АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Тесттік тапсымалар

Прочитайте:
  1. ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР
  2. Тесттік тапсырмалар
  3. Тесттік тапсырмалар
  4. Тесттік тапсырмалар
  5. Тесттік тапсырмалар
  6. Тесттік тапсырмалар
  7. Тесттік тапсырмалар
  8. Тесттік тапсырмалар
  9. Тесттік тапсырмалар

Тест №1

Тырысуға қарсы заттардың әсер ету механизмі:

1. Ми қыртысы және қыртыс асты қозғалту аймақтарындағы нейрондардың патологиялық белсендігін төмендетеді

2. Серотониндік рецепторларды қоздырады

3. Орталық және шеткі адренорецепторларды тежейді

4. Орталық холинорецепторларды тежейді

5. ОЖЖ де дофаминің жетіспеуін толықтандырады

 

Тест №2

«Тырысуға қарсы әсер» терминінің дұрыс анықтамасы:

1. Қаңқа бұлшық еттерінің бағынусыз жиырылуын жояды

2. Эмоционалды кернелісті, қорқыныш, қобалжу сезімдерін жояды

3. Ішкі ағзалардағы тегіс салалы бұлшық еттердің тырысуын жояды

4. Психоз белгілерін жояды (сандырақтау және елестер)

5. Ақыл оймен және физикалық жұмыс істеу қабілетін жоғарылатады

 

Тест №3

Дәрігерге кеңес беріңіз, эпилепсияның кіші және үлкен ұстамасының алдын алу үшін қандай препарат қолдану керек?

1. Фенобарбитал (люминал)

2. Диазепам (седуксен)

3. Карбамазепин (финлепсин)

4. Фенитоин (дифенин)

5. Ламотриджин

 

Тест №4

Дәрігерге кеңес беріңіз, қандай эпилепсияға қарсы препаратты үштік жүйкенің невралгиясында қолдану керек?

1. Карбамезапин (финлепсин)

2. Фенобарбитал (люминал)

3. Диазепам (седуксен)

4. Фенитоин (дифенин)

5. Натрий вальпроаты (конвулекс)

 

Тест №5

Дәрігерге кеңес беріңіз, эпилепсияға қарсы қолданатын препараттардың қайсысы транквилизаторлар (анксиолитиктер)тобына жатады?

1. Фенобарбитал (люминал)

2. Карбамезапин (финлепсин)

3. Толперизон (мидокалм)

4. Диазепам (седуксен)

5. Вальпроат натрия (конвулекс)

 

Тест №6

Дифенин қолданады:

1. Эпилепсияның үлкен және кіші ұстамсында

2. Эпилепсияның үлкен ұстамсында, паркинсонизмде

3. Эпилепсияның үлкен ұстамсында, қарыншалық аритмияда, паркинсонизмде

4. Эпилепсияның үлкен ұстамсында, психомоторлы эквивалентте, қарыншалық аритмияда

 

Тест №7

Толықтыру: фенобарбитал _туындыларына жатады, __кезінде қолданады

 

Тест №8

Тынысты аз тежейтін тырысуға қарсы зат:

1. Магний сульфаты

2. Натрий оксибутираты

3. Таламонол

4. Лидокаин

5. Диазепам

 

Тест №9

Эпилепсияның миоклонусы кезінде қолданатын препараттар:

1. Диазепам

2. Фенобарбитал

3. Нитразепам

4. Клоназепам

5. Натрий вольпроаты

 

Тест №10

Тыныс алуды күшті тежейтін тырысуға қарсы заттар:

1. Магний сульфаты

2. Тиопентал-натрий

3. Диазепам

4. Натрий оксибутираты

5. Лидокаин

 

Тест №11

Эпилепсияға қарсы заттар:

1. Фенобарбитал, мидантан

2. Фенобарбитал, дифенин, левадопа

3. Фенобарбитал, дифенин, этосуксимид, селегилин

4. Фенобарбитал, дифенин, этосуксимид, ламотриджин

 

Тест №12

Тырысу ұстамасын жою үшін қолданады:

1. Диазепам

2. Натрий оксибутираты

3. Магний сульфаты

4. Тиопентал-натрий

5. Лидокаин

 

Тест №13

Эпилепсияның үлкен ұстамасы (А) және эпилепсиялық статус (Б) кездерінде қолданатын препараттар:

1. Фенитоин (дифенин)

2. Карбамазепин (финлепсин)

3. Фенобарбитал (люминал)

4. Этосуксимид

5. Диазепам (седуксен)

 

Тест №14

Фенобарбиталдың, натрий вальпроатының, диазепамның эпилепсияға қарсы әсерін нейромедиаторлық жүйемен байланыстырады:

1. Серотониндік

2. Норадреналиндік

3. Ацетилхолиндк

4. ГАМҚ мен

5. Дофаминдік

 

Тест №15

Эпилепсияның кіші ұстамасының алдын алу үшін қолдантын препараттар:

1. Фенитоин (дифенин)

2. Этосуксимид

3. Фенобарбитал

4. Ламотриджин

5. Карбамазепин (финлепсин)

 

3. Жағдайлық есептерді шешу

4. Тақырыптың сұрақтарына жауаптар.

5. Тексеру сұрақтарының жауаптары:

Эпилепсияның:

а) ұлкен тырысу үстамасы кезінде;

б) кіші тырысу үстамасы кезінде;

в) фокалды ұстама кезінде

қолданатын эпилепсияға қарсы заттарды атаңыз

- эпилептикалық статусты жоюға арналған заттарды атаңыз;

- тыныс алу орталығын аз тежейтін тырысуға қарсы заттарды атаңыз;

- тыныс алу орталығын күшті тежейтін тырысуға қарсы заттарды атаңыз;

 

 

Сабақ № 5

1. Тақырыбы: «Орталық жүйке жүйесінің қызметтеріне әсер еттін заттар» аралық бақылау

2. Мақсаты: көрсетілген бөлімде өткен сабақтары және СӨЖ бойынша білімдерін пысықтау.

3. Оқыту міндеттері.

1. ОЖЖ не әсер ететін заттардың жікелуін білу.

2. ОЖЖ не әсер ететін препараттардың фармакокинетика және фармакодинамика негіздерін білу.

3. ОЖЖ не әсер ететін негізгі препараттардың салыстырмалы сипаттамасын білу.

4. ОЖЖ не әсер ететін заттарды қолданудың негізгі көрсетулерін, жанама әсерлерін білу.

5. Тиімді және қауіпсіз фармакотерапия үшін ОЖЖ не әсер ететін заттардың өз ара әсерлесуін бағалауды білу, негізгі препараттарға рецепт жазу, оларды сараптау және түзету, мөлшерлерін есептеу және алмастыру мүмкіндігін анықтау.

6. Осы топқа жататын заттардың жаңа препараттарының арсеналын, олардың қолданып жүрген және кеңінен тараған синонимдерінен артықшылықтарын ажырата білуді үйрену

7. Дәріхана және медициналық қызметкерлер, сонымен қатар тұрғындар арасында ақпараттық жұмыстарды жүргізуді үйрену.

 

4. Сабақты өткізу түрі: ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды орындау, рецепт жазып оны талдау және мөлшерлерін есептеу.

5. Тақырып бойынша тапсырмалар:

Тақырыптың негігі сұрақтарын оқу:

1. наркоздық заттардың жіктелуі, әсер ету механизмі, ингаляциялық және ингаляциялық емес наркоз үшін қолданатын заттардың салыстырмалы сипаттамасы, жанама әсерлері;

2. этил спиртінің жергілікті және резорбтивті әсері, жедел улану, көмек көлемі, созылмалы алкоголизмді емдеу;

3. ұйықтатқыш заттардың мүмкін әсер ету механизмі, ұйқы құрылымына әсері, препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолдануға көрсетулер, улану, көмек көлемі;

4. анальгетиктердің жіктелуі, әсер ету механизмі, фармакологиялық әсерлері, наркотикалық және наркотикалық емес аналгетиктердің салыстырмалы сипаттамасы, қолдануға көрсетулер және қарсы көрсетулер;

