АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Билет 3 1 страница
1 НейроЖИТС. Классификация,этиология, эпидемиология, клиника, диагностика, лечение. Адамның иммунодефицитті инфицирленген вирусы (АИВ-инфекция) латентті вирусты тасымалдаушы түрінде өтіп кетуі мүмкін және синдромның жүре пайда болған имунды тапшылық түрінде (СПИД), АИВ – инфекцияның соңғы сатысы болып табылады. АИВ-инфекциясы, ереже бойынша әртүрлі неврологиялық симтомдармен қатар жүреді. АИВ-инфекциясына байланысты екі неврологиялық топ пайда болады. Бірінші топ – ОЖЖ зақымдалуына және периферикалық жүйке жүйесінің ретровирусымен тікелей салдары. Екінші топқа патологиялық жағдайы кіреді, иммундық тапшылығының салдары жатады. Бұл оппортунистиялық (екінші реттегі немесе параллельді) инфекция орталық және перифериялық жүйке жүйесінің зақымдалуы, ми тіндерінің саркома Капоши локализациясы, ОЖЖ біріншілік лимфомасы. Этиологиясы: СПИД вирусы 1983 ж. Францияда (Л. Пастер атындағы институт) және АҚШ (Р. Галло зертханасында) бір уақытта сипатталды. Бұл вирус ретровирусты топтан өте жоғары түрленгіштігін игереді. Қазіргі уақытта АИВның негізгі түрлері сипатталды. Генетикалық материал ретінде вирус РНК құрайды, яғни адамның тінінде геномды материалда арнайды вирусты ферменттің – вирусты транскриптазбен жеңіл орналасады. АИВ тінде белсенді көбейеді, вирустың әсерінен жұқтырылған кейбір тіндер гигантты және көп ядролы болып келеді. АИВ адам қанында және оның тіндерінде ұзақ уақытта айналымда болуға қабілетті, бірақ бұдан патогенді әсері болмайды. АИВ тасымалдаушының барлығында СПИД дамымайды, бірақ олардың көбісі қауіп тобын құрайды. Осы латентті кезеңнің қуаттаушы механизмі сондай-ақ вирустың белсендену себебі қазірге дейін толық анық емес. Шешуші мәні болып қосымша, сыртқы факторлар, сондай-ақ және басқа инфекциялар, яғни латентті вирус тасымалдаушы кезеңде компенсаторлы механизмнің бұзылуын шақырады. Иммунды жүйенің толық жағдайы үлкен мән береді, яғни ағзаға токсикалық және инфекционды әсерінің байланысуы сондай-ақ және сол адамның генетикалық ерекшелікті иммунитеттің түзілуі болып табылады. Эпидемиологиясы: АИВ сыртқы ортаға тұрақсыз. Әзірге жұқтырудың негізгі төрт түрін дәлелдеген. Біріншісі - жыныс жолы арқылы. Бұл жолы әсіресе гомосексуальды контакты кезінде жұқтырылады, ерте кезеңінде пандемия дамуын қамтыған және көбісі шырышты қабықшаның микрожарақатымен байланысты болған. Көп жағдайда гетеросексуальды контакт кезінде жұқтырылады. Қазіргі уақытта негізгі (екінші) жұқтырылу жолы - қайталама қолданған лас қан жұқтырылған медициналық құралдар, наркомандардың көп ретті қолданылатын инесі мен шприцтер кезінде жұқтырылады. Медицинадағы пресонал ластанған медициналық инструменттерді кездейсоқ шаншыған кезінде жұқтырылуы мүмкін. Кейбір жағдайда берілу жолы шаштараздарда кездейсоқ тілу кезі, стоматологиялық кабинеттегі инструменттердің толық емес залалсыздандыру кезі болып табылады. Үшінші берілу жолы – қан дәрілер және оның компоненттері арқылы – ерте кезеңінде пандемия дамуы болған. Барлық әлемде 80- жылдың соңында барлық қан дәрілерден вирусты материалды анықтау үшін міндетті түрде бақылау