Тесттік тапсырмалар. Пропранололдың қолдануға қарсы көрсеткіштері:
Тест № 1.
Пропранололдың қолдануға қарсы көрсеткіштері:
А)қан қысымының жоғары болуы
Б)ОЖЖ қозуы
В)бронхоспастикалық жағдайлар
Г)тахикардия
Д)бүйректік гипертония
Тест №2
Пропранолол бронх демікпесі кезінде:
А) бронхоспазмды күшейтеді
Б) бронхоспазмды жояды
В) бронх тонусын өзгертпейді
Г)таңдамалы препарат болып табылады
Тест №3
Селективті емес бета-адреноблокатор:
1. Метопролол
2. Пропранолол
3. Лабеталол
4. Талинолол
5. Атенолол
Тест №4
Пропранолол шақыратын бронхоспазмның себебі:
А)бронхтардың бета-2-рецепторларының тежелуі
Б)кезбе нерв орталығының ынталануы
В)тыныс орталығының тежелуі
Г)жүрек және тамырлардың бета-1-рецепторларының тежелуі
Д)бронхтардың бета-2-рецепторларының ынталануы
Тест №5
Бета-адреноблокаторларды қолданғанда дамитын асқынулар:
1. тахикардия, жүрек жетіспеушілігі
2. брадикардия, атриовентрикулярлы бөгеме
3. бронхоспазм, тахикардия
4. жүрек жетіспеушілігі, мидриаз
Тест №6.
Селективті бета-адреноблокатор:
1. пропранолол
2. метапролол
3. лабеталол
4. празозин
5. фентоламин
Тест №7
Метопролол жоқ болғанда оны алмастыруға болады:
1. атенололға
2. лабеталолға
3. празозинге
4. фентоламинге
5. резерпинге
ТЕСТ №8
Стенокардия кезінде пропранолол:
1.тәждік тамырларды кеңейтеді
2.жүрек жұмысын жоғарлатады
3.миокардтың оттегіге қажеттілігін жоғарлатады
4.миокардта метаболизм күшейеді
5.миокардтың оттегіге қажеттілігін төмендетеді
ТЕСТ №9
Бета-адреноблокаторлар қан қысымын төмендетеді:
1. ганглийлерді тежеу арқылы
2. жүрек лақтырысын төмендету арқылы
3. миотропты әсер ету арқылы
4. симпатолитикалық әсер арқылы
ТЕСТ №10
Бета-адренорецепторлар орналасқан:
1. Ішек тамырларында
2. Нұрлы қабықтың радиалды бұлшықетінде
3. АІЖ сфинктерлерінде
4. жүректе
5. қаңқалық бұлшықеттерде
ТЕСТ №11
Ішкі симпатомиметикалық белсенділігі бар таңдамалы емес бета-адреноблокатор:
1. Пропранолол
2. Метопролол
3. Окспренолол
4. Лабеталол
5. Атенолол
ТЕСТ №12
Артериалды гипертензия және жыпылықтаушы аритмиясы бар науқаста бронхоспазм ұстамалары байқалады. Гипертензия және жыпылықтаушы аритмияны емдеу үшін қандай препаратты тағайындау жөн?
1. Альфа- адреноблокаторлар
2. Симпатолитиктер
3. Селективті бета-адреноблокаторлар
4. Селективті емес бета-адреноблокаторлар
5. Альфа және бета адреноблокаторлар
ТЕСТ №13
Берілген сұрақтарға(1,2) дұрыс жауап (а-д) табу:
1) альфа-адренорецепторларды тежейтін заттар
2) бета адренорецепторларды тежейтін заттар
а) фентоламин
б) метопролол
в) празозин
г) атенолол
д) пропранолол
ТЕСТ №14
Пропранололдың жанама әсерлері:
1.Атриовентрикулярлы өткізгіштіктің бұзылуы, жүрек жетіспеушілігі
2. Тахикардия, мазасыздық, тремор
3. Депрессия, мұрынның шырышты қабатының ісінуі, асқазан бездерінің секрециясының жоғарлауы
4. Ортостатикалық коллапс, тахикардия
5. Енгізген жерде тіннің некрозы, бронхоспазм
ТЕСТ №15
Затты анықтау: жүректің жиырылу күші мен жиілігін азайтады, автоматизмді тежейді. Қан тамырлардың тонусын алғашқы қолданғанда жоғарлатады, ал ұзақ уақыт қолданғанда төмендетеді. Стенокардия, жүрек тахиаритмияларында, артериалды гипертензияда қолданылады. Жанама әсерлері: бронхоспазм, атриовентрикулярлы өткізгіштіктің бұзылуы, жүрек әлсіздігі.
1. Резерпин
2. Пропранолол
3. Атенолол
4. Метопролол
5. Октадин
№ 5 Сабақ
1. Тақырыбы: «Шеткі жүйке жүйесіне әсер ететін заттар» бөлімі бойынша аралық бақылау.
2. Сабақтың мақсаты. Шеткі жүйке жүйесіне әсер ететін заттардың фармакологиялық қасиеттерін оқу кезінде білімді қорытындылау, препараттарға рецепт жазуды тексеру.
3. Оқыту міндеттері:
1. ШЖЖ-не әсер ететін заттардың жіктелуін білу.
2. ШЖЖ-не әсер ететін заттардың фармакокинетика мен фармакодинамика заңдылықтарын білу.
3. ШЖЖ-не әсер ететін препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.
4. ШЖЖ-не әсер ететін заттардың негізгі қолдануға көрсеткіштерін, жанама әсерлерін білу.
5. ШЖЖ-не әсер ететін заттардың тиімді және қауіпсіз фармакотерапияны алу үшін өзара байланысуын, рецептте жазылуын, бір реттік және тәуліктік мөлшерлерді санауды білу, препараттарды алмастыруды білу.
