АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Иценко Кушинг ауруы

Прочитайте:
  1. Болезнь и синдром Иценко—Кушинга
  2. Болезнь Иценко-Кушинга.
  3. Болезнь Иценко-Кушинга.
  4. В патогенезе остеопороза при болезни Иценко-Кушинга имеют значение (4)
  5. Гентингтон ауруы.
  6. Гиперпродукция АКТГ. Болезнь Иценко-Кушинга
  7. ГРАФЛОГИЧЕСКОЙ СТРУКТУРЫ ТЕМЫ: «БОЛЕЗНЬ И СИНДРОМ ИЦЕНКО-КУШИНГА»
  8. ГРЕЙВС АУРУЫ
  9. Для болезни Иценко-Кушинга характерны (3)

Иценко Кушинг ауруы – екі жақты бүйрекүсті безінің гиперплазия, гиперфункциясымен (гиперкортицизм) және кортикотропин гиперсекрециясымен сипатталатын гипоталамо-гипофизарлы ауру.

Иценко Кушинг ауруы бас ми жарақаттарынан, ми шайқалуынан, энцефалиттен, арохноидиттен, жүктілік пен босанудан кейін пайда болуы мүмкін. Көп жағдайда ИК ауруы кезінде гипофиздің базофильді аденомасы болады.

Шағымы: Сырт бейнесінің өзгеруі, семіздіктің дамуы, жалпы және бұлшықет әлсіздігі, іште, кеудеде, бөксе терісінде созылыңқы қызыл жолақтардың пайда болуы, тері құрғауы, шаштың түсуі, беттің және дененің түктенуі, етеккір бұзылысы, омыртқа жотасының ауырсынуы, ұйқысының бұзылысы, бастың ауруы, шөлдеу (қант диабеті дамығанда).

Жалпы қарағанда: тері асты май клечаткасының иық, кеуде, іш, омыртқа жотасының мойындық аймақтарында артық жиналуы және диспластикалық таралуы. Беті ай тәрізді, домалақ пішінді. Тері жамылғысы құрғақ, әртүрлі аймақтарда іріңді бөртпелер. Әйелдерде бетінде түктенулер болады. Петехиялар, стриялар көрінеді. Еркектерде гинекомастия дамиды. Бұлшықет тонусы төмендеген, атрофияланған. Ал менің науқасымда салмағы төмен,бетінің өзгеруі байқалмайды.Қол,аяқ бұлшықеттерінде атрофия байқалмайды.

 

Қантсыз диабет:

Қантсыз диабет – антидиуретикалық гормонның абсолютті немесе салыстырмалы жеткіліксіздігінен дамиды.

Шағымы: шөлдеу, полиурия, аузының құрғауы, терісінің және шырышты қабаттарының құрғауы,тәбетінің төмендеуі, арықтау, жыныстық қызмет бұзылыстары. Менің науқасымда соңғы жылдары төрт кг.ға арықтаған және екі аяғының тері жамылғысы құрғақ.Қантсыз диабетті жоққа шығара алмаймын,сондықтан лабораторлы және аспаптық зерттеу қажет.

 

Қантты диабет 1 тип.

Инсулинге тәуелді қант диабеті ұйқы безінің бета клеткаларының деструкция нәтижесінде инсулиннің бездік жеткіліксіздігінен және оның толық болмауынан дамитын зат алмасу бұзылыстарымен,қан тамырларының,жүйкелердің және әртүрлі ағзалар мен тіндердің дерттік өзгерістерімен сипатталатын ауру. Инсулин тәуелді қант диабеті – тұқым қуалайтын аутоиммунды ауру, сыртқы ортаның әсер етуші факторларынан (вирусты инфекция, цитотоксикалық заттар) дамиды.

Шағымдары: аузының құрғауына, шөлдеуге, полиурия, тәбеттің жоғарылауына, арықтау, әлсіздік, терідегі қышыну, инфекциялық аурулармен жиі ұшырауына, көру қабілетінің төмендеуі. Қант диабетінің І типінің ерекшелігі – клиникалық көріністердің жедел басталуы және айқын метаболитикалық бұзылыстардың тез дамиды. Көбіне жас адамдарда және балаларда кездесіп, коматозды жағдай дамығанда анықталады.

Менің науқасымның шағымдары: Үдемелі әлсіздік, ауыздың құрғауы, шөлдеуге, салмағының азаюы, басының ауырсынуы, бас айналуы мен аурудың жас кезінде басталуы байқалды.Бұл симптомдар қантты диабеттің Iтипіне сәйкес келеді.

.

