АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Билет 3 10 страница

Прочитайте:
  1. Bones; skeletal system 1 страница
  2. Bones; skeletal system 10 страница
  3. Bones; skeletal system 11 страница
  4. Bones; skeletal system 12 страница
  5. Bones; skeletal system 13 страница
  6. Bones; skeletal system 14 страница
  7. Bones; skeletal system 15 страница
  8. Bones; skeletal system 16 страница
  9. Bones; skeletal system 17 страница
  10. Bones; skeletal system 18 страница

Диагностика:

Емдік шаралары қимыл бөгетін,дірілді және сілекей ауды тежеуге бағытталады. Атропиндік, антигистаминдік препаратттар, нейролептиктер, L-ДОПА тағайындалады. Дәрі дәрмектермен емдеу нәтиже бермеген жағдайда стереотаксистік операция қолдануға болады.

2. Вильсон-Коновалов ауруы-гепатоцеребральды дистрофия-мидың қыртысасты құрылымдарын және бауырды қоса зақымдайтын, созылмалы үдемелі тұқым қуалайтын-дегенеративті ауру. Бұл аурумен дүние жүзінде 100000-ға жақын адамдар ауырады. Оны кейде созылмалы «мыс токсикозы»деп атайды. Ауру аутосомды-рецессивті түрде тұқым қуалайды.Аурудың клиникалық белгілері білінбейтін патологиялық геннің гетерозиготтық иелері орта ессеппен 1:200 мөлшерін құрайды.Ол мысты тасымалдайтын α-глобулиннің құрамына кіретін церулоплазмин белогының синтезінің генетикалық негізделген бұзылысынан дамиды. Балалар әдетте дені сау болып туылады.Өз құрбылырынан ерекшеленбей, 5 жасқа дейін қалыпты дамып, өмір сүреді. Ауру 6 мен 50жас аралығында білінеді де, вирустық гепатит түрінде бозбалаларда жиі айқындалады.Мыс әр түрлі ағзалар мен тканьдерде, әсіресе ми мен көз мөлдір қабығына жиналады. Мыстың көз мөлдір қабығынан жиналуынан Кайзер- Флейшер сақинасы байқалады.

Қандай да болсын симптомокомплекстердің басымдылығына байланысты Вильсон- Коновалов ауруының бес түрлі негізгі көріністері ажырытылады:

1)неврологиялық өзгерістер бауыр зақымдануы симптомдарымен білінетін құрсақтық;

2)көбінесе хорея типті ырғақсыз гиперкинездердің,яғни постуралдық тонус бұзылуының жиірек полиморфты эпилептикалық ұстамалармен қабаттасатын ригидті-гиперкинездік;

3)аяқ-қол дірілдеуі, акинезия мен сіреспе қатар үдей күшейетін діріл-ригидтік; 4)бас кеуде және аяқ-қолға кең тараған дірілге соңынан бұлшық ет ригидтігі қосылатын дірілдік түрі; 5)экстрапирамидалық пен пирамидалық бұзылыстар, интеллекттің өрескел төмендеуі мен бірге эпилепсиялық талмалар түрінде білінетін экстрапирамидті – қыртыстық түрі;

Диагностика:тиісті клиникалық көріністер мен қан сарысуында церулоплазмин мөлшерінің төмендеуін (қалыпты жағдайда – 1,65-2,3ммоль/л н/е 25-45 ЕД), гипопротеинемия, гиперкупрумия (1000 мкг/тәул.дейін және жоғары, ал норма 150мкг/тәул), гипераминоацидурия (1000мг/тәул дейін,норма 350 мг/тәул) ескере отырып қойылады.

Емі. Бұл ауру дер кезінде анықталған жағдайда тиісті дезинтоксикациялық мыс шығаратын ем тағайындайды. Тиол препараттары: унитиол – 5 мл 5 % ерітіндісін б/е-ке күнделікті е күнара қайталама курстармен(1 курс-25 инъекция, арасында үзіліс 5-6 ай) н/е Д-пеницилламин (капсула және таблетка түрінде тәулігіне 0,45-тен 2 г дейін) қабылдаудан басталады. 6жастан асқан балаларға күніне 1рет 0,25г тағайындайды. Бұл ем жақсы нәтиже береді. Ауруды емдеу шаралары өмір бойы жүргізіледі.