5. жанама әсерлері, наркотикалық анальгетиктермен жедел уланудың белгілері, көмек көлемі;

6. опиоидты емес препараттар, анальгетикалық белсенділігі бар орталықтан әсер еттін препараттар;

7. тырысуға қарсы заттардың жіктелуі, негізгі препараттардың сипаттамасы, қолдануға көрсетулер;

8. эпилепсияға қарсы заттардың әсер ету механизмі, негізгі препараттардың салыстырмалы бағасы, жанама әсерлері;

9. паркинсонизмді емдеуге арналған заттар, экстрапирамидтік бұзылыстарды түзету принциптері, негізгі жанама әсерлері;

10. нейролептиктердің жалпы сипаттамасы, әсер ету механизмі, жіктелуі, препараттарың салыстырмалы сипаттамасы, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері;

11. литий тұздарының жалпы сипаттамасы;

12. транквилизаторлардың жалпы сипаттамасы, әсер ету механизмі, жіктелуі, фармакологиялық қасиеттері, препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолдануы, жанама әсерлері;

13. тыныштандырғыш заттардың жалпы сипаттамасы, әсер ету механизмі, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері;

14. антидепрессанттардың жалпы сипаттамасы, мүмкін болатын әсер ету механизмі, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері;

15. психостимулдеуші заттар, әсер ету механизмі, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері, дәріге тәуелділік даму мүмкіндігі;

16. ноотропты заттар, әсер ету принцптері, қолдануға көрсетулер;

17. аналептиктер, аналептиктердің ОЖЖ не әсері, әсер етудің жалпы принциптері, қан айналымына, тыныс алуға әсерлері, қолдануға көрсетулер;

18. актопротекторлар және жалпытонусты жоғарлататын заттар, әсер ету принциптері, қолдануы.

19. Жағыдайлық есептерді шешу.

20. Рецепт жазып талдау, бір реттік және тәуліктік мөлшерлерін есептеу, алмастыру мүмкіндігін анықтау.

6. Көрнек құралдар: жағыдайлық есептер, тесттік тапсырмалар.

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.

2.Харкевич Д.А. Фармакология.Издание десятое –М.:Медицина ГЭОТАР, 2008.-С166-259.

3.Харкевич Д.А.Фармакология.Издание восьмое –М.:Медицина ГЭОТАР,2005–С157-256.

4.Фармакология /под ред. Р.Н. Аляутдина 2-е изд.,исправл. М.:ГЭОТАР-Мед, - С. 159-241.

5.Маркова И.В., Михайлов И.Б., Неженцев М.В. Фармакология. – Санкт-Петербург: Фолиант – Медицина, - С. 85-104.

6.Руководство к лабораторным занятиям. Д.А.Харкевич. Медицина. 2005. - С. 121-162.

 

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое - М.: Медицина, 2007.– 1200 с.

2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров /Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и даполненное: учебное пособие – М.: ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 с.

3. Деримедведь Л.В., Перцев И.М., Шуванова Е.В., Зупанец И.А., Хоменко В.Н. «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» - Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.- 782 с.

4. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. – Клиническая фармакология. - М.: Медицина, 2002, т.1-2.- 669. с.

5. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.:Медицина, 2000 – 740с.

6. Бороян Р.Г Клиническая фармакология: психиатрия, неврология, эндокринология, ревматология. – М., Медицинское информационное агентство, 2000. – 422. с.

7. Базисная и клиническая фармакология. /Под ред. Бертрам Г. Катцунг. – М.: С-П.: Невский диалект, 1998.-т. 1 – 669. с.

Бағарлама бойынша препараттар сәйкес тақырыптарда көрсетілген.

Рецептте жазуға арналған препараттар сәйкес тақырыптарда көрсетілген.

 

Тексеру.

1. Тесттік тапсырмалады шешу.

2. Рецепт жазып оны талдау, бір реттік және тәуліктік мөлшерлерін есептеу, препараттарды алмастыру

3. Тақырып сұрақтарының жауаптары.

 


Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 1181 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.01 сек.)