АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Тесттік тапсырмалар. Холинэстеразаға қарсы заттар қолданылады:

Прочитайте:
  1. Тест тапсырмалары
  2. Тест тапсырмалары
  3. Тест тапсырмалары
  4. Тест тапсырмалары
  5. Тест тапсырмалары
  6. Тест тапсырмалары
  7. Тест тапсырмалары
  8. Тест тапсырмалары
  9. Тест тапсырмалары
  10. Тест тапсырмалары

Тест № 1.

Холинэстеразаға қарсы заттар қолданылады:

1. Бронх демікпесі

2. Атриовентрикулярлы бөгеме

3. Брадикардия

4. Асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруы

5. Глаукома

Тест №2

Глаукома кезінде пилокарпинді қай препаратпен алмастыруға болады?

1. физостигмин

2. метацин

3. белладонна сығындысы

4. Атропин

5. Скополамин

 

Тест №3

Толықтырыңыз

Ацеклидин __________________жатады және ___________________қолданылады.

 

Тест №4

М- және Н-холиноблокаторларға жатады:

1. Армин

2. Циклодол

3. Атропин

4. Платифиллиа гидротартраты

5. Метацин гидрохлориді

Тест №5

Ацетилхолинэстераза ферментін тежейді. Қарашықты тарылтады, аккомадация спазмын шақырады, көзішілік қысымды төмендетеді, бронхтардың, ішектің тегіс салалы бұлшықеттердің тонусын жоғарлатады, бездердің секрециясын жоғарлатады, жүйке-бұлшықеттік берілуді жақсартады. Глаукомада, полиомиелиттен кейінгі қалдық неврологиялық бұзылыстарда, миастенияда, ішек және қуық атониясында қолданылады.

1. Пирензепин

2. Метацин

3. Платифиллин

4. Ипратропий бромиді

5. Прозерин

 

Тест №6.

М-және Н-холиномиметиктерге жатады:

1. Платифиллин

2. Карбахолин

3. Ацеклидин

4. Циклодол

5. Пилокарпин

 

Тест №7

Прозерин жоқ болған кезде алмастыруға болады:

1. Галантаминге

2. Атропинге

3. Метацинге

4. Дипироксимге

5. Изонитрозинге

Тест№8

Холинэстеразаға қарсы заттармен уланғанда қолданады:

1. Атропин

2. Дипироксим

3. Изонитрозин

4. Пилокарпин

5. Ацеклидин

 

Тест №9

Толықтырыңыз

Прозерин _________________жатады және _____________________қолданылады.

 

Тест№10

Заттың тобын анықтау: глаукомада, полиомиелиттен кейінгі қалдық неврологиялық бұзылыстарда, миастенияда, ішектің және қуықтың атониясында және деполяризацияға қарсы миорелаксанттардың антагонисті ретінде қолданылады.

1. М-холиномиметиктер

2. Н-холиномиметиктер

3. М-холиноблокаторлар

4. Холинэстеразаға қарсы заттар

5. М, Н-холиномиметиктер

Тест №11

Холинэстеразаға қарсы заттардың жанама әсерлері:

1. Гиперсаливация, бронхоспазм

2. Брадикардия, мидриаз

3. Ішек перистальтикасының жоғарлауы, мидриаз

4. Көзішілік қысымның жоғарлауы, бронхоспазм

5. Тахикардия, обстипация

 

Тест №12

Қайтымды холинэстеразаға қарсы заттар:

1. Армин

2. Галантамин

3. Прозерин

4. Физостигмин салицилаты

5. Метацин

 

Тест№13

Холинэстеразаға қарсы заттардың әсер ету механизмі:

1. М және Н-холинорецепторларды ынталандырады

2. М-холинорецепторларды тежейді

3. Холинэстеразаны тежейді

4. М-холинорецепторларды ынталандырады

5. М және Н-холинорецепторларды тежейді

 

Тест №14

Ацетилхолин:

1. Тропин мен троп қышқылынан түзіледі

2. Холин мен ацетилкоэнзим А-дан түзіледі

3. Ұйқы безінде синтезделеді

4. Моноаминоксидазамен бұзылады

 

Тест №15

Гематоэнцефалдық тосқауылдан жақсы өтеді:

1. Прозерин

2. Физостигмин

3. Ацетилхолин

4. Изонитразин

5. дипироксим

 

 

№ 3 Сабақ

1.Тақырыбы: «Шетке әсер ететін бұлшықеттік релаксанттар (кураре тәрізді заттар)»

2. Сабақтың мақсаты. Кураре тәрізді заттардың фармакокинетика және фармакодинамиканың жалпы заңдылықтар білімін қалыптастыру, олардың қолдануға көрсеткіштерін және жанама әсерлерін игеру, рецепт жазуды білу.

 

3. Оқыту міндеттері:

1. Шетке әсер ететін миорелаксанттардың фармакокинетика және фармакодинамиканың жалпы заңдылықтарын оқып білу.

2. Дәрілік заттардың қасиеттерін біле отырып оларды қолдануға мүмкіншіліктерін оқып білу.

