АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Тест тапсырмалары. Әріптесіңізге кеңес беріңіз, қандай препарат мерезге қарсы негізгі болып саналады

Прочитайте:
  1. Тест тапсырмалары
  2. Тест тапсырмалары
  3. Тест тапсырмалары
  4. Тест тапсырмалары
  5. Тест тапсырмалары
  6. Тест тапсырмалары
  7. Тест тапсырмалары
  8. Тест тапсырмалары
  9. Тест тапсырмалары
  10. Тест тапсырмалары

Тест №1

Әріптесіңізге кеңес беріңіз, қандай препарат мерезге қарсы негізгі болып саналады

1. стрептомицин

2. тербинафин

3. интерферон

4. тетрациклиндер

5. бензилпенициллин натрий тұзы

 

Тест №2

Резервтегі мерезге қарсы препараттар

1. полиенді антибиотиктер

2. левомицетиндер

3. жартылай синтетикалық пенициллиндер

4. биосинтетикалық пенициллиндер

5. тетрациклиндер

 

Тест №3

Мерезге қарсы препараттар:

1. Пенициллиндер

2. Стрептомицин

3. Эритромицин

4. Рифампицин

5. Бийохинол

 

 

Тест №4

Бийохинол – препарат

1. мышьяк

2. антибиотиктің

3. Имидазол туындысының

4. висмуттың

5. сульфаниламидтің

 

Тест №5

Дәрігер рецептіне сараптау жүргізіңіз және дұрыс жазылған рецепті таңдаңыз:

Rp.: Benzylpenicillinum natrium 0,5 Rp.: Benzylpenicillini-natrii 500 000ED

D.td. N10in ampullis D.t.d.N10

S. Күніне 3-4 рет енгізіңіз ______ S. 3-5 мл 0,25% новокаин ерітіндісімен ерітіп, 6 сағат сайын бұлшықетке енгізу

 

Тест №6

Толықтырыңыз.

Мерездің созылмалы ағымыңда және алдын алу мақсатында қандай антибиотик қолданылады ____________.

1. Бензилпенициллин натрий тұзы

2. Бийохинол

3. Бициллин - 5

4. Teтрациклин

5. Интерферон

 

Тест №7

Мерездің жедел кезеніңде тиімділігі жоғары препарат:

1. бензилпенициллин натрий тұзы

2. Бийхинол

3. бициллин 1 және 5

4. эритромицин

5. тетрациклин

 

Тест №8

Сәйкестікті орнатыңыз:

Мерезге қарсы препараттар Препараттар

А – негізгі 1.Тетрациклиндер

Б – резервтегі 2. бициллин 5

3. эритромицин

4. бийохинол

5. бензилпенициллин натрий тұзы

 

Тест №9

Мейірбикенің сұрағына жауап берініз, тісте қара жолақтың пайда болуына алып келетін мерезге қарсы препарат:

1. бензилпенициллин натрий тұзы

2. Бийхинол

3. бициллин 1 және 5

4. эритромицин

5. тетрациклин

Тест №10

Негізгі мерезге қарсы заттар – пенициллиндердің қарсы көрсеткіштері (әріп) мен жанама әсерлерін (сан) таңдап логикалық байланыстырыңыз:

1. Ототоксикалық A.Эпилепсия

2. Аллергиялық реакциялар Б. Несептас ауруы

3. Кристаллурия B. Жоғарғы сезімталдық

4. Бейімделу Г.Естудің төмендеуі

5.ТырысуларД. Дерматиттер

Ескерту: Тесттік тапсырманың жауаптары оқытушыда.


МАМАНДЫҚ: Фармация

 

КАФЕДРА: Фармакология

 

 

1.5. ОҚЫТУШЫНЫҢ БАҚЫЛАУЫМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР (СОӨЖ)

 

 

3 КУРС

 

ПӘН: ФАРМАКОЛОГИЯ

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Кафедраның ПОҚ

 

 

 

Кафедра мәжілісінде бекітілген

№ _________хаттама “____” __________201 3 ж.

