Когнитивті компетенция. 1. Психостимуляторлардың және ноотропты заттардың жалпы сипаттамасы, әсер ету механизмі
1. Психостимуляторлардың және ноотропты заттардың жалпы сипаттамасы, әсер ету механизмі, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлері жөнінде білімін қалыптастыру.
2. Психостимуляторлардың және ноотропты заттарды қолдануға қарсы көрсетулер, жағымсыз әсерлер және оларды дер кезінде түзету жөнінде білімін қалыптастыру.
3. Негізгі әсерлерін күшейту немесе жекелеген препараттардың жанама әсерлерін жою үшін жұптастырып қолдануға дәрілік заттарды таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.
4. Емдік әсердің тиімділігін арттыру мақсатында әртүрлі ағзалар мен организм жүйелерінің қызметін бағытталған түрде өзгерту үшін қолданылатын дәрілік заттарды таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.
5. Психостимуляторлардың және ноотропты заттардың дәрілік қалпын, енгізу жолын таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.
Операционалды компетенция
1. Дәрілік заттарды рецептте жазу және талдау дағдысын қалыптастыру.
2. Препараттың бірреттік дозасын есептей білу дағдысын қалыптастыру.
3. Рецепттерді сараптау және түзету, дозасын бағалау, препаратты алмастыра білу, басқа препараттармен өзара әсерлесуін бағалай білу дағдысын қалыптастыру.
4. Медицина және дәріхана қызметкерлерін, тұрғындарды осы топ препараттарының арсеналындағы жаңа препараттар, олардың қолданыстағы препараттардан артықшылығы және аса жиі кездесетін синонимдері жөнінде кеңес беру.
Коммуникативті компетенция:
1. Шешендік сөйлеу мәнерін игеру.
2. Даулы жағдайдың дамуын алдын алу және шеше білу.
3. Ұжым мүшелері арасында мотивация, сенімділік, достық райды қалыптастыру мәселелерін пайдалана білу.
4. Мәселеге өзінің көзқарасын білдіре білу.
5. Фармакологияның мәселелері бойынша логикалық ойлау, пікірталас, жарыс сөз өткізу.
Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):
1. Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.
2. СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)
Хронометраж
Сабақтың ұзақтығы 2 сағат (100 мин.)
- Ұйымдастыру бөлімі – 3 мин.
- Студенттің өзіндік жұмысы – 30 мин.
- Студенттің оқытушынмен бірге орындайтын жұмысы – 35 мин.
- Білімнің соңғы деңгейін бақылау - 25 мин.
- Жалпы білімді бағалау – 3 мин.
- Өзіндік дайындыққа тапсырма – 2 мин.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Психостимулдеуші заттар. Жіктелуі. Әсер ету механизмі.
2. Психостимулдеуші әсердің сипаттамасы. Препараттарың салыстырмалы сипаттамасы
3. Кофеиннің ОЖЖ не, жүрек қан тамыр жүйесіне, зәр шығаруға, зат алмасуға әсері
4. Психостимуляторларды қолдануға көрсетлер
5. Жанама әсерлері. Дәріге тәуелділік даму мүмкіндігі
6. Ноотропты зттар. Анықтамасы.
7. ОЖЖ дегі метаболикалық үрдістерге, жоғарғы жүйке жүйесі қызметеріне (оқу және есте сақтау үрдістеріне), ми қан айналымына әсері
8. Ноотропты заттардың фармакологиялық әсерлері
9. Қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері
5. Білім беру және оқыту әдістері: Тақырыптың негізгі сұрақтарын уызша сұрау, тесттік тапсырмаларды орындау, жағыдайлық есептерді шешу, аз топтармен жұмыс істеу. Дискуссия, кестелерді, суреттерді, сызбаларды сараптау, қорытындыларын шығару, рецептте жазып оны талдау, бір реттік мөлшерін есептеу, рецепттерді сараптау.
6. Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.
2. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание восьмое –М.: Медицина ГЭОТАР, 2008. – С. 252-259.
3. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание восьмое –М.: Медицина ГЭОТАР, 2005. – С. 247-254.
4. 3. Фармакология /под ред. Р.Н. Аляутдина 2-е изд., исправл. М.: ГЭОТАР-Мед, С. 2004. 235-241.
5. Маркова И.В., Михайлов И.Б., Неженцев М.В. Фармакология. – Санкт-Петербург: Фолиант – Медицина, С. 2001. 83-85.
6. Руководство к лабораторным занятиям / Под ред. Д.А.Харкевича. Медицина, С. 2005. 156-159, 160-162
Қосымша:
1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое - М.: Медицина, 2007.– 1200 с.
2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров /Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и даполненное: учебное пособие – М.: ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 с.
3. Клиническая фармакология./Под ред. В.Г. Кукеса. –ГЭОТАР.: Медицина, 2004.– 517 с.
4. Деримедведь Л.В., Перцев И.М., Шуванова Е.В., Зупанец И.А., Хоменко В.Н. «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» - Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.- 782 с.
5. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. – Клиническая фармакология. - М.: Медицина, 2002, т.1-2.- 669. с.
6. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.:Медицина, 2000-704 с.
7. Бороян Р.Г Клиническая фармакология: психиатрия, неврология, эндокринология, ревматология. – М., Медицинское информационное агентство, 2000. – 422. с.
