Тест тапсырмалары. 1. Мембрана тұрақтандырушы I топтың, ІА топшаның препараты
Тест №1
Хинидин сульфаты
1. Мембрана тұрақтандырушы I топтың, ІА топшаның препараты
2. Ганглиоблокатор
3. α 1 – адреноблокатор
4. Кальций өзекшелерінің тежегіші
5. β-адреноблокатор
Тест №2
Новокаинамид:
1. Натрий өзекшелерінің тежегіші
2. Ганглиоблокатор
3. α 1 - адреноблокатор
4. β-адреноблокатор
5. М – холиноблокатор
Тест №3
Лидокаин:
1. Реполяризация ұзақтығын күшейтетін зат
2. β-адреноблокатор
3. IВ топшаның натрий өзекшелерінің тежегіші
4. Калий өзекшелерінің тежегіші
5. Кальций өзекшелерінің тежегіші
Тест №4
Верапамил:
1. Вета - адреноблокатор
2. Калий өзекшелерінің тежегіші
3. Кальций өзекшелерінің тежегіші
4. Ганглиоблокатор
5. α 1 - адреноблокатор
Тест №5
Дифенин:
1. Калий өзекшелерінің тежегіші
2. IВ топшаның натрий өзекшелерінің тежегіші
3. Кальций өзекшелерінің тежегіші
4. α 1 - адреноблокатор
5. Ганглиоблокатор
Тест №6
Верапамилдың жанама әсерлері:
1. Ұйқы безінің дисфункциясы
2. Экстрасистолия
3. Жүрек жетіспеушілігі
4. Диарея
5. Іш қату
Тест №7
Амиодаронның жанама әсерлері:
1. Атриовентрикулярлы блок
2. Эксртасистолия
3. Зәрдің қанық сары түске боялуы
4. Фотодерматиттер
5. Іш қату
Тест №8
«Аритмияға қарсы әсер» терминінің дұрыс анықтамасы:
1.Жүрек ритмінің күшеюі
2. Жүрек ритмінің әлсіреуі
3.ЖИА белгілерінің жойылуы
4.АҚ-ның төмендеуі
5.Жүрек ритмінің қалыптасуы
Тест №9
Тахиаритмия кезінде төмендегі препараттардың қайсысы тиімді екеніне дәрігерлік кеңес беріңіз:
1. Клонидин (клофелин)
2. Папаверин гидрохлориді
3. Каптоприл (капотен)
4. Моксонидин (физиотенз)
5. Амиодарон (кордарон)
Тест №10
Антиаритмиялық заттардың ішінде амиодарон препаратының фамакологиялық ерекшеліктерін анықтаңыз:
1. анорексигенді әсер тән
2. анаболикалық әсер тән
3. Гипохолестеринемиялық әсер тән
4. Антиангиналды әсер тән
5. Фибринолитикалық әсер тән
Тест №11
Дәрігерлік рецепке коррекция жасаңыз:
Rp.: Verapamili 0,25
D. t. d. in tab.
S.
Тест №12
Дифениннің аритмияға қарсы әсерінен басқа қандай әсері бар екеніне дәрігерлік кеңес беріңіз:
1. Кардиотоникалық
2. Гипотензивті
3. Зәр айдағыш
4. Тырысуға қарсы
5. Атеросклерозға қарсы
Тест №13
Хинидиннің аритмияға қарсы механизмі байланысты:
1. Натрий мен калийдің тасымалдануының тежелуі
2. Кальций өзекшелерінің тежегіші
3. Бета-1-адренорецепторлардың тежегіші
4. Аденилатциклазаның ынталануы
5. Циклдік АМФ-тің жиналуы
Тест №14
Аритимияға қарсы әсері бар кальцийдің антагонисті:
1.Амиодарон
2.Верапамил
3.Дигоксин
4.Новокаинамид
5.Хинидин
Тест №15
Кардиомиоциттердің мембранасын тұрақтандыратын аритмияға қарсы затты атаңыз:
1. Верапамил
2. Пропронолол
3. Новокаинамид
4. Дигоксин
5. Нифедипин
№ 4 Сабақ
1.Тақырыбы: «Зәр айдағыш заттар»
2.Мақсаты: Зәр айдағыш заттарды рационалды таңдау, олардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық негізгі заңдылықтарын, қолдануға көрсетпелерін және олардың жанама әсерлерін үйрету, негізгі препараттарға рецепт жаза білу, сараптау, талдау.
3. Оқу міндеттері:.
1.Зәр айдағыш заттар туралы жалпы түсінік болу, олардың ағзадан артық
сұйықтықты шығаруда және әртүрлі ісіктерде қолданылуын оқып білу
2. Зәр айдағыш заттардың жіктелу
3. Зәр айдағыш заттардың фармакокинетикалық және
фармакодинамикалық заңдылықтарын үйрету.