3. Торсионды дистония- клиникасында б/е тонусы өзгеруімен және дене мен аяқ-қол б/е-ң еріксіз, тоникалық жиырылуымен көрінетін, жүйке жүйесінің созылмалы үдемелі ауруы. Идиопатиялық (отбасылық) және симптоматикалық түрлері болады. Идиопатиялық түрі аутосомды-доминантты да, аутосомды-рецессивті жолмен беріледі. Тұқым қуалайтын торсионды дистониясы бар науқастардың қан сарысуын тексергенде допамин-р-гидроксилаза жоғарылауы анықталады. Дистрофиялық өзгерістер жасымықтәрізді ядро қауызының аймағындағы ұсақ нейрондарда, сирек басқа базальды ганглийлерде дамиды.

Клиника. Дамуы баяу, 2/3 жағдайда 15 жасқа дейін басталады. Бала кезінде алғашқы симптомдары: жүрісінің бұзылуы, спастикалық қисықмойын, ал ересектерде біріншілік-генерализацияланған түрлері кездеседі. Синергист және антагонист-б/е қызметінің арақатынасы бұзылуы нәтижесінде дене, бас, жамбас белдеуі, аяқ-қол б/е-ң күштемелі, ұзақ уақыт тоникалық жиырылуы дамиды, жиырылу,әдетте, ротаторлы сипатта және саусақтардағы атетоидты қозғалыстармен қосарланады. Гиперкинездер қобалжу, активті қимыл кезінде күшейеді, ал ұйқы кезінде жойылады. Аяқ-қолда өзгермелі б/е тонусы жиі төмен, суставы разболтаны. Ауру үдеген сайын күшейген белдік лордозбен, сандардың флексиясымен, аяқ-қолдың медиальды ротациясымен науқас позасы тұрақты дистониялы болады. Дистониялық бұзылыстар таралуына қарай локальды және генерализацияланған түрлерін ажыратады. Локальды түрінде жекелеген б/е топ-ң тоникалық жиырылуы болады, ерікті қозғалыстар бұзылады және аномальды поза қалыптасады. Ондай симптомдарға спастикалық қисықмойын, жазғыш спазм, оромандибулярлы дистония (тілдің еріксіз қозғалыстары және ауызды ашып-жабу), блефароспазм, ұрт-беттік, ұрт-тілдік дистония, хореоатетоз жатады.

Диагностика. Клиникалық белгілері негізінде. ЭМГ, ЭЭГ, МРТ, электронейромиография жасау.

Емі: ұзақуақытты, симптоматикалық. Холинолитиктер және седативті препараттар комбинациясы қолданылады, кей жағдайда леводопа тиімді әсер көрсетеді. Галоперидол н/е резерпин тағайындалады.

4. Гентингтон хореясы- үдемелі хореялық гиперкинездердің және психикалық бұзылыстардың (деменция) қосарлануымен жүретін, әдетте 35-50 жаста біртіндеп басталумен сипатталатын, тұқым қуалайтын нейродегенеративті ауру. 1872жылы суреттелген.100000 адамға шаққанда 2-5 жағдай тіркеледі. Мутанттық гені жоғары пенетранттылықпен аутосомды-доминанттық түрде тұқым қуалайды.Ерлер жиірек ауырады.

Патоморфологиялық көрінісі құйрықты ядро, скорлупа клеткаларында аз деңгейде үлкен жарты шардың қыртысты клеткаларында дегенеративтік өзгерістер түрінде білінеді.

Клиникасы. Ауру 25 жастан асқанда басталады. Алғашқы симптомы ретінде интеллектуальды бұзылыстар болуы мүмкін, кейін біртіндеп деменция дамиды. Біруақытта хореялық гиперкинездер пайда болады: әртүрлі бұлшықет топтарында тез, ырғақсыз, ретсіз қозғалыстар, ерікті қимылдар жасау қиындай түседі. Жүргенде науқастар әртүрлі гримаса, жестикуляция жасайды, отырып тұруы мүмкін. Сөйлеу қиындаған, бұлшықет тонусы төмендеген. Жиі эндокринді және нейротрофикалық бұзылыстар болуы мүмкін. Сырқаттар ақырын биленкіреп жүреді, басын бір жағына қисайтып, оқтын-оқтын саусақтарын тарбитады. 5-16 % жағдайда Гентингтон хореясының атипті вкинетико-ригидті нұсқасы анықталады. Бұл кезде үдемелі интеллектуальды деградация және жиі орташа айқын хореялық гиперкинезбен қосарлана акинетико-ригидті синдром дамиды.

