Тесттік тапсырмалар. Ганглиоблокаторлардың қолдануға қарсы көрсеткіштері:
Тест №1
Ганглиоблокаторлардың қолдануға қарсы көрсеткіштері:
1. жоғарлаған артериялық қысымның фонында өкпе ісінуі
2. тамырлық коллапс
3. эндоартериит кезіндегі тамырлардың спастикалық жиырылуы
4. гипертониялық кризах
5. Рейно ауруы
Тест №2
Вегетативті ганглийлердің Н-холинорецепторларын талғамды тежейтін зат:
1. бензогексоний
2. ацеклидин
3. цититон
4. пилокарпин
5. лобелин
Тест №3
Ганглиоблокаторлардың гипотензивті әсерінің механизмі байланысты:
1. симпатикалық ганглийлердің тежелуімен
2. парасимпатикалық ганглийлердің тежелуімен
3. қан тамырлардың адренорецепторларын тежеумен
4. тамыр қозғалтқыш орталықтың тежелуімен
5. М-холинорецецепторлардың қозуымен
Тест №4
Толықтырыңыз:
Цититон ___________жатады және ______, _______, _______, ______ қолданылады.
Тест №5
Н-холинорецепторларды қоздыратын заттар:
1 ацеклидин
2 цититон
3 атропин
4 гигроний
5 пирилен
Тест №6
Ганглиоблокаторлардың жанама әсерлері:
1. гипертензия
2. обстипация
3. миоз
4. гиперсаливация
5. диарея
Тест №7
Н-холиномиметиктердің әсер ету механизмі:
1) М және Н-холинорецепторлардың ынталануы
2) М-холинорецепторлардың тежелуі
3) Ацетилхолинэстеразаның тежелуі
4) Н-холинорецепторлардың ынталануы
5) М және Н-холинорецепторлардың тежелуі
Тест №8
Сәйкестендіріңіз
Тобы:
10. Н-холиномиметиктер
11. Ганглиоблокаторлар
Препараттар:
А) лобелин
Б) пирилен
В) бензогексоний
Г) цититон
Д) гигроний
Е) пентамин
1……., 2……., 3…….
Тест №9
«Табекс» және «Лобесил» қолданылады:
1. Антигипотензивті заттар ретінде
2. Шылым шегуді тастау кезінде
3. Деполяризацияға қарсы миорелаксанттардың антагонисті ретінде
4. Тыныс алу орталығын ынталандыратын заттар ретінде
5. Антигипертензивті заттар ретінде
Тест №10
Затты анықтау: Алколоид, үшіншілік аминдерге жатады. Каротидті шумақтардың, симпатикалық ганглийлердің, бүйрек үсті безінің милы қабатының Н-холинорецепторларын ынталандырады, тыныс алу орталығын рефлекторлы қоздырады.
1. цититон
2. гигроний
3. пентамин
4. лобелин
5. бензогексоний
Ескерту: Тесттік тапсырманың жауаптары оқытушыда.
Сабақ №4
1. Тақырыбы «Адренергиялық заттар. Адреномиметиктер»
2. Мақсаты: адреномиметикалық заттардың фармакокинетика және фармакодинамиканың жалпы заңдылықтар білімін қалыптастыру, олардың қолдануға көрсеткіштерін және жанама әсерлерін игеру, рецепт жазуды білу.
3. Оқыту міндеттері:
1. Адреномиметикалық заттардың фармакокинетика және фармакодинамиканың жалпы заңдылықтарын оқып білу.
2. Дәрілік заттардың қасиеттерін біле отырып оларды қолдануға мүмкіншіліктерін оқып білу.
3. Адреномиметикалық заттардың негізгі қолдануға көрсеткіштерін, қарсы көрсеткіштерін, жағымсыз жанама әсерлерін, оларды алдын алуды оқып білу.
4. Осы топтың негізгі препараттарының түрлі дәрілік қалыптарға рецепт жазуды білу.
5. Рецепттерді сараптауды және коррекция жүргізуді, мөлшерлерді бағалауды, препараттарды алмастыруды үйрену.
