Микробиология
1.Микробиология ғылым ретінде.Санитарлық, микробиологиялық, экологиялық және т.б. Медициналық Микробиологияның талаптары. 21 бет
2.Дәрігердің практикалық дағдысындағы Медициналық Микробиологияның маңызы.
Микробиология, вирусология пәнін білу қандай да болмас дәрігерге күнделікті жұмыс барысына қажет, әрине емдеу-дәрігерінеде. Себебі қандайда болмасын барлық патологиялық процестердің механизмдерін микробиология саласымен қатысты екенің дәлелдеуге болады. Адамның денесінде басқа ағзаларға қарағанда микроорганизмдер түрі мен мөлшері асып кетеді. Зерттеушілер айтуы бойынша бактериялар түрі ғана 100-160 астам және олардың морфологиясы мен физиологиясы түрлі. Сондықтан, жалпы организмнің, қалыпты микрофлорасыде ауыз қуысының негізгі информативтік көрсеткіштері болып ауыз қуысы микрофлорасы жатады және жалпы және жергілікті қорғаныс факторлардың қарым-қатынаста жұмыс істеуі.
Инфекциялық ауруларға қарсы күрес нәтижесінде микробиология, вирусология және иммунология үлкен жетістікке жетті. Елге танымал оспа, холера, полимелит, чума, дифтериа,скарлотина және т.б адамзаттың қасіреті болған. Құрғақ жаз айларында оттың ұшқыны секілденіп бір жерден екінші жерге, көптеген адам өмірін өзімен алып тараған. Қазіргі кезде бүкіл жер шарында оспа ауруы тоқтатылды.
Микробиологиямен, вирусологиямен және иммунологиямен зерттелетін әртүрлі және көптеген мәселелер кез келген профилдегі дәрігерді дайындау жүйесінде, солардың ерекше маңыздылығын анықтайды. Дәрігердің мамандығына байланыссыз жұмыс процесінде микробиологиядан, вирусологиядан және иммунологиядан алған білім қажет.
3.Микробиологиының тарихи даму кезеңдері.
Микробиология даму тарихын 5 этапқа бөлуге болады: эвристикалық (4-3қазіргі ғасырға дейін - 16 ғасыр қазіргі эрада) - эпидемия пайда болғанын аспандағы құдайдан көрген. Бірақ сол кездегі көптеген ғалымдар (Гиппократ, рим жазушысы В-аррон және т.б.) айтуы бойынша эпидемия кезінде ауада ерекше ауру тамшылар - «миазмалар«бар, ал Лукрецкий Кар айтқандай әр инфекцияның өз тұқымы бар.! 14 ғасырда оба пандемиясы Европа тұрғындарының 1/4 қайтыс болғанын инфекциялық аурулары жұқпалығына зең қойды. 1374 жылы Венецияда бірінші рет карантин шаралары қолданды, қала 40 күнге ешкімді кіргізбей, ешкімді шығармады. Бір ғасыр өткен соң осының бәрі ауру себебі, жұқтырылуы Джираламо Фракастро гипотезасы негізіне жатты. Осы гипотеза бойынша әр ауру бір ғана жұқтырылуымен байланысты, науқас адамдарды бөлек (изоляция) емдеу қажет, көп қабатты марлядан жасалған мұрындық (масқа) кию керек, карантин жасау. Бірақ осы гипотезаны дәлелдеу үшін микробтар әлемін ашу қажет болды.
Морфологиялық кезең. Микробты зерттеу ХІІІ ғасырдың екінші жартысында қолға алынды. Бұған оптикалық аспаптардың шығарылуы әсер етті. Микроскоп алғаш рет 1619 жылы Голландияда жасалып шығарылды. Бұл аспапты одан әрі жетілдірген Афанасий Кирхер болды. Бұл әрине, құрылысы жөнінен өте қарапайым аспап еді. Солай бола тұрса да А.Кирхер сасыған етті, шарап сіркесін, сүтті қарап, олардан түрлі организмдерді көрген. Оба ауруымен ауырған адамдардың қанын қарап, одан ерекще «құртты«көрді.
Микроорганизмдерді алғаш көріп, сипаттап жазған Голландия ғалымы Антон Ван Левенгук (1632-1723). Ол заттарды 160-300 есе үлкейте алатын алғашқы оптикалық құрал, әғни «жабайы«микроскоп жасады. Осы микроскоптың көмегімен ол ет тағамдарында өскен зеңді, тұрып қалған қақ сулардағы тірі организмдерді көрді, олардың пішінін, түрін және қозғалысын сипаттап жазды. Міне осы кезден бастап бүкіл әлемге А.Левенгуктің есімі белгілі болды және микроорганизмдер жайлы ғылым - микробиологияның негізі салынды десек қателеспес едік.
