АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

L- бактерия формасы

Прочитайте:
  1. Антибиотики, продуцируемые бактериями.
  2. Бактериялар пигменттері
  3. Не прививают и не ревакцинируют детей, перенесших туберкулез или инфицированных микобактериями, с положительной или сомнительной пробой Манту.
  4. Первичное инфицирование микобактериями туберкулёза и скрытое течение туберкулёзной инфекции
  5. Послеродовой мастит – воспалительное заболевание молочной железы, вызываемое бактериями, которое развивается после родов и сопряжено с процессом лактации.
  6. ПРОДУКТЫ С БИФИДОБАКТЕРИЯМИ
  7. Сальмонеллезы – инфекционные заболевания, вызываемые бактериями рода сальмонелл,
  8. Способы получения энергии бактериями (дыхание,брожение). Методы культивирования анаэробов.
  9. У ребенка, который выздоравливает после кори, развилась пневмония, вызванная условно-патогенными бактериями. Какая наиболее вероятная форма этой инфекции?

19.Актиномицеттердің морфологиясы мен құрылысы.

Актиномицеттер -бұтақталған, жіп тәріздес немесе таяқща тәріздес грам-оң бактериялар. Өз атауын (грек тілінен аударғанда actis – сәуле, myces – саңырауқұлақ) олар зақымдаған тіндерде – сәуле тәріздес, тығыз шатасып қалған, орталықтан шетке қарай тартылған, ұштары колба тәріздес жуандатып аяқталатын друза түзуі арқылы иеленген. Актиномицеттер, саңырауқұлақтар сияқты жіп тәріздес өзара айқасқан жасушалар (гифалар) – мицелиилер түзеді. Олар, қоректік ортаға жасушалары кіріңкіреп өскен кезде субстратты мицелий, ол ортаның беткейінде өскенде үлпілдек түзеді. Актиномицеттер мицелилері фрагментациялану арқылы таяұшаға немесе коктарға ұқсас болып көбейеді. Олардың үлпілдек гифаларында көбеюге қызмет атқаратын споралар түзіледі. Актиномицеттердің споралары жоғары температураға шыдамайды.

Актиномицеттермен филогенетикалық жағынан ортақ нокардиотәрізді (нокардиопішінді) актиномицеттер – бұрыс пішінді, таяқша тәріздес жинақтаушы топ тұрады. Олардың өкілдері бұтақша пішінді болып келеді. Оларға Corynebacterium, Mycobacterium, Nocardia туыстықтары жатады. Нокардиотәріздес актиномицеттер жасуша қабырғасында арабиноза, галактоза қанттарының, сонымен қатар микол қышқылы мен көп мөлшерде май қышқылдарының болуымен ерекшеленеді.жасуша қабырғасындағы микол қышқылы мен майлар бактерияға қышқылға тұрақтылық қасиет береді, мысалы, туберкулез және алапес микобактериялары (Циль-Нильсен бойынша бояған кезде олар қызыл түске, ал қалған қышқылға төзбейтін бактериялар мен қақырық, тін элементтері – көк түске боялады).

Патогенді актомицеттер – актиномикоз, нокардичялар – нокардиоз, микобактериялар – туберкулез бен алапес, коринобакериялар – күл ауруын қоздырады. Актиномицеттер мен нокардиотәріздестердің сапрофитті түрлері топырақта кеңінен таралған, олардың көпшілігі антибиотик түзушілер болып табылады.

 

 

20.Спирохеталардың морфологиясы мен құрылысы.