Диагностика: клиникалық белгілері негізінде.ЭЭГ: мидың биоэлектрлі белсенділігінің диффузды өзгерістері.МРТ: қарыншалардың кеңеюі және егер таламустың ұсақ жасушалары зақымдалса, таламустың кіріңкіленуі(вдавление).КТ:бас миы қыртысының атрофия белгілері.

Емі: арнайы емі жоқ. Гиперкинездерді басу үшін допамин антагонисттері: галоперидол 1 мг-нан тәулігіне 2 рет, терапиялық әсерге жеткенге дейін әр 3-4 күн сайын дозаны жоғарылату н/е трифтазин 7,5-10 мг/тәул +допегит, резерпин. Хлорпромазин, резерпин 0,1мг/тәул дозадан бастап, транквилизаторлармен бірге.

5. Фридрейх ауруы н/е атаксиясы – бала н/е жасөспірім жаста басталатын ж/е үдемелі атаксия, қаңқа деформациясы ж/е кардиомиодистрофиямен сипатталатын, тұқым қуал-н нейродегенеративті ауру. 9q13-q21.1 патологиялық генінің толық емес пенетранттылығымен аутосомды-рецессивті беріледі. Жиілігі 100000 адамға 2 жағдай. Жұлынның артқы және бүйір канатиктерінің, басым Голль, аз дәрежеде Бурдах,Флексиг,Говерс, пирамидалық жүйе талшықтарының, артқы түбіршектердің склерозы, сондай-ақ мишық тісшелі ядро-ң, қыртысасты ганглийлердіің,ми қыртысы нейрондары мен Пуркинье жасушаларының азаюы, миокардтың дистрофиялық өзгерістері анықталады.

Клиника. Ауру 8-15 жаста басталады. Ең алғаш симптомы: тұрақсыз жүріс, Шарко мұндай жүрісті табес-мишықтық д.а. Баст.стадия-а атаксия аяқтарда басым, ауру үдеген сайын координация бұзылыстары қол және бетке тарайды. Неврологиялық тексеруде ірісермемелі нистагм, аяқ-қолда атаксия, адиадохокинез, дисметрия, скандирлнген сөйлеу, б/е-буын сезімі және вибрациялық сез-қ бұз-ы анықт. Көз түбі зерт-е: көру нервісі емізікшесінің атрофиясы. Жазу бұзылады. Ерте симптомдары: б/е тонусы төм. Және терең рефлекстер жойылуы. Кейінгі стадия-а аяқтың, кейін қолдың патологиялық пирамидалық белгілермен, аяқ-қол дист.бөл-ң б/е атрофиясымен афферентті парезі қоса дамиды. Интеллект төм-н. Кифосколиоз, табандар деформациясы, миокард гипертрофиясы анықт. Үдеуі баяу, ауру дамып бастаған соң орташа өмір ұзақт. 10-15 жыл.

Диагностика: Табанның Фридрейх табаны тип бойынша деформациясы анықт: жоғары күмбез, табан саусақ-ң нег.фаланг-ң экстензиясы ж/е соңғы фаланг-ң флексиясы. МРТ:мишық атрофиясы. Асықты жілік және оның шыбығының нерв-н стимуляциялағанда шақырылған соматосенсорлы потенциалдар өзг-і.

Емі. Симптом-қ: жалпынығайтушы преп-р:витаминдер, аминқыш-р, ноотроптар, ЕДШ, массаж. Кей жағдайда табан деформация-ң хир-қ коррекциясы, спастикалық б/е-ге ботулотоксин енгізу жасалады.

6. Пьер-Мари тұқым қуалайтын мишықтық атаксиясы- мишық және оның өткізгіш жол-ң басым зақым-н жүретін тұқым қуал-н дегенер-і ауру. Аутос-домин.тұқым қуал. 20 және одан жоғ.жаста дамиды. 100000 адамға шаққанда 0,5, ерлер мен әйелдер бірдей ауырады. Қыртыс және мишық ядро-ң жасуш-ң, жұлын бүйір канатик-ң спиноцеребеллярлы жол-ң, ми көпірі мен сопақша ми жасуш-ң дегенеративті өзг-і дамиды.