3. Шетке әсер ететін миорелаксанттардың негізгі қолдануға көрсеткіштерін, қарсы көрсеткіштерін, жағымсыз жанама әсерлерін, оларды алдын алуды оқып білу.

4. Осы топтың негізгі препараттарының түрлі дәрілік қалыптарға рецепт жазуды білу.

5. Рецепттерді сараптауды және коррекция жүргізуді, мөлшерлерді бағалауды, препараттарды алмастыруды үйрену.

6. Тиімді және қауіпсіз фармакотерапияны алу үшін шетке әсер ететін миорелаксанттарды басқа препараттармен өзара байланысуын бағалауды үйрену.

7. Топ препараттарының жаңа өкілдерімен, олардың кең қолданылатын синонимдерінен артықшылықтарымен таныс болу.

8. Медициналық және дәріханалық жұмыскерлердің және тұрғындардың арасында бағдарламалық жұмысты жүргізуді үйрену.

 

4. Жүргізу түрі: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша консультация жүргізу, тақырыпты өз бетінше меңгеру, тесттік тапсырмаларды және жағдайлық есептерді шешу, кіші топтарда жұмыс істеу, кестелерді, суреттерді және сызбаларды сараптау, қорытынды жасау, рецепттерді жазу және талдау, бір реттік мөлшерін есептеу, электронды тасымалдаушылардағы материалмен жұмыс істеу.

5. Тақырып бойынша тапсырмалар:

1. Тақырыптың негізгі сұрақтарын оқу:

- Шетке әсер ететін миорелаксанттар. Химиялық құрылысы бойынша, әсер ету механизмі бойынша, миопаралитикалық әсердің кеңдігі бойынша, әсер ету ұзақтығы бойынша жіктелуі.

- Деполяризациялаушы заттардың әсер ету механизмі.

- Деполяризацияға қарсы заттардың әсер ету механизмі.

- Миорелаксанттардың салыстырмалы сипаттамасы.

- Миорелаксанттардың қолдануға көрсеткіштері мен жанама әсерлері.

- Деполяризацияға қарсы миорелаксанттардың антагонистері.

2. Жағдайлық есептерді шешу.

3. Кестелерді, сызбаларды, суреттерді сараптау.

4.Рецепттерді сараптау, бір реттік және тәуліктік мөлшерді санауды үйрену, алмастыру мүмкіншілігін анықтау.

6. Тарату материалы: кестелер, жағдайлық есептер, тесттік тапсырмалар, сызбалар, суреттер, рецепттер, коллекциялық препараттар, бағдарламалық препараттар.

 

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.

2. Харкевич Д.А. фармакология. – М.: Гэотар – Мед, 2008. Б. 182-192

3. Харкевич Д.А. фармакология. – М.: Гэотар – Мед, 2006. Б. 179-189

4. Фармакология / под ред. Р.Н. Аляутдина 2-е изд., исправл. М.: Гэотар – Мед, 2004. Б. 167-178

5. Маркова И.В., Михайлов И.Б., Неженцева М.В. Фармакология. – Санкт-Петербург: Фолиант – Медицина, 2001. Б.127-132

6. Руководство к лабораторным занятиям Под ред. Д.А. Харкевича, Медицина, 2005.Б. 125-129

 

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое - М.: Медицина, 2007.– 1200 б.

2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров /Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и даполненное: учебное пособие – М.: ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.

3. Клиническая фармакология и фармакотерапия. Под редакцией акад. РАМВ Кукес В.Г. и проф. Стародубцев А.К.- М.: Издательский дом ГЭОТАР – МЕД., 2004. – 631б.

4. Деримедведь Л.В., Перцев И.М., Шуванова Е.В., Зупанец И.А., Хоменко В.Н. «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» - Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.- 782 б.

5. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. – Клиническая фармакология. - М.: Медицина, 2002, т.1-2.- 669. б.

6. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.:Медицина, 2000.

7. Бороян Р.Г Клиническая фармакология: психиатрия, неврология, эндокринология, ревматология. – М., Медицинское информационное агентство, 2000. – 422. б.

8. Базисная и клиническая фармакология. /Под ред. Бертрам Г. Катцунг. – М.: С-П.: Невский диалект, 1998.-т. 1 – 669.б.

9. Кафедрада оқылатын дәрістер

 

Бағдарламалық препараттар: тубокурарин хлориді, пипекуроний бромиді, атракурий хлориді, суксаметоний йодиді (дитилин), диоксоний

8. Бақылау.

1. Тесттік тапсырмаларды шешу.

2. Рецептті талдаумен жазу, бір реттік мөлшерді есептеу.

3. Жағдайлық есептерді шешу.

4. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру.

5. Бақылау сұрақтарына жауап беру:

- кураре тәрізді заттардың қолдануға көрсеткіштері?

- деполяризацияға қарсы миорелаксанттардың әсер ету механизмі?

- деполяризациялаушы қарсы миорелаксанттардың әсер ету механизмі?

- миопаралитикалық әсердің кеңдігі дегеніміз не?

- кураре тәрізді заттарды артық қолданғанда тағайындалатын заттар?

 

 


Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 914 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.009 сек.)