Спирохеталар – жіңішке, ұзын, иректелген (спираль пішіндес) бактериялар, спириллалардан жасушасының иілгіштігімен, қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Спирохеталар цитоплазматикалық мембрана мен аксиальдық жіпшесі (аксистиль) бар протоплазматикалық цилиндрлі қоршап жатқан сыртқы мембранадан (жасушы қабырғасы) тұрады. Аксистиль жібі жасуша қабырғасының сыртқы мембранасының астында (периплазмада) орналасып, спирохеаның протоплазматикалық цилиндрінің айналасында ширатылып жатады, сөйтіп оған бұранда пішінін береді (спирохетаның біріншілік бұрамасы). Аксистиль жібі бактериялардың талшықтары тәріздес периплазматикалық фибриллалар, жиырылғыш ақуыз флагеллиннен тұрады. Фибриллалар жасушаның қарама-қарсы ұштарына бекітіліп бір-біріне бағытталып орналасады. Фибрилланың екінші ұшы бос болады. Олардың саны мен орналасуы микробтың әр түрлеріне қарай ерекшеленеді. Фибриллалар спирохетаның жылжуына қатысып, жасушаға айналмалы, иірілмелі, үдемелі қозғалыс береді. Сонымен қатар спирохеталар екіншілік бұрама деп аталатын ілмектер, бұйралар мен иілімдер құрайды. Спирохеталар бояғыштарды нашар қабылдайды. Әдетте оларды Романовский-Гимза әдісімен немесе күмістендіріп бояйды. Тірі күйінде спирохеталарды фазалы-контрастты немесе түнек айдынды микроскоппен зерттейді.

Адамға патогенді спирохеталар 3 туыстыққа жатады: Treponema, Borrelia, Leptospira

Treponema жіңішке бұранда тәріздес иректелген жіпше, 8-12 біркелкі иірімдерден тұрады. Трепонема протопластарының айналасында 3-4 фибриллалар (талшықтар) орналасқан. Цитопазмасында цитоплазмалық филаменттер бар. Патогенді өкілдеріне T.pallidum - мерез қоздырғышы және T.pertenue – тропикалық дерт – фрамбезия қоздырғышы жатады. Адамның ауыз қуысында және су қоймаларында кезедесетін сапрофитті түрлері де болдады.

Borrelia, трепонемаларға қарағанда ұзындау, 3-8 ірі иірімдері бар, 7-20 фибриллалардан тұрады. Оларға қайталама сүзек пен Лайм ауруының қоздырғыштары жатады.

Leptospira иректері жиі, таяз ширатылған жіп тәріздес. Бұл спирохеталардың ұштары жуандатып, ілгек тәрізді иіліп орналасады. Екіншілік бұрама түзіп, S немесе C әріпіне ұқсас болып келеді, 2 өстік жіптері (талшықтары) болады. Патогенді өкілі L.interrogans сумен немесе тамақпен организмге түскен кезде лептоспироз ауруын қоздырып, қан кетулер мен сарғаюларға әкеліп соқтырады.

 

21.Риккетсиялардың морфологиясы мен құрылысы.

Риккетсиялар - ұсақ, грам тәріздес бактериялар (0,3-2,0 мкм), облигаттық (міндетті түрде) жасушаішілік паразиттер. Цитоплазмада бинарлық бөліну арқылы, ал кей жағдайларда жұқтырылған жасуша ядросында көбейеді. Егесі болып табылатын буынаяқтыларда (бит, бүрге, кенелерле) тіршілік етеді. Қоздырғыштарының біреуін ашқан американдық ғалым Х. Т. Риккетстің атымен аталған (жартасты таулардың таңбалы қызбасы). Риккетсиялардың пішіні мен көлемі өсу жағдайларына байланысты өзгеріп отыруы да мүмкін (бұрыс пішінді жасушалар, жіпше тәріздес). Оларың құрылымы грам-теріс бактериялардың құрылымынан ерекшеленбейді.

Риккетсиялар егесінің метаболизміне тәуелсіш болады, бірақ кюбею кезінде егесінен макроэргетикалық қосылыстарды алуы мүмкін. Жағындылар мен тіндерде оларды Романовский-Гимза, Маккиавелло-Здроводский әдістерімен бояйды (риккетсиялар қызыл түсті, жасушалар көк түске боялады).

Адамдарда риккетсиялар эпидемиялық бөрітпе сүзек, кене риккетсиозын, жартасты таулардың таңбалы қызбасын және де басқа раккетсиоздарды қоздырады.

22.Хламидиялардың морфологиясы мен құрылысы.

