Тест тапсырмалары. Органикалық нитраттарға тән жанама әсерлерді (санмен) және қарсы көрсетпелерін (әріппен) таңдап
Тест №1
Органикалық нитраттарға тән жанама әсерлерді (санмен) және қарсы көрсетпелерін (әріппен) таңдап салыстыр:
1. Бронхоспазм А. инсулинмен бірге қабылдағанда
2. ЖСЖ жиілеуі
Б. Асқазан ойық жарасы
3. Гипокалиемия В. Үздіксіз, ұзақ мерзімге қабылдау
4.Тәуелділік Г. Бронх демікпесі
5. Ульцирогенді әсер Д. Тахиаритмия
Тест №2
Стенокардия ұстамасын жоюға арналған антиангиналды зат:
1. Дигоксин
2. Валидол
3. Изосорбид мононитраты
4. Пропранолол
5. Дилтиазем
Тест №3
Препаратты анықта: антиангиналды әсері бар, терапевтикалық әсері 30мин. созылады, перефериялық кернеуді төмендетеді, артериялық қысымды түсіреді, миокардтың оттегіге қажеттілігін азайтады, жүректің жұмысын төмендетеді:
1. Пропранолол
2. Дилтиазем
3. Валидол
4. Нитроглицерин
5. Изосорбид мононитраты
Тест №4
«Антиангиналды әсер» терминіне дұрыс анықтама беріңіз:
1. Миокардтың оттегіге қажеттілігі мен оттегінің миокардта жұмсалуының арасындағы сәйкессіздікті жояды.
2. Жүрек ритмінің қалыптасуы
3. Оттегінің миокардпен жұмсалуын азайту
4. Артериалық қысымның (АҚ) төмендеуі.
5. Мидың гипоксияға және басқа жайсыз факторларға қарсы қорғанышы.
Тест №5
Органикалық нитраттардың әсер ету механизмін көрсетіңіз:
1. Кальций өзекшелерінің тежелуі
2. Кальций, натрий өзекшелерінің және де адренорецепторлардың тежелуі, тәждік тамырлардың рефлекторлы кеңеюі.
3. Азотмонооксидінің жеткіліксіздігін толықтыру кальцийдің мөлшерінің азаюына алып келеді
4. Миокардқа жүктің азаюы, тегіс салалы бұлшық еттердің қан тамырларының кеңеюі
5. Миокардтық энергетикалық зат алмасуын күшейту.
Тест №6
Стенокардия ұстамасын жоюға арналған препарат
1. Дилтиазем
2. Нитроглицерин
3. Триметазидин
4. Изосорбид мононитраты
5. Нифедипин
Тест №7
Изосорбида мононитраты болмаған жағдайда қайсы антиангиналды затты тағайындауға дәрігер ретінде кеңес бересіз?
1. Нитронг,
2. Пропранолол,
3. Дилтиазем
4. Триметазидин.
5. Нитроглицерин
Тест №8
Дәрігерлік рецепке коррекция жасау:
1. Rp.: Trimetazidini 0,04
S. 2 таблеткадан күніне бір рет тамақ ішкен уақытта
Тест №9
Дәріханадан глицерил тринитратын (нитроглицерин) босатқанда науқасқа сублингвалды қабылдағанда әсерінің қанша уақытта пайда болатынын ескерту қажет:
1. 2-6 сағ.
2. 1-2 мин.
3. 30 мин. соң
4. 1 сағ.
5. 5-10 минут
Тест №10
Провизор-интернаға ЖИА кезінде қолданылатын негізгі препаратты атаңыз:
1. Дофамир (допамин)
2. Лизиноприл (диротон)
3. Глицерил тринитраты (нитроглицерин)
4. Винпоцетин (кавинтон)
5. Фенофибрил (липантил)
Ескерту: Тесттік тапсырманың жауаптары оқытушыда.
№ 4 Сабақ
1.Тақырыбы: «Атеросклерозга карсы заттар»
2.Мақсаты: Атеросклерозга карсы заттарды рационалды таңдау, олардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық заңдылықтарын үйрету, колдануга көрсетпелер, жанама әсерлер, атеросклерозга карсыпрепараттарға рецепт жаза білу, сараптау, талдау.
