АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Гестагендерге жатады

Прочитайте:
  1. Ауыр дисплазия неге жатады?
  2. Стрептомицин жатады

1) прогестерон

2) оксипрогестерон капронаты

3) эстрадиол дипропионаты

4) тестостерон пропионанаты

5) преднизолон

 

Тест № 6

Андрогендер ________, ________ өндіріледі. Химиялық құрылысы бойынша ________ жатады.

 

Тест №7

Глюкокортикоидтарға тән әсерлер

1) қабынуға қарсы

2) иммуностимуляторлық

3) шокқа қарсы

4) детоксикациялаушы

5) аллергияға қарсы

 

Тест №8

Эстрогендер _________, ________ өндіріледі. Химиялық құрылысы бойынша ________ жатады.

 

Тест №9

Беклометазонға тән:

1. қабынуға қарсы әсері бар

2. аллергияға қарсы әсері бар

3. десенсибилизациялаушы әсері бар

4. жүйелі әсер көрсетеді

5. ингаляция түрінде бронх демікпесінде, вазомоторлы рините қолданылады

 

Тест №10

Минералокортикоидтарға тән:

1. аллергияға қарсы әсер

2. бүйрек өзекшелерінде натрийдың реабсорбциясын жоғарылатады

3. калийдің секрециясын артттырады

4. қаңқа бұлшықеттерінің жиырылғыштығын жоғарылатады

5. артериялық қысымды төмендетеді

 

Тест №11

Тест №11

Стероидты құрылысты гормондарға жатады

1) ұйқы безінің гормондары

2) гипоталамус және гипофиз бездерінің гормондары

3) қалқанша безінің тиреоидты гормондары

4) эпифиз гормоны, паратгормон

5) кортистероидтар, жыныс бездерінің гормондары

 

Тест №12

Глюкокортикоидтардың синтетикалық аналогтарына жатады

1) преднизолон

2) гидрокортизон

3) дексаметазон

4) триамцинолон

5) беклометазон дипропионаты

Тест №13

Глюкокортикоидтарды қолдануға көрсетулер

1) аутоиммунды аурулар

2) қант диабеті

3) аллергиялық аурулар

4) терінің және шырышты қабықтың аурулары

5) мүшелер мен тіндердің транслантациясында

 

Тест №14

Посткоиталды гормондық контрацепцилық заттарға жатады

1. континуин

2. антеовин

3. мифепристон

4. тризистон

5. нон-овлон

 

Тест №15

Жұптастырылған эстроген-гестагенді пероралды контрацептивтер

А-бірфазалы, Б-екіфазналы, В-үшфазалы

1. антеовин

2 нон-овлон

3. минизистон

4. тризистон

5. континуин

 

 

Сабақ №3

1.Тақырыбы: «Шеміршек тіндеріндегі зат алмасуға әсер ететін заттар. Бұлшық еттің жиырылғыштығында қолданатын заттар»

2.Сабақтың мақсаты: Шеміршек тіндеріндегі зат алмасуға әсер ететін заттар және бұлшық еттің жиырылғыштығында қолданатын заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтарын қалыптастыру, оқулықтағы материалды бекіту, қолдануға негізгі көрсеткіштерін және жанама әсерлерін игеру, әртүрлі дәрілік қалыптарға рецепттер жаза білу, оларды сараптау және түзету.

 

 

3.Оқыту міндеттері:

1.Шеміршек тіндеріндегі зат алмасуға әсер ететін заттардың жіктелуімен танысу.

2. Шеміршек тіндеріндегі зат алмасуға әсер ететін заттардың және бұлшық еттің жиырылғыштығында қолданатын заттардың фармакодинамикасы және фармакокинетикасының негізін зерделеу.

3.Шеміршек тіндеріндегі зат алмасуға әсер ететін заттардың тиімділігін салыстырмалы бағалауды зерделеу.

4.Шеміршек тіндеріндегі зат алмасуға әсер ететін заттардың қолдануға көрсетулерін зерделеу.Мүмкін дамитын жанама әсерлері.

5.Бұлшық еттің жиырылғыштығында қолданатын заттардың жанама әсерлерін зерделеу.

