанына, жынысына, жасына тәуелді.


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 8750 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)