3. Оқу міндеттері:.
1. Атеросклерозга карсы заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық заңдылықтарын үйрету.
2. Дәрілік препараттардың қасиеттеріне байланысты қолдану мүмкіндіктерін үйрету.
3. Атеросклерозга карсы заттардың клиникада қолдануға көрсетпелері және қарсы көрсетпелері, жанама әсерлері, алдын алу.
4. Негізгі атеросклерозга карсы заттарға рецепт жаза білу, бір реттік мөлшерін және тәуліктік мөлшерін есептеу.
5. Негізгі атеросклерозга карсы заттарды енгізу жолдары, мөлшерлеу ұстанымы, орын ауыстыру.
6. Қауіпсіз және тиімді фармакотерапия үшін атеросклерозга карсы заттарды жұптастыру мүмкіндіктері.
7. Жаңа препараттардың арсеналында бағдар алу, кеңінен қолданылатын синонимдерін және әсерлерінің артықшылықтарын оқып үйрену.
8. Медицина қызметкерлерінің ортасында және тұрғындар арасында ақпараттық жұмыс жүргізу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Атеросклерозга карсы заттардың жіктелуі.
2. Әсер ету механизмі.
3. Атеросклерозга карсы заттардың фармакокинетикасын және әсерінің салыстырмалы сипаттамасы.
4. Атеросклерозга карсы заттарды жұптастырыпқолдану.
5. Антиоксиданттарды,ангиопротекторларды және антиагреганттарды қолдану
6. Атеросклерозга карсы әсер көрсететін басқа фармакологиялық топтың препараттары.
7. Қолдануға көрсетпелер. Емдеу негіздері. Жанама әсерлері.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыптың негізгі сұрақтарына ауызша жауап, тест тапсырмаларын орындау, жағдайлық есептерді шешу, кесте, сурет, схемаларды талдау, рецепті талдаумен жазу, бір реттік мөлшерін есептеу, қорытындылау, интерактивті бағдарлама бойынша мультимедиялық оқулар жүргізу.
6. Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.
2. Харкевич Д.А. фармакология. – М.: Гэотар – Мед, 2008. б.-502-516
3. Харкевич Д.А. фармакология. – М.: Гэотар – Мед, 2005.б.-482-496
4. Фармакология / под ред. Р.Н. Аляутдина 2-ші басылым,өңделген,. М.: Гэотар – Мед, 2004.б.-315-327
5. Маркова И.В., Михайлов И.Б., Неженцева М.В. Фармакология. – Санкт-Петербург: Фолиант – Медицина, 2001.б.-146-217
6. Руководство к лабораторным занятиям Ред. Д.А. Харкевича, Медицина, 2005.б.-310-315
Қосымша:
1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. 15-ші басылым- М.: Медицина, 2007.– 1200 б.
2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров /Венгеровский А.И. – 3-ші басылым қайта өңделген, толықтырылған– М.: ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.
3. Метелица В.Н. Справочник кардиолога по клинической фармакологии. М., 2004г.
4. Деримедведь Л.В., Перцев И.М., Шуванова Е.В., Зупанец И.А., Хоменко В.Н. «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» - Басылым«Мегаполис» Харьков 2002.- 782 б.
5. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. – Клиническая фармакология. - М.: Медицина, 2002, т.1-2.- 669. б.
6. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.:Медицина, 2000 – 740б.
Бағдарламалық препараттар: аскорбин қышқылы, эзотимиб,арахиден, линетол, токоферол ацетаты, гемфиброзил,фенофибрат, сивостатин,флувостатин.
Есте сактауға арналған препараттар: фенофибрат, гемфиброзил,флувостатин.
7.Бақылау:
1. тақырыптың негізгі сұрақтарына ауызша жауап,
2. рецепті талдаумен жазу, бір реттік мөлшерін есептеу, тобын, фармакологиялық әсерін, қолдануға көрсетпелерін және жанама әсерлерін талдап жазу.Дәрілік препараттарды фармакологиялық анологтарына ауыстыру.
3. тест тапсырмаларын орындау
Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 987 | Нарушение авторских прав
|