6. Шеміршек тіндеріндегі зат алмасуға әсер ететін заттардың басқа препараттармен өзара әсерлесуін бағалауды үйрену, негізі препараттарына рецепт жазуды үйрену, оларды сараптау және түзету жүргізу, дозаны бағалау, препараттарды алмастыру.

iv.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Тірек, қимыл-қозғалыс аппаратының қызметіне әсер ететін заттардың жіктелуі

2. Тірек, қимыл-қозғалыс аппаратының қызметіне әсер ететін заттардың негізгі фармакологиялық әсерлері

3. Тірек, қимыл-қозғалыс аппаратының қызметіне әсер ететін заттардың салыстырмалы сипаттамасы

4. Тірек, қимыл-қозғалыс аппаратының қызметіне әсер ететін заттардың қолдану көрсеткіштері

5. Жанама әсерлері

 

5. Өткізу түрлері: барлық қойылған сұрақтарға кеңестер беру, өздігінен тақырыпты игеру, жағдайлық есептерді шығару, оқулықпен және кестелермен жұмыс жасау, тесттік тапсырмалар орындау, рецептерді талдауымен жазу, электронды тасымалдау материалдары бойынша жұмыс жасау, аз топтармен жұмыс істеу.

 

6. Тақырып бойынша тапсырмалар:

1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

- Шеміршек тіндеріндегі зат алмасуға әсер ететін заттар.

- негізгі фармакологиялық әсерлері.

-әсер ету механихмі.

- жеке препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

- қолдануға көрсетулері, жанама әсерлері.

- қолдануға көрсетулерін зерделеу.Мүмкін дамитын жанама әсерлері.

- бұлшық еттің жиырылғыштығында қолданатын заттар.

- жеке препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

- қолдануға көрсетулері, жанама әсерлері.

2. Жағдайлық есептерді шешу.

3. Кестелерді сараптау.

4. Рецепттерді сараптау, бір реттік және тәуліктік мөлшерлерді есептеу, препараттарды орын алмастыру мүмкіндіктерін анықтау.

 

7. Қолданылатын материалдар: кесте, сызба және суреттер, жағдайлық есептер, тесттік тапсырмалар, рецепттер, жинақтық препараттар, бағдарлама бойынша препараттар.

 

8. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание восьмое –М.: Медицина ГЭОТАР, 2008. – С..

3. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание восьмое –М.: Медицина ГЭОТАР, 2005. – С. 204-206, 516-518, 520.

3. Аляудин Фармакология /под ред. Р.Н. Аляутдина 2-е изд., исправл. М.: ГЭОТАР-Мед, С. 2004. 203-206.

4. Маркова И.В., Михайлов И.Б., Неженцев М.В. Фармакология. – Санкт-Петербург: Фолиант – Медицина, С. 2001. 98-99.

5. Руководство к лабораторным занятиям / Под ред. Д.А.Харкевича. Медицина, С. 2005. 327, 331, 324.

 

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое - М.: Медицина, 2007.– 1200 с.

2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров /Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и даполненное: учебное пособие – М.: ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 с.

3. Клиническая фармакология и фармакотерапия. Под редакцией акад. РАМВ Кукес В.Г. и проф. Стародубцев А.К.- М.: Издательский дом ГЭОТАР – МЕД., 2004. – 631с.

4. Деримедведь Л.В., Перцев И.М., Шуванова Е.В., Зупанец И.А., Хоменко В.Н. «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» - Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.- 782 с.

5. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. – Клиническая фармакология. - М.: Медицина, 2002, т.1-2.- 669. с.

6. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.:Медицина, 2000.- 740 с.

7. Базисная и клиническая фармакология. /Под ред. Бертрам Г. Катцунг. – М.: С-П.: Невский диалект, 1998.-т. 1 – 669. с.

 

Бағдарламалық препараттар: афлутоп, хондроитин, хондроксид, алендронат.

 

Рецепт жазуға арналған препараттар: афлутоп, хондроитин.

9. Бақылау (сұрақтары):

1. Тесттік тапсырмаларды орындау.

2. Рецепттерді талдауымен жазу, бір реттік мөлшерін есептеу.

3. Жағдайлық есептер шығару.

4. Тақырыптың сұрақтарына жауаптары.

5. Тақырыптың бақылауі сұрақтарына жауаптары:

- шеміршек тіндеріндегі зат алмасуға әсер ететін заттарды атаңыз;

- шеміршек тіндеріндегі зат алмасуға әсер ететін заттардың негізгі фармакологиялық әсерлері;

- бұлшық еттің жиырылғыштығында қолданатын заттардың жеке препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

Тесттік сұрақтар:

Тест №1

Хондроитинке тән төмендегідей қасиеттер. Басқасы:

1. регенерация үрдісін ынталандырады

2. шеміршек тіндеріндегі дегенерацияны баяулатады.