 

Бекітілген

каф. мең., профессор Г.М.Пичхадзе

 

 

Кредит № 1

№ 1 Сабақ

1. Тақырыбы: «Сұйық дәрілік қалыптар (ерітінділер)»

2. Мақсаты: фармакология пәнінің анықтамасымен және оның міндеттерімен студенттерді таныстыру. Сұйық дәрілік қалыптарға (ерітінділер) рецептуралық жазбаларды рәсімдеу және құрастырудың жалпы принциптерін үйрету.

 

3. Сабақтың міндеттері:

1. Рецептуралық жазбаларды рәсімдеу және құрастырудың жалпы принциптерін, әртүрлі дәрілік қалыптарға рецепт жазу және дәрілік заттың дозасы мен концентрациясын есептеуге үйрету;

2. Дәрілік қалыпты және дәрілік затты қабылдау әдісін таңдауға үйрету;

3. Рецептерді талдау және түзетулер енгізу, дозасын бағалау.

 

4. Сабақты жүргізу түрі: тақырып бойынша консультация, тесттік тапсырмаларды орындау, рецепт жазу, оларды түзету, дозасын есептеу, рецептуралық жазбаларды талдау.

 

5. Тақырыптың міндеттері:

1. Тақырыптың негізгі сұрақтарын меңгеру:

- Дәрілік қалыптар және олардың жіктелуі.

1. Ерітінділер, жалпы сипаттамасы. Еріткіштер. Сыртқа және ішке қолдануға арналған ерітінділер. Ерітінділерді жазу түрлері (толық және қысқартылған). Ерітінділерді әртүрлі белгілеу әдістері. Ішке қолдануға арналған ерітінді дозалау, дозасын есептеу. Официналды ерітінділер. Рецепт жазу ережелері.

2. Рецептуралық жазбаларды талқылау, бір реттік және тәуліктік дозасын есептеу.

6. Көрнекі материалдары: тесттік тапсырмалар,рецептуралық жазбалар, коллекциялық препараттар

 

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.

2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Издание десятое. ГЭОТАР-Медиа. 2008.- с. 710 – 722.

3. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2006.- 734 с.

4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.- С.559-572.

5. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. /Под ред. Д.А.Харкевича. Медицина, 2005. – С.12-19.

 

Қосымша:

1. ҚР ДСМ № 38 бұйрығы, 03 ақпан 2005 ж.

2. ҚР ДСМ № 173 бұйрығы, 07 сәуір 2005 ж.

3. ҚР фармакопеясы 2007 жыл.

4. ҚР ДСМ № 711 бұйрығы, 16 қараша 2009 ж.

5. Кафедрада шығарылатын құралдар

 

8. Бақылау:

1. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау;

2. Рецепт жазу және оларды түзету.

 

I. Рецептте жазу:

1. 50 мл 10% камфораның майлы ерітіндісін жіберу. Зақымданағн буын аймағына жағу үшін.

2. 500 мл 5% глюкоза ерітіндісі. Ішке қабылдау үшін. (Glucosu).

3. 50 мл сынап оксицианиді (Hydrargyrі oxycyanіdum) ерітіндісін 1:1000 концентрацияда. Көзді шаю үшін.

4. 0,5%-дық 10 мл тауреземин (Tauremіsіnum) ерітіндісін. Күніне 20 тамшыдан 3 рет ішке қабылдау үшін. Концентрациясын салмақ-көлемдік қатынасты көрсетіп, толық және қысқартылған түрінде жазу.

5. 0,5%-дық 200 мл протаргол (Protargolum) ерітіндісін. Қуықты шаю үшін.

6. 2%-дық 10 мл этилморфин гидрохлориді (Aethylmorphіnum hydrochlorіdum) ерітіндісін. Күніне 2 тамшыдан көзге тамызуға.

7. 10%- 180 мл натрий салицилаты (Natrіі salіcylas) ерітіндісін. 1 ас қасықтан әрбір 3 сағат сайын ішуге.

8.200 мл 10%-дық кальций хлориді (Calcii chloridum) ерітіндісін. 1 ас қасықтан күніне 3 рет тағайындауға. Препараттың бір реттік мөлшерін есептеу.

9.10 мл 0,01%-дық фосфакол (Phosphacolum) ерітіндісін. 2 тамшыдан екі көзге күніне 2 рет. Бірреттік мөлшерін есептеу.