тұрақтанған, сондықтан бұл берілу жолы мәнсіз болып табылады. Төртінші жұғу жолы – АИВ жұқтырылған анадан балаға беріледі, трансплацентарлы – үлкен эпидемиологиялық мәні жоқ. Басқа берілу жолдары АИВты бір адамнан берілуі әзірге дәлелденбеген. Бұл аурудың жұқтырылу кезіндегі инкубационды кезеңін анықтау қиын. АИВ жүйке жүйесі және иммунды тіндерде тұрақтану қабілетті. Вирус тінге бағытталып, өз мембрана молекуласындағы CD4-peuenтopын зақымдайды. Иммунды жүйе тіндер арасындағы бұл рецептор негізгі хелперлі тіндердің қызыметін Т-лимфоциттер, құрайды. Аз кезеңде бұл белок басқа мемрана тіндеріне, жиірек жүйке жүйесі тіндеріне, әсіресе микроглия, қан тамыр қабырғалардың және т.б. тіндерде орналасады. АИВ өзінің беткей белоктарының қатысу кезінде, яғни келесі тіндерінің экспрессирленуші беткей жұқтырылған тіндерінде СD4-рецепторымен байланысады. Патогенезі: АИВ - инфекциясы кезінде иммунды жүйенің зақымдалуы тек қана вирустың Т-хелперлы тіндеріне тікелей немесе тікелей емес (иммунды механизмнің қатысуы кезінде) цитотоксикалық әсері ғана емес, сонымен қатар иммунды регуляциясының бұзылысына жауабымен байланысты. Т-лимфоцитті-хелперлер барлық иммунды жүйе тіндерінің дифференцировка және пролиферациясы, стимуляциясы және координациясын жүргізеді, В-тіндердегі антидене түзілуін стимулирлейді, әртүрлі цитокиндерді түзеді иммунды жүйенің координирлейді. Хелпер белсенділігінің өзгерісі немесе азаюы барлық вирустарға, бактерияларға, қарапайымдарға, иммунды жауаптың бұзылысына алып келеді, бұлардың көбісі иммунды тапшылықтың болмау кезінде шартты – патогенді мәнге ие. Иммунды жүйедегі жұмысның реттеу бұзылысы СПИДты иммунды тапшылықты науқастарда аутоиммунды үрдісінің болуымен, өзіндік антигенге реттеусіз реакцияның болуымен көрінеді. СПИДтің кейбір неврологиялық көріністері сондай-ақ аутоиммунды реакциялармен байланысты, мысалы полиневропатия және асептикалық менингит.
Вирустың жүйек тініне тікелей әсері зақымдалған тіндердегі биохимиялық өзгерісі және мидың антигеніне аутоиммунды реакцияның дамуымен көрінеді. Неврологиялық симптоматикалардың даму себебі болып тіке цитопатикалық әсері, сондай-ақ және иммунды жүйе дисбалансы типі бойынша жүйке жүйелерінің тіндер арасындағы өзара бұзылысы болып табылады. Оппортунистикалық инфекция арасында мидың цитомегаловирустармен, герпес тобының вирустары, токсоплазма, гистоплазмамен, саңырауқұлақпен зақымдалуы жиі байқалады. Көптеген аурулар, мысалы ОЖЖ біріншілік лимфома немесе криптококкты менингет, тек СПИДты науқастарда байқалады. Кейбір аурулар бір мезгілде АИВмен жұқтырылуы және басқа инфекционды агенттер кезінде дамиды, мысалы өршімелі мультифокальды лейкоэнцефалопатия бір мезгілде АИВ және 1 С-вирусы, Капоши саркома әсерімен байланысты, сондай-ақ бір мезгілде тамырлар эндотелиясына АИВ және Эпштейна-Барр вирусы әсерінен дамиды. Клиникалық көрінісі: Инкубационды кезеңі Бірінші сатылардың көрінісі. Жедел қалтырау кезеңі. Симптомсыз кезеңі. Персистирленген таралымды лимфаденопатия. Аурулардың екінші сатысы. СПИД кезінде жүре пайда болған иммунодефицит синдромы. Оппортунистикалық инфекция. Қатерлі ісіктер. СПИД кезіндегі иммунитеттің бұзылуы. СПИДтің клиникалық түрі: 1.