Клиника. Координаторлы сынамаларды орындауда атаксия, жүріс бұз, скандирленген сөйлеу, интенционды тремор, нистагм анықт. Мишықтық симпт-р орташа н/е айқын пирамидалық жеткіл-к белгілерімен (терең рефл-р жоғар-ы, табандар клонустары) қосар-ы, кейде көру және көзқозғ-ш бұз-р (көру өткірлігі төм және көру алаң-ң тарылуы, птоз, қылилық, конвергенция жеткіл-і) б/м. Интеллект-ң әр дәрежеде төм.тән.

Диагностика. Клин-қ көр-р негізінде. Емі: симптоматикалық.

7. Оливопонтоцеребеллярлы дегенерациялар- ми көпірі және төм.олива ядро-ң, мишық нейрон-ң, кей жағд.каудальды топ бас ми нерв-ң, аз жағд.жұлын алд.мүйізі жасуш-ң және өткізгіш жол-ң, базальды ганлий-ң дегенер.өзг-н сипат-н ЖЖ-ң тұқ.қуал.аурулар тобы. Кейнигсмарк ж/е Вайнер б-ша 5 түрін ажыр: 1 тип -Мендель оливопонтоцеребеллярлы дегенерациясы. Аутос-домин.тұқым қуал.Атаксия, б/е гипотониясы, дизартрия элем-н скандир-н сөйлеу, интенционды тремор, дисфагия, қыртысасты гиперкинездер дамиды.11-60 жас арас.байқалады. 2тип - Фиклер-Винклер деген. Аутос-рецес тұқ.қуал. 20-80 жас арас.мишық зақымдалуынан аяқ-қолдағы атаксиямен көрінеді. 3тип - ретинальды дегенерациясмен. Аутос-домин.тұқым қуал. Мишық және экстрапирам.симптомдармен бірге торлы қабықтың ганглиозды жасуш-ң пигментті деген-ы нәт-е көру өткірлігі үдемелі төмендеуі анықт. 4тип - Шут-Хайкман деген. Аутос-домин.тұқым қуал. Мишықтық симптомдармен қоса VII,IX,X,XII жұп нерв-ң ядро-ы зақ-ы (мимик.б/е салдануы, бульб.симптомдар) және жұлын артқы канатик-ң зақ-ы (б/е-буын сезімі және вибрациялық сез-қ бұз-ы) анықт. 5тип - деменция, офтальмоплегия, экстрапирам.бұзылыстармен дегенерация. Аутос-домин.тұқым қуал. Емі:симптом-қ.

3.Психопатологиялық синдромдар(делириозды, галлюцинаторлы, психоорганикалық).

Делирий- парейдолия және сценатәр.көру галлюцинациялары, өте айқын қозғалыстық қозу байқалатын сананың жедел пайда болатын күнгірттенуі. Бұл кезде уақытпен орын бойынша бағдарлау бұзылсада, өзіндік тұлғасын бағдарлау сақталады, иллюзиялар, галлюцинациялар көрінеді, науқастын күрт қозуымен, бұл жағдайдан кейін бөліктік амнезиямен көрініс береді. Делирийдің 3 сатысын ажыратамыз 1. Бірінщі сатысы гиперестезиямен, көңіл күйінің өзгеруімен, әр түрлі айқын елестердін жанданыуымен, отыра алмаумен, ұйқы бұз-н көрінеді. Сөйлегенде бұрынғы жайттарды еске алады, сөздері ретсіз, байланыссыз. 2. Екінші сатысында ауру көрген түсімен шындықты ажыратта алмайды. Гиперестезия кенет күшейіп, жарықтан қорқу пайда болады. Ұйқысы беткей, ұйықтар кезде гипнагогиялық галлюцинациялар болады. Айналасындағы шынайы өмірді иллюзия ретінде қабылдайды. 3. Үшінші сатысында шындық өмір түгелдей галлюцинациямен бейнеленеді, сандырақ ойлармен алмасады. Кешке қарай галлюцинаторлы және сандырақтық бұзылыстар күшейеді, қозу ұлғаяды. Таңғы уақытта бұл жағдай сопорозды қысқауақытты ұйқымен алмасады. Жиі осы сатымен делирий аяқталады н/е аса ауыр түрі кәсіптік делирий немесе мусситирлеуші делирийге ауысады. Мусситирлеуші делирий - хаосты, ретсіз қозу, әдетте төсекте, түсініксіз, байланыссыз сөйлеу. Қозу шыңында хореятәрізді гиперкинездер н/е карфология симптомы дамиды- мәнсіз хватательные қозғалыстар н/е киімді,простыняны қыртысын жазғандай сипалау сияқты саусақтардың ұсақ қозғалыстары.

