АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Гентингтон ауруы

Прочитайте:
  1. Рейно ауруы.
  2. Хорея Гентингтона. Тип наследования, диагностические критерии. Принципы лечения.

Гентингтон аруы – нерв жүйесінің тұқым қуалайтын баяу үдемелі ауруы. Ол созылмалы гиперкинезбен, психиканың бұзулуымен және үдемелі деменциямен жүреді. Жіктелуі: Классикалық гиперкинетикалық түрі. Ювинеьлді. Психопатологиялық. Этиологиясы: аутосомды доминантты жол мен беріледі. 4р16.3 хромосоманың қысқа иығында орналасады. Гентингтон ауруы тринуклоиттардың – ситазин – адинин – гуаниннің санының көбеюінен дамиды. Эпидемиологиясы: ауру европа елдерінде жиі кездеседі. Ауру 30 -50 жас аралығында, жиі еркектер аурады. 100мың адамға шаққанда 1-3 кездеседі. Клиникасы: аурудың алғашқы белгілері интеллекттің бұзылыстары және беттегі еріксіз қозғалыстар. Гиперкинездер бетінде, қолында, аяғында байқалады. Аурудың басында гиперкинездер балсенді болады ал соңына қарай атония дамиды. Кардинация және сөйлеудің бұзылыстары. Ауру үдей келе барлық бұлеттердің функциясы бұзылады, науқастар шайнауға жұтынуға қиналады. Абстракты ойлаумен естің нашарлауы бірге жүреді. Аурудың соңында науқастар іс қимылына мүлдем жауап бермейді, деменция дамиды. Диагностикасы: физикалық зерттеулер – психологиялық, неврологиялық тексерістер. КТ. МРТ. Емі: толық емделмейді, бірақ симптоматикалық ем арқылы симптомдарын жеңілдетуге болады. Гиперкинезді жеңілдету үшін паркинсанизмге қарсы дәрілерді қолданады.

4. Невроздың түрлері және олардың қысқаша сипаттамасы.

Невроздар ол психикалық жарақаттың әсерінен пайда болатын ауру, жалпы күйдің және әр түрлі самотовегетативтіфункциялардың бұзылуымен, эмоционалды тұрақсыздықпен, қоршаған ортаға дұрыс баға берүдің жеткілікті сақталмауымен және өзінің ауруын түсүнумен жүреді. Психикалық жарақат жедел эмоционалды стресс пен немесе айқын емес, бірақ ұзақ мерзімдік жағымсыз күйзелістермен, эмоциональді ажырау ситуациясымен байланысты болуы мүмкін. Әр түрлі клиникалық көріністер басым болуына байланысты невроздар бір неше формаға бөлінеді. Түрлері: невростения, жабысқақтық неврозы, истериялық невроз, ипохондриялық невроз, невротикалық депрессия.

Невростения – невроздың бұл тобының клиникалық көрінісіне барлық психикалық үрдістердің айқын қажуы тән. Науқастар тез шаршайды, көңіл күйі тұрақсыз, жиі аффект ұстамалары, тітіркену реакциялары жеңіл пайда болады. Ұйқысы бұзылады, нашар уйықтайды немесе ұйқысы беткей жиі ойанады, ұйқыдан кейін демалғандық сезімі болмайды. Неврастенияның клиникалық көрінісіндегі психопатологиялық бұзылыстар неврастенияда 3 формасын ажыратуға мүмкіндік береді: гиперстениялық, тітіркенген әлсіздік, гипостениялық. Классикалық жағдайларда ауру гиперстеникалық жағдайдан басталады, содан кейін тітіркенген және гипостения байқалады. Гиперстенияда науқастар өте тітіркенгіш, ұстамсыз, шыдамсыз, зейін бұзылысы байқалады. Кейін тітіркену көріністері айқын әлсіздікпен бірге жүреді, науқастың гиперактивтилігімен алмасып отыратын апатия, ұйқышылдық эпизоттары пайда болады. Гипостениялық сатысында интеллекттің қажуы, физикалық жұмыстарды орындаудың қыиндауы жоғары ұйқышылдық, әлсіздік, психикалық және физикалық астения симптомдары басым болады.