Жүйке жүйесінің біріншілік зақымдалуы; Орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы; Шеткері жүйке жүйесінің зақымдалуы (шеткері невропатия); Бұлшық еттің зақымдалуы (миопатия). 2.Жүйке жүйесінің екіншілік зақымдалуы; Оппортунистикалық инфекция; Орталық жүйке жүйесінің ісігі; СПИДпен ауыратын науқастың ми қан айналымының бұзылуы; СПИДте АИВ инфекциясы кезінде мидың интегративті функциясының және психологиялық бұзылыстары; Когнитивті және эмоциональды бұзылулар; Психологиялық бұзылыстар. Диагностикасы: Аурудын бастапкы сатысында нейропсихологиялык тесттер жургизеди. Эпидемиялык (эндемиялык аудандарда болу,адепсиз жыныстык катынастар, гомосексуализм, нашакорлык,гемофилия)талдаудын натижесинде,лимфоаденопатия, удемели субкортикалык деменция, жиі болатын пневмония, сепсис, атипиялык Капоши саркомасы и баска да иммунитет томенденуинин белгилерине, серологийлык зеттеулердин натижесинде иммунды ферменттік анализ аркылы антиденелерді аныктау суйенуге тиісті.Серонегативти ауруларда тіпті, неврологиялык белгілер болмаса да, ми-жулын суйығында аздаған немесе орта деңгейдегі лимфоцитоз, белок молшеринин көбеюі, жане глюкозаның азаюы жиі анықталады. Ми КТ-сында әдетте шашранды ми қыртысының атрофиясы мен қарыншаларының кеңейгендігі көрініс береді. МРТ-ның Т2-суреттемесинде ақ заттан сигналдың көп ошақты қамти немесе шашранды таралғаны байқалады. ИФА анықталады(ВИЧ-ка бириншилик антидене болингенде). Емі: Вирусқа қарсы перепаратттар тағайындайды; Зидовудин (ретровир, ацидотимидин) 200 мг кунине 6 рет; залцитабин 0,75 мг кунине 3 рет; интерферон-альфа, виферон, саквинавир, индинавир, тимоген. Антиретровирусты терапия. Теріс траискриптаздың нуклеозидты ингибиторлары. Теріс траискриптаздың нуклеозиды емес ингибиторлары. Протеаз ингибиторлары. Оппортунистикалық инфекция емі. Иммунотерапия. Рекомбинантты интерлейкин-2 қолдану. рИЛ-2 дәрілі монотерапия. Комбинирленген терапия (химиотерапия антиретровирусты дәрілер иммунотерапия рИЛ-2). Интерферонды және оның индукторын қолдану. АИВ-инфекциясы кезіндегі циклофероннің белсендігі. Иммунотерапияға альтернативті бағыттар
2 Қанның, зәрдің, каланың, ликвораның анализі. ЭЭГ, ЭМГ, Эхо-ЭГ, ГЭГ, бассүйектің рентгенографиясы, компьютерлік томография, ангиография мәліметтері.
Зерттеу әдістері.
Краниография
| Бассүйектің рентгенографиялық зерттеулері
| Осы әдістің көмегімен, бас сүйек ішілік қысымның жоғарлауы немесе ісіктің сүйекке қысым ету әсерінен пайда болған жергілікті және жалпы озгерістерді анықтайды.
| Вентрикулография
| Ауа немесе рентген контрастты затты енгізу аркылы ми қарыншаларын зерттеу.
| Ми қарыншаларының деформациясының көлемін, орналасуын, формасын көруге мүмкіндік береді.
| Пневмоэнцефалография
| Жұлын-ми сұйықтығының циркуляциялық жолының жағдайын бағалауға мүмкңндңк беретін, бас сүйегінің контрастты рентгенография түрі
| Бұл әдістің көмегімен, қарыншаның көлемін, орналасуын, формасын және бас миының субарахноидалді кеңістігінің жағдайын бағалауға болады. Бұл әдіс гидроцефалияның диагностикасында кең қолданылады. Кистозды арахноидитті диагностикалауға мүмкіндік береді.