Кәсіптік делирий – галлюцинацияға қарағанда автоматты қозғалыс акт-ң басым болуы. Науқастар өздерінің үйреншікті ісін жасайды, мыс.тігінші жоқ инемен тігіс жасау. Делирий симптоматикалық психоздарда, алкогольді интоксикация кезінде,эпидемиялық энцефалиттің жедел сатысында дамиды.

Галлюциноз – интенсивті көру, есту н/е тактильды галлюцинациялардың ағымымен көрінетін жағдай. Сана күңгірттенусіз. Науқас үрейлі, тынышсыз кейде керісінше тежелген болады. ЖІКТЕЛУІ; 1.ағымына байланысты: жедел- кенет пайда болады, ұзақ емес;айқын аффект, қимылдық қозу; созылмалы-біртипті галлюцинациялар, жиі дауыстар; монотонды аффект. 2. Мазмұнына байланысты: вербальды, Гобек иіс сезу, есту, Ван-Богарт көру, тактильді галлюциноздар болып жіктеледі. Есту галлюцинозы - вербальды болады. Дауыс естігендей, өзара сөйлескендей, дауласқандай, науқасты кінәлағандай болады, онын өміріне қастандық жасағандай дауыстар естиді. Есту галлюцинозы аллкагальды психозда интоксикациялық психозда, нейросифилисте, ми қан тамырларынын зақымдалуында болады. Тактилды галлюцнозда- науқас терісінде, тері астында денесінде, жандіктер құрттар жыбырлап жүргендей, сезінеді. Бұл галлициноз егде жас психозында, ОЖЖ органикалық зақымдалуында кедеседі. Көру галлюцинозы- кенеттен көру қабілетін жоғалтқан адамдарда осы галлициноз формасы жиі кездеседі. Галлюциноз кезінде науқастын орын уақыт жане өзіндік тұлғасына бағдары бұзылмайды,дертті күйзеліс амнезияланбайды, яғни сана күнгірттенуі болмайды. Жедел галлюциноз кезінде науқаста үрей, қорқыныш деңгейі жоғарлайды, сананың аффективті таралуы болады. Галлюцинаторлы синдромдар шизофрения, эпилепсия, симптомдық психоздарда, бас миы органикалық ауруларында кездеседі.

Психоорганикалық синдром – Вальтер – Бюэль синдромы – жалпы психикалық жағдайсыздықпен, дисмнестикалық бұзылыстармен, ойлау төмен-н, аффективті-ерік қасиеттері әлсіреуімен көрінеді. Вальтер – Бюэль триадасы: естің әлсіреуі, түсінудің нашарлауы, аффекттерді ұстай алмау. Негізгі симптомдары:1.әртүрлі аффект-і бұз-р: ашуланшақтық, ыза, ұрысқақтық, эйфория, апатия, алаңғасарлық;2.есте сақтау және назар бұзылуы:пассивтілік, ауыспалы назар, назардың қажуы және шашыраңқы болуы, есте сақтау көлемі төмендеуі;3.мәніне жету және интеллект бұзылыстары:шығармашылық ойлау,жылдамдығының,көлемінің өзгеруі, ақыл-ой еңбегінің және өніміділігінің төмендеуі, әлсіз әлеуметтік адаптация. Психоорганикалық синдром ауырлығының 4 нұсқасы бар: астениялық, эсплозивті, эйфориялық, апатиялық.

4. Шизофрения (ДАЖ-10 б-ша жіктелуі). Ағымдық үлгісі мен түрі.