10. 0,1% 1 мл тұратын синестролдың майлы ерітіндісінен (Synnoestrolum) тұратын 20 ампуланы. 1 мл бұлшық етке күніне 1 рет.

 

 

II. Жоспар бойынша рецептке талдау жүргізу және түзету енгізу:

Ұсынылған рецепттердегі анықталған қателерді белгілеу.

1. 5% 20 мл эфедрин гидрохлоридін (Ephedrini hydrochloridum). 5 тамшыдан мұрынға әр 4 сағат сайын.

Rp: Ephedrini hydrochloridum 5%-20 ml

Da. Signa.

 

2. 0,1% 10 мл Армин ерітіндісін (Arminum). Көз тамшылары. Күніне 1-2 тамшыдан 2 рет.

Rp: Arminum 0,1 %- 10 ml

Dtd №6.

Signa.

3. 0,9% 300 мл стерилді изотоникалық натрий хлориді ерітіндісін. Көктамырға енгізу үшін.

Rp: Solutionis Natrii chloridi 0,9 -500 ml.

DS. Көктамырға.

4. 1% 10 мл пилокарпин гидрохлориді ерітіндісін (Pilocarpini hydrochloridum). Көз тамшылары. 2 тамшыдан күніне 2 рет.

Rp: Pilocarpini hydrochloridum 1%-10 ml

D.S.

 

5. 1:1500 - 10 мл фурациллиннің спиртті ерітіндісі (Furacilinum). Құлаққа 2-3 тамшыдан кніне 3 рет.

Rp: Solutionis Furacilinum 1:1500 – 10 ml

Da. Signa.

6. 5 мл 1% атропин сульфатының (Atropini sulfas) ерітіндісін жазу. Зақымданған көзіне 2 тамшыдан тағайындау.

Rp: Atropini sulfatis 1% –5ml

Sterilis!

Da. Signa.

№ 2 Сабақ

1. Тақырыбы: «Инъекцияға арналған дәрілік заттар және әртүрлі дәрілік қалыптар»

2. Мақсаты: инъекцияға арналған дәрілік қалыптарға рецептуралы жазба құрастыру мен рәсімдеудің жалпы принциптерін үйрету, дозаларын есептеу, оларға түзету енгізу.

 

3. Оқыту міндеттері:

1. Инъекцияға арналған дәрілік қалыптарға рецепт жазу және меңгеру.

2. Дозаларын есептеу.

3. Рецептерге түзету енгізу.

 

4. Сабақты жүргізу формасы: тақырып бойынша консультация, тесттік тапсырмалар, рецепт жазу және оларға түзету енгізу, дозаларын есептеу, рецептуралық жазбаларды талдау.

 

5. Тақырып бойынша тапсырмалар:

1. Тақырыптың негізгі сұрақтарын меңгеру.

- Инъекцияға арналған дәрілік қалыптарға қойылатын талаптар, рецепт жазу ережелері.

2. Рецептуралық жазбаларды талдау, бір реттік және тәуліктік дозасын есептеу.

 

5. Оқыту және сабақ беру әдістері: рецепт жазу, тесттік тапсырмалар

6. Көрнекі материалдары: рецептуралық жазбалар, коллекциялық препараттар.

 

7. Әдебиет

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2006.- С.696 -710, 723 -728

2. Харкевич Д.А. Фармакология: Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2005.-С. 355 -366, 379 -380

3. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-С. 559 - 572

4. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. /Под ред. Д.А.Харкевича. Медицина, 2005. –С. 12 -15, 18 -20

 

Қосымша:

1. ҚР ДСМ № 38 бұйрығы 03 ақпан 2005 ж.

2. ҚР ДСМ № 173 бұйрығы 07 сәуір 2005 ж.

3. ҚР фармакопеясы 2007 жыл.

4. ҚР ДСМ № 711 бұйрығы, 16 қараша 2009 ж.

 

 

8. Бақылау:

1. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау;

2. Рецепт жазу және оларды түзету.

 

Рецептте жазу:

1. 1. 10 ампул, содержащих по 1 мл Цититона /Cytitonum/, официальный раствор. Для в/в введения по 1 мл.