| Ортопантомография
| Майысқан қатпардың суретін, жалпақ рентген пленкасында алуға мүмкіндік береді. Зерттеліп отырған қатпардың қалыңдығын және тереңдігін өзгертуге мүмкіндік бар.
| Жақ-беттік аймақ ауруларының, тіс қатпарларының, бет сүйегінің төменгі, ортаңғы, жоғарғы бөлігінің сүйектік құрылымының және ортаңғы және ішкі құлақтың, көру жүйкесінің өзегінің диагностикасына арналған.
| Панорамды зонография
| Зерттеліп отырған материалдың қалың суретін алуға мүмкіндік беретін, ортопантография әдісінің бір түрі. Бұл зерттеу әдістің ақпараттылығы мол.
| Зонографияның артықшылығы қалың кесінділерді алу. Ол суреттердің санын азайтады. Сол себепті бұл әдіс экономикалық және қауіпсіздік жағынан тиімді. Томограммадағы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
| Сиалография
| Жасанды конраст көмегімен сілекей бездерінің өзегін зерттеу әдісі.
| Сілекейтас ауруларының, қабынулық және ісіктік процесстердің диагностикасында қолданылады.
| Дакриоцистография
| Жас әкетуші жолдарды жасанды контрасттағаннан кейін оларды зерттеу әдісі.
| Жас қабының формасын, көлемін, орналасуын және жасәкетуші жолдардың деформациясын көрсетеді.
| Каротидті ангиография
| Артериографияның бір түрі.
| Бас миының артериальді қан тамыр торын, ірі түзілістер кезінде тамыр бұтақтарының ығысуын көруге мүмкіндік береді.
| Миелография
| Омыртқа кеңістігінің жасанды контрастты рентгенографиясы.
| Жұлын миының ликворлы жүйесін зерттеуге арналған. Негізгі мақсаты: жұлын миының аурулары кезіндегі субарахноидальді кеңістіктегі тосқауылды анықтау. (ісік, арахноидит)
| Пневмомиелография
| Оттегі немесе ауа енгізу арқылы жүргізілетін омыртқа кеңістігінің жасанды контрастты рентгенографиясы.
| Бел аймағының пункциясынан кейін оттегін немесе ауа енгізеді. Газды көпіршік жоғары көтеріліп, ликворлы жолды бітеп тұрған, патологиялық ошақ астында тоқтайды. Жоғарлаушы миелография кезінде жеңіл рентгеноконтрастты заттар қолданылады.
| Спондилография
| Екі проекциядағы омыртқа рентгенографиясы.
| Омыртқаның өзгерісі мен ақауын анықтауға арналған (деформациялаушы спондилез және спондилоартроз, остеохондроз). Метастатикалық омыртқа ісігіне және спондилитті туберкулезге тән өзгерістер анықталуы мүмкін.
| Ангиография
(артериография)
| Контрастты зат енгізу арқылы артерияны зерттеу.
| Сүйек сынығын асқындыратын зақымдалу немесе оқшауланған артерияның зақымдалу орнын анықтау үшін қолданылады. Эндартрит кезінде артери1я кеңістігі окклюзиясының деңгейін анықтау үшін қолданылады. Бас миы мен сүйек ісіктерінің диагнозын қою үшін (каротидті ангиография кезінде).
| Эхоэнцефалографня (ЭХОЭГ)
| Бас миының ультрадыбысты диагностикасы.
| Бас миындағы көлемді процесстің диагностикалық әдісі (ісік, киста, гематома, абсцесс). Ультрадыбысты локация принципіне негізделген – миға бағытталған қысқа ультрадыбысты импульстар, оның ішкі құрылымын көрсетіп, тіркейді.
| Электроэнцефалография (ЭЭГ)
| Бас миының функционалды жағдайын объективті зерттеу әдісі. Оның биопотенциалдарын графикалық тіркеуге негізделген.
| Бас миындағы патологиялық ошақтың орналасуын анықтауда кең қолданылатын әдіс. ОЖЖ ауруларының дифференциалды диагнозында, эпилепсия механизмін және оны ерте сатысында анықтау үшін, мидың қайтымды және қайтымсыз өзгерістерін бағалау үшін қолданылады.