ХІІІ ғасырдағы шведтің көрнекті табиғат зерттеушісі Карл Линней өзінің “табиғат систематикасын” жасағанда жануарлар мен өсімдіктерді белгілі бір тәртіппен орналастырғаны мәлім. Бұл системаға ол микроорганизмдерді енгізген жоқ. Оны К.Линней «хаос«, яғни берекесіз жәндіктер тобына жатқызды. Бұдан ол микроорганизмдер дүниесін зерттеудің қажеті жоқ деген қорытынды шығарды.
Микробиология ғылымының одан әрі дамуына орыс ғалымы М.М.Тереховский (1740-1796) көп еңбек сіңірді. Ол Ресейде бірінші болып микроорганизмдерді бақылап, зерттеді. Микроскоптық организмдердің әр түрлі жерлерде кездесуі, пайда болуы және табиғаты жайлы еңбек қорғады. Өз зерттеулерінде ол эксперименттік әдіс қолданды. Ол алғаш рет микроорганизмдерге температураның, химиялық заттардың, электр тоғының тигізетін әсерін зерттеді.
Х1Х ғасырдың бірінші жартысында оба ауруын ұзақ жылдар зерттеген орыс ғалымы Д.Самойлович (1724-1810) осы ауру қоздырғыштардың көзге көрінбейтін микроорганизмдер екенін дәлелдеді. Әрине микробиологияның әр саласында, әзірше байланысы жоқ, бірақ маңызы зор деректер осы кезде жинала бастады.
Микробтар морфологиясы және онда эволюциялық принциптерді қолдану жөнінен бірқатар еңбек сіңірген орыс ғалымы Л.С.Ценковскийді де (1822-1887) атап өту қажет.
Пастер және Кох дәуірі, физиологиялық кезең.
Микробиология тарихында Л. Пастер (1822-1895) ашқан жаңалықтардың мәні аса зор. Х1Х ғасырдың екінші жартысында Европада өнеркәсіптік капитализм дамыды. Осыған байланысты микробиологияда бірқатар жетістіктер пайда болады. Осы жетістіктерге Л. Пастердің тікелей қатысы бар. Ол 1857 жылы ашу процесін зерттеп, оның табиғатын таныды, 1868 жылы жібек құртының індетін ашты.
1891 жылы жұқпалы аурулар қоздырғыштарын зерттеп, онымен күресу үшін пайдасы мол микроорганизмдерден вакцина жасады. Ал 1885 жылы құтыру ауруының табиғатын зерттеп, қоздырғышын ашты, одан сақтанудың жолдарын көрсетіп берді.
“Тіршіліктің өздігінен пайда болуы” философтар арасында өте ертеден талас туғызған мәселе еді. Бұл мәселені дұрыс, дәйекті, ғылыми негізде шешу үшін, Франция академиясы арнаулы сыйлық та белгілеген болатын. Л. Пастер ашу мен шіру процесіндегі микробтар ролін дәлелдеген кезде, ғалымдар арасында ол микробтар қайдан пайда болады деген сұрақ туды. Кейбіреулер мүмкін ашитын сұйықта ол микробтар өздігінен пайда болатын шығар деген пікір айтты.
Роберт Кох (1843-1910), Олар бөлініп алынған микробты зерттеп қана қойған жоқ, оны сау малға жұқтырып, дәл сол ауру екенін анықтады. Р. Кох микробиологияда зерттеу жұмысына арнап көптеген әдіс-тәсілдерді ұсынды. Әсіресе, оның белгілі бір микробты зерттеу үшін, арнаулы қоректік орта дайындау керек деген пікірі өте құнды және ол іс жүзінде қазір микробиологиялық практикада қолданылады. Арнайы қоздырғыштарды зерттеп Р. Кох келесі критерийлер, яғни постулаттар ашты (Кох триадасы): 1. Микроорганизмдер нақты ауруларда кездеседі және аурудың патологиялық және клиника көріністерін сипаттайтын жағдайда. 2. Басқа ауруларда микроорганизмдер кейдесоқ патогенді паразит ретінде кездеспейді. 3. Науқастың материалынан алынған микрорганизмдер, олардың таза дақылын бөліп алған соң жануарларға еңгізгенде, оларда да адамда дамыған ауру қозады.
