АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Тест тапсырмалары. Асқазан бездерінің секрециясын төмендететін заттар

Прочитайте:
  1. Тест тапсырмалары
  2. Тест тапсырмалары
  3. Тест тапсырмалары
  4. Тест тапсырмалары
  5. Тест тапсырмалары
  6. Тест тапсырмалары
  7. Тест тапсырмалары
  8. Тест тапсырмалары
  9. Тест тапсырмалары

Тест №1

Асқазан бездерінің секрециясын төмендететін заттар

1.Ранитидин, омепразол, атропин сульфаты

2.Ранитидин, фамотидин, пентагастрин

3.Ранитидин, натрий гидрокарбонаты, сукралфат

4 Ранитидин, атропин сульфаты, маалокс

5.Ранитидин, мизопростол, магний тотығы

 

Тест №2

Асқазанда СО2 түзілуіне алып келетін жылдам әсер ететін антацидті зат

1. Магний тотығы

2.Алюминий гидрототығы

3.Натрий гидрокарбонаты

4.Алмагель

5.Маалокс

 

Тест №3

Сәйкестікті орнатыңыз

Асқазан бездерінің секрециясын төмендететін заттар Препараттары

А- протон помпаларының ингибиторлары 1.Ранитидин

Б- Н2 гистамин рецепторының блокаторлары 2.Омепразол

В- М-холиноблокаторлар 3.Мизопростол

Г- простагландиндер және олардың 4.Пирензепин

синтетикалық туындылары 5.Фамотидин

 

Тест №4

Әріптесінізге кеңес беріңіз,­ төменде келтірілген препараттардың қайсысы антацидті зат ретінде қолданылады:

1. Пентагастрин

2. Фамотидин

3. Магний тотығы

4. Сукралфат

5. Панкреатин

 

Тест №5

Дәрігер рецебіне түзету жүргізіңіз:

Rp: Magnesii oxydi 0,5

D.S. 1 таб күніне 2 рет

 

Тест №6

Гастропротекторлар

1. Мизопростол, фамотидин, натрий гидрокарбонаты

2. Мизопростол, пентагастрин, карбеноксолон

3. Мизопростол, ранитидин, сукралфат

4. Мизопростол, магний тотығы, атропин сульфаты

5. Мизопростол, пентагастрин, пирензепин

 

Тест №7

Ранитидин

1 ) Н2-гистамин рецепторларын тежейді

2) Н2-гистамин рецепторларын ынталандырады

3) Н1-гистамин рецепторларын тежейді

4) асқазан бездерінің секрециясын төмендетеді

5) асқазанның ойық жара ауруында қолданылады

Тест №8

Асқазанның шырышты қабатының қорғаныштық қызметін және тұрақтылығын күшейтетін гастропротекторлар

1) сукралфат

2) мизопростол

3) карбеноксолон

4) субцитрат висмуттың негізгісі

5) апоморфин гидрохлориді

Тест №9

Антацидті заттардың әсер механизмі

1) зақымдаушы факторлардан асқазанның шырышты қабатының қорғаныштық қызметін және тұрақтылығын күшейтеді

2) асқазан бездерінің секрециясын төмендетеді

3) асқазан бездерінің секрециясын жоғарлатады

4) асқазан сөлінің хлорлы сутек қышқылын бейтараптайды

5) асқазанның моторикасын күшейтеді

 

Тест №10

Омепразол

1) протон насосының ингибиторы болып табылады

2)тұз қышқылының бөлінуінің төмендетеді

3)Н2-гистамин рецепторларының ингибиторы болып табылады

4) антацидті препараттарға жатады

5) ойық жара ауруында қолданылады

 

Тест №11

Сәйкестікті орнатыңыз

Асқазан бездерінің секрециясын төмендететін заттар Препараттары

А- протон помпаларының ингибиторлары 1.Ранитидин

Б- Н2 гистамин рецепторының блокаторлары 2.Омепразол

В- М-холиноблокаторлар 3.Мизопростол

Г- простагландиндер және олардың 4.Пирензепин

синтетикалық туындылары

 

Тест №12

Әріптесінізге кеңес беріңіз,­ төменде келтірілген препараттардың қайсысы ранитидинді алмастыра алады:

1.Пентагастрин

2.Омепразол

3.Натрий гидрокарбонаты

4.Альмагель

5.Сукралфат

Тест №13

Асқазан бездерінің секрециясы жетіспеушілігі кезінде орын басушы ем үшін қолданылатын зат:

1.Омепразол

2.Ранитидин

3.Пепсин

4.Панкреатин

5.Атропин сульфаты

 

Тест №14

Панкреатиннің қолдануға көрсеткіштері:

1.Созылмалы пакреатит

2.Асқазанның және 12 елі ішектің ойық жарасы

3.Гиперацидті гастрит

4. Золлингера-Эллисона синдромы

5.Пептикалық эзофагит

 

Тест №15

Омепразолдың әсер механизмі

1. Н2 гистамин рецепторларын тежейді

2. Асқазанның М1-холинорецепторларын тежейді

3. Асқазанның париетальды клеткаларының протон насостарын (Н+,К+- АТФ-азы) тежейді

4. Ганглилердің Н-холинорецепторларын тежейді

5. Асқазан сөлінің хлорлы сутек қышқылымен байланысып оны бейтараптайды

 

Ескерту: Тесттік тапсырманың жауаптары оқытушыда.