| Нейросонография
| Бас миының, ликворлы кеңістік пен қарыншалық жүйенің құрылымын ультрадыбысты зерттеу әдісі.
| Жүргізуге қажетті шарттар – ашық бас еңбегі, бас сүйегінің жасанды тесігі. Бас миының даму аномалиясын және ісігін анықтайды. Бас миының органикалық зақымдалуын скрининг-диагностика әдіс (гидроцефалия, киста, көлемді түзілістер кезінде).
| Сандық рентгенографи
| Рентгенодиагностика әдісі.
| Ақпаратты компьютерлі өңдеу арқылы, суреттің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Сандық рентгенографияның артықшылығы сәулелік күштеменің төмендігі, экономикалық тиімділігі және ақпаратты архивтеу мүмкіндігі.
| Компьютерлік томография
| Адам денесінің кез келген бөлігінің көлденең қатпарлы суретін алуға мүмкіндік беретін сәулелік диагностика әдісі.
| Патологиялық процесстің таралуын, орналасуын анықтауға, ем нәтижесін, оның ішінде сәулелі терапияны бағалауға, операция көлемін таңдауға мүмкіндік береді.
| ЯМР/МРТ
(ядерлі-магнитті резонанс немесе магнитті-резонансты томография)
| Адам ағзасындағы сутегі пратонының ядросын қозған жағдайдан қалыптыға ауысқан кездегі жұмсаған энергиясын тіркеуге бағытталған, сәулелі диагностика әдісі.
| Әдіс ағзаның құрылымын зерттеге мүмкіндік береді. Ионды сәуле жағымсыз әсер етпейді. Әдістің артықшылығы – жұмсақ тіннің суретінің жоғары контрастілігі.
| Позитронды-эмиссионды томография
(ПЭТ)
| Медициналық визуализацияның жаңа әдісі(радиоизотопты диагностика), РФП-ны қолдануға негізделген. РФП ретінде фтордезоксиглюкозаны қолданады.
| Ағзада болып жатқан процесстердің молекулярлы деңгейде функциональді суретін алуға мүмкіндік береді.
| Бірфотондыэмиссионды компьютерлі томография
(БФЭКТ)
| Жүйке-трофикалық және гуморальді байланысқа әсер етпей-ақ, бас миының морфо-физиологиялық жүйесін дистанционды зерттеуге мүмкіндік беретін радионуклидті әдіс.
| Гипертониялық аурулары бар науқастарда, бүйрек ауруларында, созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде, нейрохирургиялық (бас ми жарақаты, мойын остеохондрозы), неврологиялық патологияларда(инсульт) кезінде кездесетін,бас ми қанайналымының бұзылысын анықтауға мүмкіндік береді.(ишемия ошағы, ми тінінің гиперемиясы)
| УДЗ
эхография (сонография)
допплерлі
дуплексті
триплексті
| Ультрадыбысты сәулелену көмегімен патологиялық ошақты, мүшелер мен тіндердің орналасуын, қозғалуын, құрылымын, формасын дистантты түрде анықтау әдісі. Эхолакация принципіне негізделген.
| Биологиялық орта тығыздығының өзгерісін тіркеуді қамтамасыз етеді. Мүшелердің жағдайы жайында ақпарат алуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезді УДЗ медициналық диагностикада негізгі әдіс болып табылады.