Неміс Кох мектебінің оқушылары - Гаффки, Леффлер, Беринг, Катазато, Клебс, Эберт және т.б. дарын ғалымдар.
Р. Кох ұсынған тәсілдер бойынша 20 жылдан астам көптеген инфекциялық аурулар қоздырғыштары ашылды (сібір түйнемесі, оба, дифтерия, дизентерия, тырысқақ, туберкулез және т.б.).
Микробиология тарихында орыс ғалымы Д.И.Ивановскийдің (1864-1920) қосқан үлесі мол. Ол осыған дейін ешкім зерттемеген темекі теңбілі мен рябуха деген ауруларды зерттеп, олардың қоздырғыштарын тапты. Олардың әрқайсысы өз алдына жеке ауру екенін және бұл ауруларды қоздырғыштардың өзі осы аурулардан бөлек болатының анықтады, кәдімгі бактериялар өтпейтін сүзгіден өтіп кететін, мөлшері жағынан өте кішкене вирустар деп аталатын микроорганизмдердің ерекше тобын тапты. Ивановскийдің осы еңбегінің арқасында вирусология ғылымының негізі жасалады.
Л. Пастердің вакцинация жұмыстары микробиологияда жаңа этапын ашуға жол салды - иммунологиялық кезеңге (ХХ ғасырдың бірінші жартысы). Бұл кезде вакцинациядан соң пайда болған иммунитеттің себебі мен даму механизмдерге бірқатар тексерулер өткізілді. Солардың ішінде Пауль Эрлих және И. И. Мечниковтың жұмыстарын айту керек
П. Эрлих - неміс химикі - иммунитеттің гуморальдық теориясын ұсынды. Осы теория бойынша жануарларға еңгізген сіреспе және дифтерия токсиндері қандағы антиденелер арқылы нейтрализациялып иммунитет құрайды. Осымен қатар, И. И. Мечников зерттеулерінде иммунитетте макро- және микрофагтар қатысатының дәлелдеді. Осы клеткалар бөтен заттарды (соның ішінде бактерияларда) өзіне қаратып жояды.
Микробиология дамуына айта қаларлықтай үлес қосқан орыс ғалымы И.И.Мечниковтың (1845-1916) фагоцитоз жөніндегі ілімі бүкіл әлемге әйгілі, клеткалық иммунитетке бастау салды. И. И. Мечников фагоцитоздан басқа микробтық антагонизм ілімін ашты. Экспериментальды сифилис, туберкулез эпидемиологиясы мен иммунологиясын тексеруде атқарған үлесі зор. И. И. Мечников ілімін одан әрі жалғастырушы академик Н. Ф. Гамалея (1859-1949). Ол көп жылдық еңбектің нәтижесінде микробтар әлеміндегі ерекше организмдер - бактериофагтарды ашып, зерттеді. Сөйтіп қазіргі кезде зор қарқынмен дамыған вирусология ғылымының негізін қалады.
Осы этапта жаңа патогенді микроорганизмдер ашылып, зерттелген - құқыл спирохета, лептоспирлер, боррелиялер, риккетсиялар, хламидиялар, бактериялардың 1-формасы, микоплазмалар, жаңа вирустар. Клиникалық иммунология кең дамуда, антидене анықтайтын диагностикалық реакциялар ашылуда - Вассерман, Видаль ж.т.б. реакциялар. Кальмет және Джерен туберкулез таяқшалар ішіннен вакциналық штамм шығарды (БЦЖ), Рамон дифтерия және сіреспе профилактикасы үшін дифтерия мен сіреспе анатоксинның ұсынды. Жаңадан химиопрепараттар пайда болды (сальварсан - Эрлих), кейінірек - хинин, сульфаниламидтер.
Иммунологиялық этап генотипі бөтен заттарға (антигендер) иммунды жүйенің негізгі реакциялары пайда болуымен сипатталды. Антидене түзілу, фагоцитоз ашылған соң гиперсезімталдылық (аллергия) реакциялары, иммунологиялық толеранттылық (ағылшын ғалымы Медавар және чех Гашек), иммунологиялық есте сақтау (орыс дәрігері Райский), ісіктер клеткаларының антигендері (Ресей ғалымы Зильбер - 1957) ашылды және иммунитеттің клональдік-селекция теориясы жарық көрді.
