АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

STATUS PREASENS

Прочитайте:
  1. FUNCTIONAL STATUS (Status functionalis)
  2. INFECTIOUS HEPATITIS SYMBIOTIC TYPE WITH SUDDEN LYTIC CHANGE FULMINATING TOWARD A TERMINAL STATUS
  3. IV. Настоящее состояние (Status prаesens)
  4. IV. Объективное исследование (STATUS PRAESENS).
  5. Status localis
  6. Status localis
  7. Status localis
  8. STATUS LOCALIS
  9. Status localis
  10. Status localis

Жалпы жағдайы орташа ауырлықты дәрежеде. Есі анық, сұраққа орынды жауап береді.

Конституциясы нормоастениялды тип.

Тері қабаты таза,пигментация және депигментация жоқ. Бөртпелер анықталмайды. Тері құрғақ, тургоры сақталған, эластикалы. Тырнағы овал формалы, қалыпты түсті, өзгермеген. Көрінетін кілегей қабаттары таза, ылғалды, физиологиялық түсті, бөртпелер жоқ. Тері асты шел майы орташа дәрежеде дамыған, біркелкі таралған.

Шеткері ісінулер анықталмайды.

Шеткері лимфа түйіндері пальпацияланбайды.

Тірек-қимыл жүйесі деформациясыз.

Пальпацияда және тоқылдатқанда ауырсыну анықталмайды.

Буындары қалыпты конфигурациялы, пальпацияда ауырсыну жоқ.

ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ

Шағымы жоқ.

Дем алуы мұрын арқылы, еркін. Дем алу типі кеуделік. Кеуде торының формасы астениялды, симметриялы, тыныс алуға екі жағы бірдей қатысады. Тыныс алу жиілігі – 18 рет/мин.

Пальпациялағанда кеуде торының эластикалылығы сақталған, ауырсынусыз. Дауыс дірілі қалыпты, симметриялы.

Салыстырмалы перкуссияда барлық өкпе бетінен анық, ашық өкпелік дыбыс естіледі.

Топографиялық перкуссияда:

Өкпенің жоғарғы қыры.

Өкпе ұшының биіктігі Оң Сол
Алдынан 3см 3см
Артынан VIIмойын омыртқа деңгейінде 3см сыртқа
Кернинг кеңістігінің көлденең ені 6см 6см

 

Өкпенің төменгі шегі

Топографиялық сызықтар Оң Сол
  L. parasternalis V қ.а. -
  L. mediaclavicularis VI қ. -
  L. axillaries anterior VII қ. VII қ.
  L. axillaries media VIII қ. VIII қ.
  L. axillaries posterior IX қ. IX қ.
  L. scapularis X қ. X қ.
  L. paravertebralis ХI кеуде омыртқаның сүйір өсіндісі

 

Өкпенің төменгі қырының жылжымалылығы

Топографиялық сызықтар Оң Сол
L. mediaclavicularis 4см -
L. axillaries media 6см 6см
L. scapularis 5см 5см

Аускультациялағанда: өкпенің барлық бетінен везикулярлы тыныс естіледі. Сырылдар, крепитация, плевра үйкеліс шулары анықталынбайды.

ЖҮРЕК – ҚАН-ТАМЫР ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ

 

Объективті қарағанда жүрек маңы өзгеріссіз. Шеткі қан-тамырлар үлкеймеген. Жүректің проекциясында пульсация білінбейді. Жүрек тондары анық, ырғақты.

Пальпациялағанда жүрек ұшы түрткісі V қабырға аралығында L.mediaclavicularis sinistra-дан 1,5см оңға қарай орналасқан. Ені 1,5см2. Күші мен биіктігі орташа. Пульс екі қолында симметриялы, ырғақты, толықтығы, күші, кернеуі орташа дәрежеде. PS = 70рет/мин, AD=135/80мм.с.б.б.

 

Перкуссияда:

Салыстырмалы жүрек тұйықтығының шекаралары

 

Оң Сол жоғарғы
Төс сүйегінің оң жақ қыры бойымен IV қ.а. L. mediaclavicularissinistra сызығы бойынша V қ.а. L. parasternalis сызығы бойынша ІІІ қ.-ның төменгі қыры

 

Абсолютті жүрек тұйықтық шекаралары

Оң Сол жоғарғы
Төс сүйегінің сол жақ қыры бойымен IV қ.а. L. mediaclavicularissinistra-дан V қ.а. 2см ішке қарай L. parasternalissinistra бойынша IV қ.а.