4. Зәрдің пайда болу үрдістерін үйрену (фильтрация, реабсорбция, секреция).
5. Зәрдің пайда болу үрдістерін бақылау
6. Табиғаты әртүрлі ісіктерді емдеудің негізгі ұстанымдары.
7. Зәр айдағыш заттардың әсер ету механизмі
8. Зәр пайда болудың бұзылыстарында қолданылатын препараттардың
салыстырмалы сипаттамасы
9.Зәр пайда болудың бұзылыстарында қолданылатын препараттар
10.Зәр айдағыш заттардың жанама әсерлері, басқа дәрілік препараттармен өзара әсерлесуі.
11.Негізгі зәр айдағыш заттарға рецепт жаза білу, бір реттік мөлшерін және тәуліктік мөлшерін есептеу.
12.Қолдануға көрсетпелері және жанама әсерлері, алдын алу.
4.Сабақтың өткізілу түрі: тақырып бойынша кеңес, жағдайлық есептерді шешу, тест тапсырмаларын орындау, рецепт жазу, мөлшерін есептеу, талдау, кесте, сурет, сызбаларды сараптау.
5. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Тақырыптың негізгі сұрақтарын үйрену
- Зәр айдағыш заттар, анықтамасы, жіктелуі
- Зәрдің пайда болу үрдістері туралы түсінік
- Зәр айдағыш заттар, әсері, препараттардың салыстырмалы сипаттамасы
- Қолдануға көрсетпелер, жанама әсерлері
- Зәр айдағыш заттардың әсер ету механизмі
- Табиғаты әртүрлі ісіктерді емдеудің негізгі ұстанымдары
- Әртүрлі ісіктердегі қолданылатын препараттардың салыстырмалы сипаттамасы
- Зәр айдағыш заттардың жанама әсерлерін сараптау, препараттарды жұптастыру
2. Жағдайлық есептерді шешу
3. Кесте, сызба, суреттерді сараптау
4. Рецепт жазбаларын сараптау, реттік және тәуліктік мөлшерін есептеу,
препараттардың орнын ауыстыру.
6. Әдістемелік құралдар: кестелер, жағдайлық есептер, тест тапсырмалары, сызба, сурет, рецепт жазбалары, препараттар жиынтығы, бағдарламалық препараттар.
7.Әдебиеттер
Негізгі:
1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.
2. Харкевич Д.А. Фармакология. 8-ші бас –М.: Медицина ГЭОТАР, 2008. б.-396-406
3. Харкевич Д.А. Фармакология 8-ші бас.–М.: Медицина ГЭОТАР, 2005. б.-377-387
3. Аляудин Фармакология / ред. Р.Н. Аляутдина 2- бас., өңделген. М.: ГЭОТАР- Мед,б.-355-364
4. Маркова И.В., Михайлов И.Б., Неженцев М.В. Фармакология. – Санкт-Петербург: Фолиант – Медицина, 2001.б-201-206
5. Руководство к лабораторным занятиям / ред. Д.А.Харкевича. Медицина,2005. б.-231-238
Қосымша:
1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. 15-ші бас- М.: Медицина, 2007.
2. Клиническая фармакология и фармакотерапия. ред акад. РАМВ Кукес В.Г. и проф. Стародубцев А.К.- М.: Басылым ГЭОТАР – МЕД., 2004.
4. Метелица В.Н. Справочник кардиолога по клинической фармакологии. М., 2004г.
5. Деримедведь Л.В., Перцев И.М., Шуванова Е.В., Зупанец И.А., Хоменко В.Н. «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» - Басылым «Мегаполис» Харьков 2002.
6. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. – Клиническая фармакология. - М.: Медицина, 2002.
7. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.:Медицина, 2000.
8. Базисная и клиническая фармакология. / ред. Бертрам Г. Катцунг. – М.: С-П.: Невский диалект, 1998.
9. Кафедрада оқылатын дәрістер.
Бағдарламалық препараттар: фуросемид, дихлотиазид, спиронолактон, триамтерен, маннит.
Есте сақтауға арналған препараттар: фуросемид, дихлотиазид, спиронолактон
8. Бақылау
1.Тест тапсырмаларын орындау
2.Жағдайлық есептерді шешу
3.Тақырып сұрақтарына жауап.
4.Тақырыптың бақылау сұрақтарына жауап.
- Зәр айдағыш заттарды атаңыз:
а) Табиғаты әртүрлі ісіктерді жоюға арналған
б) Артериялық қысымды түсіруге арналған
в) Әртүрлі химиялық заттармен уланғанда олардың ағзадан жылдам элиминациясына әкелетін заттар
Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 1049 | Нарушение авторских прав
|