6. Тиімді және қауіпсіз фармакотерапияны алу үшін адреномиметикалық заттарды басқа препараттармен өзара байланысуын бағалауды үйрену.
7. Топ препараттарының жаңа өкілдерімен, олардың кең қолданылатын синонимдерінен артықшылықтарымен таныс болу.
8. Медициналық және дәріханалық жұмыскерлердің және тұрғындардың арасында бағдарламалық жұмысты жүргізуді үйрену.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Адренорецепторлар (альфа- және бета- және олардың түрлері), орналасқан жері және олардың ынталануымен дамитын негізгі әсерлері.
2. Адреномиметикалық заттардың жіктелуі.
3. Альфа- және бета- адреномиметикалық заттардың қолдануға көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, негізгі жанама әсерлері.
4. Альфа-адреномиметикалық заттар, әсер ету механизмі. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Қолдануға көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері.
5. Бета-адреномиметикалық заттар. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Қолдануға көрсеткіштері және жанама әсерлері.
6.Симпатомиметикалық заттар. Әсер ету механизмі, негізгі фармакологиялық әсерлері. Қолданылуы. Жанама әсерлері.
5. Білім беру және оқыту әдістері: қарастырылатын тақырып бойынша сұрап әңгімелесу, тестік тапсырмаларды және жағдайлық есептерді шешу, рецептерді жазу және талдау, кіші топтарда жұмыс істеу, мультимедия элементтері бар оқытушы интерактивті программалармен жұмыс істеу.
6. Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.
2. Харкевич Д.А. фармакология. – М.: Гэотар – Мед, 2008. Б. 182-192
3. Харкевич Д.А. фармакология. – М.: Гэотар – Мед, 2006. Б. 179-189
4. Фармакология / под ред. Р.Н. Аляутдина 2-е изд., исправл. М.: Гэотар – Мед, 2004. Б. 167-178
5. Маркова И.В., Михайлов И.Б., Неженцева М.В. Фармакология. – Санкт-Петербург: Фолиант – Медицина, 2001. Б.127-132
6. Руководство к лабораторным занятиям Под ред. Д.А. Харкевича, Медицина, 2005.Б. 125-129
Қосымша:
1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое - М.: Медицина, 2007.– 1200 б.
2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров /Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и даполненное: учебное пособие – М.: ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.
3. Клиническая фармакология и фармакотерапия. Под редакцией акад. РАМВ Кукес В.Г. и проф. Стародубцев А.К.- М.: Издательский дом ГЭОТАР – МЕД., 2004. – 631б.
4. Деримедведь Л.В., Перцев И.М., Шуванова Е.В., Зупанец И.А., Хоменко В.Н. «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» - Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.- 782 б.
5. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. – Клиническая фармакология. - М.: Медицина, 2002, т.1-2.- 669. б.
6. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.:Медицина, 2000.
7. Бороян Р.Г Клиническая фармакология: психиатрия, неврология, эндокринология, ревматология. – М., Медицинское информационное агентство, 2000. – 422. б.
8. Базисная и клиническая фармакология. /Под ред. Бертрам Г. Катцунг. – М.: С-П.: Невский диалект, 1998.-т. 1 – 669б.
9. Кафедрада оқылатын дәрістер
Бағдарламалық препараттар: эпинефрин (адреналин гидрохлориді), норэпинефрин (норадреналин гидротартраты), фенилэфрин (мезатон), нафазолин (нафтизин), галазолин, клонидин (клофелин), изопреналин (изадрин), добутамин, сальбутамол, фенотерол, формотерол, салметерол, беротек, эфедрин гидрохлориді.
Рецепт жазуға арналған препараттар: эпинефрин (адреналин гидрохлориді), фенилэфрин (мезатон), изопреналин (изадрин), эфедрин гидрохлориді.
7. Бақылау:
1. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау.
2. Тесттік тапсырмаларды орындау.
3. Негізгі адренергиялық заттарды рецептте жазу және талдау. Бір реттік мөлшерін есептеу. Талдауда тобын, негізгі фармакологиялық әсерлерін, қолдануға көрсеткіштерін, жанама әсерлерін көрсету.
Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 770 | Нарушение авторских прав
|