1950-1960 жылдары микробиология және иммунология жылдам түрде дамуда - молекулярлы-генетикалық кезең деп аталады. Оның даму себептері: а) молекулярлық биология, генетика, биохимия салаларында күрделі жаңалықтар ашылуда; б) жаңа бағыттар жол алуда - генетикалық және клеткалық инженерия, биотехнология, информатика; в) жаңа әдіс-тәсілдер мен жаңа аппаратуралар тіршіліктің одан әрі құпияларын ашуда едәуір зең салуда.
Осы кезеңдегі жаңалықтар:
- Көптеген вирустар, бактериялардың молекулярлық құрылысы және молекулярлық-генетика ұйымдастыруы, приондардың ашылуы;
- Көптеген антигендердің химиялық құрылысы және синтезі (лизоцим, СПИД вирусының пептидтері);
- 1сіктердің антигенді ашылуда (Зильбер);
- Иммуноглобулиндер құрылысы (Эдельман, Портер);
- Жануарлар және өсімдік клеткалар өсіп-өндіру әдістері ашылды және оларды өндіру өнеркәсіпте қолдану;
- Рекомбинантты бактериялар және рекомбинантты вирустарды өндеу;
- Вирустар және бактериялардың керекті гендерің синтездеу;
- Иммунды В-лимфоциттер гибридомын алу - клеткалық инженерия нәтижесінде моноклоналдық антиденелер синтездей (Келлер, Милстайн);
- Иммуномодуляторларды ашу - интерлейкинфер, интерферон, ісік некрозы факторы ж.т.б., оларды көптеген аурулардың емі мен алдын алуға қолдану;
- Жаңа молекулярлы, рекомбинантты, субъединицалық вакциналар алу (гепатит В қарсы вакцина, басқа вирустық инфекцияларға қарсы вакциналар);
- Вакцина эффективтілігін артатын химиялық вакцина, адъюванттар, липосомалар өндеу;
- Туа және жүре пайда болған иммунодефициттерді, иммуно-терапияны зерттеу. Иммунитет тапшылы синдромын (СПИД) қоздыратын вирустарды ашу.
- Инфекциялық аурулар диагностикасында жаңа әдістер ашу (иммунологиялық - ИФА, иммуноблотинг; молекулярлы-генетикалық - полимеразды тізбекті реакция, молекулярлық гибридизация ж.т.б.);
- Осы анализдерді және басқа да экспресс-диагностика жүргізетін тест-системалар табу.
Осы жылдары жаңа қоздырғыштар ашылуда - жылына 2-3 түрі (Лассо, Мачупо гемморагиялық қызба қоздырғышы, иммунитет тапшылығы вирусы (Люк Монтанье), астровирустар, легионеллдер - легионерлер ауруы қоздырғышы ж.б
4.Бактерия систематикасының негізгі принциптері.Таксономиялық система: Хемотаксономиялық,Серологиялық,Генетикалық. Таксономиялық дәрежелері:Микроб домендері-отдел,класс,туыстастық,тұқымдастығы,түр. 31 бет
Микробтар, немес микроорганизмдер (бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар, вирустар), өзара ұқсатығымен, ерекшеліктерімен және қарым-қатынастарымен жүйелендірілген. Бұнымен арнайы ғылым - микроорганизмдерді жүйелеу айналысады. Жүйелеу үш бөлімнен тұрады: жіктелуі, таксономиясы және идентификациялау. Микробтардың таксономиясының негізіне (грек тілінен taxis - орналасуы, реті) олардың морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық және молекулалық-биохимиялық қасиеттері алынған. Таксономиялық категориялар төмендегідей болады: патшапық, (патшалық тармағы), бөлім, класс, реті, туыстастық, тұқымдастық, түр, (түр тармағы) және т.б. Таксономиялық категорияның түрлеріне байланысты таксондарды ажыратады - ол біркелкі, ұқсас қасиеттеріне байланысты біріктірілген организм топтары. Микроорганизмдердің аталуын Халықаралық номенклатура кодексі (зоологиялық, ботаникалық, бактериялар номенклатурасы, вирустар) тағайындайды.