 

Тамыр шоғырының ені кеңейген. Биіктігі ІІ қабырға деңгейінде. Жүректің салыстырмалы тұйықтығының көлденең өлшемі 11см.

Жүрек ұшында және он жақтан II қабырғааралықта систолалық шу естіледі.Аускультациялағанда жүрек тондары анық, ритмі дұрыс.

АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ

 

 

Жалпы қарағанда: жұтынуы еркін, ауырсынусыз. Ауыз қуысын қарағанда ауыздың шырышты қабаты құрғақ, ақшыл қызыл түсті, таза. Аузынан ацетонның иісі шығады. Тілінің беті ақ жабынмен жабылған.

Ішін қарағанда қалыпты формалы, симметриялы, тыныс алуға біркелкі қатысады. Көк тамырлары ұлғаймаған.

 

Пальпация:

Беткей пальпацияда іш терісі ылғалды, ауырсынусыз, тері асты шел майы жақсы дамыған.

Терең сырғымалы пальпацияда (Образцов – Стражеско – Василенко бойынша):

Ішектер Сипаттамасы
Сигма тәрізді ішек ауырсынусыз, беті тегіс, эластикалы консистенциялы, цилиндр тәрізді, диаметрі 2 см, ұзындығы 25см, жылжымалылығы 3 – 4 см, шұрылдамайды
Соқыр ішек ауырсынусыз, беті тегіс, тығыздау консистенциялы, түбі дөңгеленген цилиндр тәрізді, диаметрі 3 см, ұзындығы 9 см, жылжымалылығы 2 – 3 см, шұрылдайды
Мықын ішек және құрт тәрізді өсінді мықын ішек ауырсынусыз, жұмсақ консистенциялы, цилиндр тәрізді, диаметрі см, қозғалмалы, шұрылдайды; құрт тәрізді өсінді пальпацияланбайды
Өрмелі тоқ ішек ауырсынусыз, беті тегіс, жұмсақ, тығыз консистенциялы, цилиндр тәрізді, диаметрі 2,5 см, қозғалғыштығы 2 см, шұрылдамайды
Төмендеген тоқ ішек ауырсынусыз, беті тегіс, тығыз консистенциялы, цилиндр тәрізді, диаметрі 2 см, қозғалғыштығы 2 см, шұрылдамайды
Көлденең тоқ ішек ауырсынусыз, жұмсақ, орташа тығыз консистенциялы, көлденең орналасқан цилиндр тәрізді, диаметрі 2,5 см, қозғалмалы, шұрылдамайды. Кіндіктен 1 см жоғарырақ анықталады
Асқазан және қалтқы асқазан кіндіктен 2 – 3 см жоғары пальпацияланады, білік тәрізді; қалытқы кіндіктен 3 – 4 см жоғары оң жақ тік бұлшықеттің жанында пальпацияланады, жиырылған цилиндр тәрізді, сипағанда шұрылдайды

 

 

Перкуссияда: іштің барлық бетінде әр түрлі дәрежедегі тимпаникалық дыбыстар естіледі.

Аускультацияда: іштің барлық бетінде ішектік перистальтика шулары естіледі.

Бауыр, өт қабы және көкбауыр пальпациясы: бауыры қабырға доғасы бойымен, шеті эластикалы, консистенциясы жұмсақ, ауырсынусыз; өт қабы пальпацияланбайды; көкбауыры пальпацияланбайды.

Курлов бойынша бауыр перкуссиясы:

l. mediaclavicularis dextra 10 см
l. mediana anterior 9 см
Сол жақ қабырға доғасы 8 см

 

Курлов бойынша көкбауыр перкуссиясы:

Ені: 4 см

Ұзындығы: 6 см

ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ

Шағымдары жоқ.

Қарағанда бел аймағы өзгеріссіз. Пальпациялағанда: бүйрегі, қуығы анықталынбайды, ауырсынусыз. Соққылау, Пастернацкий симптомдары екі жағында теріс. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз.