2. 10 флакон. 500 000 ӘБ стрептомицин сульфаты /Streptomycin sulfas/ бар. Флакон құрамындағыны 2 мл 0,5% новокаин ерітіндісінде еріту. Бұлшықетке тәулігіне 2 рет енгізу.

3. 0,1 % 1 мл атропин сульфаты ерітіндісінен тұратын /Atropini sulfas/ 10 ампула. 1 мл тері астына енгізу үшін.

4. 5 мл (200 ӘБ) инсулиннен /Insulinum/ тұратын10 флакон. 0,25 мл тері астына енгізу үшін.

5. 0,05 % 1 мл строфантин К /StrophanthinumK/ ерітіндісінен тұратын10 ампула. 40% 20 мл глюкоза ерітіндісінде ерітіп 0,5 мл көк тамырға енгізу үшін.

6. 10 ампула құрамында 0,4 мл карбокромен /Carbocromenum/ бар. Ампуладағыны 10 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, баяу енгізу.

7. 6 флакон құрамында 10 мл 2,5 % кортизон ацетатының суспензиясы /Cortisoni acetas/ бар. 1 мл-ден бұлшықетке тәулігіне 1 рет. Бір реттік дозасын есептеу.

8. 0,9% 300 мл стерилді натрий хлориді /Natrii chloridum/ ерітіндісін. Көктамырға енгізу үшін.

9. 2,5% 1 мл феноболиннің майлы ерітіндісінен /Phenobolinum/ тұратын 6 ампуланы. 2 мл 7 күнде 1 рет бұлшық етке енгізу үшін.

 

10. 1 500 000 ӘБ бициллин-5 /Bicillinum-5/ тұратын 3 флаконды. Флаконның ішіндегісін 2-3 мл иньекцияға арналған суда еріту. 4 аптада 1 рет бұлшық етке енгізу.

 

Жоспар бойынша дәрігерлік рецептерге талдау және түзетулер жүргізу:

Ұсынылған рецептерден қателерді анықтау және дұрыс рецепт жазу;

 

1. 0,15─нан морфоциклин 10 флаконына рецепт жазу. Алдын ала 5 мл дистилденген суда ерітіп, 1 мл─ден бұлшықетке тағайындау.

Rp: Solutionis Morphocyclini 0,15

Da. Signa.

2. 6 ампула 2,5% 1 мл Desoxycorticosteroni acetatis рецепт жазу. 1 мл тері астына тағайындау.

Rp: Desoxycorticosteroni acetatis 2, 5% – 1ml

Dtd №6.

Signa.

3. 500 мл флакондағы 0,9% стерилді изотонды натрий хлор ерітіндісіне рецепт жазу. Тамшылатып тері астына тағайындау.

Rp: Solutionis Natrii chloridi 0,9 -500 ml.

DS. Көктамырға.

1. 1% 1 мл прогестеронның (Progesteronum) майлы ерітіндісінен тұратын 20 ампуланы жазу. Күн аралатып бұлшық етке 1 мл енгізу.

Rp: Solutionis Progesteroni 1% - 1ml

D.t d. № 20

S.

2. Стерилді 5% 5 мл новокаин (Novocainum) ерітіндісін жазу. Жұлындық анестезия үшін.

Rp: Solutionis Novocaini 5%- 5 ml

D. S.

 

 

№ 3 Сабақ

1. Тақырыбы: «Дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы. Дәрілік заттардың өзара әсерлесуі»

 

2. Мақсаты: фармакокинетика және фармакодинамика туралы жалпы білімін қалыптастыру.

 

3. Сабақтың міндеттері:

1.Фармакокинетика жалпы заңдылықтарын меңгеру

2.Фармакодинамика жалпы заңдылықтарын меңгеру

 

4. Жүргізу формасы: тақырып бойынша консультация, ситуациялық есептерді шешу, тесттік тапсырмаларды орындау;

5. Тақырып бойынша тапсырмалар:

1. Тақырыптың негізгі сұрақтарын меңгеру:

- Жалпф фармакологияның анықтамасы мен міндеттері.

- Дәрілік заттар фармакокинетикасы, анықтамасы және мазмұны.

- Ағзаға дәрілік заттарды енгізу жолдары.