3. буынның сұйықтықтың түзілуін ынталандырады

4. буын қозғалтқыштығын жақсартады

5. буын беткейінде жағылғыш ретінде маңызы бар

 

Тест №2

Шеміршек тіндеріндегі зат алмасуға әсер ететін зат:

1. преднизолон

2. хондроитин

3. пиридоксин

4. ретинол

5. индометацин

 

 

Тест №3

Хондроитинді тағайындайды:

1. бұлшық етке

2. көк тамырға

3. интраназально

4. тері астына

5. сублингвально

 

Тест №4

Сүйектегі кальций деңгейін төмендетеді:

1. преднизолон

2. диклофенак натрий

3. индометацин

4. пироксикам

5. мелоксикам

 

Тест №5

Шеміршек тіндеріндегі бұзылыстарды шақыратын – препараттар топтары:

1. пенициллиндер

2. цефалоспориндер

3. фторхинолондар

4. макролидтер

5. аминогликозидтер

 

Тест №6

Афлутопа құрамына мына иондар кіреді, басқасы

1. натрий

2. кальций

3. мыс

4. фосфор

5. магний

 

Тест №7

Афлутопа жанама әсерлері:

1. миалгия

2. кардиалгия

3. бас ауруы

4. жүрегі айнуы

5. гастралгия

 

Тест №8

Хондроитинге тән әсерлер, төмендегіден басқасы:

1. хондропротективті

2. ауру сезімін басатын

3. десенсибилизациялық

4. қабынуға қарсы

5. ыстық түсіретін

Тест №9

Бұлшық еттің жиырылғыштығында қолданатын препарат:

1. преднизолон

2. индометацин

3. алендронат

4. диклофенак

5. ибупрофен

 

Тест №10

Алендронатқа тән қасиет, төмендегіден басқасы:

1.сүйектегі резорбцияны тежейді

2. остеолизистің алдын алады

3.остеокласттарды белсендіреді

4.остеобласттарға әсер етеді

5. кальций реабсорбциясын тежейді

 

Тест №11

Алендронаттың жанама әсері:

1. гипокальциемия

2. гипонатриемия

3. гипокалиемия

4. гипомагниемия

5. гипофосфатемия

Тест №12

Хондроитиннің жанама әсері:

1. тәбеттің төмендеуі

2. гипотензия

3. геморрагии

4. кардиалгия

5. нефротоксикалық әсер

 

Тест №13

Афлутопқа тән әсерлер,төмендегіден басқасы:

1. хондропротективті

2. ауру сезімін басатын

3. шеміршек тіндеріндегі регенерацияны ынталандырады

4. қабынуға қарсы

5. десенсибилизациялық

 

Тест №14

Афлутопты тағайындайды:

1. бұлшық етке

2. көк тамырға

3. интраназально

4. тері астына

5. ішке қабылдауға

 

Тест №15

Сүйектік резорбцияны тежейтін препараттар төмендегіден басқасы:

1. тамоксифен

2. кальцитонин

3. ибандронат оссеин-аппатит

4. алендронат

5. преднизолон

 

Ескерту: тесттік тапсырманың жауаптары оқытушыда.

 

 

№ сабақ 4

1. Тақырыбы: «Иммундық үрдістерге әсер ететін заттар. Иммуностимуляторлар, иммунодепрессанттар»

2. Мақсаты: Иммуностимуляторлар, иммунодепрессанттардың фармакокинетика мен фармакодинамикасы жалпы заңдылықтарын, оқулықтағы материалдарды, ерекшеліктерінің білімдерін тұжырымдау, негізгі қолдануға көрсеткіштері және жанама әсерлерін, әртүрлі дәрілік қалыптағы рецептерді жазуды білу, оларды сараптау және түзету.

 

3. Оқытудың міндеттері:

1. Иммунитет жөнінде түсінігі болу.

2. Иммуностимуляторлар, иммунодепрессанттардың жіктелуімен танысу.

3. Берілген топтардың препараттарының фармакокинетика мен фармакодинамикасы

негізін зерделеу.

4. Иммуностимуляторларды тағағайындаудың негізгі принциптері жөніде түсінігі

болу.

5. Кейбір препараттардың салыстырмалы тиімділігін бағалауды зерделеу.

6. Иммуностимуляторлардың жанама әсерлерін, олардың басқа препараттармен

өзара әсерлесуін бағалау.

7. Иммунодепрессанттардың әсер ету принциптерін, препараттарының

салыстырмалы сипаттамасын зерделеу.