F2 Шизофрения, шизотипті және сандырақтық бұзылыстар:

F 20 – шизофрения, ішінде келесі түрлерін ажыратады:

F 20.0 – параноидты

F 20.1 – гебефренді

F 20.2 – кататониялық

F 20.3 – дифференциалданбаған

F 20.4 – постшизофрениялық депрессия

F 20.5 – резидуальды

F 20.6 - қарапайым

F 20.8 – басқа

F 20.9 – анықталмаған

Ағымы бойынша келесі түрлерін ажыратады:

F 20.*0 – үздіксіз

F 20.*1 – ақаудың үдеуімен эпизодты

F 20.*2 – ақаудың тұрақталуымен эпизодты

F 20.*3 – эпизодты ремиттирлеуші

F 20.*4 – толық емес ремиссия

F 20.*5 – толық ремиссия

F 20.*8 – басқа

F 20.*9 – бақылау мерзімі 1 жылдан аз

F 21 – шизотипті бұзылыс

F 22 – созылмалы сандырақтық бұзылыстар

F 23 – жедел және транзиторлы сандырақтық бұзылыстар

F 24- индуцирленген сандырақ

F 25 - шизоактивті психоздар

F 28 - басқа бейорганикалық психоздар

F 29- анықталмаған сандырақтық психоз

Шизофренияның негізгі 3 түрі бар:

1. Параноидты.Аутизм, ойлау құрылымының бұзылысы, адекватты емес және төмендеген эмоциялар түріндегі аурудың негізгі симптомдарымен бірге сандырақтың болуымен көрінеді. Паранойяльды, параноидты және парафренді синдромдардың кезектесіп алмасуымен аурудың прогредиенттілігі көрінеді. Ағымына айқын ремиссиясыз сандырақ және псевдогаллюцинацияның тұрақты түрде болуы тән. Аурудың басталуы 25-40 жасқа сәйкес келеді.

2. Гебефрениялық түрі – ең қатерлі түрінің бірі. Негізгі көрінісі – гебефрениялық синдром – қозғалыс бұзылыстары, мағынасыз, мотивациясыз қимыл-әрекетпен көрінеді, бірақ ступор болмайды, мотивациясыз көңілділік, ақымақтық қозу, гримасничанье басым болады. Синдромның өзінің гебефренді аталуы тәртіптің балалық сипатын көрсетеді: науқастар өз жасынан жастау көрінеді, қозғалыссыз отыра алмайды, орынсыз сұрақтарды көп қояды. Көңіл-күйі бос эйфориямен, қисықтықпен, адекватты емес күлкімен, сосын агрессиямен алмасумен көрінеді. Сөйлеуі тез кезектілігін жоғалтады, қайталаулар мен неологизмдер шамадан тыс көбейеді. Тұлға өзгерісі, белсенділік төмендеуі, эмоциональды байланыстың бұзылуы үдеп, пассивтілік пен алаңсыздың басым болады. Ауру 13-15 жаста басталады және ары қарай ремиссиясыз ағымда дамиды. Науқастар еңбек жасына жетпей тұрып мүгедек болады.

3. Кататониялық түрі қозғалыстық бұзылыстардың басым болуымен көрінеді. Кататониялық ступор кезінде науқас ұзақ уақыт табиғи емес, жиі ыңғайсыз позаны, шаршамай сақтап отырады. Мысалы, басын жастық үстінде көтеріп жату – ауалы жастық симптомы, басын халат етегі н/е простынямен жабу – капюшон симптомы, құрсақтық қалыпта жатады. Бұл кезде б/е тонусы қатты жоғарылаған. Науқастарда каталепсия – балауызды иілгіштік болады, яғни науқасты бір қалыпқа келтірсе, солай сақталып қалады. Рефлекстер тежеледі – ұстап алу, сору. Науқастарға негативизм (айтқан нәрсені жасамау н/е тіпті барлығын керісінше жасау) және мутизм (әңгімелесушінің сөзін түсінсе де сөйлеудің толық жоғалуы) тән. Кататониялық қозу тән. Эхопраксия, эхомимия, эхолалия болады. Кататониялық симптомдармен бірге естің қарауытуы (онейроидты кататония) н/е анық ес фонында ес қарауытуы (люцидті кататония) мүмкін. Люцидті кататония шизофренияның қатерлі ағымының бір нұсқасы болып табылады. Бала жасынан басталып, ол үздіксіз ағымда болады және тұлғаның тез үдейтін бұзылыстарымен, терең апатико – абулиялық ақаумен және терең мүгедектікпен көрінеді.

5.Ұшатын еріткіштерді қолдану салдарынан п.б.псих-қ және мінез-құлық бұз-ы.

