АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Тесттік тапсырмалар. Әсері қысқа кураретәрізді заттар:

Прочитайте:
  1. Тест тапсырмалары
  2. Тест тапсырмалары
  3. Тест тапсырмалары
  4. Тест тапсырмалары
  5. Тест тапсырмалары
  6. Тест тапсырмалары
  7. Тест тапсырмалары
  8. Тест тапсырмалары
  9. Тест тапсырмалары
  10. Тест тапсырмалары

Тест № 1.

Әсері қысқа кураретәрізді заттар:

1. тубокурарин

2. пипекуроний

3. дитилин

4. бензогексоний

5. гигроний

Тест №2

Препаратты анықтау: көлденең-жолақты бұлшықеттерді босаңсыту үшін қолданылады. Жүйке-бұлшықеттік берілуді тежейді, апноэні тез шақырады, әсер ету ұзақтығы 20-40 минут. Жанама әсерлері: артериялық қысымның төмендеуі, бронхоспазм. Антагонисті холинэстеразаға қарсы заттар болып табылады.

1. мелликтин

2. тубокурарин

3. дитилин

4. диоксоний

5. бензогексоний

Тест №3

Миопаралитикалық әсердің кеңдігі:

1. орташа өлімге алып келетін мөлшер мен орташа эффективті мөлшер арасындағы қатынас

2. сезімтал бұлшықеттерді салдандыратын мөлшер мен тыныс бұлшықеттердің параличіне алып келетін мөлшер арасындағы қатынас

3. бұлшықеттердің босаңсуын шақыратын орташа емдік мөлшер мен тыныс тоқтауына алып келетін орташа эффективті мөлшер арасындағы диапозон

4. жоғары бір реттік мөлшер мен жоғары тәуліктік мөлшер арасындағы қатынас

5. диафрагма бұлшықеттерін салдандыратын мөлшер мен аяқ-қол бұлшықеттерін салдандыратын мөлшер арасындағы диапазон

 

Тест №4

Дитилинді артық қолданғанда тағайындайды

1. холинэстеразаға қарсы заттар

2. жаңа цитратты қан

3. цититон

4. тубокурарин

5. бензогексоний

Тест №5

Дитилиннің әсер ету механизмі:

1. қозғалтқыш жүйке ұштарында ацетилхолиннің синтезінің бұзылуы

2. Постсинапстық мембрананың гиперполяризациясы

3. Постсинапстық мембрананың тұрақты деполяризациясы

4. Постсинапстық мембрананың тұрақтануы

5. ацетилхолиннің гидролиз жылдамдығының жоғарлауы

 

Тест №6.

Деполяризациялаушы миорелаксанттарға жатады:

1. атракурий

2. панкуроний

3. тубокурарин хлориді

4. дитилин

5. диоксоний

 

Тест №7

Мелликтин конкурентті антагонист:

1. ацетилхолинге

2. тубокураринге

3. дитилинге

4. псевдохолинэстеразаға

5. цититонге

 

Тест №8

Кураре тәрізді заттардың әсеріне тұрақты:

6. бет және мойын бұлшықеттері

7. тыныс бұлшықеттері

8. дене бұлшықеттері

9. аяқ-қол бұлшыұеттері

10. тегіс салалы бұлшықеттер

 

Тест №9

Тубокурариннің әсер ету механизмі:

1. постсинапстық мембрананың тұрақты деполяризациясы

2. постсинапстық мембрананың тұрақтануы

3. холинергиялық ұштарда ацетилхолин синтезінің бұзылуы

4. холинэстераза молекуласының тежелуі

5. ацетилхолин гидролиз жылдамдығының жоғарлауы

 

Тест №10

Тубокураринді артық қолданғанда антагонист ретінде қолданады:

1. жаңа цитратты қан

2. прозерин

3. атропин

4. дипироксим

5. ацетилхолин

 

Тест №11

Дитилин қолданылады:

1. трахея интубациясы

2. бронхоскопия

3. шығуларды орнына салу

4. сүйек сынықтарының репозициясы

5. артериалды қысымның төмендеуі

 

Тест №12

Холинэстеразаға қарсы заттардың әсерінен деполяризациялаушы миорелаксанттардың миопаралитикалық әсері:

1. Әлсіздейді

2. Күшейтеді

3. Ұзартпайды

4. Әсер етпейді

5. Бұрмалайды

 

Тест №13

Тубокурариннің жанама әсерлері:

1. Артериалды қысымның төмендеуі, бронхоспазм

2. Аритмиялар, обстипация

3. Артериалды қысымның жоғарлауы, гиперсаливация

4. Бронхоспазм, аккомадация бұзылыстары

5. Бұлшықеттің ауруы, бронхоспазм

 

Тест №14

Дитилин:

1. Қысқа әсер етеді

2. моноаминоксидазамен гидролизденеді

3. деполяризацияға қарсы миорелаксант болып табылады

4. ұзақ уақыт әсер етеді

 

Тест №15

Сәйкестікті табыңыз:

Тобы:

12. деполяризацияға қарсы миорелаксант

13. Деполяризациялаушы миорелаксант

14. Аралас типті миорелаксант

Препараттар:

А) мелликтин

Б) тубокурарин хлориді

В) дитилин

Г) диоксоний

Д) атракурий

 

 

№ 4 Сабақ

1.Тақырыбы: «Бета-адреноблокаторлар»

2. Сабақтың мақсаты: бета-адреноблокаторлық заттардың фармакокинетика және фармакодинамиканың жалпы заңдылықтар білімін қалыптастыру, олардың қолдануға көрсеткіштерін және жанама әсерлерін игеру, рецепт жазуды білу.