8. Базисная и клиническая фармакология. /Под ред. Бертрам Г. Катцунг. – М.: С-П.: Невский диалект, 1998.-т. 1 – 669. с.
Бағдарлама бойынша препараттар: амфетамин (фенамин), кофеин, мезокарб (сиднокарб), пирацетам (ноотропил), аминалон, кальция гомопантотенат (пантогам), глицин, пиритинол (пиридитол).
Рецептте жазуға арналған препараттар: кофеин, пирацетам (ноотропил), мезокарб (сиднокарб).
Тексеру
1. Тақырыптың негізгі сұрақтарына ауызша сұрақ әнгіме.
2. Рецепт жазып оны талдау және негізгі паркинсонға қарсы заттардың бір реттік мөлшерлерін есепу. Талдау барысында қандай топқа жататынын, негізгі фармакологиялық әсерлерін, қолдануға көрсетулерді, жанама әсерлерін көрсету. Препаратты фармакологиялық аналогына айырбастау.
3. Тапсырмаларды тест түрінде орындау.
Тесттік сұрақтар
Тест №1
Дәріханаға келіп түскен препараттар ішінен ноотропты заттарға (А) және психостимуляторларға (Б) жататын препараттарды таңдаңыз:
1. Пирацетам (ноотропил).
2. Пиратинол (пиридитол).
3. Кофеин.
4. Мезокарб (сиднокарб).
5. Пантогам.
Тест №2
Ноотропты заттардың әсер ету механизмі:
1. ОЖЖ дегі энергетикалық және пластикалық үрдістерді күшейтеді
2. Бас миының полисинапстық құрылымдарын тежейді
3. Норадреналиннің, серотониннің, дофаминнің белсенділіктерін азайтады
4. Бас миының дофаминдік Д2 рецепторларын тежейді
5. Ми қыртысындағы тежелу үрдістерін тежейді
Тест №3
Невропатологқа тырысуға қарсы әсері бар ноотропы препаратты таңдау үшін кеңес беріңіз:
1. Кальция гомопантотенат (пантогам).
2. Пиритинол (пиридитол).
3. Пирацетам (ноотропил).
4. Аминалон.
5. Кофеин.
Тест №4
Анестезиологиялық бөлімге наркоздық және гипоксияға қарсы әсерлері бар ноотроп тектес препаратты таңдаңыз:
1. Пирацетам (ноотропил).
2. Пиратинол (пирадитол).
3. Натрий оксибутираты
4. Глицин.
5. Кальций гомопантотенат (пантогам).
Тест №5
Дәрігер жазған рецептке түзетулер жүргізу. Дұрыс жазылған рецептті таңдаңыз
Coffeini-natrii benzoatis 10%- 1 ml
D.-S. 1 мл бұлшық ет ішіне
Sol.Coffeini-natrii benzoatis 10%- 1 ml
D.t.d. N 10 in amp.
S. 1 мл бұлшық ет ішіне
Тест №6
Дәріханада пирацетамның (ноотропил) жоқ болуына байланысты фармакологиялық топ ішінен оны тиімді алмастыру үшін кеңес беріңіз:
1. Аминалон.
2. Пиритинол (пиридитол).
3. Глицин.
4. Кальций гомопантотенат (пантогам).
5. Кофеин.
Тест №7
Психостимуляторлар шақырады:
1. Ақыл оймен және физикалық жұмыс істеу қабілетін арттырады
2. Ұйқыға қажеттілікті төмендетеді
3. Ұйқышылдық
4. Қаңқа бұлшық еттерінің тонусын төмендетеді
5. Тырысуға қарсы әсер
Тест №8
Препаратқа сәйкестендіру жүргізу:
1. Кофеин.
2. Пирацетам.
Қолдануы:
А. Хирургиялық кірісулерден кейінгі наркоздан шығару үшін
Б. Наркотикалық және ұйықтатқыш заттармен жеңіл және орташа дәрежеде улану кезінде
В. Тамырлық коллапс кезінде
Г. Бас миының органикалық зақымдануымен байланысты ақыл ойдың жетіспеушілігі
Тест №9
Ноотропты заттардың негізгі әсерлері:
1. Ақыл ой жетіспеушілігі белгілерін азайтады
2. Антигипоксиялық
3. Анксиолитикалық
4. Антидепрессивті
5. Тырысуға қарсы
Тест №10
Препараттардың тобын анықтау: көңіл күйді, сыртқы ортаның тітіркендіргіштерін
қабылдау қасиетін, психомоторлық белсенділігін жоғарлатады. Шаршау сезімін азайтады, физикалық және ақыл оймен жұмыс істеу қабілетін арттырады (әсіресе шаршаған кезде), уақытша ұйқыға қажеттілікті азайтады:
1. Нейролептиктер
2. Антидепрессанттар
3. Психостимуляторлар
4. Ноотропты препараттар
5. Транквилизаторлар
Ескерту: жауаптардың эталоны оқытушыларда.
Кредит № 4
№1 Сабақ
1. Тақырыбы: «Витаминдік және коферменттік препараттар»
2. Сабақтың мақсаты. витаминдік және коферменттік препараттардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының ерекшеліктері жөнінде білім қалыптастыру.
3. Оқытудың міндеттері:
Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 1006 | Нарушение авторских прав
|