Симптомдар Қант диабеті II тип Қант диабеті I типі Қантсыз диабет Иценго-Кушинг
Полиурия,полидипсия,әлсіздік,ұйқышылдық + + + -
Салмақ артуы + - - +
Бас ауруы,бас айналуы - - + +
Ыстықты шыдамау - - + -
Жедел дамуы - + + _
Тері құрғауы + + - +
Жастық кезде манифестация - + -/+ +
Саусақтардың треморы - - + -
АД жоғарлауы - - -- +

АЛҒАШҚЫ ДИАГНОЗДЫ НЕГІЗДЕУ

- Қант диабеті -организмде инсулиннің нағыз немесе салыстырмалы жеткіліксіздігінен дамитын, зат алмасу бұзылысымен қан тамырлар жүйелерімен жүйкелердің әртүрлі мүшелермен тіндердің патологиялық өзгерістерімен сипатталады.

- Iтип - Шағымдары мен байқалған симптомдарына сүйене отырып:: Үдемелі әлсіздік,аяқтарының отырып-тұрғаннан кейінгі ісінулер, ауыздың құрғауы, шөлдеуге, салмағының азаюы, басының ауырсынуы, бас айналу

Өмір тарихы мәліметтеріне сүйене отырып: әпкесінен тұқымқуалаған.

- Ауырлық дәрежелі: айқын инципидарлы синдромға және асқыныстарына байланысты. Асқыныстары: Диабеттік пролеферативті ретинопатия,диабеттік симметриялы полинейропатия,энцофалопатия,диабеттік нефропатия,диабеттік гастропатия)

- Декомпенсация сатысы: айқын гипергликемия 20ммоль/л

Жоғарыда келтірілген мәліметтерге сүйене отырып, менің алғашқы диагнозым: Қант диабеті І типі,ауыр дәрежелі, декопенсация сатысы.

Диабеттік пролиферативті ретинопатия: торлы қабықтағы ангиопатия созылмалы қант диабеті салдарынан дамыған.

Диабеттік симметриялы полинейропатия,ІІ дәреже -объективті қарағанда екі табанында гиперпигментация,оң жақтағы бірінші бақайының қызаруы,проприоцептивті сезімталдығының төмендегеніне,невропотолог қорытындысында(диабеттік полинейропатия ІІ дәреже)байланысты қойылды.

Диабеттік гастропатия: ФГДС бойынша:эрозивті емес рефлюкс-эзофагит

Макроангиопатия:дисциркуляторлы энцофалопатия 2 дәреже- есте сақтаудың төмендеуімен,бастың айналуы,қант диабеті және артериялды гипертензияға байланысты бастың ауруымен көрінеді.

Артерияльдық гипертензия- баяу типті прогрессирленген ағымына негізделеді,систола диастолалық сипатта.

-І тип АҚ көтерілуімен көрінеді 140-159/90-109мм.сн.бағ

-4 Қауіп факторы- АҚ көтерілуімен және ассоцирленген ауру:қант диабетімен.

Жоғарыда келтірілген мәліметтерге сүйене отырып, менің алғашқы диагнозым: Қант диабеті І типі,ауыр дәрежелі, декопенсация сатысы

 

 

Хаттама бойынша зерттеу жоспары:

1. Жалпы қан анализы.

2. Жалпы зәр анализы.

3. Зәрді ацетонға тексеру

4. Зәрді Нечипоренко әдісі бойынша тексеру

5. Зәрді Зимницкий әдісі бойынша тексеру

6. Қанның биохимиялық анализі (АлТ, АсТ, К+, креатинин, ақуыз, альбумин, амилаза, билирубин, сілтілі фосфатаза, холестерин).

7. Қанда қантты анықтау.

8. Коагулограмма.

9. ЭКГ

10. Құрсақ қуысының және бүйректің УДЗ

11. Аяқ қантамырларынын доплерлік тексеру

12. Кеуде қуысының рентгенограммасы

13. Офтолмолог консультациясы

14. Невропатолог консультациясы

15. Хирург консультациясы

Ал менің науқасымда төмендегідей тексеру жоспары жүргізілген:

1. Жалпы қан анализі

2. Жалпы зәр анализі

3. Қанның биохимиялық анализі (АлТ, АсТ, К+, креатинин, ақуыз, альбумин, амилаза, билирубин, сілтілі фосфатаза, холестерин).

4 Қанды қантқа тексеру

5 Коагулограмма.

