Антиденелерге жалпы сипаттама
Организмге антиген енгеніне иммундық жүйенің қарсы жауабының біреуі антигендермен өзіндік байланысқа түсетін, ақуыздардан тұратын антиденелерді биологиялық жолмен қорытып шығаруы. Антидене фагоциттерге ұқсас иммунологиялық қорғаныстың өте ерте филогенетикалық түрі. Антиденелік жауап байлықтардың кейбір түрінде байқалады.э
Антиденелер қан сарысуының ақуыздарының геммаглобулин бөлігіне жатады. Гаммаглобулиндер қан сарысуының барлық ақуыздарының құрамының 15 – 20 пайызын құрайды, салмағы 10 – 20 гр жетеді. Антиденелер иммундық жауаптың себебінен пайда болғандықтан оларды – иммундыглобулиндер деп атайды. Олардың халықаралық белгісі lg. Сонымен, антидене дегеніміз – антигендерге жауап ретінде түзілетін, антигендермен спецификалық байланысқа түсетін мүмкіншілігі бар, көп түрлі иммунологиялық жауап қайтаруға катынасатын гаммаглобулиндер.
Антиденелерді В – лимфоциттер және олардан тараған плазматикалық жасушалар бөліп шығарады.
Антиденелер жоғарғы дәрежелі спецификалық әсер ететіндіктен және де гуморалдық иммунитет құрылуына маңызды рөл атқаратын болғандықтан, оларды әр салада қолданады: жұқпалы аурулардың диагнозын қою, емдеу, алдын алу үшін, биологиялық белсенді заттарды алып тазарту үшін. Айтылған жағдайларды іске асыру үшін иммундыглобулиндердің негізінде сан – түрлі препараттар дайындалған.
103.Антигендердің химиялық табиғаты.Типтік,группалық,түрлік, органоспецификалық, гетерогенды антигендер.Аутоантигены. лекцияда бар 196 201 бет
Дата добавления: 2015-09-03 | Просмотры: 1229 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
|