АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Жалпы фармакология
1.Фармакологияның даму тарихы. Атақты фармакологтар. Фармокология және фармакопея комитеттері, олардың қызметі. Жаңа дәрілер табу жолдарының принциптері.Фамакологияның тарихы адамзат тарихы сияқты ұзақ. Мыңдаған жылдар бойы дәрілік препараттарды дайындау жіне қолдау эмперикалық жүзеге асты. ХІХ ғ. Басында фармакологиялық зерттеулер тәжірибелерін жануарларға жасауды енгізілуі маңызды оқиға болды. Өткен ғасырдың ортасында Юрий университетінде дүние жүзіндегі ең алғашқы тәжірибелік фармакология зертханасы ұйымдастырылды. Осының бәрі ғылыми фармакологияның қалыптасуына қажетті негіз жасады. Біртіндеп фармакологиялық зертханалардың саны көбейе бастады. Дәрілік заттардың әсер ету механизмін және орнын анықтайтын зерттеулер кең көлемде жүргізіліп, жаңа дәрілер алынды. Қазақстан республикасында фармакология пәнінің өсіп өркендеуіне Академик Т.Ш. Шарманов, И.Р. Курмаганбетов, Р.С. Күзденбаева, профессорлар К. Д. Рахимов, М. Н. Мусин, Д.Д. Муханбетов, Г.М. Пичхадзе, С.К. жауғашев, Н.М. Мавлюдова, Т.М. Мажитов, Т.С. Нургожиндердің елеулі еңбектердің үлесі өте жоғары. Европадағы алғашқы басылымдық фармакопия Италияда ХҮ ғасырда шықты. Одан кейін фармакопия Англияда, Францияда; Ресейде, АҚШ та пайда болды. ХІХ ғ. Басында тазартылған алкалоидтарды бөліп алу және алғашқы органикалық заттардың синтезі біршама алға басу болып табылды. ХІХ ғ. 40- жылдарынан бастап медициналық практикаға алғаш рет наркозға арналған дәрілер ұйықтатқыш дәрі хлоралгидрат, жергілікті жансыздандырушы зат кокаин және бір қатар басқа заттар енгізілді. ХІХ ғ. Басында инфекциялық аурулар химотерапиясының негізгі принциптері жасалды, бұл оның ары қарай дауына әсерін тигізді. Мерезге қарсы алғашқы препарат сальварсан синтезделді.
2.Рецепторлар туралы түсінік, рецепторлардың түрлері, құрылысы, рецепторлармен дәрілердің байланысу түрлері. Олардың маңызы.Рецептор- ішкі және сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдайтын сезім жүйесі талдағыштардың (анализаторлардың) шеткі бөлігі. Рецепторлар денеге әсер етуші тітіркендергіштердің белгілі бір нақты түрін ғана қабылдауға бейімделген. Олар денедегі орналасу орындарына байланысты: экстерорецепторлар және интерорецепторлар болып екіге бөлінеді. Экстерорецепторлар - организмге қоршаған сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш әсерлерін қабылдайды.Оған дәм сезімі, иіс сезімі, сипап сезу, көру, есту және тепе-теңдік сақтау рецепторлары жатады. Интерорецепторлар — ішкі мүшелерде, ұлпаларда, қан және лимфа тамырлары қабырғаларында орналасып, осы мүшелерден келетін тітіркеністерді қабылдайтын сезімтал құрылымдар. Олар организмдегі зат алмасуды қамтамасыз ететін мүшелердің үйлесімді қызмет атқаруын реттейді. Дәрі-дәрмек рецептормен байланысып, молекулярлық байланыс көмегімен «зат-рецептор» қосылысын түзейді.Ковалентті байланыстар – электрондардың жалпы жұбының есебінен екі атомның арасында пайда болады. Олар заттардың қайтарымсыз байланысын қамтамасыз етеді, бірақ бұл байланыс кез-келген дәріге келе бермейді.Ионды байланыс – оған ион-диполді және диполь-диполді байланыстар жақынырақ – электоростатикалық өзара әрекеттер топтар арасында пайда болады. Жасуша мембраналарының электрлі алқабына дәрілік заттар түседі, одан әрі рецепторлармен байланысу үшін қажетті демелген диполдердің түзілуі жүреді.Сутектік байланыстар – бұл сутек атомдары отегінің, азоттың, күкірттің және басқа да атомдармен байланысады, ван-дер-ваальсовтар байланыстары әлсіз, екі кез-келген атомдардың арасында құрылған байланыстар.