Истериялық невроз – клиникасы әр түрлі. Клиникасында жүрек қан тамыр асқорыту тыныс алу бұзылыстарымен көрінеді. Истериялық невроздарда қозғалыспен сезімталдықта бузылысы байқалады. Науқастар жүріп тұралмайды, қабақ спазмдары, афония, аяқ қолдың салдануы, сезімталдықтың бұзылуы инервация зонасына сәйкес келмейді. Ауру симптоматикасының ерекшелігі, ағза жүйесіндегі бұзылыстардың жоқтығы, симптомдардың психогендік факторларменбайланысты дамуы.

5. Тәуелділік ауруының терапиясына негізгі бағыттар.

Алкогольді тәуелділіктің емі. Емдеудің бастапқы сатысы жедел алкагольді эксцесстерді басуға,тоқтату симптомдарын пциенттің соматикалық саулығының басты көрсеткіштерін тоқтатуға бағытталған. Ол детоксикациялық шаралар, психофармокологиялық ем жәнеорын басушы терапия арқылы жүргізіледі.

Детоксикациялық терапия: плазманың орнын басушы тұзды ертінділер, гипертониялық ісінуге қарсы ертінділер, тиол препараттары.

Ноотроптылар: пиролидин туындылары – пироцитам.

Психотропты заттартранквилизаторлар: седуксен, диазепам, элениум, грандаксин, феназепам. Антидепрессанттар: амитриптелин, пиразидол. Тимолептикалық нейролептиктер: карбидин, теролен, хлорпротиксен, сироквель.

Орынбасушы терапия – витаминдер: тиамин, пиродоксин, никатин қышқылы, аскарбин қышқылы.

Наркалогиялық ауруларды емдеу принциптері.

Негізгі принциптері: 1. Еріктілік. 2. Максимальды индивидуальдылық. 3. Кешенділік. 4. Психоактивті заттарды қолданудан бас тарту.

Емдеу кезіндегі терапияның нысандары мен денгейлері: Биологиялық, клиникалық, әлумметтік.

Терапия типтері. Биологиялық: Катихоламиндер денгейін реттеуге әсер ететін дәрілер-нейролептиктер, нейропептидтер, антидеприсанттар. Апиаттық ретцепторлық жүйе блакаторлары- антаксон. Антиконвульсанттар- депакинхроно.

Психотерапиялық: Суггестивті әдістер. Жұрыс-тұрыстық әдістер. Топтық дискуссиялық әдістер. Ойындық әдістер. Гештальт терапия. Синтетикалық.

Әлеуметтік. Жанұялық терапия. Терапиялық брлестіктер (Анонимді маскүнемдер, Анонимді наркомандар). Жүйелік интервенция әдістері. Әлеуметтік-психологиялық тренинг.

6. Есеп.Ситуациялық жағдай:Психопатологиялық симптомдар: соңына түсу сандырағы,,есту галлюцинациялары, агрессия, бойын үрей билейді. Науқастың жүріс тұрысы, әркеттері сандырақ фабуласымен байланысты. Басты психопатологиялық синдром:Психикалық бұзылыстармен Алкогольді Абстинентт і синдром. Галлюцинаторлы-параноидты синдром. Нозологиялық диагноз: Алкогольді параноид. Психиатриялық көмек көрсету тактикасы: Алкогольды параноид кезінде науқас шұғыл көмекті және психиатриялық көмекті қажет етеді. Психотерапиялық әңгімелесу, тыныштандыратын заттар, ұйықтатын дәрілер, транквилизаторлар, антидепресаннтар, нейролептиктер. Емі: Науқас психиатриялық стационарға шұғыл госпитализациялауды қажет етеді. Емі кешенді. Емнің міндетті компоненті алкогольді дезинтоксикация., дезинтоксикациялық ерітінділер, витаминотерапия.Психотропты препараттарды таңдағанда 2-3препаратты үйлестіріп қолдану ұсынылады: галоперидол, аминазин, тизерцин.Нейролептиктермен ұзақ уақыт емдегенде оларға корректорларды (циклодол, паркопан) қосу қажет.

 

 

 

 

 


Дата добавления: 2015-08-26 | Просмотры: 3366 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.004 сек.)