6. ЭКГ

7. Құрсақ қуысын УДЗ

8. Офтолмолог консультациясы

9. Невропатолог консультациясы

10.Нефролог консультациясы

Лабораторлық зерттеу көрсеткіштері мен олардың интерпретациясы:

Жалпы қан анализі:16. 01.2015ж

Эритроцит -5,0 х1012;

Гемоглобин-140 г/л,

Түстік көрсеткіш -0,9

ЭТЖ-16 мм/сағ;

Лейкограмма: лейкоциттер -3,8 х10 9л;

 

      Нейтрофилдер    
  Б Э Жас Таяқша Сегментті Лимф. Мон.
Қалыпты (%) 0-0,5 0,5-5,0   1-6 47-52 19-37 3-11
Нәтижесі (%) -            

 

 

10.02.2015ж

Эритроцит -4,8 х1012;

Гемоглобин-145 г/л,

Түстік көрсеткіш -0,9

ЭТЖ-15 мм/сағ;

Лейкограмма: лейкоциттер -4,7 х109л;

 

      Нейтрофилдер    
  Б Э Жас Таяқша Сегментті Лимф. Мон.
Қалыпты (%) 0-0,5 0,5-5,0   1-6 47-52 19-37 3-11
Нәтижесі (%) -            

 

Қорытынды: өзгеріссіз

 

Жалпы зәр анализы: 16.01.2015ж

Түсі – сары

Мөлдірлігі –мөлдір

Тығыздығы –1013

Реакциясы – қышқыл,

Ақуыз –теріс

Лейкоцит –1 в п/зр,

Эритроцит -теріс

Қант –теріс

Ацетон- - - -

Қорытынды: өзгеріссіз

 

Қаның биохимиялық анализі: 19.01.2015ж

Жалпы ақуыз - 71г/л

Глюкоза – 9,2ммоль/л 3,3-5,5 ммоль/л нормада

Мочевина – 5,3 мкмоль/л

Креатинин – 50мкмоль/л

АлАТ – 9,80ед/л

АсАТ – 10,60ед/л

Жалпы билирубин – 21 мкмоль/л

Холестерин -7.3 мкмоль/л -5,2 дейін нормада

Триглициридтер – 2,9ммоль/л -2,2дейін нормада

В липиды 0.27 г\л

Қорытынды: гиперхолестеринмия,гипергликемия

 

Гликозирленген гемоглобин 7 %

 

Қанда қантты тәуліктік өзгерісін анықтау:

15.02.2015 20,5моль/л

16.02.2015 8:00 -13.8 ммоль/л

13.00 –13, 8 ммоль/л

19.2015 8:00-12,7 ммоль/л

13:00-11,6ммоль/л

20.02.2015 8:00-8,8ммоь/л

13:00-8,8 ммоль/л

21.02.2015 8:00-8,9ммол/л

13:00-9,4 ммоль/л

22.02.2015 8:00-5,0 ммоль/л

13:00-8,8 моль/л

Қорытынды: қант мөлшері жоғарылаған

 

 

ЭКГ:

Ырғағы синусты, ЖСС -80 ЭОС қалыпты

Қорытынды: потологиялық бұзылыстар анықталмайды.

 

Құрсақ қуысының және бүйректің ультрадыбысты тексеру:

Бауыр: ұлғаймаған, өзгермеген

Бауыр қақпа венасының өлшемі 1.9 см

Өт қабы: өлшемі 8,2 x 3,4 см; пішіні –овальді

Ұйқы безі: басы -2,0; денесі -1,5; құйрығы -2,0

Көкбауыр: 8,8 x2,3 см

Қорытынды:: потологиялық бұзылыстар анықталмайды.

Мамандардың консультациясы:

Окулист:

көру нервінің дискісінің неоваскуляризациясы және басқа торлы қабықтың бөліктері, ретинальды, ретина алды, инравитреальды қан кету, гемофтальм, қан кету және неоваскуляризация аймағында фиброзды тін пайда болуы

Қорытындысы: Диабеттік пролиферативті ретинопатия.

Невропатолог:

объективті қарағанда екі табанында гиперпигментация,оң жақтағы бірінші бақайының қызаруы,проприоцептивті сезімталдығының төмендегеніне,невропотолог қорытындысында(диабеттік полинейропатия ІІ дәреже)байланысты қойылды.

Қорытындысы: Диабеттік симметриялы полинейропатия, ІІ дәр

 

 

Ажыратпалы диагноздың II кезеңі

Қантты диабеті 1типінде:

· ЖҚА: Жиі лейкоцитоз

· ЖЗА: глюкозурия, кетонурия, ацетон оң нәтижелі болады.

· ҚБА: гиперхолестиринемия,инсулин деңгейі төмендейді.

· Бұл типте ұйқы без аралшықтарына антиденелер анықталады.

· HLAгаллотиптерімен Be,B15, DRw3,DRW4,Dw3,Dw4 ассоциациясы болады.

Ал менің науқасымда жалпы қан анализінде өзгеріс жоқ. ЖЗА глюкозурия ацетон оң. ҚБА гипертиримия, инсулин қалыпты. Қант мөлшері жоғары.

 

Қантсыз диабетте:

· ЖҚА: ешқандай өзгерістер жоқ. Айқын дегидратация болса: қан құрамы қоюлануы мүмкін(эритроцитоз,гемоглобин көтерілуі мүмкін,лейкоцитоз)

· ЖЗА: глюкозурия болмайды. Қантсыз диабетте зәрдің салыстырмалы тығыздығы төмен (1.001-1.003кг/г). Ацетон болмайды.