8. Қолдануға көрсеткіштерін зерделеу. Мүмкін болатын жанама әсерлері.

9. Берілген топтардың өзара әсерлесуін бағалау, негізгі препараттарына рецепт жазуды білу, оларды сараптау және түзету, бір реттік мөлшерін есептеу және орын алмастыруын анықтау.

 

4. Өткізу түрлері: тақырып бойынша кеңес беру,ауызша сұрау, жағдайлық есептерді және тесттік тапсырмаларды шешу, рецепттерді жазу, оларды түзету, мөлшерлерді есептеу, жазылған рецептерді, кестелерді, сызбаларды сараптау.

5.Тақырыптың тапсырмалары:

1. Тақырыптың негізгі сұрақтарын зерделеу:

- Иммунитет жөнінде түсінігі болу.

- Иммунитетке әсер ететін заттардың жіктелуі.

- Иммуностимуляторлар. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, жіктелуі және

әсер ету механизмі. Қолдануға көрсеткіштері және жанама әсерлері.

- Иммунодепрессанттар. Жіктелуі. Әсер ету механизмі. Препараттардың

салыстырмалы сипаттамасы.

- Жалпы және арнайы әсер ететін иммунодепрессанттар. Препараттардың

әсер ету ерекшеліктері. Иммунодепрессанттардың қолдануға көрсеткіштері.

- Иммунодепрессивті емдеудің асқынулары (ерте және кеш дамитын)

- Иммуномодулдік заттар. Баяу дамитын аса жоғары сезімталдықта қолданылатын препараттар.

2. Жағдайлық есептерді шешу.

3. Кесте, сызба және суреттерді сараптау.

4. Рецепттерді жазу, оларды сараптау, бір реттік және тәуліктік мөлшерлерді есептеу, препараттарды орын алмастыру мүмкіндіктерін анықтау.

 

6. Қолданылатын материалдар: к есте, сызба және суреттер, жағдайлық есептер, тесттік тапсырмалар, рецепттер, жинақтық препараттар, бағдарлама бойынша препараттар.

 

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание восьмое –М.: Медицина ГЭОТАР, 2008. – С. 250-252.

3. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание восьмое –М.: Медицина ГЭОТАР, 2005. – С. 105-110.

4. Аляудин Фармакология /под ред. Р.Н. Аляутдина 2-е изд., исправл. М.: ГЭОТАР-Мед, С. 2004. 122-126.

5. Маркова И.В., Михайлов И.Б., Неженцев М.В. Фармакология. – Санкт-Петербург: Фолиант – Медицина, С. 2001. 142-156.

6. Руководство к лабораторным занятиям / Под ред. Д.А.Харкевича. Медицина, С. 2005. 150-152.

 

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое - М.: Медицина, 2007.– 1200 с.

2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров /Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и даполненное: учебное пособие – М.: ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 с.

3. Клиническая фармакология и фармакотерапия. Под редакцией акад. РАМВ Кукес В.Г. и проф. Стародубцев А.К.- М.: Издательский дом ГЭОТАР – МЕД., 2004. – 631с.

4. Деримедведь Л.В., Перцев И.М., Шуванова Е.В., Зупанец И.А., Хоменко В.Н. «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» - Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.- 782 с.

5. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. – Клиническая фармакология. - М.: Медицина, 2002, т.1-2.- 669. с.

6. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.:Медицина, 2000. – 740 с.

7. Базисная и клиническая фармакология. /Под ред. Бертрам Г. Катцунг. – М.: С-П.: Невский диалект, 1998.-т. 1 – 669. с.

8. Пособия, изданные на кафедре.

9. Кафедрада оқылатын дәрістер.

 

Бағдарламалық препараттар: нуклеинат натрий, метилурацил, пентоксил, левамизол, Т-активин, препараты витаминов, лизоцим, эубиотики, полиокисдоний, рибомунил, продигиозан, меркаптопурин, циклофосфан, азатиоприн, циклоспорин, такролимус, антилимфоцитарные сыворотки, глюкокортикоиды.

 

Рецептте жазуға арналған препараттар: метилурацил, левамизол, Т-активин, рибомунил, меркаптопурин, циклофосфан

 

8. Бақылау:

1. Тесттік тапсырмаларды орындау.

2.. Жағдайлық есептерді шешу

3. Тақырыптың сұрақтарына жауаптары

4. Бақылау сұрақтарына жауаптары:

- Иммунодепрессанттар. Әсер ету механизмі.