F18.Ұшатын еріткіштерді қолдану салдарынан п.б.псих-қ және мінез-құлық бұз-ы

F18.0 Жедел интоксикация

F18.1 Пагубное употребление

F18.2 Тәуелділік синдромы

F18.3 Абстиненттті жағдай

F18.4 Абстиненттті жағдай делириймен

F18.5 Психоздық бұзылыстар

F18.6 Амнестикалық синдром

F18.7 Резидуальды және жылжытылған(отсроченные) психоздық бұзылыстар

F18.8 Басқа псих-қ және мінез-құлық бұз-ы

F18.9 Анықталмаған псих-қ және мінез-құлық бұз-ы.

Жиі науқастарда көру иллюзиялары мен галлюцинациялары, метаморфопсиялар, жедел деперсонализациялық жағдайлар пайда болады. Кейде қарапайым көру иллюзиялары мен галлюцинациялары п.б: жалпайған, калейдоскоп сияқты ауыспалы түрлі-түсті н/е қара-ақ суреттер, кейде науқастың шынайы өмірімен байланысты, ірі көлемді кадрлар пайда болады. Ұшқыш ерітінділер ОЖЖ-е тежеуші әсер көрсетеді және алкогольге ұқсас әсер шақыруы мүмкін. Қарашықтар кеңейген, бет гиперемияланған, склералар инъекцияланған. Тахикардия, тахипноэ, АҚ өзгерістері анықталады. Жүрісі теңселген, координация бұзылған, құсу ж/е лоқсу б. Клиникасы заттың түріне де байланысты. Егер бензинмен масаю болса бастапқыда жоғ.тыныс.жолдары тітірк-і, бет қызарады, кейін эйфория қозғалыс белсенділігі күшеюінсіз.Кейін қорқыныш сипаттағы көрі галлюцинацияларымен делирий дамиды. Егер дақкетіруші заттар буымен ингаляция болса «қарқылдап күлумен» эйфория тән. Тәуелділік қалыптасса онейроид дамиды. Ацетонды масаю кезінде де онейроид дамиды, түрлі фантазиялар болады. Толуолды масаю кезінде эйфория және қимылдық тежелу болады, оны кейін шынайы көру және есту галлюцинацияларымен делирий алмастырады. Клей буымен масаюға мультипликационды фильмді еске түсіретін көріністер тән.

Патологиялық әуестік қалыптасса, келесі клиникалық көріністер байқалады:

· Ингалянт жайлы тұрақты ойлармен күресуге тырысудың болмауы – идеаторлы компонент

· Ызамен қосарланған, мұңаюдың кенет пайда болуы – дисфориялар – аффективті компонент

· Ингалянттарды айналадағылардан жасырмай, ашық қолдану

· Ингаляцияға кедергі жасағанда демонстративті-қорқыту сипатындағы суицидальды мінез-құлық

· Ингалянтқа қол жеткізу мақсатында жасалатын делинквентті, тіпті қылмыстық әрекеттер

· Ингалянтты іздеу, оған қол жеткізу мақсатындағы наркопетальды сипатта түс көрулер – мінез-құлықтық компонент.

Регулярлы бір апта ішінде қолданған адамда өзін-өзі ұстауы бұзылады. Олар агрессивті, ашушаң, қатал, тіпті болмас іс үшін үлкендермен төбелеседі. Ұшатын еріткіштермен мастану кезінде либидо мен потенция жоғарлайды, сондықтан осы топтар арасында гомосексуальдар жиі кездеседі. Жасөспірімдерде қабылдау мен зейін бұзылыстары болады. 2-3 ай көлемінде жүйелі қабылдағандарда интеллектуальды касиеттері төмендейді. Деменция белгілері көрініс береді және аффективті сфераның бұзылыстары орын алады. Ұшатын еріткіштерді қолдану салдарынан пайда болатын бұзылыстың бастысы токсикалық энцефалопатия. Барлық жағдайда ОЖЖ ошақты зақымданулары, диэнцефальді және пирамидті симптоматик.а көрініс береді. Қыртысасты ядроның зақымдануынан паркинсонизм көрінуі де мүмкін. Жүйке жүйесіне де әсер етеді: ерін нистагмы, жалпы тремор, хорея тәрізді гиперкинезия, атетоз б/м. Ұшатын еріткіштердің токсикалық қасиеті ішкі органдарды да зақымдайды: нефрит, гепатит тіпті жоғары дозада қабылдауы наукас өліміне алып келуі мүмкін.


Дата добавления: 2015-08-26 | Просмотры: 1493 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.013 сек.)