Микроорганизмдер жасушаға дейінгі (вирустар - Уіга патшалығы) және жасушалық (бактериялар,
архибактериялар, санырауқмлақтар мен қарапайымдылар) пішіндермен берілген. Жаңаша жоғарғы деңгей бойынша жасушалық тіршілік иелерінің жіктелуінде 3 доменді (немесе «империялар») ажыратады:
«Васtеrіа», «Агсhаеа» және «Еuсаrуа»:
1). «Васtеrіа» домені - прокариоттар, нағыз бактериялар (эубактериялар);
2). «Агсhаеа» домені- прокариоттар, археабактериялар;
3). «Еuсаrуа» домені - эукариоттар, олардың жасушаларында ядро, ядрошық және ядро қабықшасы, ал цитоплазмасында күрделі құрылымды органеллалар - митохондриялар, Гольджи аппараты болады. «Еuсаrуа» доменіне: Fungi (саңырауқұлақтар); Аnіmаlіа - жануарлар (қарапайымдылар кіретін Protozoa патшалық тармағы); Рlаntае - өсімдіктер патшалығы кіреді.
Домендер патшалықтан, типтен, кластан, реті, туыстастык, түкымдастык, түрден тұрады. Негізгі таксономиялық категориялардың бірі түр (specics) болып табылады. Түр - жақын қасиеттерімен біріктірілген, бірақ тұқымдастықтың басқа өкілдерінен айрмашылығы бар жекеленген даралар жиынтығы.
Морфологиялық, тинкториалдық (боялғыштығына байланысты), дакылдык, биохимиялық және антигендік қасиеттеріне байланысты ұқсастығы бар, қоректік ортада бөлініп алынған, біртекті микроорганизмдер жиынтығы таза дақыл деп аталады.
Белгілі бір көзден бөлініп алынған, түрдің басқа өкілдерінен айырмашылығы бар
микроорганизмдердің таза дақылы штамм деп аталады. Штамм - түр немесе түршеге қарағанда мағы насы тарлау. Штамға мағынасы бойынша клон жақынырақ болып келеді. К7011 жалғыз микроб жасушасынан өсірілген, ұрпақтар жиынтығы. Микроорганизмдердін белгілі бір қасиеттерімен ерекшеленетін кейбір бірлестіктерін атап көрсеткен кезде бұрын гуре суффиксін пайдаланған, оның орнына қазіргі кезде var (әртүрлілігі) қолданылады. Сондықтан микроорганизмдерді ерекшелендіретін қасиеттеріне байланысты: морфоварлар (морфологиясына байланысты), резистентоварлар (тұрақтылықтарына байланысты, мысалы, антибиотиктерге), сероварлар (антигендеріне байланысты), фаговарлар (бактериофагтарға сезімталдылығына байланысты), биоварлар (биологиялық қасиеттеріне байланысты), хемоварлар (биохимиялық қасиеттеріне байланысты) және т.б. деп ажыратылады.
Бактерияларды идентификациялау мен типтеуде фенотиптік, генотиптік және филогенетикалық
көрсеткіштерді пайдаланады (олардың мәні келесі тарауларда беріледі).
Фенотиптік: Грамша бояу, морфологиялық және дақылды қ қасиеттері, биохимиялық реакциялар, көмірсу көздерін пайдалану, антибиотикограммасы, бактериоцинотиптеу, фаготиптеу, антигендік қасиеттері, жасуша қабырғасыньщ химиялық құрамы (пептидогликан, микол қышқылы), сонымен қатар жасушаньщ
ақуыздары мен майлары.
Геноmuпmік: G + С қарым-қатынасы, ДНҚ гибридизациясы, молекулалық барлау (зондирование), плазмидтік талдау, ДНҚ рестрикциясының бөлшектерінің полиморфизмі, риботиптеу.
Фuлогенеmuкальzқ: рРНҚ-ізділікті талдау, РНҚ-РНҚ-гибридтеу, праймерлер туындыларын пайдаланыпполиморфты ДНҚ-ын амплифакциялау, 16S және 23S рРНҚ-ын секвестрлеу.
5.Түрлік дәрежелері:биовар,патовар,серовар,фаговар,морфовар.
Көптеген бактериялардың түрлерi, бiр белгiлерi бойынша биологиялық варианттарға /биоварға/ бөлiнедi.
Биохимиялық қасиеттерi бойынша бөлiнетiн биоварларды, хемоварларды, антигендiк қасиетi бойынша
сероварлар, фагтарға сезiмталдылығы бойынша фаговарлар, морфологиялық қасиеттерi бойынша
морфоварлар деп атаймыз.
Бактериялардың таза дақылын алу диагностикалық зерттеулер, идентификация үшiн жүргiзiледi, яғни
микроорганизмдердi морфологиялық, дақылдық, биохимиялық жəне басқа белгiлерiн зерттеу үшiн таза
дақыл қажет.
Дата добавления: 2015-09-03 | Просмотры: 4443 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
|