6. Тиімді және қауіпсіз фармакотерапияны алу үшін Н-холинергиялық заттарды басқа препараттармен өзара байланысуын бағалауды үйрену.
7. Топ препараттарының жаңа өкілдерімен, олардың кең қолданылатын синонимдерінен артықшылықтарымен таныс болу.
8. Медициналық және дәріханалық жұмыскерлердің және тұрғындардың арасында бағдарламалық жұмысты жүргізуді үйрену.
4. Өткізу түрі: ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды орындау, рецепттерді талдаумен жазу.
5. Тақырып бойынша тапсырмалар:
I. Тақырыптың негізгі сұрақтарымен танысу:
1. Жергілікті анестетиктердің жіктелуі, әсер ету механизмі, препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.
2. Жергілікті анестетиктердің қолдануға көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, негізгі жанама әсерлері.
3. Қармаушы заттардың, қаптаушы заттардың және сорып алушы заттардың жіктелуі, әсер ету механизмі. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.
4. Қармаушы заттардың, қаптаушы заттардың және сорып алушы заттардың жанама әсерлері. Қолдануға көрсеткіштер.
5. М- және Н –холинергиялық заттардың жіктелуі, әсер ету механизмі, препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.
6. М- және Н –холинергиялық заттардың қолдануға көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері.
7. М-холинергиялық заттардың жіктелуі, әсер ету механизмі. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.
8. М-холинергиялық заттардың жанама әсерлері. Қолдануға көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері.
Холинэстеразаға қарсы заттардың жіктелуі, әсер ету механизмі.
10. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолдануға көрсеткіштері мен жанама әсерлері.
11. Н-холинергиялық заттардың жіктелуі, әсер ету механизмі. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.
12. Н-холинергиялық заттардың жанама әсерлері. Қолдануға көрсеткіштері мен жанама әсерлері.
13. Адренорецепторлар (альфа- және бета- және олардың түрлері), орналасқан жері және олардың ынталануына байланысты дамитын негізгі әсерлер.
14. Адреномиметикалық заттардың түрлі адренорецепторларға әсеріне байланысты жіктелуі.
15. Альфа- және бета-адренергиялық заттардың қолдануға көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, негізгі жанама әсерлері.
16. Альфа-адренергиялық заттар, әсер ету механизмі. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Қолдануға көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, негізгі жанама әсерлері.
17. Симпатомиметикалық заттар. Әсер ету механизмі, негізгі фармакологиялық әсерлер. Қолданылуы. Жанама әсерлер.
18. Бета-адренергиялық заттар. Жәктелуі, әсер ету механизмі.
19. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Қолдануға көрсеткіштері, негізгі жанама әсерлері.
20. Симпатолитикалық заттар. Орналасуы, әсер ету механизмі, негізгі фармакологиялық әсерлер, резерпин мен октадиннің салыстырмалы сипаттамасы. Қолданылуы. Жанама әсерлер..
II. Жағдайлық есептерді шешу.
III. Рецепттерді талдаумен жазу, бір реттік және тәуліктік мөлшерлерді есептеу.
5. Білім беру және оқыту әдістері: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды және жағдайлық есептерді шешу, кіші топтарда жұмыс істеу, кестелерді, суреттерді және сызбаларды сараптау, қорытынды жасау, рецепттерді жазу және талдау, бір реттік мөлшерін есептеу.
6. Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.
2. Харкевич Д.А. фармакология. – М.: Гэотар – Мед, 2008. Б. 182-192
3. Харкевич Д.А. фармакология. – М.: Гэотар – Мед, 2006. Б. 179-189
4. Фармакология / под ред. Р.Н. Аляутдина 2-е изд., исправл. М.: Гэотар – Мед, 2004. Б. 167-178
5. Маркова И.В., Михайлов И.Б., Неженцева М.В. Фармакология. – Санкт-Петербург: Фолиант – Медицина, 2001. Б.127-132
6. Руководство к лабораторным занятиям Под ред. Д.А. Харкевича, Медицина, 2005.Б. 125-129
Қосымша:
1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое - М.: Медицина, 2007.– 1200 б.
2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров /Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и даполненное: учебное пособие – М.: ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.
3. Клиническая фармакология и фармакотерапия. Под редакцией акад. РАМВ Кукес В.Г. и проф. Стародубцев А.К.- М.: Издательский дом ГЭОТАР – МЕД., 2004. – 631б.
4. Деримедведь Л.В., Перцев И.М., Шуванова Е.В., Зупанец И.А., Хоменко В.Н. «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» - Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.- 782 б.
5. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. – Клиническая фармакология. - М.: Медицина, 2002, т.1-2.- 669. б.
6. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.:Медицина, 2000.
7. Бороян Р.Г Клиническая фармакология: психиатрия, неврология, эндокринология, ревматология. – М., Медицинское информационное агентство, 2000. – 422. б.
8. Базисная и клиническая фармакология. /Под ред. Бертрам Г. Катцунг. – М.: С-П.: Невский диалект, 1998.-т. 1 – 669. б.
9. Кафедрада оқылатын дәрістер
Бағдарламалық препараттар сәйкес тақырыптарда көрсетілген.
Рецепт жазуға арналған препараттар сәйкес тақырыптарда көрсетілген.
7. Бақылау.
1. Тесттік тапсырмаларды шешу.
2. Рецепттерді талдаумен жазу, бір реттік және тәуліктік мөлшерлерді есептеу, препараттарды алмастыру.
3. Тақырып сұрақтарына жауап беру.
Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 852 | Нарушение авторских прав
|