Хламидиялар – облигаттық жасушаішілік кокктәріздес грам-теріс (кейде грам-вариабельді) бактерияларға жатады. Хламидиялар тек қана тірі жасушаларда көбейеді: оларды энергетикалық паразиттер ретінде қарастырады; олар аденозинтрифосфат (АТФ) және гуанозинтрифосфат (ГТФ) түзбейді. Жасушадан тыс хламидиялар сфера пішінді (0,3 мкм), зат алмасуы белсендірілмеген, элементарлы денешіктер деп аталады. Элементарлы денешіктердің жасуша қабырғасында сыртқы мембрананың негізгі ақуызы және цистейн қаныққан ақуыз болады. Хламидиялардың геномында ішек таяқшасының геномына қарағанда 4 есе кем генетикалық ақпарат болады.

Эпителиалдық жасушаға элементарлы денешіктер жасушаішілік вакуоль түзетін эндоцитоз арқылы енеді. Жасуша ішінде олар үлкейіп, бөлінетін ретикулярлы денешіктерге айналып, вакуольдарда (қосындылар) жинақталады. Ретикулярлы денешіктер элементарлы денешіктерге айналыпғ экзоцитоз немесе жасушаны ерітіп сыртқы шығады. Жасушадан шыққан элементарлы денешіктер жаңа айнлымға түсіп, келесі жасушаларды зақымдайды. Адамдарда хламидиялар (басыр-трахома, конъюктивит), несеп-жыныс жолдарын, өкпені зақымдайды.

23.Микоплазмалардың морфологиясы мен құрылысы.

. Микоплазмалар – тек қана цитоплазматикалық мембранамен қоршалған, ұсақ бактериялар (0,15-1,0 мкм). Олар Mollicutes класына жатады, құрамында стеролдар болады. Жасуша қабырғасы болмағандықтан микоплазмалар остосқа жоғары сезімтал. Пішіні әртүрлі: кокк, жіпге, колба тәріздес бола береді. Бұл пішіндерді микоплазмалардың таза дақылдарын фазалы-контрастты микроскоппен қарағанда ажыратуға болады. Тығыз қоректік ортада микоплазмалар қуырған жұмыртқаға ұқсас колониялар түзеді: орталық бөлімі мөлдір емес қоректік ортаға батып, ал шеттері шеңбер тәрізденіп жатады.

Адамдарда микоплазмалар атипті пневмония қолдырады, несеп-жыныс жолдарын зақымдайды. Сонымен қатар микоплазмалар жануарлар мен өсімдіктердің де ауруларын қоздырады. Патогенді емес түрлері де кеңінен таралған.

24.Саңырауқұлақтардың морфологиясы. морфологиясы мен құрылысы.

Саңырауқұлақтар хлорофилы жоқ, цитоплазмасында оқшауланған ядросы (немесе бірнеше ядросы), серпінді (ригидты) жасуша қабаты, көптеген вакуольдары, рибосомалары және басқа органеллалары бар біржасушалық немесе көпжасушалық эукариоттық микроорганизмдереге жатады. Олардың өсімдіктерге үлкен ұқсастығы бар, дегенмен кейбір метоболизмдік үрдістері жануарлар жасушасына жақындатады.

Саңырауқұлақтар денесі (таллом-қабықшалар) мицелий (грибница) болып табылады. Олар перделері бар немесе жоқ, бұтақша жайылған түтікшелер тәрізді, және де бүршіктенген оваль, дөңгелекше пішінді жасушалардан тұратын гифалар. Құрылымына байланысты (мицелийлерді құрайтын жасушалар пішіні және саңырауқұлақтар жасушасының бөліну механизмі бойынша) саңырауқұлақтар 2 топұа бөлінген:

1. Гифалылар немесе мицелийлілер (зең саңырауқұлақтар)

2. Бүршіктенушілер (ашытқылар, ашытқытәріздестер)

Ең қысқа мицелийлер – ашытқыларда, ең ұзыны – көгерткіш саңырауқұлақтарда (мукорларда). Мицелийлер тұрақты түрде бұтақталып отырады; ескірген мицелийлер – дәнді, ірілеу, көптеген қосындылары және вакуольдары болады, жаңа мицелийлер – мөлдір, нәзік, гомогенді.

Саңырауқұлақтар жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныстық жолмен көбейетіндер – жетілген саңырауқұлақтар, ал жыныссыз жолмен көбейетіндер – жетілмеген саңырауқұлақтар деп аталады. Жынысты жолмен көбею аскомицеттерге, базидомицеттерге дәне зигомицеттерге тән. Жыныссыз жолмен дейтеромицеттер көбейеді.