- Иммунодепрессанттардың қолдануға көрсеткіштері.

 

Тесттік сұрақтар:

Тест №1

Иммуностимуляторлар:

1. Нуклеинат натрий, метилурацил

2. Метилурацил, преднизолон

3. Преднизолон, циклоспорин

4. Циклоспорин, индометацин

5. Индометацин, Т-активин

 

Тест №2

Левамизолдің әсерлері:

1. қабынуға қарсыпротивовоспалительный

2. иммунодепрессивті

3. гистаминге қарсы

4. аллергияға қарсы

5. иммуностимуляторлық

 

Тест №3

Иммунодепрессант:

1. метилурацил

2. левамизол

3. меркаптопурин

4. бронхомунал

5. Т-активин

 

Тест №4

Т-активин – препараты:

1. айырша вилочковой железы

2. ұйқы безінің

3. гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормоны

4. бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының гормоны

5. гипофиздің артқы бөлігінің гормоны

 

Тест №5

Глюкокортикоидтардың иммунодепрессивті әсер ету механизмі:

1. Т-лимфоциттерінің пролиферациясы және дифференцировкасын тежеуі

2. арнайы антиденелердің түзілуін тежеуі

3. т-лимфоциттердің цитотоксикалық белсенділінің жоғарылауы

4. әртүрлі цитокиндердің гендер транскрипциясын күшейтуі

5. циклооксигеназа 2 тежеуі

 

Тест №6

Иммундық реакцияларды ынталандыратын заттар:

1. т-активин

2. интерферон

3. преднизолон

4. азатиоприн

5. преднизолон

 

Тест №7

Левамизолдың әсер ету механизмі:

1. простагландиндердің түзілуінің төмендеуі

2. жасушалық иммунитеттің күшеюі

3. лимфоциттердің көбеюі

4. ағзаның иммундық қасиеттерінің жақсаруы

5. ЦОГ 2 тежелуі.

 

Тест №8

Преднизолонмен емдегенде «берілу» синдромы дамиды, себебі:

1.остеопороздан

2. гипотензиядан

3. гипогликемиядан

4. психоздан

5. бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының гормоны түзілуінің төмендеуі.

 

Тест №9

Иммунодефициттік жағдайда қолданатын, Т-лимфоциттердің жетілуін ынталандыратын, белоктық құрылысы бар иммуностимулятор:

1. левамизол

2. Т-активин

3. преднизолон

4. меркаптопурин

5. циклоспорин

Тест №10

циклоспорин:

1. иммунодепрессант

2. глюкокортикоид

3. иммуностимулятор

4. цитостатик

5. Н1 гистаминдік рецептордың блокаторы

 

Тест №11

Цитостатик:

1. пеницилламин

2. левамизол

3. лизоцим

4. азатиоприн

5. преднизолон

 

Тест №12

Сәйкестендіру:

Фармакологиялық тобы препарат

 

1. глюкокортикоид А. азатиоприн

2. цитостатик Б. бронхомунал

3.иммуностимулятор В. преднизолон

 

Жауаптары: 1-…., 2-…., 3-……

 

Тест №13

Аутоиммундық қабынуда қолданатын, шокка қарсы,аллергияға қарсы, қабынуға қарсы, әсерлері бар, сенсибилизияланған Т-лимфоциттердің цитотоксикалық әсерін төмендететін иммунодепрессант:

1. циклоспорин

2. метилурацил

3. бронхомунал

4. преднизолон

5. пеницилламин

 

Тест №14

пеницилламин:

1. цитостатик

2. глюкокортикоид

3. иммуностимулятор

4. иммунодепрессант

5. Н1 гистаминдік рецепторлардың блокаторы.

 

Тест №15

Иммуностимулирлық және гельминттерге қарсы әсері белсенділігі бар препарат:

1. Метилурацил

2. Преднизолон

3. Левамизол

4. Натрия нуклеинат

5. Циклоспорин

 

 

№ 5 сабақ

1. Тақырыбы: «Иммундық және қабынуға қарсы үрдістерге әсер ететін заттар» тарауы бойынша аралық бақылау.

2. Мақсаты: қабынуға, аллергияға қарсы және иммундық үрдістерге әсер ететін заттардың фармакокинетика мен фармакодинамика ерекшеліктерінің білімдерін тұжырымдау, медициналық қызметкерлерге және тұрғындарға ақпараттық-кеңестік көмек көрсету дағдылары мен игеруді үйрету.