Дәрі-дәрмектер рецепторлармен қарым-қатынас құрғаннан кейінгі, сол рецептордың қызметтік маңызының реакциясын туғызу «ішкі белсенділік» термині деп аталады. Дәрінің рецепторға аффинитеттігі және қосымша ішкі белсендігі болса, бұны рецептордың агонисті(сәйкестік) дейді. Агонист ретінде препараттың арнамалы рецепторлармен әрекеттескендегі миметикалық әсерінің тұспалдануы, олар оны белсендіреді, рецепторлардың конформациясын өзгертеді, биохимиялық реакциялар нәтижесінде белгілі фармакологиялық ықпалдар туындайды. Мүмкіндігінше ең жоғары ықпалдар туындағанда толық агонистер деп аталады, ал рецепторлармен әрекеттескенде ең аз ықпал туындаса, яғни ең жоғары ішкі белсенділігі болмаса, онда жартылай агонисттер деп аталады.Дәрі рецепторға аффинитеті болып тұрып, бірақ ол рецептормен байланысуға кедергі келтірсе оны антагонистік (қарсыма-қарсы) рецептор деп атайды. Рецептормен байланыса отырып, олар агонисттердің осы рецепторларға әсеріне кедергі жасайды, оларды тежегіш рецепторлар деп атайды. Антагонисттер агонисттердің байланысатын жерінен орын алса және оларды рецептормен байланысуын ығыстырса, бұндай ықпалдар бәсекелестік антагонист деп аталады. Егер антагонист агонисттің байланысатын нысанасы емес жерден орын алса, яғни ішкі белсенділікті реттемейтін, онда ол бәсекелестік емес антагонист деп аталады. Бұл кезде препарат рецепторды белсендіретін қабілеті болады және осы рецептордың түр бөлімін тежейді, онда оны агонист-антагонист деп аталады.
3.Дәрілердің фармакокинетикасы.Оның практикалық медицинада маңызы. Доза.Дозаның түрлері.Терапиялық кеңдік.Фармакокинетика-ағзадағы дәрілік заттардың тағдырын зерттейді,яғни дәрілік заттардың сіңірілуі,таралуы,биотрансформациясы(заталмасуы)және ағзадан шығарылуын зерттейтін фармакологияның бір бөлімі.(грек тілінен аударғанда pharmacon-дәрі,kineo-қозғалу).Фармакокинетиканы зерттеу медицина тәжірибесіне биологиялық орталарда,яғни газды сұйықтықты хроматография,радиоиммунды және фермент-химиялық тәсілдерді енгізу арқылы дәрілік заттардың мөлшерлерін анықтауға мүмкіндік туғызды. Фармакокинетикалық мәліметтердің негізінде дәрілердің дозалары,енгізу жолдары,дәрілерді тағайындаудың ұзақтығы мен тәртіптері анықталады.Ағзаның биологиялық ортасындағы дәрілік заттардың құрамын үнемі бақылау фармакотерапияда уақытылы түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.Доза(мөлшер)-организмге енгізілетін салмақтық,көлемдік немесе биологиялық белсенділік өлшемімен көрсетілетін дәрінін мөлшері.Мөлшерді граммен немесе грам үлесімен белгілейді.Препаратты өте дәл есептеу үшін олардың мөлшерін дененің 1кг салмағына есептейді.Жекелеген жағдайларда затты мөлшерлегенде,дене беткейінің көлеміне сүйенуді жөн көреді.Барлық дәрілік заттардың емдік,уытты,өлімдік дозалары бар.Емдік доза-дәрілік заттың емдік әсер беретін мөлшері.Уытты доза-зерттеулерде байқалатын уыттану әйгіленісі немесе улануды беретін мөлшері.Өлім дозасы-зерттеулерде байқалатын өлімге апаратын мөлшері.Жоғары реттік мөлшер(ВРД)-асырғанда уытты әсер көрсететін,1 қабылдауға арналған мөлшері.Жоғары тәуліктік мөлшер(ВСД) асырғанда уытты әсер көрсететін,1тәулікке арналған мөлшер.Орташа терапевтикалық мөлшер,жоғары реттік мөлшердің1/2немесе1/4 бөлігі.Дәрілік терапияның түрлері.Этиотропты терапия-аурудың себептерін жоюға бағытталған.Патогенетикалық терапия-ауру процесін қысқартуға және асқынуларды болдырмауға бағытталған.Симптоматикалық терапия-аурудың жеке белгілерін жоюға бағытталған.Орын басу терапиясы-ағзада гормондар,ферменттер жетіспеушілігінен туатын ауруларға қарсы қолданылатын терапия.Ол кезде гормондар,оның аналогтары және ферменттік препараттар қолданылады.Профилактикалық терапия алдын алу мақсатына бағытталған.Мыс.антисептиктер,дезинфекциялық және вирусқа қарсы дәрілер.Дәрілердің терапевтік ауқымы-бұл орта ж\е кең үлкен емдік дозалар арасындағы диапазон.емдік индекс-ЕД50 әсерлі дозасының ӨД50 өлім дозасына ара қатынасы.