 

 

Сабақ № 2

1. Тақырыбы: «Кардиотоникалық заттар»

2. Мақсаты: Кардиотоникалық заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары.

 

3. Тапсырма:

1. Жүрек жетіспеушілігі жөніндегі түсінікке ие болу.

2. Кардиотоникалық заттардың жіктелуін үйрену.

3. Аталған топ препараттарының фармакокинетикасы мен фармакодинамикасын оқып үйрену.

4. Жүрек жетіспеушілігінің негізгі фармакотерапиялық ұстанымдарын үйрену.

5. Кардиотоникалық заттардың әсер ету механизмі.

6. Жүрек жетіспеушілігі кезінде қолданылатын препараттардың салыстырмалы тиімділігі.

7. Жедел және созылмалы жүрек жетіспеушілігінде қолданылатын заттарды білу.

8. Кардиотоникалық заттардың басқа препараттармен өзара байланысуы және жанама әсерлері.

9. Топтың негізгі препараттарына рецепт жазу, талдау және сараптау, бір реттік мөлшерін есептеу.

10. Қолдануға көрсетпелер.

11. Препараттардың кауіптілігін кушейтетін факторлар

12. Жүрек гликозидтерімен улану. Емдеу принциптері.

4.Сабақтың өткізілу түрі: Тақырыпбойынша кеңес, жағдайлық есептерді шешу, тест тапсырмаларын орындау, рецепт жазу, мөлшерін есептеу, сараптау, кесте, сурет, сызбаларды анализдеу.

5. Тақырып бойынша тапсырмалар.

1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

- Жүрек жетіспеушілігі жөніндегі түсінікке ие болу.

-Жүрек жетіспеушілігі кезінде қолданылатын препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

- Кардиотоникалық заттардың қолдануға көрсетпелер және жанама әсерлері.

- Кардиотоникалық заттардың жіктелуі.

- Кардиотоникалық заттардың әсер ету механизмі.

- Жүрек жетіспеушілігінің негізгі фармакотерапиялық ұстанымдары.

- Жүрек жетіспеушілігі кезінде қолданылатын препараттардың салыстырмалы тиімділігі.

- Жедел жүрек жетіспеушілігінде қолданылатын заттар.

 

2. Жағдайлық есептерді шешу.

3.Кесте, сызба, суреттерді сараптау.

4. Рецепті талдау, бір реттік және тәуліктік мөлшерін есептеу, препаратты ауыстыру

6.Көнекті құралдары: кесте, жағдайлық есептер, тест тапсырмалары, сызба, сурет, препараттардың жинағы, бағдарламалық препараттар.

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.

2.Харкевич Д.А. Фармакология.8-ші басылым –М.: Медицина ГЭОТАР, 2008.

3.Харкевич Д.А. Фармакология. 8-ші басылым –М.: Медицина ГЭОТАР, 2005.

4.Аляудин Фармакология /под ред. Р.Н. Аляутдина2-ші бас.,өңделген. М.: ГЭОТАР- Мед,

5.Маркова И.В., Михайлов И.Б., Неженцев М.В. Фармакология. – Санкт-Петербург: Фолиант – Медицина, 2001.

6. Руководство к лабораторным занятиям / Под ред. Д.А.Харкевича. Медицина, 2005.

 

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. 15-ші басылым- М.: Медицина, 2007.

2 Клиническая фармакология и фармакотерапия. Ред акад. РАМВ Кукес В.Г. и проф. Стародубцев А.К.- М.: Басылым ГЭОТАР – МЕД., 2004.

Метелица В.Н. Справочник кардиолога по клинической фармакологии. М., 2004г.

3. Деримедведь Л.В., Перцев И.М., Шуванова Е.В., Зупанец И.А., Хоменко В.Н. «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» - Басылым «Мегаполис» Харьков 2002.

4. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. – Клиническая фармакология. - М.: Медицина, 2002.

5. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.:Медицина, 2000.

6. Базисная и клиническая фармакология. / Ред. Бертрам Г. Катцунг. – М.: С-П.: Невский диалект, 1998.

7. Кафедрада оқылатын дәрістер.

 

Бағдарламалық препараттар: строфантин, коргликон, көктемгі жанаргүл шөбінің тұндырмасы, дигоксин, дигитоксин, добутамин, амринон.

Есте сақтауға арналған препараттар: дигитоксин, дигоксин, строфантин, коргликон

 

8. Бақылау:

1. Тест тапсырмаларын орындау.

2. Жағдайлық есептерді шешу.

3. Тақырып сұрақтарына жауап.

4. Бақылау сұрақтарына жауап:

А) Созылмалы жүрек жетіспеушілігінде қолданылатын кардиотоникалық заттар

Б) Жедел жүрек жетіспеушілігінде қолданылатын кардиотоникалық заттар

В) Жүрек гликозидтерін атаңыз

Г) Гликозидті емес кардиотоникалық заттарды атаңыз.

 


Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 1714 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.01 сек.)