АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

ОНМК дифференциальды диагностикасы.

Прочитайте:
  1. Инфекционды мононуклеоз. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Клиникасы. Диагностикасы. Емі . Профилактикасы.
  2. Пиелонефрит. Диагностикасы. Ажырату диагноз.
  3. шектелген перитонит. Симптомдары. Диагностикасы. Емі.

Салыстырмалы диагностика:

Гипогликемия.Жіті ми қан айналымың бұзылуы симптомдарымен ұқсас келеді.Бұл жағдай қант диабетімен ауыратын,гипогликемиялық дәрі-дәрмек қабылдайтын аурулардың барлығында болады;қояншық ұстамалары болуы мүмкін.Дұрыс диагноз қоюдың ең негізгі әдісі-қандағы глюкоза деңгейін анықтау.

Қояншық ұстамасы.Ұстаманың аяқ астынан басталып,аяқталуы.Ұстама кезінде сезімталдық төмендеп,әртүрлі еріксіз қозғалыстар байқалады,ұстамадан соң ұйқысы келіп,есінен шатасу болады. Ошақты неврологиялық симптоматика 24сағат ішінде жоғалады.Диагноз қоюға бұрын болған ұқсас ұстамалар көмектеседі,бірақ кейде эпилепсиялық ұстамалардың инсультпен қатар жүретінін есте сақтау керек.

Бас сақинасының асқынған түрі.Бастапқа кезде ошақты неврологиялық симптоматика инсультті еске түсіреді;Ұстамаға дейін және кейін бастың қатты ауруы болады;сезімталдық пен көз көруі нашарлайды.Анамнезінде басы ауыратын әйелдер мен жас пациенттерден күдіктенуге болады;бас сақинасында инсульт тууы мүмкін.

Бассүйек ішілік ісіктердің пайда болуы (ісік немесе метастаз,абсцесс,субдуралды гематома).Ошақтық симптомдар бірнеше күн ішінде пайда болады,қанмен қамтамасыз ететін ми артерияларының бір бөлігін ғана зақымдануы мүмкін,анамнезінде қатерлі ісіктер немесе бассүйектік жарақат кездеседі.

Бассүйек ми жарақаты.анамнезінде басында жарақат іздерінің болуы.

Менингоэнцефалит.Анамнезінде инфекциялық үрдістерінің белгілері,бөртпе,құлақтың және мұрын қосалқыларының іріңді аурулары.инсульттің орналасуы мен түрі ауруханаға жатқызу алдында талап етілмейді.

16.Нақтыланбаған инсульт терапиясы.Госпитализацияға көрсеткіші және қарсы көрсеткіші.

Жедел көмек көрсету. Виталді қызметтерді қалпына келтіру. Науқастың басын жоғары көтеріп төсекке жатқызу. Геморрагиялық инсульт кезінде гемостатикалық және ангиопротекторлық қызметі бар дәрілер көрсетілген. Бұл препаратқа дицинон (синонимі: этамзилат, циклонамид) жатады.

Артериалды қысымды қалпына келтіру үшін тамыр ішіне дроперидол (2-4 мл 0,25% ерітіндісін).Әсері болмаса ганглиоблокаторлар- пентамин (1 мл 2,5% ерітіндісін) немесе бензогексоний (1мл 2,5% ерітіндісін), бірақ осы атап өткен дәрілерді байқап артериалды қысымның үнемі бақылауымен жүргізеді. Ми існуімен бас ми гипертензиясын емдеу. Гипертермиялық синдромды емдеу (бар болса), тырыспа синдромын емдеу (бар болса).Коллатеральді қан айналымымен инфаркт және периинфаркт аймақтарында микроциркуляцияны жақсарту үшін реополиглюкин тамшылатылып енгізіледі. Осы препарат қанның реологиялық қасиетін жақсартады және гепарин тағайындауын қажет етпейді, ал гепаринді тағайындаған жағдайда тұрақты лабораториялық бақылау қажет, бірақ егер де инфаркт тромбоэмболия синдромының асқынуы ретінде дамыса, қайталамалы эмболияны алдын алу үшін гепарин тағайындалады. Нейрондардағы метаболикалық үрдістерді қалпына келтіру үшін антигипоксанттар тағайындалады. Осы мақсатта церебролизин беріледі.Ноотроптар қолдануы мүмкін (ноотропил, аминалон, энцефабол, пантогам, пиридитол және т.б.) Теріс психоэмоциональды факторлар аясында артериалды қысымды алдын алу үшін 2-4 мл седуксен (реланиум) немесе 2-4 мл 0,25% дроперидол енгізіледі. Артериалды қысымды қалпына келтіру үшін клофелин (1 мл 0,01%), дроперидол (2-4 мл 0,25%). Атап көрсетілген препараттарды байқап және артериалды қысымның бақылауымен тағайындайды. Ми ісігі мен бас ми гипертензиясын емдеу. Гипертермиялық синдромды емдеу (бар болса), тырыспа ұстамасын емдеу (бар болса).

АҚ-ның төмендеуін «жұмыстық қысымнан» төмен түсіру керек емес. Егер жұ-мыстық қысым анықталмаған болса, 150/100 мм сб деңгейінде есептеседі.АҚ-ды «жұмыстық қысымға» дейін жайлап төмендету керек, 40-60 мин. тез емес.


Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 953 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)