4.Организмге дәрілерді енгізу жолдары. Олардың салыстырмалы сипаттамасы.Дәрілер сіңірілуінің механизмдері.Дәрілік заттарды енгізудің энтеральды және парентеральды жолдары бар.1.Энтеральды енгізу жолдары-асқазан ішек жолдары арқылы енгізу.а)Пероральды енгізу жолы-дәрілік заттарды ауыз қуысы арқылы енгізу(per-арқылы,os-ауыз)Басқа енгізу жолдарына қарағанда ең қарапайым және ыңғайлы әдіс болып табылады.Әсері 30-60 мин.соң басталады.б)Сублингвальды(sub lingua-тіл астына) және трансбуккальды(ұртқа)енгізу жолы.Бұл жолмен тек белсенді заттар сіңіріледі.Бауырдан тыс,тіл астындағы майда қан тамырларына сіңіріліп,әсері 1-3мин.соң басталады.в)Тік ішекке енгізу жолы-(per rectum-тік ішек арқылы)бұл жолмен суппозиторийлер,дәрілік клизмалар және жағылмалар енгізіледі.Ауыз қуысы арқылы енгізу жолына қарағанда әсері(әсері15-30мин.соң басталады)тезірек.2.Парентеральды енгізу жолы-асқазан ішек жолдарынан тыс.а)Тері астына(т/а)енгізу жолы.Әсері 5-15 минуттан соң басталады.Тек сулы,кейде майда ерітінділер енгізіледі.б)Бұлшық етке(б/е) енгізу жолы-толық сіңіріліп,тез әсер көрсетеді.Сулы,майлы ерітінділер мен суспензияларды енгізуге болады.в)Күре тамырға(к/т)енгізу жолы.Әсері өте тез,бпрлық концентрациясы қанға түседі.Тек сулы ерітінділер енгізіледі.Энтеральды енгізу жолына қарағанда әсері5-10 есе артық.с)Субарахнойдальды енгізу жолы.Subarachnoidea-мидың(торлы)қабығына енгізіледі.Бұл енгізужолымен дәрілерді жұқпалы ауруларда тікелей мидың торлы қабығына енгізеді.д)Ингаляциялық енгізу жолы(inhalatio-дем алу)Газ тәрізді,сұйық ұшқыш заттар наркозға арналған,аэрозоль және эфир майларының булары енгізіледі.Басқа да парентеральды енгізу жолдарына:артерия ішіне,жүрек ішіне,сүйекке,тері ішіне,интраназальды,конъюктивальды,кеудеге,плевраға және буынға енгізу жатады.Сіңірілу дегеніміз дәрілердің жасушалардың липопротеиндік плазмалық мембранасы арқылы өтуі.Көбінесе дәрі-дәрмектер аш ішекте сіңіріледі.Ішектегі кедергі бір қабат эпителийден тұрады,тері бетінен сіңірілгенде дәрі бірнеше жасушалық қабаттардан өтеді.Мембрана арқылы тасымалданудың механизмдері:пассивтідиффузия,белсенді транспорт,пиноцитоз.Жай диффузия жолымен липофильді дәрілік заттар сіңіріледі.Дәрілік заттардың липидте ерігіштігі күшейген сайын жасуша мембранасы оңай өтіп,тез сіңіріледі.Дәрілердің концентрациясының градиенті бойынша,концентрациясы жоғары аймақтан төмен аймаққа қарай өтіп,энергия жұмсалуын қажет етпейді.Қосылыстардың липофильділігі молекулалардың иондалу дәрежесіне байланысты.Дәрілік заттардың сіңірілуі сутектік көрсеткіш (pH)ортаға байланысты.Ортаның pH жоғарылау диссоциациялануына алып келеді.