Пальпация
1.Жүрек ұшы түрткісі: қай жерде, сипаттамасы теріс, оң; күші (қалыпты, қатты, әлсіз); биіктігі (жоғары, әлсіз); ені (локализденген немесе жойылған): резистентілігі
2.Жүрек түрткісі (патология кезінде)
3.Кеуде қуысының дірілі (систолалық, диастолалық)
Жүрек перкуссиясы
1.Жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекарасы: оң жақ- қалыпты жағдайда ІҮ-ші қабырға-аралықта, төстің оң жақ шетімен 1 см сыртқа қарай; сол жақ - қалыпты жағдайда сол жақ бұғана орта сызығынан 1-2см солға ішке қарай;
жоғары жақ - сол жақ төс сызығынан ІІІ-ші қабырғадан 1см солға қарай
2.Жүрек көлденең өлшемі:жүрек салыстырмалы тұйықты шекарасының шеткі нүктелерінің (оң жақ және сол жақ) төс орта сызығына дейін арақашықтық.
Қалыпты жағдайда оң жақ 3-4см, сол жақта 8-9см/ Барлығы 11-13см.
3.Жүрек конфигурациясы: барлық қабырға аралықтан анықтайды (қалыпты конфигурация, митральды, аортальды, трапеция тәрізді
4.Жүректің абсолютті тұйықтығы: ақырын перкуссия жүргізу
а)оң жақ шекара қалыпты жағдайда төстің сол жақ жиегіне сәйкес келеді
б)сол жақ - қалыпты жағдайда салыстырмалы тұйықтық шекарасынан 1-2см ішке
в)жоғары - қалыпты жағдайда IV қабырғада сол жақ төс сүйегінен 1см солға қарай
3.Қан тамыр шоғырының шекарасын анықтау ақырын перкуссия қолданады.
Оң және сол жақ тамыр шоғырының тұйықтығы қалыпты жағдайда төс шетінде орналасқан, көлденең өлшемдері 5-6см
Жүрек аускультациясы
1.Жүрек ырғағы: қалыпты синусты ырғақ, синусты тахикардия, синусты брадикардия, экстрасистолия, жыпылық аритмия, пароксизмальды жыпылық аритмия, жүрек блокадасы
2.Жүрек жиырылуының саны
3.Тондар: олардың жиілігі, естілуі (анық, тұйық, тембр өзгеруі). Тонның біреуінің қатаюы немесе әлсіреуі, локализации, ыдырау, екеулену, шоқырақ ырғағы көрсеткіштері
4.Шулар: сипаттамасы, жүрек қабілеттілігінің фазаларына қатынасы, максимальды естілу әсері, өткізгіштігі
Пульс және артериялық қысымды зерттеу
1. Пульс
а)екі қолдағы пульсті салыстыру
б)толықтығы
в)қатаюы
г)көлемі
д)қалыпы
е)ырғағы
ж)жиілігі
з)дефицит болуы пульстің
и)капиллярлы пульс
2.Артерияның аускультациясы: ұйқы, мықын артерияларын есту — Траубенің қосарлап тон, Виноградов-Дюрозье қосарлану шуы
3.Артериялық қысым (систолалық және диастолалық, мм.сын.бағ.бойынша)
ІҮ.Асқорыту ағзаларының жүйесі
Қарап көру
1.Ауыз қуысы: тіл-түсі, ылғалдығы, жабынды болуы және оның сипаттамасы, тіл сызаттары, тілдегі язвасы, ауыз қуысының шырышты қабаты, қызыл иегі, тіс-жақ аппараты, жұмсақ және қатты таңдайлары — түсі, жабындысы
2.Іш: қалпы, тыныс алуда қатысуы, симметриясы, асқазанжәне ішектердің перистальтикасы, коллатеральды веналар, іштің тері асты кеңейген венасына қан ағудың бағыты, іштің кіндік бойымен өлшемі асцит кезінде
Дата добавления: 2015-09-18 | Просмотры: 1971 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 |
|