· Қандағы қант деңгейі қалыпты

· ҚБА: натрийің мөлшері жоғарылауы мүмкін,плазманың гиперосмалярлығы.

· КТ және МРТ да: гипофиз аденомасы немесе басқада ісіктері.

· Қандағы АДГ мөлшері: абсолютті жетіспеушілігінде төмен болады. Ал салыстырмалы түрінде қалыпты немесе төмен.

· Глюкозаға толеранттылық тесті: теріс

Иценко Кушинг ауруында:

· ЖҚА: гемоглобин жоғарылайды,эритроцитоз, лейкоцитоз,лимфопения, эозинопения, ЭТЖ жоғарылайды

· ЖЗА: Зәр реакциясы сілтілі,глюкозурия,протеинурия, лейкоцитурия, трипельфосфатурия.

· ҚБА: гипокалиемия, гипернатриемия, кальций мөлшерінің жоғарлауы, В липопротеидтер мөлшері жоғарылауы.

· ИИ: LgM және LgG төмендейді,нейтрофильдердің белсенділігінің төмендеуі.

· Қандағы гормондар мөлшері: Кортикотропин,кортизол жоғарылауы

· ЭКГ: гипокалиемия белгілері,СЖҚ гипертрофиясы.

· Бүйрекүсті безі УДЗ: диффузды немесе диффузды түйінді ұлғаюы

 

Клиникалық диагнозды негіздеу:

Алғашқы диагнозымның I және II кезеңдеріне шағымдарына, анамнездік деректеріне, обьективті белгілеріне және зертханалық-аспаптық зерттеу нәтижесін негізге ала отырып, клиникалық диагнозым:

Қант диабеті,І тип,ауыр дәрежелі,декомпенсация сатысы.Диабеттік пролиферативті ретинопатия.Дистальды симметриялы полинейропатия,ІІдәреже.Диабеттік гастропатия.

Макроангиопатия:Дисциркуляторлы энцефалопатия ІІ дәреже.Артерияльды гипертензия 1 сатысы,қауіп 4(ҚД)

Оны негіздейтін:

Қантты диабет- Қант диабеті ауруы организмде инсулиннің нағыз немесе салыстырмалы жеткіліксіздігінен дамитын, зат алмасу бұзылысымен қан тамырлар жүйелерімен жүйкелердің әртүрлі мүшелермен тіндердің патологиялық өзгерістерімен сипатталады.

І типті:науқас шағымындағы инсипидарлы синдром, жас шамасына байланысты 36 жастан бастап ауырған., гипергликемия, глюкозурия.

 

Ауыр дәрежелі- дамыған асқыныстарына байланысты: диабеттік пролеферативті ретинопатия, диабеттік нефропатия ІІІ сатысы СБЖ 0, дистальды симметриялық полинейропатия II сатысы.

Декомпенсация сатысы - дережеде аш қарынға глюкоза мөлшерінің 11,0 ммоль/л ден жоғары болуы, тәуліктік глюкозурия 40 г/л ге, гликозирленген гемоглобиннің 7% дейін болуына байланысты.

Диабеттік ретинопатия шағымындағы көзінің көру қабілетінің нашарлағанына, окулисттің қорытындысы бойынша.

Диабеттік нефропатия,протеинурия сатысы – зәр анализіндегі глюкозурия, протеинурия, анамнезіндегі көп жыл бойы қант диабетімен зардап шеккеніне, УДЗ да диффузды өзгерістерге негізделіп қойылды

СБЖ 0-Шумақты фильтрацияның жылдамдығы мен креатинин деңгейіне негізделе қойылды, ешқанлай клиникалық көріністер байқалмайды. ШФЖ-83мл/мин, креатинин-50мкмоль/л.

Дистальды симметриялы полинейропатия- объективті қарағанда екі табанында гиперпигментация,оң жақтағы бірінші бақайының қызаруы,проприоцептивті сезімталдығының төмендегеніне негізделіп қойылды

 

Артериялық гипертензия І дәрежесі Қауіп 4- АҚ түскен кезде 140/90 болды, қауіп 4- қант диабетімен ұзақ жылдан бері ауыруына байланысты

 

ФК 0- тыныш жағдайда жағдайы жақсы, ентігу ісіну жоқ

ҚЖ 0- тыныш жағдайда жағдайы жақсы, ентігу,ісіну жоқ

 

Науқасты госпитализациялаудың мақсаты:

>инсулиннің мөлшерін оптимизациялау және коррекциялау

>асқыныстарды емдеу


Дата добавления: 2015-09-18 | Просмотры: 4945 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.019 сек.)