Белсенді транспорт-дәрілердің концентрациясының градиентіне қарсы,концентрациясы төмен аймақтан жоғары аймаққа қарай өтіп,энергия жұмсалуын қажет етеді.Бұл жолмен суда еритін гидрофильді полярлы молекулалар, бейорганикалық иондар,қант,аминқышқылдар және пиримидин негіздері жеңіл өтеді.Пиноцитоз жолымен жасуша мембранасында көпіршік түзіліп,инвагинацияланады.Көпіршікке дәрілік заттар мен сұйықтықтар еніп,ол көпіршік мембрананың қарсы бетіне өтіп,сол жасуша ішінде көпіршіктен дәрілік заттар мен сұйықтықтар босап шығып сіңіріледі.Сіңірілудің маңызды сипаттамасы биосіңімділік. Биосіңімділік деп препараттың алғашқы мөлшеріне байланысты өзгерілмеген заттың мөлшерін көрсетеді.Биосіңімділік дәрілердің физико-химиялық ерекшеліктеріне,дәрілік түрлеріне және оның дайындалу технологиясына,енгізу жолдарына,қан айналымының жылдамдығына,сіңіретін беттің ауданына тәуелді.
5.Бос орынды толықтырыңыз:Фармакодинамика-бұл дәрілік заттардың биологиялық әсерлері,сонымен қатар олардың әсер ету орны мен механизмі.
6.Бос орынды толықтырыңыз:Фармакокинетика-бұл дәрілік заттардың сіңуі,ағзада таралуы,жиналуы,метаболизмі және шығарылуы жөніндегі фармакологияның бөлімі.
7.Бос орынды толықтырыңыз. Дәрілік заттың қолданған жерде пайда болған әсерін жергілікті әсер деп атайды.
8.Бос орынды толықтырыңыз. Дәрілік заттың сіңгеннен кейін, жалпы қан айналымға және одан тінге түсскеннен соң дамитын әсерін резорбтивті (жүйелік) деп атайды.
9.Бос орынды толықтырыңыз:Материалдық комуляция-деп ағзада фармакологиялық заттардың жинақталу түрін айтады.
10.Бос орынды толықтырыңыз:Комуляция-деп ағзада фармакологиялық әсерлердің жинақталу түрін айтады.
11.Бос орынды толықтырыңыз: Дәрілік заттарды ПРОФИЛАКТИКА үшін қолданғанда белгілі бір аурудың алдын алуды көздейді.
1 2.Бос орынды толықтырыңыз: Симптомды-емнің басты мәселесі жағымсыз симптомдарды жою болып табылады, ол негізгі патологиялық үрдістін ағымына да айтарлықтай әсерін көрсетеді.
13.Бос орынды толықтырыңыз: Орынбасушы-ем табиғи биогенді заттар жетіспегенде қолданылады.
14.Бос орынды толықтырыңыз:Дәрілік заттардың жанама ж\е уытты әсерлер жүктіліктің 12-ші аптасына дейін пайда болса,оларды эмбриотоксикалық деп атайды.
15.Бос орынды толтырыңыз:Дәрілік заттардың жанама және уытты әсерлер жүктіліктің өте кеш мерзімдерде болса,оларды фетотоксикалық деп атайды.
16.Бос орынды толтырыңыз:Этиотропты ем аурудың себебін тоқтатуға бағытталған.
17.Бос орынды толықтырыңыз:Мутагендік-бұл заттар ұрық жасушасының және генетикалық аппаратының тұрақты зақымдалуын туғызатын қабілеті, ол ұрпақтың генотипінің өзгеруімен көрінеді.
18.Бос орынды толықтырыңыз:Клиникалық фармакология-фармакологиялық,биологиялық процестер мен дәрі-дәрмек арасындағы қарым-қатынасты зерттейді.