25.Иммерсиялық-микроскопиялау әдістері

Иммерсиялық әдіс - жарық сәулесін сындыру көрсеткіштері алдын ала белгілі сұйықтарға батыра отырып, нақтылы затқа (минералға) тән сәуле сындыру көрсеткіштерін салыстырмалы түрде анықтау әдісі; минералдар мен таужыныстарды зерттеуде қолданылады.

Бактериялар метаболизмі.(Қоректену)Қоректену бойынша жіктелуі.Механизмі

Микроорганизмдерде қоректік заттарды қабылдайтын арнаулы орган болмайды.
Сондықтан олар қоректік заттарды барлық денесі арқылы қабылдайды да, олар клеткадағы керексіз заттарды сыртқа бәліп те үлгереді. Бұл екі процестің екеуі де ете тез жүреді. Қоректік заттарды қабылдау осмос құбылысына байланысты. Өйткені бактериялар клеткасының қабығы жартылай өткізгіш келеді де белгілі қоректік заттарды қажетті мөлшерде ғана еткізіп түрады. Микробтар клеткасында болатын заттар ерітіндісі оған белгілімөлшерде кысым туғызады. Оны осмос қысымы деп атайды. Оның шамасы клеткадағы еріген заттың концентрациясына тығыз бай-ланысты. Егер еріген заттың концентрациясы веғұрлым артық бол-са, қысым да соғұрлым арта түседі.
Клеткада жүретін биохимиялық процестердің нәтижесінде жи-налған заттар осмос қысымының әсерінен клеткадан сыртқа бөлініп шығып отырады. Ортада су көп болғанда цитоплазма ісініп, клетка кабығын кереді. Мұны тургор щубылысы деп атайды. Клетка шама-даи тыс ісінсе, жарылып кетуі де ықтимал.
Қоректік ортаның концентрациясы артқан сайын, мәселен, ас түзы немесе қант қосылғанда бактерия клеткалары сусызданады. Цитоплазма бастапқы ‘қаллындағыдан анағұрлым кішірейеді де жиырылып клетканың ішіне қарай тартылады, оны плазмолиз деп атайды. Мұнда бактерия клеткасының тіршілігі жойылады. Көптеген тағамдық заттарды са,қтау үшін түрмыста қант пен ас тұзынын, концентрлі ерітінділерін пайдалану осындай ерекшелігіне негізделген.
Әдетте микробтар клеткасы үшін оттегі, сутегі, көміртегі, азот, минерал заттары т. б. қажет. Оттегі мен сутегінің негізгі көзі —су, ал көміртегінің сіңірілу тәсілдеріне қарай микроорганизмдер үлкен екі топқа бөлінеді.
1) Автотрофты организмдер көміртегін ауадағы көмір қышқыл газынан сіңіреді. Сол ортадағы түрлі минерал заттардың тотығуынан бөлінетін энергия автотрофты организмдердің кеміртегін сіңіруіне көмектеседі. Сондықтан бүл қүбылысты фотосинтезге керісіше, хемосинтез деп атайды. Автотрофты микроорганизмдергеС. Н. Виноградский ашқан нитрификациялаушы бактериялар,темір бактериялары, күкірт бактериялары жатады.
Бұлардың кейбір тобына — мәселен, күкірт бактериялары-на — жасыл есімдіктердегідей фотосинтез қүбылысы тән.
2) Гетеретрофты организмдерге — көміртегін дайын органикйлық қосылыстардан алатын микроорганизмдер жатады. Бұларға шіріту бактериялары, әр түрлі ашу процесін қоздырушылар жэне ауру туғызушы микробтар жатады. Сонымен қатар олар зат алмасу процесінде түзілетін көмір қышіқылын да пайдалана алады, сәйтіп, бұл микроорганизмдердің табиғаттағы елі қалдықтарды ыдыратудағы ролі үлкен.

26.Микроскопиялау әдіс(темнопольная).Жұмыс принципі.