- Әртүрлі енгізу жолдары кезіндегі дәрілік заттардың сіңірілуі. Сіңірілудің негізгі мезанизмдері мен оларға әсер ететін факторлар.

- Ағзда дәрілік заттардың таралуы және оларға әсер ететін факторлар.

- Биологиялық тосқауылдар. Дәрілік заттарды тасымалдау. Қорға жиналуы.

- Дәрілік заттардың ағзада өзгеріске ұшырауы (биотрансформация және метаболизм).

- Ағзадан дәрілік заттардың шығарылу жолдары.

- Дәрілік заттар фармакодинамикасы, анықтамасы мен мазмұны.

- Біріншілік фармакологиялық реакция (тиімділік), әсерінің орналасуы мен дәрілік заттар әсерінің механизмі. Дәрілік заттар әсерінің негізгі принциптері. Арнайы рецепторлар туралы түсінік, агонисттер, антагонисттер.

- Дәрілік заттар әсерінің түрлері: жергілікті және резорбтивті; тікелей (біріншілік) және жанама (қиғаш, екіншілік); жалпы жасушалық, таңдамалы және айрықша; негізгі және жанама; қайтымды және қайтымсыз; емдік және уытты.

- Фармакотерапия түрлері.

- Дәрілік заттар фармакокинетикасы мен фармакодинамикасына әсер ететін факторлар.

- Фармакологиялық әсерлерінің дәрілік заттардың қасиетіне тәуелділігі және олардың қолдану ерекшеліктері. Дәрілік заттардың физика-химиялық және химиялық құрылымына тәуелділігі.

- Дозалар түрлері табалдырықты (минималды), орташа және жоғары емдік, бір реттік, соққы, курсты, уытты және өлім шақыратын дозасы. Емдік әсер кеңдігі туралы түсінік.

- Оларды қайталап енгізгеннен кейінгі дәрілік заттардың әсерінің өзгерісі: кумуляция (материалды және функционалды), сенсибилизация, бейімделу, дәрілік тәуелділік (психикалық және физикалық). Дәрілік тәуелділікпен күрестің медициналық және әлеуметтік аспектілері.

- Дәрілік заттарды жұптастырып қолдану. Дәрілік заттардың өзара әсерлесуінің фармакокинетикалық және фармакодинамикалық принциптері.

- Ағзаның қасиеттеріне, физиологиялық және патологиялық жағдайларға, генетикалық факторларға дәрілік заттардың әсерінің тәуелділігі.

- қоршаған орта факторларының әсеріне дәрілік заттың фармакологиялық әсерлерінің тәуелділігі.

- Аллергиялық табиғатты әсерлері (баяу және дереу типті аллергиялық реакциялар).

- Ағзаның сезімталдылығының төмендеуіне байланысты әсерлер.

- Арнайы уытты әсерлерінің көріністері (эмбриотоксикалық, фетотоксикалық, тератогенді, мутагенді және канцерогенді әсер), генетикалық негізделген әсерлері (идиосинкразия) және т.б.

- Жасқа байланысты ерекшеліктері.

2. Ситуациялық есептерді шешу

3. Кестелер, схемалар, суреттерді талдау.

 

5. Оқыту әдістері: ауызша сұрау, ситуациялық есептер мен нұсқау бойынша есептерді шешу, тесттік тапсырмаларды шешу.

 

6. Көрнекі материалдары: кестелер, схемалар, суреттер.

 

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.

2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2006.- С. 39 -81

3. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.- С.26 -77

4. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. –С. 7 -31

5. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. /Под ред. Д.А.Харкевича. Медицина, 2005. – С. 20-40 (задачи 35 -38, задания II - 1 -5)

 

Қосымша:

1. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 с.

2. Пичхадзе Г.М. Пичхадзе Л.Г. Энциклопедический словарь основных терминов, используемых в фармакологии –Алматы «Ғылым» 2000

3. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 1998.- 1043 с.

4. Клиническая фармакология. /под ред. В.Г. Кукеса.-ГЭОТАР.: Медицина, 1999. – 517 с.

5. Лекции, читаемые на кафедре и пособия, издаваемые на кафедре.

 

7.Бақылау:

1.Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау;

2. Тесттік тапсырмалар

 

 


Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 1396 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.027 сек.)