19.Бос орынды толықтырыңыз:-тірі ағзаның циклдық процесстері
20.Бірінші реттік және екінші реттік фармакологиялық реакциялар туралы түсінік. Мысал келтіру. Организмде дәрілердің фармакологиялық активтігіне әсе ететін факторлар.Фармакодинамика біріншілік және екіншілік фармакологиялық серпілістерден тұрады. Біріншілік фармакологиялық серпіліс дегеніміз-ол циторецепторлармен-биомакромолекулалармен әсерлесу. Биомакромолекулалар биологиялық белсенді затпен, дәрілік затпен әсерлесуге генетикалық әзірленген зат. Циторецепторлармен әсерлесу екіншілік фармакологиялық серпілістің жасушалар мен мүшелердің атқаратын қызметі мен метоболизмінің өзгеруі түрінде қажет. Рецепторсыз әсерсерлесу, механизмі сирек кездеседі. Ингаляциялық наркоздық заттарда, осмостық зәр айдаушы дәрілерде, плазма алмастырушыларда, комплексон түзушілерде циторецепторлармен әсерлесу болмайды. Біріншілік фармакологиялық серпіліс әртүрлі екіншілік өзгерістерге әкелуі мүмкін (норадреналин арқылы α-адренорецепторларды қоздырғанда ол көз қарашығын кеңейтеді және тамырларды тарылтады). Екіншілік фамакологиялық серпіліс негізінде әртүрлі біріншілік механизмдер болуы мүмкін (ацетилхолин арқылы ям-холинорецепторларды қоздырғанда немесе гистаминмен -рецепторларды қоздырғанда бронхтардың түйілуі болады.
21.Дәрілердің организмге көрсететін әсерлерінің түрлері: жергілікті (локальді), рефлекторлы, резорбтивті, жанама, таңдамалы. Жергілікті әсері – қолданған жердегі дәрілік заттардың әсерлері (жергілікті анестетиктердің әсерімен ауру және температура сезімталдығын жоғалту; ауырсыну, гиперемия, тітіркендіруші препаратты қолданған дене аймағының ісінуі).Резорбтивті әсері – (лат. Resorbeo –жұту) қанға сорылғаннан кейін және гистогематикалық қорғанысқа енгеннен соң дәрілік заттардың әсері (наркозды дәрілерді, наркотикалық және наркотикалық емес анальгетиктерді қолданғандағы анальгезия, кофеинді қабылдаған адамдардағы ой және физикалық жұмысқа қабілеттіліктің артуы).Таңдамалы әсері-бұл дәрілік заттардың белгілі мүшелер мен жүйелердің қызметіне әсері. Егер зат белгілі бір жерде орналасқан, тек қызметі жағынан бірдей рецепторлармен өзара байланысып және басқа рецепторларға ықпал етпейтін болса, онда заттың осындай әсерін таңдамалы деп есептейді.Жанама әсері – дәрілік заттардың алғашқы мүшелермен функционалды байланыстағы өзге мүшелердің жасушаларына әсер беруі.Жанама әсер етудің мысалы, рефлекторлы әсер- яғни мүшелердің қызметінің сезімтал жүйке ұштарын қоздыру нәтижесінде өзгеруі.
22.Дәрілердің фармакодинамикасы.Мысал келтіріңіз. Дәрілердің фармакодинамикасы-(грек тілінен pharmacon - дәрілік зат, dinamis – күш,мүмкіндік, қабілет) дәрілік заттың орналасуын, әсер ету механизмін, фармакологиялық әсерлерін оқытатын фармакологияның бір бөлігі. Фармакодинамиканың негізгі мазмұны - бұл дәрілік заттардың биологиялық әсерлері, сонымен қатар олардың әсер ету орны, механизмі.Дәрілік заттардың әсерлері олардың ағзамен өзара әсерілесуінің нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты дәрілік заттың физиологиялық белсенділігін анықтайтын негізгі қасиеттерін арнайы қарастырып қоймай, сонымен қатар әсердің жағдайға, берілген заттың қолданылуына және олардың әсері бағытталған ағзаның жағдайына тәуелділігі қарастырылады. Сонымен қатар, фармакотерапияның аса маңызды түрлері, дәрілік заттардың жанама және уытты әсерлерінің жалпы заңдылықтары да талқыланады. Мысалы, норадреналин арқылы α-адренорецепторларды қоздырғанда ол көз қарашығын кеңейтеді және тамырларды тарылтады.