 

3. Оқыту міндеттері:

1. Бета-адреноблокаторлық заттардың фармакокинетика және фармакодинамиканың жалпы заңдылықтарын оқып білу.

8. Дәрілік заттардың қасиеттерін біле отырып оларды қолдануға мүмкіншіліктерін оқып білу.

9. Бета-адреноблокаторлық заттардың негізгі қолдануға көрсеткіштерін, қарсы көрсеткіштерін, жағымсыз жанама әсерлерін, оларды алдын алуды оқып білу.

10. Осы топтың негізгі препараттарының түрлі дәрілік қалыптарға рецепт жазуды білу.

5. Рецепттерді сараптауды және коррекция жүргізуді, мөлшерлерді бағалауды, препараттарды алмастыруды үйрену.

3. Тиімді және қауіпсіз фармакотерапияны алу үшін бета-адреноблокаторлық заттарды басқа препараттармен өзара байланысуын бағалауды үйрену.

4. Топ препараттарының жаңа өкілдерімен, олардың кең қолданылатын синонимдерінен артықшылықтарымен таныс болу.

5. Медициналық және дәріханалық жұмыскерлердің және тұрғындардың арасында бағдарламалық жұмысты жүргізуді үйрену.

4. Өткізу түрі: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша консультация жүргізу, тақырыпты өз бетінше меңгеру, тесттік тапсырмаларды және жағдайлық есептерді шешу, кіші топтарда жұмыс істеу, кестелерді, суреттерді және сызбаларды сараптау, қорытынды жасау, рецепттерді жазу және талдау, бір реттік мөлшерін есептеу, электронды тасымалдаушылардағы материалмен жұмыс істеу.

5. Тақырып бойынша тапсырмалар:

1. Тақырыптың негізгі сұрақтарын игеру:

Бета-адреноблокаторлар:

- жіктелуі, әсер ету механизмі;

- салыстырмалы сипаттамасы

- қолдануға көрсеткіштері;

- жанама әсерлер;

2.Жағдайлық есептерді шешу.

3.Кестелерді, сызбаларды, суреттерді сараптау.

4.Рецепттерді сараптау, бір реттік және тәуліктік мөлшерді санауды үйрену, алмастыру мүмкіншілігін анықтау.

 

6. Тарату материалы: кестелер, жағдайлық есептер, тесттік тапсырмалар, сызбалар, суреттер, рецепттер, коллекциялық препараттар, бағдарламалық препараттар.

 

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.

2. Харкевич Д.А. фармакология. – М.: Гэотар – Мед, 2008. Б. 182-192

3. Харкевич Д.А. фармакология. – М.: Гэотар – Мед, 2006. Б. 179-189

4. Фармакология / под ред. Р.Н. Аляутдина 2-е изд., исправл. М.: Гэотар – Мед, 2004. Б. 167-178

5. Маркова И.В., Михайлов И.Б., Неженцева М.В. Фармакология. – Санкт-Петербург: Фолиант – Медицина, 2001. Б.127-132

6. Руководство к лабораторным занятиям Под ред. Д.А. Харкевича, Медицина, 2005.Б. 125-129

 

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое - М.: Медицина, 2007.– 1200 б.

2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров /Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и даполненное: учебное пособие – М.: ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.

3. Клиническая фармакология и фармакотерапия. Под редакцией акад. РАМВ Кукес В.Г. и проф. Стародубцев А.К.- М.: Издательский дом ГЭОТАР – МЕД., 2004. – 631б.

4. Деримедведь Л.В., Перцев И.М., Шуванова Е.В., Зупанец И.А., Хоменко В.Н. «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» - Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.- 782 б.

5. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. – Клиническая фармакология. - М.: Медицина, 2002, т.1-2.- 669. б.

6. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.:Медицина, 2000.

7. Бороян Р.Г Клиническая фармакология: психиатрия, неврология, эндокринология, ревматология. – М., Медицинское информационное агентство, 2000. – 422. б.

8. Базисная и клиническая фармакология. /Под ред. Бертрам Г. Катцунг. – М.: С-П.: Невский диалект, 1998.-т. 1 – 669. б.

9. Бета-адреноблокаторы (обзорная информация для практических занятий). Пичхадзе Г.М., Кадырова Д.М., Ананьева Л.В., 2007г., 32 б.

10. Кафедрада оқылатын дәрістер.

 

Бағдарламалық препараттар: пропранолол (анаприлин), атенолол, окспренолол, бисопролол.

 

Рецепт жазуға арналған препараттар: пропранолол (анаприлин).

8. Бақылау:

1. Тесттік тапсырмаларды шешу.

2. Рецепттерді талдаумен жазу, бір реттік мөлшерін есептеу.

3. Жағдайлық есептерді шешу.

4. Тақырыптың сұрақтарына жауап беру.

5. Бақылау сұрақтарына жауап беру:

- бета-адреноблокаторлардың қолдануға көрсеткіштері

- бета-адреноблокаторлардың әсер ету механизмі

- пропранололдың әсер ету ерекшелігі

- бета-блокаторлардың қолдануға көрсеткіштері

 

 


Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 1075 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.012 сек.)