 

Жүйке – психика жүйесі.

Санасы ашық, есі дұрыс, адекватты. Тері сезімталдығы сақталған. Ұйқысы қалыпты, көңіл-күйі әркелкі.Көз симптомы жоқ. Қарағанда салдану белгілері жоқ. Бас ауырсынуы мен бас айналуы байқалады. Ромберг дене қалпында тұра алады. Көз қарашығының көлемі мен пішіні өзгермеген. Мойын, бас бұлшықетінің треморы жоқ. Көру қабілеті нашарлаған. A.Tibialis posterior et dorsalis pedis dex et sin. пульсі сақталған. «Саусақ мұрын» сынамасын дұрыс орындайды. Есту, иіс, дәм сезу мүшелерінде өзгерістер жоқ. Есте сақтау қабілеті төмендеген.

Төменгі аяғы: Тері жамылғысы қалыпты түсті,құрғақ,қабыршақтанған.Өкшесі озгермеген,жарылулар бар.

Сезімталдылығы:тактильділігі,ауырсынуы,температурлығы,вибрациялығы-төмендеген.

ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ

Қарағанда салдану белгілері жоқ. Бас ауырсынуы мен бас айналуы байқалады. Ромберг дене қалпында тұра алады. Көз қарашығының көлемі мен пішіні өзгермеген. Мойын, бас бұлшықетінің треморы жоқ. Көру қабілеті нашарлаған. A.Tibialis posterior et dorsalis pedis dex et sin. пульсі сақталған.Қалқанша безі қарағанда үлкеймеген, пальпациялағанда ауырсынусыз.

 


 

Алғашқы диагнозды негіздеу.

Ажыратпалы диагноздың І кезеңі.

Симптомдарды синдромға айналдыру

Синдромдар Симптомдар
· Инcипидарлы синдром     · Полидипсия · полиурия · Ауыз қуысының құрғауы · Еріндерінің кебуі  
   
· Гипергликемиялық синдром · Гипергликемия
· Астено вегетативті синдром · Басының ауыруына · әлсіздікке · шаршағыштыққа · еңбекке қабілетінің төмендеуіне
· Нейропатиялық синдром · Аяқ ұштарының жансыздануы

 

 

Инсипидарлы синдром

 

1 жоқ2 айқын емес 3 орташа 4 айқын 5 ауыр түрде

Астено-вегетативті синдром

 

10 жоқ 20 айқын емес 30 орташа дәрежеде 40 айқын 50 ауыр дәрежеде

Гипергликемия

 

 

Осы синдромдардың ішіндегі жетекші синдром инсипидарлы синдром

Бұл синдром келесі ауруларда анықталады:

· Қантсыз диабет IIтипінде

· Қантсыз диабет

· Иценго Кушинг ауруы

· Қантты диабет 1 типі

Қант диабеті ІІ типі

Бұл ауру инсулинге резистенттілікпен және салыстырмалы инсулин жеткіліксіздігімен сипатталады. Оның дамып өршуіне қауіп факторлары әсер етеді; оларға: семіздік, балаларының 4000 гр салмақта туылуы, дұрыс емес тамақтану режимі, гиподинамия, стресстер, жастық ерекшелік(көбінесе егде жас адамдарда кездеседі). Клиникалық белгілер орташа көрініс береді; гипергликемиялық синдром белгілері – полидипсия, полиурия, ауыз қуысының, тері және шырышты қабаттардың құрғауы тән. Қант диабетінің бұл типі 40 жастан жоғары адамдарда жиі дамиды.Аурудың басталуы – баяу; менің науқасымда жоғары аталған белгілер кездеседі; анамнезінде қандағы қанттың деңгейі жоғарлағаны,

зерттеу кезінде ғана анықталды, ауру белгілері баяу көрініс тапқан. ІІ типті қант диабетінде дене салмағының жоғары болуы тән.Кетоацидозға бейімділік – айқын емес; жиі диабеттік асқыныстар дамиды; диабеттік ретинопатия белгілері тән

.


Дата добавления: 2015-09-18 | Просмотры: 3476 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.008 сек.)