| 3. Иллюзиялар -бұл объективті тітіркенуге сәйкес келмейтін жалған қабылдаулар. Иллюзиялы алдау - бір заттарды екінші заттар орнына қабылдау. Психикалық иллюзия дамуының басты себебі сезім мүшелерінен түсетін ақпараттың жеткіліксіздігі. Қараңғыда, күн сәулесіне шағылысқанда бір затты басқа зат ретінде қабылдау оңай. Осыған байланысты иллюзия қандай-да бір сезім мүшесінің функциясы әлсіреген адамдарда кездеседі: кереңдік – есту иллюзиясы, көз көрудің нашарлауы – көру иллюзиясы, т.б. Иллюзия кезінде ақпарат жеткіліксіздігі елестету арқылы толықтырылады. Елестету дегеніміз – заттың ойша бейнесін еске түсіру. Иллюзияда елестету өздігінен емес, осы уақытта санада үстем ойға байланысты пайда болады. Мысалы, қорқыныш жағдайында қараңғыда ілулі киімді қастандық жасаушы деп қабылдау. Қалыпты жағдайда пайда болған қабылдау қателіктерін сау пікір көмегімен түзетуге болады, ал сандырақпен науқастарда елестету, ойлау қабілеттері патологиялық өзгергендіктен сау пікір айтқанмен, сезім мүшелеріне тітіркендіргіш жеткілікті шамада әсер еткенмен алынған ақпарат сандырақ ойлармен бұрмаланып, қате қабылданады. Аффективті иллюзия – психоздарда (ақ қызба, шизофрения өршуі, кәрілік алдындағы психоздар) төніп жатқан қауіпті, қайғы-қасіретті сезінуден басталатын түрі. Ауру қоршаған ортаға күдікпен қарайды. Интерпретативті иллюзия – шизофрениямен, жедел сезімдік сандырақпен, интерметаморфоза сандырағымен, оң және теріс егіздік сандырағымен ауыратын науқастарда кездесетін иллюзиялар түрі. Науқастар айнада бетінің өзгергенін, денесінен өлім дақтарын, өлім белгілерін, т.б «көреді». Парейдолиялық иллюзия кезінде қоршаған орта туралы ақпарат науқас санасының фантастикалық елестерімен бұрамаланады, таңғажайып сюжеттер ретінде қабылданады. Мысалы, еденге түскен шам көлеңкесі үйлер, жануарлар ретінде, бұлттар қорғандар, қалалар ретінде қабылданады, жағдай ауырлана келе науқастың қоршаған ортамен байланысы жойыла бастайды. Галлюцинациялар – объективті тітіркендіргіші жоқ, күдікті қабылдаулар. Галлюцинация кезінде науқас шын мәнінде жоқ дауыстарды естіп, адамдарды көреді, солардың барына толық сенімде болады. Галлюцинациялар сезім мүшесі бойынша бөлінеді: есту, көру, сезу, дәм сезу, өз денесін сезу, жанасу, жалпы сезім галлюцинациялары болып бөлінеді (мысалы, ішінде бірдене жыбырлайды, өкпе тасқа айналғандай, денеде жәндіктерді сезіну, т.б.). Элементарлы галлюцинациялар – тек дыбыстар, шуыл, тарсыл (акоазмдар) есту, жарық жолақтары, дақтар (фотопсия) көру орын алады. Күрделі түрінде адамдардың сөздерін есту (вербальды галлюцинация), бейнелерді көреді. Кейде галюцинациялар тек ұйықтар алдында (гипногогиялық) немесе оянар кезде (гипнопомпиялық) болуы мүмкін. Сирек кездесетін түрі – экстракампинді галлюцинациялар: науқас кқру аумағынан тыс нәрселерді көреді, мысалы артындағы адамды. Функциональды немесе рефлекторлы галлюцинация бір нақты немесе өзге анализатор тітіркенген жағдайда пайда болады. Псевдогаллюцинациялар – жасандылық сезімімен жүретін және жалған объекттерді қабылдауда елестетулер сферасымен шектелген, науқас үшін шынайы заттар және құбылыстармен бір уақытта жүретін, бірақ олармен бірігіп кетпейтін қабылдау бұзылысы. Агнозиялар – бұл заттар мен нақты өмір бейнелерін толық білудің бұзылуы. Көбіне оптикалық агнозия кездеседі. Мұнда ауру белгілі бір затқа қарап, оны танып білмейді. Дыбыстық агнозия кезінде ауру естілген дыбысқа қарап оны ажырата алмайды. Агнозиялар балаларда сирек кездеседі, көбіне мидың ошақты зақымдалуы жайында кездеседі. Сенсорлық