Қараңғы аймақты микроскопта қарау кезінде препаратты объективке түспейтін,жанынан түсетін сәуле ағынымен жарықтандырады.Объективке тек сыну,шағылысу,дифракция нәтижесінде микробтар не оның бөлшектерімен ауыстырылатын сәулелер ғана түседі,соның нәтижесінде микробтар не оның бөлшектері қара фонда жарқырап көрінеді(жұлдызды аспан).Микроскопиялау үшін арнайы конденсор (параболоид-конденсор) және жай объективтер пайдаланылады.Иммерсиялық объективтің ішінде арнайы түтікшелі диафрагма қойылады.Препаратты жаңшылған тамшы әдісімен дайындайды,ал иммерсиялық сұйықтық ретінде вазелин майын қолданады.

27.Фазалық-контрасты микроскопиялау әдістері. Жұмыс принципі.

Фазалы-контрасты (фазасы қарама-қарсы) микроскопия әдісі. Клетканың кейбір бөліктері жұқа болғанымен, бір-бірінен тығыздықтары мен жарықсындырғыштықтарымен ерекшеленеді, клеткалардың осындай қасиетіне фазасы қарама-қарсы микроскопия әдісі негізделген. Фазалы-контрастық микроскоптың объективіне арнайы пластинка қондырылған, сол пластинка арқылы жарық сәулесі тербеліс фазасының қосымша жылжуын сезеді. Суретті қалыптастыру кезінде бір фазада немесе қарама-қарсы фазада болатын, бірақ әр түрлі амплитудалы сәулелер өзара қарым-қатынасқа түседі, соның салдарынан объектінің ашық қою түсті контрасты суреті пайда болады. Фазалы контрасты микроскоптың ерекшелілігі – тірі клеткаларды, боялмаған объектілерді зерттеуге мүмкіндік береді.

28.Люминисцентті микроскопиялау әдісі. Жұмыс принципі.

Люменисцентті микроскопия –объектілерді бақылауда қолданылады.Препараттарды арнайы жарқыраушы люминисценттік бояулармен бояйды(флюорохром:акридинды сары).Жарық екі сүзгіш арқылы өтеді:біріншісіне жарықты объектінің алдынан ұстайды және флюоресценттік объектімен сәулеленетін және көзге қабылданатын толқын ұзындығына жарық жібереді.Сәулелену сипатына байланысты микроб жасушасының құрамына кіретін жеке химиялық заттар ажыратылуы мүмкін.Әдіс-бірқатар ауруларда жедел диагноз қоюда пайдаланылады

29.Электрондық микроскопия. Жұмыс принципі.

Олар 30-40 жылдарда ойлап табылды.Жарық сәулелерінің орнына электрондар ағымы пайдаланылады,олардың толқынының ұзындығына қарағанда кіші,бірақ шешуші қабілеті жоғары.Электрондар көзі-вольфрам сымы,оған жоғары күш берілгенде электрондар ұшып шығады.Оларды фокустау үшін электромагниттер қолданылады.Зерттелетін жоба жұқа торшаға қойылады.Сол арқылы өткен электрондар флюоресценттейтін экранда жиналып,көрінген көріністерді фотопленкаға түсіріп отырады.

30.Жағынды препарат дайындау әдістері.

31.Жағынды бояу препараттарды дайындаудың жеңіл және қиын әдістері.Грамм,Циль-Нильсен әдістері.

32.Бактериялардың тинкториалдық қасиеттері.

Бактериялардың таза дақылын алу диагностикалық зерттеулер, идентификация үшiн жүргiзiлуi, яғни

микроорганизмдi морфологиялық, дақылдық, биохимиялық жəне басқа белгiлерiн зерттеу үшiн таза дақыл

аламыз.

Бактериялардың морфологиялық жəне тинкториялдық белгiлерiн əр

түрлi бояу əдiсiмен жұғындыны микроскопиялық зерттеу арқылы

анықтаймыз. Дақылдық қасиеттерi бактериялардың тығыз жəне сұйық

қоректiк орталарда өсу жағдайымен сипатталып, колониялық,

морфологиясы бойынша жəне дақылдық өсуi бойынша анықталған.


Дата добавления: 2015-09-03 | Просмотры: 4494 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.008 сек.)