3. Оқытудың міндеттері:

1. Қабынуға қарсы, зат алмасу және иммундық үрдістерге әсер ететін заттардың жіктелуі.

2. Қабынуға қарсы, зат алмасу және иммундық үрдістерге әсер ететін заттардың фармакокинетикасы және фармакодинамикасының негізін білу.

3.Қабынуға қарсы, зат алмасу және иммундық үрдістерге әсер ететін заттардың негізгі препараттарының салыстырмалы сипаттамасын білу.

4. Қабынуға қарсы, зат алмасу және иммундық үрдістерге әсер ететін заттардың ненгізгі қолдану көрсеткіштері және жанама әсерлерін білу.

5. Қауіпсіз фармакотерапия және тиімділікті қамтамасыз ету үшін қабынуға қарсы, зат алмасу және иммундық үрдістерге әсер ететін заттардың өзара әсерлесуін бағалай білу, негізгі препараттарға рецепт жазу, оларды сараптау және түзету, дозаны есептеу, препаратты алмастыру мүмкіндігін анықтау.

6. Қауіпсіз фармакотерапия және тиімділікті қамтамасыз ету үшін қабынуға қарсы, зат алмасу және иммундық үрдістерге әсер ететін заттардың өзара әсерлесуін үйрену.

7. Осы топ заттарының жаңа препараттар арсеналынан хабардар болу, олардың қолданылатын препараттардан артықшылығы және жиі кездесетін синонимдерін білу..

8. Медициналық және дәріханалық қызмеркерлер, тұрғындар арасында ақпараттық жұмыс жүргізуге үйрену.

 

4. Өткізу түрі: ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар орындау, рецепті талдауымен жазу.

 

5. Тақырып бойынша тапсырмалар:

І. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қан жүйесіне әсер ететін дәрілік заттардың жіктелуі.

2. Гипо- және гиперхромды анемияда қолданылатын препараттар.

3. Темір, кобальт препараттарының фармакокинетика және фармакодинамикасы.

4. Фоль қышқылы және цианкобаламиннің емдік әсер механизмі. Қолданылуы.

5. Эритропоэзді тежейтін заттар.

6. Лейкопоэзді тежейтін заттар.

7. Анафилаксиялық шокта қолданылатын препараттар (тіндердің зақымдалуын төмендететін заттар, адреномиметиктер, бронхолитиктер).

8. Иммунодепрессантар. Жіктелуі. Әсер механізмі. Препараттардың салыстырмалы сипаттамалары. Иммуннодепресанттардың қолданылуға көрсетілуі.

9.Иммуномодуляторлық заттар. Жоғары сезімталдықтың баяу түрінде қолданылатын заттар.

 

5. Оқытудың әдістері: заттың тобын және препаратты анықтау бойынша тапсырмаларды орындау

 

6. Әдебиеттер:

Негізгі

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. – М.: ГЭОТАР-Мед, 2006. С. 529-558

3. Фармакология /под ред. Р.Н. Аляутдина 2-е изд., исправл. М.: ГЭОТАР-Мед, 2004. С.448-455, 457-479.

4. Маркова И.В., Михайлов И.Б., Неженцев М.В. Фармакология. – Санкт-Петербург: Фолиант – Медицина, 2001. С. 309-337.

5. Руководство к лабораторным занятиям /Под ред. Д.А. Харкевича, Медицина, 2005. б. 129-136, 331-333.

 

Қосымша

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Он бесінші басылым. – М.: Новая волна, 2007. б.163-181, 736-747

2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-ші басылым: оқу құралы – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – б.221-329, 284-300

3. Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 б.

4. Деримедведь Л.В., Перцев И.М., Шуванова Е.В., Зупанец И.А., Хоменко В.Н. Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии. – Харьков.: Мегаполис-Мед, 2002. – 782 б.

6. Кафедрада оқылатын дәрістер

Рецептте жазуға арналған препараттар: преднизолон, ацетилсалицил қышықылы, димедрол, ибупрофен, диклофенак-натрий, левамизол, интерферон, метилурацил.

 

7. Бақылау:

1. «Иммундық және қабынуға қарсы үрдістерге әсер ететін заттар» бөлімі бойынша ауызша сұрау

2. Препараттарға рецепт жазу және талдау жасау. Талдауда препараттың тобын, негізгі фармакологиялық әсерлерін, қолданылуын және жанама әсерлерін көрсету.

3. Тесттік тапсырмаларды орындау.

 


Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 1165 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.065 сек.)