23.Организмдегі дәрілердің метоболизм жолдары. Бауыр микросомальды ферменттерінің дәрілер биотрансформациясына қатысуының маңызы.Биотрансформация-дәрілік заттардың метаболиттік алмасуы. Көптеген серпілістерде метаболиттер түзіледі. Полярлы метаболиттер майда нашар ериді, бірақ бүйрек өзекшелерінде реабсорбцияға және энтерогепатикалық айналуға (яғни, өт пен ішекке бөлінуі және қанға қайта сіңірілуі) аз ұшырайды.Метаболиздік тасымалдау реакциясы. Бауырдың эндоплазмалық ретикулымында НАДФ-н және НАД-Н тәуелді тыныс ферменттер тізбегі болады.НАДФ-Н бағынышты жүйесінде электрлердің тасымалдаушысы молекуласы және редуктаза молекуласының ара қатынасы 10/1. Адамның ерекшелігі антагенезді дәрілік заттардың метаболизмін қамтамасыз ететін ферментті жүйелердің салыстырмалы ерте пайда болуы. Бауырдың ферменттер жүйесі гестациялық кезеңде (6-8 даму аптасы) де өз қызметтерін бастайды. Биотрансформацияны қағанақ та жүзеге асырады. Туылған кезде бауырда көптеген химиялық қосылыстар тотығады. Бірақ жаңа туған сәбилердің биотрансформация ферменттерінің белсенділігі үлкендердікінің 20-80%-ын құрайды
24.Организмге дәрілердің теріс әсер етуі. (Спецификалық және бейспецификалық). Дәрілердің жатырда дамып жатқан балаға және жаңа туылған балаға әсер етуі. Мысал келтіріңіз.Заттаардың жағымсыз әсерлері сипаты бойынша өте әр алуына, айқындығы және ұзақтығы әртүрлі. Жанама әерлер жүйке жүйесіне, қанға және қан түзілуіне, қан айналу, тыныс алу, ас қорыту мүшелеріне, бүйрекке, эндокриндік бездерге және т.б. бағытталған болуы мүмкін. Жанама әсерлердің кей біреулері салыстырмалы түрде оңай өтеді (аздап лоқсу, бастың ауруы және т.б.), кейбір ауыр және өмірге қауіпті (бауырдың зақымдалуы, лйкопения, аплостикалық анемия) болуы мүмкін.
Жүктілік кезінде тағайындалатын дәрілік зататр эмбрионға және іштегі нәрестеге теріс әсер көрсетуі мүкін. Осындай ықпалға заттың тератогенді әсері жатады, ол баланың әртүрлі аномалиялармен туылуына әкеледі.
25.Дәріге тәуелділік (психикалық және дене тәуелділігі). Дәріге тәуелділікпен күресу.Оның медициналық және әлеуметтік мәселелері.Құмартушылық-бұл наркотикалық әсері бар психобелсенді дәрілерді қайталап қабылдауға ұмтылу, яғни эйфорияға жету мақсатында немесе наркотиктерді қолданбағанда пйда болатын психикалық немесе физикалық дискомфортты азайту мақсатында қолдану. Эйфорияның белгілері-қанағаттану сезімі, елестетулер, жұмысқа қабілеттіліктің және өмірлік күштердің жоғарылауы немесе жеңіл тыныштану, босаңсу, ауырсынудың жоғалуы. Наркоманияда психикалық және физикалық тәуелділік және дағдылану қалыптасады.Психикалық тәуелділік кезінде наркотикалық дәрілерден адамдарды айыру психикалық бұзылыстарға-тұнжырауға, озбырлыққа, ұйқысыздыққа, қорқынышқа, тітіркенушілікке алып келеді. Физикалық тәуелділікте наркотикті қабылдауды тоқтату немесе оның антогонистерін енгізу абстиненттік синдромның дамуымен сипатталады.
Физикалық тәуелділік наркотикті бірінші қабылдағаннан соң қалыптасады. Қысқа әсерлі препараттарды шамадан тыс қабылдағанда ауыр абстиненция сол препаратты тоқтату онша ауыр емес дәрежедегі абстиненцияның дамуына әкеледі.
Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 2775 | Нарушение авторских прав
|