АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
ОНМК. жіктелуі.
I.Ми қан тамырларының аурулары және олардың пайда болуына ықпал жасайтын патологиялық жағдайлар.
II.Ми қан айналым бұзылуының сипаты:А.Ми қан айналым бұзылуының алғашқы көріністері.Б.Ми қан айналымының өткінші бұзылыстары.1.Транзиторлық ишемиялық атакалар.2.церебральдық гипертония кризі.В.Инсульт.1.Тор қабық үсті кеңістігіне қан құйылу.2.Геморрагиялық инсульт.3.Ишемиялық инсульт.4.Неврологиялық дефициті жойылған инсульт.5.Бұрын болған инсульттің зардаптары.Г.Ми қан айналысының үдемелі бұзылымдары.1.Созылмалы субдуралдық гематома.2.Дисциркуляторлық энцефалопатия.
III.Мидағы зақымдану ошақтары.1.Ми жарты шарлары.2.Ми бағасы.3.мишық.
IV.Ми қан тамырлар өзгерістерінің орналасуы мен сипаты.А.Қан тамырлары патологиясының сипаты.Б.Патологияның орналасуы.
V.Клиникалық симптомдардың сипаты.
13. Ишемиялық инсульттің клиникалық көрінісі.
Ишемиялық инсульттер - тромбоз, эмболия, тамырлардың қысылуы мен стенозы жəне жалпы гемодинамиканың төмендеуінде (тромбсыз жұмсару) мидағы белгілі бір бөліктің қанмен қамтамасыз етілуінің төмендеуі немесе тоқтауына алып келетін ауру.ауру түнде немес демалған сәттерде шұғыл басталады.Аурудың басталу қарсаңында әдетте бас ауырып,айналады,аз уақыт еске сақтау қабілеті бұзылады,аяқ-қолда парестезия,ауырлау және әлсіздік байқалады,кейде құлақ шуылдап,көз қарауытады,эпилептикалық ұстамалар болып,науқас талып та қалады.Бірнеше сағат, кейде тәуліктер өткеннен кейін аурудың бір жақ қол-аяғы салданып қалады.Әдетте сырқат есінен танбайды.Көбіне ол ауруға қатысты өзі байқаған өзгерістерді баяндап бере алады.Ұйқыдан оянсымен қол-аяғының бір жағынан сал болып,сөзінің бұзылғандығы жиі байқалады.
Ишемиялық инсульт жиі қарт кісілерде дамиды. Психикалық және физикалық күш түсумен айқын байланысы бар. Ишемиялық инсульт біртіндеп дамиды,бір неше сағат немесе бір неше күн ішінде дамиды, ұйқы кезінде де дамуы мүмкін Типті инсульттің алғашқы хабаршысы: бас айналу, аз уақыттағы сананың бұзылуы, көз алдындағы қараюлар, жалпы әлсіздік, аяқ- қолдарының өткінші(преходящие) парестезиясы және т.б. Ишемиялық инсульттің ерекшелігі ошақты симптомдар жалпы милық симптомнан басым болады. Ишемиялық инсульттің дамуы кезінде, кейде одан кейін де,санасы бұзылмайды, бас ауырмайды немесе ол әлсіз, ми қабаттарының қозу симптомдары жоқ, бет терісімен көрінетін шырышты қабаттары боз,дене қызуы қалыпты немесе субфебрилді, ликвор өзгермеген.Бас миының ошақты зақымдалу симптомдары, қандай тамырдың зақымдалуына байланысты:алдыңғы, ортаңғы немесе артқы, омыртқа артериялары.Аурудың бастапқы кезеңінде локальді бассейндердің ишемияның бөлек түрлерін бір- бірінен айыру қиын болады.Бұл кезде диагноз ретроспективті қойылады.Осындай жағдайда диагностика қиындықты туғызбайды.
14.Миішілік қан құйылудың клиникалық көрінісі.
Миға қан құйылу – Қытай медицинасындағы науқас атауы әрі адамдардың шұғыл сипатты ми қан тамыры ауруларына қойған жалпылама атауы және жай аталуы. Бұл кенет есінен танып қалу, ес-ақылынан айырылу, бет-ауызы қисаю, тілі күрмелу, жарым денесі жансыздану немесе есінен танбағанымен, жарым денесі жансыздану секілді белгілері бар ауру түрі. Батыс медицинасында бұл миға қан түсу, тор қабық асты қуысынан қан шығу, ми қан тамыры бітелу, ми қан тамыры ұйығы, миға қысқа уақыттық қан жетіспеу қатарлыларды қамтиды. Бұл ауру тұтқиыл пайда болатындықтан, ми аполексиясы немесе қан тамырлары шырғалаңы деп те аталған.
Миға қан құйылудың түп қайнары – қан қысымы жоғарылығы және ми артериясының қатаюы болып табылады. Ми қан тамырлары қабырғасындағы қоймалжың қатайып, қан тамырлары қуысын тарылтатындықтан немесе қос қабат артерия өспесін қалыптастырып, көңіл толқу, рухи сасқалақтық, артықша күш жұмсау, қан қысымы жоғарылау қатарлы әр алуан себептердің әсерінен қан тамырлары жарылу немесе тосылып қалу жағдайын тудырып, ми қан айналымын тосып, бір бөлім ми ұлпаларына қан жетіспеу, сулы ісік секілді ауру өзгерістерін қалыптастырып, нерв жолдарын бөгейді, сонымен миға қан құйылудың белгілері жарыққа шығады. Миға қан құйылу туыла қалғанда, ауру жағдайы әдетте ауырлау болады, белсене құтқару арқылы аман қалған күнде де, ауырғандардың басым көпшілігіндежарым денесі салдану, аузы қисайып, тілі күрмелу, сөйлей алмау сияқты зардаптар қалады. Кейбіреулер түрлі себептерден туылатын жарым денесі салдануды түгелдей миға қан құйылу деп атайды. Қатаңырақ айтқанда, бұлай деу анық емес. Өйткені ми өспесі, ми паразит құрт ауруы, ми іріңді ісігі қатарлылардың барлығы салдануды тудырады. Бұл аурулар миға қан құйылу ауруыныңбелгісіне кірмейді.
Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 1994 | Нарушение авторских прав
|