гиперпатия синдромы -бұл қабылдау күшінің бірден жоғарлауы. Соның нәтижесінде барлық тітіркенулер санаға жиналып үлкен із қалдырады. Ойлау қабілеті мұнда жеделдеп, сезім тежеледі. а) Сенсорлық гипопатия синдромы (деперсонализация) -аурудың жеке өзін және нақты ортаны қабылдауының жарқындылығының бұзылуы (дереализация). Аллопсихикалық деперсонализация кезінде сыртқы өмірді қабылдау нақтылығы төмендейді, қоршаған орта ауруға тұрып қалған, сөнген, көлемділігін жоғалтқан түрде қабылданады. Соматопсихикалық деперсонализация хал-жағдайында өзінің дене бітімінің сезінбеуіне, физиологиялық процестерден қанағат алмайтынына шағымданды (таю сезімі жоқ, ертеңгі сергектілік сезімі жоқ). Аутопсихикалық деперсонализацияда аурудың өзім мен деген сияқты қабылдауы бұзылады, жекелік сезімі тежеледі (мен өз баламды өте жақсы көремін, бірақ онымен кездескенде ешқандай қуаныш сезінбеймін). Деперсонализацияның патологиялық механизмі болып бірінші белгі жүйесінің тежелуі, сананың тежелуі болып табылады. Соның нәтижесінде теңестіру фазасы төмендеп жан-жақты дүние нашар қабылданады. Деперсонализация синдромы физикалық және психикалық сему кезінде дистрофияда авитаминоз кезінде қан жоғалтуда, депрессия жағдайында, қыртыс асты энцефалит, эпилептикалық ұстама жағдайында кездеседі.
4- сұрақ. Шизоаффективті бұзылыстар/ Клиникасы, Диагностикалық критериилері,АХЖ-10 бойынша жіктелуі, емі. Шизоаффективті бұзылыстар —өзінде шизофрения мен аффективті бұзылыстар көріністерін бірлестірген психотикалық бұзылыстарды айтамыз.. Клиникасы: шизофрения белгілеріне қарағанда аффективті бұзылыстар ұзақ және кушті көрінетін Тұлға бұзылыстарынсыз журеді. Ұстамалар: депрессивті-параноидты;маниакальды-параноидты;аралас жағдай. Диагноз: Диагноз F25 бойынша төмендегідей топ критериилерімен қойылады25.: аффективті бұзылыс белгілерінің болуы (F30—F32);2 аптаға дейін кем дегенде төмендегі белгілердің біреуінің болуы: есту галлюцинациясы дауыстар турінде, диалог ретінде; бақылау немесе әсер ету сандырағы,ойдың *орындалу* /«сделанности» / сезімі,сезіну және қозғалу; телепатияны сезінут.еойдың алыстан берілуі,ашылуы немесе алып қоюы; сөздің бөлінуі немесе неологизмы; тұрақты сандырақ; кататоникалық симптомдардың жиі немесе ауыспалы пайда болуы;шизофрениясимптомы мен аффективті бұзылыстар өршу кезінде бірмезетте көрінуі;мидың органикалық бұзылыстары (F0) және психоактивті заттарды қолдану болмайды (F1). Типы шизоаффективті бұзылыстардың типтері: F25.025.0 Маниакальді тип. Диагноз ставится при шизоаффективном расстройстве на маниак альном фоне (соответствие критериям мании F30.130.1).F25.125.1 Депрессивті тип. Диагноз ставится при шизоаффективном расстройстве на депрессивном фоне (соответствие критериям умеренной или тяжёлой депрессии F31.331.3—4).F25.225.2 аралас турі. Диагноз ставится при шизоаффективном расстройстве, смешанным с биполярным аффективным расстройством (соответствие критериям БАР, текущий эпизод смешанного характера F31.631.6).F25.825.8 басқа шизоаффективті бұзылыстар. F25.925.9 анықталмаған Шизоаффективті бұзылыстар. Терапия: шизоаффективті бұзылыстардың емі кезінде қолданылады тимолептики и антипсихотикалық препараттар. Депрессивті типі кезінде антидепрессанты: ингибиторы моноаминоксидазы, тетрациклические и трициклические (например, мапротилин, амитриптилин, имипрамин), және электросудорожная терапия. аралас турі кезінде препараты лития и карбамазепин.
Дата добавления: 2015-08-26 | Просмотры: 1298 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
|